Студент курс топ

Кесте 2

Қаржылық – несиелік ұйымдарда (банктерде)

№ р/с

Тәжірибе мазмұны Күн саны
1

Банкті ұйымдастыру және оның қызметтерінің ерекшеліктерімен танысу (меншік түрі, лицензиясының болуы, ұйымдастыру құрылымы мен көрсетілетін қызмет түрлері бойынша есеп саясаты)

2
2

Банк ресурстары мен кредиттік потенциалын зерттеу

2
3

Коммерциялық банктерде кредиттік процесті ұйымдастырумен танысу

2
4

Банктің әртүрлі бөлімдерінің қызметтерін зерттеу:

² операциондық;

² клиентпен жұмыс жасау бөлімі (депозиттік операциялар бөлімі):

² кредиттік операциялар;

² валюталық операциялар;

² бағалы қағаздар;

  2 2 3 4 4
5

Банктің басқа да операциялар мүмкіншілігін зерттеу (лизингтік, факторинтік, трасттық, андеррайтингтік және форфейтингтік)

2
6

Өтімділік пен төлемқабылеттілікті анықтау

2
7

Банк тәжірибесіндегі тәуекелдерді зерттеу

1
8

Банктік менеджмент. Банктікмаркетинг

2
9

Жеке тапсырмаларды орындау

7
10

Тәжірибеден өту барысы туралы есеп құрастыру

5
 

Жиынтығы:

40
       

Банк қызметі мен оны ұйымдастыру мінездемесі ерекшеліктерін зерттеу (тәжірибеден өту орны бойынша)

Банктерде өндірістік тәжірибеден өткенде студенттер банктің ұйымдық құрылымы, меншік түрлері, есеп саясаты, көрсетілетін қызмет түрлері, банктің кредиттік потенциалы мен ресурстары, кредиттік процесті ұйымдастыру барысымен танысуы керек.

Банк бөлімшелерінің жұмысын зерттеу.

Операциондық бөлім

Клиент есеп шоттарын ашу және жүргізу, аналитикалық және синтетикалық есепті ұйымдастыру, клиенттің заңдық құжаттарын қалыптастыру. Клиенттің дербес шоттары, шот бойынша қалдық қаражаттарының бухгалтерлік ведомості. Айналым-сальдолық ведомості, банк балансы, банктің қаржылық есептілігі. Теңге және басқа да шетел валюталарында банкаралық есеп айырысулар.

Клиентпен жұмыс жасау бөлімі (депозиттік операциялар бөлімі)

Заңды және жеке тұлғалардың депозиттік шоттарын ашу тәртібі, шоттар бойынша пайыздар есептеу, келісім – шарттарды рәсімдеу, салымдарды тарту мерзімі бойынша пайыздық ставкаларды талдау. Банктің қаржылық есептілігі.

 

Кредиттік операциялар бөлімі

Банкте кредиттік процесті ұйымдастыру, қарыз алушының несие қабылеттілігін талдау, кредит түрлері бойынша кредит комитеті үшін құжаттарды дайындау, кредиттік операциялар бойынша шоттар, ссудалық шот, кепілді есепке алу, қамтамасыз ету есебі, міндеттемелер есебі, қарыз бойынша резервтерді қалыптастыру және оның есебі, кредиттік мониторинг, ссудалар бойынша пайыздарды есептеу. Банктік кредит бойынша есептілігі. Банктің қаржылық есептілігі.

Валюталық операциялар бөлімі.

Резидент және бейрезиденттердің валюталық шоттарын ашу және жүргізу тәртібі. Банктік аударымдарды рәсімдеу. Айырбас пунктерінің қызметін ұйымдастыру. Валютаны сатып алу - сату курсы. ҚР ҰБ – нің курсы.

Валюталық бақылау (импорт, экспорт) – келісім паспорты, клиент досьесі, экспорттық түсімдер, клиент тапсырысы бойынша валюталарды сатып алу, экспорт және импорт бойынша валюталық бақылау бағдарламасымен танысу. Клиенттердің сыртқы сауда келісімдері (оларды құрастыру бойынша міндетті талаптар). Бейрезиденттердің теңгелік шоттары: ашу және қызмет көрсету тәртібі. Валюталық операциялар бойынша есептілік. Ашық валюталық позиция лимиті туралы есеп. Қолма – қол шетел валюталарының қозғалысы туралы есеп.

Бағалы қағаздар бөлімі

Бағалы қағаздар мен вексельдердің депозитарлық есебін ұйымдастыру. Банктің бағалы қағаздар және вексельдермен делдалдық операциялары, бағалы қағаздарды сату – сатып алуға келісім – шарттарды рәсімдеу. Бағалы қағаздарды беру – алуға реестрлерді рәсімдеу. Бағалы қағаздардың баланс және баланстан тыс шоттардағы есебі.

Банктің бағалы қағаздармен инвестициялық операциялары (келісім – шарттар, реестрлер, есебі). Банктің өз вексельдерін шығаруы (шығару шарттары, айналысы, есебі). Бағалы қағаздар бойынша есептілік.

Ақша айналысы бөлімі (активтіоперациялар)

Ақша айналысы бойынша заңды тұлғалар - клиенттерінің жұмыстарын ұйымдастыру:

§ кәсіпорын кассасындағы қалдық лимитінің есебі (заңды тұлға);

§ кәсіпорындардың кассалық операцияларды жүргізу ережесін бақылау бойынша тексерістерді ұйымдастыру;

§ ҚР ҰБ – не коммерциялық банктердің кассалық тапсырыстары. Ақша айналысы бойынша банктердің есептілігі.

 

Банктің басқа да операциялар мүмкіншілігін зерттеу (лизингтік, факторингтік, трасттық, андеррайтингтік және форфейтингтік)

Банктік – лизингтік операцияларды ұйымдастыру мен техникасы. Факторингтік операциялар процесін ұйымдастыру. Трасттықоперациялар түрлері. Траст-шоттар. Траст-қызметтері үшін банктік комиссия. Банктің эмиссияланған бағалы қағаздарды орналастыруға қатысуы. Коммерциялық банктің форфейтингтік операцияларының түрі.

 

Коммерциялық банктің өтімділігі мен төлемқабылеттілігін анықтау

Коммерциялық банктің өтімділігі мен төлемқабылеттілігі коэффициентін анықтау.Өтіміділік тапшылығы тәуекелін басқару. ҚР ҰБ тарапынан өтімділік коэффицентін реттеу.

Банк тәжірибесіндегі тәуекелдерді зерттеу

Банк тәуекелдерінің түрлері. Тәуекел – менеджментті ұйымдастыру процесі. Тәуекелдерді басқару: кредиттік, балансталмаған өтімділік, пайыздық және валюталық. Банк банкроттылығы тәуекелі.

Банктік менеджмент. Банктік маркетинг.

Банк стратегиясын жүргізудегі жоспарлау, бақылау және реттеу. Активтер мен пассивтерді, өтімділік пен табыстылықты басқару. Банк персоналын басқару. Маркетнгтік қызмет этаптары. Банктік қызметтер нарығындағы стратегияны таңдау және жүргізу.

7.3. Сақтандыру компанияларында тәжірибеден өту ерекшеліктері.

Кесте  3

Сақтандыру компанияларында

№ р/с

Тәжірибе мазмұны Күн саны
1

Зерттеліп отырған сақтандыру компаниялары қызметтері мен оларды ұйымдастыру ерекшеліктері (меншік формасы, лицензия, ұйымдық құрылымы, сақтық қызметінің түрлері, сақтандыру портфелі, еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыру, басқару)

2
2

Бірнеше жылдар қатарында сақтық төлемдері мен сақтық өтемдерінің динамикасын талдау

4
3

Сақтық, резервтік және запас қорларын қалыптастыру процесін зерттеу. Сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығын анықтау

2
4

Нетто – ставка мен брутто- ставка шамасын, нетто – ставка жүктелімін зерттеу, оларды есептеу және сақтандырудың түрлері бойынша қолдану методикасы

2
5

Сақтандырудың түрлерін ұйымдастыру және жүргізу процестерін зерттеу:

² жеке;

² мүліктік;

² жауапкершілік:

² кәсіпкерлік тәуекел

  3 3 3 3
6

Сақтық қызметтен түсетін табыстарға салық салу жүйесімен танысу

2
7

Сақтық операцияларын жоспарлау және болжау. Қайта сақтандыру мүмкіншіліктері

2
8

Ескерту шараларын қаржыландыру тиімділігін бағалау

2
9

Сақтандыру компанияларының есебі мен есеп беруі

3
10

Жеке тапсырмаларды орындау

4
11

Тәжірибеден өту барысы туралы есеп құрастыру

5
 

Жиынтығы:

40
       

 

Зерттеліп отырған сақтандыру компанияларының (тәжірибеден өту орны)

қызметтерін және ұйымдастыру ерекшеліктерін зерттеу

Сақтандыру компанияларында өндірістік тәжірибеден өткенде студенттер шаруашылық субъектілерінің ұйымдық - құқықтық формасымен, көрсететін қызмет түрлерімен, сақтандыру қызметінің объектісімен, сақтандыру шеңбері мен сақтандыру портфелінің көлемін зерттеп, еңбекақы төлеу жүйесі мен формасын, басқару құрылымымен танысуы керек.

Сақтық, резервтік және запас қорларын қалыптастыру, сақтық өтемдерін төлеу және сақтандыру төлемдерінің динамикасын зерттеу

Сақтық төлемдері мен сақтық өтемдерінің динамикасын зерттеу, сақтандыру және резервтік қорды қалыптастыру бойынша сәйкесінше кесте құрастыру, оларды графикалық сызбалар мен диаграммалар негізінде көрсету. Сақтық жағдайларының болу жиілігін анықтау, сақтандыру суммасының зияндылығын есептеу, жұмыс істеп тұрған тарифтік ставкаларды талдау, оларды анықтау және негіздеу.

Сақтандыру қызметінің қаржылық негізін зерттегенде талдау және бағалау үшін қажетті: сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығы коэффициентін есептеу.

Сақтық операцияларының қаржылық тұрақтылығын нығайту әдісі ретінде қайта сақтандыру мүмкіншілігі мен пайдалануды меңгеру. Сақтандыру компанияларының инвестициялық қызметтерімен, оның тиімділігі мен нәтижелілігімен танысу.сақтандыру компанияларының табыс көлемін, оның динамикасын, қалыптасу көздері мен мақсаттылығын бағалау.

Сақтандырудың әр түрлерін жүргізу метдикасымен танысу (жеке, мүліктік, жауапкершілік, кәсіпкерлік тәуекел)

Жеке сақтандыруды жүргізу методикасымен танысқанда тарифтерді құру механизміне (оқыс жағдайлардан денсаулықты жоғалтумен байланысты өмірді аралас сақтандыру, некені сақтандыру.) басты назар аудару керек.Міндетті және ереікті сақтандыруды атап көрсету, әлеуметтік сақтандырудың орны мен ролін анықтау.

Мүліктік сақтандырумен байланысты сұрақтарды меңгеру мыналармен байланысты болуы мүмкін:

§ мүлікті бағалау әдістері;

§ сақтандыру суммасын анықтау (сақтық қамтылу арқылы);

§ сақтық төлемдерінің есебі (нетто және брутто ставкаларды есептеу әдістері арқылы);

§ сақтық жағдай болған кездегі шығындар көлемін анықтау, сақтандыру актісін құрастыру;

§ сақтандыру келісім – шартын жасау тәртібі, сақтандыру полисін беру;

§ ескерту шараларын ұйымдастыру.

Потенциалды залалдың экономикалық қызығушылығын сақтық қорғау мақсатында жауапкершілікті сақтандыру оның мәні мен маңыздылығын зерттеуді талап етеді. Сақтандырудың берілген түрі бойынша мынадай дағдыларды меңгерген жөн:

§ көлік құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігін сақтандыру;

§ кредиттік тәуекелді сақтандыру;

§ экологиялық сақтандыру.

Студент сақтық қорғау және сақтандыру тәуекелдерінің объектілерімен нақтырақ танысу керек:

§ Өндірістегі үзіліс (әртүрлі факторлардың әсерінен өндірістің тоқтауы: электрқуатының тоқтауы, жанар – жағар май, су, желілердегі авария) салдарынан болатын шығындарды сақтандыру. Шығындар көлемі бұл жерде көп жағдайда өндіріс тоқтауының мерзімімен байланысты болады.

§ Жаңа техника мен технологиялар тәуекелін сақтандыру (техниканы қондыру, қызмет ету сапынан шыққанда, бұзылғанда, жойылғанда техниканың өзін сақтандыру), сондай – ақ, технологиялық жаңалықтарды енгізу, орнату салдарынан болатын, алдын – ала болжанбаған жағымсыз зардаптарды сақтандыру.

§ биржалық және валюталық тәуекелдерді сақтандыру. Кредиттік тәуекелдерді сақтандыру. Төлемқабылетсіздік тәуекелін сақтандыру инвестициялық қызметті сақтандыру.

Салық салу, жоспарлау, есеп және есеп беру

Зерттеліп отырған сақтандыру компанияларында төленетін салықтар мен алымдар түрлерімен, олардың ставкаларымен танысу.

Сақтандыру компаниялары қызметтерін жылдық және перспективалық жоспарлау негіздерімен, оның ішінде: сақтық төлемдерінің түсуін жоспарлау әдістемесімен, қаржылық жоспарлауды құрастыру тәртібімен танысу. Алдын – алу шараларын өткізу қаражаттарын пайдалануға баға беру.

Бухгалтерлік және статистикалық есептілікті құрастыру тәртібімен, есеп түрлері және формаларымен, қаулылармен танысу.

7.4. Мемлекеттік салық қызметі органдарында тәжірибеден өту

Мемлекеттік салық қызметі органдарында тәжірибеден өту студенттерге бақылау субъектілері тарапынан салық қатынастарын ұйымдастыру процесін үйренуге мүмкіндік береді. Өндірістік тәжірибе кезінде:

§ бақылау органдарының ұйымдық құрылымдарымен, олардың бөлімшелерімен танысу;

§ салықтарды жинау әдістері мен салықтық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпараттарды өңдеу;

§ белгілі –бір салық төлеушілерге қатысты тексеру методикасын меңгеру.

Тәжірибеден өту барысында студент келесідей теориялық сұрақтарды меңгеруі керек:

1. Ұйымның салықтық менеджментінің тактикалық және стартегиялық мақсаттары;

2. Кәсіпорында салықтық өндірісті ұйымдастыру және оның төленетін салық бойынша салықтық базаны қалыптастыруға әсері;

3. Зерттеліп отырған кәсіпорындардағы салық ауыртпалығын талдау;

4. Зерттеліп отырған мекемеде салық салуды оптимизациялаудың негізгі бағыттарын анықтау.

 

Тәжірибенің басты мақсаты: ҚР Салық комитетінің қызметін ұйымдастыру бойынша толық мағлұмат алу. Инспекция бөлімшесі қызметінің тәжірибелік жаңашылдығын алу. Диплом жобасы мен өндірістік тәжірибе есебін жазуға қажетті ақпараттар мен мәліметтерді жинақтау.

Өндірістік тәжірибе тапсырмалары:

1. Салық инспекциясының қызметін зерттеу. Салық қызметі басқармасының құрылымымен және ұйымдастыру құрылымымен танысу.

2. Салықтық мекемелердің қызметін реттейтін нормативтік - құқытық актілермен танысу. 3. Аймақтық және ҚР-ның шоғырландырылған бюджеті бойынша жоспарлы салықтық тапсырмаларды ақпараттық – аналитикалық қамтамасыз етудің мәселелерін зерттеу;

4. Салықтық құқық бұзушылық түрлерін және салықтық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету шараларын зерттеу;

5. Салықтық құқық бұзушылық және оны ескерту шаралары бойынша талдау жүргізу.

Өндірістік тәжірибе бойынша есептің құрылымы

Есеп 3 бөлімнен, кіріспе мен қорытындыдан тұрады. Есепте қосымшалар міндетті түрде тіркелуі тиіс. Қосымша СҚ-нің ұйымдық құрылымына, салықтық нормативтік құжаттарға қатысты болуы керек.

Кіріспеде құқықтық мемлекеттегі салықтық құқықтық қатынастар жүйесінің ұйымдық – құқықтық негіздері мен әдістемелік мәнін көрсету керек, диплом жұмысының тақырыбына қатысты зерттеу жұмыстарының өзектілігіне басты назар аударылғаны жөн. Тәжірибеден өту орны мен оның мақсаттары туралы көрсетіледі.

Бірінші бөлімде, СҚ басқармасының құрылымы, ҚР салық органдарының жалпы жүйесіндегі құқықтық статусы қарастырылады. Салық органдары қызметінің негізгі бағыттары зерттеледі (барлық бюджет алдында салық төлеушілердің өз міндеттемелерін толықтай орындауына, бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдердің өз уақытында аударылуын, сондай –ақ, олардың орындалуының дұрыстығына бақылау жасау).

Екінші бөлімде, шоғырландырылған, сондай – ақ, жергілікті бюджетке салықтық түсімдердің түсуіне талдау жасалады, сонымен қатар, диплом жұмысының тақырыбына байланысты мәліметтер ашылады.

Үшінші бөлімде, студент мекеменің салықтық бөлімінің қызметін қарастыруы керек.

Өндірістік тәжірибе мазмұны

Студенттердің өндірістік тәжірибесі түрлі деігейлердегі салықтық ұйымдарда, қаржылық – бухгалтерлік және түрлі меншік нысанындағы ұйымдардың салықтық бөлімшелерінде жүргізіледі.

1. Салықтық қызмет

Студенттердің диплом алдындағы тәжірибесі Қазақстан Республикасы Салық Қызметінің орталық аппаратында немесе оның бір басқармасында ұйымдастырылады.Өндірістік тәжірибеге кіріспес бұрын, студенттің ҚР салық қызметінің ұйымдық құрылымы мен оның қызметтері туралы білулері керек.

 

Тәжірибе барысында студент міндетті:

1) Студент тәжірибеден өтіп жатқан басқарманың негізгі қызметтері мен міндеттерін зерттеу;

2) Осы және басқа да басқармадағы мамандармен анықталған салық төлеушілердің салықтар мен алымдарды төлеу барысындағы мәселелері жөнінде ақпараттар алу;

3) Салық және алымдарға байланысты ҚР салықтық заңнамасын жетілдіру бойынша басқарманың ұсыныстарымен танысу;

4)  Басқарманың құзырына жататын, солармен өңделген нұсқаулар, әдістемелік нұсқаулар және басқа да құқықтық актілер бойынша сұрақтармен, сондай – ақ, ҚР Қаржы Министрлігіне тапсырылатын салықтық мағлұмдама түрлеріне байланысты жобалар, оларды толтыру тәртібі бойынша ұсыныстармен танысу;

5) Ұйымдар мен жеке тұлғалардың салық салуына бақылау жасауды жетілдіру жөніндегі салық қызметінің мамандарымен дайындалған ұсыныстармен танысу.

Студенттермен зерттелетін сұрақтардың көлемі көп жағдайда, өндірістік тәжірибе ұйымдастырылып отырылған басқарма қызметі мен диплом жұмысын жазуға байланысты таңдалған тақырыптың мәселелермен тығыз байланысты. Мысалы:

Салықтық бақылауды ұйымдастыру басқармасы

· Салықтық органдардың бақылау қызметінің ұйымдық және методологиялық қамтамасыз етілуін зерттеу;

· салық төлеуден жалтарыну әдістері ман одан бұлтартпау шараларын анықтау методикасымен танысу;

· нормативтік - құқытық базаға өзгерістер енгізумен байланысты дайындалған ұсыныстармен танысу;

· салықтық органдардың бақылау қызметінің нәтижесі мен тәжірибесін зерттеу;

· басқарманың құрамы мен құрылымын, сондай –ақ, ішкі бөлімшелер қызметінің мақсаты мен міндеттерін зерттеу;

· салықтық бақылауды жүзеге асыру формасы мен әдістері;

· төменгі деңгейдегі салықтық инспекцияға әдістемелік және тәжірибелік көмек беруді жүзеге асырудың әдісі мен технологиясы;

· тексеру материалдары бойынша анықталған салықтық құқық бұзушылыққа байланысты жұмыстарды ұйымдастыру;

· салық және алымдарға байланысты ҚР заңнамасын түсіндіру бойынша жұмыстардың әдістері мен түрлері;

· салық төлеушілердің сұрақтары және хаттарымен жұмыс жасау.

Бұдан басқа, студент салық төлеушілерді салықтық тексеруді жүргізу әдістері мен ұйымдастыру, тексеру актісімен танысу, олар бойынша шешімдер қабылдау және оны жүзеге асыру барысын зерттеуі керек.

2.Аудандар бойынша, қалалардағы аудандар, ауданға бөлінбеген қалалардағы, аймақ аралық салық қызметі, ауданаралық деңгейдегі салық қызметі

Салық органдарынан тәжірибеден өту барысында студент ұйымның жұмысымен, құрылымдық бөлімшелердің міндеттері және қызметтерімен, нормативтік актілер және әдістемелік материалдармен, салық төлеушілердің есебі және есеп беруді ұйымдастыру, компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы салық төлеу барысымен танысады.

Студент салық инспекциясы жұмыс орнында жұмыс формасымен әдістемесімен танысады. Кәсіпорынның салықтық пайдасына, қосылған құн салығына, акциздерге, меншік салығына, бюджетке түсетін жеке тұлғалардың және басқа да салық төлеушілерге назар аударуы тиіс.

Кәсіпорынға тәжірибеден өту барысында студент мыналармен таныс болуы тиіс:

1. салық төлеушілерге салықтық тексерулерді ұйымдастырумен;

2. салықтық базаның анықтылығына қадағалау жасау; және сол актті қолдана, салық органдарының шешімімен тексерісіне акт жасау;мен

3. бюджетке түсетін аванстық төлемдердің ауытында төленгендігіне қадағалау;

4. салықтық және басқа да төлемдер жұмысын ұйымдастыру;мен

5. ҚР заңы салықтық сұрақтарға жеке тұлғаларға және кәсіпорындарға ақпарат берумен.

Өндірістік тәжірибе кезінде студент бюджетке түскен салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді тексрістерді, салықты есептеу әдістерінің дұрыстығын, салық деклорациясын толықтыруды үйренеді.

Сонымен қатар студент салықтық есепті үйреніп, салықтық түсімдердің жоспарын үйреніп, салықтық есепке талдау жасауды, тексерістерде көмек көрсетуді, берілген тапсырмалардың дұрыс өткендігін үйренуі тиіс.

3. Ұйымдардың салықтық бөлімшелері

Студент салық бөлімдерінен тәжірибеден өту барысында мынаны үйренуі тиіс:

  • салық міндеттемелеріне байланысты жұмысты ұйымдастыру барысында банкпен, салық органдарымен өзара қарым- қатынаста болуға;
  • салық бөлімдерінің және бөлімшелерінің бюджеттік есепке;
  • салық жоспарын ұйымдастыруды;
  • салық есебін және салық саясатын ұйымдастыруды;
  • салықтың төленген алғашқы құжаттарды ретке келтіруді;
  • синтетикалық және аналитикалық есептің ведомствасының дұрыстығын қарауға;
  • бухгалтерлік және салық есебі туралы негізгі кітаптарды, шот- фактура туралы тіркеуді ұйымдастыруды;
  • айға, кварталға, жылға кәсіпорынның төлейтін салық есебін және салық деклорациясын қалыпқа келтіруді;
  • аванстық төлемдердің және мерзімді салық соммаларын ретке келтіруді;
  • салық агенттерін және бюджет есебін реттеуді;
  • бюджетте төлем құжаттарын реттеуді;
  • салықтың банктегі, сақтандыру компанияларындағы және басқа да қаржы- несие бөліміндегі артықшылықтарын;
  • салықтың мекемедегі артықшылығын білуі.

Негізгі материалда (жылдық немесе кварталдық есепке) бухгалтерлік және салықтық құжетқа сай бухгалтерлік және салықтық тексерісті өздігінен жүргізуі тиіс.

Студентке салық төлеушімен банктік салық төлеумен қарым- ұатынасын, сонымен қатар, салық органдарымен және басқа да міндетті төлемдермен таныс болуы тиіс.

Өндірістік тәжірибе барысында коммерциялық банктің және басқа да қаржы – несие салық базасының салық пайдасын анықтау. Лицензиясы бар банктер салық операциясына және шет елдік валюта мәмілесіне көңіл бөлуі тиіс.

Өндірістік тәжірибе барысында нарықта бағалы қағаздар ішінде заңды және жеке тұлғалардың бағалы қағаздарының қатынастарына көңіл бөлуі тиіс.

Егер өндірістік тәжірибе аудиторлық фирма болса, онда студент бқліммен (группа) танысуы тиіс. Соңына дейін салықтық аудитті үйренуі тиіс.

Өткізілетін құрамда немесе өздігінен салық есебінің объектісіне, салық базасының дұрыстығын, льготтың дұрыстығына көңіл бөлуі тиіс. Қорытындысына аудиторлық қорытындыда жіберілген ақауларды тексеруі тиіс.

Өндірістік тәжірибе барысында студент дипломдық жұмыс жазуға керек материалдарды алады, оқиды.

7.5. Қалалық (аудандық) қазынашылық бөлімінде тәжірибеден өту

Қалалық (аудандық) қазынашылық бөлімінде тәжірибеден өту мыналарға мүмкіндік береді:

§ бақылаушы мемлекеттік органдардың құрылымымен танысуға;

§ жергілікті бюджеттің кіріс – шығыс бөлігінің орындалу процесін зерттеу, бюджеттің атқарылуындағы қазынашылық бөлімінің ролін көрсету;

§ бюджетаралық қатынстардың мәнін ашуға.

Тәжірибеден өту барысында Қазынашылық органдардың өзара қарым - қатынасын жәнебасқа да қадағалаушы мемлекеттік органдардың кіріс бөлігі мен жоспарланған шығыс бөлімдеріне көңіл бөлінуі тиіс. Аймақтық және жергілікті бюджеттің және бюджетаралық қатынастардың ақпараттарын жинау.

7.6. Қалалық (аудандық) әкімшілік жанындағы қаржы бөліміндегі өндірістік тәжірибе

Мұндай тәжірибе жергілікті бюджеттің қалыптасуы және оның атқарылуына байланысты сұрақтарды зерттеуге бағытталады. Бұл үшін мекеменің ұйымдық құрылымымен танысып, оның мақсаты мен міндетін зерттеу, қызметтері, басқару жүйесін анықтау керек.

Әрбір бөлімнің атқаратын қызметінің мазмұнын зерттеу керек (табысты жоспарлау, бухгалтерия шығындарын, бюджеттік субъектілерді қаржыландырудың орындалуын бақылау бөлімінің қызметін).

Аталған құрылымдық бірліктің мемлекеттік салық қызметі органымен, бюджеттен тыс қорлар және банктермен өзара байланысын қадағалау. Қажетті есеп пен есеп беру құжаттарының түрімен танысу, дипломдық жобаны орындауға қажетті мәліметтерді жинақтап, өндірістік тәжірибеден өту туралы есепті құрастыру.

7.7. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың аймақтық бөлімшелерінде өндірістік тәжірибеден өту мазмұны

ҚР Зейнетақы қорының бөлімдерінде тәжірибеден өту

1.Зейнетақы қоры бөлімдерінің құрылымы, оның мақсаттары мен міндеттері.

2. Зейнетақы қорының жұмысын ұйымдстыру ерекшеліктері.

3.Зейнетақыны тағайындау және қайта есептеуді ұйымдастыру бөлімі қызметінің негізгі бағыттары.

4. Зейнетақы төлеуді ұйымдастыру бөлімінің қызметі.

5. Зейнетақы қоры бөлімдерінде сақтандырылған тұлғаларды дербес есепке алу.

6. Зейнетақы қоры бюджеттерінің кіріс және шығыс бөлімдерін жоспарлау әдісі.

7. Бақылау – ревизиялық бөлім қызметінің негізгі бағыттары.

Әдебиеттер тізімі

1. Анализ финансово-экономической деятельности предприятий. (Н.П.Любушин, В.Б.Лещева,В.Г.Дьякова): Уч.пособие для ВУЗов.-М.:ЮНИТИ-ДАНА,2001.- 471 с.

2. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник.Изд.4-е – М.: Финансы и статистика, 2002.-416 с.

3. Балабанов И.Т Основы финансового менеджмента. Как управлять капиталом. – М.: Финансы и статистика, 1995.

4. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта. - М.: Финансы и статистика, 1998.

5. Басовский Л.Е. Теория экономического анализа- М.: ИНФРА –М, 2001 г.-222 с.

6. Белолипецкий В.Г. Финансы фирмы: Курс лекций / Под ред. И.П. Мерзлякова. - М.: ИНФРА- М, 1998.-298с.

7. Бочаров В.В.Финансовое моделирование- СПб:Питер,2000.-208 с.

8. Бухгалтерская отчетность и налогообложение в 2000 году.СборникИНСЭИ.Выпуск 1.-СПб; Изд-во СПбГУЭФ, 2000 г.

9. Галанина Е.Н. Бухгалтерский учет: Финансы и статистика, 1997.

10. Гиляровская Л.Т, ЕндовицкийД.А.Финансово-инвестиционный анализ и аудит коммерческих организаций. -Воронеж: Изд-во Воронежскогогосуд. Ун-та, 1997,-ЗЗбс.

11. Гражданский Кодекс РК. - М. «Китап Пресс», 1996-336с.

12. Ефимова Д.В. Финансовый анализ. – М.: Бух. Учет, 1999.

13. Закон РК «Об акционерных обществах» от 26.12.95 г. № 208-ФЗ /Сб. законодательства о предпринимательской деятельности. - Ростов-на-Дону: изд-во «Феникс», 1998.

14. Закон РК «О бухгалтерском учете» от 21.11.96 г. № 129-ФЗ / Сб. законодательства о предпринимательской деятельности. - Ростов-на-Дону: изд-во «Феникс», 1998.

15. Кирьянова З.В. Теория бухгалтерского учета: Учебник - М.: Финансы и статистика, 1995.

16. Ковалев В.В. Управление финансами: Учебное пособие. - М.,1998.

17. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. -М.: Центр экономики и маркетинга, 1995.-192 с.

18. Ковалев В.В. Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности. - М.: Финансы и статистика, 1996-432 с.

19. Ковалев В.В., Петров В.В. Как читать баланс, 3-е изд., перераб. и доп. - М.: Финансы и стати-стика, 1998.-448с.

20. Козлова Е.П., Парашютин Н.В., Бабченко Т.Н. Бухгалтерский учет. - М.,1999.

21. Козырев В.М.Туристская рента: Учеб.пособие.-М.: Финансы и статистика, 2001.-112 с.

22. Крейнина М.Н. Финансовый менеджмент: Учебное пособие. – М.:Дело и Сервис, 1998.

23. Крейнина М.Н. Финансовое состояние предприятия. Методы оценки. - М.: ИЦК»ДИС», 1997.-1224с.

24. Круш З.А. Перекрестова М.В. Практикум по финансам сельского хозяйства. -М.: Финансы истатистика, 1994.-328 с.

25. Кузьмина Л.П. Краткий конспект лекций по курсу «Теория экономического анализа» Часть 1.- Пятигорск: МКА, 1995.

26. Лиманский. М.А., МасловаИ.Б. Финансы в сельском хозяйстве: Учебное пособие для вузов. М.: Финансы, ЮНИТИ, 1999.-430 с.

27. Маслова Д.В., Вазагов В.М., Васильев Ю.В., Кузьмина Л.П. Учетная политика предприятия (для бухгалтеров и предпринимателей. – Пятигорск: ИнЭУ Учебно-Научный Центр «Ноллидж», 1996.

28. Макарьева В.И. Состав и учет затрат, включаемых в себестоимость: промышленность, торговля, сельское хозяйство, наука, банки. Сб. нормативных документов. - М.:Международный центр финансово-экономического развития, 1996.-359С.

29. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства: У 1ебное пособие. - М.:Финансы и статистика, 1996.-176 с

30. Менеджмент туризма:Экономика туризма: Учебник.-М.6 Финансы и статистика, 2001.-320 с.

31. Менеждменттуризма:Туризм и отраслевые системы: Учебник.-М.6Финансы и статистика, 2001.-272 с.

32. Методические рекомендации по оценке эффективности инвестиционных проектов.Официальноеиздание.Утв.МинэкономикиРК,Минфином РК, Госстроем РК 21 июня 1999 г. - М.:Экономика, 2000

33. Налоговое законодательство и новые стандарты бухгалтерского учета. Сборник нормативных документов ИНСЭИ.Выпуск 3, часть 11.СПб: Изд-во СПьГУЭФ, 1999.

34. Налоговый Кодекс РК. №147-ФЗ от 31.07.98 г. // Финансовая газета. -1998.

35. Негашев Е.В. Анализ финансов предприятия в условиях рынка: Учебное пособие. - М.: Высшая школа,1997.

36. Павлова Л.Н. Финансы предприятий: Учебник для вузов. –М.: Финансы, ЮНИТИ, 1998.

37. ПавловаЛ.Н.Финансовыйменеджмент.Управление денежным оборотом предприятия: Учебник для вузов. -М.: Банки и биржи,)НИТИ, 1995.- 400 с.

38. Практикум по финансовому менеджменту: учебно-деловые ситуации, задачи и решения. /Под ред. Е.С. Стояновой. - 2-е изд. дополн. иперераб. - М.: Перспектива, 1997.-140с.

39. Русак Н.А. Русак В.А. Финансовый анализ субъекта хозяйствования: Справочное пособие Мн.: Высшая школа, 1997.-309 с.

40. ПапирянГ.А.Менеджмент в индустрии гостеприимства.-М.6Экономика 2000.-207 с.

41. План счетов бухгалтерского учета финансово-хозяйственной деятельности организаций и Инструкция по его применению. – М.: Информационное агенство ИПБ-БИНФА, 2001.

42. План счетов бухгалтерского учета финансово-хозяйственной деятельности предприятий и Инструкция по его применению. – М.: Финансы и статистика, 1998.

43. Положение о бухгалтерском учете и отчетности в Республики Казахстан.Приказ Минфина России от 29 декабря 1994 г.№170

44. Положение по ведению бухгалтерского учета и бухгалтерский отчетности в РК от 29.07.98 г.№ 34н //Финансовая газета. -1998. - № 36.

45. Положение по бухгалтерскому учету «Доходы организации ПБУ 9/99 от 06.05.99 г. № 32н //Финансовая газета. -1999.-№23.

46. Положение по бухгалтерскому учету «Расходы организации» ПБУ 10/99 от 06.05.99 г. № ЗЗн //Финансовая газета. -1999-№23.

47. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебное пособие. – Минск: ООО «Новое знание», 2000.

48. Самоукин А.И., Шишов А.Л. Сборник задач по бизнесу - М.: Новая школа, 1995.-112 с.

49. Соболевае.а.,Соболеви.и. Финансово-экономический анализ деятельности турфирмы: Учебно-методическое пособие.- М.: Финансы и статистика, 2000.-128 с.

50. Справочник финансиста (под редакцией проф. Э.А.Уткина – М.: Тандем, Экмос, 1998.

51. Справочник финансиста предприятия. - М.: ИНФ-РА-М., 1996.-368с.

52. Уткин Э.А. Финансовый менеджмент. Учебник для вузов. – М.: Зерцало, 1998.

53. Учет затрат в сельском хозяйстве. Методические рекомендации. - М.: изд-во «Ось-89», 1998.-256с.

54. Фатхутдинов Р.А. Конкурентоспособность: экономика, стратегия, управление.- М.6ИНФРА-М.-2000.-312с.

55. Финансы: Учебное пособие / Под ред. A.M. Ковалевой. -/ М.: Финансы и статистика, 1998.-336.

56. Финансы предприятий: Учебник/ Под ред. Н.В. Колгиной. - М.: Финансы, ЮНИТИ, 1998-413с.

57. Финансовый менеджмент: теория и практика: Учебник /Под ред. Е.С. Стояновой. - М.: изд-во Перспектива,. 1996.-405 с.

58. Финансы предприятий: Учебное пособие /Под ред. Е.И. Бородиной. - М.: Банки и биржи. ЮНИТИ, 1995.-208с.

59. Финансы предприятий: Учебное пособие/Заяц Н.Е. и др. - Мн.: Высшая школа, 1995.-296 с.

60. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Финансы предприятий. - М.:ИНФРА-М„ 1998-343 с.

61. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С., Негашев Е.В. Методика финансового анализа: Учебное пособие.изд.3-е –М.: Инфра М, 2002.-208 с..

62. Экономические анализ: ситуации, тесты, примеры:Учебное пособие (Под ред.Баканова М.И., Шеремета А.Д.).-М.:Финансы и статистика, 2002.-656 с.

63.. Экономика предприятий торговли и сферы услуг: учебное пособие /Под ред. Ю.А. Аванесова. -М.:- 1995.-296с.930. Экономика строительства/Под ред. И.С. Степанова-М.: Юрайт, 1997. - 416 с.

 


Қосымша 1.

Өндірістік тәжірибеден өтудің күнтізбелік жоспары


студент _____________________ курс___________  топ __________

 

Күні, айы Орындалатын жұмыс мазмұны
  1. Кәсіпорынмен танысу, жарғысын, атқаратын қызмет түрлерін, формаларын зерттеу
  2. Көрсетілетін қызмет ассортименті мен көлемін, еңбек ресурстарын пайдалану, еңбекті ұйымдастыру және оған ақы төлеуді зерттеу
  3. Өзіндік құнды қалыптастыруды зерттеу
  4. Қаржылық нәтижелерді, рентабельділікті талдау, өткізуден түскен түсімді қалыптастыруды зерттеу
  5. Салық салу жүйесін зерттеу
  6. Активтер мен пассивтерді басқаруды бағалау
  7. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, төлемқабылеттілігін талдау
  8. Жеке тапсырманы орындау
  9. Өндірістік тәжірибеден өту туралы есеп құрастыру

 

Университет тарапынан жетекші:__________________________________

 

Кәсіпорын тарапынан жетекші_____________________________________

 

 

Қосымша 2

 

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

 

Экономика және құқық факультеті

«Қаржы және есеп» кафедрасы

 

5В050900 «Қаржы» мамандығы бойынша 

өндірістік тәжірибеден өткені туралы

Е С Е П

 

Орындаған студент ­­­_____________________

аты –жөні, фамилиясы

Тәжірибе жетекшісі _____________________

/университет тарапынан/ аты-жөні, фамилиясы

Тәжірибе жетекшісі _____________________

/кәсіпорын тарапынан/ аты –жөні, фамилиясы

 

 

Ақтөбе,2018


 

Қосымша 3

 

        Ф 08.05.02

Қ. Жубанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

өндірістік тәжірибеге

 


Жолдама

           

Экономика және құқық институтының 5В050900 «Қаржы» мамандығы бойынша __________ топ ______________курс студенті ______________________________________________________

 

                                                        (кәсіп орын атауы)

 

Өндірістік тәжірибеге жіберілді ___________________________________________________________________________

(тәжірибеден өту уақыты)

 

 

Экономика және құқық институты

 

 

М.О.

 

 

Ф 08.05.02

Анықтама

 

5В050900 «Қаржы» мамандығыныңстуденті ____________________________өндірістік

 

тәжірибеден өту орнына _______________________________________________________

                    (кәсіп орын атауы)

 

Тәжірибеден өту уақыты _____________________________________________

 

Кәсіпорын басшысы _______________                                              __________________

(қол үлгісі)Ф.А. Ә

 

 

М. О                                          

 


Қосымша  4.

 

Үлгі

 

 

      Қ.Жұбанов атындағы АМУ-ң

Экономика және құқықфакультетінің

5В050900 «Қаржы» мамандығының

_курс студенті _______________


МІНЕЗДЕМЕ

_______________________, екі ай аралығында, кәсіпорынымызда өндірістік тәжірбиеден өтті. Осы уақыт аралығында ол теориялық білімін тәжірибие жүзінде ұштастыра білді. _______________, өзінің ізденімпаздығымен ұқыптылығымен қазіргі заман талабына сай маман болуға және өзінің кәсібін меңгеруге қабілетті жоғары екенін көрсете білді.

Сонымен қатар ұжымдағы жауапкерлішікті сезіне отырып кәсіпорын қызметкерлерімен клиенттермен мәдениетті бола отырып белсенді қарым қатынаста болды.

____________, өндірістік тәжірбие кезіндегі жұмыстарын «_________» деп бағалаймын.

 

 

______________________                  _______________

Лауазым                                                             аты жөні

 

 


Қосымша 5.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қ.ЖұбановатындағыАқтөбе өңірлік мемлекеттікуниверситеті

Экономика және құқық факультеті

«Қаржы және есеп»кафедрасы

 

5В050900 «Қаржы»

мамандығының ___ курс студентінің 

өндірістік тәжірибеге арналған

КҮНДЕЛІГІ

 

 

Ақтөбе- 2018 ж.


Қосымша 6.

КҮНДЕЛІК

 

__________________________________ практика ____________ оқу жылы

(практика түрі)

 

__________________________ факультетінің ______ курсыныңстуденті

Фамилиясы ______________________________________________________

Аты-жөні  ______________________________________________________  

Практика ____________________________________________________ өтті

(өндірістіңаты)

 

Практиканыңкүнтізбелікмерзімі:

 

 

Оқужоспарыбойыншабасталуы: _________________ аяқталуы: ___________

Практикағакелгенуақыты: «_____» ________________________200 ____ ж.

Практиканыңаяқталғануақыты: «_____»_____________________200 ____ ж.

 

 

Практиканыңуниверситеттегіжетекшісі

 

 

Кафедрасы: _________________ Дәрежесі __________________

Фамилиясы: _________________________________________________________

Аты-жөні: _________________________________________________________

Қызметі:  _________________________________________________________

 

Практиканыңөндірістегіжетекшісі:

 

Фамилиясы:

________________________________________________________

Аты – жөні:

________________________________________________________

Қызметі: __________________________________________________________


Студенттергеарналғаннұсқау

 

1. Практика оқупроцесініңқұрамдасбөлігіболыптабыладыжәнетаңдапалынғанмамандықбойыншаөндірісжағдайындапрактикалықжұмыстәжірибесінеүйретеді, студенттің университет қабырғасындаалғанбілімінбекітудімақсатетеді.

 

2. Практиканыңөтукезеңінде студент нақтыталаптар мен шарттарқойылғанпрактиканыңбағдарламасынасәйкесбарлықтапсырмалардыорындауыжәнеөндірістіңтәртіпережелерінетолығынанбағынуытиіс.

 

3. Студенттапсырылғанжұмыстыөзбетіншетастапкетугенемесеоныңтағайындалғанорындалууақытынкейінгежылжытуғақұқығыжоқ.

 

4. Студент практика бағдарламасы мен тапсырмаларынасәйкестендіріпесеп беру үшінпрактиканыңөтууақытынақарсыаяқталатындайетіпүнеміжүйелітүрдежұмысжасапотыруықажет.

 

5. Студенттіңкүнделіктітолтырутәртібі:

- Күнделіктегібелгілерпрактиканыңөтутапсырмаларынасәйкесболуықажет;

- студент күнделіктікүнсайынтолтырып, ал жетекшіаптасынабірреттексеріпотыруықажет;

- күнделіккестуденттердіңорындағанбарлықжұмыстарыенгізіледі;

- практика жетекшілерікүнделіктітолтырып, берілгенесеппенбіргекафедрағатапсырады.

 

 


                                                                                      «БЕКІТЕМІН»

___________ каф.меңгерушісі

«______» _________ 200 ___ ж.

 

Кафедра тапсырмасы ______________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

1. _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Жеке тапсырмалар

_______________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Өзіндіктапсырмаларғаарналған (шығармашылық) жұмыстар________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

5. Қауіпсіздікережесі, еңбектіқорғаужәнеөрткеқарсытапсырмалары _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Практикағатапсырманыалған студент ___________________________________________________________________________________________________________________________________

«____»______________________ 200 - 200 оқужылы.

Күні Орындалғанжұмыстүрлері Сағат саны Жетекшініңаты-жөні
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

Кафедраның практика жетекшісі

 ____________________

 

Күні Орындалғанжұмыстүрлері Сағат саны Жетекшініңаты-жөні
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

Кафедраның практика жетекшісі

 ____________________

 


Мадақтаулар мен сын ескертпелер:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Практика жетекшісініңқолы:     __________________________

 

 

Студентке (практикантқа




Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow