Новорожденные 3 уровень

#1

*! Стационарға 5 күндік жаңа туылған нәресте түсті. Жалпы жағдайы ауыр, интоксикация белгілері бар, дене қызуы 39, 0 С,эксикоз, токсикоз, нәресте өте мазасыз. Бел – сегізкөз аймағында тығыздалған, диамертрі 2,5 см тең гиперемияланған шектеулі аймақ анықталды.

Сіздің ЕҢ ықтимал болжамалы диагнозыңыз:

 

*рожалық қабыну

*Жаңа туылған нәрестедегі геморрагиялық ауру

*Сегізкөз – құйымшақ аймағындағы іріңді ісік

* Жаңа туылған нәрестенің некротикалық флегмонасы

*Бел аймағындағы абцидирлеуші фурункул

 

#2

*! Нәрестеде туылғаннан кіндік байламы негізінде диаметрі 5 см ге дейінгі кеңею байқалады. Сол жерден аш ішегінің ілмектері көрініп тұр.

 

* Гастрошизис

* Кіндік жарығы

* эмбрональды жарық

* Кіндік аймағындағы ісік

* Қуық эстрофиасы

 

#3

*!Жаралы – некротикалық энтероколиттің диагностикасындағы ЕҢ ЫҚТИМАЛ әдіс:

 

*Құрсақ қуысына УДЗ

*Ішек қабырғасына доплерографиялық УДЗ

*Құрсақ қуысына рентгенографиялық шолу
*Құрсақ қуысына компьютерлік томография

*Асқазан ішек жолына рентгеноконтрасты зерттеу

 

#4

*!18 күндік нәрестемен анасы ауруханаға келді. Анамнезінде 2 тәулік бұрын ісіну, сол жақ иық буынындағы тығыз ісіну және дене температурасының 38-39 С дейін көтерілуі анықталды. Нәресте өте мазасыз және сол қолында белсенді қозғалыс төмендеген. Қарау тексергенде сол иығының мәжбүрлі қалыпта денесіне жиырып алуы, пальпация кезінде иық буыны аймағында жергілікті гиперемия, тығыз ісік, тез ауырсыну байқалады.

Сіздің ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжамалы диагнозыңыз:

 

*Дюшен-Эрба синдромы

*Иық сүйегінің сынығы

*Иық буынының шығуы

*Иық буын аймағында флегмона

*Иық сүйегінің эпифизарлы остемиелиті

 

#5

*! 8 күндік қыз нәрестемен анасы стационарға қаралды. Анамнезінде 2 тәулік бұрын ісіну, сол жақ жауырын аймағында тығыз ісіну және артқы өлшемі 4-5 см қызғылт түстес түзіліс, дене температурасының 38-39 С дейін көтерілуі анықталды. Балалар хирургының қарап тексеруінен соң стационарда - жаңа туылған нәрестенің некротикақ флегмонасы деген диагноз қойылды. Нәресте флегмонасы еміндегі ЕҢ тиімді емдеу әдісі:

 

*түтіктік дренажды кесу, асептикалық таңу

*флегмонаны тіліктік көлемде ашу, асептикалық таңу

*флегмонаны ашу, санация, резенкелі дренаждармен бітеу

*гиперемиялық аймаққа қыздырушы компресс, антибактериалды маймен таңу

*терінің сау тінін қамти отырып тілу жасау, антисептикалық ерітіндімен таңу

 

#6

*! Қабылдау бөліміне 22 күндік қызымен анасы қаралды. Түскен кезде ылғалдануына, кіндік жарасынан аз мөшерлі сары түсті қою бөліндінің бөлінуіне шағымданады. Қарап тексергенде кіндік байламының қалыңдауы, кіндік сақинасының кеңеюі анықталды. Кіндіктің жоғарғы бөлігінде жыланкөз бар, мазасызданған кезінде жыланкөзден сары түсті бөлінді бөлінеді.

Сіздің ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжамалы диагнозыңыз:

 

*флегмонозды омфалит

*толық емес жыланкөз урахуасы

*өт жолының кистасы

*өт жолындағы толық жыланкөз

*өт жолындағы толық емес жыланкөз

 

#7

*! Босану үйінде мерзімі жетілген қыз бала туылды. Біріншілік қарау кезінде типтік орында анустың болмауы және ректовестибулярлы жыланкөзден газ бен меконийдің еркін бөлінуі анықталды.

Сіздің ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжамалы шешіміңіз:

 

*бір жылдан кейін радикалды операция

*үш жылдан кейін даму ақауын дұрыстау

*үш-алты аптадан кейін даму ақауын дұрыстау

*бірреттік радикалды операция

*колостома отасын жасау

 

#8

*! 14 күндік бала туылғалы стационарда - аспирационды синдром, шала туылу, құрсақішілік ифекция, құрсақішілік пневмония диагнозымен жатыр. Жалпы жағдайы ауыр, тыныс жиілігі минутына 60 рет, екі жақты қатаң ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек үндері ритмді, пульсі мин 150 рет. Баланы жатқан қалыпта оң жақ қырымен емізу кезінде жөтел басталады. Зонд арқылы емізу кезінде ешқандай жөтел туындамайды.

Сіздің ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжамалы диагнозыңыз:

 

*Туа біткен асқазан стенозы

*асқазанның жыланкөзсіз атрезиясы

*Жаңа туылған өңеш жұтқыншақ жыланкөзі

*диафрагманың оң жақтық жалған жарығы

*Туа пайда болған даму ақауы, оң және сол жақтық киста

 

#9

*! Нәресте қалыпты жүктіліктен, уақыты жетіп туылған, дене массасы 3000 г. Туылғаннан соңғы жағдайы қанағаттанарлық. Өкпеде және жүректе ақаулар анықталған жоқ. Іші жұмсақ, аздап кепкен. Қарау барысында аралықта анальды тесігінің жоқ екені анықталды.

Диагнозын дәлелдеу барысында жасалатын ЕҢ ЫҚТИМАЛ әдіс:

 

 

*цистоуретрография

*жалпы уролоиялық зерттеу

*Вангенстин бойынша бүйірлі инвертограмма

*құрсақ қуысына рентенологиялық шолу

*асқазан – ішек жолын рентгенконтрастты зерттеу

 

#10

*!Гастрошизис анықтамасына ЕҢ тәні:

 

*Жайылған бақа ішіндей

* құрсақтың алдыңғы қабырғасының ақауы

*кіндік бауында ішектің болуы

*аш ішектің атрезиясымен қосарланған даму ақаулары

*жұлын, жұлын қабы, омыртқа мен жұмсақ тіндердің толық ажырауы

 

#11

*!Дене салмағы 2600 г болып мерзімі жетілген бала туылды. Мерзімі 35 -36 апталық. Баланы қарау барысында аш ішектің бір бөлігі, тоқ ішек, асқазан құрсақ қуысынан тыс орналасқаны анықталды. Іш қуысының алдынғы қабырғасында өлшемі 3 см дейінгі ақау байқалады. Асқазанның, ішектің қабырғалары ісінген, диаметрінде үлкейген, бір бірімен жабысқан.

Сіздің ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжамалы диагнозыңыз:

 

*рахишизис

*омфалоцеле

*мегагаструс

*гастрошизис

*іштің «дряблый» синдромы

 

#12

*!Стационарға 1 айлық бала түсті. Ата – анасы оның әлсіздігіне,,бозғылттығына, үлкен дәретінің 5 күннен бері жоқтығына шағымданады. Анамнезінде: туылғалы өздігінен үлкен дәретінің болмауы, үлкен дәреті тек клизмадан соң. Соңғы кездері ата – анасы қиындықпен үлкен дәрет пен газдың пайда болуына қол жеткізді. Жағдайының нашарлайды, тамақтан бас тартады. Іші ұлғайған. Сіздің ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжамалы диагнозыңыз:

 

*мегаректум

*мегадолихосигма

*тік ішектің стенозы

*Гиршпрунг ауруы

*тоқ ішектің екі еселенуі

 

#13

*!Бала бірінші жүктіліктен, 8 -12 аптасында түсікке қауіп болған, ерте босанған, дене салмағы 3200 г. Апгар шкаласы бойынша 8 -9 балл. Бірінші тәулікте жақсы емген, бірақ өт қалдығы араласқан құсық болған. Меконии бірінші тәулікте болған, келесі күні дәреті аз мөлшерде (скудный) бөлінген. Бесінші тәулікте жағдайы нашарлаған және 300 г дене салмағын жоғалтқан. Тері жабындылары ақшыл – қызғылт, мрамор түстес, тері тургоры төмендеген. Жүрек тондары естіледі, ритімді, пульс 132 мин. Іші жұмсақ, түсіңкі. Асқазанға зонд қою кезінде 60 мл өт қалдығының бөліндісі бөлінген. Сіздің ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжамалы диагнозыңыз:

 

*пилоростеноз

*Ледда синдромы

*он екі елі ішектің стенозы

*он екі елі ішектің атрезиясы

*ішектің странгіляциялық өтімсіздігі

 

#14

*!Бала бірінші жүктіліктен, 8 -12 аптасында түсікке қауіп болған, ерте босанған, дене салмағы 3200 г. Апгар шкаласы бойынша 8 -9 балл. Бірінші тәулікте жақсы емген, бірақ өт қалдығы араласқан құсық болған. Меконии бірінші тәулікте болған, келесі күні дәреті аз мөлшерде (скудный) бөлінген. Бесінші тәулікте жағдайы нашарлаған және 300 г дене салмағын жоғалтқан. Тері жабындылары ақшыл – қызғылт, мрамор түстес, тері тургоры төмендеген. Жүрек тондары естіледі, ритімді, пульс 132 мин. Іші жұмсақ, түсіңкі. Асқазанға зонд қою кезінде 60 мл өт қалдығының бөліндісі бөлінген.

Бірінші кезекте көрсетілген ЕҢ ЫҚТИМАЛ зерттеу әдісі:

 

*фиброгастродуоденоскопия

*Лабороториялық қан,зәр талдауы

*Асқазан ішек жолының рентгеноконтрасты зерттеу

*мультиспиральды компьютерлік томография

*құрсақ қуысының ағзаларына ультрадыбысты шолу

 

Күйіктер

Уровень

 

#1

*!Термиялық күйікте тері жабындысының регенерациясында ЕҢ маңызды:

 

*майлы бездер

*беткей және терең қантамыр өрімдері

*беткей қантамыр өрімдері

*тер бездері

*түтікті фолликула

 

#2

*! Термиялық күйік классификациясында ЕҢ жиі қолданылатын зақымданудың қанша дәрежесі бар?

 

*I дәреже

*II дәреже

*IV дәреже

*III дәреже

*III дәреже А және В бөлімдерімен

 

#3

*! 2 жасар баладағы беткей термиялық күйікте шокқа қарсы шараны бастайтын ЕҢ ықтимал пайызы:

 

*5%

*7%

*9%

*10 %

*15%

 

Уровень

#1

*!Шұғыл хирургияның қабылдау бөліміне 10 жасар бала 5% көлеміндегі екі қолының термиялық күйігімен келіп түсті. (ыстық сумен күйген). Қарап тексергенде екі қолдың артқы беткейінде гиперемия түрінде күйік жаралары бар, кейбір жерлерінде күйіктік көпіршіктер бар. Балада күйіктің қай дәрежесі ЕҢ ықтимал:

 

*I дәреже

*II дәреже

*I- II дәреже

*IIIА дәреже

*IIIВ дәреже

 

#2

*! Шұғыл хирургияның қабылдау бөліміне 5 жасар қыз бала 12% көлеміндегі бет және дененің термиялық күйігімен келіп түсті. I- II дәреже. Бала қатты айқайлап жылайды, анасының ұстағанына да көнбейді. АҚҚ 130/90 мм.рт.ст, пульс 106 рет минутына. Осы берілген клиникалық көрініс күйіктің қай сатысына тән:

 

* күйіктің шок, торпидті фаза

*күйіктің шок, эректильді фаза

* токсемия

* септикопиемия

* қызба

 

#3

*! 2 жасар қыз бала қайнап тұрған шәйнекті өзіне аударып алады. Бет, мойын, кеудесін және екі қолының алдыңғы бетін күйдіріп алды. Жедел жәрдеммен шұғыл хирургияның қабылдау бөліміне жеткізілді. Қарап тексергенде жоғарыда көрсетілген аймақтарда көпіршікті күйіктік жаралар мен кішігірім гиперемия ошақтары бар. Баланың есі анық, айқайлайды. АҚҚ 130/70 мм.рт.ст. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал:

 

*термиялық күйік I-II дәрежесі

*термиялық күйік I-II-III A дәрежесі, күйіктік шок

*термиялық күйік I-II дәрежесі, күйіктік шок

*беткей термиялық күйік

*терең термиялық күйік

 

#4

*! Бала 1 жас 2 ай. Ас бөлмесінде қараусыз қалып, қазандағы ыстық сорпаны өзіне аударып алды. Жедел жәрдеммен шұғыл хирургияның қабылдау бөліміне жеткізілді. Қарап тексергенде баланың есі анық, айқайлайды. Денесінің сол жақ бөлігінде іші сары сұйықтыққа толы гиперемия ошақтары және күйіктік жарылмаған көпіршіктер бар. АҚҚ 100/60 мм.рт.ст, ТЖ мин 40 рет, ЖСЖ мин 128 рет. Күйік аумағы 8 %. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал:

 

*термиялық күйік I-II дәрежесі

*термиялық күйік I-II-III A дәрежесі, күйіктік шок

*термиялық күйік II-III A

*термиялық күйік I-II-III A

*терең термиялық күйік

 

#5

*!Қыз бала 13 жаста, мерекелік дастарханды дайындау барысында қазандағы ыстық сорпаны өзіне аударып алды. Жедел жәрдеммен шұғыл хирургияның қабылдау бөліміне жеткізілді. Қарап тексергенде қатты мазасыз, іш және мықын аймағының алдыңғы беткейінде мөлдір сұйықтыққа толы күйіктік көпіршіктер және гиперемия ошақтары бар. АҚҚ 120/75 мм.рт.ст, ТЖ мин 21 рет. Күйік аумағы 9 %. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал:

 

*термиялық күйік I-II дәрежесі

*термиялық күйік I-II-III A дәрежесі, күйіктік шок

*термиялық күйік I-I дәрежесі, күйіктік шок

*термиялық күйік II-III A

*термиялық күйік I-II-III A

 

#6

*!Жедел жәрдеммен шұғыл хирургияның қабылдау бөліміне 7 жастағы бала денесінің және басының шашты бөлігінің 25 % термиялық күйігімен жеткізілді. I-II дәрежесі. Бала тыныш, аз қозғалады, жыламайды, ортаға қызығушылығы жоқ. Құсу 1 рет болды. Температурасы 39 С. Пульс мин 116 рет. Тері қабаты бозарған, сипап көргенде салқын. Қуықты катетерлегенде 50,0 мл ашық түсті зәр бөлінді. Осы берілген клиникалық көрініс күйіктің қай сатысына тән:

 

*күйіктің шок, торпидті фаза

*күйіктің шок, эректильді фаза

*токсемия

*септикопиемия

*қызба

 

Уровень

#1

*!Бала 5 жаста, жедел жәрдеммен шұғыл хирургияның қабылдау бөліміне екі қолының 4% I-II дәрежелі термиялық күйік диагнозымен келіп түсті. Бұл жағдайда қандай таңу ЕҢ ықтимал көрсеткіш:

 

*фурациллин ерітіндісімен

*диоксидин ерітіндісімен

*хлоргексидин ерітіндісімен

*Вишневский мазьмен

*левомеколь мазьмен

 

#2

*!Бала 2 жаста, өзіне ыстық суы бар кастрюляны аударып алды, 15 минуттан кейін жедел жәрдем бригадасы келді. Болжам диагнозы – дене, мықын, екі қолының I-II дәрежелі, 10-12% термиялық күйік, күйіктік шок. Ауруханаға дейінгі қандай ауырсыздандыру ЕҢ ықтимал болып табылады:

 

*25% анальгин ерітіндісі, 2.4% супрастин ерітіндісі

*оттегі қоспасы мен азот тотығы наркозы

*1% промедол ерітіндісі, 25% анальгин ерітіндісі, дроперидол

*25% анальгин ерітіндісі, дроперидол

*оттегі қоспасы мен азот тотығы наркозы, 2.4% супрастин ерітіндісі

 

#3

*!Бала 3 жаста, өзіне ыстық суы бар кастрюляны аударып алды. Үстінде майка мен колготка болған. Ауруханаға дейінгі қандай бірініші көмек шарасы ЕҢ дұрыс:

 

*киімін шешу және ауырсыздандыру

*киімін шешу, ылғалды просынямен орау және ауырсыздардыру

*киімін шешпеу, бөлме температурасындай су құю, ауырсыздандыру

*тек ауырсыздандыру

*киімін жырту және мұздай су құю

 

#4

*!Балаға 2 жас 8 ай, қараусыз қалған, оң алақанымен қызған үтікті ұстап қалды. Жедел жәрдеммен шұғыл хирургияның қабылдау бөліміне жеткізілді. Диагноз – оң қол алақан бетінің IIIA – IIIB дәрежелі жанасу термиялық күйігі (оң қол алақан бетінің 1-5 саусақ және алақан). Төменде көретілген қандай емдеу әдісі ЕҢ тиімді:

 

*байлам асты

*Поволоцкийдің ашық әдісі

*Бетман бойынша коагурлеуші әдісі

*жедел некрэктомия және аутодермопластика

*ерте некрэктомия және аутодермопластика

 

#5

*! Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы шұғыл хирургияның қабылдау бөлімінде балаларда күйік ауданын анықтайтын ЕҢ тиімді шарттары:

 

*Wallace тоғыздық әдісі

*алақан әдісі

*Berkov әдісі

*Постников әдісі

*Вилявин әдісі

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: