Щеткин-Блюмберг симптомы

Воскресенский (жейде) симптомы

1. Науқастың қалпы: қолдарын кеуде тұсына жинап, аяқтарын тізе және жамбас буындарында жартылай бүгіп, арқасымен кушеткаға жатқызады

2. Дәрігердің қалпы: дәрігер науқасқа бетпе-бет, оның оң жағынан келеді

3. Дәрігер құрсақ қабырғасымен эпигастрийден бастап оң жақ мықын аймағына дейін көйлек үстімен сырғу амалдарын жасайды. Дәрігер оң жақ мықын аймағында тері гиперестезиясын анықтайды.

4. Науқас оң жақ мықын аймағындағы ауырсынудың айтарлықтай күшейе түскендігін айтады.

5. Воскресенский (жейде) симптомы жедел аппендицитке тән

 

Ровзинг симптомы

1. Науқастың қалпы: қолдарын кеуде тұсына жинап, аяқтарын тізе және жамбас буындарында жартылай бүгіп, арқасымен кушеткаға жатқызады

2. Дәрігердің қалпы: дәрігер науқасқа бетпе-бет, оның оң жағынан келеді

3. Дәрігер сол жақ алақанмен құрсақ қабырғасының сол жақ мықын аймағын (сигма тәрізді ішек орналасқан аймақта) басып тұрып, оң қолымен оның жоғары жатқан бөлігінде түрткілеген қозғалыстар (соққы толқынды) жүргізеді.

4. Науқас осы кезде оң жақ мықын аймағында ауру сезімінің айтарлықтай күшейе түскендігін айтады.

5. Ровзинг симптомы жедел аппендицитке тән

Мерфи симптомы

1. Науқастың қалпы: қолдарын кеуде тұсына жинап, аяқтарын тізе және жамбас буындарында жартылай бүгіп, арқасымен кушеткаға жатқызады

2. Дәрігердің қалпы: дәрігер науқасқа бетпе-бет, оның оң жағынан келеді

3. Дәрігер оң қабырға доғасы астына терең палпация жасап тұрып, науқастың терең дем алуын сұрайды.

4. Науқас тыныс алуын күрт кідіріп, оң қабырға астындағы ауру сезімінің айтарлықтай күшейе түскендігін айтады.

5. Мерфи симптомы жедел холециститке тән

 

Ортнер-Греков симптомы

1. Науқастың қалпы: қолдарын кеуде тұсына жинап, аяқтарын тізе және жамбас буындарында жартылай бүгіп, арқасымен кушеткаға жатқызады

2. Дәрігердің қалпы: дәрігер науқасқа бетпе-бет, оның оң жағынан келеді

3. Дәрігер оң алақанның қырымен оң жақ қабырға доғасын жеңіл соққылайды (Салыстыру үшін сол жақ қабырға доғасын да жеңіл соққылайды)

4. Науқас оң қабырға астындағы ауру сезімінің айтарлықтай күшейе түскендігін айтады.

5. Ортнер симптом жедел холециститке тән

Спасокукоцкий-Вильмс симптомы

1. Науқастың қалпы: қолдарын кеуде тұсына жинап, аяқтарын тізе және жамбас буындарында жартылай бүгіп, арқасымен кушеткаға жатқызады

2. Дәрігердің қалпы: дәрігер науқасқа бетпе-бет, оның оң жағынан келеді

3. Дәрігер құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасына фонендоскопты қойып құрсақтың бүйірінен жеңіл түрткі қозғалыстарын жасайды, оның барысында «шолпыл шуылын» естуге болады (Скляров симптомы). Онан соң дәрігер құрсақты түрткілеуін доғарып, аускультацияны ары қарай жасғастырады.

4. «Тамған тамшы» шуы естіледі

5. Спасокукоцкого-Вильмссимптомы жедел ішек түйілуіне тән

 

6. Жөтел түрткісі симптомы

1. Науқастың қалпы: қолдарын кеуде тұсына жинап, аяқтарын тізе және жамбас буындарында жартылай бүгіп, арқасымен кушеткаға жатқызады

2. Дәрігердің қалпы: дәрігер науқасқа бетпе-бет, оның оң жағынан келеді

3. Дәрігер жарық қапшығы қуысындағыларды ішке енгізіп, шап каналының сыртқы тесігін саусақпен тексерген кезде, саусақты алмай тұрып науқасқастың жөтелуін сұрайды

4. Осы кезде дәрігер саусақ ұшын жарық қақпасынан итеріп шығаруға тырысқан соққы толқынды анық сезінеді

5. Жөтел түрткісісимптомы қысылмаған ішке енетін жарыққа тән

 

 

Щеткин-Блюмберг симптомы

1. Науқастың қалпы: қолдарын кеуде тұсына жинап, аяқтарын тізе және жамбас буындарында жартылай бүгіп, арқасымен кушеткаға жатқызады

2. Дәрігердің қалпы: дәрігер науқасқа бетпе-бет, оның оң жағынан келеді

3. Дәрігер саусақ ұштарымен құрсақ қабырғасын баяу, құрсақтың алдыңғы қабырғасы бұлшық еттерінің қарсыласуын жоя отырып, терең басады, басқанда туындаған ауру сезімі басылғанша аздап кідіріп, қолды дереу тез арада қайта тартып алады.

4. Науқас дәрігер қолын дереу алғанда ауру сезімінің айтарлықтай күшейе түскендігін айтады.

5. Щеткина-Блюмберг симптомы перитонитке тән

 

 

Керте симптомы

1. Науқастың қалпы: қолдарын кеуде тұсына жинап, аяқтарын тізе және жамбас буындарында жартылай бүгіп, арқасымен кушеткаға жатқызады

2. Дәрігердің қалпы: дәрігер науқасқа бетпе-бет, оның оң жағынан келеді

3. Дәрігер эпигастрий аймағына (ұйқы безінің проекциясы тұсына) пальпация жасағанда құрсақтың алдыңғы қабырғасы бұлшық еттері резистентілігін (аздап қатаюын) анықтайды

4. Науқас ауру сезімінің туындағынын немесе күшейе түскендігін айтады

5. Керте симптом жедел панкреатитке тән

 

Спижарный симптомы

1. Науқастың қалпы: қолдарын кеуде тұсына жинап, аяқтарын тізе және жамбас буындарында жартылай бүгіп, бас жағын жоғары көтеріп, арқасымен кушеткаға жатқызады

2. Дәрігердің қалпы: дәрігер науқасқа бетпе-бет, оның оң жағынан келеді

3. Дәрігер оң жақ бұғана ортаңғы сызығы бойымен жоғарыдан төмен қарай перкуссия жасайды. Бауыр тұсында тұйық перкуторлы дыбыстың орнына тимпаникалық дыбыстың естілуі.

4. Бауыр тұйықтығының анықталмауы

5. Спижарный симптомы гастродуоденалды ойық жараның тесілуіне тән.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: