Визуальная диагностика

Тесты для рубежного контроля по модулю «Кардиология и ревматология» на казахском языке2017-2018 уч.г.

 Цикл «Кардиология»

Тема

часы

1 2 3
20% 40% 40%
1 кардиология 160 45 65 50
2 Визуальная диагностика 30 5 10 15
3 Клин лаб диагностика 30 6 12 12
4 Клиническая фармакология 30 6 0 24
  итого 250 62 87 101

Уровень

1! Холестериннен басқа қандай көрсеткіш бойынша атерогенділіктің коэффиценті есептеленеді?

* Хиломикрон

* Үшглицерид

* пре-b-холестерин деңгейі

* төмен тығыздықты липопротеидтер

* +жоғары тығыздықты липопротеидтер

 

2! Егдежаста АҚ көзделген деңгейі БАРЫНША мүмкін болып табылады:

* 145/95 мм сб.б.

*+140/90 мм сб.б.

* 130/90 мм сб.б.

* 130/85 мм сб.б.

* 120/80 мм сб.б.

 

3! Гиперальдостеронизммен ауыратын науқасқа келтірілген белгілердің қайсысы БАРЫНША тән?

* тырысулар

* естен танулар

*+бұлшық ет әлсіздігі,

* вегето-қан тамырлық криздер

* психомоторлық қозулар

 

4! АГ дамуының алғашқы сатысында гипертрофияның қай түрі дамиды

* Эксцентрлі

*+Концентрлі

* Ассиметриялық

*Аралас

* Локальді

 

5! Артериальді гипертензиясы бар егде жастағы науқастарда стенокардия ұстамасын азайту үшін БАРЫНША тиімді тағайындау:

* нитраттарды

* АПФ ингибиторларды

* β-адренобөгемелерді

* a-адренобөгемелерді

*+кальций антагонистерді

 

6! Физикалық жуктемемен өткізілетін ЭКГ – тестті тоқтату үшін төмендегілердің қайсысы көрсетілген:

 * АҚҚ аздап төмендеу

 * АҚҚ аздап көтерілуі

 * Журектің соғуының жиiлеуi

 * Біртектес қарынша үстілік экстрасистола

 *+ST сегментінің 3 мм теренірек ишимиялық депрессиясы

 

7! Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысы Принцметал стенокардиясына тән?

* Салқын желді ауа райында дамиды

*ЭКГ-де ST сегментінің депрессиясы тән

* Қарттық жаста жиі дамиды

* Физикалық, психо-эмоционалді жүктемеден кейін дамиды

*+ Ерте таңертеңгі мезгілде пайда болады, ЭКГ-дегі инфаркттәрізді өзгерістер

 

8! Ақырын жүріспен 400 м қашықтыққа жүргенде төс артында қысып ауыратын ұстамасы төменде келтірілген кандай функциональды класына барынша тән?

* Тұрақты күштемелі стенокардия, ФК I

* +Тұрақты күштемелі стенокардия, ФК II

* Тұрақты күштемелі стенокардия, ФК III

* Тұрақты күштемелі стенокардия, ФК IV

* Принцметал стенокардиясы.

 

9! ЖИА-ның қандай түрінде кальций антагонистері бірінші таңдаудағы препарат болып табылады?

* Миокард инфарктысында

*+Принцметал стенокардиясында

* Күштеме стенокардиясында ФК І

 *Күштеме стенокардиясында ФК ІІ

*Миокардтың ауырсынусыз ишемиясында

 

10! Жақындағы 48 сағатта емес, бірақ алдыңғы айда тыныштық жағдайда пайда болған жітілеу кезеңдегі біріншілік стенокардия, Braunwald, 2000 бойынша тұрақсыз стенокардияның қай классына жатады?

* I A

* I B

*+II B

* II C

* III C

 

11! Алғашқы 12 сағат ішінде ST сегментінің жоғарлауымен жедел коронарлы синдром кезінде болжау жасау үшін қандай емдік шара БАРЫНША ӘСЕРЛІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ?

* наркотикалық анальгетиктерді көк тамыр ішіне енгізу

* нитраттарды көк тамыр ішіне енгізу

*+тромболитикалық ем

* антикоагулянттарды енгізу

* бета-блокаторларды енгізу

 

12! «Өшкен» миокард феноменіне (stunning) сипатты болып саналады:

* кардиомиоциттер санының азаюы

*+реперфузиядан кейін сол қарыншаның локальді жиырылу қызметінің өтпелі бұзылысы

* ірі тәждік артериялардың атеросклероздық өзгерістерінің болмауы

* дистальді орналасқан ірі тәждік артериялардың айқын бұзылыстары

* ұзаққа созылатын гипоперфузия кезінде сол қарыншаның локальді жиырылу қызметінің бұзылуы

 

13! Жедел коронарлы синдромға кіреді, БІРЕУІНЕН басқасы:

* Қан ферменттерін зерттеп қойылатын миокард инфаркті

* Патологиялық Q тісшесімен миокард инфаркті

* Патологиялық Q тісшесісіз миокард инфаркті

* Тұрақсыз стенокардия

*+Тұрақты стенокардия

 

14! Коронарлық тамырлардың атеросклероздық зақымдалуында көрсетілген қандай коронароангиографиялық белгілер ЖТС бар науқастарда болжамы БАРЫНША МҮМКІН қолайлы болады?

* ТА тромбтың болуы

*  СТА бұтағының зақымдалуы

*  үштамырлық зақымдалу

*  ТА сағылауының критикалық тарылуы

* + таспа бетінің тегіс тісшесіз болуы

 

15! МИ бар науқастарда миокард зақымдануының тереңдігі мен кеңдігі, асқынуы мен коронарлы жетіспеушілігінің деңгейі БАРЫНША не үшін анықталады?

* МИ типін нақтылау үшін

* СЖЖ сатысын нақтылауға

* Killip бойынша жедел жүрек жетіспеушілігі класын көрсету үшін

*+МИ- ның ауырлық класын анықтау үшін

* стенокардияның функциональды класын анықтау үшін

 

16! Келтірілген асқынулардың қайсысы миокард инфарктының (МИ) кеш асқынуларына БАРЫНША жатады?

* тромбоэмболиялар

* кардиогенді шок

* сол қарыншалық жетіспеушілік

*+іркілісті жүрек жетіспеушілігі

* миокардтың ішкі және сыртқы жыртылуы

 

17! Келтірілген факторлардың қайсысы миокард инфаркты кезіндегі сол қарынша айқын аневризмасының түзілуіне БАРЫНША әкеліп соғады?

* артериальды гипотензия

* ұзақ төсектік режим

*+жайылмалы трансмуральді зақымдану

* қарныша ішілік қысымның төмендеуі

* тыртық консолидация (тығыздалу) үрдісінің бұзылуы

 

18! Төменде аталған түсініктердің қайсысы реперфузионды синдромға жатады?

* миокардтың бос радикалдармен зақымдалуы

* нитраттарды алып тастағаннан кейінгі стенокардияның тұрақсыздануы

* b-блокаторларды алып тастағаннан кейінгі стенокардияның тұрақсыздануы

* қосымша жол бойынша атриовентрикулярлы өткізу

*+тромбталған коронарлы артерия бойынша қан айналымның қалыпқа келу симптомокомплексі

 

19! Жедел миокард инфаркты кезіндегі ерте өлімнің (1 сағат ішінде) БАРЫНША жиі кездесетін себебін атаңыз:

*Жүрек жыртылуы

* Асқазан-ішек жолдарынан қан кету

*+Қарыншалардың фибрилляциясы

* Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

*Сол қарыншаның жедел жетіспеушілігі

 

20! Миокард инфаркты кезіндегі магистральды коронарлы қан айналымды қалпына келтіру үшін, келтірілген дәрілердің қайсысын, тағайындаған БАРЫНША абзалырақ?

* гепаринді

* аспиринді

*+альтеплазаны

* клопидогрелді

* кардиомагнилді

 

21! Миокард инфаркт бар науқастарда жүргізген тромболитикалық емнің нәтижелілігінің көрсеткіші болып БАРЫНША табылатыны:

* реокклюзия

* МВ-КФК деңгейінің төмендеуі

* реперфузионды аритмия

*+ST сегментінің күрт төмендеуі

* өшкен миокардтың түзілуі

 

22! Алғашқы 6 сағатта ST сегменті көтерілген инфаркт миокарды кезінде қандай емдік іс-шара тиімді болып табылады:

* Наркотикалық аналгетиктерді көк тамырға егу

* Нитраттарды көк тамырға енгізу

*+Фибринолитикалықтерапия

*Антикоагулянттарды енгізу

* Бета-блокаторларды енгізу

 

23! Қандай патология өткізгіштік бұзылысына БАРЫНША ЖАТАДЫ?

* ырғақ миграциясы

*+синоатриальды бөгеме

* жүрекшелер фибрилляциясы

* қарыншалар фибрилляциясы

* баяу ытқымалы ырғақтар мен комплекстер

 

24! Қандай синдромға жүрекшелер фибрилляциясы, синоатриальды бөгеме, тахикардия-брадикардия синдромы, тұрақты синусты брадикардия белгілері БАРЫНША ТӘН?

* CLC

* WPW

* МЭС

*+Синус түйіні әлсіздік синдромы

* Фредерик синдромы

 

25! Электрофизиологиялық зерттеу кезінде анықталатын, синоатриальді бөгеменің III дәрежесіне келтірілген критерилердің қайсысы БАРЫНША СИПАТТАЙДЫ?

* синусты, дұрыс емес ырғақ

* Р-Р интервалы үзіліс кезінде екі РР-ге тең

* бөлек жүрек циклдері кезеңді түсіп қалады

* ұзақ үзілістер кезінде сырғып шыққан коплекстер болуы мүмкін

*+синус түйінінен жүрекшелерге импульс өтуінің толығымен тоқтауы

 

26! Вальсальва сынамасының физиологиялык асері қандай:

* қан тамырдың жалпы перифериялық кедергісінің төмендеуі

* жалпы қан айналым көлемінің төмендеуі

* журек лақтырысының жоғарылауы

*+веналық кері ағыстың төмендеуі

* соққылық көлемнің жоғарылауы         

 

27! Синустық брадикардияның ЭКГ-лық белгілері:

*+Жиілігі минутына 40-59 рет дұрыс синустық ырғақтың сақталуы

* Минутына 60-90 рет дұрыс синустық ырғақтың сақталуы

* «Кеңейген» QRS комплексінің болуы

* P тісшесінің QRS комплекстен кейін орналасуы

* P тісшесінің болмауы

 

28! Балалық шақтан анықталатын II-III сол қабарға аралықтағы систоло- диастолалалық шуылға тән:

* Аорта коартациясы 

* Қарынша аралық ақауы

*+Ашық артериальді өзек

* Жүректін метральді ақауы

* Балалық шақтағы қан айналымнын функционалды жағдайы

 

29! Төменде келтірілген белгілердің қайсысы митралді стенозға тән:

* Жүректің оңға қарай ұлғаюы

* Жүректің солға қарай ұлғаюы

*+Жүректің жоғары және оңға қарай ұлғаюы

* Жүректің солға және төменге қарай ұлғаюы

* Жүректің солға жіне жоғарыға қарай ұлғаюы

 

30! Митральды қақпақша жармаларының қалыңдауы, хордалардың қысқаруы және бітісуі, комиссуралардың өсіп-бітісуі қандай ақаудың пайда болуына алып келуі ықтимал?

* аорта саңылауының стенозы

* митральды қақпақша жетіспеушілігі 

* үшжармалы қақпақша жетіспеушілігі

*+сол атриовентрикулярлы саңылауының стенозы

* оң атриовентрикулярлы саңылаудың тарылуы

 

31! Ревматикалық емес миокардиттің жеңіл ағымы кезінде көрсетілген дәрілік топтардың қайсысын тағайындай БАРЫНША ТИІМДІ?

*+СЕҚҚД (НПВП)

*антибиотиктер

*цитостатиктер

*сульфаниламидтер

*глюкокортикостероидтар

 

32! 42 жастағы ер адамдағы ЭХОкардиографиялық белгілерден қайсысы рестриктивті кардиомиопатияға БАРЫНША ТӘН? 

* өкпе гипертензиясы белгілері

* қарынша аралық перде гипертрофиясы

* жүректің барлық қуыстарын дилатациясы

*+эндокард қалыңдауы және қарыншалар қуысы көлемінің кішіреюі

* ұлғаймаған сол қарынша болсадағы, сол жүрекше көлемінің ұлғаюы

 

33! Дилатационды кардиомиопатияға БАРЫНША ТӘН:

* сол қарынша миокардының айқын гипертрофиясы

*+жүректің барлық қуыстарының кеңеюі

* жүрек қуыстары көлемінің тарылуы

* өкпе гипертензиясы белгілері

* қолқа түбірінің кеңеюі

 

34! Қай ауруға тұрақты бактериемия, қозғалмалы вегетациялар, Ослер түйіндері, Лукина және Рот дақтары БАРЫНША тән?

* абсцесске   

* пневмонияға

* перикардитке

*+жұқпалы  эндокардитке

* ревматикалы емес миокардитке

 

35! Жұқпалы эндокардиті бар науқастарда иммунопатологиялық реакциялар (гломерулонефрит, артрит, васкулит) жоғарылағанда нені тағайындауБАРЫНША тиімдірек?

* СҚҚП (НПВП)

* карбопенемдер

* фторхинолондар

* цефалоспориндер

*+глюкокортикоидтар

 

36! Төменде келтірілгендердің ішінде қандай Эхо-КГ белгілердің инфекциялық эндокардит диагностикасының БАРЫНША НАҚТЫ критерий болып табылады:

*Митралді регургитация

* Сол жақ қарыншаның дилатациясы

* Жармалардың перфорациясы

* Қақпақша жармаларының кальцинозы

*+Қақпақшалардағы вегетациялар

 

37! Констриктивті перикардитті емдеудегі негізгі әдістерге БАРЫНША жататыны:

* физиотерапевтикалық шаралар

* санаторлы-курортты ем

* консервативті ем

*+хирургиялық ем

* фитотерапия

 

38!Өкпе гипертензиясының ЭКГ-дағы БАРЫНША СИПАТТЫ белгісін көрсетіңіз:

* сол жақ қарыншаның шамадан тыс жүктелуі

*сол жақ қарнышаның гипертрофиясы

* сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы

* электр осінің солға жылжуы

*+ электр осінің оңға жылжуы

 

39! Миокард инфаркты бар науқастың ұзақ уақыт бойы қозғалыссыз жатуынан қандай асқынуларға шалдығу мүмкіндігін туғызады?

* Брадикардия

* Жүрек жетіспеушілігі

* Артериальды гипертензия

*+Тромбоэмболиялық асқынулар

* Қанның систолалық көлемінің азаюы

 

40! Келтірілген әдістердің қайсысы кадиогенді шок кезінде БАРЫНША қарсы көрсетілген?

* қышқылды-негізді жағдайды қалпына келтіру

*+атропинді жүрек гликозидтерімен қоса қолдану

* төмен молекулярлы декстранды (реополиглюкин) қолдану

* дофаминді перифериялық вазодилататорлармен бірге қолдану

* қосымша қанайналымы (қолқа ішілік баллонды контрпульсация) пайдалану

 

41! Төменде көрсетілген аурулардың ішінде қайсы ауру соңғы он жылда жүрек жетіспеушілігі дамуының жиі себебі болып табылады?

* Артериалдық гипертензия

*+Жүректің ишемиялық ауруы

* Идиопатиялық кардиомиопатия

* Әртүрлі этиологиялы миокардиттер

* Жүре пайда болған жүрек ақаулары

 

42!Келтірілген симптомдардың қайсысы Нью-Йорктік жүрек Ассоциациясы жіктелуіне сәйкес жүрек жетіспеушілігінің II класын сипаттайды:

* айқын физикалық жүктемеден кейінгі ентігу мен жүрек қағуы

* аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу мен жүрек қағуы

*+әдеттегі физикалық жүктемеден кейінгі ентігу мен жүрек қағуы

* тыныштықтағы ентігу мен ангинозды сипаттағы ауру сезімі

* тыныштықтағы ентігу мен жүрек қағуы

 

43! Аса вирулентті флорамен байланысты қақпақша протезінің жұқпалы эндокардитінде нені тағайындау тиімдірек?

* имипенем

* ванкомицин

* амфотерицин В

* цефтриаксон және гентамицин

*+операция жасау

 

44!Жұқпалы эндокардит кезіндегі артериальды тромбоэмболияларданені тағайындау тиімдірек?

* глюкокортикоидтар

* антикоагулянттар

* дезагреганттар

* тромболизис

*+операция

 

45! Созылмалы жүрек жетіспеушілігі бар науқастарға жүрек трансплантациясын өткізу үшін көрсетілген критерийлердің қайсысы БАРЫНША МАҢЫЗДЫ (решающий) болады?

*+сол қарынша лақтырыс фракциясы төмендеуі < 20 %

* сол қарынша лақтырыс фракциясы жоғарлауы > 40 %

* сол қарынша артқы қабырғасының қалыңдығы 1,4 см

* қарынша аралық перденің қалыңдығы 1,3 см

* сол атриовентрикулярлы тесік аймағы 2,5 см

 

Уровень

 

1! 32 жасар науқас айқын физикалық жүктеме түскен кезде пайда болатын қысқа мезгілді бас айналуға және жүрек тұсындағы қысып ауру сезіміне шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. АҚ 110/70 мм сб.б. ЖСЖ- 72 рет/мин. ЭХОКГ: митральды қақпақшаның алдыңғы жармасының бүгілуі, регургитация 1-2 дәрежеде. Сол қарыншаның систолалық функциясы қанағаттарлық.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы ықтимал?

*+митральды қақпақша пролапсы

* митральды саңылаудың стенозы

* аорта қақпақшасының жетіспеушілігі

* гипертрофиялық кардиомиопатия

* митральды қақпақша жетіспеушілігі

 

2! 21 - жастағы ер адам, жүрегінің жиі соғуына, ырғақ бұзылысына, бас айналуға шағымданады. Объективті: жүрек үндері айқын, жүрек ұшында тұрғанда күшейіп, аяқты көтеріп жатқанда әлсірейтін систолалық сартыл (щелчок) және систолалық шуыл естіледі. ЭхоКГ: қосжармалы қақапақшаның алдыңғы жармасының иілмесі.

Бұл тәрізді аускультациялық өзгеріс, мынаған БАРЫНША тән:

*+ митральді қақапақшаның пролапсы

* сопақ саңылаудың бітіспеуі

* митральді қақпақшаның жетіспеушілігі

*сол жақ атриовентрикулярлы саңлаудың стенозы

* митральді қақпақшаның салыстырмалы жетіспеушілігі

 

3! 33 жастағы ер кісіні қатты зорыққан кездегі бастың солқылдатып ауру сезімі, әрдайым шаршау, ұйқышылдық мазалайды. Науқастың әкесі қант диабетінің 2-ші типімен ауырады, 45 жасында миокард инфарктын басынан өткерген. Объективті: салмағы артық, ДСИ – 44 кг/м2. Көз аймағында ксантелазмалар, беті мен кеуде терісінде безеулі бөртпе, шаштың ағаруы. Перифериялық ісінулер жоқ. Қан анализінде – глюкоза 4,4 ммоль/л, жалпы холестерин – 6,8 ммоль/л, үшглицеридтер – 2,6 ммоль/л.

Берілген патологиялардың қайсысы науқаста ықтимал?

* Гипотиреоз

* Қант диабеті

* Пиквик синдромы

* Метаболикалық синдром

* +Тұқымқуалайтын гиперлипидемия

 

4! Науқас 55 жаста, 100 – 150 метр жүргеннен кейінгі балтыр бұлшықеттеріндегі ауру сезіміне, салқындаушылық пен тоңғақтық, түнгі уақыттағы аяқтағы құрысу ұстамаларға шағымданады. Тексергендеі: АҚҚ 130/75 мм.сын.бағ. екі қолында. Төмендеген тамақтану, табан терісі көгерген, құрғақ, сипап қарағанда салқын. Мықын артериясындағы, тізе шұңқыры мен табанның сыртқы артериясында пульсация төмендеген. Мықын артериясында систолалық шу.

Берілген диагноздың қайсысы болуы ықтимал?

* Такаясу ауруы

* +Лериш синдромы

* Диабеттік ангиопатия

* Терең көктамырлардың тромбофлебиті

* Спецификалық емес аортоартериит

 

5! 53 жастағы әйел адам шүйдесіндегі бас ауыруына, басының шулауына, жүрек айнуына, таң ертеңгі ауыз құрғауына, айқын жалоы әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде: АГ 10 жыл, ишемиялық типті инсульт өткерген. Қарап тексергенде: толық, дене салмағының индексі -35. Жүрек тондары тұйықталған, жыпылықтаушы аритмия, ЖСЖ 112 рет/мин. АҚ 170/100 мм с.б.. Анализінде: глюкоза – 6,7 ммоль/л, гликозилирленген гемоглобин -9,6%.

Осы науқастағы артериальды гипертензияның қаупін көрсетіңіз?

* төмен

* жоғарғы

* ортаңғы

* әлсіз

*+өте жоғары

 

6! 72 жастағы әйел адам тыныштықтағы ентігуге, жүрек қағуына; күлгін түсті қақырықпен жөтелге; қорқыныш сезіміне; айқын әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде: АГ 25 жыл, миокард инфарктын өткерген. Қарап тексергенде: ортопноэ жағдайы; жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс, жиі қарыншалық экстрасистолалармен үзілген. АҚ 260/140 мм. с.б. Көз түбі тамырларын тексергенде: көру нерві дискілерінің ісінуі. Зәр анализі: протеинурия ізі. 

Науқаста қандай асқыну БАРЫНША дамуы мүмкін?

* ми қанайналымының жедел бұзылуы

* жедел бүйрек жетіспеушілігі

* көз тор қабатының сылынуы

* миокард инфаркты

*+өкпе ісінуі

 

7! Жас қызда АҚҚ 150/95 мм рт. ст көтерілу барысында арықтау, саусақтарының дірілдеуі, эмоционалды тұрақсыздық, тахикардия, тәбетінің жоғарылауы анықталды.

Артериялық гипертензияның себебі БАРЫНША болуы мүмкін:

* Нейроциркуляторлы дистония

* Бүйрек артерияның стенозы

* Гипофиздің аденомасы

* Феохромоцитома

*+Тиреотоксикоз

 

8! АҚҚ жоғарлауы, жоғары салмақ, ай тәрізді бет, тері асты май қабатының біркелкелкі емес таралуы, қою-қызыл стриялар қандай ауруға БАРЫНША тән:

* Біріншілік гиперальдостеронизмге

*+Иценко-Кушинга ауруына

* Феохромацитомаға

* Такаясу ауруына

* Тиреотоксикозға

 

9! 60 жастағы К., наукаста келесі симптомдар анықталады: жоғары тұрақты систоликалық гипертензия, шүйдеде орналасқан таңертенгі бас ауыруы, жүрек қағуы, көз түбірінде көруінің төмендеуі - ангиоретинопатия IV дәреже, эпигастрий аймағында естілетін систоликалық шу. Қандай диагноз туралы ойлауға болады?

* Біріншілік гиперальдостеронизм

* Созылмалы гломерулонефрит

* Қуық асты безі аденомасы

*+Құрсақ қолқасының атеросклерозы

* Феохромацитома

 

10! 34 жастагы науқасты тремормен, тершендикпен, тахикардиямен журетін артериялық гипертониянын 220/140 мм.с.б. дейін көтерілу ұстамалары мазалайды. Кей кезде ұстамалар 20-30 минуттан соң өздигінен төмендейді. 

Қандай ауруы туралы ойлауға болады?

* Диффузды токсикалық зоб

* Иценко-Кушинк ауруы

* Глюкокортикостером

*+Феохромоцитома

* Альдостерома

 

11! Әйел 78 жаста. Дєрігерге басының ауыруына, бас айналуға шағымданып келді. Анамнезінде – стенокардия ұстамалары, кезеңді түрде нитраттар, аспирин қабылдайды. 8 жылдан бері бронхылы демікпемен ауырады, тұншығу ұстамаларын симпатомиметиктер ингаляциясымен басады. Қарағанда: тері жамылғысы бозғылт, мойын тамырларының пульсациясы. Сол жақ жүрек шекарасы солға ығысқан, жүрек түрткісі резистентті, солға және төменге ығысқан. Аускультацияда: оң жақ ІІ қабырға аралықта жұмсақ протодиастолалық шу, ЖСЖ минутына 82, АҚ 185/60 мм с. б. Артериялық гипертензияның БАРЫНША мүмкін болатын себебі қандай:

* Эссенциалды артериялық гипертензия

* Дәрімен индуцирленген артериялық гипертензия

* Натрийдің біріншілік бүйректік ретенциясы

*+Атеросклероз генезді қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

* «Ақ халат» гипертензиясы

 

12! 40 жастағы ер адам таң атар алдындағы сағатта және түнгі уақытта пайда болатын кеуде артындағы қарқынды басып ауыратын ауыру сезіміне шағымданып келді. Үлкен физикалық жүктемелерді күндіз жақсы көтереді. Коронароангиографияда айқын атеросклероздық өзгерістер анықталмады, эргометринмен сынама оң..

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

* ЖИА. Тұрақты стенокардия ФК II

* ЖИА. Тұрақты стенокардия ФК III

* ЖИА. Тұрақты күштемелі стенокардия ФК IV

* ЖИА. Үдемелі стенокардия

*+ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия

 

13! ЖИА-мен ауыратын 62 жастағы әйел кезеңді түрде нитраттар, тұрақты түрде дезагреганттар және β-бөгемелер қабылдайды. Қалыпты физикалық жүктеме кезінде және тынышытық жағдайда пайда болатын стенокардия ұстамаларының жиіленуі және ұзаруына шағымданады. ЭКГ-да ST депрессиясы V1-V3.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

* спонтанды стенокардия

*+үдемелі стенокардия

* алғаш рет пайда болған стенокардия

* Принцметал вариантты стенокардия

* тұрақты күштемелі стенокардия ФК ІІІ

 

14! Бір жылдан бері ФК ІІ тұрақты күштемелі стенокардиямен сырқаттанатын науқаста соңғы 5 күнде ауру сезімі күшейген, физикалық күштемеге толеранттылық бірден төмендеген, тыныштықта ауру сезімі пайда болған, нитроглицеринді қабылдау көбейген.Төмендегі берілген диагноздың қайсысы БАРЫНША дұрыс:

* ЖИА, бірінші рет пайда болған стенокардия

* ЖИА, стабильді күштемелі стенокардия. ФКІІІ

*+ЖИА, үдемелі стенокардия

* Нейроциркуляторлы дистония

* ЖИА, ұсақ ошақты миокардинфаркті

 

15! Науқас С., 45 жаста, кеуде тұсындағы ұстамалы ауру сезіміне, интенсивті күштемеден кейін пайда болатын және күштеме тоқтатылғаннан кейін екі минуттан соң басылатын ауру сезіміне шағымданды.Ауру сезімі сол жақ қол мен иыққа таралады. Ауру сезімінің ұзақтығы 2-5 минут. Төмендегі берілген диагноздың қайсысы БАРЫНША дұрыс:

* ЖИА, күштемелі стенокардия ФК II

*+ЖИА, күштемелі стенокардия ФК I

*Mитральді клапанның пролапсы

* Нейроциркуляторлы дистония

* Омыртқаның кеуде бөлімінің остеохондрозы

 

16! 52 жастағы ер адам изокет-спреймен басылатын, текпешекпен 1 қабатқа көтерілгенде және 150-200 м жүргенде сол қолға берілетін, күйіп ауыратын ауыру сезіміне шағымданады. Об-ті: жүрек тондары тұйықталған, ырғақ бірлі-жарым экстрасистолалармен үзіледі. ЭКГ – сол қарыншаның гипертрофия белгілері. Стандартты терапия тағайындалып, стенокардияның бір айдан кейін толық жойылуын анықтады.

Физикалық жүктемеге толеранттылықтың жоғарлауын анықтауға көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?

*+тредмил тест        

* сцинтиграфия

* рентгенография

* коронарография

* электрокардиография

 

17! Тропонин деңгейінің диагностикаға маңызды көтерілуі бар, жүрек жетіспеушілігі Killip бойынша IV класс (59 б), САҚ 80 мм с.б. (58 б), ЖСЖ-120 рет/мин (24 б), 72 жастағы пациент (75 б) GRACE шкаласы бойынша қандай категорияға жатады?

* төмен

* орта

*+жоғары

* маңызсыз

* өте жоғары

 

18! 45 жастағы ер адам изокет-спреймен басылмайтын жайылмалы кеуде артындағы ауру сезімі бар шағымдармен келіп түсті. Ауыр физикалық жүктемеден кейін бірден ауырып қалды. Об-ті: жағдайы ауыр, боз. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ-86 рет мин, АҚ 170/90 мм с.б. ЭКГ: сол Гисс бұдасының толық бөгемесі.

Қандай диагноз болуы ықтимал?

* миокардит

* инфаркт миокарды

* гипертониялық криз

*+жедел коронарлы синдром

* өкпе артериясының тромбоэмболиясы

 

19! Науқас А, 50жаста. Жұмысында кенеттен болған стресстік жағдайдан кейін ауырып қалды. Төс астында қысып ауыратын күшті ауыру сезімі пайда болып, күні бойы сақталды. Кешке науқас жедел жәрдем бригадасын шақырды. ЭКГ-де: V1-3 әкетулерінде патологиялық Q тісшесі, R тісшесінің жоғалуы, ST сегментінің 6 мм изолиниядан жоғарылауы. Келтірілген қай диагноз дұрыс:

* ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия

* ЖИА. Үдемелі стенокардия

* ЖИА. Жедел коронарлық синдром ST сегментінің көтерілуінсіз

*+ЖИА. Жедел коронарлық синдром ST сегментінің көтерілуімен

* ЖИА. Ірі ошақты артқы-диафрагмалдық миокард инфарктысы

 

20! ЖИА-мен ауыратын 62 жастағы әйел кезеңді түрде нитраттар, тұрақты түрде дезагреганттар және β-бөгемелер қабылдайды. Қалыпты физикалық жүктеме кезінде және тынышытық жағдайда пайда болатын стенокардия ұстамаларының жиіленуі және ұзаруына шағымданады. ЭКГ-да ST депрессиясы V1-V3.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

* спонтанды стенокардия

*+үдемелі стенокардия

* бірінші рет пайда болған стенокардия

* Принцметал вариантты стенокардия

* тұрақтыкүштемелі стенокардия ФК III

 

21! 45 жастағы ер адам нитраттармен басылмайтын, сол қоға берілетін ангинозды ауру сезіммен Қалалық кардиологиялық орталыққа жеткізілді. Бұрын ЖИА бойынша зерттелмеген және ем қабылдамаған. ЭКГ- алдыңғы- бүйір қабырғада субэндокардиальды зақымдану. Коронароангиографияда тәж артерияларда обструктивті зақымдану анықталмады. Науқас ауруханадан шығаруын сұрайды.

Берілген жағдайда дәрігер тактикасы қандай болуы тиіс?

* науқастан қолхат алып шығару керек

* кейінгі амбулаторлық ем қабылдауға шығару керек

* мүмкін болатын асқынуларын түсіндіріп шығару керек

* бөлімше меңгерушісін ескертіп науқасты шығару керек

*+науқасқа мүмкін болатын асқынулары және оның жағдайы жайлы толық ақпарат беру керек 

 

22! 57 жастағы ер кісіде 20 минутқа дейін созылатын жүрек тұсында қысып ауру сезімі, ентігу, өлімнен қорқу сезімі, айқын әлсіздік алғыш рет пайда болды. Бронхиалдьді астманын жеңіл дәрежесімен ауырады. Объективті: жағдайы өте ауыр. Қалпы мәжбүрлі. Тері жабындылары бозарған, ылғалды. Өкпелердің екі жақ төменгі бөлігінде майда және орташа көпіршікті сырылдар, бірен саран құрғақ сырылдар. ЖЖЖ 120 рет минутына, АҚҚ -110/80 сын.бағ. ЭКГ –да: ST сегментінің көтерілуі, III, avF әкетулерінде.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

* Құрғақ плеврит

* Крупозды пневмония

*Алғаш пайда болған стенокардия

* Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

*+Жедел коронарлы синдром, ST сегментінің көтерілуімен

 

23! 60 жастағы ер адам түнде кеуде тұсындағы қатты ауру сезімінен оянды. Ауру сезімі біртіндеп күшейіп 1 сағ кейін шыдатпайтындай болды. АҚҚ 90/60 мм сбб. Пульс 92 р 1 мин, біренсаран қарыншалық экстрасистолы. Төмендегі келтірілген диагноздың қайсысы сәйкес келеді:

*+Миокард инфаркті

* Жедел перикардит

* Спонтанды стенокардия

* Аортаның жайылған аневризмасы

* Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

 

24! 54 жастағы әйел 2-сағаттан асқан ангинозды ұстамамен реанимация бөліміне жеткізілді. Ауыру ұстамасы стационарға дейін жедел жәрдем дәрігерімен жойылған. Анамнезінде: бір жыл бұрын миокард инфарктын өткерген. Об-ті: жағдайы ауыр. Ортопноэ жағдайында. Акроцианоз. Мойын көк тамырларының ісінуі. ТАЖ- 29 рет мин. АҚ-110/65 мм с.б., ЖСЖ-115 рет/мин. Жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс. Әлсіреген тыныс фонында өкпеде әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. ЭКГ да: QSI, AVL, V1 - V3, ST сегментінің I, V1 -V5 4 мм дейін элевациясы.

Науқаста келтірілген жағдайлардың қайсысының дамуы БАРЫНША мүмкін?

*+өкпе ісінуі

* кардиогенді шок

* Дресслер синдромы

* астматикалық статус

* өкпе артериясының тромбоэмболиясы

 

25! 57 жастағы ер адам өзін жайсыз сезінді, эпигастрий аймағында ауру сезімі пайда болды, екі рет ішкен тағамнан құсты. Науқас инфекциялық ауруханаға жеткізіліп, асқазаны жуылды. Осы процедурадан кейін ауру сезімі кеуде тұсының сол жағына ауысты, экстрасистолия пайда болды. Түсірілген ЭКГ-да II, III, AVF тіркемелерді QS және SТ сегменті доға тәрізді көтеріліп Т тісшесімен қосылған анықталады.

 Төмендегі берілген диагноздың қайсысы БАРЫНША дұрыс:

* Жедел гастрит

* Жедел тағамдық токсикоинфекция

* ЖИА, үдемелі стенокардия

*+ЖИА, артқы-диафрагмальді трансмуральді Q-миокард инфаркты, абдоминальді түрі

* ЖИА, алдыңғы қалқалы трансмуральді Q-миокард инфаркты, абдоминальді түрі

 

26! 65- жастағы әйелде, кенет синкопэ дамыды. Анамнезінде ұзақ уақыт бойы артериальды гипертензия және стенокардиямен ауырады. Жоспарланған терапияны кабылдамаған. ЭКГ-да синусты тахикардия, ЖСС 120 рет мин, ЭОС солға ығысқан. Гипертрофия сол жақ қарыншаның белгілері бар. QS I,аVL,V1-V3 шықпаларында, ST сегменті изосызықтан осы шықпаларда биік. Төмендегі көрсетілген диагноздардың ықтималдылығы жоғары:

* Миокард инфаркты астмалық варианты

*+Миокард инфаркты церебральды түрі

* Субарахноидалды қан кұйылу

* Ишемиялық типтегі ЖМҚАБ (ОНМК)

* Қарыншаүстілік тахикардия

 

27! Науқас Д., 56 жаста, кенеттен өзін жайсыз сезініп:кеуде тұсында үдемелі қысып тұрғандай сезім, жарты сағаттан ккейін ауру сезімі шыдатпайтындай болған. Науқас бозарған, суық тер басқан. ТЖ – 18 рет 1 минут, ЖСС – 100 р 1 минут. АҚҚ – 80/50 мм сбб. Диурез – 20 мл/сағ. Төмендегі диагноздардың қайсысы БАРЫНША сәйкес келеді?

*Жедел перикардит

* Ревматикалық емес миокардит

* ЖИА. Күштемелі стенокардия

*Остеохондроз түбірлі синдроммен

*+ЖИА. Миокард инфаркті, кардиогенді шок

 

28! Алдынғы-жайылған миокард инфаркты бар науқаста аурудың 3-ші тәүлігінде ІІ, ІІІ, ІҮ қабырғааралықтарда төстің сол қырында кенеттен дөрекі систолалық шу, аурсыну синдром, тез дамыған оң қарыншаның жетіспеушілігі пайда болды. Аталғандардың ішінде асқынудың неғұрлым дұрысы:

* Перикардит

* Жүрек аневризмасы

*Тромбоэндокардит

 *Емізекше бұлшықеттің жыртылуы

*+Қарыншааралық перденің жыртылуы

 

29! Науқас Н., 37 жаста, бір сағаттан асқан кеудесінің интенсивті сыздап ауыру сезімі шағымымен ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Кенеттен науқас бозғылттанып,салқын тер шығып,есінен таныды. Пульсі және артериялық қан қысымы анықталмайды, қарашығы ұлғайған. ЭКГ де: қарыншалық комплекстер анықталмайды, формасы мен амплитудасы әртүрлі, тұрақсыз шашырап орналасқан толқындар анықталады. Емдік іс-шаралар тиімсіз, науқас өлді. Барынша мүмкін болған болжама диагноз:

*+ Миокард инфаркты, қарыншалық фибрилляцияның асқынуымен

* Ми артериясының тромбоэмболиясы.

* Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

* Гипогликемиялық кома

* Жүрек асистолиясы

 

30! Науқас 37 жаста, жүрек қағуына және жүрек аймағында «қатып қалғандай» сезімге шағымданады. Холтер бойынша ЭКГ ны тәуліктік мониторирлеу нәтижесі бойынша полиморфты жұп қарыншалық экстрасистолалар анықталған.

Қарыншалық экстрасистоланың B. Lown и M. Wolf бойынша класын көрсетіңіз?

* 2

* 3

* 4а

*+4б

* 5

 

31! Ұзақ уақыт амиодаронды қабылдап жатқан 63-жастағы әйел бас айналу мен естен танулармен қосарланған, жүрек қағуының қысқа уақыттық ұстамаларына шағымданады. ЭКГ- да QT аралығы ұзарған.

Нақты диагнозды қоюда келтірілген зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?

* өңеш арқылы электрлік стимуляция (ЧПЭС)

* коронарография

* радионуклидті  вентрикулография

* жүрек оң құыстарын катетеризациялау

*+Холтер бойынша ЭКГ мониторлау

 

32! 52 жастағы ер адам миокард инфарктысы диагнозымен ауруханада жатыр. ЭКГ-да PQ интервалының біртіндеп ұзаруымен QRS кешенінің периодты түрде түсіп қалуы байқала бастады.

Аталған өткізгіштік бұзылуының қай түрі ЭКГ-нің мұндай өзгерістеріне БАРЫНША тән?

* АВ блокаданың I дәрежесі

* АВ блокаданың III дәрежесі

*+АВ блокаданың II дәрежесі,Мобитц I

*АВ блокаданың II дәрежесі, Мобитц II

* Синоаурикулярлы блокада II дәреже

 

33! Диффузды токсикалық жемсаумен (зобпен) ауратын 34 жастағы әйелде соңғы кезде жүрек соғысы күшейіп, ентігу пайда болды. Жүрек тондары айқын, ырғағы дұрыс емес, жүрек соғу жиілігі 108 рет/мин. Жүрек ұшында қысқа систолалық шу. ЭКГ: R-R интервалдары әр түрлі, II, III, аVF, V1 әкетулерде f толқындары бар, P тісшелер жоқ. Науқаста қандай ырғақ бұзылысы анықталды:

* Жүрекшелердің дірілі

*+Жүрекшелердің жыпылықтауы

* Жүрекшелердің экстрасистолиясы

* Қарыншалардың экстрасистолиясы

* AV-түйіндік пароксизмалды тахикардия

 

34! 60 жастағы ер кісі жүректің ишемиялық ауруы бойынша 10 жылдан астам бақылауда тұрады. Соңғы жарты жылдықта аз уақыттық бас айналу эпизодтары, жүрек қағуы байқалды, екі рет есінен тану болған. Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы клиникалық диагнозды нақты қоюға мүмкіндік береді:

* ЭКГ

* ЭхоКГ

* ФКГ

* Стресс ЭхоКГ

*+ ЭКГ-нің тәуліктік мониторингі

 

35! Клиникаға кеуде артындағы жедел қатты ауру сезімімен, артериальді қан қысымының төмендеп миокард инфарктіне күдікпен науқас келіп түсті, бірақ ЭКГ көрінісінде коронарлы қан айналым бұзылысы жоқ. Анамнезінде 10 жыл бұрын сифилиспен ауырған. Қандай диагноз қоюға болады:           

* Оң жақ жүрекшеде Вальсава синусы аневризмасының жыртылуы                                                                                                          *+Өрлемелі аорта аневризмасының сылынуы                                                                                                                                    * Аорта жетіспеушілігінің дамуы                                                                                                                                                                       * Принцметал вариантты стенокардиясы                                                                                                                                                                                      * Коронариит

 

36! 38 жасар балалық шағынан ЖСРА (ХРБС) бар науқас бас ауруға, көзінің қарауытуына, бас айналуға, ентігуге шағымданады. Қарағанда: ІІ тон әлсізденуі, екінші қабырға аралығында әлсізденген протодиастолалық шу; сан артериясында – Траубе екі еселенген тоны және Дюрозье шуы естіледі. ЖСЖ- 96 рет мин. АҚ –170/40 мм сб. б. ЭКГ: сол қарынша гипертрофия.

Төменде аталған себептердің қайсысы АҚ көтерілуіне алып келуі мүмкін?

* аорта өзегінің стенозы

* ревматизм активтілігі

* өкпе артериясы өзегінің стенозы

*+аорта қақпақшасының жетіспеушілігі

* сол атриовентрикулярлы саңылауының стенозы

 

37! 43 жастағы ер адам бас айналуға, физикалық жүктемеден кейінгі немесе дене қалпын тез ауыстырғанда пайда болатын талмаларға, стенокардия ұстамаларына, тез шаршағыштыққа шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, оң жақ 2-ші қабырғааралығында ұйқы артерияларына берілетін дөрекі систолалық шу естіледі. АҚ 120/80 мм.сб.б. ЭКГ: Сол Гис шоғыры аяқшасының толық бөгемесі. ЭХОКГ: Сол қарынша қабырғасының концентриялық гипертрофиясы, аортальды қақпақша жармаларының қалыңдауы.

Төменде аталған ақаулардың қайсысы болуы ықтимал?

*+аорта өзегінің стенозы

* митральды қақпақша жетіспеушілігі

* оң атриовентрикулярлы саңылаудың тарылуы

* аортальды және митральды қақпақшалардың жетіспеушілігі

* үшжармалы қақпақшаның папиллярлы бұлшықеттерінің зақымдалуы

 

38! 19 жасар науқас ентігуге, бас ауруға, көз алдының қарауытуына; аяғының жансыздану сезіміне, тез шаршағыштыққа шағымданады. Об-ті: жүрек тондары қатаң; Боткина-Эрба және жүрек ұшыннан паравертебральды аймаққа берілетін систоликалық шу естіледі. Қолдағы артерияда пульс тез және қатаң; сан артериясында әлсіз, толуы аз, ЖСЖ 100 рет мин. АҚ қолда 170/90 мм с.б., аяқта 100/70 мм с.б. Рентгенологиялық: қабырғаларда узурациясы.

Қандай диагноз болуы ықтимал?

* Фалло триадасы

*+аорта коарктациясы

* аорта саңылауының стенозы

* митральды қақпақша стенозы

* сол атриовентрикулярлы саңылауының стенозы

 

39! 11 жасар бала ентігуге, жүрек қағуға; жалпы әлсіздікке, талмаларға шағымданады. ЭХОКГ анықталады: миокард гипертрофиясы және оң қарыншаның шығу жолының стенозы; қарыншааралық перденің субаортальды дефектісі; аортаның оң қарыншадан шығуы.

Ықтимал болатын диагнозды атаңыз?

* митральды қақпақша пролапсы 

* өкпе артериясының дефекті

* өкпе артериясының стенозы

* аорта коарктациясы

*+Фалло тетрадасы

 

40! 32 жастағы еркекте кенеттен жүрек қағу, жүрек тұсында ауру сезімі, тұншығу пайда болды. Тексеруде анықталды: жүрек ұшында I тон күшейген, II тон өкпе артериясында күшейген. Жүрек ритмі дұрыс емес,тахикардия. Пульстің дефициті 6-8 р 1 мин. Митральді қақпақшаның ашылу шертпесі (щелчок) анықталады АҚҚ 110/70 мм сбб. Төмендегі келтірілген диагноздың қайсысы дұрыс?

*+Сол жақ атрио-вентрикулярлы қақпақшаның стенозы

* Аортальді жетіспеушіліктің митрализациясы

* Үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі

* Митральді қақпақшаның жетіспеушілігі

* Aорта өзегінің стенозы

 

41! Дәрігер қаралуына ұзын бойлы, «өрмекші» тәріздес, ұзын саусақтарымен, көздін нашар көруімен (шыны тәрізді дененін орнынан таюы), мойын венасынын қатты пульсациясымен науқас қаралды. Жүрек тұсындағы ауру сезімге, аз жүктеме кезінде пайда болатын ентігуге шағымданды. АҚҚ өлшегенде диастолалық қысмнын (10-0 мм. сын. бағ) төмендеуі, аускультацияда жүрек ұшында систолалық шуыл, Боткин нүктесіндегі диастолалық шуыл естіледі. Науқаста қандай диагноз:

* туа пайда болған аорта қақпақшасы жеткіліксіздігі

* спецификалық емес аортоартерит

*+аорта өзегінің стенозы

* сифилистік мезаортит

*+Марфан синдромы

* Барлоу синдром

 

42! Науқас К.34 жаста. Шағымдары: жүрек аймағындағы ауру сезімі, жүрек соғуы, бас айналу, әлсіздік. ЖРВИ- дан кейін ауырып қалған, t°- 37,4° С. перкуссияда: жүрек шекарасы солға қарай ұлғайған. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия минутына 120 рет, жүрек ұшында систоликалық шу. АҚ- 100/70 мм.с.б.б. АСТ-0,96 ммоль/л, КФК-30 Е/л ЭКГ-де жүрекшелер тыпыры 2:1.

Төмендегі берілген жауаптардың қайсысы БАРЫНША МҮМКІН?

* ЖИА. Миокард инфаркті

* ЖИА. Күштемелі стенокардия

* Нейроциркуляторлы дистония

*+Ревматиқалық емес миокардит

* ЖИА. Стабильді емес стенокардия

 

43! 30 жастағы науқаста ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін жүрек тұсында қысатындай ауру сезімі пайда болған. Тексеру кезінде: t 37,20С. Жүректің сол жақ шекарасы-ортаңғы бұғана сызығында. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систоликалық шу естіледі. ЭКГ-де: АV- өткізгіштіктің бұзылысы. Қарыншалар миокардында диффузды өзгерістер, барлық шықпаларда тісшелер вольтажы төмендеген.

Төмендегі берілген диагноздың қайсысы БАРЫНША МҮМКІН? 

* ЖИА. Үдемелі стенокардия

* Нейроциркуляторлы дистония

*+Ревматикалық емес миокардит

* ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия

* ЖИА. Бірінші рет пайда болған  стенокардия

 

44! 44 жастағы әйел адамда ЭХО кардиографиялық зерттеу кезінде сол жүрекше көлемінің ұлғаюы, сол қарынша және қарынша аралық перденің айқын гипертрофиясы анықталған. Клапандық аппарат интактты, жиырылғыштық қызметі қалыпты. Доплер ЭХОКГ қорытындысы бойынша: патологиялық токтар анықталмаған.

 БАРЫНША мүмкін диагноз?

* миокард инфаркты

* жүрек ревматикалық ауруы

* рестриктивті кардиомиопатия

* дилатационды кардиомиопатия

*+гипертрофиялық кардиомиопатия

 

45! Сізді қабылдау бөліміне таңғы жугіру кезінде талып қалған 32 жастағы науқасқа шақыртты.Осындай жағдай науқаста бұрын да болған.ЭКГ де I,AVL, V2-V6 Т тісшесінің терең инверсиясы анықталды.Анамнезінде жүрек тұсының ауыруы,ентігу жоқ.

Диагноз дәлелдеу үшін кандай зерттеу жүргізуБАРЫНША АҚПАРАТТЫ? 

* Холтер бойынша мониторлеу

*+Доплерлік эхокардиография

* Стресс-ЭХОкардиография

* Коронарография

* Велоэргометрия

 

46!Реанимациялық бөлімге 29 жастағы науқасты клиникалық өлім жағдайында алып келді. Жаттығу кезінде кенеттен есінен танып, жүрегі тоқтап қалған. Аутопсияда қарынша аралық перденің жоғарғы үштен бір бөлігі мен солжақ қарыншаның бос қабырғалығының шығар жолының айқын гипертрофиялық обструкциясы. 

Қандай себептің өлімге соқтыруы барынша мүмкін?

*+Қарыншалардың дірілі

* Жүрекшешелердің дірілі

* Қарынша үстілік тахикардия

* Толық атриовентрикулярлық бөгеме

* Синус түйінінің әлсіздік синдромы

 

47! 28 жастағы науқас жүрек тұсындағы ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі 3 ай бұрын пайда болған, аздаған физикалық жүктеме кезінде күшейеді, ентігеді, жүрегі соғады. Қарап тексергенде: жүрек шеқаралары солға ығысқан, тондары күшейген, төстің сол жақ қырында қатаң систолалық шу естіледі. ЭКГ-да: сол қарынша мен сол жүрекшесшнің гипертрофия белгілері бар. ЭхоКГ: қарыншааралық перденің қалыңдауы, қозғалыстың шектелуі, сол қарынша қуысының тарылуы, қолқа қақпақшасының систолалық жабылуы.

Төменде аталғандардан ішінде қай диагноз БАРЫНША МҮМКІН?  

* Аорта коарктациясы

* Артериалдық гипертензия

*+Гипертрофиялық кардиомиопатия

* Инфекциялық эндокардиттегі аорта қақпақшасының жетіспеушілігі

* Жүректің ревматикалық ақауы: митралды жетіспеушілік

 

48! 34 жастағы әйел адам қалтыраумен және тершеңдікпен жүретін субфебрильді температураға, бас ауруға, жалпы әлсіздікке, аппетиттің төмендеуіне, азуына шағымданады. Анамнезінде жүктілікті уақыттан бұрын үзу. Тексергенде сарғыш түстес тері жабындыларының бозғылттығы, температураның жоғарылау дәрежесіне байланыссыз синусты тахикардия; Боткина-Эрба нүктесінде диастолалық шу анықталады.

Аталған диагноздардың қайсысы болуы БАРЫНША ықтимал?

* туберкулез

* перикардит

* жүрек ақауы

*+жеделдеу эндокардит

* ревматикалық емес миокардит

 

49! 27 жастағы әйел аяғында петехиальды геморрагияларды байқайды. Анамнезінде панариций бойынша ем қабылдаған. Тексергенде протеинурия және гематурия, аортальды қақпақшада қозғалмалы вегетациялар анықталады.

Аталған диагноздардың қайсысы болуы БАРЫНША ықтимал?

* пиелонефрит

* гломерулонефрит

* геморрагиялық васкулит

*+жұқпалы эндокардит

* тромбоцитопениялық пурпура

 

50! Науқаста ұзақ уақыт субфебрилді температура сақталуда, қалтырау, аяқтарында және іштің алдыңғы қабырғасында майда бөртпелер пайда болған, көк бауыр тұсындағы ауру сезімі. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт түсті. Аорта қақпашаның үстінде диастоликалық шуыл, жүрек ұшында қолтық астына берілетін систоликалық шуыл.

Аталған диагноздардың қайсысы болуы БАРЫНША ықтимал

* Өкпе қабынуы

* Аорта жеткіліксіздігі

* Көк бауыр және майда тармақтардың тромбоэмболиясы

* Спецификалық емес аортоартериит

*+Митрально-аорталды ақау және біріншілік инфекционды эндокардит

 

51! Наркоман науқаста жоғарғы қызба нәтижесінде ентікпе, жүрек соғуы пайда болды. Объективті тексеру кезінде жүрек шекарасының солға ығысқаны, тахикардия, Боткин нүктесінде диастолалық шу анықталды. АҚ 120/60 мм.с.б.б, гепатоспленомегалия.

Келтірілгендердің ішінде БАРЫНША дұрыс диагноз?

+Инфекциялық эндокардит

* Ревматикалық кардит

* Экссудативті перикардит

* Дилятациялық кардиомиопатия

* Ревматикалық емес миокардит

 

52! 35 жастағы әйелде түсіктен 1 ай өткен соң кешке жақын температурасы 37, 5-39 градусқа көтерілді, қалтырау, жалпы әлсіздік, тершеңдік байқалды. Науқас бозарған, кеуде терісінде петехиялық бөртпелер анықталды.Жүрек шекаралары солға, төмен ығысқан. Жүрек тондары әлсіреген II қабырғааралықта оң жақта және V- нүктеде жоғары жиілікті диастолалық шу естіледі.АҚҚ 150/40 мм сбб. Пульс105 р 1 мин. Гепатоспленомегалия.Төмендегі келтірілген диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

* Жедел ревматикалық қызба, митральді клапанның стенозы

*+Инфекциялық эндокардит, аортальді қақпақшаның жетіспеушілігі

* Жүректің ревматикалық ауруы, митральді клапанның жетіспеушілігі

* Жүректің ревматикалық ауруы, аорта стенозы

* Аортальді жетіспеушіліктің митрализациясы

 

53! 27 жастағы ер адам суықтанудан 2 аптадан кейін тыныс алғанда және арқасымен жатқанда күшейетін, жүрек тұсындағы басып ауыратын ұзақ ауыру сезімі, қалтырау, субфебрильді дене қызуы, тершеңдік, әлсіздік мазалайды. Об-ті: жүрек аускультациясы кезінде төртінші қабырғааралықта, парастернальді сызық бойынша, шектелген ошақта стетоскопты басқанда және тыныс алғанда күшейетін «сықырлаған» шу естіледі.

Қандай диагноз БАРЫНША мүмкін?

* созылмалы экссудативті перикардит 

*+жедел фибринозды перикардит 

* ауруханадан тыс пневмония

* жедел бронхит

* жедел плеврит

 

54! 39 жастағы ер адамда аортокоронарлы шунттау операциясынан 3 аптадан кейін, антикоагулянттар мен дезагреганттарды қолдану фонында ентігу күшейіп, ісіну пайда болып, рентгенде жүрек көлемі айқын ұлғайып, көлеңкелер доғасы жазылып кеткен.

Науқаста қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін?

*+гемоперикард

* гидроперикард

* констриктивті перикардит

* ревматикалық емес  миокардит

* &


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: