(Жылдық сағаты – 34, апталық сағаты – 1)
| Реті | Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы | Сағат саны |
| 1. | Абайтану ғылымының үшінші кезеңі.(1961 жылдан кейінгі Абай мұрасын тереңдей танып зерттеу дәуірі Абай туралы зерттеу еңбектер | |
| 2. | Абай әлемі. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы туралы ой-пікірлер. | |
| 3. | М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы Романға барар жол Эпопеяның жазылу тарихы | |
| 4. | Романның басты тақырыбы мен идеясы. Роман-эпопеяға арқау болған тарихи кезеңдер. | |
| 5. | Романның құрылысы. Эпопеяның төрт кітабы. Әр кітаптың атауы, жеке тараулары, эпилогтар. | |
| 6. | Эпопеяның бірінші кітабы - «Абай». «Қайтқанда» тарауы Тараудағы оқиға желісі Бала Абай бейнесі. Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: әже мен ана тәлімі, әңгіме-жырдың дүкені әкелген сый. | |
| 7. | «Қат-қабатта» тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі. Бөжей мен Құнанбай арасындағы қақтығыстардың Абайға әсері Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: жер дауы, барымта, кек. | |
| 8. | «Жолда» тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі. Абай бойындағы адамгершілік қасиеттердің көріністері Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: үлкеге құрмет, сәлемдесу, сөзге тоқтау. | |
| 9. | «Шытырманда» тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі. Абайдың әке тапсырмасымен ел ісіне араласа бастауы, ел ішіндегі әңгімелерге сын көзімен қарауы. Алғашқы ғашықтық сезім күйлері. Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: айып салу, айып төлеу, қонақасы, сыбаға | |
| 10. | «Бел-белесте» тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі. Ойға жүйрік Құнанбайдың жер дауында жас та болса Абай ақылына тоқтауы. Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: Бөжей өлімі, қаралы көш, жоқтау. | |
| 11. | «Өрде» тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі. Кәмелетке жетіп, есейген жігіт Абай. Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: құдалық, қалың мал, киіт, ұрын бару, неке қию, қол ұстатар, шаш сипар, тілек, бата. | |
| 12. | «Қияда» тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі. Азамат болып қалыптасу жолы. Әке мен бала арасындағы пікір таласы, Абайдың болашаққа батыл қадамы. Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: Құран бағыштау, жоқтау, барымта, бәсеке. | |
| 13. | Эпопеяның екінші кітабы - «Абай». «Тайғақта» тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі.Абайдың білімді, білікті, тапқыр, шешен қасиеттерінің көрініс табуы. Абайдың сезім толқындары. Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: аттандыру, қоштасу, шығарып салу, қалың мал, күйеушілеу. | |
| 14. | «Жайлауда» тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі. Абайдың өнерге, ән-жырға кенелген, айналасына қуаныш сыйлаған жан сұлулығы. Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: қолқа салу, бата беру, алғыс айту, | |
| 15. | «Еңісте» тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі. Ел ішіндегі дау-дамай мен ағайын арасындағы наразылықтар ширатқан Абай. Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: құсбегілік, саятшылық, құс баптау. | |
| 16. | «Оқапта» тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі. Абайдың ел ішіндегі наразылыққа, дау-дамайға сын көзімен қарауы, өнер-білімге аса ден қоя бастауы. Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: сал-серілік дәстүр, қоштасу, қыз ұзату, арыздасу әнін айту. | |
| 17. | «Асуда» тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі. Кем-кетікке, өз ауылы көршілеріне көмек, балалардың оқып, білім алуына қамқорлық жасау. Кітап оқуға ден қою. Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: елге тағлым айту, билік айту. | |
| 18. | «Тарауда»тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі. Абай – ақын, оның сыншылдық өлеңдерінің ел оқиғаларымен үндестік табуы. Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: қыз дауы, ру дауы, әруақ аттау, билік айту. | |
| 19. | «Биікте» тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі. Абайдың өнер, ақындық ортасы, жастарға қамқорлық пен ұстаздық. Абай – аудармашы ақын. Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: сауық құру. | |
| 20. | Эпопеяның үшінші кітабы - «Абай аға». «Абай аға»тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі. Абайдық ақын шәкірттері. Абайдың философиялық ой-толғамға құрылған өлеңдері. Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: Бәсеке, тартыс, жікке бөліну, дау-дамай. | |
| 21. | «Кек жолында» тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі. Әділдік үшін күрескен Абайдың ағайынға наразылығы, өмірден туған өлең- «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай». Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: барымта, кек, билер төрелігі. | |
| 22. | «Қарашығын» тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі. Абайдың жан күйзелісі, емді кітаптан іздеуі. Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: құда түсу, дау-дамай. | |
| 23. | «Өкініште» тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі. Ағайындары мен бауырларының дау-дамайына Абай билігі, күйініші мен өкініші. Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: бесік құда, құдалық, қалың мал, қарғыбау. | |
| 24. | «Қақтығыста» тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі. Алтыбақан алауыз елдің ортасы күйзелткен Абай. Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: бітімге келу, билік айту. | |
| 25. | «Қоршауда» тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі. Абай – әділ би, шешен. Билікке қарсы күресуші. Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: енші бөлісі, әмеңгерлік. | |
| 26. | Эпопеяның төртінші кітабы - «Абай жолы». «Түн-түнекте» тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі. Семейдегі оба ауруы кезіндегі Абайдың азаматтығы мен қамқорлығы, өлімнен пайда тапқан молдаларға қарсы әрекеттері. Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: Өлім күту рәсімдері: жаназа, өлікке ас беру, жеті күндігі, қырық күндігі. | |
| 27. | «Құз-қияда» тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі.Абайдың Әбішке ризалығы, адамдық қасиеттерін бағалауы. Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: ата-баба тәлімі, әке тағылымы | |
| 28. | «Қапада»тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі. Абай мен Дәрмен, ұстаз бен шәкірт үндестігі. Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: ұлттық қолөнер, кесте, оюлар. | |
| 29. | «Қастықта» тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі. Баласынан айырылған Абай мұңы мен зары өлең болып төгіледі. Абайдың кемелдікке жеткен ақындығы мен адамдығы. Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: естірту, арыздасу, көңіл айту, арнау өлең. | |
| 30. | «Шайқаста»тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі. Халық қамқорына айналған Абай. Ақынның таным мен тағылым философиясы. Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: айт, шапағат, мейірім. | |
| 31. | «Жұтта» тарауы Тараудағы оқиға желісі Абай бейнесі. Абай – алып бәйтерек, «өлім де жеңбес жан». Тараудың композициялық құрылысы. Тараудағы ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр көріністері: арылу, соңғы сөз, жоқтау, аманат | |
| 32. | Эпопея: түйін сөз (шығармашылық жұмыстар) | |
| 33. | Абайды әлемге танытқан ғасырлық туынды |






