Абстракциялау дегеніміз не?

Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар; талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талап қорыту – көптеген біріңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алу процесі.

32.Анализ және синтезді талдаңыз.

Талдаудың эмперикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын анықтау; білім құрылысын ашу; зерттеу обьектісін сипаты мен динамикасын анықтау сияқты түрлері бар. Талдау элементарлы сипатта болуы мүмкін, бұндай талдауда элементтердің бір-біріне және тұтастай бастапқы жүйеге қатысы анықталмайды. Сондай-ақ ол қатыстық – қисынды сипатта болуы мүмкін, мұндай талдауда элементтердің бір-біріне қатысы көрініс табады. Талдау барысында зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде жинақтауға болады, бұл ретте аулақтату ережесі қолданылады, яғни күрделі пікір болған жерде оның құрамды сөлемдері де керек. Конъюнкция (лат. одақ, байланыс) ережесін қолдануға болады, бұл ереже бойынша екі немесе одан да көп пікірлерді бір күрделі сөйлемге біріктіруге болады. Анализ бен синтез диалектикалық түрде бір – бірімен тығыз байланысты, «талдау» термині көбінесе зерттеу процесін тұтастай зерттеу кезіңде қолданылады. Сондай-ақ белгілі бір нәтижелері бар деректерге жүйеге кірерде және одан шығарда талдау жасап, салыстыруға болады.

33.Эмпирикалық зерттеу әдістерінің тобына қандай әдістер жатады.

Эмпирикалық зерттеу әдістері.

Сабақтың мазмұны: Эмпирикалық зерттеу әдістерінің тобына сипаттама беру.

Практикалық сабақта студенттер мынадай сұрақтарды қараструы тиіс:

· Бақылау әдісі.

· Педагогикалық эксперимент.

· Сұрақ – жауап әдістері.

· Мұғалімдердің, жаңашыл педагогтардың тәжірибесін зерттеу.

· Педагогикалық құжаттарды зерттеу

 

34.Бақылау әдісінің ерекшеліктері.

Бақылаушының бастапқы мақсаты нені бақылау керек және қандай құбылыстарға көңіл бөлу керектігін анықтайды.түйсік, сезім арқылы қабылдау мен түсініктерден басқа бақылап-зерттеуде зерттеушінің ұтымды жақтары да қатысады.Зерттеу барысында бақылап-зерттеу түрлерінің әр алуан жіктемесін ажыратуға болады:

- тікелей бақылап –зерттеу, мұғалім-зертеуші оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұра бейтарп адм; мұғалім зерттеу мүшесі ретінде зертеушілер тобына кіргізілуі.Оның рөліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады;

- жанама бақылап-зерттеу, ол тікелей бақылап-зертеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады.Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;

- жасырын немесе елеусіз бақылап-зерттеу тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералы бар мектептерде жүргізіледі.Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен арақатынасы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.Жасырын бақылап-зерттеу зерттеушіге құнды мәліметтер береді, егер оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды.

- Үздіксіз бақылап-зерттеу оқыту процесін, екі- үш оқушыныcабатағы,ойындағы,сыныптан тыс,мектептен тыс оқу-тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез-құлқын зерттеу үшін қолданылады;

- Дискретті бақылап-зерттеу обьектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады.Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл немесе бір жыл.бақылап-зерттеу белгілі бір уақытқа үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;

- Монографиялық бақылап-зерттеу бір адамды немесе бір заты бақылау кезінде қолданылады;

- Бір бағытты бақылап –зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады;

- Бақылап-зерттеу және іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады.Мұндай бақылап-зерттеу үшін біршама уақыт пен зерттеушінің аналитикалық жұмыс жасауы қажет.

35.Педагогикалық құжаттарды зерттеу қалай жүргізіледі?

Эмпирикалық әдіс ретіндегі дәрігерлік-педагогикалық тексеру медикалық-пеадгогикалық кестені жаппай дайындаумен байланысты.Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке дара қолданылады, оқушылар әртүрлі ғылыми мамандар текссеруінен өтеді.Тексеру барысында оқушылардың өмірбаяны, психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, олардың үлгерімі, жеке тұлғалық дамуынң генезисі,ауырған ауруларының сипаты, олардың туа біткен кемшіліктері, оқушылардың, олардың ата-аналарының денсаулығы, таным процесі барысының ерекшелікктері зерттеледі.

Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу зерттеушіге оқушылардың интеллектуалды-даралық ерекшеліктер мен қабілеттері туралы мағлұмат беретін әдістің бірі.Оқушылардың жеке дара іс-әрекетінің нәтижелерін зерттеу олардың жазбаша, графикалық және де басқа да жұмыстарына талдау жасау зерттеушіге оқушылардың мотивтері, іс-әрекет стилі мен оларды орындаудағы жетістіктер туралы, сондай-ақ сол іс-әрекеттің сыныпта, сыныптан тыс және басқа уақытта әр түрлі көрініс табуы туралы жан-жақты мәлімет береді.

Оқушылардың даралық-психологиялық ерекшеліктеріне,ынта-талаптарына,мақсат-мүдделеріне,бейімділігі мен қабілеттеріне талдау жасау олардың оқыту, тәрбие, дамыту процестеріне деген қатынасын анықтауға мүмкіндік береді, жеке тұлғаның танымдық процестері мен қабілеттерінің қалыптасу деңгейін көрсетеді.Оқушылардың психологиялық-педагогикалық мінездемелерімен жеке құжаттарымен, оқушылардың медикалық-педагогикалық тексерулерінің, педгогикалық кеңес мәжілісінің, әдістемелік кеңес хаттамаларымен таңысу сынып журналдарымен есеп беру құжаттарын зерттеу зерттеушіге оқушылардың оқу – танымдық қызметінің даму деңгейімен ақыл – ой іс - әрекеттерінің ерекшеліктері, олардың жұмысқа жарамдылығы туралы пайдалы объективті мәлімет береді, оқушылардың жеке тұлғасының дамуының дәрежесі, деңгейімен құрылысындағы сандық және сапалық өзгерістерін көрсетеді.

Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму теңденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар, оқу - әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің,лицейлердің, колледждердің оқу – тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп беруі, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компонеттері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең мағызды негіздері болып табылады. Мектеп іс- әрекетінің нәтижесіне баға беру үшін тесттердің эмтихандардың, эсселердің, жобалардың, суреттердің ерекшелігін зерттеудің маңызы зор. Бұл зерттеушіге мектептің іс жүзіндегі іс- әрекетінің шыңайлығын анықтауға, себеп салдардық байланыстарды, оқушы жеке тұлғасының дамуына әсер ететін факторларды айқындауға мүмкіндік береді.

Мәліметтермен зерттеудің басқа да әдістері парадигмалық түсініктер мен зерттеудің концептуалды сорабын құрастырудың әдістемелік ерекшеліктері жүйесінде талдау жасалуы тиіс алғашқы эмперикалық ақпаратты алуға бағытталған. Зерттеу – белгілі бір мәселені шешудің ақыл – ой, концептуалды жекелік және практикалық процесі. Алайда бұл мәселені тек эмпирикалық деңгей әдістерін қолдана отырып шешу мүмкін емес. Зерттеуші нақты ғылыми деректерден олардын теориялық қорытындыларына көшуі қажет. Сонда ғана оларды негіз деп санап, зерттеу мәселесінің теориясын құрсатырудағы дәлел ретінде педагогикалық ғылымға еңгізуге болады.

36.Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесімен танысу дегеніміз не?

Мұғалімдердің, жаңашыл педагогтардың тәжірибесін зерттеу өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеумен байланысты.Тәжірибе дегеніміз педагогтің ұзақ жылдар бойындағы практикалық-педагогикалық іс-әрекет нәтижесінде жинастырған шеберлігі, ол практик-мұғалімнің тәжірибелігі.Практика ұғымының мәні кең, өйткені онда мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының озат, мазмұны тар тіпті теріс тәжірибесі жиналуы мүмкін.Басқа адамның педагогикалық тәжірибесін толық зерттеу оңай шаруа емес.Мұғалімнің баяндамалары, ғылыми мақалалары, әдістемелік жұмыстары, көрнекілік құралдары, компьютердегі педагогикалық тәжірибе мағлұматарын зерттеу, сабақтарға, педагогикалық оқуларға, сыныптан тыс шараларға қатысу, сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме оны зерттеудің көзі болып табылады.Мұғалімдердің озат педагогикалық тәжірибесін зерттеу керек, бірақ оны оқушылармен жұмыс кезінде орынсыз қолдануға болмайды.

37.Сұхбатқа қойылатын талаптар?

Сұхбат әдісі – қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тәсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Әңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға әлеуметтану саласынан – интервью алу. Бұл әдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.

38.Озат педагогикалық тәжірибе деп нені атаймыз?

Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада педагогикалық тәжірибе – мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибиесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі бір принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.

39.Озат педагогикалық тәжірибеге қойылатын талаптар?

Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.

Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық «өнім» - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелігінің деңгейі.

Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:

- оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;

- өз беттерімен білім ала білуі;

- білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;

- оқушылардың жалпы дамуы.

Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс - әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс - әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез – құлқынан, жүріс – тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі – оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қоысмша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.

Жаңалық – озат тәжірибенің төртінші белгісі.

40.Инновация ұғымы мен түрлері.

Инновация – педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатқа жету.

Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы: 20 – жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды.

70 – 80 жылдары Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық іс – тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының тарапынан үлкен қолдауға ие болды.

Инновациялық мектептердің мақсаты – жеке тұлғаны жан – жақты дамыту.

Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:

- білім мазмұнындағы инновация;

- оқу – тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;

- оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;

- мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: