Масштабтар бойынша тапсырма

1. Берілген сандық масштаб бойынша жер бетіндегі ұзындықтардың пландағы кесінділерін анықтау (4.1- кесте).

2. Планда кесінділер берілген. Планның масштабы бойынша олардың нақтылы ұзындықтарын анықтау (4.2-кесте).

3. Сандық масштабқа сәйкес сызықтық масштабты сызу және оған мына қашықтықтарды салу (4.3- кесте).

4. Сандық масштабқа сәйкес көлденең масштаб сызу және оған оған мына қашықтықтарды салу (4.4- кесте).

 

4.1- кесте

Вариант № Жер бетіндегі ұзындықтар, м Сандық масштаб
  146,7; 227,8; 456,7 1:10000; 1:5000
  1286,7; 545,0; 900,0 1:25000; 1:50000
  2265,0; 946,8; 1547,6 1:10000; 1:25000
  2300,0; 4780,0; 3460,0 1:200000; 1:5000
  9000,0; 11600,0; 13600,0 1:100000; 1:500000
  15250,0; 1224,0; 9250,0 1:500000; 1:5000
  545,5; 535,6; 775,5 1:5000; 1:25000
  1165,8; 793,4; 645,6 1:10000; 1:25000
  145,6; 252,6; 184,5 1:10000; 1:2000
  2324,4; 1345,0; 745,6 1:10000; 1:2000
  246,73; 457,51; 185, 26 1:10000; 1:5000
  2265,0; 946,8; 1547,6 1:25000; 1:50000
  2300,0; 4780,0; 3460,0 1:10000; 1:25000
  9000,0; 11600,0; 13600,0 1:200000; 1:5000
  252,6; 184,50;145,6 1:10000; 1:5000

 

 

4.2-кесте

Вариант № Пландағы сызық; см Сандық масштаб
  66,8; 74,4; 115,8 1:2000
  25,5; 16,4; 33,8 1:500
  50,5; 72,4; 78,5 1:1000
  140,6; 215,5; 200,6 1:5000
  55,4; 130,4;140,5 1:2000
  79,6; 148,4; 210,2 1:2000
  5,8; 6,6; 9,4 1:100
  31,6; 20,5; 35,5 1:500
  12,6; 19,6; 24,6 1:500
  8,5; 13,5; 17,5 1:500
  200,6; 126,3; 460,25 1:5000
  215,6; 130, 9; 69, 5 1:2000
  54,8; 71,8; 88,2 1:1000
  8,6; 4,9; 10;2 1:500
  3,5; 5,2; 8,4 1:100

 

 

4.3- кесте

Вариант № Жер бетіндегі ұзындықтар, м Сандық масштаб
  130,6; 176,6;220,4 1:2000
  7,6; 13,7; 17,6 1:200
  85,8; 69,6; 128,6 1:2000
  34,8; 55,5; 47,2 1:500
  13,5; 27,8; 8,3 1:200
  84,8; 132,6; 166,8 1:2000
  7,9; 17,9; 13,6 1:200
  13,6; 27,4; 44,6 1:500
  37,6; 76,4; 130,4 1:1000
  9,2; 18,6; 13,4 1:200
  8,3;12,5; 18,9 1:200
  64,8; 122,6; 155,8 1:2000
  10,5; 22,6; 5,3 1:200
  30,8; 35,5; 57,2 1:500
  6,5; 15,6; 23,5 1:200

 

4.4- кесте

Вариант № Жер бетіндегі ұзындықтар, м Сандық масштаб
  130,6; 210,6; 77,6 1:5000
  105,6; 179,4; 124,4 1:2000
  6,6; 9,7; 8,6 1:500
  35,5; 49,4; 69,6 1:1000
  9,2; 18,6; 11,4 1:200
  3,4; 3,6; 4,6 1:100
  5,9; 6,6; 9,4 1:100
  7,3; 5,8; 4,9 1:100
  7,9; 17,6; 10,6 1:200
  89,8; 67,6 138,6 1:2000
  54,60; 95,2; 189, 8 1:2000
  52,60; 85,2; 131, 8 1:1000
  34,5;48,6; 72,4 1:1000
  38,9; 56,4; 65,8 1:500
  27,4; 35,4; 56;4 1:500

5-есеп. Көлденең масштабтың дәлдігін анықтаңыздар.

 

1.5. Тексеру сұрақтары

1) Масштаб дегеніміз не?

2) Масштабтың қандай түрлері бар?

3) Планда горизонталь проекциялар қалай салынады?

4) Пункттердің арақашықтықтары планда қалай анықталады?

5) Масштабтың дәлдігі дегеніміз не?

2-зертханалық жұмыс

КАРТАМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ

2.1. Жұмыстың мақсаты: картаны оқи білу және ол арқылы төмендегі инженерлік мәселелерді шешу:

1) нүктенің географиялық координаталарын анықтау;

2) нүктенің тік бұрышты координаталарын анықтау;

3) картадағы бағыттың дирекциондық бұрышын, ақиқат және магниттік азимуттарын анықтау;

4) горизонтальдар арқылы нүктенің биіктігін анықтау;

5) картадағы бағыт бойынша профиль сызу;

6) картадағы шартты белгілерді оқи білу.

2.2. Керекті құралдар: 1:10000 және 1:25000 масштабтағы оқу карталары, транспортирлер, өлшеуіш-циркульдер, миллиметрлік қағаз.

2.2. Жұмыстың мазмұны мен орындау тәртібі

1) Нүктенің бойлығын анықтау үшін картаның минуттық рамкасын пайдаланып, берілген нүктеге жақын орналасқан батыс және шығыс меридиандар жүргізіледі. Сонда нүктенің бойлығы батыс меридианның бойлығына келесі формула арқылы анықталған секунд санын қосқанға тең (2.1-сурет).

, (2.1)

 
 

мұндағы l – батыс меридианнан нүктеге дейінгі қашықтық, мм.

2.1 - сурет

, (2.2)

мұндағы в – оңтүстік параллельден нүктеге дейінгі қашықтық, мм; В – оңтүстік параллельден солтүстік параллельге дейінгі қашықтық, мм.

 

lМ=180 01¢ 12²; jМ=540 41¢ 13².

 

2) Тік бұрышты координаталар – Х,У километрлік тор арқылы анықталады (2.1-сурет). Суретте масштабы 1:10000 карта бейнеленген. Оның әр қабырғалары 10 см-ге, яғни 1 км-ге тең. Координаталары анықталған N нүктесі Х осі бойынша 6065 пен 6066 км және У осі бойынша 4307 мен 4308 км торда орналасқан.

6065 деп белгіленген сызық оның экватордан 6065 км қашықтықта орналасқанын көрсетеді. 4307 деп белгіленген сызық оның 4 зонада орналасқанын, ал 307 км сызықтың ординатасын көрсетеді.

Нүктеден координаталық торға түсірілген перпендикуляр DC = 0,4 км және DU = 0,2 км - координаталардың өсімшелері.

Сонда N нүктесінің координаталары мынаған тең

ХN = 6065,40 км;

УN = 4307,20 км.

3) Дирекциондық бұрышты, ақиқат және магниттік азимуттарды анықтау. Картадағы немесе пландағы сызықтардың бағытын, яғни олардың дирекциондық бұрыштарын және ақиқат азимуттарын транспортирмен өлшеу арқылы анықтайды (2.2-сурет).

ВС сызығының дирекциондық бұрышы

aВС – ны анықтау үшін километрлік тордың солтүстік бағытынан ВС – ға дейінгі бұрышты өлшеу қажет (2.2 а - сурет), яғни

аВС = 120о30¢.

Ақиқат және магниттік азимуттарды картаның төменгі жағында көрсетілген үш меридиандардың өзара орналасу сұлбасын (2.2,б - сурет) пайдаланып анықтайды, яғни ақиқат азимут пен магниттік азимут (2.3, 2.4) мына формулалармен анықталады

Аа=a+g; (2.3)

Аа= 50°30¢-2°20¢=48°10¢;

Аа = Ам -d в; (2.4)

Аа= 48°10¢-6°10¢=42°00¢,

мұндағы g - меридиандардың жақындасуы; d - магнит нұсқарының бұрылуы.

4) Горизонтальдар арқылы нүктенің биіктігін – Н анықтау (2.3 – сурет).

 

2.3-сурет

 

Егер биіктігі анықталған нүкте А тікелей горизонталь үстінде орналасса, онда оның биіктігі сол горизонталь биіктігіне тең болады. Мысалы НА = 120 м.

Биіктігі анықталатын нүкте С горизонтальдар арасында орналасса, оның биiктiгi былайша анықталады.

С нүктесі арқылы горизонтальдарға ав нормалы жүргiзiледi де, ав және ас ұзындықтары өлшелiнiп нүктенiң биiктiгi мына формуладан анықталады

Нс =121,00+hc,

мұндағы

,

hв -бедердiң қима биiктiгi.

Егер нүкте тұйықталған горизонтальдің ішінде орналасса, онда оның биіктігі жақын горизонталь биіктігінен 0,5hВ - ге не артық, не кем болады, яғни НВ = 125,5 м.

6) Картадағы бағыт бойынша профиль сызу (2.4-сурет).

 

2.4-сурет. Пландағы АВ сызығы бойынша профиль сызу

Миллиметрлік қағазға түзу сызық жүргізіп, оған картадағы АВ сызығының әр горизонтальмен қиылысқан нүктелері белгіленеді және биіктіктері жазылады.

Белгіленген барлық нүктелерден перпендикуляр тұрғызылып, оларға горизонтальдар ьиіктіктері салынады. Анықталған нүктелерді бір-бірімен қосып 2.4 – суретте көрсетілген профиль дайындалады.

 

2.3.Тексеру сұрақтары

1) Нүктенің картадағы географиялық координаталары қалай анықталады?

2) Нүктенің картадағы тік бұрышты координаталары қалай анықталады?

3) Бағыт бұрыштары дегеніміз не және олар қалай анықталады?

4) Нүктенің биіктігі қалай анықталады?

5) Картадан бедердің ерекшеліктерін көрсетіңіз.

 

3-зертханалық жұмыс


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: