Психодрама техникалары 1 страница

А) Монолог-кейіпкердің өз ойы мен сезімін аудиторияға және өзіне жеткізуге арнаған сөзі.Монолог арқылы сөз сөйлеуші өзінің әсерленген қайғы-қасіретіне басқалардың көзімен қарап өзінің сахналық кейіпкеріне қатынасушылардың әсерленгенін зерттеуге мүмкіндік береді.Монолог әдістемесі айқын байқалатын және бүркемелі сезімдер арасындағы қайшылықтарды зерттеуде ерекше мүмкіндік туғызады.

Б) Ұқсас,немесе екінші Мен-талданып жатқан адамның орнын басуға дайын қатысушы.Егер бас кейіпкер өз әрекетін одан әрі жалғастыра алмай қалса,оған ұқсас болған қатысушы жәрдемге келеді.Кей кезде психодрама барысында «ұқсас» негізгі кейіпкердің «ішкі дауысының» рөлін атқарып,оның құпия сезімдері мен ойларын басқаларға жеткізеді.Бұл жағдайда өз ойын дәлірек жеткізу өте маңызды,сонымен қатар «»қосалқы Мен» жағдайды өзінше қалай түсінгенін және оған көзқарасын білдіреді.

Г) бейнелеу-рөлдерін алмастыру әдістемесімен тығыз байланысты.Режиссер бас кейіпкерді «кейінгі қатарға»уақытша ауысып,оның рөлін ұқсас дублері орындағанын байқауды сұранады.Бейнелеу әдістемесі бас кейіпкерге оны басқалар қалай қабылдайтынын түсіну арқылы өзінің әлі пайдаланылмаған мүмкіндіктерін толық ашуға көмектеседі.

«Ұқсас пен монолог»жаттығуы

Қатысушылардың біреуі ортаға шығып сөз сөйлейді.Монологта өзінің ойлары,сезімдері,қайғы қасіреті туралы айтылады.Ол сөзбен сөйлеуші өзінің ішкі сезімін,толғанысын басқаларға жеткізуге арналған.Сондықтан ол алдын-ала даярланған емес,сол жердегі келген ойды білдіру тәсілі болғаны дұрыс.Сөз алған Адам бөлме ішінде әрі-бері жүріп,ол бөлмеде өзінен басқа ешкім жоқтай болып сезінгені дұрыс болады.

Бірнеше минуттан соң қатынасушылардың біреуі өз еркімен ортаға шығып,сөз сөйлеушінің артына тұрып,оның дене қалпы мен қимылын,мимкасын.қылықтарын толық қайталайды.Сөз сөйлеушіге ешқандай кедергі жасамастан тек вербальдық емес қылықтарды қайталау керек.Бірнеше минуттан кейін «көлеңке»рөлін басқа Адам орындайды.

 

Дене терапиясы

Дене терапиясына биоэнергетикаға негізделген жаттығулар жатады.Олардың ішінде М.Фельденкрайс әдісі,Ф.М.Александр әдісі, «құрылым одақтастығы», «алғашқы терапия»және басқа физикалық факторлар ықпалына ерекше көңіл аударатын топтық коррекция кеңінен пайдаланылады.Дене терапиясының негізгі түрлерінің барлығы В. Райх зерттеулеріне негізделген. Ол адамның қорғаныс функциялары бұлшық еттерінің ширығуы (бұлшық еттер сауыты) және тыныс алудың қиындалуы арқылы көрініс беретінін дәлелдеген.

Дене терапиясының негізгі ұғымдары: бұлшық еттер сауыты, тиянақтың мықты екенін сезіну (почва под ногами). Денедегі энергияның өз бетімен жүретін ағымына күнделікті тосқауыл қою адамның дене қалпына, жүріс-тұрысына, физикалық құрамына әсер етеді. Осы физикалық құбылыстар мен жеке тұлғаның мінез- құлқы құрылымы, тұлғалық типі тығыз байланыстылығы дәлелденген.

Дене терапиясы топтарында ағзадағы энергия ағымын тиімді жүргізуге ықпалы өте күшті тыныс алу жаттығулары кеңінен пайдаланылады. Лоуэн аркасы сияқты ерекше зорлануды талап ететін дене қалыптары мен өзінше сипаттағы қимыл-әрекеттер ерекше пайдаланылады. Бұлшық еттер сауытынан босауға және қарапайым сезімдерді реттеуге тыныс алу жаттығуларды, физикалық түйісу (уқалау) элементтері қолданылады.

Дене терапиясы көптеген топпен орындайтын дене жаттығуларынан тұрады да ол өте жиі пайдалынатын когнитивтік топтық әдістемелерді толықтырады.

Би терапиясы

Би терапиясының бастамасы шығармашылық биге негізделген. Дегенмен шығармашылық биде оның құрылымы нақты анықталған болса, би терапиясының айырмашылығы би қимылдарының реті сезімге байланысты өзі құрылады. Би терапиясының мақсаты – адамның өз денесін сезініп оған оң көзқарасын қалыптастыру, әлеуметтік қатынаста болу және топтық сезімге бөлендіру. Би қимылдары адамның өз денесімен ақыл-ойының, спонтандық қимыл мен парасаттың байланыстылығын көрсете отырып, сонымен қатар ол жеке тұлғаның кейбір ерекшеліктерін сипаттайтын мінездемесі болып табылады.

Топ жетекшісі бидегі серік, оқиғалар режиссері, қимыл-әрекеттер арқылы дамуды қамтамасыз ететін катализатор рөлін орындайды. Би жаттығулары құрылымдық жағынан тыныс алуға, босаңсуға, орнықтыруға, кеңістіктегі қимылды дұрыс басқаруға арналғандарын үйлесімді пайдаланады.

Бастапқы кезде би терапиясы тек қимыл-әрекеттері бұзылғандарға пайдаланған болса, қазіргі кезде оны дені сау адамдарды психологиялық жағынан жеңілдетуге, әлеуметтік ортаға тез икемделуін, топтық әрекеттен ләззаттануын қалыптастыруға кеңінен пайдаланады.

 

Өнер терапиясы

 

Фрейд тұжырымдамасы бойынша өнер туындылары (спонтандық сурет, сұңғат салу, мүсін жасау) адамның ішкі Менін білдірудің бір жолы болып табылады. Терапияның бұл түрі Фрейдтің санасыз әрекет теориясы мен Юнгтың әмбебап шартты белгілер туралы ойынан туындаған. Өнер терапиясы адамның ішкі қайшылықтары мен мазасыздануынан айырылу әдісі, психотерапевтикалық процестер катализаторы, зерттеу нәтижелерін психодиагностикалық мәліметтер алудың қосалқы тәсілі ретінде кеңінен пайдаланылады. Өнер терапиясын пайдалану мақсаты – сурет салу мен мүсін жасау арқылы зерттелінушінің өнерге деген ынтасы мен дарындылығын дамыту емес, оның қиялының көріністерін зерттеу.

Өнер терапиясы тобының жетекшісі қатысушылардың дербестігін, өз ассоциацияларын еркін бейнелеуін, еңбектерінің мәнділігін бағалауын мадақтап отырады. Бірқатар жаттығулар топтық суреттер, фрескалар жасауға бағытталған. Бұл жұмыстардың мәні нәтижесінің өнер талаптарына сай келгендігі емес, қатысушының шығармашылыққа ұмтылуында. Сондықтан топтағы әр адамның өздігінен шығармашылыққа ұмтылуы, өз өнерінің туындысын өз бетімен немесе өзгелердің көмегімен талдауы бірінші орынға қойылады.

Өнер терапиясының негізін құрушылар бұл әдісті тек клиникаларда пайдалануға ұсынғандықтан ауруларды емдеуде үлкен орынға ие болған, ал қазіргі кезде коррекциялық жұмыстарда кеңінен пайдаланылуымен байланысты өзінің психоаналитикалық негізінен алшақтап кетті.

 

Шеберлік тренингі

 

Мінез-құлыққа үйрету моделін жасаушылар оны зертханалық жағдайда, И.П.Павловтың шартты рефлекстер әдісі мен Б.Ф.Скиннердің оперенттық талаптарға байланыстыру қағидасына сүйенген. Алғашқы кезде мінез-құлық топтарында коррекциялық жұмыста жеке тұлғаның мінезін өңдеу әдістері ғана пайдаланылған, ал соңғы кездерде топтағы жеке адамның мінезін өңдеуге топтың потенциалды мүмкіндіктері кеңінен қолданылады.

Шеберлік тернингі тобы ұғымдары: бақылауға қадала көңіл аудару, тіршілікке қажетті ептілікті меңгертуге негізделген проблеманы шешу жолдарын табуға үйрету моделі. Бұл топтарда қарым-қатынастың жақсаруы мен оқытуды құрылымдықтар негізінде жүргізу мәселелеріне ерекше көңіл аударылып, қатысушылардың осы саладағы барлық жетістіктері міндетті түрде марапатталады. Сондықтан бұл топтағылар өз жетістіктерін өлшеп, оны бағалап отырады. Сенімділік тренингі тобындағылар өзінің сенімділігінің күшті және осал жақтарын бағалап, құқықтар тізімін пайдалана отырып өзіне сенімділіктің алты көрсеткіштерімен салыстыра талдайды. Сонымен қатар, өте шиеленіс жағдайлардан шығу жолын ролдік ойындар көмегімен табуға модель жасау, нұсқау беру, көмектесу әдістері пайдаланылады. Қатысушылардың мазасыздануын төмендету үшін босаңсу тренингтері, десенсибилазация (дене түршігуін болдырмау), когнитивтік қайта құру тәсілдері орын алады.

Тренинг соңында үй тапсырмасы анықталады. Ол күнделік толтыру, мінез-құлықтың жаңа үлгілерін пайдалану т.с.сболуы мүмкін.

Шеберлік тренингі топтары қазіргі кезде ата-аналар, олардың ұл-қыздары, келіндері, жаңадан тағайындалған басшылар өздерінің парыздарын, өмірлік функцияларын орындалуға шеберлігін қалыптастыруға қолданады. Осы тренингте пайдаланылатын әдістер көмегімен Адам өзінің салмағын, эмоциясын, жыныстық қатынасын қадағалауына болады. Мінез-құлыққа бағытталған топтардың басқалардан ұтымдылығы оның ағымдық бағалауды және зерттеу элементтерін пайдалануында. Бұл топтарға қатынасқандардың өзіне деген сенімінің артқаны, өзін бағалуының жоғарылағаны, еркіндік сезімінің нығаюы сөзсіз екенін жүргізген зерттеулер дәлелдеді.

 

«Мінез-құлық терапиясы»

 

«Мінез-құлық терапиясы» ұғымын 50-ші жылдардың аяғында бірінші болып бір-біріне тәуелсіз Арнольд Лазарус және Ганс Айзенк тәжірибеге ендірді.

1912 жылы В.М.Бехтерев истерияның конверсиондық (шартты) көрінісін(паралич, «соқыр», «керең» т.с.с.) емдеуге үйлесімді рефлекстер жүйесін қалыптастыруды ұсынды. Мысалы, «сал» болған аяқ-қолға индифференттік сәуле рефлексін немесе дыбыс тітіркендіргіші әсерін ауыртатын (электр тоғы) тітіркендіргіш әсерімен ұштастыру арқылы, истерия ауруына шалдыққан адамның «сал» болған аяқ-қолын жазуға болатындығын дәлелдеген. Бехтеревтің тұжырымдамасы бойынша индиференттік тітіркендіргіш әсеріне қалыптасқан рефлекс негізінде аурудың «сал» болған аяқ-қолын қозғалтуға мүмкіндік туса (ауыртатын тітіркендіргіштен сескенуге байланысты) ол адам параличтен қол үзеді. 1938 жылы АҚШ-тағы көрнекі физиолог және психолог Скиннердің «Поведение организмов» деген монографиясы басылымнан шықты. 1958 жылы Австрия психотерапевті Джозефа Вольпенің «Психотерапия рециптропным торможением» деген кітабы жарық көрді. Бұл еңбектер мінез-құлық терапиясының дамуына үлкен дем берді.

Вольпенің пікірінше невроздың негізгі себебі орынсыз мазасыздану және қорқыныш сезіміне бөлену. Өзінің осы тұжырымдамасына сүйене отырып Вольпе қазіргі кезде кең тараған «Мінез-құлық терапиясы» әдісін жасап шығарды. Бұл әдістің негізі тәсілі – ауруды жүйелі түрде десенсибилазациялау. Жабысқақ идеяларға және фобияға ұшыраған сырқатты Джекобсонның прогрессивтік релаксациясына үйретеді. Сонан соң, дәрігер пациентпен әңгімелесу барысында оның уайым-қайғысының түрін анықтап (жабық немесе ашық жерден қорқуы, жынданып кетемін деген уайымы, ескі заттардан қорқуы т.с.с.) алғаннан соң сырқаттың асқынуына себеп болатын жағдайлар мен заттардың аурудың психикасының жарақаттануына тигізетін әсерінің күшіне байланысты ретке келтірілген тізімін жасайды. Мысалы, пациент биіктіктен қорқады – гипсофобия. Осы көрсеткішке сене отырып психотерапевт сырқаттың ауруын асқындыратын барлық жағдайлар мен көріністердің тізімін ең әлсізінен бастап ең күшті әсер ететініне дейін «иерархиялық шкаласын» жасайды.

Бұл әдістеменің көптеген варианттары бар: слайд, арнайы аудио және видео таспалар, релаксацияны күшейтуге арналған дәрілер. «Фединг» (біртіндеп басылу, сөну) әдісі пайдаланғанда қиялға дем беру үшін ең бірінші фобия объектісін немесе жағдайын бейнелейтін слайдтар көрсетіледі де, артынша жұбататын, тыныштандыратын слайдтар көрсетіледі. Ал «иммерсия» әдістемесі пайдаланылғанда фобия объектілері релаксациямен ұштастырылмай көрсетіледі.

1928 жылы Данлоп парадоксалдық болжам жасаған. Бұл болжам бойынша жаман әдеттен құтылу үшін оны саналы түрде бірнеше рет қайталау керек. Кейіннен бұл әдіс негативтік әсер ету деп аталып кетті. Франкель осы әдісті негізге ала отырып «парадоксалдық интенция» (интенция - ниет) тәсілін жасады. Ауруға қолданылатын емдік шараның мәні түсіндіріледі, сонан соң оған өзі қорқатын нәрсені әзіл-сықақ түрінде істеген болып, өзін-өзі мазақтау ұсынылады. Мысалы, Франкель кардиофобияға шалдыққан адамға күнде кемінде үш рет жүрегі тоқтап қалғаннан дүние салғанын қайталауды ұсынған. Осы «ойын» барысында өзіне «өлгім келеді», деп қайта-қайта айтып, сол сөздерімен өлу үшін көшеге шығып кетуді талап еткен. Басқа фобиясы барларға осы жаттығудың варианттарын ұсынған.

Мінез-құлық терапиясы арсеналында тәжірибеде кеңінен пайдалануға болатын бағалы әдістер мол. Мысалы: әлеуметтік тренинг, модельдеу, өз-өзіне сенімді нығайту т.б.

 

 

Арттерапия

 

Арттерапия – (art. - өнер, artterapy - өнер арқылы терапия жүргізу) адамның психоэмоцианалды халіне шығармашылық арқылы әсер ету және емдеу мағынасын білдіреді.

«Арттерапия» - көбіне ағылшан тілді халықтар қоныстанған елдерде кеңінен тараған. Арттерапия өнерге, бірінші орында шығармашылық пен өзіндік өнерін көрсетуге негізделген психотерапияның мамандандырылған бөлімі.

Алғаш бұл термин 1938 жылы Адриан Химед туберкулез ауруына шалдыққандар саноториясында емделушілердің көңіл-күйлерін көтеру жұмысында қолданылады. Кейіннен бұл термин өнерге қатысты барлық терапияның салаларында (музыкалық терапия, драмалық терапия және т.б.) қолданыла бастады. Бірақ көптеген мамандар мұндай анықтамалар өте кең әрі нақты емес деп санайды. Тарихқа сүйенсек, арттерапия мамандары ұзақ уақыт психиатрлар мен психотерапевтердің көмекшісі болған, олар пациенттің салған суреттерін сырқаттың диагнозын дәлірек анықтауға немесе ем жүргізуге көмектесетін қосалқы әдіс ретінде пайдаланған. Біртіндеп арттерапевттер ешкімге тәуелсіз маман статусын иемденді.

1969 жылы тәжірибеленуші арттерапевттерді біріктірген американдық арттерапия ассоциациясы құрылды. Осы сияқты ассоциациялар кейіннен Ұлыбритания, Голландия, Жапония, Ресей елдерінде пайда болды. Бұл ұйымдар қазіргі кездегі психотерапияда өнер мен шығармашылықты қолдану үлкен сұранысқа ие болғанын және оны пайдалану жолдарын анықтау қажеттілігі туғанын дәлелдеді. Арттерапияға қатынасушыларға шығармашылық сипаттағы әр түрлі жұмыстар (сурет, сұңғат, графика, сәулет өнері, кескіндеме, мүсін, дизайн, әрлендіру, пластика, ойма, күйдірме, бедер салу, әшекей, маркетри т.б.) ұсынылады. Өнер мен шығармашылықтың адамның жан-дүниесіне әсері, біріншіден психотерапевтпен қарым-қатынас жасау белсенділігін қамтамасыз етеді, екіншіден қатынасушы топта өзінің уайым-қайғысын толық әрі нақты бейнелеуіне мүмкіндік туады, үшіншіден, ішкі қайшылықтарын өнер арқылы шығарады, төртіншіден ол өзін шығармашылық адамы ретінде қабылдайды.

Дәл қазіргі уақытта арттерапияға – видео-арттерапия, инсталяция, перферманс, компьютерлік шығармашылық деген түрлері қосылған. Мұндағы қарым-қатынаста визуалды канал негізгі рөл атқарады.

Арттерапия фактілі материалдардың жеткілігіне қарамастан теориялық жағынан әлі эмпирикалық қорытындылау сатысында тұр. Арттерапияның емдік қасиеті туралы теория әлі қалыптасқан жоқ.

Арттерапия түрлері

Кратохвил арттерапияны – сублимациялы, проективті және әрекетшіл деп бөлген.

Дельфина-Бейли арттерапияны қолдануда 4 негізгі бағытты бөліп көрсетеді:

Енжар арттерапия. Дайын өнер туындыларын пациентпен талдау және интерпритация жасау арқылы оның емдік әсерін қолдану.

Белсенді арттерапия. Клиенттің өзіндік шығармашылығын ояту арқылы оның емдік әсерін қолдану. Шығармашылық актінің өзі негізінде емдік фактор болып саналады.

Бірінші және екінші қағидаларды бір мезгілде қолдану.

Психотерапевттің өзіндік рөлін, оның клиентпен қосылып істеген шығармашылық жұмысын қабылдау және талдаудағы қарым-қатынасына мән беру.

 

Арттерапия әдісі – сурет салғанда, өлең жазғанда, скульптура жасағанда, ойланбай істесе де адамның ішкі өзіндік «Менін» көрсетіп отырады деген сенімді тұжырымдайды. Гольштейннің пікірінше, шығармашылық адамның шытырман жағдайдан туындаған қорқыныш сезімдерінен арылудың бірден-бір тиімді жолы. Шығармашыл адамдар өз күш-жігерлерін ішкі және сыртқы қайшылықтарды, сонымен қатар шытырман жағдайларды жеңуге жұмсайды.

 

Арттерапияның мәні

Арттерапия – агрессивті көңіл-күйден және негативті әсер етуші сезімдерден босануға жол ашады.

Емделу процестерін жеңілдетеді. Өзі сезбейтін кедергілерді вербальды түрде айтуға қарағанда, сурет арқылы ашып салу оңайырақ болады.

Диагностикалық қорытынды мен интерпритация жасауға қажетті материал алуға болады. Жинақталған фактілерді зерттелінуші оның ақиқатта болған нәрсе екенін жасыра алмайды. Шығармашылықтың жемісі ұзақ өмірлік нәтиже болып келеді. Шығармашылықтың стилі мен мазмұны терапевтке пациент жөнінде қосымша ақпарат береді.

Пациенттің жасырып қалайын деген ойлары мен сезімдерін ашып көрсетеді.

Іштей бақылау сезімдерін дамыту. Суретпен немесе скульптурамен жүргізілген жұмыс түстер мен формаларды бірыңғай қалыпта қолдануға көмек береді.

Шығармашылық қабілетін дамытады және өз-өзін бағалауды жоғарылатады. Арттерапияның ең негізгі мәні – ол адамның өзі білмеген, өзінен құпияда сақталған дарындылықтарын жарыққа шығарып, оны дамытуға қанағаттанушылық сезімін оятады.

Балалармен арттерапия жүргізгенде суреттің берер көмегі өте зор.

Суреттің алдына қойған мақсаты – балаға өзін тани білуіне көмектесу және бұл өмірде өзінің бір жеке тіршілік иесі екендігіне көзін жеткізу. Сурет – адамның анық көрінісі, ол адамның қорқыныш сезімдерін конфликтілі жағдайларын, арман-тілектерін санасыз бейнелейтін алғашқы бастама болып табылады.

Арттерапияның функциялары:

арттерапияның тазартушы функциясы (негативті әсер етуші хал-жағдайлардан босату).

арттерапияның реттеу функциясы (жүйке-жүйесін жеңілдету, психикалық қысымдарды төмендету, психиосоматикалық процестерді реттеу,позитивті хал—ахуалдарды модельдеуге көмектесу).

Арттерапияның комуникативті рефлексивті функциясы(қарым-қатынасқа түсудің бұзылысын коррекциялау,өзін-өзі бағалауын қалыпқа келтіру).

Нейролингвистикалық Бағдарламалау

Нейролингвистикалық Бағдарламалау(НЛБ) негізін салушы АҚШ ғалымы Джон Гриндер және оның шәкірттерінің бірі Ричард Бендлер.

НЛБ алғаш модельде деп аталды да оның негізгі мақсаты адамдардың ойлары қалай қимыл әрекетке айналатынын түсіндіруге бағытталған тәсілдер,сонымен қатар Нейро-физологиялық және сөздік-лингвистикалық бағдарламалау алгоритмін немесе моделін табу деген мағынаны береді.Американдық психотерапевттер НЛБ ны алғашқы кезде іс-әрекетті арнайы модельдерге бөлуге және модельдеу техникасының формалары ретінде қолданды.Ал НЛБ-ның даму тарихына жүгенсек оның элементтерін Аристотельден бастап Уолд Диснейге дейін кеңінен пайдаланған.

НЛБ ның қазіргі кезде төрт негізгі бағыты бар,сондықтан анықтамасы негізгі ұстанымына байланысты беріліп жүр.

1.НЛБ- психокоррециялық техникалар жиынтығы.Олардың ішінде кең тарағандары «Де-факто», «НЛБ-практик», «НЛБ-мастер», «НЛБ-бизнес» бағдарламалары психокоррекциялау дамыту техникалары ретінде кеңінен пайдаланып жүр.

2. НЛБ –ол манипулациялық тәсілдер жиынтығы.Бұл қысқа мерзімде терең мәнді психокорекциялық әсер ететін техникалар мен айла-амалдар.Оның стратегиясында қарым-қатынасқа теріс сипаттағы әсері бар тәсілдер пайданылады,олар клиенттерді терең иланушылыққа бөлендіріп,тәуелсіз болып қалуға алып келеді.Сондықтан бұл бағыт көптеген қосымша мәселелер туғызады,ұйымдастырушылардың өздері де манипуляциялық әсерге бөленуден қорқады.

3. НЛБ-когнитивті психологиялық бағыт. Адамдардың когнативті стратегияларының моделін пайдалана отырып,түрлі аймақтарда жетістіктерге жете білу.

4. НЛБ-әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық технология ретінде.Топтың дамуындағы ішкі және сыртқы мәнді жетістіктерге көтерілуі,топ ішіндегі ұзақ мерзімдік қатынастың қалыптасуы.Психокоррекцияда НЛБ осы мәнде кеңнен пайдалынады.

Оның мақсаты:

А)ішкі және сыртқы коммуникацияның мәнділігі туралы ойларды көтеру;

Б) келісім шартқа отырарда коммуникациялық дағдыларды қалыптастыру

В) жеке коммуникациялық дағдыларды дамыту.

Нейролингвистикалық бағдарламалау-математика пәніне жақын келеді.Математика тілі модель жасауға ыңғайлы,сондықтанда осындай тілді меңгерген адамдарға НЛБ-ны түсіну оңайырақ болады. НЛБ-бірыңғай жүйе ретінде комуникация түрлерін білдіреді(маркетингтік,психологиялық,педагогикалық т.б.)Сыртқы коммуникация ұғымдары-менджмент,бизнес құрылымындағы келіссөз жүргізу,жарнама ұйымдастыру,сату т.б. терминдер,ал ішкі коммуникацияда-басқару тактикасы мен стратегиясы.Кез-келген мекемедегі өзара қатынас дамуы ішкі және сыртқы коммуникацияға тәуелді.

НЛБ-ақпарат беру моделі ретінде.Адам қоршаған ортаны сезім мүшелері көмегімен қабылдайды(көру,есту,сипап сезу,дәм,иіс)Осы сезім мүшелеріне бір мезгілде екі миллиондай ақпараттар бірлігі әсерін тигізеді,солардың ішінен қайсысы құнды,ал қайсысы құнсыз екені талданып,қабылдау елігінен тек қана маңыздылары өткізіледі.Олар ішкі нейро –картада дыбыс,иіс және дәм ретінде белгіленеді.Ішкі карта және физиология адамның «өмір сүруінің жағдайын» құрастырады,ақыл-ой және көңіл-күй деңгейлері,адамның жалпы жағдайы туралы хабардар етеді.Ол жағдайлар мінез құлық арқылы сыртқы көрініс береді.Мінез құлықтың икемділігін көтеру үшін алдымен ақыл-ой және дене жағдайын түсініп,оны басқара білу керек.

Коммуникация барысында саналы және бейсаналы жағдайда сенімге ену орын алады.Сенімге ену әрекеті қандай болатынын болжамдауға болады.Оның әрекеті қаншалықты алдын ала жасаған болжамға сәйкес болса,соншалықты оның сенімге енгенінің көрсеткіші болып табылады.Саналы сенімге ену ол адамды алдын-ала білуді қажет етпейді,қарым-қатынасқа түсушілердің бір-біріне ұқсастығы және ішкі әлемдерінің үйлесілімдігі сенімділікке кепіл болады,Американдық психологтардың зерттеуі бойынша вербальды қарым-қатынас барысындағы адамдардың бір-біріне тигізетін әсеріндегі сөздік ақпараттың алатын орны 1/6 (оның ішінде сөз әсері 17 пайызды.ал дауыс әсері 38 пайызды құрайды),ал денелік,сөздік емес тіл(интонация,екпін,тыныс алу,мимика,пантомимика) 5/6 немесе 55 пайызды құрайды.Қарым-қатынас барысында көптеген адам ескермейтін мәліметтер үлкен орын алатындығы сөзсіз.Кішкентайынан балаларды үлкеннің сөзін бөлмей тыңдауға үйретудің мәні сол адамды қабылдауға үйрету болып табылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: