Компания 6 страница

Ерте дәуірлерде адам баласы Терістік Италия мемлекетінде жер қойнауын жарып шығып, қайнар болып ағып жатқан мұнайды тастан жасалған ыдыстарға құйып, қараңғы мезгілдерде жарық ретінде пайдалана білген.

Плутарх «Александрдың өмірі туралы» шығармасында мәңгі бақи лаулап жанып тұратын көгілдір жалын туралы әсірелеп жазған.

Византия мемлекетінің жауынгерлері өздерінің дұшпандарына қарсы соғыстарда тарқатылған кендірді (пакля) ағаш басына орап, оны мұнайға малып алып тұтатып, жау кемелеріне лақтыру арқылы жеңіске жетіп отырған. Бұл оқиға “Грек оты” деген атпен қалды.

Француздар Пенсильванияның терістік батыс жағын жаулап алғаннан кейін жергілікті халықтардың мұнайды дәрі-дәрмек есебінде пайдаланатынын сезіп, сол кездегі ағаш пен шегенделген тайыз құдықтардың мұнайын өз еліне тасыған.

Түстік Америкадағы Тринидад аралында да көптеген мұнай және газ көздері анықталған.

Сондай-ақ, мұнай және газ бұлақтары Кубань облысы мен Тамань түбегінде де кездескен. Жер қабаттарын өз күшімен жарып шыққандай зор күшпен лаулап жанған газ көздері Түрікменстан, Қазақстан, Шығыс Мексика, Қытай, т.б. көптеген елдерде болғандығы тарихтан мәлім.

104-тапсырма. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған «қара май, құдірет күші, көгілдір отын» тіркестерін түсіндіріп беріңіздер.

105-тапсырма. Сөйлемдерді жазып, мәліметтерді есте сақтаңыздар.

1539 жылы мұнай тұңғыш рет Америка құрылығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың тізіміне кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болған.

1899 жылдың қараша айында Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Қарашүңгіл алаңындағы № 7 ұңғыдан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тоннадан өнім берді. Бұл бүгіндері дүние жүзіне мәлім болған Қазақстан мұнайының алғашқы тамшылары еді. Бір ғасырлық тамаша тарих, міне, осыдан бастау алады. Қазір "Қара алтын" деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол тарихы бар.

106-тапсырма. Сөйлемдерден алған мәліметтеріңіз жайлы ой бөлісіңіздер.

Мұнай көмірсутектер қоспасы бар жанатын майлы сұйықтық. Түсі қызыл-қоңыр, кейде қара немесе әлсіз жасыл-сары, кейде түссіз түрі де кездеседі. Өзіндік иісі бар жердің тұнбалық қабатында орналасатын пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.

Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі.

107-тапсырма. Сөздер және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

 
 


108-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын әр түрлі мысалдармен достарыңызға түсіндіріңіздер. Сөйлемдер құрастырыңыздар.

Кенорындары, мұнай алаңдары, барлау жұмыстары, игеру жобалары, кешенді ұйымдастыру, мұнай-газ кеніштері, негізгі қор.

109-тапсырма. Мәтіннен түсінгендеріңізді сұрақтарға жауап бере отырып, пысықтаңыздар.

1.Мұнай сөзі қалай пайда болған? 2. Алғашқы кездерде адам баласы жұмбақ құбылыстарды қалай ашқан? 3. Ерте дәуірлерде мұнайды, газды қалай және не үшін пайдаланған? 4. Кендірден не істеген? 5. Жауға қарсы қолданған әрекеттерін қалай атаған? 6. Француздар мұнайды не үшін пайдаланған? 7. Италияда ертеде жарықты қалай жасаған?

Мұнайшы мен бұрғылаушы инженер мамандар туралы мәліметті оқып, есте сақтаңыздар.

Мұнайшы-инженер кім?

Жалпы бұрғылау стратегиясы үшін, сондай-ақ кенорындарында мұнай мен газды өндіруге жауапты адам.

Инженер, отвечающий за общую стратегию нефтяного и газового бурения, а также за добычу нефти и газа на данном месторождении.

Бұрғылаушы-инженер не істейді?

Шеген құбырларын жобалаушы және ұңғыманың бұрғылау бағдарламасы үшін жауапты адам.

Инженер, проектирующий обсадные трубы и отвечающий за программу бурения скважины.

Әдістемелік ұсыныс: Мұнайдың пайда болуынан хабардар болып, топ болып жоспар құрып, өзекті мәселе тақырыбында пікір таластыру.

Әдебиет: Нег.: 5 [7-10]; 4[5-28 ]

Бақылау сұрақтары:

1. Адамдар жұмбақ құбылыстарды қалай ашқан?

2. Ертеде мұнайды, газды не үшін пайдаланған?

3. Кендірден не істеген?

6-апта. 17-тәжірибелік сабақ

110-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мұнай өнеркәсібінің дамуын қалай түсінгендеріңіз жөнінде мазмұндаңыздар.

Қазақстандағы мұнай

өнеркәсібінің дамуы мен зерттелуі

Атырау өңіріндегі Жайық пен Жем аралығында көлкіген мұнай кені бар екені ерте заманнан-ақ белгілі болған. Тіпті сол кездің өзінде-ақ жергілікті көшпенді қазақтар жер бетіне шығып жатқан қимайды (мұнайды) сүзіп алып, түйенің немесе адамның теңге қотырын емдеуге қолданған. Бірақ қазақтар бұл үлкен қазынаның жер бетіне шығып жатқан шеті ғана екенін білген жоқ.

1899 жылдың қараша айында Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Қарашүңгіл алаңындағы №7 скважинадан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тоннадай өнім берді. Бұл бүгінде дүние жүзіне мәлім болған Қазақстан мұнайының алғашқы тамшылары еді.

Қарашүңгіл мұнай фонтаны Ресей және шетел кәсіпкерлерін дүр сілкіндіріп, Ембі-Каспий аймағында мұнай қорын іздестіру жұмыстарын кең көлемде жүргізуге мәжбүр етті.

Қарашүңгіл мен Доссор мұнай фонтанынан кейін Қазақстан мұнай өндірісінің тарихы басталды.

Мұнайдың пайда болуы туралы бірнеше теориялар (болжамдар- гипотезалар) бар. Бұл болжамдар екі топқа бөлінеді: органикалық және анорганикалық болжамдар гипотезалар.

Органикалық теория – мұнайдың жәндіктер мен өсімдіктердің және аралас өсімдік пен жәндіктердің қалдығынан пайда болуының мүмкіндігін дәлелдейді. Ал, анорганикалық теорияда мұнайдың жаратылуы карбид теориясы, жаңартау теориясы, космос т.б. теориялар арқылы дәлелденді.

Мұнайдың пайда болуын органикалық теория бойынша дәлелдегендердің бірі М. В. Ломоносов. Ол алғашқы рет 1763 жылы мұнайдың жер қойнауында жиналған өсімдіктердің жоғарғы қысым әрі температура арқылы көмірленіп, өзгерген қалдықтарынан түзілу мүмкіндігін атап көрсетті. Бірақ мұнай жөнінде нақтылы ынта-ықылас қойылған кез XІX ғасырдың екінші жартысы. Осы мезгілде Л. Лекер мұнайды балдырдың шіруімен байланыстырды. Ал, К. Энглер мен Г. Гефер мұнайдың пайда болуын терең білу үшін теңіз жануарларының майын алғызды. Кейінгі кездерде органикалық теорияны қолдағандар – А. Д. Архангельский, И.М. Губкин, В.В. Вебер, Н.Б. Воссаевич, П. Смит болды. Мұнай туралы органикалық теория осылай орныға бастады.

111-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Ертеде қазақтар мұнайды не үшін пайдаланған? 2. Ғалымдар қандай тұжырым жасады? 3. Алғаш мұнай қай жылы алынды? 4. Шетел кәсіпкерлері мұнайды қай аймақтан іздеді? 5. Мұнайдың пайда болуы туралы болжамдар қалай аталады? 6. Қай жылы қай ғалым дәлелдеп көрсетті? 7. Органикалық теорияны қолдап, іске асырған ғалымдарды атаңыздар?

112-тапсырма. Мәтінде кездесетін кейбір ұғымдардың анықтамасын тауып, дәптерлеріңізге жазыңыздар.

кәсіпкер -------------------------------

байлық --------------------------------

тұжырым -----------------------------

өңір ------------------------------------

мұнай фонтаны ----------------------

аймақ ----------------------------------

мұнай қоры ---------------------------

өндіріс ---------------------------------

халық игілігі --------------------------

113-тапсырма. Қазақстан мұнайы жайында достарыңызбен әңгімелесіңіздер.

114-тапсырма. Берілген сөздер және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

 
 


115-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс орналастырыңыздар.

1. Тәулігіне, фонтаны, өнім берді, алаңындағы, мұнай, 20 тонна.

2. Мәлім болған, алғашқы тамшылары, Қазақстан мұнайының, дүние

жүзіне, бұл.

3. Дүр сілкіндірді, Ресей, шетел кәсіпкерлерін, Қарашүңгіл мұнай

фонтаны.

4. Тарихы басталды, мұнай, өндірісінің, Қазақстан.

5. болуын, терең, теңіз, алғызды, Мұнайдың, пайда, білу үшін,

жануарларының, майын

116-тапсырма. Тиісті сөздерді қойып, жазыңыздар.

1.Мұнай – көмірсутектер... болатын, жанатын майлы сұйықтық. Оның қызыл-қоңыр, кейде... түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті... түрі де кездеседі. Өзіндік иісі бар... қабатта орналасатын... қазбалардың ең маңызды түрі. Негізінен алғанда көмірсутектерінен тұратын бұл заттар... үйірімдер шоғыры метанды, нафтенді және хош иісті... түрінде жекеленеді. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты... қосындылары да кездеседі. Мұнай... халық игілігі... қызмет етуі тиіс. Ембі-Каспий... мұнай қорын... жұмыстары... бастады.... халықтың... шөбі жоқ.

 
 


117-тапсырма. Мұнай-газ саласындағы түсіндірме сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.

1. Мұнайлы кеніш (нефтяное месторождение) – Бір немесе бірнеше мұнай шоғырларынан тұратын кеніш.

2. Мұнайлы-газды кеніш (нефтегазовое месторождение) – Газдың жиынтық қоры мұнайдың геологиялық қорынан артығырақ болып келетін кеніш.

3. Қалдық мұнай (нефть остаточная) – Мұнайлы қойнауқаттан бүкіл мүмкін болған әдістер көмегімен мұнай қорын өндіріп алғаннан кейін де сол қойнауқат көлемінде қалып қоятын мұнай массасы.

Әдістемелік ұсыныс: Мұнай өнеркәсібінің дамуы мен зерттелуінен алған мәліметтерді толықтырып, баяндауға дағдыландыру.

Әдебиет: Нег.: 5[10-15]; 4[10-15]

Бақылау сұрақтары:

1. Ертеде қазақтар мұнайды не үшін қолданған?

2. Мұнайдың пайда болуы туралы болжамдар қандай?

3. Органикалық теория бойынша дәлелдеген кім?

6-апта. 18-тәжірибелік сабақ

118-тапсырма. Мәтіннен алған мәліметтеріңіздің мағынасын меңгеріп, мұнай мен газдың халық шаруашылығындағы маңызын мазмұндаңыздар.

Мұнай мен газдың халық шаруашылығындағы

маңызы

Мұнайдың шаруашылықтағы маңызын халық ерте кездерден-ақ жоғары бағалаған. Оны «жер майы», «асыл май», «тау майы» деп құрметпен атаған.

Қазіргі дәуірде мұнайды және одан алынатын әртүрлі құнды өнімдерді қолданбайтын өндіріс немесе ауыл шаруашылық салалары кемде-кем.

Мұнайдан алынатын өнімдер мыналар: жанар май (отын); мұнай майлары; парафиндер, церезиндер, вазелиндер; мұнай битумдары; жарықтандырғыш керосиндер; еріткіштер; басқа мұнай өнімдері (кокс, күйе консистентті майлайтын майлар, мұнай қышқылдары және т.б.).

Бензин, керосин, т.с.с. сан-алуан түрлі жанар және жағар майлардың мұнай айыру зауыттарында жоғары температурада қыздыру, т.б. әдістер арқылы алынатыны бәрімізге мәлім. Бұл өнімдер болмаған жағдайда жер үстінде жүретін, суда жүзетін, ауада ұшатын сан алуан механизмдер мен машиналардың қозғалысы не болмаса, космос корабльдерінің ғарышқа самғауы мүмкін емес еді.

Мұнай- қуатты және арзан отындардың қатарына жатады. Тас көмірмен салыстырғанда оның қызуы әлдеқайда артық.

Сондай-ақ, мұнай тектес газдың де қуаты күшті. Газ күлінен резина, машиналардың дөңгелектері, пластмасса т.б. көптеген өмірге керек заттар шығарылады.

Мұнай тектес газдардан алынатын шайырлардан пластикалық масса, жасанды дәрі-дәрмектер, фотография пленкалары және қысымға шыдамды сынбайтын әйнектер,т.б. жасалады.

Медицинада аурулардың кейбір түрін емдейтін құнды әрі қымбат дәрі-дәрмектер осы мұнайдан бөлініп шығарылған «ақ майдан» жасалады.

Мұнай мен газдан алынатын сан түрлі химиялық, т.б. заттардың шегіне адам баласы әлі де болса жете қойды деп айтуға болмайды, оның шегі жоқ екені шындық. ғылым мен техниканың бұдан былай да дами түсуіне байланысты мұнай мен газдан алынатын пайдалы заттардың саны да арта беретіні сөзсіз.

119-тапсырма. Мұнай мен газдың халық шаруашылығындағы маңызы жөнінде топ болып әңгімелесіңіздер.

120-тапсырма. Мәтіннен мамандыққа қатысты сөздерді теріп жазып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

121-тапсырма. Мәтінде кездесетін сөздердің мәнін түсіндіріңіздер. «Құнды, кемде-кем, мәлім, самғау, тектес, шегіне жету»

122-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, мағынасын меңгеріңіздер.

Бензин, керосин, т.с.с. сан-алуан түрлі жанар және жағар майлардың мұнай айыру зауыттарында жоғары температурада қыздыру, т.б. әдістер арқылы алынатыны бәрімізге мәлім. Бұл өнімдер болмаған жағдайда жер үстінде жүретін, суда жүзетін, ауада ұшатын сан-алуан механизмдер мен машиналардың қозғалысы не болмаса, космос корабльдерінің ғарышқа самғауы мүмкін емес еді. Мұнай қуатты және арзан отындардың қатарына жатады. Тас көмірмен салыстырғанда оның қызуы әлдеқайда артық.

123-тапсырма. Мұнай өндірісіне байланысты қандай көркем шығармаларды білесіздер? Оқығандарыңызды еске түсіріңіздер!

124-тапсырма. Сөздікті жаттап алыңыздар.

маңызы – смысль, суть

қыздыру – нагреть, нагревать

ғарышқа самғауы – полет в космос

қуатты – сильный, мощный

күлінен – из золы

шегі жоқ – нет предела

дами түсуіне – с развитием

сөзсіз – безусловна

125-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс орналастырыңыздар.

1. күлінен, дөңгелектері, пластмасса, өмірге, шығарылады, Газ, резина, машиналардың, көптеген, керек, заттар,

2. Мұнай, және, жатады, қуатты, арзан, отындардың, қатарына,

3. тасымалдау, ауыстырып, арналған, салынды, Мұнайды, мен, тиеуге, жаңа, қуаттар,

4. үстінде, суда, ұшатын, мен машиналардың, космос корабльдері, самғайды, Жер, жүретін, жүзетін, ауада, сан алуан, механизмдер, қозғалысы, ғарышқа

5. қызметкерлері, елге қатер, қолданады, Кәсіпорын, маңайдағы, тудырмайтын, тәсілдерді,

6. «ҚазТрансОйл» АҚ, басқару, оңтайландырып, тартады, қоғамы, кәсіпорындарды, құрылымын, инвестициялар,

7. жұмыстар мен, станоктары, алға басады, Алғашқы, геофизикалық, айналмалы, бұрғылау, арқылы, жұмыс,

126-тапсырма. Мұнай-газ саласындағы терминдердің мағынасын меңгеріп, ауызша айтып беріңіздер.

1. Мұнай фонтаны (нефтяной фонтан) – Тау жыныстарының физикалық жинауыш қасиеттеріне байланысты түзілімдерде мол шоғырланған мұнайдың және газдың қойнаулық қысымы ұңғыма оқпанын тоғытқан сұйық қоспаның қысымынан басым болған жағдайда, мұнай-газдың атқылауы.

2. Мұнай-газ кәсіптік геология (нефте газопрымысловая геология) – Мұнай және газ кендерінің өндірістік маңызын анықтау және жер қойнауы байлықтарын үнемді пайдалану үшін, оларды кеннің ашылу мерзімінен бастап игеру процесі әбден біткенге дейін тиянақты зерттеу шараларын жүзеге асыратын геологиялық ғылым саласы.

Әдістемелік ұсыныс: Мұнайдан халық шаруашылығына қажетті өнімдерді алу жолдарын меңгеріп, есте сақтау. Жоғарыдағы жаттығуларды орындай отырып жазбаша тілдің дағдысын қалыптастыру.

Әдебиет: Нег.: 4[41-44]; 5[18-20]

Бақылау сұрақтары:

1. Мұнайды ертеде не деп атады?

2. Мұнайдан қандай өнімдер алынады?

3. Мұнай тектес газдардан не алынады?

7-апта. 19-тәжірибелік сабақ

127-тапсырма. Мұнай мен газ өндіру туралы мәтінмен танысып, газ өнеркәсібі жөнінде түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

Мұнай өндіру, игеру

және іздеу, барлау жұмыстары

* * * * *

Мұнай мен газ өндіру

Қазақстандағы мұнай өнеркәсібі революцияға дейінгі тарихы бар ерте дамыған салалардың бірі болды. ХІХ ғ.аяғында және ХХ ғ.басында Қазақстанға келе бастаған шетел және орыс монополияларының күрделі қаржысы мұнай өнеркәсібін де қамти бастады. Патша үкіметі Қазақстанды арзан шикізат көзі ретінде қарастырды.

ХХ ғасырдың 20ж. басында Кеңес өкіметі тұсында Орал-Ембі ауданының мұнай кәсібі мемлекет қарамағына алынды. Ембінің мұнай кен орындарын игеріп, кен өндіру мақсатымен Орал-Ембі ауданының мұнай өнеркәсібі басқармасы құрылды. 1922 ж. «Ембімұнай» тресі болып қайта құрылды.

Мұнай өндіру соғыс жылдарында 26%-ға артты. Ембі мен Ақтөбе өңірінің мұнай кәсіпшіліктері өзге жылдармен салыстырғанда, мұнайдың неғұрлым көп мөлшерін берді.

60-жылдардың ортасына дейін Республикада мұнай өндіру баяу дамыды. Республиканың жалғыз ғана мұнай ауданы Ембі алабы болды. Тек кейінгі жылдары Қарағанды облысының оңтүстігінде мұнайдың бірқатар ірі кенорындары ашылып, игерілуіне байланысты бұл сала айтарлықтай дамыды. 1970-75ж.ж. мұнай өндірісінің қарқыны әлдеқайда жақсарды. Республиканың отын-энергетика кешенінде мұнай өндіру мен мұнай өңдеу салалары маңызды рөл атқара бастады. Мұнай өндіруден Қазақстан 2-ші орынға көтерілді.

1976-1980 ж.ж. Маңғыстау облысының Бозашы түбіндегі жаңа мұнай өндіретін ауданды және Ақтөбе облысындағы Жаңажол кенорнын пайдалану басталды. 1979 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниежүзіндегі ең ірі кенорындарының бірі «Қарашығанақ» газдыконденсат кенорны ашылды.

128-тапсырма. Мәтіннен алған мәліметтеріңізді есте сақтай отырып, аударма жұмысын жасаңыздар.

129-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

 
 


130-тапсырма. Мәтін бойынша 10 сұраулы сөйлем құрастырыңыздар.

Үлгі: Мұнай өнеркәсібі Қазақстанның қандай салаларының бірі?

131-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің сыңарын сәйкестендіріп, сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. ірі 2. баяу 3. тау 4. өңдеу 5. көп 6. күрделі 7. мұнай 8.қамтамасыз □ салалары □ жыныстары □ дамыды □ кенорындары □ өндіру □ ету □ мөлшер □ қаржы

132-тапсырма. Көп нүктенің орнына тордағы тиісті сөздерді қойып жазыңыздар.

Мұнай мен су өтпейтін... және басқа да тау жыныстарының... қапталып,... шамамен жүз градустай қабаттарға дейін түседі. Мұнда... процесі аяқталады;... лай болатын мұнай біртіндеп қабаттасады да, біз мұнай кенорындарынан табатын... тау жынысына енеді.

Мұнайдың... жаңа теориясының зор тәжірибелік маңызы бар. Ол мұнайшы-геологтарды мұнайдың түзілу... анықтау әдісімен таныстырады. Мұнай қалай... болатынын білетін кен барлаушылары оны іздеу... тез анықтайды. Геологиялық... байланысты мұнайдың болатын... және оның мүмкін орын... жолдарын анықтауға болады.

133-тапсырма. Қазіргі мұнай-газ өндірісінің жетістіктеріне көңіліңіз тола ма? Достарыңызбен пікір алмасыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Мәтіннен алған мұнай-газды өндіру мәселесі бойынша пікір талас ұйымдастырып, сөйлеу тілін жаттықтыру.

Әдебиет: Нег.: 4[167-191]; 5[27-29]

Бақылау сұрақтары:

1. Орал-Ембі ауданының мұнай өнеркәсібі басқармасы қандай мақсатпен құрылды?

2. 60-жылдары мұнай өндіру қалай жүзеге асты?

3. Мұнай өндірісі қай жылдары жақсара бастады?

4. Жаңажол кенорнын пайдалануға қашан берілді?

7-апта. 20-тәжірибелік сабақ

134-тапсырма. Мәтіннен алған мәліметтерді есте сақтай отырып, мазмұндаңыздар.

Мұнай кенорындарын игеру

Мұнай-газ кендері – бірыңғай құрылымдық элементтермен сипатталатын жеке алаң қойнауында орналасқан мұнай мен газ иірімдері шоғырларының жиынтығы. Мұнай-газ кендері мұнай немесе газ түрінде және аралас мұнайлы-газды, газды-мұнайлы кендер түрінде ұшырасады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: