Тері тігістерін салу

Ф КММУ 4/3-05/04

04 қыркүйек 2017 жылдан ИП № 1.

 

 

 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Практикалық дағдылар орталығы

 

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ 

ТАҚЫРЫБЫ: «Базалық медициналық шаралардың симуляциялық курсы»

 

Пәні «Кідіріссіз жағдайлар бойынша симуляциялық  курс»

Мамандығы «051301-жалпы медицина», «Стоматология»

Курс: 2

Әзірлегендер:

Уақыты  (ұзақтығы) 90сағат

 

 

Қараганды 2017ж.


 

Практикалық дағдылар орталығының отырысында талқыланды және бекітілді. 

«____»____2017ж. хаттама  № ____

ПДО директоры, м.ғ.к., доцент                                                                       Кемелова Г.С.

 


 

ТАҚЫРЫБЫ: «Кідіріссіз жағдайлар бойынша симуляциялық курс»

· Мақсаты: Студенттерді медициналық манипуляцияларды жүргізу бойынша алгоритмдерге оқыту. 

· Оқытудың міндеті: практикалық дағдыларды өтеу. 

· Оқытудың әдістері: практикалық дағдыларды өтеу, пікір талас, топпен жұмыс.

Ұсынылатын әдебиеттер :

Орыс тілінде негізгі:



Орыс тілінде

Негізгі әдебиеттер

2.Буянов В.М., Нестеренко Ю.А. Первая медицинская помощь: Учебник.- 7-е изд, перераб. и доп..- М.:Медицина,2000.-244 с. (Учеб. литература для уч-ся мед. училищ)

3.Обуховец Т.П. Основы сестринского ухода: Учеб. пос. для мед. колледжей.- Ростов-н/Д: Феникс,2000.- 448 с.- (медицина для вас)

4.Фомина И.Г. Общий уход за больными.- М.: Медицина,2000.- 304 с. 5.Яромич И.В. Сестринское дело: Учеб. пособие.- Мн.: Вышэйшая школа, 2001

 5.Ослопов В.Н. Общий уход за больными в терапевтической клинике: учеб. пособие для вузов. М: ГЭОТАР- Медиа, 2005

Қосымша әдебиеттер

6. Евплов В.И. Дезинфекция и стерилизация в лечебном учреждении: Сб. документов, коментарии, рекомендации.- Ростов н/Д: Феникс,2003.-478 с.-(Медицина для Вас)

7.Давлицарова К.Е., Миронова С.Н. Манипуляционная техника:Учебное пособие.-М.:ФОРУМ:ИНФРА - М,2005.- 480 с.

8.Кулешова Л.И. Инфекционная безопасность влечебно профилактическом учреждении.: Ростов н/Д Феникс, 2005.-316 с.

9.Ужесов Г.Н. Справочник по уходу за больными.- М: Центрполиграф,2006.-366 с.

 

Орыс тілінде қосымша:

1. Мурашко, В. В. Электрокардиография: Учеб. пос. / Мурашко, Владислав Владимирович, Струтынский А.В., 2005, МЕДпресс-информ. - 320 с.

2. Врачебные методы диагностики (осмотр, пальпация, перкуссия, аускультация): Учеб. пос. для вузов / Кукес В.Г. [etal.], 2006, ГЭОТАР-Медиа. - 720 с.

Основная на казахском языке:

1. Қаражанова Л.Қ. Электрокардиография: клиникалықталдау [Мәтін]:оқуқұралы / Л. Қ. Қаражанова, 2010. - 97 б

· Анестезиология и реаниматология: Учеб. для мед. вузов//Под ред. О.А.Долиной.-2-е изд.,перераб. и доп.-М.: «ГЭОТАР-МЕД».- 2002.-552

· Интенсивная терапия: Практ. рук./Под ред. В.А. Михельсона.-М.: «ГЭОТАР-МЕД», - 2003.-552с

· Гордеев В.И. Педиатрическая анестезиология-реаниматология: Частные разделы/В.И. Гордеев, Ю.С. Александрович. -СПб: СПб мед.изд.,2004.-409с.

· Травматология Нац. рук-во/Под ред. С.П.Миронова, Г.П.Котельникова.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2008.-832с.+СD.

· Краснов А.Ф., Мирошниченко В.Ф., Котельников Г.П. Травматология 4 ч-к для … и после дипломной подготовки М, 1995 – 3 экз.

·  «Стандарты по оказанию скорой медицинской помощи детям на догоспитальном этапе». Санкт-Петербург 2006, под редакцией профессора А.Г.Мирошниченко, доцента В.М.Шайтор. стр 27-30.

· Буянов В.М., Нестеренко Ю.А. Первая медицинская помощь: Учебник.- 7-е изд, перераб. и доп..- М.:Медицина,2000.-244 с. (Учеб. литература для уч-ся мед. училищ)

· Геппе Н.А., Подчерняева Н.С. Пропедевтика детских болезней: учебник / ред.Н.А.Геппе,Н.С.Подчерняева. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 464 с.: ил.

· Капитан Т.В. Пропедевтика детских болезней с уходом за детьми: учеб. для вузов / Т. В. Капитан. - М.:МЕДпресс-информ, 2009. - 656 с.: ил.

· Мухин Н.А Пропедевтика внутренних болезней: учебник / Н. А. Мухин, В. С. Моисеев. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 848 с

Ұсынылатын әдебиеттер :

Орыс тілінде негізгі:

1. Анестезиология и реаниматология: учебник / ред. О. А. Долина, 2009, ГЭОТАР-Медиа. - 576 с.

2. Громнацкий Н.И. Внутренние болезни: учебник / Н. И. Громнацкий, 2010, Мед. информ. агентство. - 688 с.

3. Орлов В.Н. Руководство по электрокардиографии: руководство / В. Н. Орлов, 2012, МИА. - 560 с.

4. Маколкин В.И. Внутренние болезни: учебник / В. И. Маколкин, С. И. Овчаренко, В. А. Сулимов, 2012, ГЭОТАР-Медиа. - 768 с

5. Черкашина З.А. Неотложная медицинская помощь / З. А. Черкашина, 2008, Мед. информ. агентство. - 808 с.

6. Вялов С.С. Неотложная помощь [Текст]: практическое руководство / С. С. Вялов, 2013, МЕДпресс-информ. - 192 с.

7. Руководство по скорой медицинской помощи: руководство / ред. С. Ф. Багненко [и др.], 2010, ГЭОТАР-Медиа. - 816 с

8. Сумин С.А. Неотложная доврачебная помощь: Учебник / С. А. Сумин, 2008, МИА. - 728 с

9. Сумин С.А. Неотложные состояния: Учебное пособие / С. А. Сумин, 2010, Мед. информ. агентство. - 960 с

10. Мюллер З. Неотложная помощь: Справочник практического врача: пер. с нем. / З. Мюллер, 2009, МЕДпресс-информ. - 528 с

 

Қолды өңдеудің әдісі мен техникасы 

ҚОЛДЫ ЖУУДЫҢ ЖӘНЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУДЫҢ СТАНДАРТТЫ ӘДІСІ 

Алақан алақанға,білегін қоса. Оң алақан сол буынның жоғарғы жағына, ал сол алақан оң буынның жоғарғы жағына. Саусақтарды айқастырып алақан алақанға.
Бүгілген саусақтармен қарама-қарсы алақанға. Оң қолдың үлкен саусақтарын айналдыру қозғалысымен сол қолдың алақанымен және керісінше. Екінші қолдың лақанында айналдыру қозғалысымен саусақтардың басын уқалап сылау/.

 

Қолды ағып тұрған су астында, сұйық сабынмен 10-15 сек., жуу керек. Сабынды жуып тастап, бір реттік орамалмен сүртіп, кранды сол орамалмен жабу керек. Қолды 30 сек., шамасында залалсаздандыру керек, туберкулез болған жағдайда – 1 минут, шынтаққа дейін, залалсыздандыру ерітіндісімен сылау керек. Сылау кезінде қол дымқыл болу керектігін ұмытпаңыз. Қол жуған кезде залалсаздырылған қозғалыстар бір қалыпты болады. Әр қозғалыс 3 – 5 реттен қайталансын. Уақыт жеткілікті болса, қозғалысты қайтала.

.

Тері ішіне егу.

Дағдыны орындаудың топшыламалы алгоритмі

1 Барлық қажет жабдықтарды дайындау.Науқаспен жақсы қарым-қатынас орнату., оның жағдайын анықтау, одан тағайындалған дәріні бұрын алғандығын сұрау және науқастың аллергиялық анамнезін анықтау. Науқасқа емшараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру, дәрілік зат алынатынампуланы және оның корабын көрсету. 

2 Жұмыс істеуге қолды дайындау (гигиеналық тәсіл), су ағатын шүмекті шынтақпен жабу, таза сүлгімен немесе майлықпен қолды кептіру. Бетпердені және қолғапты кию. 

3 Шприц салынған қорапты поршень жағынан ашу, шприцті жинау, иненің тесігіншприцтің шкаласына қаратып жалғау, иненің қалпағын ашпай шприцті қорабына салып, медициналық үстелге қою.

4 Дәрісі бар ампуланы алып, оның сыртын оқу, дәрінің дәрігердің тағайындауымен сәйкес келгендігін, жарамдылы мерзімін және мөлшерін анықтаған соң, дәріні медициналық үстелге қою. Пинцетті стерильді қаптан бірнеше мақта тампондарын алып оларды таза лотокқа салу, спиртке малынған тампонмен ампуланың мойнын сүртіп, мақтаны қалдықтар салатын лотокқа тастау.

5 Бір қолға ампуланы, ал екінші қолға ампуланы кесетін кескішті ұстап ампуланың мойнынан кескішпен бір рет жүргізу, кескішпен ампуланың өзінің осімен айналдыра жүргізу, сызылған жерді және ампуланың мойнынан спирке малынған мақтамен айналдыра сүрту, мақтаны қалдық салатынға тастап, құрғақ мақталы шариктің арасын ашып ампуланың мойнын орап, үлкен және екінші саусақтың арасымен қысып абайлап ұшын сындыру, ампуланы үстелге қойып құрғақ шариктерді қалдыққа арналған науаға тастау.

6 Қораптан дайын тұрған шприцті алып, иненің қалрағын шешіп, сол қолдың екінші және үшінші саусақтарымен ампуланың түбінен, ал ампуланы түбінен ұстап, оң қолға шприцті алып, инені ампуланың қабырғасына тигізбей оның ішіне енгізіп, поршеньді баяу төмен тартып, ампуланың ішіндегісін шприцтің цилиндріне жинап ампуланы қалдық тастайтын науаға салу.

7 Егер шприц цилиндрінде ауа көпіршіктері болса, шприцтің поршенін өзіңе қарай тартып, баяу ауаныитеріп шығару қажет. Ескеріңіз! Ауа көпіршіктерін біріктіру үшін шприцтің корпусын соққылауға болмайды, ампуланың ішіндегісін сыртқа шығарамыз. Иненің ұшынан ерітіндінің тамшысын ғана шығару керек, шприцтегі инені шешіп, тесігін шприцтің шкаласына қаратып, жаңа инені кигізіп, дәрісі бар шприцті қорабына салып үстелге қою.

8 Науқасты орындыққа отырғызып, егетін орынды спиртке малынған мақта шаригімен 10х10 см көлемде өңдеу, басқа спиртке малынған мақтамен егетін орынды қайта өңдеу, осы мақтанынауқастың қолына немесе өзіңнің сол қолыңның 4-ші және 5-ші саусақтары арасынақою. Шприцті қорабынан алып, иненің қалпағын шешу. Шприцті қорабынан алып, иненің қалпағын шешу. Шприцті сол қолдың сұқ саусағымен иненің муфтасынан ұстап, иненің тесігін жоғары қарату.

9  Сол қолдың саусақтарымен егетін жердің терісін тарту, теріге иненің тек тесігін 5о градуспен енгізу, екінші саусақпен инені ұстау, сол қолмен поршеньді итеріпдәріні енгізу. Инені конюлясынан ұстап тұрып бірден суыру, спиртке малынған мақта шаригімен егілген орынды жайлап сүртіп мақтаны дез.ерітіндіге тастау.

10 Иненің қалпағын кигізбей шприцті инесімен арнайы шприцтер мен инелерді жоятын контейнерге тастау. Қолғапты спирт ерітіндісіне малынған мақтамен өңдеу. Егілген орынды қарау. Реакция байқалғанға дейін егілген орынға су тигізбей керектігін науқасқа айтып түсіндіру (егер егу диагностикалық мақсатта орындалса). Науқастың жағдайын сұрап, палаталық мейірбикенің медициналық бекетіне дейін жеткізу. Медициналық үстелден шприцтің қорабын және бос ампуланы қалдық салатын ыдысқа тастау. Медициналық үстелді сүрту. Қолғапты шешіп қолданған шприцтерді тастаған контейнерге тастау. Емшараның орындалғандығын тағайындау парағына жазу.

Тері астына егу.

Дағдыны орындаудың топшыламалы алгоритмі

1. Барлық қажет жабдықтарды дайындау.Науқаспен жақсы қарым-қатынас орнату., оның жағдайын анықтау, одан тағайындалған дәріні бұрын алғандығын сұрау және науқастың аллергиялық анамнезін анықтау. Науқасқа емшараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру, дәрілік зат алынатынампуланы және оның корабын көрсету. 

2. Жұмыс істеуге қолды дайындау (гигиеналық тәсіл), су ағатын шүмекті шынтақпен жабу, таза сүлгімен немесе майлықпен қолды кептіру. Бетпердені және қолғапты кию. 

3. Шприц салынған қорапты поршень жағынан ашу, шприцті жинау, иненің тесігін шприцтің шкаласына қаратып жалғау, иненің қалпағын ашпай шприцті қорабына салып, медициналық үстелге қою.

4. Дәрісі бар ампуланы алып, оның сыртын оқу, дәрінің дәрігердің тағайындауымен сәйкес келгендігін, жарамдылы мерзімін және мөлшерін анықтаған соң, дәріні медициналық үстелге қою. Пинцетті стерильді қаптан бірнеше мақта тампондарын алып оларды таза лотокқа салу, спиртке малынған тампонмен ампуланың мойнын сүртіп, мақтаны қалдықтар салатын лотокқа тастау.

5. Бір қолға ампуланы, ал екінші қолға ампуланы кесетін кескішті ұстап ампуланың мойнынан кескішпен бір рет жүргізу, кескішпен ампуланың өзінің осімен айналдыра жүргізу, сызылған жерді және ампуланың мойнынан спирке малынған мақтамен айналдыра сүрту, мақтаны қалдық салатынға тастап, құрғақ мақталы шариктің арасын ашып ампуланың мойнын орап, үлкен және екінші саусақтың арасымен қысып абайлап ұшын сындыру, ампуланы үстелге қойып құрғақ шариктерді қалдыққа арналған науаға тастау.

6. Қораптан дайын тұрған шприцті алып, иненің қалпағын шешіп, сол қолдың екінші және үшінші саусақтарымен ампуланың түбінен, ал ампуланы түбінен ұстап, оң қолға шприцті алып, инені ампуланың қабырғасына тигізбей оның ішіне енгізіп, поршеньді баяу төмен тартып, ампуланың ішіндегісін шприцтің цилиндріне жинап ампуланы қалдық тастайтын науаға салу.

7. Егер шприц цилиндрінде ауа көпіршіктері болса, шприцтің поршенін өзіңе қарай тартып, баяу ауаныитеріп шығару қажет. Ескеріңіз! Ауа көпіршіктерін біріктіру үшін шприцтің корпусын соққылауға болмайды, ампуланың ішіндегісін сыртқа шығарамыз. Иненің ұшынан ерітіндінің тамшысын ғана шығару керек, шприцтегі инені шешіп, тесігін шприцтің шкаласына қаратып, жаңа инені кигізіп, дәрісі бар шприцті қорабына салып үстелге қою.

8. Науқасты орындыққа отырғызып, егетін орынды спиртке малынған мақта шаригімен 10х10 см көлемде өңдеу, басқа спиртке малынған мақтамен егетін орынды қайта өңдеу, осы мақтанынауқастың қолына немесе өзіңнің сол қолыңның 4-ші және 5-ші саусақтары арасынақою. Шприцті қорабынан алып, иненің қалпағын шешу. Шприцті қорабынан алып, иненің қалпағын шешу. Шприцті сол қолдың сұқ саусағымен иненің муфтасынан ұстап, иненің тесігін жоғары қарату.

9. Сол қолдың сұқ және үлкен саусақтарымен егетін орынның терісін қатпарлап ұстау, үшбұрыштанған тері қатпарының негізіне ине ұзындығының 2/3 бөлігін 45о –та, сол қолдың бірінші саусағымен дәріні енгізу. Спиртке малынған стерильді тампонды егілген орынға қою. Инені канюлясынан ұстап, тез қимылмен суырып алу, тампонды теріден алмай жеңіл қимылмен уқалау, мақтаны дез.ерітіндіге тастау.

10. Иненің қалпағын кигізбей шприцті инесімен арнайы шприцтер мен инелерді жоятын контейнерге тастау. Қолғапты спирт ерітіндісіне малынған мақтамен өңдеу. Егілген орынды қарау. Реакция байқалғанға дейін егілген орынға су тигізбей керектігін науқасқа айтып түсіндіру (егер егу диагностикалық мақсатқа орындалса). Науқастың жағдайын сұрап, палаталық мейірбикенің медициналық бекетіне дейін жеткізу. Медициналық үстелдің үстіндегі шприцтің қорабын және бос ампуланы қалдық салатын ыдысқа тастау. Медициналық үстелді сүрту. Қолғапты шешіп, қолданған шприцтерді тастаған крнтейнерге тастау. Емшараның орындалғанын тағайындау парағына белгілеу.

 

 

Бұлшықетке егу.

Дағдыны орындаудың топшыламалы алгоритмі

1. Барлық қажет жабдықтарды дайындау.Науқаспен жақсы қарым-қатынас орнату., оның жағдайын анықтау, одан тағайындалған дәріні бұрын алғандығын сұрау және науқастың аллергиялық анамнезін анықтау. Науқасқа емшараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру, дәрілік зат алынатынампуланы және оның корабын көрсету. 

2. Жұмыс істеуге қолды дайындау (гигиеналық тәсіл), су ағатын шүмекті шынтақпен жабу, таза сүлгімен немесе майлықпен қолды кептіру. Бетпердені және қолғапты кию. 

3. Шприц салынған қорапты поршень жағынан ашу, шприцті жинау, иненің тесігін шприцтің шкаласына қаратып жалғау, иненің қалпағын ашпай шприцті қорабына салып, медициналық үстелге қою.

4. Дәрісі бар ампуланы алып, оның сыртын оқу, дәрінің дәрігердің тағайындауымен сәйкес келгендігін, жарамдылы мерзімін және мөлшерін анықтаған соң, дәріні медициналық үстелге қою.

5. Пинцетті стерильді қаптан бірнеше мақта тампондарын алып оларды таза лотокқа салу, спиртке малынған тампонмен ампуланың мойнын сүртіп, мақтаны қалдықтар салатын лотокқа тастау.

6. Бір қолға ампуланы, ал екінші қолға ампуланы кесетін кескішті ұстап ампуланың мойнынан кескішпен бір рет жүргізу, кескішпен ампуланың өзінің осімен айналдыра жүргізу, сызылған жерді және ампуланың мойнынан спирке малынған мақтамен айналдыра сүрту, мақтаны қалдық салатынға тастап, құрғақ мақталы шариктің арасын ашып ампуланың мойнын орап, үлкен және екінші саусақтың арасымен қысып абайлап ұшын сындыру, ампуланы үстелге қойып құрғақ шариктерді қалдыққа арналған науаға тастау.

7. Қораптан дайын тұрған шприцті алып, иненің қалрағын шешіп, сол қолдың екінші және үшінші саусақтарымен ампуланың түбінен, ал ампуланы түбінен ұстап, оң қолға шприцті алып, инені ампуланың қабырғасына тигізбей оның ішіне енгізіп, поршеньді баяу төмен тартып, ампуланың ішіндегісін шприцтің цилиндріне жинап ампуланы қалдық тастайтын науаға салу.

8. Егер шприц цилиндрінде ауа көпіршіктері болса, шприцтің поршенін өзіңе қарай тартып, баяу ауаныитеріп шығару қажет. Ескеріңіз! Ауа көпіршіктерін біріктіру үшін шприцтің корпусын соққылауға болмайды, ампуланың ішіндегісін сыртқа шығарамыз. Иненің ұшынан ерітіндінің тамшысын ғана шығару керек, шприцтегі инені шешіп, тесігін шприцтің шкаласына қаратып, жаңа инені кигізіп, дәрісі бар шприцті қорабына салып үстелге қою.

9. Науқасты орындыққа отырғызып, егетін орынды спиртке малынған мақта шаригімен 10х10 см көлемде өңдеу, басқа спиртке малынған мақтамен егетін орынды қайта өңдеу, осы мақтанынауқастың қолына немесе өзіңнің сол қолыңның 4-ші және 5-ші саусақтары арасынақою. Шприцті қорабынан алып, иненің қалпағын шешу. Шприцті қорабынан алып, иненің қалпағын шешу. Шприцті сол қолдың сұқ саусағымен иненің муфтасынан ұстап, иненің тесігін жоғары қаратып, оң қолдың басқа саусақтарымен шприцті айналдыра ұстау. Сол қолдың саусақтарымен тері қатпарын керіп, инені тік 90 0 бұрышпен 5-6 см тереңдікке енгізу. Сол қолдың бірінші саусағымен поршеннен итеріп, дәріні жібереді. Егілген орынға спиртке малынған мақтаны басу.Тампонды теріден алмай тұрып, 1-2 мин инені тез қимылмен бірден суырып алу.

10. Иненің қалпағын кигізбей шприцті инесімен арнайы шприцтер мен инелерді жоятын контейнерге тастау. Қолғапты спирт ерітіндісіне малынған мақтамен мақтамен өңдеу. Егілген орынды қарау. Реакция байқалғанға дейін егілген орынға су тигізбей керектігін науқасқа айтып түсіндіру (егер егу диагностикалық мақсатқа орындалса). Науқастың жағдайын сұрап, палаталық мейірбикенің медициналық бекетінедейін жеткізу. Медициналық үстелдің үстіндегі шприцтің қорабын және бос ампуланы қалдық салатын ыдысқа тастау. Медициналық үстелді сүрту. Қолғапты шешіп, қолданған шприцтерді тастаған крнтейнерге тастау. Емшараның орындалғанын тағайындау парағына белгілеу.

 

Көк тамырға егу.

Дағдыны орындаудың топшыламалы алгоритмі

1 Барлық қажет жабдықтарды дайындау.Науқаспен жақсы қарым-қатынас орнату., оның жағдайын анықтау, одан тағайындалған дәріні бұрын алғандығын сұрау және науқастың аллергиялық анамнезін анықтау. Науқасқа емшараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру, дәрілік зат алынатынампуланы және оның корабын көрсету. 

2 Жұмыс істеуге қолды дайындау (гигиеналық тәсіл), су ағатын шүмекті шынтақпен жабу, таза сүлгімен немесе майлықпен қолды кептіру. Бетпердені және қолғапты кию. 

3 Шприц салынған қорапты поршень жағынан ашу, шприцті жинау, иненің тесігін шприцтің шкаласына қаратып жалғау, иненің қалпағын ашпай шприцті қорабына салып, медициналық үстелге қою.

4 Дәрісі бар ампуланы алып, оның сыртын оқу, дәрінің дәрігердің тағайындауымен сәйкес келгендігін, жарамдылы мерзімін және мөлшерін анықтаған соң, дәріні медициналық үстелге қою. Пинцетті стерильді қаптан бірнеше мақта тампондарын алып оларды таза лотокқа салу, спиртке малынған тампонмен ампуланың мойнын сүртіп, мақтаны қалдықтар салатын лотокқа тастау.

5 Бір қолға ампуланы, ал екінші қолға ампуланы кесетін кескішті ұстап ампуланың мойнынан кескішпен бір рет жүргізу, кескішпен ампуланың өзінің осімен айналдыра жүргізу, сызылған жерді және ампуланың мойнынан спирке малынған мақтамен айналдыра сүрту, мақтаны қалдық салатынға тастап, құрғақ мақталы шариктің арасын ашып ампуланың мойнын орап, үлкен және екінші саусақтың арасымен қысып абайлап ұшын сындыру, ампуланы үстелге қойып құрғақ шариктерді қалдыққа арналған науаға тастау.

6 Қораптан дайын тұрған шприцті алып, иненің қалрағын шешіп, сол қолдың екінші және үшінші саусақтарымен ампуланың түбінен, ал ампуланы түбінен ұстап, оң қолға шприцті алып, инені ампуланың қабырғасына тигізбей оның ішіне енгізіп, поршеньді баяу төмен тартып, ампуланың ішіндегісін шприцтің цилиндріне жинап ампуланы қалдық тастайтын науаға салу.

7 Егер шприц цилиндрінде ауа көпіршіктері болса, шприцтің поршенін өзіңе қарай тартып, баяу ауаныитеріп шығару қажет. Ескеріңіз! Ауа көпіршіктерін біріктіру үшін шприцтің корпусын соққылауға болмайды, ампуланың ішіндегісін сыртқа шығарамыз. Иненің ұшынан ерітіндінің тамшысын ғана шығару керек, шприцтегі инені шешіп, тесігін шприцтің шкаласына қаратып, жаңа инені кигізіп, дәрісі бар шприцті қорабына салып үстелге қою.

8 Науқасты орындыққа отырғызу немесе кушеткаға жатқызу, қолын клеенкалы жастықшаға қоюды сұрау, алақанын жоғары қарату, егетін орынды қарау, егуге арналған көктамырды анықтау, оны пальпациялау, оның көрініп тұрған ұзындығын және жол траекториясын анықтау.

9 Екі ұшын жоғары қаратып иыққа бұрау салу, кәрі жілік артериясынан пульсті анықтау. Егер пульс анықталмаса байламды шешу. Науқасты шамалы тынықтырғаннан кейін емшараны қайталау. Науқастан жұдыры,ын бірнеше рет ашып-жұмуын, соңынан жұмып ұстап тұруын сұрау.

10 Спиртке малынған мақта шаригімен кубиталды аймақты 10см *10 см көлемде өңдеу, басқа шарикпен егілетін орынды өңдеу, осы мақтаны қолында немесе өзінің сол қолының 4-ші және 5-ші саусақтары арасына қою. Шприцті қораптан алып, иненің қалпағын шешу. Иненің тесігін жоғары қаратып, оң қолдың саусақтарымен шприцті айналдыра ұстау, сұқ саусақты иненің муфтасына қою.

11 Егуге таңдап алынған тамырға инені параллель қойып теріні тесу, инені алдыға қарай итеру, иненің бағытын 450 бұрышқа өзгерту. Тамырды пункциялау, иненің қуысқа енгендігін сезінуді бақылау. Тамыр бойымен инені жылжыту, иненің 1/3 ұзындығын енгізу, шприцтің поршенін өзіне тартып иненің тамыр қуысына тұрғанына көз жеткізу. Цилиндрде қан пайда болған кезде иықтағы бұрауды шешу.

12 Тамырға дәріне енгізе бастау, егу кезінде науқастың реакциясын бақылау керек, егер егу орынының айналасында томпаю пайда болса, егуді бірден тоқтатып, инені тамырдан шығару керек. Дәрілік затты дұрыс енгізбеу белгілері байқалмаса және науқастың жағдайы жақсы болса, егуді аяқтау қажет.Инені тамырдан шығармай тұрып спиртке малынған мақтаны егілген орынға, яғни иненің теріден көрінбейтін дисталды бөлігініі бетіне қою. Оң қолымен иненің муфтасынан ұстап тұрып, инені тамырдан шығару, ал сол қолымен мақтаны егілген орынға басу. Науқасқа қолын бүгіпң бірнеше минут ұстап тұруын өтіну.

13 Иненің қалпаған кигізбей шприцті инесімен арнайы шприцтер мен инелерді жоятын контейнерге тастау. Қолғапты спирт ерітіндісіне малынған мақтамен өңдеу. Егілген орынды қарау. Егер қан кетуі тоқтаса, мақтаны алып, қолданылған шприцтерді тастаған контейнерге салады.

14 Науқастың жағдайын сұрап палаталық мейірбикенің медициналық бекетіне дейін жеткізу. Медициналық үстелден шприцтің қорабын және бос ампуланың қалдық салатын ыдысқа тастау. Медициналық үстелді сүрту. Қолғапты шешіп қолданған шприцтерді тастаған контейнерге тастау. Емшараның орындалғанын тағайындау парағына белгілеу.

 

Көк тамырға инфузия

Дағдыны орындаудың топшыламалы алгоритмі

1. Барлық қажет жабдықтарды дайындау.Науқаспен жақсы қарым-қатынас орнату., оның жағдайын анықтау, одан тағайындалған дәріні бұрын алғандығын сұрау және науқастың аллергиялық анамнезін анықтау. Науқасқа емшараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру, дәрілік зат алынатынампуланы және оның корабын көрсету. 

2. Жұмыс істеуге қолды дайындау (гигиеналық тәсіл), су ағатын шүмекті шынтақпен жабу, таза сүлгімен немесе майлықпен қолды кептіру. Бетпердені және қолғапты кию. 

3.  Дәрісі бар ампуланы алып, оның сыртын оқу, дәрілік дәрігердің тағайындауымен сәйкес келгендігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерін анықтаған соң, дәріні медициналық үстелге қою. Пинцетпен стерильді қаптан бірнеше мақта тампондарын алып, оларды таза науаға салу, спиртке малынған тампонмен ампуланың мойнын сүртіп, мақтаны қалдықтар салатын науаға тастау.

4. Системаны алып жарамдылық мерзімін қарау және екі жағынан қысып қорабының бүтіндігін тексеру. Қорапты ашу. Бір ретті қолданатын системаны тамшылап егуге дайындау. 

5. Майлықты, мақтаны және пинцет салынған стерильді науаны дайындау.

6. Инфузияға арналған дәрілік ерітіндісі бар флаконды дайындау. Қайшымен флаконнан металл қақпағын ашу.Флаконнынң тығының екі рет спиртке малынған мақтамен өңдеу.

7. Инфузияға арналған флаконға ампуладағы ерітіндіні құю.

8. Инені флаконның резеңкелі тығынынан ішке енгізу.

9. Системадағы қысқышты жабу. Флаконның түбін жоғары қаратып төңкеріп,штативке ілу.

10. Системадағы инені қалпағымен бірге шешіп, стерильді науаға салу.

11. Тамшылағышты ерітіндіге толтыру, тамшылағыш флаконмен бір деңгейде тұруын бақылау керек. Тамшылағышты жартылай ерітіндіге толтыру. Системаның соңғы жағын төмен түсіріп. Түтікшені ерітіндіге толтырып, қысқышты жабу. Инені қалпағымен бірге кигізу.

12. Науқасты орындыққа отырғызу немесе кушеткаға жатқызу, қолын клеенкалы жастықшаға қоюды сұрау, алақанын жоғары қарату, егуге арналған көктамырды анықтау, оны пальпациялау, оның көрініп тұрған ұзындығын және жол траекториясымен анықтау.

13. Екі ұшын жоғары қаратып иыққа бұрау салу, кәрі жілік артериясынан пульсті анықтау. Егер пульс анықталмаса бұрауды шешу. Науқасты шамалы тынықтырғаннан кейін емшараны қайталау. Науқастың жұдырығын бірнеше рет ашып-жұмуын, соңынан жұмып ұстап тұруын сұрау.

14. Спиртке малынған мақта шаригімен кубиталды аймақты 10см *10 см көлемде өңдеу, басқа шарикпен егілетін орынды өңдеу, осы мақтаны қолында немесе өзінің сол қолының 4-ші және 5-ші саусақтары арасына қою. Системадан инені калпағымен бірге шешу, содан кейңн калпакты шешу. Сол қолдың бас бармағымен енгізу жерінен төменгі аймақты бекіте ұстау.

15. Егуге таңдап алынған тамырға инені параллель қойып теріні тесу, инені алдыға қарай итеру, иненің бағытын 450 бұрышқа өзгерту. Тамырды пункциялау, иненің қуысқа енгендігін сезінуді бақылау. Тамыр бойымен инені жылжыту, иненің 1/3 ұзындығын енгізу, шприцтің поршенін өзіне тартып иненің тамыр қуысына тұрғанына көз жеткізу. Қан пайда болған кезде иықтағы бұрауды шешу.

16. Системадағы қысқышты ашу. Оң қолдың саусақтарымен тамшылағыштың цилиндрін қысу. Системаны иненің канюлясына жалғастыру. Қысқыш арқылы таму жылдамдығын реттеу.

17.  Жабыстырғышпен инені қолға бекіту және енгізілген орынды стерильді майлықпен жауып қою. Көктамырға енгізу кезінде науқастың жағдайын бақылау.

18. Инфузияны аяқтаған соң көктамырға пункция жасалған орынға спиртке малынған мақтаны басып инені шығару. Науқастан шынтақ буынын бүгуді сұрау.

19. Инені алып, оны қанмен қатынасқан қалдықтар салатын контейнерге тастау. Системаның түтікшесінштативке ілу.

20. Пункция жасалған орынды тексеру. Егер қанның кетуі тоқтаса мақтаны алып, қолданған шприцтерді тастаған контейнерге салу.науқастың жағдайын сұрап, палаталық мейірбикенің медициналық бекетіне дейін жеткізу. Медициналық үстелденшприцтің қорабын және бос ампуланың қалдық салатын ыдысқа тастау. Медициналық үстелді сүрту. Қолғапты шешіп қолданған шприцтерді тастаған контейнерге тастау. Емшараның орындалғанын тағайындау парағына белгілеу.

Асқазанды жуу.

Дағдыны орындаудың топшыламалы алгоритмі

1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнатып. Емшараның мақсатпен түсіндіру,асқазанды жууға қарсы көрсеткіштердің жоқтығына көз жеткізу (өңеш стриктурасы, өңеш немесе асқазаннан қан кету). Емшараны орындауға науқастан келісімін алу.

2. Науқасты орындыққа отырғызып, емшараны орындау кезінде дәрігермен қатынасуды сұрау. Аузынан алынбаған тіс протезін алуды сұрау.

3. Кір сабынды қолданып, қолды гигиеналық жолмен жуу.

4. Резеңкелі алжапқашты киіп, мейірбикеден алжапқыштың бауын байлауды сұрау. Латексті қолғапты кмю.

5. Қораптан жуан зондты алып шығу. Науқастың алдыңғы тістерінен құлақ ұшына дейн өлшеп белгілеу.құлаұ ұшынан кіндік сақинасына дейін өлшеп, зондқа екінші белгі салу. Науқасқа алжапқыш кигізу.

6. Көмекшіден шараны науқастың аяғының арасына қоюды сұрау. Зондтың соқыр ұшын лубрикантпен майлау. Науқастың оң жағынан тұрып, аузын ашуды өтіну.

7. Оң қолға зондтың бітеу ұшынан 10 см қашықтықта ұстап, тілдің түбіне қою, зондтағы алғашқы белгі алдыңғы тіс деңгейінде болуы қажет.абайлап зондты өңешке енгізуді бастау

8. Науқасқа зондты жылжытқан сайын жұтынуын және мұрынымен терең дем алуын айтып тұру керек.

9. Жөтел немесе қақалу пайда болған жағдайда зондты бірден шығару қажет, себебі зондтың ұшы кеңірдекке түсуі мүмкін, бірнеше минуттан кейін науқасты тыныштандырып, емшараны қайта бастау керек.

10. Ауыз қуысындағы зондтың проксимальді бөлігінің жағдайын бақылап отырып, зондты баяу жылжыту қажет. Науқастың жағдайын мұқият қадағалау керек. Зондтағы екінші белгі науқастың тісінің деңгейіне жеткенде зондты алға қарай 1-2 см жылжыту керек.

11. Зондтың сырттағы ұшына воронканы жалғау керек. Асқазаннан шыққан сөлді шараға төгу үшін воронканы науқастың тізесінен төмен түсіру керек.

12. Воронканы шетіне дейін жылы суды толтырып құю. Воронкадағы суды асқазанға жіберу үшін оны баяу жоғары көтеру керек.Воронканы науқастың тізесінен төмен қарай түсіріп, суды шараға төгеді. Асқазаннан шыққан су таза болғанша осы емшараны бірнеше рет қайталау.

13. Назар аударыңыз! Егер асқазаннан шыққан суда қан пайда болса дереу емшараны тоқтатып, Жанэ шприці арқылы аминокапрон қышқылы ерітіндісіне 50 мл суық су араластырып зонд арқылы жіберу керек. Қанның кетуі тоқтамаса науқасты дереу хирургиялық бөлімшеге немесе қарқынды терапия бөлімшесіне тасымалдау.

14. Асқынулар болмаған жағдайда, жуынды су тазарғаннан кейңн асқазан мен өңештен зондты сүлгімен ұстап, абайлап сыртқа шығару. Зонд пен воронканы дезинфицирлеуші ерітіндісі бар ыдысқа салу.

15. Науқасқа бірнеше жұтым жылы су беріп, аузын шаюын сұрау. Науқастың аузын таза майлықпен сүрту.

16. Науқасқа эмоциялық жіне физикалық күш түсірмей палатаға жеткізу.

17. Асқазанның жуынды суын зертханаға тексеруге жіберу.

18. Жуынды суды 5 % хлорамин ерітіндісімен немесе құрғақ хлор әгін себу арқылы дезинфекциялау.Алжапқышты және күту құралдарын дез. Ерітіндімен қңдеу. Ауру тарихына және емшара журналына белгі жазу.

 

Қуықты катетерлеу.

Дағдыны орындаудың топшыламалы алгоритмі

1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату, орындалатын іс-әрекеттің барысын және мақсатын түсіндіріу.

2. Емшараны орындауға науқастың келісімін алу. Емшараны орындау кезінде сенімділік, сабырлылық сақтау.

3. Гигиеналық тәсілмен кір сабынды пайдалана отырып қолды жуу, мұхият таза сүлгімен немесе майлықпен қолды құрғату.

4. Бетпердені, қолғапты кию.

5. Бір рет қолдануға жарамды катетер бар қорапты дайындап, оны медициналық үстелге қою.

6. Науқастан шалқасымен жатуды сұрау, науқасқа кушеткадағы жағдайы ыңғайлы болу үшін көмекшілердің жұмысын ұйымдастыру. Науқастың белінің астына матадан жасалған жалпақ жастықша қою. Көмекшілерден жамбасының астынаклеенкалы жайма төсеуін және аяғының арасына судно қоюды сұрау.

7. Науқастан санын екі жаққа ашуын сұрау.

8.  Науқасқа қолданылатын катетердің түрін көрсетіп, оның келісімін алу. Емшараны орындау кезінде өзін дұрыс ұстауы туралы науқасқа ақпарат беру.

9. Көмекшілерден науқасты жуындыруға арналған жабдықтарды дайындауды өтіну. Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін, уретраның сыртқы тесінгін мұқият жуу. Қолғапты ауыстыру.

10. Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін, уретраның сыртқы тесігін фурациллин ертітіндісімен өңдеу. Қолғапты ауыстыру.

11. Катетер жүргізуге жабдықтарды дайындау.Қораптан катетерді алу. Катетердің дисталды дөңгеленген бөлігіне стерильді вазелин майын жағу.

12. Оң қолмен пинцет алу. Пинцетпен катетердің ұшындағы бүйір тесіктен 4-5 см қашықтықта дисталды ұшынан ұстау, бос ұшын оң қолдың 4-ші және 5-ші саусақтарымен бекіте ұстау.

13. Сол қолмен үлкен жыныс еріндерін ашу (ерлерде сол қолмен жыныс мүшесін майлыққа орап ұстау)

14. Катетердің ұшын әйел уретрасының сыртқы тесігіне (клитордан төмен орналасқан)немесе ерлердің уретрасының сыртқы тесігіне (жыныс мүшесінің басында) енгізу.

15. Абайлап катетерді әйел уретрасының бойымен алға қарай 4-6 см итеріп сыртқы ұшын науаға түсіру.Ерлерде катетерді абайлап зәр шығару түтігіне енгізіп,жыныс мүшесін төмен түсіру, физиологиялық тарылудан қиындықсыө өту.

16. Катетердің сыртқы тесігінен зәр аққанда осы ұшынзәр жинауға арналған ыдысқа салу. Қажет болған жағдайда қуықты Жанэ шприцінің көмегімен фурациллин ерітіндісімен жуу.

17. Қуықтан катетерді абайлап шығару.

18. Катетерді ұзақ мерзімге қою қажет болғанда (бірнеше сағат, сөткеге) Фалея катетерін қолдану, катетердің ішкі өзегіне стерильді ерітінді немесе асептикалық ерітіндіні енгізу.

19. Зәрі бар ыдысты алып тастау.Науқастың тұруына көмектесу, оның жағдайын сұрау.

20. Қолғапты және бетпердені шешу. Науқасты палатасының есігіне дейін шығарып салу немесе кресло-каталкамен тасымалдау.

 

 

Электрокардиографияға түсіру әдісі мен жүргізу техникасы

Дағдыны орындаудың топшыламалы алгоритмі

1. Құрылғыны қосу, қоспас бұрын алдын-ала қауіпсіздік ережесін сақтау. (жерлендіру)

2. наауқастан келісімін алып, белін және сираққа дейін шешінуін сұрау.

3. Науқастың дұрыс жатуына жағдай жасау.

4. Қолды жуып кептіру.

5. Қолды жуып кептіру. Жеке гигиенаны қадағалау.

6. Электродтар қойылатын орындарды сабынды-спиртті ерітіндімен сүрту.

7. Кабель мен электродтарды науқасқа стандартты схема бойынша қою:

-қызыл электрод-оң қол.

- сары электрод- сол қол.

- Жасыл электрод- сол жақ аяқ

- қара электрод-оң аяқ (жерлендіру)

8. Төске қойылатын электродтардың 6 позициясы:

     - V1 – төстің оң жағындағы 4 қабырға аралық;

     - V2 – төстің сол жағындағы 4 қабырға аралық;

- V3 – төстің сол жақ шетінен ортаңғы бұғана сызығына дейінгі бірдей аралықтағы, 2 және 4 позицияны қосатын сызықта;

     - V4 – ортаңғы бұғана сызығы бойынша 5 қабырға аралықта;

     - V5 – сол жақ алдыңғы қолтық асты сызығындағы 5 қабырға аралықта;

-V6 – сол жақ ортаңғы қолтық асты сызығындағы 5 қабырға аралықта;

 9. Электродтарға «электрод-тері» кедергіне азайту үшін паста жағылады.

10. таңдалып алынған белгінің күшеюі кезіндегі колибрленген дыбысты тіркеу.

11. таңдалып алынған каналдарды: сезімталдық, жылдамдық, фильтр, бөліп жіберу, режим, жазбаны жазуға жіберуге арналған тетіктерді кезекпен қосу.

12. жұмыс аяқталғаннан кейін жіберуге және жазбаны тоқтатуға арналған тетікті басып, сөндіру.

13. алынған қисықтарды талдау керек: амплитудалар мен тістердің ұзақтығын.

ЭКГ түсіру уақыты 15 минуттан аз болмауы керек.

 

 

Клизмалар

Дағдыны орындаудың топшыламалы алгоритмі

1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнату, емшараның конфиденциалды болуын қамтамасыз ету

2. Емшараны орындау кезінде тазалау клизмасының жүргізу мақсаты туралы ақпарат беру. Емшараныорындау жолын және мақсатын науқастың түсінгендігіне көз жеткізу.

3. Емшараны жүргізу кезінде пайда болатын қиындықтар туралы сұрау (сыртқы және ішкі геморрой түйіндерінің болуын,сыртқы тесік сызаттарын, науқастың суды ұстай алмауын). Тазалау клизмасын жүргізуге қарсы көрсеткіштердің жоқтығына көз жеткізу (тоқ және тік ішектің жедел қабынуы, ісіктер, қан кетулер, аналь тесігінің сызаттары, тік ішектің салбырауы, жедел аппендицит, жедел аппендицит, перитонит, массивті ісіктер) Гигиеналық тәсілмен кір сабынды қолданып қолды мұқият жуу, таза сүлгімен немесе майлықпен қолды кептіру.

4. Клизма жасау үшін суды 200С температурадан асырмай жылытып дайындау. Судың температурасын өлшеу және оны жылытқан ыдыста қалдыру.

5. Тазалау клизмасына арналған системаны жинау, Эсмарх кружкасын резеңкелі түтікшемен және ректальді ұштақпен жалғау.Резеңкелі түтікшедегі қысқышты немесе вентильді жабу.

6. Өзіңе клеенкалы алжапқыш және резеңкелі немесе басқа жабық аяқ киім кию. Басына орамал немесе қалпақ кию.

7. Қолды гигиеналық тәсілмен жуу. Сүлгімен қолды кептіру.

8. Эсмарх кружкасына 2 литр су құю. Сүлгімен қолды құрғату. Эсмарх кружкасындағы судың температурасын өлшеу. Эсмарх кружкасын штативке бекіту. Бір рет қолданылатын қолғапты кию.

9. Науқасты кушеткаға жатқызу, алдын–ала 2х3 метр көлемді клеенканы жаю. Клеенканың ұшы легенге түсіп тұратындай етіп еденге леген қою. Клеенканың бетіне матадан жасалған жылы бөлмеде ұсталған төсеніш жаю.

10. Вентиль немесе қысқышты ашып ауасын шығару, бірнеше милилитр суды легенге ағызу. Көмекшіден зәр жинауға арналған ыдысты дайындауын және оны кушеткаға жақын орналасқан жайма төселген орындыққа қоюын сұрау.

11. Науқастың оң жақ қырымын жатып санын ішке бүгуіне көмектесу. Егер науқас бұндай қалыпта жата алмаса клизманы шалқасынан жатқызып жүргізу керек.

12. Ұштықты вазелинмен майлау. Сол қолдың сұқ және үлкен саусағымен жамбасының арасын ашып, оң қолмен ұштықты артқы тесікке абайлап енгізу.

13. Ұштықтың алғашқы 3-47 см кіндікке қарай, ал одан соң оны омыртқаға қарай бағыттап енгізу.

14. Түтікшенің вентилін ашу немесе қысқышты босату, ішекке сұйықтықтың ағу жылдамдығын реттеу. Науқастан іш және шап аралық бұлшықеттерін босаңсытуды, ішпен терең дем алуды сұрау.

15. Назар аударыңыз! Егер науқас ішінің ұстамалы қысып ауырсынуына шағымданса, ауырсыну басылғанша іс-шараны тоқтату керек. Шамалы уақытқа науқасты тынықтырып, емшараны қайта бастау. Егер ауырсыну басылмаса проктологты шақыру керек.

16. Егер судың барлығы ішке енсе вентильді жауып тік ішектен ұштықты абайлап шығару. Ұштықты шешіп, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салу.

17. Науқастан арқасымен 5-10 минут жатып, осы уақыт ішінде суды ішекте ұстауды сұрау.

18. Үлкен дәретке отырғысы келген кезде науқасқа көмекшіден судно беруді өтіну немесе орындықтың қасында тұрған судноға отырғызуға көмектесу. Емшараны мақсатына жеткеніне және дезинфекция жеткілікті көлемде болғанына көз жеткізу

19. Нәжіс массасын қарау, қажет болған жағдайда анализге фекалидің шамалы бөлігін зертханаға жіберу.Көмекшіден судноны босатуды және науқасты жуындыруды сұрау.

20. Алжапқышты, қол,апты шешу. Алжапқышты дезинфекциялық өңдеуден өткізетін ыдысқа салу, қолғапты тастау. Аяқ киімді ауыстыру. Науқасты палатаға шығарып салу. Көмекшілер судно, ұштық, клеенкаларды залалсыздандыруды жүзеге асыруын қадағалау. Ұштықты зарарсыздандыруды сұрау. Емшараның орындалуы туралы журналға немесе науқастың ауру тарихына жазу.

 

Өкпе аускултациясын жасау техникасы

Дағдыны орындаудың топшыламалы алгоритмі

 

1. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу.

2. Бетперде тағу. Фонендоскоп басын антисептикалық ерітіндімен сүрту.

3. Манекенге жақындап, ыңғайлы тұру; оң жақ, алдыңғы тұсы.

4. Алдынан аускултация жүргізу. Бұғана үсті аймағындағы нүктеге фонендоскопты салыстырмалы қатаң түрде нық қою.

5.  Кеуде куысының алдыңғы аймағына фонендоскопты салыстырмалы ауыстыру (сол жағынан жүректің жоғарғы шекарасына дейін).

6. Аускултацияны аксиллярлы аймаққа салыстырмалы жалғастыру (өкпенің төменгі шекарасына дейін).

7.  Манекенннің сол жағынан өтіп артына тұру.

8. Жауырын үсті аймағына салыстырмалы аускултация жүргізу.

9. Жауырын аралық аймағына салыстырмалы аускултация жүргізу.

10. Жауырын асты аймағына салыстырмалы аускултацияны жалғастыру.

Жүрек  аускултациясын жасау техникасы

Дағдыны орындаудың топшыламалы алгоритмі

1. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу.

2. Бетперде тағу. Фонендоскоп басын антисептикалық ерітіндімен сүрту.

3. Манекенге жақындап, ыңғайлы тұру; оң жақ, алдыңғы тұсы.

4. Жүрек түрткісін анықтап, фонендоскопты сол орынға орналастыру (нүктеден митралды қақпашаның естілуі)

Ø Митралды қақпаша –ортаңғы бұғана сызығыныңсол жағынан 1 см ішкері 5 қабырғааралық.

5. Фонендоскоптың оң жақтан екінші қабырға аралыққа ауыстырып қою. (нүктеден аорталды қақпаша естілуі).

Ø Аорталды қақпаша- төстен оңға қарай 2 қабырғааралық.

6. Аускултацияны сол жақ екінші қабырға арқылы жүргізді (нүктеден өкпе артериясы қақпақшасының естілуі).

Ø өкпе артериясы қақпақшасы- төстен солға қарай 2 қабырғааралық.

7. Аускултацияны семсер тәрізді өсінді аймағынан тыңдады (нүктеден үшжармалы қақпақшаның естілуі).

Ø үшжармалы қақпақшасы- төстің төменгі бөлігінің аймағында

8. Сол жақтан 3-4 қабырға аралыққа фонендоскопты орналастыру (Боткин-Эрба нүктесі).

Ø 3 қабырғаны төске сол жағынан бекіту (Боткин-Эрба нүктесі).

ДЕЗО байламын салу.

Дағдыны орындаудың топшыламалы алгоритмі

1. Зақымданған қолды шынтақ буынында бүгіп қойды.

2. Қолтық астына білікше салды.

3. «сау жақтан» бастап, қолды кеудеге циркулярлы түрде таңды-1 тур.

4. «сау жақтан» қолтық астынан дәкені қарама-қарсы «зақымданған» иық белдеуіне жоғары қиғаш қарай бағыттап, иығынан шынтақ буынынақарай вертикалды түрде төмен түсірді 2-тур.

5. Білек пен қол басын ұстап тұрып, шынтақ буынын айналып өтіп, «сау жақтың» қолтық астына қиғаш жоғары бағыттап, кеуденің артына қарай жібереді-3 тур.

6. Дәкені қиғаш жоғары бағытта науқастың арқасымен «зақымданған» жаққа жібереді, науқастың иығынан алдына шынтақ буынына қарай түсірді.

7. Білекті жоғарғы үштен бір бөлігінен ұстап тұрып, дәкені кеуденің артына жібереді-4 тур.

8. Дәкені «сау» жақтың қолтық астына науқастың арқасымен бағыттады.

9. Қолдың толық фиксациясына дейін турларды бірнеше рет қайталады.

10. Дәкені бекітті (дәкені бекіту үшін, оны соңынан жыртты, түйіндеп қойды, бекіту үшін тігіп қоюға немесе жабыстырғыш пластырьмен жабыстырып қоюға болады).

 

 

Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу.

Дағдыны орындаудың топшыламалы алгоритмі

1. Қалпақ, бахила, бетперде кию.

2. Сабындалған щеткамен саусақтарын,алақанын, қол басының сыртқы бетін, білекті өңдеу (1 мин бойы), сабынды шаю (өол басынан білекке қарайғы бағытта сабын көбігін кетіру), қолды сүрту (реттілікпен, қол басынан білеккке қарай бағытта)

3.  Қолды шынтағына дейін первомур ерітіндісіне 1 мин салып қою.

4. Қолды стерилді салфеткамен құрғатып сүрту, хирургиялық киімді кию, санитарға халаттың артын байлату, стерилді қолғап кию.

5.  Операциялық алаңды 5-10 %йодтың спиртті ерітіндісімен бір минут бойы (екі рет) өңдеу,йод ерітіндісі қалдықтарын 90% спир ерітіндісімен кетіру, операциялық алаңды жабдықтау, қысқыштармен бекіту, операциялық алаңды 5-10% йодтың спиртті ерітіндісімен өңдеу.

6. Жараға инфильтрационды анестезия жүргізу, сутектің асқын тотығымен, хлоргексидинмен жараны өңдеу, жара шеттерін кесіп алу.

7. Құралдарды жинау. Жіпті инеге кіргізу. Құралды жұмыс қалпына келтіру.

8. Қысқышпен жара шеттерін ұстау, жара шеттерінен хирургиялық кескіш инені жараға қатаң түрде перпендикулярлы қалыпта, бір сызықтың бойында кіргізіп шығару (жара шетінен 0,5-1 см)

9. Тігісті салған соң, түйінді ұолмен байлау, тігіс материалдарының шеттерін қолға алу (3-4-5 саусақтармен жіпті жұдырықтап ұстау, 2 саусақпен жіпті тартып тұру), түйін түзудің бір тәсілін қолдану.

10. Түйінді дұрыстап байлау. Жара шеттерін қысқышпен келтіру.

11. Жіп шеттерін кесу, 5 мм жіп қалдыру.

12. Тігісті спиртпен немесе йод тұнбасымен өңдеу, асептикалық байлам салу.

 

 

Крамер шендеуішімен қолдың иммобилизациясы.

Дағдыны орындаудың топшыламалы алгоритмі

1. Зардап шегушіге міндетті түрде ауырсынуды басатын дәрі беру

2. Сынық орнын анықтау.

3. Киімде қан іздері болатын болса, шендеуішті салғаннан бұрын киімді сол жерден кесіп, жараны қарады, керек болса қан кетуді тоқтатып, асептикалық байламды салу.

4. Шендеуішті салғаннан бұрын қолға ыіғайлы функционалды (физиологиялық) қалып берді

5. Шендеуішті оқиға орнында зардапшегушініің киімі мен аяқ киімінің үстінен салады.

6. Қолтық астынан иықты әкету мақсатымен сақта-дәкелі білікше салады.

7. Шендеуішке сынған жерден екі немесе үш көршіліес буынды қосып бекітті.

8. Шендеуішті мықтап бекітті, бірақ дәке мен иммобилизация заттары теріге батып кетпеуін қадағалау керек.

9.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: