Интернет ресурстары: phishicos. com, thohelp.ru

14. Савельев, Игорь Владимирович.Курс общей физики: учебное пособие для втузов: В 3 т. / – 7-е изд., стереотип. – СПб.: Лань, 2007 –. – (Лучшие классические учебники) (Классическая учебная литература по физике) (Учебники для вузов. Специальная литература). –ISBN978-5-8114-0629-6.
Т. 1: Механика. Молекулярная физика. – СПб.: Лань, 2007. – 432 с.: ил. – Предм. указ.: с. 429-432. –ISBN978-5-8114-0630-2: 315.92 р. http://lib.tusur.ru /azticle/ycheb

15. Савельев И.В. Курс общей физики. В 4 томах. М.: КноРус, 2009. - 1856 с.
ISВN 978-5-390-00351-0, 978-5-85971-899-3, 978-5-85971-898-6, 978-5-85971-900-6, 978-5-85971-901-37. http:www.ph4s.ru/kurs-ok ph.html

16. Сивухин Д.В. Общий курс физики. В 5 томах. Том 2. Термодинамика и молекулярная физика. Изд. 5-е, испр. - М.: ФИЗМАТЛИТ, 2006. - 544 с. ISВN 5-9221-0601-5, 5-9221-0226-57. Ruknigi.net

17. Сивухин Д.В. Общий курс физики. В 5 томах. Том 4. Оптика. Изд. 3-е, стереотип. - М.: ФИЗМАТЛИТ, МФТИ, 2006. - 792 с.
ISВN 5-9221-0228-1, 5-9221-0763-1, 5-9221-0229-X, 5-89155-087-3, 5-89155-077-6.

     Bookcity.kz

18. Лозовский В.Н., Арсентьев В. В., Кирпиченков В. Я. и др.Физика. Изд: Лань 2000.

ISBN: 5-8114-0288-0.Язык: Русский. Формат: DjVu Размер: 14 MB

  ifolder.ru depositfiles.com


Аралық бақылау сұрақтары (тапсырмалары)

  1. Горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дене траекториясының ең жоғарғы нүктесіндегі алатын үдеуі қандай?

2 Массасы 1кг дене, түзу сызық бойымен қозғалып, өзінің жылдамдығын 10м/с- тен 20м/с- қа дейін өзгертті. Дене импульсінің өзгерірісін анықтаңыз.

3 Массасы m = 2кг екі арба тегіс горизонталь жазықтықта бір- біріне қарама- қарсы бірдей жылдамдықпен қозғалып келеді. Соқтығысқанға дейінгі арбалардың жалпы импульсін анықтаңыз.

4. Радиусы 1 см металл шарға q = 6,3 мкКл заряд берілді. Шардағы зарядтың беттік тығыздығы қандай?

5 Қаттылығы  және   екі пружина тізбектей қосылған. Егер екінші пружинаның деформациясы  болса, онда біріншісінің деформациясын  анықтаңыз.

6. Жазық конденсатор тұрақты ток көзіне қосылған және сұйық диэлектрикке (диэлектрлік өтімділігі e) батырылған. Конденсатордың диэлектрикке батырғанға дейінгі (Е0) және батырғаннан кейінгі (Е) электр өрісі кернеуліктерін салыстырыңдар.

7 Берілген сым бөлігінің қаттылығы к-ға тең. Осы бөліктің жартысының қаттылығы неге тең?

8 Нүкте жылдамдығы V═4t+8 заңы бойынша өзгереді. Нүктенің үдеуі қандай болады?

9 Егер дене өзінің қозғалысының сегізінші секундында 30 м жол жүрсе, онда оның алатын үдеуі неге тең?

10 Гук заңы

11. Ампер заңының математикалық өрнегі болып табылады?

12 Кинематика дегеніміз не?

13. Тогы бар дөңгелек орам центріндегі магнит өрісі индукциясын қай формула арқылы анықтауға болады?

14. Лоренц күші қандай формуламен анықталады?                     

15. Линзаның оптикалық күшін анықтайтын формуланы көрсет.

16. Егер қалыңдығы d және сыну көрсеткіші n жұқа пленкаға ауадан нормаль жарық түссе, онда түсетін жарықтың оптикалық жүріс айырымы неге тең болады?

17 Бала массасы m-ға тең шаманы жіпке F күш түсіру нәтижесінде тұрақты жылдамдықпен сүйреп келеді. Егер жіп көкжиекпен бірге α-бұрыш жасайтын болса, онда үйкеліс күшінің S қашықтықта орындайтын жұмысы қандай өрнекпен анықталар еді?

18 Күш моментінің өлшем бірлігін табыңыз:

19 Қай жағдайда денені материалдық нүкте деп қабылдауға болады?

20. Қатты дененің температурасын Т1 К- нен Т2 К- ге дейін қыздырды. Сонда энергетикалық жарықталынудың спектрлік тығыздығының максимумына сәйкес толқын ұзындығы қалай өзгерді?

21 Механикалық энергияның сақталу заңына сәйкес келетін өрнекті табыңыз

22. Сутегі атомының ионизация потенциалы неге тең?

23. Бір өлшемді потенциалдық шұңқырдағы бөлшек үшін меншікті функция.

24.Зоналық теория бойынша, қатты дене жартылай өткізгіш болып табылады?

25. Галилей түрлендіруінде инвариантты емес физикалық шаманы анықтаңыз

26. Массасы 60кг адам, массасы 10кг жүкпен 10м биіктікке жоғары көтеру үшін қандай жұмыс орындалуы керек?

27. Кинетикалық энергияның формуласын табыңыз:                 

28. Қандай ядролардың меншікті байланыс энергиясы көбірек?

29 Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалыс ерекшелігіне сәйкес келмейтін белгіні анықтаңыз (ауа кедергісі ескерілмейді)

30. Индукцияның Э.Қ.К. қай формуламен анықтауға болады?

31 Энергияның сақталу заңы кеңістік- уақыттың қандай симметриялық қасиетімен байланысты?

32 Дененің жүріп өткен жолының уақытқа тәуелділігі S═A+Bt+Ct² теңдеуімен берілген. Осы қозғалысқа сәйкес келетін жылдамдық теңдеуін табыңыз:

33. Гравитациялық күш дегеніміз не?

34. Магнит өрісінің энергиясын қай формуламен анықтауға болады?

35. Материалдық нүктенің қозғалыс траекториясының анықтамасын табыңыз

36. Материалдық нүктенің орын ауыстыруының анықтамасын табыңыз:

 37.Дененің қозғалыс жылдамдығы v═5+6t теңдеуімен берілген. Осы қозғалысқа сәйкес келетін дененің жүріп өткен жолының теңдеуін табыңыз

38. Потенциалдық энергияның формуласын табыңыз

39. Импульстың сақталу заңы қандай жүйелер үшін дұрыс болады?

40. Абсолют серпімді соқтығысулар үшін дұрыс жазылмаған формуланы табыңыз

41. Поляризатор мен анализатордың бас жазықтықтары арасындағы бұрыш 300 тең. Егер бас жазықтықтары арасындағы бұрыш 450 тең болса, онда олар арқылы өтетін жарық интенсивтілігінің өзгерісін анықта. 

42. Ұзындыққа секіруде қандай себеп ықпалдырақ?

43. Барлық санақ жүйелерінде инвариантты болатын қозғалыс сипаттамасын табыңыз:

44. Кемедегі балықшылар судан ауыр торды тартып шығарып жатыр. Не себепті қозғалыс торға емес, кемеге қарай бағытталған?

45 Консервативті емес күшті табыңыз

46 Теңізде судың тасу және қайту құбылыстарының болу себебі неде?

47. Екі жарық толқыны қай кезде когерентті болады?

48. Ұзындығы 1м және массасы 10кг жерде жатқан таяқты тік тұрғызып қою үшін қажет жұмыстың шамасын табыңыз

49. Импульстің сақталу заңы кеңістік -уақыттың қандай симметриялық қасиетімен байланысты?

50 Арбамен салмақтары бірдей үш түрлі жүк тасылды, бірінші қатынағанда шөп, екінші қатынағанда отын, үшіншісінде кірпіш. Осы жағдайлардың қайсысында арбаның теңбе- теңдігі орнықтырақ?

51 Қай жағдайда дене салмақсыздық күйде болады?

52 Қозғалмайтын ості айнала дене мына заң бойынша φ, В =20 рад/с,     С =-2 рад/с2 айналады. t = 4 с уақыт кезіндегі осьтегі нүктенің бұрыштық жылдамдығын табу керек:

53. Толқын интерференциясының қажетті шартын көрсет.

54 Изотермиялық процестің шартын көрсетіңіз:

55 Идеал газ үшін молекула- кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін көрсетіңіз

56 Менделеев- Клайперон теңдеуі үшін дұрыс өрнекті көрсетіңіз:

57 Бір моль дегеніміз

58 Изохоралық процестің шартын көрсетіңіз:

59 Газдардың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуін көрсетіңіз:

60 Газ молекулаларының жылулық қозғалысының ішкі энергиясы үшін жазылған өрнекті көрсетіңіз:

61 Карно циклі үшін өрнекті табыңыз:

62 Термодинамиканың бірінші бастамасы:

63 Адиабаттық процесс дегеніміз не?

64 Пуассон теңдеуін табыңыз

65 Термодинамиканың екінші бастамасы (Клаузиус тұжырымдамасы):

66 Изобаралық процесс шартын көрсетіңіз

67 Идеал газдың бір молекуласының (қарапайым және айналмалы қозғалысының) орташа кинетикалық энергиясы үшін жазылған өрнекті көрсетіңіз:

68 Политропдық процесс дегеніміз не?

69 Газдың ішкі энергиясы өзгермейтін процесті көрсетіңіз

70 Универсал газ тұрақтысының өлшем бірлігін табыңыз

71 Изобаралық ұлғаю кезінде қысымы Р=6∙105 Па газ көлемін 2м³ арттырып, жұмыс істеді. Газдың ұлғаю процесінде 4∙107Дж жылу берілді. Газдың ішкі энергиясының өзгерісін есептеңіз

72. Абсолют қара дене үшін Кирхгоф заңын көрсет?

73 Температурасы 15 С және қысымы 730 мм/сын.бағ сутегінің тығыздығын табыңыз:

74 Двигатель Карно циклі бойымен жұмыс істейді. Салқындатқыштың 170 С тұрақты температурасында қыздырғыш температурасын 1270 С- ден 4470 С жоғарлатқанда, жылу двигателінің ПӘК-і қалай өзгеретінін анықтаңыз:                

75 Оттегінің бір молінде қанша молекула бар?

76 Сыртқы күштің әсерінен газ жұмыс атқарады. Егер ΔА жұмыс ішкі энергия ΔU өзгерісіне тең болса, онда қандай процесс жүзеге асырылады?

77. Вентильді фотоэффект дегеніміз не?

78 20 Дж жылу мөлшері берілгенде идеал газдың ішкі энергиясы 15 Дж тең болады. Қандай жұмыс атқарылған?

79 Жылу машинасы Карно циклі бойынша жұмыс жасайды және қыздырғыштан алған

әр 4,2 кДж жылудың 1,7 кДж жұмысқа жұмсалады. Суытқыш температурасы 200С болса, қыздырғыш температурасы қандай?

80 Шарды (ауалы) сырттан жылы бөлмеге енгізгенде көлемі қанша есе артады? Сырттағы температура-30 С бөлмеде 270С:

81 Егер қалыпты атмосфералық қысымда идеал газ ішкі энергиясы 600 Дж-ға тең болса, газ көлемі қандай?

82. Электростатикалық өрістің потенциалдық сипаттамасын қай теңдік өрнектейді?

83 Егер қыздырғыш пен суытқыштың абсолют температурасын 2 есе арттырса, онда идеал жылу машинасының ПӘК-і қалай өзгереді?

84 Идеал газ көлемін 2 есе және абсолют температурасын 2 есе арттырғанда газ қысымы қалай өзгереді?

85 Газ молекулаларының еркін жолының орташа ұзындығын қай қатынас көрсетеді?

86 Диффузия құбылысын өрнектейтін теңдеуді көрсет:

87 Тербелістер дегеніміз не?

88. Катушкадағы ток күші t = 1с ішінде 5 А жылдамдықпен бірқалыпты өзгереді. Егер оның индуктивтілігі 0,4 Гн тең болса, онда катушкадағы өздік индукцияның ЭҚК неге тең?

89. Толқындарды сипаттайтын физикалық шамалардың қайсысы толқын бір ортадан екінші ортаға өткенде өзгермейді?

90 Гармониялық тербелістер деп қандай тербелістерді айтамыз?

91 Материалдық нүктенің гармониялық тербелісінің х=Аsin(ωt+φ0) теңдеуі берілген. Осы өрнектегі физикалық шамалардың қайсысы нүктенің теңбе- теңдік қалпынан ығысуын анықтайды?

92.   шамасы қандай тұрақты санды білдіреді?

93 Еріксіз тербелістер деп қандай тербелістерді айтамыз?

94 Жүріс айырымы дегеніміз не? Екі толқын...

95 Математикалық маятниктің формуласын табыңыз:

96 Физикалық маятниктің формуласын табыңыз:

97 Ұ¦зындығы =1м математикалық маятниктің Т периоды неге тең?

98 Математикалық маятниктің ұзындығын 4есе арттырса, онда оның жиілігі қалай өзгереді?

99 Дыбыс ν=0,5•10³Гц жиілікпен тербеліп серпімді ортаға таралады. Толқын ұзындығы λ=70см. Толқындардың таралу жылдамдығын табыңыз:

100 Ай бетінде ұзындығы 1м математикалық маятник қандай периодпен жұмыс жасайды? Айдағы тартылыскүшінің үдеуі 1,62 м/с²

101 Х осінің бойымен нүкте x = 0,1 cos (2πt - π/4) заңы бойынша тербеліс жасады. Тербеліс амплитудасын табыңыз

102 Массасы m=10кг жүк пружинаға ілінген. F=9,8Н күштің әсерінен пружина ℓ=1,5м ұзарады. Жүктің вертикаль тербелісінің Т периодын табыңыз

103. Ферромагнетиктің магнит өрісі нөлге тең болғанда, сыртқы магнит өрісінің кернеулігін... деп атайды

104  шамасы қандай тұрақты санды білдіреді?

105 Дыбыс толқындары қандай түрге жатады?

106 Негізгі тонның толқын ұзындығы λ- ы табу керек, (жиілігі ν=435 Гц). Дыбыстың ауадағы тарлу жылдамдығы с =340 м/с:

107 Нүкте х осі бойымен   заңы бойынша тербелістер жасайды. Тербелістер периодын табу керек:

108 Нүкте х осі бойымен   заңы бойынша тербелістер жасайды. Тербелістер амплитудасын табу керек:

109 Кедергісі өткізгіш арқылы ток өту үшін оның ұштарына қандай кернеу түсіру керек?

110 Егер 2мкКл зарядты шексіздіктен берілген нүктеге тасымалдауда Дж тең жұмыс атқарылса, онда сол нүктенің потенциалы неге тең?

111 Тербелмелі контурдың төзімділігі  дегеніміз не?

112 Изобаралық процеске арналған термодинамиканың бірінші бастамасын көрсетіңіз

113 Ыдыстағы гелидің мөлшері 2 моль. Осы ыдыста гелидің жуық шамамен неше атомы бар? Авагадро тұрақтысы NA=6 ּ1023моль-1.

114 Массасы m1=60 кг адам , жылдамдықпен жүгіріп, m2=80 кг массалы    жылдамдықпен қозғалып келе жатқан арбаны қуып жетіп секіріп мінеді. Арба қандай жылдамдықпен қозғалады?

115. Малюс заңын көрсет

116 Көлемі 22,4ּ10-3 м3, қысымы 105 Па түтікте массасы 4 г гелийдің температурасын анықта. Төмендегі келтірілген мәндердің ішінен сіздің алған нәтижеңізге жуық мәнін таңдап алыңыз

117 Кулон өлшемінің бірлігін тап:

118 Материалдық нүкте     теңдеуімен сипатталатын гармоникалық тербеліс жасайды. Осы тербелістің периоды неге тең

119. Екі ортаны бөлетін шекараға жарық Брюстер бұрышымен түскенде, шағылған және сынған сәулелердің бұрышы... тең болады

120 Ток күшінің анықтамасына сәйкес келетін формуланы табыңыз:

121 Жылу машинасының ПӘК-і дегеніміз не?   

122 Импульс 8 кгм/с дененің кинетикалық энергиясы 16 Дж. Дененің массасы мен жылдамдығын анықтаңыз

123. Қандай физикалық құбылыс жарықтың толқындық қасиетін көрсетеді?

124.  Бор радиусы мен бас кванттық сан арасында қандай байланыс бар?

125 Массасы 10,5 кг көмір толтырылған бадидың шахтадан бір қалыпты көтергенде 6200 кДж жұмыс жасалды. Шахтаның тереңдігі қандай?

126.Сым рамканың магнит ағыны Ф=2,2cos(15t+p/2) Вб заңы бойынша өзгереді. Рамкадағы максималь ЭҚК неге тең?

127. Атомдағы электронның орбиталдық  гиромагниттік қатнасы неге тең?

128. Периоды d дифракциялық торды толқын ұзындығы l жарық шоғы жарықтандырады. Төменде көрсетілген өрнектің қайсысы бірінші басты максимум бақыланатын j бұрышын анықтайды?

129 Остроградский- Гаусс теоремасы бойынша тұйықталған беттен өтетін электр өрісінің ығысу векторы неге тең?

130. Жылулық сәулелер үшін Стефана-Больцман заңы:

131. Сыртқы фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуін көрсет.

132. Гамильтон операторы арқылы өтетін стационарлық күйдегі микробөлшектер үшін Шредингердің теңдеуі:

133 Тербелмелі жүйенің сапалылығы мен логарифмдік декрементінің арасында қандай байланыс бар?      

134. Берілген n мәнді күйдегі атомда қанша электрон болады?

135. Жарық болған кездегі жартылай өткізгіштерде байқалатын ішкі фотоэффект дегеніміз:

136. Альфа ыдырауынан кейін заряды Z және массалық саны А болатын полония изотопының 84Ро214        атом ядросы қандай болады?

137. Капилярлық трубкада көтерілу формуласында h = 2σ/ρgR беттік керілу коэффициентін көрсет:

138. Егер 5 с ішінде 2.105 ядролар ыдыраса, радиоактивті препараттың активтілігі қа.ндай?

139 Серіппелі маятниктің меншікті жиілігі қай өрнекпен анықталады?

140 Тербеліс периоды 10 нс болса, электромагниттік толқынның толқын ұзындығы қанша болады? (нс = 10-9 c)

141 Потенциалдар айырмасы 9 В электростатикалық өрістің екі нүктесі

арасындағы 540 мкДж жұмыс жасалған. Заряд мәнін табыңыз:

142. Қандай магнетиктің магниттік қасиеті температураға тәуелді емес?

143. Магнетиктердің қайсында Кюри нүктесі бар?

144 Дененің сызықтық жылдамдығы мен бұрыштық жылдамдығы арасындағы байланысты көрсететін формуланы табыңыз:

145. Нүктелік жарық көзі беретін жарықталыну заңын көрсет.

146 Бір циклда 3 кДж жұмыс істелсе және суытқышқа 17 кДж энергия берілсе, онда жылу машинасының п.ә.к.-і қандай мәнге ие болады?

147 Массасы 2 кг шар 3 м/с жылдамдықпен тыныштықта тұрған массасы осыдай шарға соқтығысты. Соқтығысу серпімсіз деп алып соқтыққаннан кейінгі шарлардың жылдамдықтарын анықта

148 Дененің сызықтық үдеуі мен бұрыштық үдеуі арасындағы байланысты көрсететін формуланы табыңыз:

149. Жолдың оптикалық ұзындығы қалай анықталады?

150. Идеал шағылдыратын бетке түсіретін жарық қысымы:

151 Идеал газ молекулалары үшін Больцман таралуының формуласы:

152. Арнайы салыстырмалылық теория қозғалысы қандай санақ жүйесінде қарастырылады:

153. Ом заңының дифференциалдық түрін көрсет.

154 Бернулли тендеуін жазыңыз:

155 Газдағы сыртқы күштердің жұмысы ішкі энергияның өзгерісіне тең болатын процесс

156 Электролиттерге Ом заңын қолдануға бола ма?

157 Математикалық маятниктің ұзындығы мен тербеліс периодын біле отырып, тербелістің еркін түсу үдеуін тап.:

158 Дене қозғалмайтын ось арқылы 200 с ішінде 10 айналым жасайды. Дененің айналу периоды неге тең?

159. Контурдағы өшпейтін тербелістің циклдік жиілігін қай формула анықтайда?

160. Термодинамиканың бірінші бастамасын изотермиялық процесс үшін көрсет

161. Толқын ұзындығы 30 м, ауада таралу жылдамдығы 3-108 м/с болса,толқын көзінің тербеліс жиілігі қандай болады?

162. Ортаның сыну көрсеткіші үшін өрнекті көрсет.

163 Ұзындығы  және масссасы m = 0,4 кг біртекті жұқа стержень ортасынан өтетін, стерженьге перпендикуляр ось арқылы  = 3 рад/с  бұрыштық үдеумен айналады. Айналдырушы момент неге тең:

164. Қандай шарт орындалғанда толық шағылу байқалады?

165.Абсолют қара дененің температурасын 2 есе арттырғанда энергетикалық жарықталынуы неше есе өзгереді?

166 Мына формуламен қай шама өрнектеледі  (  – ортаның диэлектрлік өтімділігі, нүктелік q зарядтың электр өрісінің кернеулігі- ,  –Кулона заңындағы тұрақты):

167. Бір өлшемді потенциалдық шұңқырдағы бөлшек үшін өздік энергия мәні.

168. Радиоактивті ыдырау заңын көрсет.

169. Магнит өрісіндегі энергия тығыздығы қай формуламен анықталынады?

170. Интерференциялық максимум шартын көрсет.

171. а бір саңлаудан нормаль түсетін жарықтың дифракциялық максимум шартын көрсет.

172. Фотоэффектінің «қызыл шекарасы» үшін өрнекті көрсет

173. Бастапқы жылдамдығы  км/сағ автомобиль, бірқалыпты қозғала отырып,  өткен соң тоқтады. Автомобильдің а үдеуін табыңыз:

174. Шредингер теңдеуін шешкендегі өздік фукция дегеніміз не?

175. 1 моль оттегінде қанша молекула бар?

176 1-ші текті фазалық ауысуға не жатады?         

177. Кулон заңы       

178.  тогы бар дөңгелек контур өсімен  тогы бар шексіз ұзын түзу өткізгіш өтеді. Түзу токтың магнит өрісі дөңгелек контурға қалай әсер етеді

179. Қай формуламен тогы бар орамның магнит моментін анықтауға болады?

180. Идеал жылулық машинасы қыздырғыштан алған жылудың % суытқышқа береді. Машинаның ПӘК неге тең?

181. Жазық толқындар теңдеуі…

182. Қызыл және күлгін сәулелердің судағы таралу жылдамдықтарын салыстыр

183. Нормаль  дисперсия қалай анықталынады?

184. Гармоникалық тербеліс

185. Гейзенбергтің анықталмағандық принципі:

186. Өздік магнит өрісі, оны тудыратын сыртқы магнит өрісінен мың есе артық болатын зат қалай аталады?

187. Диаметрі 0,5 мм сымнан жасалған соленоидтың орамы бойынша 1,5 А ток өтеді. Соленоид осінің магнит өрісі кернеулігі неге тең?

188. Айнымалы ток тізбегіндегі сыйымдылық кедергі қандай формуламен анықталады?

189. Қандай жартылай өткізгіштерде өздік өткізгіштік болады?

190. Әрқайсының сыйымдылығы 1,5 мкФ болатын параллель жалғанған жеті конденсатордың жалпы сыйымдылығы неге тең?

191. 7N14 + 2He48O17 + ядролық реакция нәтижесінде қандай бөлшек түзіледі?

192. Айналмалы дисктің кинетикалық энергиясы неге тең? Егер оның инерция моменті , ал бұрыштық жылдамдығы  тең болса.

193. Насос двигателі 10 минут уақыт ішінде  суды 6м биіктікке көтереді. Двигательдің қуатын анықтаңыз ():

194. Егер қалыңдығы d және сыну көрсеткіші n жұқа пленкаға ауадан нормаль жарық түссе, шағылған жарықтың жүріс айырымынеге тең болады:

195. Период пен тербелiс жиiлiгiн байланыстыратын теңдеу:

196. Капиллярдағы сұйықтықтың көтерілу биіктігін анықтайтын Жюрен формуласын көрсетіңіз

197. Интерференция минимумының шартын көрсет.

198. Өткізгіштен өтіп жатқан тоқ күші 7,5 А болса, өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 15 с аралығында қанша заряд өтеді?

199 Комптондық таралу кезінде толқын ұзындығының максималды өзгерісі болады, егер таралу бұрышы мынаған тең болса

200. Теннис добы вертикаль жоғары 10 м/с жылдамдықпен лақтырылды. Оның көтерiлу биiктiгiн анықтаңыз:

201. ; Бұл қандай процесс?

202. Бір-бірінен 3 см қашықтықта жатқан нүктелердің арасындағы потенциалдар айырымы 120В-қа тең. өрістің кернеулігін тап.

203. Диэлектриктердің поляризациясы дегеніміз не?     

204. Холла құбылысында өткізгіштің қарама- қарсы қырларындағы потенциалдар айырымы қай формуламен анықталады?

205. Арнайы салыстырмалылық теорияның екі постулатын ата.

206. Жылу өткізгіштік теңдеуін көрсет  

207. Жарқыраудың өлшем бірлігін көрсетіңіз.

208. Пси-функцияның нормалау шарты.

209 Ядроның байланыс энергиясы қалай анықталады?

210. Нүкте арасында потенциалдар айырымы 10 кВ () –ға тең болған кезде электрон орын ауыстырғанда қандай кинетикалық энергияға ие болады:

211. Индукциясы 0,02 Тл біртекті магнит өрісіне индукция сызықтарына параллель электрон ұшып кіреді. Электрон магнит өрісінде қандай үдеумен қозғалады?

212. Қосымша қысым үшін Лаплас формуласын көрсетіңіз

213. Бұл қандай өрнек

214. Өткізгіштің көлденең қимасынан уақыт бірлігінде өтетін заряд... деп аталады

215. Диффузия процесін өрнектейтін негізгі теңдеу

216. Біртекті магнит өрісінің күш сызықтары ауданы 25 см2 рамка жазықтығымен 30° бұрыш жасайды. Егер магнит өрісінің индукциясы 4 мТл болса, рамкадан өтетін магнит ағынының шамасы неге тең?

217. Өрістің бір нүктесінен екіншісіне нүктелік бірлік заряд орын ауыстырғанда электростатикалық өріс күшінің атқаратын жұмысы қалай аталады?

218. Егер 0,2 с-қа тізбекті ажыратқанда магнит өрісі жоқ болса, катушкада 10 В өздік индукцияның орташа ЭҚК пайда болады, катушкадан қандай магнитт ағыны өтеді?

ГЛОСАРИЙ

 “Физика” пәні

 

  1. Абберация - (латын сөзі aberratio - ауытқу) бұл линзаның кемістігі: мұнда заттың кескіні бір нүктеден ауытқып, шашыраған дақ немесе шеттері боялған болады.
  2. Адиабаттық процесс - (грек сөзі “адиабатос”- өтпейтін). Жүйе мен қоршаған орта арасында жылу алмасу жүрмейтін процесс.
  3. Аккомодация - (латын сөзі accomodatio- лайықтау, ыңғайлау) хрусталиктің фокустық қашықтығын бақыланатын затқа дейінгі қашықтыққа ыңғайлайтын көздің қабілеті.
  4. Аморф дене - (латын сөзі”аморфос”- формасыз, түрсіз, пішінсіз) қатты салқындатылған тұтқырлығы жоғары сұйықтар. Олар іс жүзінде түрін сақтай отырып, аққыштығын жоғалтады.
  5. Анизотропия - (латын сөзі “анизос”- дұрыс емес, “тропос”- бұрылыс, өзгеріс). Кристалдар әртүрлі бағыттарда әртүрлі физикалық қасиеттерге ие.
  6. Аннигиляция -(латын сөзі annihilatio- жою, құрту). Бөлшектердің антибөлшектермен соқтығысуы кезінде оның екеуі де жойылып, элементар бөлшектердің басқа түріне айналады, міне осы процесті аннигиляциялық жұп деп атайды.
  7. Апертурлық бұрыш - (латын сөзі apertura- саңлау, тесік) Объективке түсетін шеткі жарық сәулелері беретін бұрыш.
  8. Ауыр су - Жай суда H2O аздаған мөлшерде әруақытта ауыр су D2O болады. Қышқылданған судың электролизі кезінде катодта басым түрде жеңіл сутегі- протий бөлінеді, ал қалған су ауыр сутегімен- дейтериймен байытылады.

 

  1. Бариондар - (грек сөзі “барис”- ауыр). М0 протонның массасына тең және артық, бірақ дейтронның массасынан кіші болады.

 

  1. Гармониялық - (латын сөзі “гармоникос”- үйлесімді) Бұл қарапайым периодты тербелістердің жиынтығы.
  2. Гипероны - (грек сөзі “гипер”- өте жоғары, үстінде). Бариондар арасында өте ауыр бөлшек нуклондары да кездеседі.
  3. Гистерезис - (грек сөзі “гистерезис”- кешігу) магниттеуші өріс кернеулігі өзгерісінен магнит индукциясы өзгерісінің қалып қоюы.
  4. Гравитация - (латын сөзі gravitas- ауырлық, ауыртпалық) Дененің бір-біріне тартылуы.
  5. Градиент - (латын сөзі gradiens- адымдаушы, аяқ басушы.) Градиент- физикалық шаманың неғұрлым өсу жағына қарай бағытталған вектор.

 

  1. Детандер - (француз сөзі defender- қысымды төмендету). Газды сұйылтуға арналған поршеньді машина. 1902 ж. француз физигі, химигі Клод бірінші детандер жасаған.
  2. Диполь- (грек сөзі “ди”- екі, “полос”- полюс). Бір- бірінен кейбір қашықтықта орналасқан, шамасы жағынан тең әраттас зарядталған екі нүктелік зарядтар жиынтығы.
  3. Дифракция- (латын сөзі difracktus- сынған, үзілген) Жарықтың бөгетке жақындаған кезде түзу сызық бойымен таралмау құбылысы (жарық сәулесінің бөгетті орап өтуі).
  4. Диффузия - (латын сөзі diftusio-таралуы) заттардың молекулаларының тек қана хаосты қозғалысына байланысты араласуы.
  5. Дыбыстық кино - кинопленканың дыбыстық жолы арқылы өтетін жарық ағынының өзгерісі фототок тербелісіне сәйкес келгенде пайда болып, өз кезегінде дыбыс тербелісіне (репродуктор мембранасына) түрленеді.

 

  1. Жарық дисперсиясы - (латын сөзі dispersio- шашырау) ортаның сыну көрсеткішінің жарықтың толқын ұзындығына тәуелділігі. Сонамен қатар жарықтың спектрге жіктелуі.
  2. Жарық рефракциясы - (латын сөзі refractus- сынған, үзілген) Жарық сәулесі ауадан өткенде сынып, жоғары қарай айнала дөңес болып қисаяды (Жерден алғанда).

 

  1. Идеал сұйықтық - ешқандай тұтқырлығы жоқ ойдан шығарылған сұйықтық.
  2. Изобаралық - (латын сөзі (барос)- ауырлық). Бұл тұрақты қысымда жүретін процесс.
  3. Изотермиялық - (латын сөзі (изос)- бірдей, біркелкі, (терме)- жылу). Бұл тұрақты температурада жүретін процесс.
  4. Изохоралық - (латын сөзі (хора)- кеңістік). Бұл тұрақты көлемде жүретін процесс.
  5. Иконоскоп - (грек сөзі “икон”- кескін, “скопео”- бақылау) электрондық сәулелік түтік.
  6. Иммерциялық сұйықтық - (латын сөзі immersio- бату, батыру). Микроскоптың мүмкіндік қабілетін арттыру үшін оның сандық апертурасын арттыру қажет. Бірақ апертураны арттыру мүмкіндігі тым шектеулі, яғни сандық апертура бірден артық бола алмайды, ал егер зат ауада болса, n бірге тең болады, егер зат иммерциялық сұйықтыққа батырылса, бірден кішкене артық болады, мысалы, глицерин (n=1,47) немесе кедр майы (n=1,52). Оптикалық тығыздығы көбірек иммерциялық сұйықтық 1,6 -1,7 шамасынан артпайды.
  7. Инверсиялық температура - (латын сөзі inversio- төңкеру, аудару, екінші жағына айналдыру). Газ ұлғайғанда суымайтын да, қызбайтын да температура.
  8. Индукция- (латын сөзі induction- келтіру, қоздыру). Контурдағы токтың (көрші) басқа контурдағы токтың өзгерісінен қозуы (өзара индукция). Айнымалы тогы бар контур басқа, көрші контурда ғана емес, өзінде де ток индукциялайды (өздік индукция).
  9. Инерция - (латын сөзі inertia- әрекетсіздік, енжарлық) бұл дененің тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтау қасиеті.
  10. Интерференция - (латын сөзі inter- өзара и ferio- соғысу, қосылу) Когерентті толқындардың қосылуы.

 

  1. Капилляр - (латын сөзі capillaries- өте жіңішке, қылдай). Жіңішке ыдыстар- түтікше, саңлау және т.б.
  2. Квазисерпімді күштер - яғни “серпімді күш тәрізді”(латын сөзі quasi-секілді, сияты, тәрізді) Күштердің табиғаты серпімді де, серпімсіз де бола алады.
  3. Квант- (неміс сөзі quantum- саны, мөлшері) Энергияның ең кішкентай бөлшегі. Электромагниттік толқындар кванттың еселік шамадағы сандық мөлшеріндегі ғана энергияны тасымалдайды.
  4. Килограмм- эквивалент - заттың килограмдық мөлшері сан жағынан оның эквивалентті массасына (химиялық эквивалентіне) тең.
  5. Кинетикалық энергия - (латын сөзі “кинетикос”- қозғалысқа қатысты). Жүйенің немесе оның бөлігінің кинетикалық энергиясы оның қозғалысына қатысты болады.
  6. Когерентті жарық - (латын сөзі cohaerens- байлаулы,). Тербеліс көзін туғызатын және тұрақты фаза айырымы бар толқындар.
  7. Коэрцитивті күш - (латын сөзі coercitio- ұстап қалу, шегеру). Ферромагнетик толық магнитсізденуі үшін оған қарама- қарсы сыртқы өріс кернеулігін туғызатын күш.

 

  1. Ламинарлық қозғалыс - (латын сөзі (lamina)- жалпақ табақша, жазық қабат) беткі қабатқа жақын жерде сұйық немесе газ қозғалысы ішкі үйкеліс әсерінен параллель қабат түрінде болады, олардың жылдамдығы бетке перпендикуляр болғандықтан төмендейді. Бұндай ағыстың жылдамдығы аз болады.
  2. Лептондар - (грек сөзі “лептос”- жеңіл). Элементар бөлшектер тыныштық массасымен сипатталады. Лептондарда М0>0, бірақ электрон массасынан кіші немесе тең болады.
  3. Линза - (латын сөзі lens- оптикалық шыны, линза) жақтары екі қисық (сфералық) беттермен шектелген немесе біреуі қисық екіншісі жазық бетпен шектелген мөлдір (шыны) дене.
  4. Мезондар - (грек сөзі “мезос”- орташа). М0 электрон массасынан артық, бірақ протонның массасынан кіші болады.
  5. Мениск - (грек сөзі “менискос”- жарты ай). Тар ыдыстағы сұйық шеті қисайып, оның бүкіл бетін қамтиды. Қисаю ойыс болса, жұққыш сұйық, дөңес болса, жұқпайтын сұйық болады. Осындай қисайған бет мениск деп аталады.
  6. Монохроматтық жарық - (грек сөзі “монос”- бір, “хрома”-түс). Монохроматты жарыққа қандай да бір толқын ұзындығы немесе қандай да бір түс сәйкес келеді деуге болады.

 

  1. Нуклон - (латын сөзі nucleus- ядро). Бұл протондар және нейтрондардың жалпы атауы.
  2. Нүктелік заряд - өзара әсерлесетін денелердің өлшемі зарядталған басқа денеге дейінгі қашықтықпен салыстырғанда ескерусіз аз болатын заряд.

 

  1. Оптика - (грек сөзі “оптикос”- қөру, көз) Жарықтың табиғаты туралы, жарық құбылыстарының заңдылытары және жарықтың затпен өзара әсерін қарастыратын физиканың бөлімі..
  2. Осмос - (латын сөзі “осмос”- түрткі, соққы, қысым жасау) шала өткізгіш бөгеті арқылы өтетін еріткіштің диффузиясында одан таза ерітіндіні бөліп алуды осмос деп атайды, ал ерітіндіде пайда болатын басы артық қысымды осмостық қысым деп атайды.
  3. Осциллограф - (латын сөзі “oscillo”-тербелу, “grafo”-жазу) электр және магнит өрістеріндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысына негізделген құрал.

 

  1. Постулат - (латын сөзі postulatum- талап етілетін). Постулат деп сапалық негіздегі ғылыми теорияны құру үшін дәлелдеуді қажет етпейтін пікір.
  2. Потенциалдық энергия - (латын сөзі potentia- мүмкіндік). Өзара әсерлесетін жүйе бөліктерінің потенциалдық энергиясы олардың орналасуының мүмкіншілІгіне байланысты болады.
  3. Пьезоэлектрик - (грек сөзі “пьезо”- қысу, сығу). Сыртқы электр өрісінде пьезоэлектрик пластинкасы өріс бойымен деформацияланады (өріс бағытына байланысты сығылады немесе созылады).

 

  1. Резонанс - (латын сөзі resonans- жаңғырық беретін, үн шығаратын) еріксіз тербеліс жиілігі жарық жиілігіне жуықтаған кезде оның амплитудасының күрт арту құбылысы.

 

  1. Соленоид - (грек сөзі “солен”- түтік, “ейдос”- түр). Сымнан жасалған цилиндр формалы катушка.
  2. Спин - (ағылшын сөзі spin- айналу). Электронның меншікті магнит моменті электронның өз осін айналуымен байланысты, осыдан –магнит моментінің спині деген ат пайда болды. Бұл неғұрлым қарапайым бірдеңеге жатқызуға болмайтын, электронның алғашқы сипаттамасы болып табылады.
  3. Суперпозиция - (латын сөзі superposo- үстіне қою, үстіне жатқызу, үстіне салу, үстіне орналастыру). Мысалы, суға екі тасты лақтырғандағы су бетінде толқындардың таралуы.
  4. Сцинтилляция - (латын сөзі scintillatio- жарқырау, ұшқындау) Микроскоптан байқалатын, әрбір a-бөлшектің экранға соқтығысқан кездегі қысқа уақытта ұшқындауы.

 

  1. Термистор - (грек сөзі “терме”- жылу, және ағылшын сөзі “(res)istor”- активтік кедергі). Бұл кедергілердің шала өткізгіштік термометрі.
  2. Тор - шеңбер ось бойымен айналғанда пайда болатын геометриялық дене. Ол сол шеңбер жазықтығында жатады, бірақ онымен қиылыспайды. Шамамен тордың пішіні үрленген велосипед камерасына келеді.
  3. Тороид - торға оралған сымнан жасалған катушка.
  4. Турбулентті қозғалыс - (латын сөзі turbulentus- құйынды, тәртіпсіз). Сұйықтың барлық қабаттарын бір- бірімен араластыратын өте үлкен жылдамдықтағы ағын кезінде құйын пайда болады.

 

  1. Флотация тәсілі - (ағылшын сөзі flotation- қалқып, жүзіп шығу). Кенді байыту кезінде, яғни кенді бос жыныстардан бөліп алу кезінде қолданылатын тәсіл.

 

  1. Хлорофилл - (грек сөзі “хлорос”- жасыл, “филлон”- жапырақ) өсімдік жапырағында болатын бояу.

 

  1. Электрондық эмиссия - (латын сөзі “emissio”- шығару). Металдардан электрондардың ұшып шығуы.
  2. Энтропия - (грек сөзі “эн”, “тропе”- айналу, айналдыру.) Энтропия сөзінің мағынасы бойынша аудармасы- одан ары қарай айналмайтын, ішке айналған. Энтропияны құнсызданған энергия өлшемі деп айтуға болады.





Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: