Компания 7 страница

Мұнай өнеркәсібі отын өнеркәсібінде жетекші рөл атқарады. Сонымен қатар негізгі стратегиялық шикізат көзі болып табылады. Мұнай өңделмей қолданылмайды. Одан 300 түрлі өнім алынады.

1960 жылдардың ортасында Маңғыстау алабы ашылды. Ондағы Өзен және Жетібай, Қаражамбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы, Кеңқияқ, Жаңажол т.б. кенорындарындағы мұнайға барлау жасалып, игеріле бастады. Кейінірек алып Қарашығанақ, Теңіз мұнай кенорындары ашылды. 1980 жылдары үшінші алып кенорны Құмкөл пайда болды. 1990 жылдардың басында ең үлкен мұнай кенорны Қашағанды игеру басталды. Мұнай қоры жағынан (4,8млрд.т.) Қашаған дүние жүзінде бесінші орында.

Мұнай мен газды ірі компаниялардың өндіруі мен игеруі нәтижесінде еліміздегі мұнай өнеркәсібінің даму қарқыны жылдан-жылға дамып келеді. «Шеврон – Тексако», «Қарашығанақ», Қытай ұлттық компаниясы, «Жаңажол», «Құмкөл», «Қазмұнайгаз»- Қазақстанның ең ірі ұлттық мұнай компаниясы және т.б. барлық мұнайды республикамыздың 6 облысында өндіреді.

1979 жылы ашылған Теңіз кенорны әлемдегі ең ірі мұнай кеніштерінің бірі. «Теңізшевройл» ЖШС біріккен кәсіпорны 1993 жылы Батыс Қазақстандағы Теңіз мұнай жерін 6-9 мұнай баррель түсімді қормен игеру үшін құрылды. Өзен жері 1961 жылдың желтоқсанында ашылып, кәсіпорын игеруге 1965 жылы берілді. Бұл орын геологиялық құрылыммен және жоғарғы температурада суитын парафин мен асфальтты смола компоненттері бар бірегей мұнай қасиеттерімен ерекшеленеді.

Ембі ауданының мұнай шығаратын жері жартылай құрғақ, адам аз қоныстанған кеңістікте созылып жатыр. Мұнаймен бірге мұнда газ алынады. Ембі жері Каспий теңізінің солтүстік және батыс жағалауларында орналасқан 37 мұнай кенорындарынан тұрады. Ембінің азкүкіртті мұнайы жоғары технологиялық сипаттағы, әсіресе мұнайдан алынатын жағармайы құнды саналады.

Мұнайды мұнай өңдейтін зауыттарда өңдейді. Мұнай өңдейтін зауыт көбінесе тұтынушыға негізделген. Атырауда, Павлодарда, Шымкентте мұнай өңдейтін ірі зауыттар бар. Ал Қарашығанақта кішігірім отын жанар-жағармай зауыты жұмыс істейді.

135-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

 
 


136-тапсырма. Мәтін бойынша 10 сұраулы сөйлем құрастырыңыздар.

Үлгі: Мұнай өнеркәсібінің негізгі стратегиялық шикізат көзі неде?

137-тапсырма. Сөздікті жаттап, мәтінді аударыңыздар.

теңіз кеніші – Тенгизское месторождение игеру – осваивать

кеорнын игеру – разработка месторождения тұтынушы - потребитель

барлау жұмысы – разведочная работа өңдеу – переработка

кенорындары - месторождение құнды – качественный

жоғары технологиялық – высоко технологичный құрылды – основан

138-тапсырма. Көп нүктенің орнына тордағы тиісті сөздерді қойып жазыңыздар.

Мұнай көбінесе..... түбінде, соның ішінде..... шөгінділерде жиі табылады. Сірә, теңіз..... мен жануарлары..... судың түбіне жинақтала беруінен болар. Өйткені онда..... болмайды, ол..... тұратындықтан, оған ауаның келуі..... түседі. Ауаның..... бұл қалдықтар..... еді, ал ауа болмағандықтан,..... әсерінен бұл..... құрамы бойынша..... ұқсас, бірақ оларда..... мұнайға айналмайтын.... өтеді.

139-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңыздар.

Мұнайшы

Маңғыстауым мұнайлы Мәңгі оттан аумайды,

Маған сондай ұнайды. Қызыл өрттей қаулайды!

Фонтан – мұнай атқылап, Көгілдір газ лапылдап,

Көктен жерге құлайды! Жалын болып лаулайды!

* * * * * * * * * *

Мұнайшы ағай жарайды! Қиян түзде, Жырақта,

Жүзі қандай арайлы! Тер төгеді ол қыратта

Мұнай – дария, бар елге «Ерлік жасап жүрмін»,- деп

Қуат болып тарайды. Бәлсінбейді бірақ та!

(Қ. Жұмағалиев)

140-тапсырма. Мұнайшы өлеңінде кезетін сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер. «Қиян түзде, тер төгеді, бәлсінбейді, өрттей қаулайды»

141- тапсырма. Кенорны туралы мәліметті оқып, меңгеріңіздер.

Маңғыстаудың ең ірі кенорындарының бірі – «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамы. Бұл кенорнында 4500 мұнайшы 15 күндік әдіспен жұмыс жасайды. Олар тәулігіне 5300 тонна мұнай өндіреді. «Қаражанбасмұнай» кенорны облыс орталығы Ақтау қаласынан 220 шақырымдағы Бозащы түбегінде орналасқан. Кенорынның ашылғанына 30 жылдам астам уақыт болды.

142-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелерді есте сақтаңыздар!

Игеру сатысы – дәл анықталған мұнай немесе газ қорлары бар кенорнының пайдалануға берілу кезеңі.

Әдістемелік ұсыныс: Кенорындарын игеру жолдарындағы танысып білген мәліметтерді есте сақтап, өз тарапынан ой пікір қосу.

Әдебиет: Нег.: 4[191-206]; 10 [265-268]

Бақылау сұрақтары:

1. Мұнай өнеркәсібінің рөлі қандай?

2. 1960 жылдары қандай кенорындары ашыла бастады?

3. Мұнайды игеру үшін ашылған қанша кәсіпорынды білесіздер?

7-апта. 21-тәжірибелік сабақ

143-тапсырма. Мәтінмен танысқан соң, мазмұнын қаншалықты меңгергендіктеріңізді сұрақ-жауап арқылы тексеріңіздер.

Мұнай-газ кендерін іздеу және барлау

Іздеу және барлау жұмыстары жер қойнауында мұнай-газ кендерінің барлығын анықтау, ашу, олардың қорларының санын есептеу және кен орындарының игеру жобаларын жасау мақсатында жүргізіледі.

Кешенді іздестіру-барлау жұмыстарына алаңды геологиялық, геофизикалық және геохимиялық тұрғыдан зерттеу жатады. Олар кен орындарын түгелдей барлап, кемерлеу үшін ұңғылар қазу әдістеріне белгіленеді.

Іздеу жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде – жер бедерінің жалпы геологиялық көрініс картасы жасалады. Осымен байланысты табиғи қалыптасқан тау жыныстарының ашылуына дейін жер бедері тазартылады да, оның геологиялық бет-бедерлерінің мүсіндері көрсетіледі.

Екінші кезеңде – зерттелетін алаңның геологиялық құрылысын, негізгі қабаттардың тұрпаты мен пішінін көрсету мақсатында тереңдігі 20м-ден 300 м-ге дейін картировтық және құрылымдық ұңғылар қазылады. Алынған мағлұматтар бойынша шартты белгілерді пайдалана отырып, жер қабаттарының көнелігі мен аумағы көрсетілген геологиялық карта сызылады. Бұл карта ұңғылардың тілмесі, геологиялық пішіндер арқылы толықтырылып жазылады.

Мұнай-газ кендерінің құрылымдарын жете көрсету, ондағы қордың мөлшері, ұңғыларды қазу керектігін дәлелдеп көрсету мақсатында іздестірудің екінші кезеңінде геофизикалық және геохимиялық зерттеулер жасалады.

Жоспарланған жұмыстар орындалып болғаннан кейін үшінші кезеңдік – ұңғыларды тереңдеп қазу басталады. Алғашқы қазылған ұңғы тілмесінде мұнай-газ белгісі пайда болып, өнім алынған жағдайда кенорындарына нақтылы барлау әдісі жүргізіледі. Құнарлы алаңдарда кемерлеу ұңғылары қазылып, кен орнының аумағы, қалыңдығы, мұнай-су шекаралықтары анықталады. Одан кейін бағалау, тергеу егжей-тегжейлі тексеру мақсатында, т.б. категориялы ұңғылар тағайындалып қазыла бастайды.

144-тапсырма. Жер қойнауында мұнай-газ кендерін іздеу және барлау жұмыстары жайында достарыңызбен әңгімелесіңіздер.

145-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

 
 


146-тапсырма. Кестені мәтін бойынша толықтырыңыздар.

Сұрақтар Жауаптар
1. Мұнай-газ кендерін іздеу және барлау жұмыстары қандай мақсатта жүргізіледі? 2. Кешенді іздестіру-барлау жұмыстары қалай зерттеледі? 3. Түгелдей барлау үшін не істейді? 4. Іздеу жұмыстары неше кезеңнен тұрады. 5. Алғашқы кезеңде қандай жұмыстар атқарылады? 6. Жер қабаттарының көнелігі мен аумағын қалай анықтайды? 7. Барлау әдісі арқылы нені анықтайды? 1. ______________     2. ______________   3. ___________________________   4.____________________________   5. ___________________________   6.____________________________   7._____________________________

147-тапсырма. Көп нүктенің орнына тордағы тиісті сөздерді қойып, жазыңыздар.

1. Кешенді іздестіру-барлау жұмыстарына... геологиялық,... және геохимиялық... зерттеу жатады. Олар... түгелдей барлап,... үшін... қазу әдістеріне белгіленеді. 2.... жер бедерінің жалпы геологиялық көрініс... жасалып,... қалыптасқан тау жыныстарының... дейін жер бедері тазартылады да, оның геологиялық бет-бедерлерінің... көрсетіледі. 3. Зерттелетін... геологиялық, негізгі қабаттардың... мен пішінін... мақсатында... ұңғылар қазылады.

 
 


148-тапсырма. Сөздіктің көмегімен терминдерге берілген түсініктемелерді аударыңыздар.

Разведочная скважина пробуренная без предварительной информации о геологическом строении.

Разведочное бурение осуществляемое для установления наличия углеводородов в определенной зоне или структуре.

Разведочная оценочнаяскважина пробуренная при минимальной предварительной информации о геологических структурах и условиях, обычно бурится вслед за разведочной скважиной, которая обнаружила нефтегазопроявления.

149-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс орналастырыңыздар.

1. Ұңғыларды...... және геохимиялық... жасалады, геофизикалық, қазу, зерттеулер,

2....карта,... ұңғылардың,... геологиялық... арқылы,... жазылады, сызылып, тілмесі, Геологиялық, пішіндер, толықтырылып,

3. Алғашқы... алынған... кенорындарына... барлау... жүргізіледі, өнім, жағдайда, нақтылы, әдісі,

4. Жер... жалпы... көрініс... жасалады, бедерінің, геологиялық, картасы,

5....аумағы,... мұнай-су... анықталған соң... тергеу,... мақсатында, категориялы...... қазыла... қалыңдығы, Кенорнының, шекаралықтары, бағалау, тексеру, ұңғылар, тағайындалып, бастайды,

150- тапсырма. Есте сақтаңыздар!!!

Барлау және іздеуге байланысты терминдерге түсініктемелер.

Барлау сатысында компания геофизикалық және геологиялық барлау жұмыстарымен қатар болашағы бар аудандарда барлау мақсатында бұрғылау жұмыстарын жүргізіп, мұнай немесе газды іздеумен шұғылданады.

Іздеу жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жер бедерінің жалпы геологиялық көрініс картасы жасалады. Екінші кезеңде геофизикалық және геохимиялық зерттеулер жасалады. Үшінші кезеңде скважиналарды тереңдеп қазу басталады.

Әдістемелік ұсыныс: Іздеу және барлау жұмыстарының кезеңдерін оқып үйрену, есте сақтау.

Әдебиет: Нег.: 8[24-36]; 11[45-68]

Бақылау сұрақтары:

1. Кешенді іздестіру-барлау жұмыстары қалай зерттеледі?

2. Алғашқы кезеңде қандай жұмыстар атқарылады?

3. Барлау әдісі арқылы нені анықтайды?

8-апта. 22-тәжірибелік сабақ

151-тапсырма. Мәтінді оқып, кенорнын бұрғылаудан алған мәліметтерді мазмұндап, сөздік арқылы аударыңыздар.

Кенорындарын бұрғылау және оның түрлері

* * * * *

Мұнай мен газды бұрғылау

Пайдалы қазындылары бар кенорындарын іздеу мен барлауды, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізуде бұрғылау жұмыстарының маңызы зор. Елімізде жетілдірілген бұрғы қондырғыларының сан алуан түрлері, жер қабаттарын қопаратын жақсы аспаптар, берік және төзімді бұрғылау құбырлары, түрліше өлшегіш-қабылдағыш приборлар жасалып, өндіріске енгізілді.

Қазақстанда мұнай іздеу мен барлауға бағытталған бұрғылаулар 1982 жылы Жайық Жем алабында басталған. Бұрғылау жабдықтарын орнатқанда табиғат және айналадағы ортаны қорғау жұмыстарын жүргізіп отырмаса, бұрғылау процесінің сәтсіздікке ұшырауы, ортаның ластануы, кейде жан-жануарлар мен өсімдік, тіпті адам баласының тіршілігіне зиян келтірілуі мүмкін.

Бұрғылау кезінде табиғатты және айналадағы ортаны қорғау мәселелерінің дұрыс шешілуін бұрғылаушы мекеменің басшылары, инженерлер мен геологтар және бұрғы шеберлері қадағалап, тексеріп отырады.

Бұрғылау ұңғыларын өндіріс орындары мен тұрғын үйлерге тым жақын жерге орнатуға болмайды. Қауіпсіздік үшін мұндай жерлерде ұңғыны кем дегенде 100м. қашықтықта орнатады.

Ұңғы дегеніміз – жер қыртысында арнайы бұрғылау аспаптардың көмегімен қазылатын диаметр тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр пішінді тау-кен құрылыс орны. Ұңғының басталатын жері сағасы, цилиндрлі беті қабырғасы немесе оқпаны, ең төменгі шеті түбі деп аталады. Ұңғыларды тіке және көлбеу бұрғылайды. Олардың диаметрі аралықтан аралыққа кішірейіп отырады. Ұңғыларды бұрғылау қондырғылардың көмегімен құрылықта да, теңізде де бұрғылайды. Теңізде бұрғылау жағдайында бұрғылау қондырғылары эстакадаларға, арнайы іргетастарға немесе қалқыма платформаларға немесе кемелерге орнатылады.

152-тапсырма. Төмендегі тапсырмадан қандай ақпарат алдыңыздар? Сіз қай мамандықта оқисыз? Бұрғылау жұмысының қиындығы мен қызығы қандай? Топ болып әңгімелесіңіздер.

Бұрғылау жұмыстарын басқару үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде инженерлер мен техниктер кадрларын мынадай мамандықтар бойынша дайындайды. «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығы келесі салалар бойынша: Геологиялық түсіру, пайдалы кенорындарын іздеу және барлау; іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері; гидрогеология, инженерлік геология; мұнай және газ геологиясы; қатты пайдалы қазба кенорындарын бұрғылаудың техникасы мен технологиясы.

153-тапсырма. Мәтінге берілген сөздікті жаттап алыңыздар.

бұрғылау жұмысы – буровая работа ұңғы – скважина

бұрғы қондырғысы – буровая установка оқпан – ствол

ұңғы сағасы – устье скважины ұңғы оқпаны – ствол скважин

айналадағы ортаны қорғау – защита окружающей среды

сәтсіздікке ұшырау – потерпеть неудачу зиян келтіру – безопасность

ұңғыны бұрғылау – бурение скважин

ұңғы қабырғалары – стенки скважины

154-тапсырма. Сөздікте берілген сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

155-тапсырма. Ұңғыны бұрғылау жолдары туралы не білесіздер? Қосымша материалдардан ізденіп, мысалдар келтіріңіздер.

156-тапсырма. Тиісті сөздерді қойып жазыңыздар.

Ұңғының... төменгі түп жағында, ол мұнай не газ... жиектердің тұсында болады, ал... – саға. Бүйір қабырғасын – оқпан дейміз. Ұңғының ішінде мұнай мен... үшін, қабаттағы... түп жағындағы қысымнан кем болу керек, яғни... бүйір қабырғалары... кезінде құлап қалмауы үшін... бекітеміз. Оны... шеген құбыр дейді. Оның... жоғарыдан төмен қарай... береді.

Әдістемелік ұсыныс: Кенорындарын бұрғылауды зейінде сақтау және ұңғы туралы жалпы түсінікті меңгеру.

Әдебиет: Нег.: 8[66-75]; 11[61-69]

Бақылау сұрақтары:

1. Бұрғылау жұмыстарының маңызы қандай?

2. Бұрғы қондырғыларының түрлерін атаңыздар?

3. Бұрғылау ұңғыларын қайда орнатуға болады?

4. Ұңғы дегеніміз не?

8-апта. 23 - тәжірибелік сабақ

157-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, бұрғылау түрлерінің қандай тәсілдермен іске асатынын меңгеріңіздер.

Кенорындарын бұрғылау түрлері

Мұнай-газ кен орындарын геологиялық зерттеу, іздеу, барлау және пайдалану мақсатымен бұрғыланатын барлық ұңғылар арнайы топтарға бөлінеді. Арнайы ұңғыларөндірістік су қалдықтарын жинау, жер асты газ қоймаларын дайындау, ашық мұнай, газ фонтандарын тоқтату, техникалық су қорларын барлау және пайдалану үшін қазылады.

Ұңғыларды бұрғылау мұнай-газ өндірісінен басқа да өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылады.

Тау-кен және көмір өнеркәсібінде ұңғыларды пайдалы қазбаларды іздеу, барлау, кен орнындағы суларды айдау, жер асты өрттерін сөндіру, шахталарды желдету, пайдалы қазбаларды пайдалану мақсатымен бұрғылайды. Химия өнеркәсібінде ұңғылар көмегімен құрамында әр түрлі тұздар, бром, йод және басқа да химиялық заттар кездесетін минерал суларды алады. Медицина саласында ұңғыларды шипалы суларды алу үшін қолданады. Өнеркәсіп және құрылыс саласында ұңғылар елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, тас жол, темір жол, көпір, ірі зауыт салу мақсатымен бұрғыланады.

Бұрғылау тәсілдерін пайдалана отырып ұңғыларды бұрғылау кезінде аспаптардың тау жыныстарына тигізетін әсеріне қарай механикалық, физико-химиялық, электр жалындық деп бөлуге болады.

Механикалық бұрғылау тәсілі тау жыныстарын бұзу, қол күшін немесе қозғалтқыштарды қолдану арқылы іске асырылады. Механикалық бұрғылау тәсілі соққылау және айналдыру тәсілдерімен іске асырылады.

158-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар дайындап, жауап іздеңіздер.

159-тапсырма. Төмендегі сөздіктің көмегімен бұрғылауға байланысты терминдерге берілген түсініктемелерді аударыңыздар.

Бурильная колонна – стальные трубы длиной около 10м., свинченные так, чтобы образовать соединение бурового долота с буровым станком, колонна вращается и бурит отверстие, служит также как проводник бурового раствора; также называется буровая труба.

Бурильщик – опытный оператор, управляющий лебедкой, и являющийся мастером буровой бригады.

Буровая вышка – вытянутая пирамида решетчатой стальной конструкции, устанавливаемая над стволом скважины для бурения и обслуживания.

160-тапсырма. «Бұрғылау» сөзімен тіркесетін сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар .

мұнарасы

шахтасы

бұрғылау қондырғысы

шығыры

аусымы

161-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен 8-10 сөйлем құрастырыңыздар.

шипалы сулар, қозғалтқыштарды қолдану, минерал сулар, елді мекендер, су қалдықтары, геологиялық зерттеу, арнайы ұңғылар, айналдыру тәсілі,

162-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыздар.

Мұнайлы қазақ даласы

Мынау дала, біздер мұнай іздеген, Мақтанышпен жайып сап, жариялар,

Куә болған ғасырларға жүздеген. Өткен күнін көнекөз қариялар.

Ер Түріктер дүбірлеткен төсінде, «Жусан мекен, изеннен кілем жапқан»

Күнбатысқа ғұндар өткен ізбенен. Бұл даланың астында дария бар.

* * * * *

Табиғат – Ана мазалап қозғамаған,

Қойнауына қол салды, қозғап Адам.

Байлығын, ерлігін мақтан етіп,

Өмірден озды ғұндар, сақтар өтіп.

Тіршіліктен қым-қуат қолым тисе,

Шежіремді жазар ем, дастан етіп.

Әдістемелік ұсыныс: Кенорындарын бұрғылау тәсілдерін меңгеру.

Әдебиет: Нег.: 4[62-67]; 8[34-56]

Бақылау сұрақтары:

1. Ұңғыларды бұрғылау қандай топтарға бөлінеді?

2. Ұңғыларды бұрғылау қай жерде қолданылады?

3. Химия өнеркәсібінде ұңғылар көмегімен не алады?

4. Тау жыныстарына тигізетін әсеріне қарай қалай бөлінеді?

8-апта. 24-тәжірибелік сабақ.

Аралық бақылау жұмысы.

9-апта. 25-тәжірибелік сабақ

163-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мұнай мен газдың құрамын қалай анықтауға болатынын айтыңыздар.

Мұнай-газдың құрамы және қасиеттері

* * * * *

Мұнай мен газдың құрамы

Мұнай – сұйық пайдалы қазба, ол негізінен көмірсутек қосылыстарынан тұрады. Сыртқы түрі бойынша май сияқты бұл сұйықтың түсі көбінесе қара болады. Әр түрлі жатындардағы мұнай химиялық құрамы бойынша бір-бірінен өзгеше болады, сондықтан олардың практикалық мәні де әркелкі. Мұнайдың құрамын зерттеу, оның геологиялық тарихына қатысты мәселелерді шешу үшін де өте маңызды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: