Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, 15 маусым 2017 жыл

ЕСЕБІ

 

 

Тараз – 2017

 

КІРІСПЕ

 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде 2017 жылдың 15-29 маусымы аралығында 3 бағытта: 1- бағыт - Жуалы, Жамбыл, Талас, Сарысу аудандары; 2-бағыт – Байзақ, Шу, Мойынқұм және 3-бағыт – Т.Рысқұлов, Талас, Қордай аудандары бойынша «Әулие ата - киелі мекен» атты профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерден құралған экспедиция ұйымдастырылды.

Экспедицияның мақсаты: «Туған жер» бағдарламасы аясында Әулиеата өңірінің киелі жерлерін және Жамбыл облысы этностарының тарихын, мәдениетін, тілін және салт-дәстүрлерін, археологиясын, географиясын зерттеу, елге таныту және насихаттау.

І. «Әулие ата - киелі мекен» атты тарихи этнографиялық, ландшафтық, Жамбыл облысы этностарының тарихын, мәдениетін, тілін және салт-дәстүрлерін зерттеуге арналған экспедиция бағыттары бойынша жалпы сипаттама:

Жамбыл облысының киелі жерлерінің интерактивтік-тарихи картасын жасауға қажетті тарихи-танымдық деректерді жинау.

Жамбыл облысы этностарының өз тарихы мен мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін анықтау және зерттеу жүргізуге қажетті фольклорлық-диалектологиялық материал алу және сұрыптау;

Облысқа танылмаған киелі жерлерді анықтау, олардың орналасқан жерлерінің маршрутының сызбасын жасау.

Киелі орындар орналасқан елді мекендердің табиғат жағдайының жалпы сипаттамасын беру.

Шығатын туристік маршруттың бағытын, ұзақтығын анықтау.

Киелі орынның табиғи-территориялық кешеніне талдау жасау, таксономиялық бірліктерге бөлу, карта-сызба құрастыру.

Киелі жер орналасқан географиялық белдеудің антропогендік игерілуі, оның рекреациялық пайдаланылуын айқындау.

Киелі жер орналасқан елді мекеннің визуалды-топографиялық жоспарын құрастыру.

ІІ Экспедиция жұмысы екі кезеңде жүзеге асырылды:

1. Экспедицияның бірінші кезеңінде атқарылған жұмыстар

(іздеу, жинақтау, жазып алу, суретке, бейнекамераға түсіру):

Тарихшы-маман:

- Елді мекендердегі ескерусіз келе жатқан киелі жер(лер)ді анықтап, ол туралы тарихи деректерді іздеу;

- Киелі жердің қыр-сырын білетін көнекөз қариялармен кездесіп, тарихи аңыздар мен ел ауызында сақталған әңгімелерді жазып алу, киелі жер туралы деректер айтқан адам(дар) туралы толық мәлімет алу;

- Киел жер туралы мәтінді толық жазбаша түрде диктофонға жазып алу, оны қағаз бетіне түсіру;

- Өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанға келу тарихы туралы толық мәлімет жинау: қай жылы келді, келу жағдайлары, кім бірінші келді (ата-бабалары, ата-анасы немесе өздері);

- Өзге ұлт өкілдерімен Қазақстанның сол өңіріне келу тарихы туралы сұхбат жүргізу және сұхбатты бейнекамераға түсіріп, диктофонға жазып алу.

Филолог-маман:

- Жамбыл облысы этностарының тілі, әдебиеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен тіл ерекшеліктері туралы фольклорлық-диалектологиялық деректер жинау;

- Елді мекенде киелі жер(лер) туралы сақталған аңыз-әңгімелерді жинау және сұрыпау, талдау;

- Киелі жердің қасиеті туралы ел ауызында сақталған аңыз, әңгіме, оқиғаларды жазып алу;

- Елді мекендегі киелі жәдігерлердің қыр-сырын білетін адам(дар) айтқан деректерді бейнекамераға түсіру, диктофонға жазып алу, оны қағаз бетіне түсіру;;

- Берілген кестеге сәйкес өз тұрғылықты жерлеріндегі өзге ұлт өкілдерінің санын анықтап, оны кестеге салу және мәліметтерді енгізу;

- Өзге ұлт өкілдерінің халық ауыз әдебиет үлгілерін білу дәрежесін анықтау, егер білетін болса, кімнен естігенін және мәліметті толық жазып алу,  

- Өзге ұлт өкілдерінен сұхбат алу, олардың көне фотосуреттері болса оны суретке түсіру және сұхбат алушымен алынған сұхбатты бейнекамераға түсіріп, диктофонға жазу.

- Елі ішіндегі көнекөз қариялардан сол елді мекендегі киелі орының тарихын, аңыз-әңгімелер мен ертегі, жыр-дастандарды жинау.

Географ-маман:

- Елді мекеннің географиялық орнын,теңіз деңгейінен неше шақырым биіктікте жатқанын, координатыментанысу жәненақтылау;

- Киелі жер орналасқан елді мекеннің флорасы және фауна әлемінің биологиялық алуан түрлілігін, эндемик өсімдіктері мен жойылу қаупі бар жануарларды анықтау;

- Киелі жер орналасқан елді мекеннің әлеуметтік (тұрмыстық жағдайын халықтық популяциялық тығыздығын, демографиялық динамикасын) экономикалық, экологиялық (көлік, өнідірістік, индустриялардың дамуы) жағдайын нақтылау;

- Киелі жер орналасқан елді мекеннің флорасы және фауна әлемінің биологиялық алуантүрлілігін, эндемик өсімдіктерімен жойылу қаупі бар жануарлардың экожүйедегі таксономиялық тізімін құрастыру;

- Киелі жер орналасқан елді мекеннің әлеуметтік (тұрмыстық жағдайын халықтық популяциялық тығыздығын, демографиялық динамикасын) экономикалық, экологиялық (көлік, өнідірістік, индустриялардың дамуы) жағдайын анықтап, сызбасын түсіру.

Туризм маманы:

- Киелі жердің туристер тарапынан қызығушылық тудыру қасиеттерін анықтау;

- Объектіні әртүрлі қырынан суретке, бейне камераға түсіріп, шырақшысы болса, оның мәліметін алу;

- Егер турсистік бағытқа енгізілетін болса, оған баратын жолдың жай-күйін, елді мекенге қаншалықты жақындығын және қонуға болатын орынның бар-жоғын анықтау;

- Киелі жер орналасқан елді мекеннің қандай географиялық белдеуде орналасқандығын анықтай отырып, туристік маршруттың картасын жасауға қажетті мәліметтерді жинау.

Оператор:

- «Әулие ата өңірінің киелі жерлері» атты деректі фильм түсіруге қажетті киелі жердің орналасқан мекенін, киелі нысанды суретке, оның орналасқан жерін бейнекамераға түсіру;

- Киелі жер туралы мәлімет айтушылардан алынған сұхбатты бейнекамераға түсіру және жазып алу;

- Түсірілген материалдарды монтаждау және дайындау;

- Киелі жер туралы дайындалатын өнімдер мен шығарылатын фотоальбомдарға қажетті сапалы суреттерді дайындап беру.

Кез келген деректі айтушы, орындаушы, автор туралы мәліметтер төмендегі үлгіде көрсетілуі тиіс: 1. Мәлімет берушінің толық аты-жөні; 3. Ұлты; 4. Мамандығы, жұмыс орны; 5. Нақты мекен-жайы; 6.Туған жылы мен жасы; 7. Білімі; 8. Сөйлеу тілі.

Өзге ұлт өкілдеріне байланысты толтырылатын қосымша кестенің үлгісі:

Елді мекен атауы

Халық құрамы

Ауыл атауы Халық саны украин қарайым шор кәріс қырғыз неміс шешен грек басқалар
                     

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЖУАЛЫ АУДАНЫ

(15.06.2017 жыл)

ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА АНЫҚТАЛҒАН ТАРИХИ, МӘДЕНИ ЖӘНЕ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ОРЫНДАР

 (15.06.2017 жыл)


Экспедицияны 1-бағыт бойынша іссапарға шығарып салу

«Әулие Ата - киелі мекен» тарихи-этнографиялық экспедициясы алғашқы бағытын 2017 жылдың 15-маусымы күні Жуалы ауданынан бастады. Жуалы ауданында экспедиция мүшелерін Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Әділбақов А.К., Жуалы аудандық мәдени-тарихи ескерткіштерді қорғау инспекторы Біләнұлы Досан қарсы алды, өлкетанушы Байдалиев Дәулетжан Жамалбекұлы экспедицияға жолбасшы ретінде ауданның тарихи-мәдени ескерткіштерімен таныстырып, туризмді дамытуға болатын шұрайлы жерлерін көрсетті.

1. ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ

(Муртазаева Б.)

 

Табиғаты сұлу, ауасы сап алтын, қойнауы тарихқа тұнған Жуалы жерінің әр шоқысы мен қырқасы, сай- саласы шежіреге толы.

Жуалы ауданының шекарасы түстігінде Талас Алатауы мен Қаратау жоталарынан басталып, Боралдай, Құлан, Қошқарата, Бурыл тауларына, теріскейінде Билікөл су айдынына дейін созылып жатқан кең алқап. Мыңбулақ, Жуалы деп аталған өлкеге халқының жарқын болашағын, кемел келешегін аңсап, желмаямен жортып елі үшін жерұйық мекен іздеген Асан қайғы бабамыз ат басын тірей тұрып: «Шөбің - шүйгін, суың - бал, топырағың - май екен, қадіріңді егін салған ел білер», - деп тамсанған екен. Одан сәл кейіндеу Шәшке (Тәшке) сапар шеккен әйгілі Қытай саяхатшы Сюань-Цзянь да Мыңбұлақ - Жуалыда аз-кем аялдап, көрген-білгенін былайша тебірене қағазға түсіріпті: «Мыңбұлақтың түстік тұсын қар басқан биік мұзды таулар қоршаған. Суы мол, орман- тоғайы тұнып тұр. Көктемнің соңғы айларында жайқалып өскен түрлі-түсті гүлдер шебердің қолынан шыққан әсем кілемдей жайнап, көздің жауын алады. Мұндағы сай-сала мөлдір бұлақтардан аяқ алып жүргісіз. Сондықтан да «Мыңбұлақ» атанған».

Біздің жыл санауымыздан бұрын орта ғасырларға дейін күре жол болып келген Жібек жолының бойымен Жула жерінен мемлекеттердің сауда керуендері дамылсыз ағылған. Ал Түрік қағаны өзінің жазғы ордасын Мыңбұлақта тіктірген. Моңғол, қалмақ-жоңғар шапқыншылықтары да әрі-бері жөңкіліп, ойқастаған. Шыңғыс ханның қалың қолы Отырарды шауыр, тып-типыл етердің алдында осында тынығып, күш жинаған. Сондай-ақ Жула өңірінен шыққан даңқты қолбасшы Рысбек батыр да осы арадан қол жинап, қазіргі Қошқарата ауылының маңында орын тепкен жоңғар қоңтайшысының ордасына тұтқиылдан тап беріп, оны ойсырата жеңген.

Жуалы жерінің әрбір сай-саласын, қазба байлықтарын, өсімдік әлемін тегістей орыс зерттеу экспедициялары зерттеп, қағаз бетіне түсірген. Осының нәтижесінде Ресейдің ішкі аудандарынан ағылған орыс мұжықтары өлкенің шұрайлы жерлеріне қоныстанып, тұс-түстан Алексеевка, Петровка, Зыковка, Евгеньевка және тағы сол сияқты толып жатқан орыс поселкелерін тұрғызған.

 

2. КЕҢЕС ДӘУІРІНДЕГІ ЖУАЛЫ ӨҢІРІНІҢ ШЕЖІРЕСІ МЕН ДАМУЫ

Қазан төңкерісінен кейінгі Кеңес дәуіріндегі берекелі өңірдің оқиғалар легі былайша тізбектеле:

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының негізгі әкімшілік-аумақтық құрылымы 1919 жылғы 10 шілдеде РСФСР Халық комиссарлары кеңесі бекіткен «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы Ережеге» сәйкес белгіленді.

1920 жылғы 26 тамызда В.И.Ленин мен М.М.Калинин қол қойған Бүкілодақтық Орталық атқару комитеті мен РСФСР Халық комиссарлары кеңесінің «Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» Декреті жарияланды.

Құрамына Жуалы аумағы енген Сырдария губерниясы 1921 жылғы 1 қазанда Түркістан Республикасының құрамына берілді.

1924 жылғы 11 қазанда РКП (б) Орталық комитетінің қаулысымен Орта Азия Кеңестік республикаларын бөлу туралы қаулысы шығып, ол КСРО ОАК 1924 жылғы 27 қазандағы ІІ сессиясында бекітілді. Енді 22 болыстықтан тұратын Әулиеата уезі Сырдария губерниясының қарамағында Қазақ Республикасына өтеді. Жуалы жері Әулиеата уезінің құрамындағы Бурно-Ивановск болысы болып аталатын. Болыстықтың орталығы Бурно-Ивановск (қазіргі Бурно-Октябрь) ауылы болатын еді.

Сырдария атқару комитетінің 1924 жылғы 24 қаңтардағы шешімімен Бурно-Ивановск болыстығы Бурно-Октябрь болыстығына, ал Бурно-Ивановское селосы Бурно-Октябрь селосына өзгертілді.

1927 жылдың 17 қаңтарында Әулиеата уезі таратылып, оның қарамағындағы болыстықтар Сырдария округінің аудандары болып қайта құрылады. Бурно-Октябрь және Жуалы болыстықтарынан Жуалы ауданы жасақталады.

Ауданның ресми құрылуы 1928 жылдың 3 қыркүйегінен бастау алады. Бүкілодақтық ОАК шешімімен аудан құрамына осы күнгі Көлбастау, Бурно-Октябрь, Қарасаз, Шақпақ, Күреңбел, Боралдай, Қошқарата, т.б. болыстықтар аумақтары енгізіледі.

1930 жылғы 23 шілдедегі Бүкілодақтық ОАК қаулысына сәйкес Шымкент облысы Ақсу ауданының аумағы Жуалы және Шымкент аудандарына бөлініп беріледі.

1932 жылғы 20 ақпанда Қазақстанның аудандары жаңа құрылған 6 облыстың құрамына енгізіледі. Түлкібасымен біріккен Жуалы ауданы (орталығы Ванновка селосы) Шымкент облысына қаратылады. Тек 1936 жылы аудан осы күнгі жер көлемімен өз алдына дербес аумақ болып отау тігеді. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесі төралқасының Жарлығымен 1951 жылдан бері аудан Жамбыл облысының құрамына енген.

Сонымен, Асан қайғы бабамыз жырлаған, қытай саяхатшысы сұқтанған, орыс зерттеушілері тамсанған Жуалы-Мыңбұлақ аймағы бүгінде мың-сан бұлағы, сыңсыған орман-тоғайы, еркелеген еліктері қалмаса да, өзінің сұлу қалпын сақтап қалған. Жер жәннаты, құтты мекен Жуалы өңіріне 2017 жылдың 15 маусымы күні ат басын тіреген «Әулие ата – қиелі мекен» экспедицияның көзі осыған жетті.

 

3. ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫ

(Тажиева Т.)

Жуалы ауданы 1928 жылы қыркүйек айының 3-ші жұлдызында Шымкент облысының құрамында құрылған. Ал 1951 жылдың наурыз айында Жамбыл облысының құрамына берілді.

Аудан орталығы Бауыржан Момышұлы ауылы - облыс орталығы Тараз қаласынан 60 шақырым жерде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында орналасқан.

Ауданның жалпы жер көлемі - 421 мың 283 га., оның ішінде, егістік - 102 мың 759 га., жайылымдық жері - 219 мың 963 га., шабындық жері - 7458 га., көп жылдық ағаштар көлемі - 715 га. Халқы 51915 (52615) адамды құрайды. Аудан бойынша аула саны - 10478 бірлік.

Жуалы ауданы Теріс (Асы) өзенінің жоғары және орта ағысында, жерінің басым бөлігін Жуалы таулы үстірті (биіктігі орталығында 900 м, шет жақтарында 1200 м) алып жатыр. Солтүстігі мен солтүстік-шығысын Қаратау жотасы, батысы мен оңтүстік-батысынан Боралдай тауы, оңтүстігінен Талас Алатауы қоршайды. Ауданның солтүстігінде Билікөл қазаншұңқыры (абсолютті биіктігі теңіз деңгейінен 450 м) орналасқан. Кен байлықтарынан (ағыл. ғалымы Роншальд Жуалының геологиясын зерттеген) тас көмі, құрылыс материалдары кездеседі.

Климаты. Таулы үстірттің климаты қоңыржай континенттік, қаңтардың орташа температурасы - 2 С0, шілдеде 18 С0. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400 мм шамасында. Климат жағдайлары дәнді дақылдар мен кейбір техникалық (күнбағыс) дақылдарды егуге қолайлы. Ауданның солтүстігінде климат тым континенттік және құрғақ. Қаңтарда - 8 С0, шілдеде 24 С0. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 200 мм.

Жуалы ауданының табиғатының басты ерекшелігі. Теріс – өзені. Ұзындығы-51 км. Су алабының ауданы 485 км². Су алабы -Аса өзені.

Координаттары. 42 37′51″ с. е. 70 28′58″ ш. б.42.63083 с. е. 70.48278 ш. б.

Сағасы-Теріс-Ащыбұлақ бөгені.

Координаттары-42 41′06″ с. е.70 51′16″ ш. б. 42.68500 с. е. 70.85444 ш. б.

Су ағысы. Бастауын Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс баурайынан алып, оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа қарай бұрала ағып, Теріс-Ащыбұлақ бөгеніне құяды. Бөгеннен төмендегі өзен Аса деп аталады. Өзеннің 20 км-ден астам екі саласы және оншақты ұсақ салалары бар. Қоректену көзі; қар, жауын-шашын, жер асты сулары. Аңғары жоғары ағысында 60-110 м, жазықта 300-450 м. Өзен егістікті суаруға пайдаланылады. Жағалауы шабындық. Теріс өзенінің бұрынғы атауы - Мыңбұлақ болған. Ол жөнінде 630-шы жылдар шамасында Қытай жиһангері Сюань-Цзяньнан жазған сапарнама баян етеді. (төмен жағы Асы деп аталады), оның ең ірі саласы – Шақпақ өзені. Ауданның солтүстік-батысынан Қошқар ата (Боралдайдың саласы) өзені ағып өтеді. Теріс өзенінде Терісащыбұлақ бөгені салынған (көлемі 50 млн. м³). Экспедицияның барысында таңды болған жағдай қазіргі таңда Жуалы өңіріңде бірнеше бұлақтар бар екен. Олардың барлығы Әулие бастау бұлағы деп  аталады. Ауданның оңтүстік шығысындағы бұлақты жергілікті тұрғындар атауын «көз бұлағы» деп атайды. Себебі: бұлақтың оңтүстік батысы шамамен 100-150 м биіктіктегі жота төбесінен шығып қарағанда шындығында көздің пішініне ұқсайды. Бұлақтың дәл ортасы көздің қара шығындай, меніңше ортасы терең болуы мүмкін, ал жан-жағы саяздау, себебі: ол жер ақшыл және түбі тұнық көрініп жарыр. Ал жан-жағын қоршап жатқан майда қамыстар көздің кірпіктеріне ұқсайды. Жергілікті тұрындардың айтуынша қазіргі таңда бұлақ онша танымал емес. Өйткені айналасы қамыс пен шөптесін өсімдіктер қаптап өсіп кеткен. Билікөл өңірінде де, «әулие бұлақ» бар, ол бұлаққа халық көп барады екен. Ауданның таулы үстіртінің сұр топырағында өсетінөсімдіктер: бұйра жусан мен көк жусан, астық тұқымдас өсімдіктер, боз, селеу, қызғылт қоңыр топырағында түрлі шөптер, киікоты, жалбыз, мыңжылдық, бидайық аралас өсімдіктер өседі. Мыңжылдықты жинап Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласына фармацевтикаға өткізеді. Өзен бойларында бұталы тоғайлар (тобылғы, итмұрын, долана, сарыағаш) кездеседі. Тау аңғарларында жабайы алма, алмұрт, үйеңкі, шетен өседі. Ауданның оңтүстік бөлігіндегі Талас Алатауының беткейлері – альпілік және субальпілік шалғын. Бұл өңір Ақсу-Жабағылы қорығының солтүстік бөлігі саналады. Солтүстігіндегі Билікөл қазаншұңқырының сұр топырағында жусан, сораң өсімдіктер, Асы өзенінің аңғарында ши өседі. Жабайы жануарлардан қарақұйрық, жабайы шошқа, шиебөрі, сарышұнақ, қоян, т.б.  кездеседі. Құстардан қырғауыл, ителгі, бозторғай, сарыторғай, шымшық, ұзақ торғай, кекілік кездеседі. Билікөлде сазан, жайын ауланады.

Демография. Аудан халқының саны - 51 978 адам. Ауданда халық біркелкі орналаспаған. Елді мекендері көбінесе темір жолдың бойында орналасқан. Халқының тығыздығы 1 шаршы шақырымға 12 адам. Ауданда мекен ететін ұлт өкілдерінің басым бөлігі, 87 % қазақтар, 8,1 % орыстар, 1,06% шешендер, 1,04 % әзірбайжандар, 1,9 % басқа да ұлттар құрайды. 26159 ер, 26456 әйелдер. Ауданды солтүстік жағынан Қаратау таулары, батысынан Боралдай, оңтүстігінен Талас-Алатауы, шығысынан Қырғыз Алатауы қоршап жатыр.

Аудан аумағын "Алматы-Ташкент" халықаралық трассасы және теміржол магистралы қиып өтеді. Аудан аумағында Теріс, Ақсай, Көксай, Бахаты, Боралдай және Қошқарата өзендері, сонымен қатар, Билікөл, Теріс-Ащы бұлақ су қоймасы бар. Су қоймасының сыйымдылығы 158 млн. куб және ол Жамбыл ауданының 23000 га. жерін суландырады. Аудан аумағы 15 ауылдық округтерге бөлінген. Ауданда барлығы 52 елді - мекен бар.

Жуалы ауданының ірі ауылдарын 13 ауылдық округ біріктіріп отыр, атап айтқанда: Б.Момышұлы, Ақсай, Қызыларық, Ақтөбе, Мыңбұлақ, Боралдай, Шақпақ,Қарасаз, Көкбастау, Қошқарата, Жетітөбе, Нұрлыкент, Билікөл.

Аудан, негізінен, тәлімі және ішінара суғармалы егіншілікпен және ет - сүт бағытындағы мал шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 329,6 мың га, оның ішінде егістігі 90 мың га, шабындығы 7,5 мың га, жайылымы 112,0 мың га, орманы 20 мың га. Егістігінің ішінде дәнді және техникалық дақылдардың үлесі басым. Мемлекеттік бағыныстағы Октябрьское және Бурненский ауыл шаруашылық кәсіпорындары, Ақсай су шаруашылығы жүйелерінің басқармасы, Күркіреусу, Сұрым, Шақпақ т. ж. ст. жұмыс істейді. Аудан жерімен Түрксіб темір жолы, Ташкент - Алматы, Бауыржан Момышұлы – Қошқар ата автомобиль жолдары өтеді.

Кәсіпорындары: Бурный сыр зауыты ЖШС; "Жуалы" АТК; "СМТС" ЖШС.

Ауыл шаруашылығы:

Аудан бойынша 01.12.2009 жылға мал санағы:

1. Мүйізді ірі қара - 41989 оның ішінде сиыры -14289;

2. Қой-ешкі - 187644 оның ішінде саулығы - 80680;

3. Жылқы - 8256 оның ішінде бие - 3262;

4. Шошқа - 5822 оның ішінде негізгі аналығы - 515;

Ет өнімі (тірі салмағымен) - 108140 цн. (10814 тн.); Сүт - 329272 цн. (32927,2 тн.); Жұмыртқа - 7198,4 мың дана; Жүн - 5303 цн. (530,3 тн.).

Қазіргі экологиялық жағдайы өзен арнасының жайылып кетуі себеп болып отыр. Елді мекен жерлерінде ауылшаруашылығында егістікте пайдалану саласында өзен арналарына ағыспен ағып келетін саз, топырақтардың қалдықтарының жиынтығы болып отыр.

 

4. ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

(Утепбергенова Г.)

 

Жуалы тарихи-мәдени ескерткіштерге бай өлке: аудан аумағында 100-ден астам қорған есепке алынған, 15 ОБАЛАР қорымы, төрт бекініс, төрт кизет мұнарасы, үш белгісіз елді мекен орны, жартас бетіндегі суреттер, тас шеңберлер табылған. Тарихи-мәдени ескерткіштер қатарында Бауыржан Момышұлының мұражайы мен ескерткішін, Рысбек батыр ескеткішін атауға болады.

Жуалы ауданында экспедицияның алғаш ат басын бұрған нысаны - Бауыржан Момышұлы мемориалдық мұражайы болды. Б.Момышұлы мемориалдық мұражайы Жуалы ауданы Ақсай округінің Қайрат ауылында, Абай көшесі 1 «б» ғимаратында орналасқан. Мұражайда экспедиция мүшелерін мұражай қызметкері Исмаилова Ұлханым Баймолдақызы қарсы алды. Ұлханым Баймолдақызы мұражай қабырғасының 1990 жылы қаланып, 1995 жылы 5 - мамыр күні салтанатты түрде ашылып, халыққа қызмет ете бастағандығын мәлім етті. Мұражайдың жалпы территориалдық ауданы - 349,8 м.кв. Ғимараттың ауданы - 259,4 кв.м., экспозицияға берілген аудан - 189,6 кв.м., қорға берілген аудан - 12,4 кв.м., 6 бөлмелі, 1 қабаттан тұрады. Кірпішпен соғылған. Мұражайдың алғашқы меңгерушісі - Ормантаев Амангелді.  

Мұражай қорында жалпы 292  экспонат бар. Экспозицияда 1139 экспонат қойылған. Онда Бауыржан Момышұлының суретерінен жасалған фото калладждар (балалық шағы, әскери өмірі, шығармашылықпен айналысқан кезі, жанұясы туралы), әскери киімі, гвардиялық белгісі, белдігі, бейбіт кезде киген киімі, пайдаланған заттары (электрлі сақал алғышы, бет сүлгісі, тамақ ішкен кесесі, күміс қасықтары мен шанышқысы, қымыз, шұбат, сусын құятын ағаш тостағаны, ағаш қасығы мен ағаш ожауы шәй ішкен шәй қасығы) өз қолымен ойған оюлары-альбомы, алған құрмет грамотасы, Кеңес Одағының Батыры атағы берілгендігі туралы жарлық, «Ғасыр саңлағы» «Ғасыр қаһарманы» атағы берілгендігі туралы құжаттары, домбырасы, жатқан төсегі, жұмыс бөлмесіндегі заттары (үстелі, орындығы, ағылшын машинкасы, май шамы, қалам салғышы, аспалы шамы, күлсалғышы, мүштегі, сувенирлері), кітаптары, сағаты мен тамақ ішкен ыдыстары журнал үстелі т.б. заттары қойылған. Сонымен қатар, Куба Республикасына барған сапарындағы әкелген заттары мен суреттері бар.

Момышұлы ескерткішінен кейін ортағасырлық Бархуаб қалашығымен таныстық. Жуалы ауданындағы Теріс өзенінің алабы ежелден-ақ Мыңбұлақ аталған екен. Бұл жердің толық сипаттамасын алғаш шамамен 630 жылы осы аймақта болған қытай жиһангері Сюань-Цзянь жазып қалдырған екен. Өлкетанушы Д.Байдалиев Жуалы ауданынды орта ғасырлық жеті қалашық болғандығын айтып, олардың аттарын атап шықты: Шабғар, Абардадж, Баркуаб, Шойбек, Нанжир (белгісіз қалашығы), Адыраспан төбе, Шақпақ қалашығы. (8- 10 ғғ.жататын қалалар). Осы қалалардың ішінде Барқуаб қалашығымен алғаш таныстырды. Барқуаб - өзеннің атауы, қазіргі Теріс өзенінің ежелгі атауы екен, өзен шығысқа қарай ағатын болғандықтан -"Барқуаб", яғни кері ағатын өзен деген мағына берген. Баркуаб қалашығы Теріс өзенінің оң жағында шамамен 500-600метрдей жерде орналасқан. Бұл қалашықта ХІХғ. В.В.Бартольд және В.А.Каллаур зерттеу жұмыстарын жүргізген. Арнайы қазба жұмыстары әлі күнге дейін жүргізілмеген екен. Өлкетанушы Д.Байдалиев Шабғар қалашығының Күркүреу Су маңында екендігін, қазіргі кезде жері жыртылып кеткен және орны сақталмаған, екі гектардай жерде топырақ үйіндісінің жатқандығын айтты. Шабғар – араб тілінен аударғанда қайрақ тас деген мағына береді. Жібек жолының бойында диірменнің тасын өндіріп, жан жаққа таратқан екен. Осы қайрақ тас деген сөзден Шабғар сөзі шыққан. Осы маңда тас жолы соғылғанда адам сүйектерінің көптеп табылуы бұл жердің көне жұрт орны болғандығын дәлелдеп отыр. Айналадағы төмпешіктер де тегін жатпағандығы, олардың бәрінің де бұрыңғы қоныстардың орны екендігі аян. Алайда, бұл жерлер әлі зерттелмеген, өз зерттеушілерін күтіп отыр. Ашаршылық жылдары қазақ халқы негізінен темір жол бойын жағалап, Ресей асып, қайың сауып кеткен болса, Жуалы жұрты қозықұйрық, рауағаш, алғы деген өсімдіктерді қорек етіп, жан сақтаған екен.

Жуалының ежелгі аты Қосбөлтек болған екен. Осыған байланысты жергілікті ақын:

       "Атыңнан айналайын атамекен,

       Кім сені Қосбөлтек деп атады екен.

       Батысынды, шығыста Қаратауы,

       Ортасында жасыл мекен жатады екен"-, деп жырлаған екен. Бұдан кейінгі атауы Құланбасы болған. 

Экспедиция мұнан кейін Әулиебастау бұлағына соғып, оның тарихымен танысты. Әулиебастау бұлағы - жоғарыдан қарағандағы пішіні көзге ұқсас, жан жағындағы қамыстар кіріпкке ұқсайтын болған. Кезінде бұл жерде балықтар мен өзінің дәу жыланы болған. Адамдар келіп, тәу етіп суын ішкен. Әулиебастау, Көкбастау деген атаулары болған. Осы бастаудың суын құбырлар арқылы тартып, қалаға жеткізген, сол арқылы қала халқы ауыз сумен қамтамасыз етілсе керек. 60-70 см-лік, диаметрі 16 см қыш құбырлар табылып, қазір мектеп мұражайында сақтаулы екен. Екі бастау қосылған, сол жерден қалаға су тартылған.  

Д.Байдалиев ертеректе бұл жерлерде аң құстың әр түрінің мекен еткендігін, темір жол салынғаннан соң олардың бұл маңнан ауа көшіп кеткендігін айтты. Каучук промхоз деген Қазақстандағы жалғыз резина шығаратын завод болған. 1956жылға дейін жұмыс істеген.

Мұнан кейін экспедиция Теріс ауылында орналасқан С.Сейфуллин атындағы мектепке ат басын бұрды. Мұнда экспедиция мүшелерін Тарих пәнінің мұғалімі Әмірқұл Атамбек қарсы алды. Мектеп мұражайында Баркуаб қалашығынан табылған қыпшақ кірпіш көлемі 18:18 ұзындығы 5 см лік. Осы кірпіштен ғимараттар қалаған. Осы кірпіштің табылуы жергілікті халықтың кірпіш күйдіру технологиясын меңгергендігін дәлелдейді. Қыш құмыралардың қалдықтары табылған.

Келесі нысан Шақпақ асуына жол тартты. Жол бойында Қарасаз ауылына жақын маңайдан Ойрантөбе деп аталатын төбемен сырттай танысып өттік. Бұл жерде жолбасшымыз Дәулетжан мырза төбенің Ойрантөбе аталу себебіне біршама тоқталып өтті. Ертеректе қырғыздар қазақтардың жеріне жиі шабуыл жасап, мал жанын олжалап отырған заманда, осы төбенің басында қазақ қосыны қырғыздың атақты екі батырын өлтірген екен. Бұл төбе туралы қырғыздардың: «Ойрантөбе - қазақтар төбемізді ойған төбе» деп жырлағанын тілге тиек етті.

8 ғасырдың қала жұртының орны, ерте орта ғасырға жататын қалашықтың орны. Әлі мүлдем зерттелмеген. Ынтымақ ауылында Жартытөбе аталатын көне жұрт орнының бар екендігі айтылды. Жартытөбенің басым бөлігін су шайып кеткен.

Мұнан ары қалмақтардың қолмен үйген Жеті төбе аталатын төбелер тізбегімен таныстырды. Төбелер тізбегі Құлан тауының етегіне дейін жалғасқан. Құлан тауынан Теріске дейін үлкен 7 бар екендігін атап өтті. Жолбастаушымыз мұнан ары Адыраспантөбе қалашығының тарихымен таныстырды. Адыраспантөбе - Жалы ауданының Дихан ауылының жанында, Ташкент-Алматы автомобиль жолынан солтүстікке қарай 400-500 метрдей жерде орналасқан ортағасырлық қаланың орны. Бұл қалашық туралы дерек жоқтың қасы екен. Адыраспантөбе төбе қалашығы дөңес жерге салынған, екі сатылы алаңнан тұрады. Бірінші (жоғарғы) алаңның жалпы аумағы - 180м*180м. Оның ортасында төрт бұрышты кішігірім бекіністің қалдығы бар. Екінші (төменгі) алаңның аумағы 100м*100м. Қалашық айнала 1,5-2 метрдей, ал қалыңдығы 5-60 метрлік дуалмен қоршалған. Адыраспантөбенің батысында диаметрі 30 метрден астам, биіктігі 2 метр шамасында дөңес бар. Табылған ыдыстар мен үй бұйымдарына қарағанда қала тұрғындары ҮІІІ-Хғғ. мекен еткен деген тұжырымдар жасауға болады.  

Патша үкіметі кезеңінде Қошқар атадан Шақпақ атаға дейін бірде бір қапзақша елді мекен атауының қалмағандығын еске салып өткен жөн болар. Қазіргі таңда бұл атаулардың барлығы қазақша атауларға өзгертілген екен. Билікөлде 420 дан астам обалар анықталғандығын атап өтті. Құлан асуында 1957 жылға дейін Боралдай шахтасы жұмыс істеген. Осы жерден көмірді Түлкібас станциясына жеткізіп, ары қарай ағылшындар алып кеткен. Орны сақталмаған Кәріқорған қалашығы туралы атап өтті. (Жетітөбе ауылдық округына тиесілі). Кезінде Кеңес үкіметінің алғашқы жылдары сенаж соғу кезінде осы қала орнынан 3 метр тереңдіктен қызғылықты құмыра табылған. Бұл құмыра қазіргі кезде жолбасшының құдағиының үйінде сақтаулы көрінеді. Мұнан ары Күреңбел жеріне жол тарттық. Аталу себебі осында күреңті аталатын өсімдік өскен. Улы өсімдік. Оны өзге жақтың малы жегенде уланып өлетін болған.

Экспедиция мұнан ары Батырбек датқа кесенесіне бағыт алды. Батырбек Датқа Рысбек батыр ұлы. Рысбек батыр жоңғар шапқыншылығы кезінде қайрат көрсеткен бас батырлардың бірі. Батырбек Датқа Рысбек ұлы Қоқан хандығы кезінде қоқандарға қызмет етумен қатар, өз халқының мүддесін қорғап, осында үлкен медресе салдырған екен. Сонымен қатар, кедейлерге қамқорлық танытып, қол астындағы жұртына шапағатын тигізген тұлға болғандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, Батырбек датқаның Байзақ датқаның өліміне қатысы бар деген жаңсақ пікірдің де бар екендігін, шын мәнісінде Батырбек датқаның Байзақ пен оның серіктерінің жерлеу дәстүріне байланысты жоралғыларының барлығын атқарғандығын баян етті. Батырбектің ұрпақтары да халыққа еңбек еткен, тарихта аты қалған тұлғалар болған. Соның ішінде Шерім болыс патша үкіметі кезінде өмір сүрген.

Келесі нысан - депортацияланған поляк әскеріне арналған ескерткіш. Бұл ескерткіш Шақпақата ауылдық округіне қарасты Шақпақ станциясындағы теміржол маңындағы тоғайдың ішінде. Ескерткіштің пішіні, биіктігі 3,5 метр. Ескерткіштің алдыңғы бетінде осы Жуалы жеріне келіп қайтыс болған депортацияланған поляктардың аты – жөндері жазылған. Бұл ескерткіштің осы Жуалы жеріндегі Шақпақ станциясына орнатылу себебі, 1940 жылдың желтоқсан айында депортацияланған поляктар эшолоннан осы станцияда түсірілген екен. Сонда жол - жөнекей поезда қайтыс болғандарды алғаш осы жерге жерленіпті. Ескерткішті 2002 жылдың маусым айында поляктар тұрғызыпты.

Келесі нысан Шақпақ қалашығы, қазіргі Жуалы ауданының Шақпақ - ата елдімекенінен оңтүстікке қарай 50 метрдей жерде Алматы-Ташкент автомобиль жолынан сәл ғана төмен орналасқан. 8-10 ғғ.пайда болған қалашық. 8 мұнарасы болған. "Қалашықтың Шақпақ аталу себебі, бұл жерде Үйсіннің 12-ші ұрпағы Шақпақ әулие мекен еткен", - деп түсіндірді жолбасшымыз. Осы қалашықтың шығыс жағында Шақпақ өзенінің арғы бетіндегі тауда өткен кеткендер зиярат ететін Шақпақ әулиенің үңгірі бар екен. Шақпақ әулие үңгірі түрлі пішіндегі жақпар тастардың етек 25 жағында орналасқан аузы солтүстікке қараған шағын үңгір екен. Оның тереңдігі 6 метр ал биіктігі 2,5 метр болады. Бұл үңгірді жұрт әулие санап ауру - сырқаулар мен тумаған әйелдер басына түнеп зиярат етіп жатады. Үңгір алдындағы шеттікке ырым етіп шүберек байланған.

Келесі нысан - Берікқара қорымы. Бұл аумақта, Берікқара өзенінің қос жағалауында 411 обалар бар екен. Биіктіктері әр-түрлі. Диаметрі 50-53метр, биіктігі 5-7м., кейбіреулері 2-3 метр.

 

5. ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА ЖӘНЕ ЭКСПЕДИЦИЯЛЫҚ САПАРЛАР ҰЙЫМДАСТЫРУҒА БОЛАТЫН ЖЕРЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАҒЫТТАРЫ

(Жоланов Е.)

                                                                                                              

                                                                                                                      Кесте 1

Бағыты Жол бөлігі, жәдігерлік атауы Қашықтығы, км Қозғалыс тәсілі

Жуалы ауданы

 

Тараз - Жуалы ауданының орталығы 66.8 км Көлік
Б. Момышулы мұражайы (Кайрат ауылы, Ақсай ауылдық округі)   67 км   Көлік, жаяу
Бархуаб қалашығы (Теріс ауылы) 72,3 км Көлік, жаяу
Әулиебастау (Көзбастау) бұлағы (Теріс ауылы) 80,2 км Көлік, жаяу  
Теріс ауылы. С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің мұражайы   82,5 Көлік, жаяу
Ақбастау ауылындағы обалар (үш оба) 95 км Көлік, жаяу
Ойран төбе (Қарасу ауылы) 101 км Көлік, жаяу
Жұрымбай ауылындағы қала бекінісі 104,1 км Көлік, жаяу
Жетітөбе төбесі (Жетітөбе ауылы) 110,5 км Көлік, жаяу
Кәрі қорған қалашығы (Шынбұлақ ауылы) 115 км Көлік, жаяу
Батырбек Датқа кесенесі (Күреңбел ауылы) 132 км Көлік, жаяу
Поляк жауынгерлеріне арналған ескерткіш мемориалы (Шақпақ ауылдық округы) 177 км Көлік, жаяу
Шақпақ қалашығы (Шақпақ ауылдық округы) 188 км Көлік, жаяу
Шақпақ әулие үңгірі (Шақпақ ауылдық округы) 195 км Көлік, жаяу
Берікқара қорымы (414 оба) 283 км Көлік, жаяу
Таусамал демалыс орталығы (Берікқара шатқалы) 326 км Көлік, жаяу
Қаратау қаласына қарай шығу 332 км Көлік

 

6. ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕГІ ХАЛЫҚ САНЫ МЕН ЭТНИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

(Муртазаева Б.)

Жуалы ауданы халқының ұлттық құрамы 9 диаспораны құрады, атап айтқанда: орыстар (жалпы саны 2617 - 5,1 %), удмурттар (жалпы саны 8- 0,01 %); әзірбайжандар (жалпы саны 586 - 1,1 %); татарлар (жалпы саны 2 - 0,003 %); өзбектер (жалпы саны 114 - 0,2 %); украиндар (жалпы саны 273 - 0,5 %); қырғыздар (жалпы саны 57 - 0,1 %); немістер (жалпы саны 195 - 0,38 %); шешендер (жалпы саны 472 - 0,83 %) және ірілі-ұсақты басқа халықтар (жалпы саны 1167 - 2,29%).

                                                                                                                       Кесте 2

Ірі елді мекендері:

Халық құрамы

Ауыл аты Халық саны түрік

орыс

удмурт

ұйғыр

әзір

байжан

татар

өзбек

күрд

украин

қарайым шор кәріс қырғыз неміс шешен грек басқалар

Б.Момышұлы ауылдық округі

Б.Момышұлы 14003  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             
Ұлттық құрамы 14003 -

1496

-

-

-

-

114

-

182

-

- - - 163 386 - 261

Ақсай ауылдық округі

Қайрат 2117  

 

 

 

 

 

 

 

 

               
Декхан 850  

 

 

 

 

 

 

 

 

               
Ұлттық құрамы 2967 -

5

-

-

-

-

-

-

-

- - - - - - - -

Қызыларық ауылдық округі

Қызыларық 520    

 

 

 

 

 

 

 

 

             
Сұрым 396    

 

 

 

 

 

 

 

 

             
Теріс-Ащыбұлақ 170    

 

 

 

 

 

 

 

 

             
Ақтөбе 890    

 

 

 

 

 

 

 

 

             
Алатау 448    

 

 

 

 

 

 

 

 

             
Ұлттық құрамы 2424 - 38

-

-

-

-

-

-

8

-

- - 4 - - - 24

Ақтөбе ауылдық округі

Бәйтерек 1690  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             
Жаңа-талап 784  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             
Ақтоған 101  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             
Күркүреу-су 129  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             
Ұлттық құрамы 2704 -

271

-

-

-

-

-

-

60

-

- - 77 - - - 125

Күреңбел ауылдық округі

Күреңбел 1985  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             
Қаратас 241  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             
Ұлттық құрамы 2226 -

38

-

-

-

-

-

-

-

-

- - - - - - 46

Мы ңбұлақ ауылдық округі

Көлбастау 3681  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             
Талапты 713  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        &

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow