Теодолитпен горизонталь, вертикаль

БҰРЫШТАРДЫ ЖӘНЕ ҚАШЫҚТЫҚТАРДЫ ӨЛШЕУ

3.1. Жұмыстың мақсаты: теодолитпен танысу, горизонталь, вертикаль бұрыштарды және қашықтықтарды өлшеу.

3.2. Аспаптар және құрал-жабдықтар: 4Т30П теодолиті, штатив, тіктеуіш, 2 қада, бұрыш өлшеу журналы.

3.3. Жұмыстың мазмұны және орындау тәртібі:

1) теодолитті штативке орнату және жұмыс бабына келтіру;

2) теодолиттің құрылысымен танысу;

3) микроскоптан есеп алуды үйрену;

4) горизонталь бұрыштарды тәсілдер әдісімен өлшеу.

3.3.1. Теодолиттің құрылысы

Теодолит горизонталь, вертикаль бұрыштарды және жіпті қашықтық өлшеуіштің көмегімен арақашықтықтарды өлшеуге арналған аспап.

3.1-суретте геодезиялық жұмыстарда кең қолданылатын 4Т30П теодолитінің негзгі бөліктері көрсетілген.

 

3.1-сурет. 4Т30П теодолиті

1 – кремальepа, 2 – дүрбіні бекітетін бұранда, 3 – микроскоп окуляры, 4,16 – коллиматорлық көздеуіштер, 5 – жарық бағыттайтын айна, 6 - колонка, 7 – тұғырық, 8 – лимбтің есептерінің мәнін өзгертетін тұтқа, 9 – алидаданы бекітетін бұранда, 10 – түзету бұрандалары, II – дүрбінің окуляры, 12 - қақпақ, 13 – алидадада орнатылған деңгей, 14 – алидаданың көздеу бұрандасы, 15 – дүрбінің көздеу бұрандасы.

3.3.2. Теодолиттің негізгі ерекшеліктері:

- есеп шкалалық микроскоптың көмегімен лимбтің бір жағынан алынады;

- массасы аз, пішіні кішірек;

- тұғырығына орнатылған оптикалық центрирдің көмегімен аспапты жер бетіндегі пункттің үстіне центрлеуге болады;

- көздеу дүрбісінің үстіне орнатылған деңгейді пайдаланып нивелирлеу жұмыстарын орындауға болады.

Көздеу дүрбісін екі жағымен де зенитінен айналдыруға болады.

Оны нысанаға көздеу кремальераны 1 айналдыру арқылы орындалады.

Дүрбінің окулярын 11 айналдырып, көздеу дүрбісінің жіп торын әр адамның көзіне анық көрінуге бейімдейді.

Жіп торының екі шеткі горизонталь жіптері – жіпті қашықтық өлшеуіш қызметін атқарады.

Көздеу дүрбісі аспаптың колонкасынның 6 лагерлеріне орнатылған. Оның горизонталь айналу осі көздеу осіне перпендикуляр.

Коллиматорлық көздеуіштер 4,16 дүрбіні нысанаға дөрекі көздеуге арналған. Көздеуішті пайдаланғанда көз одан 25…30 см қашықтықта болуы керек.

Дүрбіні нысанаға горизонталь жазықтықта дәл көздеу алидаданы бұрандасымен 9 бекіткеннен кейін оның көздеу бұрандасымен 14, ал вертикаль жазықтықта - дүрбіні бұрандасымен 2 бекіткенен кейін оның көздеу бұрандасымен 15 орындалады.

Горизонталь және вертикаль дөңгелектер 1о бөлінген. Горзонталь дөңгелектің шеңберінің бөліктері 0о басталып 359о бітеді, ал вертикаль дөңгелектің шеңбері 0о басталып 75о және -0о басталып -75о бітетін секторларға бөлінген.

Екі дөңгелектің штрихтары мен цифрлары, диоптриялық шеңберінің көмегімен әр адамның көзіне бейімделетін, шкалалы микроскопта анық көрінеді көрінеді. Әр дөңгелектен алынатын есеп микоскоптың тиісті шкаласынан алынады.

Жарық бағыттайтын айнаның көмегімен есеп алатын шкалаларды тиімді сәулелендіреді.

Тәсілдер арасында горизонталь дөңгелектің (лимбтің) мәндерін өзгерту арнайы тұтқаның 8 көмегімен орындалады.

Теодолитпен нивелирлеу жұмыстарын жүргізу үшін, оның дүрбісіне орнатылған коллиматорлық көздеуіштің 4 орнына аспаптың комплектісіне кіретін арнайы деңгейді орнатады.

3.3.3. Теодолитті жұмысқа дайындау. Ол келесі ретпен орындалады:

- пункттің үстіне штативті орнатқанда оның аспап орнататын алаңы горизонталь, биіктігі бақылаушының бойына сай болуы керек;

- теодолитті штативтің алаңына орнатып, оның тұғырығының көтеру бұрандаларымен, лимбке орнатылған деңгейді ортасына келтіру керек;

- штативтің, тұғырықтың тұрақтылығын және деңгейдің дұрыстығын тексеріп, қажет болса жөндеу керек;

- аспаптың оптикалық тіктеуішінің, не комплектегі жіпті тіктеуіштің көмегімен теодолитті пунктке центрлеу керек.

3.3.4. Вертикаль және горизонталь лимбтен есеп алу. Есеп алатын микроскоптың (3.2-сурет) жоғарғы жағында В немесе V әрібімен белгіленген вертикаль дөңгелектің лимбінің штрихтары, төменгі жағында Г, немесе H әрібімен белгіленген горизонталь дөңгелектің лимбінің штрихтары көрінеді.

3.2-сурет. Есеп алатын микроскоп:

Горизонталь дөңгелектің лимбінен алынған есеп - 125° 06',
Вертикаль дөңгелектің лимбінен алынған есеп - минус 0° 26'

 

Шкалалардан есеп 1¢ дәлдікпен, лимбтің штрихының көмегімен алынады. Горизонталь лимбтен бір ғана есеп алынады. Вертикаль дөңгелектің шкаласында екі қатар цифр бар. Жоғарғысы солдан оңға қарай - таңбасы плюс 0¢ -тан 60¢ дейін, ал астында оңнан солға қарай – таңбасы минус 0¢ -тан 60¢ дейін. Есеп алу ережесі: егер лимбтің штрихы плюс таңбалы болса – шкаладан алынатын есеп солдан оңға қарай, яғни плюс таңбалы, ал лимбтің штрихы минус таңбалы болса – шкаладан алынатын есеп оңнан солға қарай, яғни минус таңбалы болады (3.2-сурет).


3.3.5. Горизонталь бұрыштарды тәсілдер әдісімен өлшеу. АСВ бұрышын (4.3-сурет) өлшеу үшін теодолитті С нүктесінің үстіне, ал А және В нүктелеріне қадалар орнатады. Теодолитті жұмысқа дайындап, лимбін бекітіп, А нүктесіне орнатылған қадаға көздейді, а есебін алады. Мысалы ол 153°27¢00² тең болсын.

3.3-сурет

 

Алидаданы босатып, теодолиттің дүрбісін В нүктесіне орнатылған қадаға көздейді, в есебін алады. Ол 82°41¢00² тең болсын. Сонда өлшенген бұрыштың мәні алынған екі есептің айырмашылығына тең, яғни

b = а – в (3.1)

Орындалған жұмыс бұрыш өлшеу тәсілінің жартысы (КЛ). Өлшенген бұрыштың мәнінің аспаптық кателігін азайту үшін әр бұрышты ветрикаль дөңгелектің екі жағдайында (СЖ және ОЖ, яғни вертикаль дөңгелек дүрбінің сол және оң жағында) өлшейді, яғни бұрыш өлшеу тәсілінің екіші жартысын орындар алдында теодолиттің дүрбісін зенитінен айналдырып А және В нүктелеріндегі қадалардан екінші есептер алынады.

Нәтижелері бұрыш өлшеу журналына жазылады (3.1-кесте).

Бұрыш өлшеу журналы

Кесте

Нүктелер Вертикаль дөңге-лектің жағдайы Горизонталь дөңгелектен алынған есептер   Өлшенген бұрыш   Өлшенген бұрыштың орта мәні
Аспап орна-тылған Қада орна-тылған
С А В КЛ 153° 27¢00¢¢ 82° 41¢ 00¢¢   70° 46¢00¢¢   70° 45¢30¢¢
С А В КП 333° 28¢00¢¢ 262° 43¢00¢¢   70° 45¢00¢¢

 

Бұрышты өлшеу біткеннен кейін, оның өлшенген екі мәнін салыстырады. Олардың айырмашылығы есеп алу тетігінің дәлдігінің 2 еселенген мәнінен 2t аспаса, онда бұрыш дұрыс өлшенген болып есептеледі. Қойылған талапты қанағаттандырмаса, бұрыш қайта өлшенеді.

Вертикаль дөңгелектің нөлінің орны МО теодолитті алыстағы нүктеге дүрбісінің екі жағдайында (КП және КЛ) көздеп, вертикаль дөңгелектен есеп алады. Сонда

 

MО = 0,5(КЛ + КП). (3.2)

Көлбеулік бұрыштары келесі формулалардың біреуімен анықталады:

v = 0,5(КЛ - КП); (3.3)

v = КЛ – МО;

v = МО – КП.

Аспаптан нүктеге дейінгі арақашықтықты, оған тік орнатылған сантиметрлік бөліктері бар рейкадан аспаптың жіпті арақашықтық өлшегішімен анықтайды. Аспапты рейкаға көздегеннен кейін, оның жіпті ұзындық өлшегішінің шеткі горизонталь штрихтарының арасындағы рейка кесіндісінің n ұзындығы анықталады.

Аспаптың ұзындық өлшегішінің коэффициенті k =100 тең екенін ескерсек, өлшенген қашықтық

L = 100 × n (3.4 )

яғни, жіпті қашықтық штрихтерінің ортасындағы сантиметрлер мен оның бөліктерінің саны, жер бетіндегі өлшенген қашықтықтың мәнінің метрлері мен сантиметрлерінің санына тең.

Өлшенген көлбеу қашықтықтың горизонталь ұзындығы келесі формуламен анықталады

d = L × cos2а. (3.5)

Зертханалық жұмыстың нәтижесінде студент өзі өлшеген горизонталь, вертикаль бұрыштардың және қашықтықтың мәндері жазылған журналды тапсырады.

 

Тексеру сұрақтары

1) Теодолиттің негізгі бөліктерін атаңыз.

2) Микроскоптан есеп қалай алынады?

3) Горизонталь бұрыштар қалай өлшенеді?

4) Вертикаль дөңгелектің нөлінің орны қалай анықталады?

5) Теодолитпен қашықтық қалай анықталады?

6) Көлбеулік бұрышы қалай анықталады?

 

4-зертханалық жұмыс

ТЕОДОЛИТТІК ТҮСІРІСТІҢ НӘТИЖЕЛЕРІН

КАМЕРАЛДЫҚ ӨҢДЕУ

4.1. Жұмыстың мақсаты: тұйықталған теодолиттік түсірістің нәтижелері арқылы полигон пункттерінің координаталарын есептеу және

түсірістің планын сызу.

4.2. Керекті жабдықтар: координаталарды есептеу ведомосі, инженерлік калькулятор, план сызатын қағаз және топографиялық транспортир.

4.3. Жұмыстың мазмұны және орындау тәртібі:

1. Бұрыштық үйлеспеушілікті есептеу және тарату.

2. Дирекциондық бұрыштар мен румбтарды есептеу.

3. Координаталар өсімшелерін және олардың үйлеспеушілігін есептеу, жүрісті теңестіру.

4. Полигон пункттерінің координаталарын есептеу.

4.3.1. Теодолиттік жүріс нүктелерінің координаталарын есептеу.

Тұйықталған теодолиттiк жүрiстiң төбелерiнiң координаталары (4.1 – сурет) 4.1 – кестеде келтiрiлген деректердi пайдаланып келесi ретпен шығарылады:

1) Тұйықталған полигонның бұрыштық үйлеспеушілігін fb есептеу

, (4.1)

мұндағы - өлшенген бұрыштардың қосындысы; n - өлшенген бұрыштар саны; - көпбұрыштың iшкi бұрыштарының теориялық қосындысы.

2) Мүмкiн бұрыштық үйлеспеушілікті анықтау

(4.2)

Егер бұрыштық үйлеспеушілік шектен аспаса, оны кері таңбамен барлық бұрыштарға 1² -ге дейін дөңгелектеп бөледі.

3) Теодолиттік жүріс қабырғаларының дирекциондық бұрыштарын анықтауға бастапқы қабырғаның дирекциондық бұрышы а1-2 алынады, сонда

a2-3=a1-2± 180°+b2. (4.3)

Есептеулердiң дұрыстығын тексеру

a1-2=an±180°+b1 (4.4)

4) Румбтарды есептеу

Анықталған дирекциондық бұрыштардың румбтары есептелінеді. 4.1 – кестеде румбтар мен дирекциондық бұрыштардың өзара байланысы көрсетілген.

4.1-кесте

Дирекциондық бұрыштар 00-900 900-1800 1800-2700 2700-3600
Ширектер I СШ II ОШ III ОБ IV СБ
Румбтар r=a r=180°-a r=a-180° r=360°-a

 

5) Ұзындықтардың горизонталь проекцияларының қосындысын, яғни полигонның периметрін Р = åd есептеу.

6) Координаталар өсімшелерін есептеу

Dxi=di×cos ri; Dyi=di×sin ri. (4.5)

 

Теодолиттік жүрістің схемасы

 

4.1- сурет

 

Өсімшелердің таңбалары сызықтардың қай ширекте жатқанына байланысты, яғни дирекциондық бұрыштар арқылы анықталады.

7) Координаталар өсімшелерінің қосындысын есептеу олардың үйлеспеушілігін анықтау

; , (4.6)

мұндағы , - координаталар өсімшелерінің алгебралық қосындылары. Олар теория бойынша нөлге тең болуы керек.

8) Жүрістің абсолюттік үйлеспеушілігін

(4.7)

және салыстырмалы үйлеспеушілігін есептеу

, (4.8)

мұндағы Р – полигонның периметрі.

9) Егер анықталған салыстырмалы үйлеспеушілік шектен аспаса, онда fx пен fy полигон қабырғаларына пропорционалды етіп кері таңбамен Dх және Dу -терге бөлінеді

; ; ;

. (4.9)

10) Берілген 1 – пункттің координаталары және түзетілген координаталар өсімшелері арқылы полигонның басқа пункттерінің координаталарын есептеу

xi+1 = xi+Dxi; yi+1 = yi+Dyi. (4.10)

 

Төмендегі 5-1 кестеде келтірілген теодолиттік түсірістің мәліметтерді пайдаланып, әр студент берілген полигонның пункттерінің координаталарын есептеулері керек.


4.1 –кесте

 

Вариант тары Өлшенген бұрыштардың мәндерi Полигонның қабырғаларының ұзындықтары, м Дирек-циондық бұрыш
b1 b2 b3 b4 b5 l1-2 l2-3 l3-4 l4-5 l5-1 a1-2 қабыр-ғасы
            7 8 9 10 11  
  135°22¢27¢¢ 81°13¢30¢¢ 142°34¢00¢¢ 103°51¢30¢¢ 76°57¢00¢¢ 187,30 225,00 156,65 270,37 265,73 10°00¢00¢¢
  135°22¢28¢¢ 81°13¢27¢¢ 142°33¢59¢¢ 103°51¢29¢¢ 76°56¢55¢¢ 187,31 225,01 156,64 270,36 265,74 26°00¢00¢¢
  135°22¢29¢¢ 81°13¢28¢¢ 142°33¢58¢¢ 103°51¢28¢¢ 76°56¢58¢¢ 187,32 225,02 156,63 270,35 265,75 33°00¢00¢¢
  135°22¢30¢¢ 81°13¢29¢¢ 142°33¢57¢¢ 103°51¢27¢¢ 76°56¢57¢¢ 187,33 225,03 156,62 270,34 265,76 44°00¢00¢¢
  135°22¢31¢¢ 81°13¢30¢¢ 142°33¢56¢¢ 103°51¢26¢¢ 76°56¢58/¢¢ 187,34 225,02 156,63 270,35 265,77 55°00¢00¢¢
  135°22¢32¢¢ 81°13¢31¢¢ 142°33¢57¢¢ 103°51¢27¢¢ 76°56¢59¢¢ 187,35 225,01 156,64 270,36 265,76 66°00¢00¢¢
  135°22¢33¢¢ 81°13¢32¢¢ 142°33¢57¢¢ 103°51¢28¢¢ 76°57¢00¢¢ 187,34 225,00 156,65 270,37 265,75 77°00¢00¢¢
  135°22¢32¢¢ 81°13¢31¢¢ 142°33¢58¢¢ 103°51¢29¢¢ 76°57¢01¢¢ 187,33 224,99 156,66 270,38 265,74 88°00¢00¢¢
  135°22¢31¢¢ 81°13¢30¢¢ 142°33¢59¢¢ 103°51¢30¢¢ 76°57¢02¢¢ 187,32 224,98 156,67 270,39 265,73 99°00¢00¢¢
  135°22¢30¢¢ 81°13¢29¢¢ 142°34¢02¢¢ 103°51¢31¢¢ 76°57¢03¢¢ 187,31 224,97 156,68 270,40 265,72 110°00¢00¢¢
  135°22¢27¢¢ 81°13¢28¢¢ 142°33¢59¢¢ 103°51¢27¢¢ 76°57¢00¢¢ 187,33 225,00 156,64 270,35 265,76 150°00¢00¢¢
  135°22¢28¢¢ 81°13¢29¢¢ 142°33¢58¢¢ 103°51¢28¢¢ 76°56¢55¢¢ 187,34 225,01 156,63 270,36 265,75 177°00¢00¢¢
  135°22¢29¢¢ 81°13¢30¢¢ 142°33¢57¢¢ 103°51¢29¢¢ 76°56¢58¢¢ 187,35 225,02 156,62 270,37 265,74 188°00¢00¢¢
  135°22¢30¢¢ 81°13¢31¢¢ 142°33¢56¢¢ 103°51¢30¢¢ 76°56¢57¢¢ 187,34 225,03 156,63 270,38 265,73 199°00¢00¢¢
  135°22¢31¢¢ 81°13¢32¢¢ 142°33¢57¢¢ 103°51¢31¢¢ 76°56¢58/¢¢ 187,33 225,02 156,64 270,39 265,72 210°00¢00¢¢

4.3.2. Теодолиттік түсірістің планын сызу

1) Мөлшері 30х40 см сызу қағазына қабырғалары 10 см квадраттан тұратын координаталар торы құрылады және оларды цифрлайды.

2) Есептелген координаталары бойынша пункттер планға салынады. Тексеру үшін пункттер арасындағы ұзындықтардың горизонталь проекциялары пландағы мәнімен салыстырылады.

3) Түсiрiстiң абрисына сәйкес пландағы жергілікті объектілердің контурлары шартты белгілерге сәйкес салынады.

Зертханалық жұмыс бойынша студент координаталар есептеу кестесін, учаскенің планын тапсырады.

 

4.3.3. Тексеру сұрақтары

1) Бұрыштық үйлеспеушілік және оның таратылуы.

2) Дирекциондық бұрыштар румбқа қалай көшіріледі?

3) Координаталар өсімшелеріндегі үйлеспеушілік және оның таратылуы.

4) Пункттердің координаталары қалай есептеледі?

5) Пункттердің координаталары бойынша түсірудің дұрыстығы қалай тексеріледі?

 

5-зертханалық жұмыс

ЖЕР БЕТIНДЕГI НҮКТЕЛЕРДIҢ БИІКАЙЫРЫМДАРЫН АНЫҚТАУ

5.1. Жұмыстың мақсаты: нивелирмен танысу, нивелирлеу және трассаның профилiн сызу.

5.2. Аспаптар және жабдықтар: 3Н–5Л нивелирi, нивелирлiк рейкалар–2, ағаш қазықшалар, техникалық нивелирлеудiң журналы.

5.3. Жұмыстың мазмұны және орындау тәртiбi

1) Нивелирдi штативке орнатып жұмысқа дайындау.

2) Нивелирдiң құрылысымен танысу және рейкадан есептеу алу.

3) “Ортадан нивелирлеу” тәсiлiмен биiкайырымдарды анықтау.

4) Нивелирлік түсірістің нәтижесін камералдық өңдеу.

Нивелир екі нүктенің биікайырымын анықтайтын аспап.

Екi нүкте арасындағы биікайырымды көбiнесе “ортадан” нивелирлеу тәсiлiмен анықтайды. “Ортадан” нивелирлеуде нивелир екi нүктенiң аралығына орнатылып, биiкайырым (5.1-сурет) мына формуладан анықталады

 

h=a-b, (5.1)

 

мұндағы a, b -артқы және алдыңғы рейкадан алынған есептеулер.

 

 

5.1-сурет

 

Станцияда нивелирлеу былайша жүргізіледі.

Артқы а және алдыңғы в рейкалардан аЧ, вЧ, аК, вк есептеулерін алу. Мұндағы ч және к индекстері рейканың қара және қызыл жақтары.

Алынған есептеулер нивелирлеу журналына жазылады (5.1-кесте).


5.2 – суретте 3Н-5Л нивелирінің негізгі бөліктері көрсетілген.

5.2-сурет. 3Н-5Л нивелирі

1- бітеуіш, 2- айна, 3- түзету гайкасы, 4- ақ экран, 5- дөңгелек деңгейдің түзету бұрандалары, 6- дөңгелек деңгей, 7- көтеру бұрандалары, 8- тұғырық, 9-көздеу бұрандасы, 10 - астының корпусы, 11 – объектив, 12 - корпус, А- механикалық көдеуіш

 

Нивелирлеу журналын өңдеу әр беттiк тексеру бойынша жүргiзiледi.

. (5.2)

Нивелирлiк жүрiс екi репер арасында жүргiзiлсе, онда жүрiстiң биiктiк үйлеспеушілігі мына формула арқылы анықталады

fh= S hopт. -(H соң -H бас. ), (5.3)

мұндағы орт. - екi репер арасындағы өлшенген орташа биiкайырымдар қосындысы.

Техникалық нивелирлеудегi биiктiк үйлеспеушілігі fh мына формула арқылы анықталатын шектен аспау керек

fh шек =50мм , (5.4)

мұндағы L -жүрiстiң ұзындығы, км.

Егер fh < fhшек. болса, онда биiктiк үйлеспеушілік биікайырымдардың барлығына керi таңбамен бөлiнедi де, жүрiс теңестiрiледi. Пикеттер мен аралық нүктелердiң биiктiктерi мына формулалармен анықталады

Hn=Hn-1+hтүз.; (5.5)

Hapaл.=AГ-с, (5.6)

мұндағы АГ- аспап горизонты; С -аралық нүктеден алынған есептеу.

Аспап горизонты АГ мына формула арқылы анықталады

АГ=H арт. +a қар. (5.7)

мұндағы Hарт . - артқы нүктенiң абсолют биiктiгi; ақар .- сол нүктеде орнатылған рейканың қара жағынан алынған есептеу.

Егер есептеулердiң аяғында соңғы репердiң биiктiгi шықса, онда абсолют биіктіктердің дұрыс анықталғандығы.

Профиль мөлшерi 20-30 см миллиметрлiк қағазда 5.3-суреттегi үлгiге сәйкес тушьпен сызылады.

Шартты горизонттың ШГ төменгi жағына суретте көрсетiлген мөлшерлер арқылы профильдiң торы сызылады.

5.1-кесте

Нивелирлеу журналы

 

  Стан ция   Пикеттер Рейкадан алынған есептер Биікайырым h Орташа h   Аспап гори-зонты   Биiктiк, Н
Арт-қы Алдың-ғы Ара-лық + - + -
      ПК-0                     850,000     850,339
  ПК-0   ПК-1                       850,889 850,339   849,474 849,021 848,476

 

Профиль торының әр графаларына профильдiң нақтылы және жобадағы мәлiметтерi жазылады.

ШГ сызығына пикеттер мен полюстiк нүктелердi белгiлеп, олардан перпендикулярлар тұрғызады. Перпендикулярларға вертикаль масштабта нүктелердiң биiктiктерi салынып, трассаның нақтылы профилi анықталады

; (5.8)

H nж=H жбас.+idn; (5.9)

 

h жүм.=H жi — H нi, (5.10)

мұндағы Н жс және Н жб жоба сызығының басы мен соңының биiктiктерi; H нi - нүктенiң нақтылы биiктiгi.

Жобаға сәйкес қазу және толтыру (үйме) жұмыстарының шекаралары (нөлдiк жұмыстардың нүктелерi) профильде пунктир сызықпен көрсетiледi. Келешекте қазу және толтыру жұмыстарының көлемiн есептеу үшiн олардың орындарын бiлу қажет. Олардың орындары белгiлi нүктелерден келесi формуламен есептеледi (5.4-сурет)

мұндағы h1 , h2 - жұмыс биiктiктерi; d - нүктелердiң арақашықтықтары.

 

       
 
   
 

Нөлдiк жұмыстардың НО биiктiктерi жоба сызығының көлбеулiгi арқылы анықталады

НО = НБ + iX, (5.12)

мұндағы i- бойлық профильдiң көлбеулiгi.

5.3 -сурет

 

 
 

 

 

 


5.4-сурет

 

Зертханалық жұмыс бойынша студент: өлшеу нәтижелері бойынша есептелген техникалық нивелирлеу журналын, дайындалған трасса профилін тапсырады.

Жұмысқа қажет деректердi 5.2-кестеден алу керек.

Бастапқы (Rp1) және соңғы (RP) реперлердiң биiктiктерi студенттiң журналдағы реттiк нөмiрiне сәйкес төмендегi 5.3 - және 5.4 - кестелерiнен алынады

 

 

5.2-кесте

Күнi ________________ Жұмыс орны ___________
Басталуы _____________ Күнрайы _______________
Аяқталуы ____________ Орындаушы ____________
    Станция №№       Пикеттер №№   Рейкадан алынған есептеулер   Биiкайырымы, h, мм   Орташа биiкайырымы, h,мм     Ас- пап гори- зонты     Биiк- тiгi, Н м
Артқы Алдыңғы Аралық + - + -
                     
  I RpI                  
+30                    
+40                    
                   
    II                    
+60                    
                   
  III                    
+70                    
+80                    
                   
    IV                    
+80                    
                   
    V                      
+30                    
+50                    
                   
  VI                    
                   
    VII                    
+80                    
                   
VIII                    
                   
IX                    
                   
X                    
                   
XI                    
                   
XII                    
+15                    
RP                  

 

Кесте

             
Rp1 810,00 797,00 790,00 803,00 809,00 840,00 831,00

 

               
851,00 847,00 839,00 823,00 826,00 901,00 915,00 921,00

 

Кесте

             
RP 817,00 804,00 797,00 810,00 816,00 847,00 838,00

 

               
858,00 854,00 846,0 830,00 833,00 908,00 922,00 928,0

5.4. Тексеру сұрақтары

1) Ортадан нивелирлеу қалай жүргізіледі?

2) Нивелирдің негізгі бөліктерін айтыңыз.

3) Элевациялық бұранда не үшін керек?

4) Рейкалардан есеп қалай алынады?

5) Биікайырым қалай есептеледі?

 

 


6 -зертханалық жұмыс

ТАХЕОМЕТРИЯЛЫҚ ТҮСІРІС ЖӘНЕ НӘТИЖЕСІН

КАМЕРАЛДЫҚ ӨҢДЕУ

6.1. Жұмыстың мақсаты. Тахеометриялық түсіріспен танысу, үйрену.Тахеометриялық түсірістің нәтижелерін камералдық өңдеу.

6.2. Керекті құралдар: теодолит, штатив, рейка,тахеометриялық түсірістің журналы, абрис, тахеометриялық кесте, инженерлік калькулятор, абрисі, топографиялық транспортир, немесе тахограф, сызғыш, калька, план сызатын қағаз.

6.3. Жұмыстың мазмұны және орындау тәртібі

Нәтижесінде жергілікті жердегі ситуация (мән-жайы) және жер бедері кескінделген үлкен масштабтағы топографиялық план дайындалатын түсірісті тахеометриялық түсіріс деп атайды.

«Тахеометрия» - «тез өлшеу» деген грек сөзі, яғни жер бетіндегі нүктенің жағдайы, оған орнатылған рейкаға аспаптың дүрбісін бір көздеу арқылы анықталады.

Тахеометриялық түсіріс техникалық теодолиттермен, немесе тахеометрлердің көмегімен орындалады. Тахеметриялық түсіріс кезінде жер бетіндегі нүктелердің кеңістіктегі полярлық координаталары (b - горизонталь бұрыш, n - вертикаль бұрыш, D – аспаптан түсірілетін нүктеге дейінгі қашықтық) анықталып, планға түсіріледі. Түсіріс кезінде бастапқы бағытпен жағдайы анықталатын нүктенің арасындағы горизонталь бұрыш аспаптың горизонталь дөңгелегінің көмегімен, вертикаль бұрыш аспаптың вертикаль дөңгелегінің көмегімен, арақашықтық – аспаптың дүрбісіндегі қашықтық өлшегіштің көмегімен анықталады, яғни нүктелердің пландық жағдайы полярлық тәсілмен (b, d - координаталарымен), ал биікайырымдары – көлбеу көздеу сызығымен орындалатын - тригонометриялық нивелирлеу тәсілімен анықталады.

Төмендегі 6.1 – кестеде келтірілген тахеометриялық журналдағы келтірілген түсірістің нәтижелерін камералдық өңдеу келесі ретпен орындалады:

1.Станциядағы вертикаль дөңгелектің нөл орнын МО анықтау

МО = , (6.1)

мұндағы КП – вертикаль дөңгелектің «оң» жақта тұрған кезіндегі есептеу; КЛ - вертикаль дөңгелектің «сол» жақта

тұрған кезіндегі есептеу.

2. Станциядан пикеттерге дейінгі ұзындықтардың көлбеу бұрыштарын n анықтау

n=КЛ - МО

n=МО - КП (6.2)

КЛ және КП - вертикаль дөңгелектен алынған есептер.

3. (6.3) және (6.4) формулаларына сәйкес жасалған тахеометриялық кесте арқылы ұзындықтардың горизонталь проекциялары – d және биікайырымдары h анықтау

d=L×cos2n; (6.3)

h=d×tgn, (6.4)

мұндағы L қыл жіпті қашықтық өлшеуішпен анықталған ұзындықтар. Олар тахеометриялық журналдың 2 графасында жазылған. Анықталған d және h - тың мәндері журналдың 6 және 7 графаларына жазылады (6.1-кесте).

4. Пикеттердің абсолют биіктіктері (6.5) формуласымен анықталады.

Нiст+hi (6.5)

мұндағы Нст - станцияның абсолют биіктігі;

Нi - пикеттің биіктігі;

hi - станция мен пикеттің биікайырымы.

6.4. Тахеометриялық түсірістің планын сызу

Тахеометриялық түсірістің планын сызу келесі ретпен орындалады (6.1 – кесте және 6.1 - сурет).

1) Мөлшері 20х30 см-лік сызба сызатын қағазға 1:1000 масштабта координаталық тор сызылады да I және II пункттер планға түсіріледі.

2) Транспортир және көлденең масштаб, немесе тахеограф арқылы пикеттік нүктелер планға салынып, әрқайсысының жанына нөмірі мен абсолют биіктіктері жазылады.

3) Абристі және ескертулерді пайдалана отырып, планға жергілікті жердегі объектілердің контурлары шартты белгілерге сәйкес салынады.

4) Нүктелер арасын интерполяциялап (қима биіктігі 1 м) горизонтальдар жүргізіледі.


 

 

6.1 – кесте

 

Тахеометриялық түсіріс журналы

Станция - 1 МО = 359°59¢ НС= 850,00 м i= 1,42 м

 

Пикеттер Рейкадан алынған есеп Горизонталь дөңгелектен алынған есеп Вертикаль дөңгелектен алынған есеп Көлбеу бұрыш, n Горизонталь ұзындықтар, d Биіктік өсімше, h Пикет биіктігі, Hn
  91,4 43°10¢ 358°21¢ -1°38¢ 91,4 -2,59 847,41
  117,4 79°50¢ 358°11¢ -1°48¢ 117,4 -3,67 846,33
  72,0 90°25¢ 357°36¢ -2°23¢ 71,9 -2,99 847,01
  57,5 132°10¢ 356°34¢ -3°25¢ 57,4 -3,39 846,62
  58,4 208°05¢ 356°20¢ -3°39¢ 58,2 -3,68 846,32
  85,5 266°30¢ 357°19¢ -2°40¢ 85,4 -3,95 846,05
  120,0 310°00¢ 356°34¢ -3°25¢ 119,8 -7,14 842,86
  91,2 334°30¢ 356°06¢ -3°53¢ 90,9 -6,15 843,85

5) Топографиялық план шартты белгілермен безендіріліп, тушпен сызылады.

 

6.1 – сурет. Тахеометриялық түсірістің планы

 

6.5. Зертханалық сабақта студенттер төмендегі 6.2 және 6.3 – кестелерде келтірілген мәліметтерді пайдаланып, камералдық өңдеп, түсірістің планын дайындаулары керек

Зертханалық жұмыс бойынша студент тахеометриялық түсірістің камералдық өңделген журналын және планын тапсырады.

6.2 – кесте

Ст.                    
МО 0°01 0°02 0°03 0°04 0°05 0°06 0°07 0°08 0°09 0°10
НС                    
i 1,45 1,50 1,55 1,60 1,40 1,45 1,50 1,55 1,50 1,55

 


6.3 – кесте

Тахеометриялық түсірістің журналы

Станция - 1 МО = ____ НС= ____ м i= ____ м

 

Пикеттер Рейкадан алынған есеп Горизонталь дөңгелектен алынған есеп Вертикаль дөңгелектен алынған есеп Көлбеу бұрыш, n Горизонталь ұзындықтар, d Биіктік өсімше, h Пикет биіктігі, Hn
               
  89,5 39015¢ 357025¢        
  105,0 75035¢ 358017¢        
  73,0 87051 357030¢        
  56,2 135005¢ 355050¢        
  57,5 210010¢ 356011¢        
  86,8 250035¢ 358020¢        
  122,2 300011¢ 357010¢        
  90,5 335050¢ 355015¢        
  88,2 350010¢ 356030¢        
  75,2 20050¢ 357019¢        

6.6. Тексеру сұрақтары

1) Абрис дегеніміз не?

2) Тахеометриялық планды құру (дайындау) реті.

3) Горизонтальдар қалай жүргізіледі?

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

1. Нүрпеисова М.Б. Геодезия. – Алматы: Эверо баспасы, 2005 ж. – 279 б.

2. Нүрпеисова М.Б. Геодезия және маркшейдерлік іс. – Алматы: 2005.

3. Қалыбеков Т. Геодезия мен топография негiздерi. – Алматы: Ана тiлi,

1993.

4. Инженерная геодезия /Под ред.Д.Ш.Михелева.- М.: Высш. шк. 2001.

5. Поклад Г. Г. Геодезия. -М.: Недра, 1988.

6. Борщ-Компаниец В. И. Геодезия, основы аэрофотосъемки и маркшейдерского дела. -М.: Недра, 1984.

 

 

 


1 – ҚОСЫМША

Горизонталь бұрыштарды айналдыру тәсілімен өлшеу

Күні_________ Теодолит__________ №________

Орындаушы____________ Ауа райы__________

 

  Пункттер   Вертикаль дөңгелектің жағдайы     Горизонталь дөңгелектен алынған есептер     Өлшенген бұрыштар   Бұрыштар-дың орта мәні Пункттердің арақашықтықтары     Ескертпе       Абрис
  Аспап тұрған     Көздел-ген     өлшен-гендері көлбеу- лік бұрыш-тары горизон- таль ұзындық-тары
                     
           
                 
           
                   
           
                 
           
                   
           
                 
           
                   
           
                 
           
                   
           
                 
           

 

 

2 – ҚОСЫМША

Горизонталь бұрыштарды қайталау тәсілімен өлшеу

Күні_________ Теодолит__________ №________

Орындаушы____________ Ауа райы_____________

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  


  Пункттер   Вертикаль дөңгелектің жағдайы     Горизонталь дөңгелектен алынған есептер   Бақылау және

double arrow