Жапон стиліндегі интерьер ерекшеліктері

Емтихан билеті №1

1. Қазіргі замағы қала сыртындағы жерлердің интерьерлік дизайн ерекшеліктері.

2. Минимализм стилінің философиясы.

3. Египет стиліндегі интерьердің сәулеттік бөлшектеріне эскиз салу.

Емтихан билеті №2

1. Экологиялық стильдің интерьер ерекшеліктері?

2. Постмодерн интерьер стиліне тән ерекшеліктер?

3. Египет стиліндегі жиһаздар мен интерьерді безендіруіне байланысты эскиз салу.

Емтихан билеті №3

1. Қазіргі эклектика стилінің бағыты.

2. XX ғасырдағы жиһаздардың материалдары және конструкәиялары.

3. Антика стиліндегі интерьердің сәулеттік бөлшектеріне эскиз салу.

Емтихан билеті №4

1. Тарихқа дейінгі тұрғын үйлерді безендіру және жиһаз түрлері.

2. Минимализм интерьер стиліндегі трансформерлер.

3. Антика стиліндегі интерьердің сәулеттік бөлшектеріне эскиз салу.

Емтихан билеті №5

1. Тарихқа дейінгі заманның интерьер ерекшеліктері.

2. Романдық стиль кезеңіндегі қамал, қамал, интерьер.

3. Романдық стильдің сәулеттік интерьер бөлшектеріне эскиз салу.

Емтихан билеті №6

1. Египет стилінің интерьер ерекшеліктері.

2. Орта ғасыр дәуіріндегі монастырьлар – сәулет және интерьер.

3. Готика стиліндегі сәулеттік интерьер бөлшектеріне эскиз салу.

Емтихан билеті №7

1. Ежелгі Египет интереріндегі декоративті қабырға кескіндемесі (роспись).

2. Баухауз мектебінің жаңа экстетикасы. Интерьердегі функционалдылық.

3. Готика стиліндегі жиһаздар мен безендіруге байланысты эскиз салу.

Емтихан билеті №8

1. Викториан стилінің интерьер ерекшеліктері. Англия – әлем шеберханасы.

2. «Бидермейер» стилінің интерьер ерекшеліктері.

3. Қайта өрлеу дәуірінің интерьеріндегі сәулеттік бөлшектеріне эскиз салу.

Емтихан билеті №9

1. Этникалық стильдің интерьер түрлері?

«Этникалық» стиль – дәл осы интерьердің қандай екенін түсіну үшін, әдетте тар тұжырымдарды қолданады, ал толықтай этникалық стиль сөзі мағынасын аса көлемді және кең мағынада айтылады.

Этникалық стильдердің түрлері        Тұрғылықты орынға, салт-дәстүрлері мен мәдениетіне сәйкес, ұлттардың орны, этникалық стильдер келесідей бөлінеді:· Еуропалық,· шығыс,· Оңтүстік Америка,· Австралиялық,· Африка стилі.        Ұлты мен нақты орналасуы бойынша · Араб,· Жерорта теңізі,· Скандинавтық,· отаршылдық,· Азиялық стильдер.        Тағы да басқа түсініктемелер · Мысыр,· Марокко,· Қытай,· Жапон,· Мексика,· Үнді,· Француз,· Виктория,· Голландтық және басқа да стильдер. Этникалық стильдің ерекшеліктері            Этникалық стильдегі тұрғын үй бірнеше жүз жыл бойы өзекті болып келеді. Оны шығармашылық адамдары да, саяхат әуесқойлары да, ежелгі мәдениет зерттеушілері де, сондай-ақ жайлылық пен жылуды бағалайтын қарапайым адамдар да қолданады.        Этникалық стиль елеулі айырмашылық береді. Қазіргі таңда этникалық стиль көп жанкүйерлерге ие: оның ішінде тек қана тұрғын үй интерьері ғана емес, пәтерлер, тойханалар, дүкендер т.б.

2. Барокко стилінің пластикалық ерекшеліктері - қаланың алаңдарынан, көшелерінен, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың интерьеріне дейін.

Барокко (италяндық barocco — әлеміш). — 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың 1-жартысында Батыс Еуропада дамыған архитектуралық стиль.

Барокко Қайта өрлеу дәуірінен кейін пайда болып, Еуропа архитектурасы ауқымынан асқан бірінші әлемдік стиль. Оның негізгі ерекшелігі — көрнекі салтанат, еңселілік, құрылыс жобасы мен қасбетіндегі күрделі формалар, мүсін мен архит. өрнектерді шамадан артық қолдану. Бароккода аумақты мүсін мен кескіндеменің ерекше дамығаны сонша, тіпті негізгі архитектуралық құрылыстың өзімен “тайталасып” қалатын кездері болған. Жалпы стильдік бағыт сақталғанымен, әр елдегі Барокконың өзіндік ерекшелігі болды. Мысалы, Италия архитектурасында Барокконың стильдік ерекшеліктері ғимараттың іші-сыртына бірдей сіңіп кеткен.

Барокко стилінің интерьері

       Дизайнда барокко интерьері ұлылық пен салтанатқа ұмтылады. Байытылған әшекейлеу, түрлі материалдар, кеңістіктік көлем - барокконың ерекшеліктері.

    Элементтер мен әшекейлер

       Барлық қолданылатын материалдар ерекше сәнділікпен жарқыруға тиіс. Кең таралған гобелендер, түкті емес кілемдер. Салтанаттың әсерін арттыру үшін броклад қолданылады. Оның көмегімен қабырғалар, терезелер мен есіктер, жиһаз жасалды.        Түстік шешім        Барокко стилін сәндеу барысында, стильдің нәзік бағытын көрсететін түс схемасын пайдаланылады: күлгін, қара-жасыл, қоңыр-жасыл, қызыл-бордюры, күлгін-алтын, көк-алтын. Алайда басты түс алтын түс болып табылады.           Материалдар (еден, қабырға, төбе)           Барокко стиліндегі үйлер мен пәтерлер едендеріне, қажет болған жағдайда ішкі қабырғалармен жалғасатын мрамор қолданылады.

    Қабырғалар, әдетте, қымбат маталармен немесе табиғат көрінісіндегі гобелендермен сәнделеді.

    Төбелер аспанның ұлан-ғайыр көлеміне алып келетін перспективалардың керемет суреттерімен безендіріледі.

3. Ренессанс стиліндегі жиһаздың және интерьерді безендіру эскизін орындау.

Емтихан билеті №10

1. Фрэнк Ллойд Райт шығармашылығы - интерьердің сәулеттік-көркемдік стилінің ерекшеліктері.

Фрэнк Ллойд Райт – американдық сәулетші, интерьер дизайнері, жазушы, оқытушы.

       Райт сәулеттегі ашық жоспардың адвокаты болды, сыртқы нысан құрылымының нақты мақсаттарыға сәйкестендіру қажеттілігін, яғни қоршаған ландшафтқа сай болуы керектігін айтты. Оның сіңірген еңбегін қазіргі заманғы архитектураға асыра бағалау қиын. Қазіргі таңда бізді таңқалдырған көптеген нысандар Фрэнксыз жасалмаған еболушы еді, өйткені ол архитектура үшін маңызды болатын таза ауаның тынысы болды.               Оның жұмыстарының ең жарқын мысалы архитектура мен философияның біріктіру барысында орындалған «органикалық сәулет».        Органикалық архитектура бағытында орындалған оның жобаларын, арзан ләззат алу деп айтуға келмейді. 30-шы жылдардағы Фрэнк Ллойд орта тапқа қолжетімді үйлерді дамытады. Қаңқалардың орналасуын түбегейлі қайта қараудың арқасында, негізгі құндылықтың бағасын төмендетті. Рейт деурбанизация туралы армандады. Оның үйінің жаңа тұжырымдамасы қала саясатының негізінде болды.
Ол «кең қала көкжиектері» деп аталатын, қалаларды салудың жаңа тұжырымдамасын жасады.          Фрэнк Ллойд Райттың 1893-1910 жылдар аралығындағы жұмыстары – бұл жеке тұрғын үйлер. Иллинойс штатындағы жеке тұтынушыларға (ол 1894 жылы осы жерде өзінің жеке меншік кеңсесін ашты.

2. Рококо стилінің интерьерінің пластикалық ерекшеліктері. Рокайль элементі.

Рококо - 18 ғасырдың 1-жартысы мен орта кезіңдегі Еуропа өнерінде сарай зиялылары мен мәдениетімен байланысты туған стиль. Ұлу қабыршағының түріне ұқсас рокайль өрнегінің атына байланысты аталған. Францияда рококо стилі абсолютизм тоқырауға ұшыраған кезеңде пайда болған. Сәулет өнерінде Рококо, негізінен, ғимарат интерьерін нақыштау ісінде кең қолданылды. Алуан айшықты өрнек салу, айна, панно - Рококоға тән белгілер. Бұл салада белгілі болған архитекторлар: Франңияда Ж.М. Онпенор, Ж.О. Мейсонье, Ж.Бофрман; Германияда И.Б. Нейман, М.Д. Пзенппельман, Г.В. Кнобельсдорф. Ықшамдылық, нақыштау ісіндегі нәзіктік пен образды тым сұлуландыру барысындағы үстірттік, мифологиялық, пасторальдік көбіне жеңіл эротикалық сюжетке бой ұру - бейнелеу өнеріндегі Рококо стиліне тән қасиеттер. Әсем әрі жеңіл пошым мен ашық та ұнамды бояу үндестігі, экзотикалық мотивтер Рококо декорация өнерінің негізгі ерекшелігі болып табылады.

       Рококо ең сәнді және талғампаз архитектуралық стильдердің бірі. Рококо стилінде интерьер жасау үшін сопақ немесе асимметриялық пішінді жеткілікті кең бөлме болса болғаны.
Рококо интерьерінің негізгі идеясы: Жиһаздардың, антикварлық лепнина, қымбат маталар мен құнды ағаштар арқылы бөлменің барлық байлығын көрсету. Рококо стилі ауыр декоративті сәнділікке қарамастан, бөлменің барлық элементтері жайлы демалуды қамтамасыз етеді. Интерьердегі Рококо стилінің негізгі ерекшеліктері:        Түс палитрасы. Бөлмелер талғампаз түстерге толы және олардың байланысы:ақтың алтын, қызыл, көк, ашық жасыл түстер. Сонымен қатар, меруерт, лилак реңдері.       Қабырғалар төбедегілей материалмен жасалынады. Ең жиі пайдаланылатын антикалық тақырыптағы ағаш тақталар қабырғалық бояу және қымбат маталар.       Еден жабындары үшін паркет және керамикалық плиткаларды қолданады. Сонымен қатар еденге қымбат кілемдер салынады.       Жиһаздар рококо стилінде антикалық ағаш жиһаздары ою – өрнек пен алтын жалатумен қолдануға арналған. Интерьерде міндетті түрде
табиғи таспен безендірілген түтін мұржасы болуы тиіс.        Рококо стиліндегі аксессуарлар керамикадан жасалған мүсінше, айна, шамдар, ежелгі мифологияның мүсіндері болуы мүмкін.       Рокайль -қабықша тәріздес рококо стилінің ою-өрнегінің басты элементі.Кейінірек «рокайль» термині барлық қисық сызықты, қызықты, ерекше фигуралы, біркелкі емес інжуді немесе тасты қабықшаларды  білдіре бастады. Кейде «рокайль» термині рококо стиліне сілтеме жасау үшін қолданылады.

3. Барокко стилінің интерьеріне сәулеттік бөлшектеріне эскиз салу.

Емтихан билеті №11

1. Жапон стиліндегі интерьер ерекшеліктері.

Жапон стиліндегі интерьер ерекшеліктері.

    Жапон стилінің ерекшеліктерін түсіндіру барысында, көбірек осы сөздерді қолданады: жайлылық, тыныштандыру, үйлесім, лаконизм. Алайда, христиан дінінде аскетизм (дұрыс өмірлік ұстаным) түсінігі қалыптасқан. Дәл осы осындай түсінік жапон стилінің үйлесімін көбірек айқындайды.

Жапон стиліндегі жиһаз.

    Жапон үйінің кіре берісінен-ақ оңай, әрі жеңіл тыныс алу және еркіндік сезімі сезіледі. Интерьерде үлкен орындықтар, үстелдер және шкафтар кездеспейді. Матамен жабылған еденнен, тек қана кішігірім кілемдер мен жастықтарды көреміз, ал бөлменің ортасы әдеттегідей бос болып келеді. Аласа жиһаздар бір қабырға бойында орналасады, негізінен олар қарапайым софылар, дивандар және жұмсақ пуфтар. Үстелдер қызметін кішігірім бамбум үстелдер атқарады. Осындай үстелдерді үйге қонақтар келген жағдайда, бөлмеден бөлмеге көшіру ыңғайлы. Ал қонақтар әдетте жерде тамақтанады. Жапон стилін ойластыру барысында, алдымен жерге отыруды дұрыс ойластыру шарт. Бұл үшін жұмсақ кілемшелер, жастықтар, татами және т.б қолдануға болады.

    Минимализм стилінде жапондықтар ас үйлерін безендіреді. Бұл жерде ашық сөрелер, тұрмыстық құрылғылар орнатылады және үстелдерде артық заттар тұрмайды.

Жапон стилінде қолданатын материалдар:

    Ашық түстерден табиғи ағаш – бұл жапон стилін сәндеу барысындағы негізгі материал. Көп жағдайларда - бұл бамбук.

Интерьер бөлшектері.

Әрине, интерьердің негізгі бөлшегі – жапон иероглифтері. Дәстүрлі жапон стилінде олардың жоқтығы ақылға сыйымсыз болып есептеледі. Жапон иероглифтері әр түрлі пішімде, барлық жерлерде кездеседі – гарнитур жиһаздарында, вазаларда және т.б. Келесі маңызды бөлшек – жапон акварелі. Оның көмегімен сан түрлі ландшафт түрлерін, аңдарды және гүлдерді бояйды.

2. Тарихи ескерткіштерді безендіру түрлері.

Ескерткіш – елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, ғимараттарды, т.б.) қамтиды. Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштерді негізгі 4 түрге бөледі: археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері ескерткіштері, монументтік (мүсін) өнері ескерткіштері. Оларды ескерткіші, жазба ескерткіш, өнер ескерткіші, сәулет ескерткіші, археологиялық ескерткіш, ұлттық дәстүрлі қолөнер ескерткіші, діни ескерткіш, т.б. деп те түрліше жіктеуге болады. Археологиялық және сәулет ескерткіштері — ең алғашқы ескерткіш түрлері қатарына жатады.

Археологиялық ескерткіштер – халықтардың ежелгі тарихына қатысты материалдық мәдениетінің ескерткіштері. Оған: қалашықтар мен қалалар; ежелгі қоныстардың қалдықтары; обалар, қабір үстіне орнатылған ескерткіштер мен салт-дәстүрлік құрылыстар; адамның еңбек қызметін сипаттайтын ескерткіштер; тасқа және үңгірде қашалған жазулар; табылған жекелеген қазбалардың орындары жатады.

Сәулет өнері ескерткіштері — оны жасаған қоғамнын өмірі туралы аса бай ақпарат көзі. Өнердің және құрылыс техникасының ескерткіштері болумен қатар, олар дәуірдің эстетикалық нормалары, идеологиясы туралы, ғылыми-техникалық мүмкіншіліктің дамуы туралы, мәдени қарым-қатынастар туралы, құрылыс қоленерінің ұйымдастырылуы мен деңгейі туралы айқын түсінік береді.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қазіргі кезге дейін сақталған архитектуралық құрылыстар саны көп емес және мұсылмандық орта ғасырлар дәуірімен шектелген. Сондықтан сәулет енері тарихының жалпы проблемаларын шешу, архитектуралық-көркемдік бейне эволюциясын ашып көрсету, сәулет өнері дамуының зандылыктарын зерттеу көбінесе сәулет енері ескерткіштерін археологиялық зертгеуге байланысты.

Сәулет өнері археологиялық қазба жұмыстарында табылған ескерткішерде, тіпті тас дәуірі ескерткіштерінің өзінен-ақ ұшырасып, одан кейінгі кезендерде барған сайын ұлғая береді. Ол адамның материалдық және рухани мәдениет сапаларын біріктіретін жасампаздық қызметінің ерекше түрі — «пайданың, беріктік пен әсемдіктің» ұштастырылуы болып табылады.

Емтихан билеті №12

1. Тарихи ескерткіштерді безендіру түрлері.

2. Сәулетші Альваро Аальтоның пластикалық интерьер стилі.

Аалто Хуго Алвар Хенрик - фин архитекторы және дизайнері. Хельсинкидегі техникалық институтты тәмамдаған. Оның стилі жаңашылдығымен, яғни жергілікті материалдарды (әсіресе ағашты) шебер, айрықша мәнермен қолдануымен ерекшеленеді. Оның жаңашыл стильдегі туындыларында ұлттық нақыштар еркін көрініс тапты. Бұл әсіресе Сайнатсалодағы қалалық жиын өткізілетін (1950-52), қызыл кірпіш және ағаш пен мысты қолдана отырып жасаған қарапайым пішіндегі ғимарат көрінісінен айқын байқалады. Әлемдегі ең танымал жаңашыл архитекторлардың бірі саналады. Оның иілген, көп қатпарлы ағаштан жасап шығарған жиһаздары дүниежүзіндегі әр үйдің төрінен орын алуда.

Аалтоның жобалары арасынан келесілер қызықты деп саналады:

Туркудағы «газет редакциясы» ғимараты. 1920 жылдары сәулетшінің ең алғаш жобасы Туркуда іске асты. Бұл жоба оның басқа жобаларынан айрықша ерекшеленбеді, сол баяғы параллелепипед формасындағы тегіс қатарлы терезелер.             Алайда 1934 жылы салын астанада салынған ең алғашқы өз үйінің жобасында скандинав стильн қолданған.

1950 жылдары салынған Хельсинкидағы «Мәдениет үйі»

«Мунккиниемидегі үй». Мунккиниемидағы үй бір жағынан тұрғын үй және жұмыс орын қызметін атқарған. Ақ тастан жасалған мұнара жұмыс орны болса, тұрғын жағы төменгі этаждарда болды.

«Финляндия» сарайы. «Финляндия» сарайы сәулетшінің танымал жобаларының бірі. Бұл қатаң, ақ мәрмардан, қарапайым залдарымен ерекшеленетін жоба. Әр нәрсеге жауап беретін бағыт, бөліктерге бөлінген – жұмыс, демалыс, өту жолдары. Аалто өзінің айрықша ойын ғимараттың маныңдағы ғимараттарға қарай отырып, байланыстырып жобалаған. Аалто жобаларынан декор элеметтері ешқашан байқалған емес, оның ойынша декор ол желдету жүйесі, жарықтандыру құрылғылары.

«Выборгедағы кітапхана». Бұл жобада Аалто кітаптар барлық жағынан жарықтануы үшін шыны қабырғалар мен төбелерге терезелер қойды. Аалтоның скандинавты функциональды стильі органикалық сәулетке жақын болды.

«Сяюнятсало азаматтық орталығы». Аалтоның шығармашылығында қоғамдық ғимараттар басымырақ, олар: Сяюнятсало азаматтық орталығы, зейнетақы қауіпсіздігі орталығы, жұмысшылардың Мәдениет үйі, Вуоксеннискадағы солтүстік мемлекеттер үйі. Сонымен қатар Трех крестов шіркеуі.

3. Рококо стилінің интерьерінің сәулеттік бөлшектеріне эскиз салу.

Емтихан билеті №13

1. Готика стиліне тән интерьер бөлшектерінің ерекшеліктері.

Готика – Еуропа, әсіресе Батыс Еуропа елдерінің сәулет өнерінде 12 ғ-дың 2-жартысында пайда болып, 16 ғ-да кең өріс алған стиль. Готикалық дәуірде сәулетшілік өнер бұрын болып көрмеген дәрежеге көтеріліп, шоқтығы биік өнер саласына айналды, өйткені өз.ге өнерлердің бәрі де сәулетшілікке табынып, оның талаптарына мүлтіксіз бағынды.

    Готика стилінің басты түстері:

    Готика стилінің басты ерекшеліктері – бұл суық қаныққан бояуларды қолдану: қоңыр, қара, қола және алтын түстер. Сонымен қатар біраз интерьерлерде көк, күлгін және изумруд түстері кездеседі. Аса қаныққан суық түстерден көрнекі жиһаздар, ағаштың қымбат тұқымдарынан жасалынған бұйымдар готика стиліне тән қасиет.

    Құрылыс материалдары:

       Тастар ішкі және сыртқы басты құрылыс материалдары болып табылады. Тақталар жылтыр тас немесе мәрмәрдан, қабырғалар мен едендер мәрмәрдан жасалынады. Сонымен қатар ағаш материалдары да қолданылады: балқарағай, шырша, күлше.        Терезелер        Терезер үлкен үшкір тамшы тәріздес, витраждар гүлдері раушан түрінде – готикалық ғимараттың басты ерекшеліктерінің бірі. Готикада ашық түстерге тек қана витраждарды сәндеуде ғана рұқсат етілген.

    Жиһаз және безендіру

         Готика стилінің жиһаздары – бұл ұзын ауыр үстелдер және сандықтар. Готикада сандықтар - бұл бөлек тақырып. Сандықтар орындықтар және кереуеттер рөлін атқарған. Жһиһаздарды дайындау барысында емен көбірек қолданылған. Готика стилі интерьерлерінің соңғы кездеріне қарай сандықтар мен қомақты үстелдерден басқа, тақ тәріздес ұзын орындықтар пайда бола бастады. Готиканы шатырлы, үлкен, ағаш керуетсіз елестету мүмкін емес. Безендіруге маталар және металл заттар: үстел шамдар, аспалы шамдар қолданылған.

2.  «Оп-арт» және «поп-арт» стильдерінің ерекшеліктері.

Оптикалық өнер - жазық және кеңістіктегі фигуралардың ерекше әсеріне негізделген, әртүрлі оптикалық иллюзияларды қолданылатын,  XX ғасырдың екінші жартысындағы бейнелеу өнерінің ағыны.

Оп-арт жанрының басты мақсаты- көзді алдап, мүмкін емес образды шақыру. Визуалды карама-қайшы конфигурация шын форма мен көрініп тұрған форма арасында конфликт тудырады. Оп-арт адам копцепциясына қарсы жүреді. Психологтардың зерттеулері адамның көзі шашылып жатқан бейнелерді қарапайым системаға біріктіруге тырысатындығын көрсетеді.

Тарихы.

Оп-арт техницизмнің (модернизмнің бір түрі) рационалды желісін жалғастырушы. Оп-арттың негізін қалаушы- Виктор Вазарели. Оп-арт ағыны XX ғасырдың 50-жылдары абстракционизм жанрының ішінде пайда болды және 60-жылдары танылды. Негізінде, оп-арт ағынындағы алғашғы өнер туындыларының шығуы XIXғ. соңында басталған. 1889 жылы «Das neue Universum»-де неміс профессоры Томпсонның ақ-қара түстерді пайдаланып, бейненің қозғалып тұрғанындай әсер қалдырғаны туралы жазылған мақала шыққан. Томпсонның суретіндегі дөңгелектер айналғандай, ал, шеңберлер бір-біріне төгіліп жатқандай әсер қалдырды. Бірақ, бұл өнер емес, көздің көру қабілетін зерттеудегі жұмыс болатын. 1955 жылы Денис Рен Парижде өз галереясындаоп-арт жанырындағы өнер туындыларын қойды. Бірақ, оп-арт жанры әлемге тек 1965 жылы Нью-Йоркте заманауи музейде өткен «Сезімтал көз» атты көрмеден кейін танылды.

Оптикалық иллюзиялар

Оптикалық иллюзия- жалпақ және кеңістік фигураларының ерекшеліктеріне негізделген көз иллюзиялырының өнері. Оптикалық иллюзия бастапқы кезден көру жүйесінің қабылдауында орын алады: сурет тек қана қағаз бетінде емес, көрерменнің көзінде де, миында да болады. Оптикалық иллюзиялар адам көз жүйесінің бейнені қабылдау заңдылықтарын анықтауға көмектескендіктен психологтар оған көп көңіл бөлген. Олар жасаған визуалды тесттер эксперименттерге ұқсас болды. Шын объектілерді қабылдаған кезде иллюзиялар жиі туындамайды. Сондықтан, адам перцепциясының жасырын механизмдерін анықтау үшін, көзді әртүрлі жағдайларда сынау және оған әртүрлі тапсырмаларды орындату керек болды. Гештальтпсихология графикалық бейнелері сияқты суреттер көз жүйесінің қабылдау принциптері туралы заңдылықтарды ашуға көмектесті.

Поп-арт -20 ғасырдың 50 жылдары ортасында пайда болған ағылшын-американдық өнердін бір бағыты. Оның теориясының негізі прагматизм эстетикасы болып табылады ("өнер тілі іс жүзінде қолдануға пайдалы болуы керек"). Бірқатар сыншылар Поп-артты абстракционизмге реакция ретінде қарастырады. Поп-арт теоретиктері әрбір бұйым белгілі бір контексте өнер туындысына айналады, өзінің алғашқы мағынасынан ажырап, көркемдік сапаға ие болады деп санайды. Заттық дүниені эс-тетизациялау Поп-арттың үстанымына айналған. Поп-арт - бұл тұрмыстық бұйымдардың композициясы. Кейде олар муляжбен (заттың бітімін дәл беретін бедер) немесе мүсінмен ұштасуы (бірлесіп бейнеленуі) мүмкін.Оның теориялық негізі прагматизм эстетикасы болып табылады: өнер тілі іс жүзінде қолдануға пайдалы болуы керек. Көркем бағыт ретінде Поп-арттың көптеген түрлері бар. Поп-арт (көркем ұйымдастырылған оптик. әсерлер, геометрияландырылған тұзу сызықтар мен дақтардың комбинациясы); Эл-арт (электромотор көмегімен қозғалатын бұйымдар мен констукциялар); Поп-арт терминін 1965 ж. ағылшын көркемөнер сыншысы Ф.Элоуэл енгізді. Бүл бағыт сәуегейлік мәдениеттің ең көп таралғаи құбылыстарының бірі. Поп-арт ағымының өкілдері: П.Блейк, Р.Смит, Р.Раушенберг, Э.Уорнхолл, Д.Сигал, т.б.

3. Модерн стилінің жиһаздары мен безендіруіне байланысты эскиз салу.

Емтихан билеті №14

1. Ежелгі грек стилінің интерьер ерекшеліктері.

Грекияда б.з.б V ғасырда сәулет өнері жоғары қарқынмен дамыды. Әсіресе, Афины ерекше гүлденіп, әсем қалаға айналды. Афинаның ең көрікті жері акрополь мен агора болып саналған. Бұл жерлерде храмдар, театрлар, әкімшілік ғимараттар, шонжарлардың әсем үйлері орналасты. Гректер сәулет өнерінің үш стилін қалдырған: коринфтік, дориилік, иониилік.Дориилік стиль қарапайым плиталармен көмкерілеген сәнді бағаналар. Ал, иониилік және кориинфтік стиль - сымбатты, әдемі өрнекпен әшекейленген сәнді бағаналар.

Грек стилінің интерьері

       Грек стилінде тұрғын үйдің қарапайымдылығы, ауа – райы, салт - дәстүрлер жиһаздар түрлерінің санаулы ғана болуына септігін тигізген. Мысалы киімдер сақтауға үшін шкафтар қолданылмаған, үй шаруашылығына байланысты ғана ағаш сандықтар қолданылған.

Гректер үстелдерге аса назар аудармаған, олар үй шаруашылығында екінші

рөл атқарған. Тамақтану үстелдері жеңіл, 3 аяқты, әрі тамақты жатып ішу үшін өте аласа болған. Көбінесе ағаш және күміс материалдары қолданылған. Сондай – ақ интерьерде ұсақ заттарға арналған кішкентай сандықшалар, шкатулкалар, шкафтар болған.

    Грек стилінде жиһаздар ашық түсте ұйымдастырылған. Ағаш заттарды көбірек әдемі, әрі жарқын көрінуі барысында, кесілген немесе әшекейленген бұйымдар қатты бояған.

       Грек әшекейлеріне фигуративті және геометриялық формадағы архитектуралық элементтер қолданған.  Геометриялық әшекейлерге тән ерекшеліктер оралма, сондай-ақ толқынды сызық. Кеңінен таралған әшекей ою-өрнек болып табылады. Архитектуралық әшекейлер қызметін иондар (бөренелер), моншақтар және тісшелер атқарған. Грек ою-өрнегі таза сәндік болған, алайда ешкандай символдық мағына бермеген.

2. Ренесанс стилінің жиһаздары мен интерьерді безендіруіне байланысты эскиз салу.

3. Модерн стилінің жиһаздары мен интерьерді безендіруге байланысты эскиз салу.

Емтихан билеті №15

1. Ежелгі Рим стилінің интерьер ерекшеліктері.

2. Романдық стильдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері.

3. Бидермейер стилінің жиһаз бен безендіру.

Емтихан билеті №16

1. Романдық стильдегі интерьердің ерекшеліктері.

2. «Барокко» - патша стилі. Сарайлардың интерьер бөлшектері.

3. Модерн стилінің жиһаздары мен интерьерді безендіруге байланысты эскиз салу.

Емтихан билеті №17

1. Қайта өрлеу стиліндегі интерьердің ерекшеліктері.

Ренессанс немесе Қайта өркендеу дәуірі — ХІV-ХVІІ ғасырларға аралығындағы Еуропалық жаңа мәдениет қозғалысы. Ол орта ғасырдың соңында Италияның орталық өңіріндегі қалалары – Флоренция, Милан қалаларынан басталып, еуропаның өзге елдеріне кеңейген. Ренессанс сөзі бұл күндері ауыспалы мағынада "Өркендеу, гүлдену, жаңару, көркею, қайта серпілу" секілді мағыналарды береді. Ренессанс дәуірінде ежелгі антикалық мәдениетке қайту, ежелгі грек-рим мәдениеті мен филосоциясынан үйрену, сурет пен бейнелеу өнерінде, өнер мен әдебиетте тегіс гуманизмді (адамгершілікті), пантеизмді (табиғат құдайшылдығы), натурфилософиясынан негіз еткен тың шығармашылық сынақтарын жасау, католик дінінің озбырлықтарына ащы сын айту, дінді реформациялау, протестантизм, гелеоцентризм, утопия, жаңа теңіз жолдарының толассыз ашылуы секілділерде көрініс тапты.

       Ренессанс стилі – үйіңіздің артықшылығын, сұлулығын, абыройын арттырады. Бұл стильдің ішкі көріністері сәндік әшекейлердің байлығымен, қабырғалар мен жиһаздарға арналған бағандар, пиластерлермен ерекшеленеді.
Сонымен қатар, нысандардың анықтығы мен үйлесімі сақталынады.        Ренессанс стилінде интерьер құру үшін тек антикварлық жиһазды және аксессуарларды қолдануға болады, алайда кез-келген жағдайда басқа стильдер идеяларын қолдануға болмайды.        Ренессанс стилінің интерьердегі негізгі ерекшеліктері: Бөлмелер мен жиһаздар әрлеу үшін материалдар: былғары, барқыт, бағалы ағаш, мәрмәр, броклад.Интерьердің түс бояғыштары: сары, күлгін, ашық қоңырқай және қою қызыл түсті.Қабырғалары бір түсті декоративті сылақпен сыланады. Бұдан басқа қабырғаларды фреска және әшекей құюмен безендіруге болады..

· Потолок украшается лепниной по всему периметру.

· Пол украшен плиткой с орнаментом либо роскошным паркетом.

· Окна большие, дополнительно украшены шторами из дорогой ткани.

· Мебель старинная. В идеале деревянная с резьбой и позолотой.

· Аксессуары: камин, зеркала, сундуки, античная скульптура, картины, вазы, колоны, подсвечники и т.д.

·

2. Ежелгі Рим зайырлы интерьеріне тән ерекшеліктер.

3. Футуризм стилінің интерьердегі жиһаздар мен безендіруге байланысты эскиз салу.

Емтихан билеті №18

1. Барокко стиліндегі интерьердің ерекшеліктері.

2. Ежелгі Рим зайырлы интерьеріне тән ерекшеліктер.

3. Футуризм стилінің интерьердегі жиһаздар мен безендіруге байланысты эскиз салу.

Емтихан билеті №19

1. Рококо стиліндегі интерьердің ерекшеліктері.

Рококо - 18 ғасырдың 1-жартысы мен орта кезіңдегі Еуропа өнерінде сарай зиялылары мен мәдениетімен байланысты туған стиль. Ұлу қабыршағының түріне ұқсас рокайль өрнегінің атына байланысты аталған. Францияда рококо стилі абсолютизм тоқырауға ұшыраған кезеңде пайда болған. Сәулет өнерінде Рококо, негізінен, ғимарат интерьерін нақыштау ісінде кең қолданылды. Алуан айшықты өрнек салу, айна, панно - Рококоға тән белгілер. Бұл салада белгілі болған архитекторлар: Франңияда Ж.М. Онпенор, Ж.О. Мейсонье, Ж.Бофрман; Германияда И.Б. Нейман, М.Д. Пзенппельман, Г.В. Кнобельсдорф. Ықшамдылық, нақыштау ісіндегі нәзіктік пен образды тым сұлуландыру барысындағы үстірттік, мифологиялық, пасторальдік көбіне жеңіл эротикалық сюжетке бой ұру - бейнелеу өнеріндегі Рококо стиліне тән қасиеттер. Әсем әрі жеңіл пошым мен ашық та ұнамды бояу үндестігі, экзотикалық мотивтер Рококо декорация өнерінің негізгі ерекшелігі болып табылады.

       Рококо ең сәнді және талғампаз архитектуралық стильдердің бірі. Рококо стилінде интерьер жасау үшін сопақ немесе асимметриялық пішінді жеткілікті кең бөлме болса болғаны.
Рококо интерьерінің негізгі идеясы: Жиһаздардың, антикварлық лепнина, қымбат маталар мен құнды ағаштар арқылы бөлменің барлық байлығын көрсету. Рококо стилі ауыр декоративті сәнділікке қарамастан, бөлменің барлық элементтері жайлы демалуды қамтамасыз етеді. Интерьердегі Рококо стилінің негізгі ерекшеліктері:        Түс палитрасы. Бөлмелер талғампаз түстерге толы және олардың байланысы:ақтың алтын, қызыл, көк, ашық жасыл түстер. Сонымен қатар, меруерт, лилак реңдері.       Қабырғалар төбедегілей материалмен жасалынады. Ең жиі пайдаланылатын антикалық тақырыптағы ағаш тақталар қабырғалық бояу және қымбат маталар.       Еден жабындары үшін паркет және керамикалық плиткаларды қолданады. Сонымен қатар еденге қымбат кілемдер салынады.       Жиһаздар рококо стилінде антикалық ағаш жиһаздары ою – өрнек пен алтын жалатумен қолдануға арналған. Интерьерде міндетті түрде
табиғи таспен безендірілген түтін мұржасы болуы тиіс.        Рококо стиліндегі аксессуарлар керамикадан жасалған мүсінше, айна, шамдар, ежелгі мифологияның мүсіндері болуы мүмкін.

2. Қайта өрлеу стилінің әлеуметтік-экономикалық ерекшелігі.

Ренессанс немесе Қайта өркендеу дәуірі — ХІV-ХVІІ ғасырларға аралығындағы Еуропалық жаңа мәдениет қозғалысы. Ол орта ғасырдың соңында Италияның орталық өңіріндегі қалалары – Флоренция, Милан қалаларынан басталып, еуропаның өзге елдеріне кеңейген. Ренессанс сөзі бұл күндері ауыспалы мағынада "Өркендеу, гүлдену, жаңару, көркею, қайта серпілу" секілді мағыналарды береді. Ренессанс дәуірінде ежелгі антикалық мәдениетке қайту, ежелгі грек-рим мәдениеті мен филосоциясынан үйрену, сурет пен бейнелеу өнерінде, өнер мен әдебиетте тегіс гуманизмді (адамгершілікті), пантеизмді (табиғат құдайшылдығы), натурфилософиясынан негіз еткен тың шығармашылық сынақтарын жасау, католик дінінің озбырлықтарына ащы сын айту, дінді реформациялау, протестантизм, гелеоцентризм, утопия, жаңа теңіз жолдарының толассыз ашылуы секілділерде көрініс тапты.

3. Арт Деко стилінің интерьердегі жиһаздар мен безендіруге байланысты эскиз салу.

Емтихан билеті №20

1. Классицизм стиліндегі интерьердің ерекшеліктері.

2. Чарльз Макинтоштың шығармашылығы мен интерьердегі көркемдік стилі.

3. XX ғасырдағы қазіргі заманғы сәулет өнерінің интерьердегі жиһаздар мен безендіруге байланысты эскизді салу.

Емтихан билеті №21

1.Модерн стиліндегі интерьердің жаңа материалдары және жаңа технологиялары.

2.60-шы жылдардағы интерьердегі “Ғарыштық стилі”(Космический стиль)

3.Постмодерн стиліндегі жиҺаздар мен интерьерді безендіру эскизін салу.

Емтихан билеті №22

1.Халықаралық стиліндегі интерьердің ерекшеліктері

2.Хай-тек стиліндегі интерьердің ерекшеліктері

3.Деконструктивизм стиліндегі жиһаздар мен интерьерді безендіру эскизін салу.

Емтихан билеті №23

1.Арт-Деко стилінің интерьер минимализм стиліндегі ерекшеліктері

2.Әрлеу материалының эстетикасы

3.Минимализм стиліндегі жиһаз бен безендіруге байланысты эскиз салу

Емтихан билеті №24

1.Модерн стилінің мистикалық интерьер қасиеті

2.Түс және жарық-минимализм стилінің негізгі қасиеттері

3.Қазіргі заманғы сәулет xx ғасырдың жиһаз және безендіру эскизін салу

Емтихан билеті №25

1.Конструктивизм стилінің интерьер ерекшелікері

2.Модерн стилінің жиһаз ерекшеліктері

3.Экостильдің жиһаз және безендіруге эскиз салу

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  

double arrow
Сейчас читают про: