Глоссарий. Айналмалы бұрғылау – ұңғыма оқпанындағы таужыныстардың тұтастығын бұзу процесі үнемі

Айналмалы бұрғылау – ұңғыма оқпанындағы таужыныстардың тұтастығын бұзу процесі үнемі айналып тұратын бұрғылау түрі.

Аллювийлік түзілімдер – латынша «шайынды» деген ұғымды білдіреді. Ағын сулармен шайыла отырып, өзен аңғарында түзілетін шөгінді таужыныстар жиынтығы.

Байламды су – тау жыныс қуыстары мен кеуектерінің жақтауларында ауырлық кұші мен капиллярлық күштерден артығырақ дәрежедегі электрлік-молекулалық күштер көмегімен жабысып тұратын жерасты суы.

Барлаулық бұрғылау – ашылған мұнай және газ кенорындарын барлау және оларды игеруге дайындау мақсатында, сол сияқты нашар зерттелген аудандарда геологиялық қималарды жіті саралау мақсатында жүргізілетін бұрғылау.

Бұрғылау – оқпанының ұзындығы оның диаметріне қарағанда әлдеқайда артық болып келетін жер қыртысындағы дөңгелек қималы қазынды.

Геомагниттік белсенділік – жердің магниттік белсенділігі, яғни оның магнит өрісін тудыру қабілеті.

Газдық режим – газды қойнауқаттағы қозғаушы күш рөлін сондағы газдардың серпінділігі атқаруымен сипатталатын газды жатын режимі.

Газбен тоғыту ұңғымасы – қойнауқатты газбен тоғытуды жүзеге асыруға қажетті мұнай немесе газ жатындарын бұрғылау ұңғымасы.

Газды тақия – жер қойнауындағы мұнайлы қойнауқаттың ең көтеріңкі өңірлерін қоныстанған мұнай газының жиынтығы, тұтас мұнайлы-газды жатынның құрам бөлігі.

Дербес су – қойнауқаттық жағдайда яки жерасты жағдайында өзінің сұйық күйін сақтаған су. Капиллярлық су және гравитациялық су болып бөлінеді.

Дербес газ – қойнауқаттық газ құрамына кіретін, қалыпты жағдайда газ түрінде ұшырасуға қабілетті табиғи газ.

Желілік су – тектоникалық жарылымдарға және олармен орайлас дамитын жарықтарға шоғырланған жерасты суы.

Жерасты суы – топырықта және бүкіл жер қыртысына тән таужыныстарда әртүрлі физикалық күйде кездесетін сулардың жиынтық атауы.

Платформалық ойыс – синеклизадан бір дәрежеге кішірек, дөңгелек яки овал тұрғылас, немесе бұрыс пішінді біршама ірі түсіңкі платформалық құрылым.

Тұтқырлық – зат бөлшектерінің сырт күш әсерінен қозғалыстарға ұшырауға көрсететін қарсылығы.

Тасмалталар – (гальки) су ағындарымен немесе ауырлық күші әсерінен дамылсыз домалауы нәтижесінде жұмырланған тас кесектері.

Тау жыныстарының қуыстылығы – тау жыныстардың кеуектілігімен, жарықшақтылығымен, ұралану дәрежесімен, карст және басқа да қуыстарымен сипатталатын олардың барша қуыстар жиынтығының жалпылама көлемі.

Терең бұрғылау – қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, тереңдігі 4500-6000м аралығында болатын бұрғылау ұңғымаларын жасақтау.

Қолданбалы геология – геологиялық ғылымның өндірістік салаларын топтастыратын бірлестік атауы. Бір бірлестікке өндіріс геологиясы, кеніштік геология, мұнайкәсіптік геология, т.с.с. өндірістік маңызы зор геологиялық ғылым салалары кіреді.

Сұйықтың бірқалыпты қозғалысы – өзінің кезкелген нүктесіндегі жылдамдығы бірдей мөлшермен сипатталатын сұйық қозғалысы.

Сорғыту – сулы таужыныстарды табиғи немесе жасанды түрде кептіру немесе жерүсті суларын табиғи ойыстарға, жасанды ойыстарға қарай ағызып жіберу арқылы нақтылы өңірден аластау.

Мұнай көзі – жер бетінен немесе су түбінен мұнай тамшыларының көрініс беру орны.

Мұнайлы-газды кеніш – газдың жиынтық қоры мұнайдың геологиялық қорынан артығырақ болып келетін кеніш.

Минералдық майлар – мұнайдың биікқайнау фракцияларын әдейі өңдеу нәтижесінде алынатын техникалық өнім атауы.

Мұнайдың суда ерігіштігі – судың мұнаймен жапсарласуы барысында оның сол суда азды-көпті еру процесі. Бұл процестің қарқындылығы мұнайдың химиялық құрамына, температураға және судың минералдану дәрежесіне тәуелді.

Лагуна – итал. «көл». Екі мағынасы бар: 1.теңіз суынан жағалау бел-белестерімен оқшауланып қалған немесе онымен енсіз бұғаздар арқылы ғана байланысты мейлінше саяз табиғи су алабы.2. Сырт пішіні шығыршыққа яки сақинаға ұқсайтын маржанды аралдардың ішкі өңірінен ұшырасатын су алабы.

Игерудің технологиялық сұлбасы – мұнай кенорындарының игерілу нысанын барлау, тәжірибелік және тәжірибелік-өндірістік игеру мәліметтері негізінде оны өндірістік игерудің шартты жүйесін анықтайтын жобалық құжат.

Шөгінділерді тасымалдау – бұрыннан бар таужыныстардың жаппай морылуы нәтижесінде бөлшектенген түйіршік материалдың белгілі бір денудация агентінің әсерімен қозғалыстарға ұшырауы.

Іздеу торабы – пайдалы қазба кенлрындарын іздеу мақсатында жүргізілетін зерттеулер барысында әр түрлі жасанды ашылымдарды, сынамалады алу және түрлі бақылаулар жүргізу нүктелерін барынша тиімді түрде орналастыру жүйесі.

Ұңғыма сүзгілері – ұңғыма оқпанындағы борпылдақ та сулы таужыныстарды бекіту, сулы таужыныстың түйірлері мен кесектерін сүзіп ала отырып, ұңғыма оқпанына таза суды ғана жіберу.

Ұңғыма бұрғылау – бұрғылау ұңғымасы оқпанын жасақтау үшін жүргізілетін күрделі технологиялық процесс.

Үйлесімсіздік бұрышы – үйлесімсіз астасқан екі түрлі таужыныс қабаттарының еңістену бұрыштарындағы айырмамен өлшенетін бұрыш.

Элизиондық су – таужыныстардың тығыздалуы барысында босана отырып, жинауыштарға сығымдала енетін жерасты суы.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: