Ерекшеліктері

3

Дипломдық жұмыстың мақсаты:

-Түркі тілдес халықтардың туыстық қатынастарының өзіндік ерекшеліктерін көрсету және осы қатынастарды білдіретін атауларды ішінара семантикалық топтарға бөліп, жүйелеу;

-Түркі тілдер тобындағы халықтардың туыстық атауларының бойында сақталып отырған рухани мәдениет көріністерін ұлттық танымдық тәжірбиемен сабақтастыра отырып, жүйелі түрде қарастыру;

4

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

-Туыстық терминологиясы саласында бүкіл түркі тілдеріне тән жалпыны анықтау, сипаттама беру;

-Осы лексика-семантикалық топ аясында әрбір түркі тілінің ерекшелігін анықтау;

-Түркі тілдеріндегі туыстық терминдерінің классификациясын меңгеру;

-Түркі тілдеріндегі туыстық атаулар қолданысының өзіндік ерекшелектерін табу;

-Туыстық терминдерінің этимологиясын анықтау;

 

5

Туыстық атаулар және олардың түрлері түркі халықтарында көптеп кездеседі және түркі тілдеріне тән ортақтығы да, жеке тілдерге тән өзгешелігі де бар. Өзгешеліктің сипатын әр тілдің табиғатындағы фонетикалық өзгерістермен де, жеке тілдің даму тарихындағы жүріп өткен жолымен де байланыстыруға болады.

Туыстық атаулар қандық туыстық атаулар және некемен байланысты туыстық атаулар деп қарастырылады.

Дананұр, осы бойынша слайд жаса. 1, 2, 3, 4 5 деп тұрғандарым жеке-жеке слайд болсын, ал 6-дан бастап осы төмендегі мәтіннен аласың. Тұтас мәтінді қоймай, таблица түрінде, схема, дөңгелектердің ішіне сал. Мысалы, «қыз» сөзінің әр тілдегі қолданысын ерекшеліетерін дегендей

6

Ата сөзі түркі тілдерінде ата, ада, аата, ате, ати түрлерінде кездесіп, «әке, әкенің әкесі, үлкен адам, қайын әке, еркек» сияқты мағыналарымен орын алған.

Көне түркі тілінде «әке» мағынасында кездескен ата сөзі қазақ тілінде туған әке, өз әкесі, үлкен әке, әкенің әкесі, адамдардың туыстық қандастық жігі, тегі, нәсілі, шыққан жері, ерлі-зайыптылардың қайын әкесі, қария, қарт, ақсақал мағыналарында қолданылады.

Қазіргі түркі тілдерінде ата сөзі әзірбайжан, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, татар, түрікмен, ұйғыр тілдерінде көне түркі тілімен ұштасып ата түрінде қолданылса, өзбек тілінде ота, чуваш тілінде атте, алтай, тува, хақас тілдерінде ада фонетикалық нұсқаларымен кездеседі және бұл тілдердің барлығында «әке, баба» мағыналарымен сәйкес. Бұның өзінде түрік, гагауз тілдерінде «әке, ата» мағыналарындағы баба сөзі орын алса, хақас тілінде «әке» мағынасындағы ада, баба сөздері синонимдес. Түрікмен тілінде ата сөзі «әке, әкесінің әкесі», ал баба сөзі «нағашы ата» мағынасында қолданылады.

М.Қашқари сөздігінде аба сөзі де қолданылып, оғыз тіліндегі нұсқасы ретінде көрсетілген. Бұл туралы түркітануға қатысты оқу құралында төмендегідей түсінік берілген: «Монғол тілінде ав сөзі «әке» мағынасында қолданылады. Көне жазба монғол тілінде бұл сөздің ава түрі де кездеседі. Аба сөзі хакас, қырғыз, алтай, татар, башқұрт, түрікмен тілдерінде де бар. В.В.Радлов аба сөзінің «отец, предок, дядя со стороны отца, старший брат» сияқты мағынасын көрсетеді. Сондай-ақ монғол тілінде авака, түрікмен тіліндегі абга – жасы үлкен адамдарға байланысты айтылатын сөз. Ал, монғол тіліндегі авгай – қыздардың жасы үлкен анасына байланысты қолданылатын сөзі. Түрікмендердің сөйлеу тілінде аба «әке» мағынасын білдіреді. Көне түркі тілдеріне тиісті жазба ескерткіштерде аба//ава сөздері «предки, прородитель», сондай-ақ, «ата», «апа» мағынасында қолданылған. Демек, аба сөзі «арғы ата» мағынасынан «ата-ана» мағынасына ауысып, одан кей тілдерде жалпы жасы үлкен адамдарға байланысты қолданылатын болған. Қазіргі татар тіліндегі абзый, қазақ тіліндегі абысын сөздерінің түбірі осы аба сөзімен байланысты болса керек. Э.В.Севортян ава сөзін ана (мать) сөзімен түбірлес деп санайды. Якут тілінде абақа сөзі 1) «белгілі бір рудың қарт адамы», 2) «өлкенің үлкен ағасы» сияқты мағынаны береді. Монғол тілдерінде ав(а) қандық туыстықты білдіреді де, жасы үлкендерге байланысты айтылады. Монғол тілінде бұл сөздің созылыңқы дауысты дыбыспен де (аав), қысқа дауысты дыбыспен де (ав) айтылатын нұсқасы бар. Бір ескертетін жағдай: монғол тілінде аба «әке» мағынасында қолданылса, аву «әкенің інісі», тіпті «бала» мағынасында да қолданылады» [3,113].

Қазақ тілінде ана сөзі туған шеше, жалпы шеше мағыналарында қолданылады.

Ана сөзінің түркі тілдеріндегі нұсқалары да фонетикалық ерекшеліктерімен кездесіп, ата сөзімен ұштасып жатады. Яғни қарақалпақ, татар, түрік, ұйғыр тілдерінде ана, өзбек тілінде она түрінде қолданылып, көне түркі тіліндегі ана сөзімен фонетикалық та, лексикалық та жағынан үндес болып келеді. Ана сөзінің жеке түркі тілдерінде әни, әннә (татар), анне (чуваш), ине (хақас) нұсқалары да бар.

Қазақ тіліндегі ана немесе ене сөздері ана мағынасымен ұштасып жатқанымен, айырмашылығы бар бар. Көптеген түркі тілдерінде ана немесе ене сөздері ортақ мағынада қолданылса, қазақ тіліндегі ене сөзі қандық туыстықты емес, неке арқылы болған туыстықты білдіреді (ерлі-зайыптылардың аналары бір-біріне ене болады). Ал алтай, қарақалпақ, қырғыз тілдерінде эне, чуваш тілінде анне «ана» мағынасында болса, тува тілінде эне «тәте» мағынасында, эней «әже» мағынасында, хақас тілінде ине «ұрғашы», иней «кемпір», «әйелі» мағыналарында кездеседі.

Мысалы: Э.В.Севортян ене сөзінің қазіргі түркі тілдеріндегі мағынасын «ана», «сыйлы әйел», «әже», «тәте», «тәрбиеші», «малдың енесі», «ұрғашы мал», «бір заттың негізі, басы» түрлерінде көрсетеді.

Монғол тілінде «ана» мағынасында эх(е) сөзі қолданылады. Эхе сөзі, түркі тілдеріндегі ене сөзі сияқты, тек адамға ғана емес, жан-жануарға да байланысты қолданылады. Қазақ тіліндегі «енесіне асыққан құлындай» деген тіркесте де ене «құлынның анасы» мағынасында қолданылып тұр. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде ене сөзінің «бала тапқан ана», «шеше» мағынасын ауыс мағынасы деп көрсеткен. Ал дұрысы – бұл оның о бастағы мағынасы болса керек. Монғол тіліндегі эх(е) – «мал, матка, маточное поголовье» жоғарыда келтірілген қазақ тіліндегі мысалымызға сәйкес келеді.

Эне сөзі тұнғыс-мәншіжүрде бар. Оларда бұл сөздің эни/ эне/ эннэ/ энике/ эниэнэ формалары қолданылады да, мағынасы «ана», «апа», «әже» сөздерімен тең түсіп жатады. В.И. Цинциус монғол тілдеріндегі эмэ, энэ сөздері мен экэ (эхэ) сөздерін түбірлес сөздер деп қарайды.

Қазақ тілінде ұл сөзі еркек бала, ер бала, халық қамын ойлайтын ер азамат, ал ұлан сөзі жасөспірім, жеткіншек, өрен мағыналарында қолданылады [ҚТТС].

Қазақ тіліндегі ұл сөзі көне түркі және көптеген түркі тілдерінде оғул сипатында, хақас, тува, шор тілдерінде оол, якут тілінде уол, алтай тілінде уул, өзбек тілінде уғил, чуваш тілінде ывал түрінде кездеседі.

Э.В.Севортян көне түркілік оғул сөзінің этимологиясы мен қазіргі түркі тілдеріндегі сипатын төмендегідей саралайды:

Барлық түркі тілдері мен ескерткіштерінде – баласы, ұлы (сын); башқұрт диалектілерінде – інісінің баласы; якут тілінде – немере, шөбере; Чуваш – бала (дитя, ребенок); өзбек, тува, якут, чуваш – ұл (мальчик); тува, хақас, якут – жасөспірім жігіт (юноша, молодой человек); Түрік, түрікмен, алтай, хақас, тува, якут – жігіт, жас жігіт (парень, паренек); Якут, чуваш – қайны, оның баласы, немересі (младший деверь, его сын, внук); Өзбек – жалқы есім; Якут – қызметші, жұмысшы.

Көне түркілік оғул сөзі қазіргі түркі тілдерінде оғлан қалпына еніп, «ұл, жігіт, жас әскер» мағыналарында қолданылады. Олардың қатарына оғлан (әзірбайжан, түрік), оглан (түрікмен, гагауз), ұлан (қазақ), уулан (алтай), олан (татар) сипатындағы қолданыстар бар.

М.Қашқари сөздігінде қыз сөзіне «менің қызым, ев қызы (үй қызы, үйде отырған қыз), иінішке қыз (бойжеткен қыз)» сөздерін мысалға алып, «Бұл сөз басы азат қыздарға қолданылған секілді, сатып алынған күң қыздарға да қолданылады. Әсілінде, бойжеткен, әйтсе де тұрмысқа шықпаған, жат жұрттық болмаған қыз дегенді білдіреді», – деп түсіндіреді.

Қазақ тілінде қыз сөзі әйел бала, сәби, күйеуге тимеген бойжеткен, жігіттің көңіл қосқан, жүріп жүрген адамы, қалыңдық мағыналарында қолданылады.

Қыз сөзінің көне түркі және қазіргі көптеген түркі тілдеріндегі сипаты қыз, кыз қолданыстарымен қоса гыз (әзірбайжан, түрікмен), қиз (өзбек, ұйғыр), кыс (алтай, гагауз, тува), кыыс (якут), хыс (хақас), хер (чуваш) түрінде кездеседі.

Қыз сөзінің барлық түркі тілдерінде мағынасы бірдей болғанымен, тува тілінде «ұрғашы» мағынасында қолданылады (кыс бөрү – ұрғашы қасқыр, кыс адыг – ұрғашы аю) да, қыз (дочь) мағынасы уруу сөзі арқылы беріледі. Уруу сөзі көне түркілік уруғ (род, племя, родство) сөзімен төркіндес.

Түрік тіліндегі туыстық атаулар қазақ тіліндегідей әке өрісі, ана өрісі деп қатаң ажыратылып отырады. Мысалы, «аға, көке: amca – әке өрісі арқылы/ dayı – ана өрісі бойынша», «тәте: hala – әке өрісі арқылы / teyze – ана өрісі бойынша», «әже: babaanne – әке өрісі арқылы / anneanne - ана өрісі бойынша». Әке өрісі, ана өрісі арқылы бөліну «dede/ата» терминінде жоқ. Бұл сөздің негізі баба деген сөзде жатыр, сонымен қоса «ata» сөзі арқылы берілетін үлкендік мағынасын да жүктейді.

Түрік тілінде «аға» және «әпке, қарындас/сіңлі» түсініктері «kardeş» сөзі арқылы беріледі.Түрік тілінде (кірме сөздердің кішкенесін қоспағанда) адамның жынысын анықтап тұратын грамматикалық көрсеткіш жоқ. Жыныстық белгілері грамматикалық емес, лексикалық мағынасы арқылы беріледі. Бірақ, кейде лексикалық мағынасының өзі нақты қызға ма, әлде ұлға байланысты айтылып тұр ма, айыра алмайтын кездер болады. «Кardeş» жынысына байланысты бөлек атау жоқ. Ұл да, қыз да осылай айтыла береді. Тек «kız/қыз» и «erkek/ұл» сөздерін тіркестіру арқылы kızkardeş (әпке), erkekkardeş (аға) кімге қаратыла айтылғандығын біле аламыз.

Башқұрт тіліндегі коза – жұбайыңның әкесі немесе туысқан ағасы, козагый, козагай солтүстікте – жұбайыңның анасы және басқа туысқан ағаларының әйелі, козаса – жұбайыңның апасы немесе сіңлісі/қарындасы, күйеуіңнің туыстарының қызы, қазақша – құдаша. Дэукоза деп жасы үлкен құданы, құданың әкесін, атайды. Бейем, бианай, биана, бей анна – ене; биата, бей ата – қайын ата; бей агай, биагай-, қазақ тілінде – қайын аға; Жалпытүркілік бэк: бей – мырза деген сөзден шыққан, бикэм – күйеуінің апасы/әпкесі; бикэс – күйеуіңнің қарындасы; бикэ – әйел, қыз, бике деген сөзден шыққан.
Сонымен қатар жұбайының анасын атайтын бірқатар терминдер бар: кайна, кэйнэней, кэйнэм, кайнана, кайнанак. Солтүстік-шығыс говорында күйеуінің қарындасын – кыззар деп, ал әйелінің сіңлісін – балдыз, балтыз, балтыз атайды. Башқұрт тілінде этимологиялық жақтан түсіндіруді қажет ететін туыстық терминдердің арнайы тобы бар. Йейэн туыстық атауы - немере, диалектілерде апсының не сіңлісінің/қарындасының, қызының балалары.

Немерені атау үшін бианул, онок, онук сөздері бар.
Башқұрттық булэ – шөбере, булэсэр – шөбере қыз сөзінің негізін бул – бөлу деп алуға болатын еді. Бұл сөз сонымен қоса жиенді де білдіреді.

Башқұрттарда туысқан адамдардың атын атамаған. Алғашында, халықтың наным –сеніміне байланысты болды. Башқұрттар адамды атымен атасаң, оны әлсіз етесің деп санаған. Сондықтан кісі аттары түрлі туыстық атаулармен алмастырылған. Кейініректе қоғамда қабылданған әдептілік ережесі адамдарды атымен атауға тыйым салған.

Башқұрттарда қазақтар сияқты өзінің жеті атасын білуге міндетті болған. Ол әке – атай, ана – эсэй, картатай – ата, картэсэй – әже және тағы арғыларын.
Бер туган, ике туган, ос туган, дурт туган, биш туган, алты туган, ары қарай ете ят сияқты терминдер бар. Мұндай мәліметтер көбінесе олардың шежіресінде кездеседі.

Қорыта келгенде, салыстырмалы-тарихи зерттеу жүргізу арқылы туыстас тілдердің фонетика, лексика, грамматика салаларындағы ортақтықтар мен ерекшеліктердің сипатын білуге болады. Соның ішінде лексиканың да өзіндік ерекшелігі бар. Ең алдымен, ол – тілдердің туыстық белгісін, сәйкестігін анық көрсететін фактілерге бай сала. Сол арқылы түркілік ортақ сөздердің табиғатын ашуға, кірме сөздердің ерекшелігін көрсетуге, өзгеріске түскен сөздердің сипатын көрсетуге болады.

Лексиканы салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеудегі мақсаттың бірі – сөздердің о бастағы мағынасын анықтау. Тіл тарихына байыптап қарайтын болсақ, сөз мағынасы да өзгеріп, дамып отырады. Оны жеке тілдердің материалдарынан да, оларды салыстырып та байқауға болады. Көне дәуірден келе жатқан, не басқа тілдерден енген сөздердің бәрі де әрі фонетикалық, әрі семантикалық өзгеріске түсуі мүмкін.

Сөз мағынасының өзгеруіне ішкі және сыртқы факторлар әсер етуі мүмкін. Сөз мағынасының дамуы тілдің ішкі даму заңына байланысты болса, ал сыртқы фактоторлар сол халықтың өмір сүрген дәуірімен, тарихымен, мәдениетімен, әдет-ғұрпымен тікелей байланысты.

 





Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: