Максимальді балл – 20

АКАДЕМИЯСЫ

 

Акушерия және гинекология курсымен алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем кафедрасы

 

 

«Бекітемін»

Оқу-әдістемелік және

тәрбие ісі жөніндегі

проректор М.Ұ. Анартаева

_______________________

«____» ____________2013 ж.

 

 

2013-2014 оқу жылындағы «Амбулаторлық-емханалық терапия» элективті пәні бойынша дәрігер-интерн - терапевттерге арналған науқаспен жүргізілетін клиникалық емтиханды жүргізу әдістері

Әдістемелік нұсқау

 

Шымкент, 2013 ж.

Әдістемелік нұсқау «Акушерия және гинекология курсымен алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем» кафедрасының мәжілісінде талқыланды және мақұлданды

 

Хаттама № ____ «____» _______2013 ж.

 

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент _____________ Югай Н.В.

 

Әдістемелік нұсқау клиникалық пәндердің жүйелік әдістемелік комиссиясында талқыланды және мақұлданды

 

Хаттама № ____ «____» _______2013 ж.

 

ЖӘК төрайымы м.ғ.к., доцент _______________ Тұртаева А.Е.

 

Әдістемелік нұсқау факультеттер кеңесінде талқыланды және мақұлданды

 

Хаттама № ____ «____» _______2013 ж.

 

Факультеттер кеңесінің төрағасы м.ғ.д., профессор ____________ Қарабеков А.Қ.

 

Әдістемелік нұсқау ОҚМФА әдістемелік кеңесінде бекітілді

 

Хаттама № ____ «____» _______2013 ж.

 

 

«Амбулаторлық-емханалық терапия» элективті пәні бойынша дәрігер-интерн - терапевттерге арналған науқаспен жүргізілетін клиникалық емтиханға арналған дағдылар тізімі

Компетенциялар аталуы Жалпы балл Өтпелі балл Уақыты
  Дәрігер - интерн – терапевттерінің науқастың шағымдары мен анамнезін жинаудағы коммуникативті және клиникалық дағдылары     10 мин
  Дәрігер - интерн – терапевттерінің науқасты физикалді тексеру әдісін жүргізуі       15 мин
  Дәрігер - интерн – терапевттерінің науқасты диагностикалау алгоритмін және зерттеу жоспарын дұрыс құруы және зертханалық - аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдауы     10 мин
  Дәрігер - интерн – терапевттерінің ажыратпалы диагностика жүргізуі және диагнозды негіздеп дұрыс құрастыруы     10 мин
  Дәрігер - интерн – терапевттерінің емдеу, диспансеризациялау, алдын алу жоспарын құрастыруы, еңбекке жарамсыздығын дұрыс анықтауы     10 мин
Барлығы     55 мин
           

Ескерту:

Жалпы балл – 100

Өтпелі балл – 50

90 – 100 балл – өте жақсы

75 – 89 балл – жақсы

50 – 74 балл – қанағаттанарлық

0 – 49 балл - қанағаттанарлықсыз

Өтпелі балдан төмен балл алған жағдайда, емтихан нәтижесіз деп саналады.

№1 – Дәрігер-интерн - терапевттердің науқастың шағымдары мен анамнезін жинаудағы коммуникативті және клиникалық дағдыларын бағалау

Максимальді балл – 20

Максимальды уақыт – 10 минут

Қадамдық әрекеттер Баллдар
  Екі жақты амандасқан соң науқастың қасына отырып, атын, тегін, жасын, мамандығын, жұмыс орнын сұрады. 1,0 0,5  
  Мына сұрақты қойды: Сіз неге шағымданасыз? Жауап алған соң аталған симптомдардың күшеюі мен пайда болу шарттарын анықтады. Симптомдардың пайда болу уақытын және басылуын нақтылады. Білікті сұрастыру арқылы аурудың жетекші синдромын анықтады. 4,0 2,0  
  Ауру анамнезінде оның ұзақтығын, басталуын, пайда болуын анықтады. Хронологиялық реттілікпен аурудың ағымын, қайта- лануын, олардың ұзақтығын, алған емін және емнің нәтижелілігін сұрап білді. Соңғы жағдайының нашарлауына алып келген себептерді нақтылады. 4,0 2,0  
  Емтихан тапсырушы өмір анамнезінде өмір сүру шарттары мен балалық шақта дамуын, сонымен қатар такт сақтай отырып қазіргі кездегі өмір сүруінің әлеуметтік - экономикалық жағдайын анықтады. Хронологиялық реттілікпен болып өткен ауруларын анықтады. Науқастың жақын туыстарының денсаулығын сұрап, туберкулез, вирусты гепатитпен ауыратын науқастармен қарым-қатынаста болғандығын анықтады. 2,0 1,0  
  Жанұялық жағдайын нақтылады (үйленген, тұрмыс құрған), жұбайының денсаулығын, балаларының санын және олардың денсаулығын. Егер науқас әйел болса, онда алғашқы етеккір басталуын, оның тұрақтануын, сипатын (аз мөлшерде, бір қалыпты, көп мөлшерде, ауырсынумен), неше жүктілік болды соның ішінде нешесі босанумен аяқталды. Жүктіліктің ағымы, жасанды, өздігінен, асқынған түсіктер. Климакс, ағымы. 2,0 1,0  
  Өмір сүру ерекшеліктерін анықтады. Қазіргі кезде және бұрынғы шылым шегуі мен алкоголь қолдануы туралы сұрастырды. 1,0 0,5  
  Сұрастыруды психологиялық сенімділік атмосферасында жүргізді. Науқаспен оптимальді қарым қатынасқа вербальді (сөздік) және вербальді емес (мимика, қимыл, дауыс интонациясы) коммуникация әдістерін қолданды. 2,0 1,0  
  Коммуникативті дағдыларды толық игерді. 4,0 2,0  
Қорытынды      

№2 - Дәрігер-интерн - терапевттердің науқастың физикалды тексеру әдістері бойынша клиникалық дағдыларын бағалау


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: