Позитивизм философиясы (1-ші,2-ші,3-ші,4-ші)

Позитивизм – қазіргі заманғы таным теориясынын бағыты. О негізін қалаушы – француз философы Огюст Конт (1798-1857). Позитивистердің пікірінше, «болмыс», «материя», «сана» және т.б ұғымдарға, страктылық ойлауға сүйенетін дәстүрлі философия енді жарамсыз, бебі, тек тәжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат, нақты, жаратылыстану ғылымдарына математикаға жақын философия ғана ақиқат философия. Позитивизм өзі дамуында үш кезеңнен өтті:
1) бірінші позитивизм жоғарыда аталған мәселелерді алғашқы болып қойып, философияның міндеті – объективті өмір сүруші материалдық дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп ымдады. Бұл кезеңнің екілдері – О.Конт, Г.Спенсер, Дж.Милль.
2) махизм – дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп, философия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психифизиологиялық формаларын сараптауы тиіс деп есептеді, яғни субъективтік идеализмге көбірек бет бұрды. Негізгі өкілі – австриялық физик Э.Мах.
3) неопозитивизм – ғылыми теориялардың ақиқаттылығын, салтырмалы құндылығын анықтау тәсілдерін зерттеумен айналыс Өкілдері: К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун және т.б. Олар ғылыми білімд тексерудің негізігі принциптері ретінде верификация, фальсификация және конвенция принциптерін ұсынды.

24.З.Фреидтің психоаналитикалық концепциясының философиялық астары.

25. Орыс философиясының жалпы сипаттамасы.

Орыс философиясы әлемдік философияда көрнекті орын алады. Оның себебі – Ресейдің адамзат тарихында алатын орны мен орыс жанының жұмбақ табиғаты болса керек. Тарихи дамудың қай кезеңінде болмасын әлем назарын өзіне аудара білген орыс мемлекеті мен орыс халқының дүние жүзіндегі рөлі осы күнге дейін аса маңызды.
Орыс философиясының кемелденіп, қалыптасқан уақыты ХІХ-ғасыр-дың соңы мен ХХ-ғасырдың басы деуге болады. Осы кезеңде Ресейде мазмұны терең, интеллектуалды жағынан өте бай философия қалыптасты. Бір өкініштісі, орыс философиясын объективті зерттеу мүмкіндігі соңғы жылдары ғана пайда болды. Жоғары оқу орындарына арналған бұрынғы бағдарламаларда бұл тақырып терең ашылмай, орыс философиясы туралы сөз болғанда негізінен Н.Г.Чернышевский, А.И.Герцен. В.Г.Белинский және тағы басқа ойшылдардың қоғамдық-саяси, материалистік-марксистік көзқарастарын талдаумен шектелетінбіз. Қазіргі танда орыс философиясы қызықты зерттеу объектісіне айналып отыр. Ресейдің өзінде ұлттық философия мәселесіне үлкен бетбұрыс жасалып, коптеген ғылыми зерттеулер дүниеге келді. 2005 жылдың мамырында Мәскеу қаласында өткен
халықаралық философиялық симпозиумда талқыланған ғылыми баяндамалар осы ойымыздың жақсы дәлелі.
Философиялық әдебиетте ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басындағы орыс философиясының негізгі екі бағыты атап керсетіледі: славянофил бағыты және батысшылдар бағыты (кейбір зерттеушілер бұл бағытқа марксизм бағытын да енгізеді). Біздің ойымызша, осы кезеңдегі орыс философиясын даму ерекшеліктеріне және мазмұнына байланысты үш бағытқа бөліп қарастырған жөн.
Славянофил бағыты өкілдері көзқарасының негізі – православие. И.В.Киреевский, К.Аксаков, В.С.Соловьев тағы басқа көрнекті тұлғалар дін арқылы өмірді өзгертуге болады, діни озгеріс халықтың, қоғамның өміріне керемет өзгеріс әкеледі деп сенді. Бұл түсінікті де, себебі орыс халқының санасында ғасырлар бойы діннің ғажайып күшіне, «идеалға» деген сенім өмір сүрді. Үнемі «идеал» жетегінде өмір сүрген адам өзін басқалардан рухани жағынан жоғарырақ сезінетіні, ылғи өзіне-өзі сезімге шомылып өмір сүретіні белгілі және бұл идеал – шексіз. Бүкіл дүние жүзін қызықтырып, өзіне тәнті еткен «орыс жанының» («загадочная русская душа») жұмбақ табиғатының да себебі осында болса керек.
Марксизм бағытынын негізгі өкілдері В.И.Ленин, Л.Д.Троцкий, Н.Бухарин, А.В.Луначарский болғанымен, орыс философтарының бәрі дерлік әуелі марксизм кезеңіне өтті. Марксизмнің ерекшелігі – философияны жұмысшы табының идеологиялық қызметшісіне айналдыруы. Бұл бағыт ақырында жеңіске жетіп, кеңес заманында философия мемлекеттің біртипті ойлауға негізделген идеологиялық қүралына айналды. Қалыптасқан жүйеге қарсы шығу қылмыспен тең еді. В.И.Ленин 1922 жылы Ф.Э.Дзержинскийге жазған хатында ой-пікірі, кезқарасы большевиктер саясатына қарама-қарсы интеллигенция өкілдерін елден аластату керектігі туралы айтқан пікірінің негізінде арнаулы бұйрық шығарылып.161 адам елден қуылды. Олардың бәрі бір кемеге тиеліп аттандырылғандықтан, тарихқа бұл оқиға «Философский пароход» деген атпен енді. Бұл «еріксіз саяхатшылардың» қатарында белгілі философтар С.Л.Франк, Н.А.Бердяев, Л.Шестов, П.Сорокин, И.Ильин бар еді. Орыс философиясының құлдырауы осы кезеңнен басталды.
Үшінші багыт – біз сөз еткелі отырган батысшылдар, немесе экзис-тенциалистер багытының негізгі объектісі – адам және оның өмірінің мәні болды. Атап көрсететін бір ерекшелік – жалпы философия тарихында өмірдің мәні мәселесін талдаумен түбегейлі айналысқан орыс философтары деуге болады. Бұл құбылыстардың себептері әр түрлі. Бірақ біздің ойымызша, басты фактор – Ресейдің трагедиялық тағдыры. Адам, оның өмірінің мәселесі қоғам дағдарысқа ұшыраған кезеңдерде өткірлене түседі. Тығырыққа тірелген қоғам мүшелерінің бойында бүрыннан да бар уақытша бұғып жатқан өміртуралы сауалдар тізбегі адамды осындай қиын кезендерде қатты мазалай бастайды. Сондықтан да өзінің даму тарихында талай рет тағдыр тәлкегіне ұшыраған, сан түрлі соққыларды, қайшылықты қоғамдық өзгерістерді басынан кешірген Ресей мемлекетінің ойшылдарын осы тақырып толғантуы кездейсоқ емес.
Сонымен катар, ХІХ-ғасырдың соңы-ХХ-ғасырдың басындағы орыс философтарының бәрін де Ресей мемлекетінің тагдыры толғантты. бағыттың өкілі болғанына қарамастан, олардың әрбіреуі орыс қоғамы мен жалпы орыс халқының болашағы туралы терең ойланды, болашақ даму жолдарын іздестірді.
Лев Николаевич Толстойды (1823-1910) дүние жүзі ұлы жазушы ретінде біледі, бірақ оның философиялық ойлары көпшілікке енді ғана танымал болып келе жатыр. Орыс ойшылының философиясын терең, объективті зерттеу ісі әсіресе соңғы он бес жыл ішінде жақсы деңгейде жүргізілуде. Бұл пікіріміздің дәлелі ретінде жазушының философиялық шығармаларының бөлек жинақ болып жарық көруін (Л.Н.Толстой. Избранные философские произведения. М.,1988), бұрын жарияланбаған философиялық ой-толғаныстарының үлкен еңбек болып басылып шығуын (Л.Толстой. Путь жизни. М., 1993) және оның философиялық көзқарастарының көптеген ғылыми зерттеулердің арқауы болып отырғандығын айтуға болады.
Жазушы философиясының басты мәселелері қандай болды десек, өзінің-шығармаларында Л.Толстой адамның руханилығы мен адамгершілігі мәселелерін талдады және бұл тақырыпты өзін қатты мазалаған, өмірінің соңына дейін санасы мен жанына тыныштық бермеген экзистенциалдық-мәселе – адам өмірінің мәні контекстінде қарастырады. Жарық дүниеге адам не үшін келеді? Өмірдің мәні бар ма? Бар болса, неде?Жоқ болса, неге? Өмірдің мәні жоқ болса, өмір сүріп керегі не? Толстой өзіне, өзі арқылы бүкіл саналы адамзатқа бағыттаған сауалдар тізбегі осылайша жалғасып кете береді және олар жазушының бүкіл көркем және философиялық шығармаларының желісі болды. Осы мәселелер тереңірек тексерілетін еңбектердің бірі – «Исповедь» («Жан сыры» немесе «Тәубе», еңбек қазақ тіліне әзірге толық аударыла қойған жоқ). Бұл еңбектің ортаға-сырлық ойшыл Августин Аврелийдің «Исповедь Блаженного Августина, епископа Гиппонского» еңбегінің ізімен жазылғаны күмән тудырмайды.
Өз өмірінің негізгі кезеңдеріне шолу жасай отырып, өмірінің мәні туралы сұраққа жауап іздеуге тырысқан Л.Толстой өз жанының күйзелісі арқылы бізге осы мәселенің бүкіл трагедиялық сипатын жеткізеді. Адам зат
тарихынан өшпес орын алған тұлға, керемет классикалық дүниелердің авторы ретінде өзін әлемге танытқан ұлы жазушы «Не үшін өмір сүрдім?» деп қиналады, сұрағына жауап таба алмай аласұрады, ғылыми-филосо-фиялық тілмен айтсақ, гиперрефлексияға ұшырайды. Өзінің бұл жағдай-
ын жазушы оте дәл суреттейді: «…сұрақтарға жауап бере алмай, қор болдым. Өмірім тоқтады. Мен дем ала алмадым, тамақ іше де, ұйықтай да алмадым. Өмір мені тойдырды – одан құтылғым келді. Өзімді елтіргім келді деп айта алмаймын, бірақ мен өмірден қаштым».
Жазушыны таңдандырған бір нәрсе – осы мазасыз өмірмәндік қина-лыстын оның бақытты өмір сүруіне қажетті нәрсенің бәрі жеткілікті кезенде
- сүйікті әйелі, тамаша балалары, бай имениесі бар, ортасына сыйлы, рухани күшті, дені сау. әлі 50 жасқа да,толмаған кезенде мазалауы, философиялық тұрғыдан талдасақ, Толстойдың осындай мазасыз, қазақша айтсақ, жанын қоярға жер таба алмай қиналуы заңды құбылыс. Гиперрефлексия ой еңбегімен айналысушы адамдарға көбірек тән, сондықтан да Толстой секілді ғұламаның жан күйзелісі түсінікті. Бұл жазушынын рухани дүниесінің терендігін көрсететін өзін-өзі танып-білу қызметінің ерекшелігіңің дәлелі. Мұндай адам өмірінің мәні мәселесінің тұңғиығына бойлаған сайын өзіне кеңілі толмаушылық пен мазасыздық күшейе түседі, шым-шытырық ойлар мен түсініктер әлемінде шарқ ұрған жан тығырыққа тіреліп, өмірдің шекаралық жағдайына душар болады. Ол адам үшін қауіпті, себебі тұлға қалыптасқан құндылықтар бағытынан адаса бастайды, күнделікті практикалық қызметке деген қабілеті төмендейді. Осы кезде адамға даналыққа. парасатқа негізделген философия ғылымының кемегі қажет. Әрине, философия өмірдің моні мәселесін түбегейлі шешіп береді деуге болмайды, бірақ философия құбылысты түсінуге, оған белгілі бір көзқарас қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген жаңа талпыныс, күш береді.
Л.Толстой да езін мазалаған мәселелерге жауап іздеу үшін философияға жүгінеді, Сократ, Шопенгауэр, Соломон сияқты ойшылдардың өмір туралы ойларын қорытады. Бұл мәселе олардың да тынышын кетірген «мәңгілік» сұрақ екендігіне кез жеткізіп, бірте-бірте осы тығырықтан шығу жолдары туралы салмақты кезқарас қалыптастыра бастайды. Өзін қоршаған адамдардың өмір сүру салтын, өмірдегі мақсаттарын және ақыл-ой деңгейін асықпай бақылаған жазушы оларды өмірдің мәні туралы ойлану қабілетіне қарай торт топқа беледі:
1) Ештеңе білмеу жолы – өмірдің зұлымдыққа толы және мәнсіз екендігін білмей де, түсінбей де өмір кешетіндер. Осылайша жайбарақат, Қаннен-қаперсіз өмір сүретіндердің қатарында, Л.Толстойдың ойынша, өте топас, өте жас адамдар және әйелдердің көпшілігі.
103
2) Эпикур жолы – өмірдің үмітсіздігін, өтпелілігін түсініп, бар нәрсенің пайдасын, қызығын көріп қалуға тырысу.
3) Күш пен энергия жолы – өмірдің мәні жоқтығына, сондықтан оны жою керектігіне көзі жетіп, өзін-өзі өлтірушілер. Жазушы бұл топты ерекше бөліп атап, өзін өлімге қиюдың оңай еместігін, оған үлкен жігер мол қуат иелері ғана бара алатындығын ескертеді.
4) Әлсіздік жолы – өмірдің мәні жоқ екендігін біле тұра, өмір ағыны на еріп өмір сүру.
Жазушы жүргізген бұл философиялық сараптауда үлкен мән бар деп ойлаймыз. Оның кейбір пікірлерімен келіспеуге де болады, бірақ бұл жікте- удің өмірмәндік мәселені шешуге ұмтылған қазіргі заманғы адамға ой тас- тары анық.
Л.Толстойдың өзі өмірмәндік мәселені сенім категориясы арқылы ше- шеді: «Менің ойымша, өмірдің мәні – сенім. Сенім адамға күш береді». Сенім категориясын қалыптасқан пікір бойынша діни сеніммен шектеуге болмайды. Толстой өз шығармаларында сенім категориясының бай мазмұнын көрсетеді, өмірмәндік мәселені дін, руханилық, адамгершілік мәселелерімен байланысты қарастырады. Жазушы туындыларының негізгі желісі де осы, яғни Л.Толстой үшін өмірдің мәні сенімде. Адам сенімсіз өмір сүре алмайды. Тек сенім арқылы адам өзінің кім екенін және жарық дүниеде не үшін өмір сүретінінн біле алады. Сенімі күшті адамның өмірі де мықты болады. Біріншіден, бұл діни сенім: оның пікірінше, құдайдың жарығы адам жанында жанбағанша, адам әлсіз, бақытсыз жануар. Жарық жанғанда ғана адам дүниедегі ең күшті мақұлыққа айнала ды. Бірақ Толстой адам өмірін тек құдайға сеніммен шектеп қана қоймайды. Жануарларға құдай қажет нәрсенің бәрін бере салған, ал ада көп нәрсеге өз еңбегімен жетуі тиіс деп есептеген ойшыл адамды талпынбай еңбектенуге шақырады және адамгершілік қасиеттерін күшейтуге бағытталған еңбекті жоғары бағалайды. Яғни, адам ең әуелі өзіне сенгені дұрыс, себебі бұл сенім өз бастауын ізгіліктен алады. Сенімнің тағ бір түрі – махаббатқа деген сенім: «Адам өмірінің барлық қайшылықтарын шеше алатын сезім – махаббат, оны адамдардың бәрі біледі». Махаббатты ол абсолюттік дәрежеге дейін көтереді: «…адам жанының ең басты қасиеті – сүю, басқа адамдардың бәріне бірдей жақсы болу үші сүю. Осындай махаббат – адам өмірінің мәні».
Бұл көзқарас адамдарды жақсы көру, олардың арман-мақсаттарын түсіне білу, өмірлерінің бақытты болып, армандарына жетуіне іспен, не болмаса сөзбен кемектесуді адам өмірінің мәні ретінде түсінген ежелгі Конфуций мен қазіргі заманғы Камюдің ойларымен үндес, бірақ Л.Толстойдың пікірі тереңдеу. Әрине, әрбір адам әуелі өз өмірінің жақсы болғанын қалайды. Адамның биологиялық табиғатынан туындайтын бұл құбылысқа Толстой түсінушілікпен қарайды, бірақ өзінің ғана өмірінің жақсы болуына ұмтылған адамның өмірін зұлымдыққа толы мәнсіз бір нәрсе, нағыз өмір мұндай болуы тиіс емес деп есептейді. Өмірдің мәнінің басқа жолын көрсететін адамның санасы, ақыл-ойы, парасаты екендігін де жазушы дәл атап көрсетеді. Адам санасы оған жеке бастың ғана жақсылығы жалған екендігін көрсетіп, бір ғана жол қалдырады, ол – махаббат. Толстой адам қоғамынын өзі адамдардың бірін-бірі сүюіне, сыйлауына негізделуі тиіс екендігін дәлелдеп, махаббат күшін зұлымдыққа қарсы қоюға шақырады. Осы пікірден мейірімділікке деген сенім туындайды. Мейірімділікті ұлы ойшыл адамның адамшылығын көрсететін бірден-бір қасиеті ретінде түсінеді, басқаға мейірімсіздік көрсеткен жанды бұл өмірдегі басты міндетін атқармаған деп есептейді.
Л.Толстой адам өмірінің мәнін руханилықпен тығыз байланысты түсінеді,
көп адамдардың бойында табиғат берген руханилықтың «жануарлық өмір» сатысында қалып қойғандығына өкініш білдіреді.

26. Жаһандану мәселелері. "Римдік клубтың" философиялық ізденістері.

         ХХ ғ. 70ж бір тұтас ф/ның білім шеңберінде жаһанды мәселелер ф/сы деген бағыт пайда болды. Бұл бағыт алдында әр түрлі мәселелер талқылауына қармастан, ең өзекті тақырып адам болып қала берді.

         Жаһандану мәселелер адамзат тарихында түрлі кезеңдерге кенеттен пайда болып отырған. Олардың ішінде соғыс пен бейбітшілік, денсаулық сияқты мәселелер сонау заманнан бері актуалды болып келетін сұрақтар болып табылады.

         Батыс философияда жаһандану философиясының қатарына мына тұлғаларды айтуға болады. К.Лоренц, П.Сорокин, Д.Белл.

         «Рим клубы» ХХғ жаһандану мәселелердің алдын алып, шешу үшін бағдарлама ұсынды.

         - жер бетінің адам санының азаюы

         - қалпына келтірілмейтін ресурстарды пайдалануды тоқтату.

         - қоршаған ортаның ластайтын заттарды пайдаланбау.

         - теңсіздіктердің деңгейін түсіру

         - аштық пен кедейлік мәселерін шешу.

27. "Болмыс" философиясының категория ретінде, оның мәні немесе ерекшелігі. Болмыстың негізгі формалары.

Болмыс (бытие) категориясы философиялық категориялардың арасын-дағы ең бастысы. Бұл ұғымға анықтама берсек, болмыс – бар болып отыр-ғанның (сущее). өмір сүріп отырғанның барлығын қамтитын және олардың ең маңызды қасиетін – бар болу нақты өмір сүруді білдіретін категория.
Оған мағынасы жағынан жақын ұғымдар ретінде «космос», «дүние», «табиғат» ұғымдарын атауға болады, бірақ «болмыс» категориясы кең және ауқымды, мазмұны жағынан терең. Болмысқа қарсы категория – «болмыс емес» (небытие) немесе «болмау» (кейбір ғалымдар қазақтіліндегі фило-софиялық әдебиетте «биболмыс» ұғымын да қолданып жүр).
Болмысты жалпы түрде реалды және идеалды деп бөлуге болады. Ре-алды болмысты өмір сүру, бар болу деп, ал идеалды болмысты мән атайды. Реалды болмыс кеңістіктік-уақыттық сипатқа ие, қайталанбайтын, индивидуалды заттардың, процестердің, әрекеттердің, адамдардың нақты өмір сүруі. Идеалды болмыс мәңгі, уақытқа тәуелсіз, өзгермейді. Құнды-лықтар, идеялар, ұғымдар осындай сипатқа ие. Кейбір философтар идеалды болмысты ақиқат болмыс деп таниды.
Болмыстың осылайша жалпы бөлінуін одан әрі жіктесек, оның мынадай түрлерін атауға болады: тірі және өлі табигаттың заттары, қасиеттері және қатынастары болмысы; адам бол.мысы; әлеуметтік болрухани болмыс; материалдық заттар мен олардың тусінік, ұғым, теория түрінде бейнеленетін идеалдық образдары болмысы.
Тірі және өлі табигаттың заттары, қасиеттері және қатынастары болмысын қоршаған орта деген ұғым арқылы бейнелеуге болады, қоршаған орта бірінші және екінші табиғат деп бөлінеді. Бірінші табиғатты құрайтын адамнан бұрын пайда болған, оған дейін өмір сүрген. Онын санасынан тәуелсіз табиғат заттары, процестері және күйлері. Табиғат кеңістік пен уақытта шексіз, табиғат болмысы өзгермелі, объективті, реалды. Онсыз адам өмірі мүмкін емес, бірақ табиғатқа белгілі бір дәрежеде мән беретін, оны қабылдайтын -адам.
Екінші табиғат – адам бірінші табиғат материалдарын өз еңбегі мен білімінің көмегімен өңдеуінің нәтижесінде жасаған заттар дүниесі, ол
табиғи материал мен нақты индивидтердің рухани қызметінің және бұл заттардың әлеуметтік қызметтері мен міндеттерінің ажырамас бірлігі. Бірінші табиғат пен екінші табиғат бір-бірімен тығыз байланысты, сонымен қатар, өзіндік ерекшеліктерге ие. Екінші табиғат көптүрлі, ол әлеуметтік-тарихи болмыс, адам болмысына жақындау, бірақ ол адамнан салыстырмалы түрде тәуелсіз.
Адам табиғаттың бөлшегі, сондықтан адам денесінің болмысына да болмау, пайда болу, қалыптасу, күйреу және басқа күйге көшу тән. Бұл фактор адамды өз денесін күтуге мәжбүр етеді, онсыз адам болмысы мүмкін емес. Жеке адамның болмысы тек физикалық денемен шектелмейді, ол оның рухани болмысын, ішкі жан дүниесін де қамтиды. Тәнін ғана емес, көне гректерадам болмысының басты керсеткіші ретінде қарастырған жанын
күту, оны жетілдіру де адам үшін басты міндеттердің бірі. Адам болмысы әлеуметтік болмыс арқылы мәнді.
Болмыстың түрлері саналуан болғанымен, олар бір-бірімен тығыз бай-ланысты және бірлікте. Бұл тұжырымды соңғы кезде қарқынды дамып огырған синергетика (sупеrqеіа – ынтымақтастық, бірлесе әрекет ету) гылымы немесе ашық жұйелердің өзін-өзі ұйымдастыруы теориясы жақсы дәлелдеп отыр.
Болмысты жан-жақты түрде философияның саласы онтология зерттейді.
Болмыс, оны құрайтын заттар, құбылыстар, процестер сантүрлі бол-ғанымен, осьшың бәрін біріктіретін бір бастау болуы мүмкін деген
мәселе философтарды ерте заманнан-ақ ойландырды және бұл мәселе бойынша пайымдаушыларды плюрализм, дуатлизм, монизм ілімдерінің өкілдері ретінде бөлуге болады. Дүниенің өзгермейтін, жойылмайтын бір бастауын, негізін оейнелейтін философиялық категория субстанция деп аталады.

29. Қозғалыс материяның айырылмас қасиеті. Кеңісті немесе уақыт.

              Ең жалпылама мағынада алғанда, қозғалыс дегеніміз кез келген өзгеріс. Қозғалыс материяның жалпыға ортақ атрибуты, оның өмір сүру тәсілі. Дүниеде қозғалыссыз материяның болмайтыны сияқты, материясыз да қозғалыстың болуы мүмкін емес. 

         Қозғалыстың негізгі формаларының классификациясын жасауға Ф.Энгельстің сіңірген еңбегі зор. Өзінің «Табиғат диалектикасы» деген шығармасында Ф.Энгельс қозғалыстың физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік формаларын бөліп көрсетіп, олардың махмқнына талдау жасады.

         Кеңістік қозғаушы материяның обьективтік түрде сүруінің формасы. Кеңістік ұғымы заттардың бір бірімен қатар және бөлек өмір сүруін, олардың тұрқын, олардың бір біріне қатысты алғандағы орналасу тәртібін білдіреді.

         Уақыт қозғаушы материаның обьективті түрде өмір сүруінің формасы. Ол материалдық процестер өрісінің жүйелілігін, бұл процестердің түрлі сатысының бір бірімен бөлек екенін, олардың ұзақтығын, олардың дамуын сипаттайды.

31. Таным туралы жалпы ұғым философия тарихындағы таным мәселесі.  Таным бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз білім алу үшін шығармашылық ізденіс. Таным адамның практикалық іс әрекеттің рухани жағы болып табылады. Ол еңбек құралдары табиғат жүйесінің аясында іске асады, өйткені, адам еңбек құралдарының көмегімен заттардың мәнін жауып көлеңкелеп тұратын сыртқы қабығын алып тастауға тырысады. Оны ашып әлемнің құпиясына үңіледі. Таным адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттың жоғарғы деңгейі. Таным теориясы туралы термин философияда ғылымына 1854 ж шотланд философы Феррерердің еңбектері арқылы енді. Өйткені танымнан тыс білім де ғылым да болуы мүмкін емес. Философия тарихында таным теориясына ерекше мән беріп оның ерекшеліктерін анықтаған философ Кант.

33. Танымның сезімдік және рационалдық қырларының бipлiri. Танымдардың субъект және объект байланысындағы танымдық процестін диалектикасын қарастырайық. Философия тарихында әрдайым орталық орындардың бipiн философияның құрамдас бөліктері --гносеология немесе таным теориясы аясында шешілетің таным проблемалары алып келеді. Таным теориясы танымдық ic-әрекет заңдары мен заңдылықтарын зерттейді. Әлемді тану мүмкіндіктері және оның заңдары туралы мәселені философилық шешу тарихи өзгеріп отырды, онда әрбір тарихи дәуірде жекелеген ғылымдар жинақтаған дүние туралы білім деңгейі көрінді. Философиялық білім араларында таным npoцeci мазмұны анықталатын танымның субъект және объектісін қарыстырады. Танынның объектісі болып шындықтын өзi немесе оның субъектіден тәуелсіз тіршілік ететін үзіндісі болып табылады. Объект - қай затқа бағытталған әрекет. Объект - субъект белсенділігі сіңірілетін өpic. Таным субъекттісі болып өз тарихи дамуындағы адам және адамзат болып табылады. Субъект өзін объектімен байланыстырып, материалдық, мақсатқа лайықты әрекетті тасушы ретінде көрінеді. Субъект — мақсатты болжап, шындықтың өзгеруін жүзеге асыратын белсенді де, дербес тіршілік иесі. Алайда объективті шындық та субъектінің өзімен белсенді танымдық қатынасқа таным түсетіндіктен таным объектісі болады. Осынау ортақ бастау ережелер өздерін ерекше түрде табиғи және әлеуметтік процестерін тану жағдайында көрсетеді. Қоғамның өзі таным субъектісі болады нeмece оны қалыптастырады және ол субъект ретінде өз бойына белгілі әлеуметтік құрылымдарға, олардың құндылыктары мен мүдделеріне деген субъект мазмұнының элементтерін сіңіредi. Сондықтан әлеуметтік танымда субъект объектіге айрықша қызығушылықпен, тіпті құштарлықпен қарайды, «Объектіні зерттеу оңашаландырылған акт eмec; ол сипатына құндылықтар мен ұжымдық-бейсаналық жігерлі импульстер әсер ететін белгілі көнтексте жүреді». (Манхейм К. Диагноз нашего времени. М., 1994. С. 10). Таным дегеніміз ойдың о6ъектіге мәңгі, шексіз жақындауы. Танымда сезімдік және рационалдық танымның деңгейлері болады. Сезімдік таным үш нeriзri формада жүзеге асырады түйсік, қабылдау, елестету. Сезімдік таным адамның сыртқы дүниемен тікелей араласумен байланысты. Түйсіктер – қарапайым сезімдік бейнелер, жекелеген материалдық заттар мен құбылыстардың (түс, иіс, дыбыс т.б.) сапалардың, қасиеттердің санадағы көрністерi. Түйсік негізінде сезімдік танымның неғұрлым күрделі және неғұрлым биік түpi – қабылдау пайда болады. Ол қасиеттер жиынтығын қамтып, заттың тұтас бейнесін береді. Қабылдаудың тууына тек түйсік қана қатысып қоймайды, сонымен қатар жады, ой, өткен тәжірибе де қатысады. Адам санасының қабілеті жадыда сезімдік бейнелерді сақтап, қайта шығарып, үшінші сезімдік түpi – елестетуді туғызады. Адам қабылдаулары мен елестернің қоймасы жады деп аталады. Түйсік, қабылдау, елестету объективтік әлемнің субъективті образдары болып табылады. Олар мазмұны жағынан объективті, түрі жағынан субъективті, сезімдік таным танымның бiрінші және қажетті сатысы болып табылады, бірақ ол заттардың құбылыстардың ішкі мәнің түсінуге мүмкіндік бермейді. Ол міндетті жоғарғы түрі абстрактылы ойлау болып табылатын танымның келесі рационалды түріне көтеріліп барып шешуге болады. Дамыту npoцeci үш түрлі негізгі формалар арқылы өтетін ойлау мазмұны құрады: ұғым, пiкip, ой түйіндеу. Ұғым --нақты заттар мен құбылыстардың неғұрлым жалпы,мәнді және қажетті қасиеттері, белгілері көрінетін ойлаудың түpi. Пікір – түсінік байланыс арқылы заттың өзге бұйымдармен қатысына қарай олардың қайсыбір белгілері, қасиеттері бар немесе жоқтығы белгіленетін ойдың көрсетілу түрі. Неғұрлым терең және нақты білім алу міндетін біз пікірмен байланысқан ой түйіндеуге келу арқылы шешеміз. Ой түю тікелей бақылауға берілмей шындық саласына енетін жанама білімге жатады. Танымның сезімдік және рационалды жақтарының бipлiri - құбылыс түciнiгiнен мәң түciнriнe өтy npoцeci. Танымның бір кезенінен екінші кезеніне өтуді (әдеттегі де, ғылыми да танымда) сезімдік және рационалды білім арасындағы, одан сана мен тәжірибе арасындағы қайшылықтарды шешу арқылы сапалық секіруге ұқсатуға болады.Дүниеде бәрі қатынастылы дейтін қағида релятивизм деп аталады. Ақиқат теориясы. Ғылыми таным. Эмпириялық және теориялық зерттеудің әдістері.Ақиқат құнды қасиет ретінде біздің біліміміздің мазмұнындағы субъектіден де, адамнан да, адамзаттан да тәуелсіз түciнiктep арқылы сипатталады. Ақиқат ойымыздың, біздің дүние туралы біліміміздің сол дүниеге, объективті шындыққа сәйкестігі ретінде анықталады. Ақиқатты тануда, процесс ретінде және адамзаттын ақиқатты толық Taнуғa ұмтылуы арасында қайшылық бар. Ол қайшылық екі түрлі: 1) көрінетін дүниенің өзi қайшылықты: шексіз, өзгермелі және сонымен бірге аяқталған, тұрақты заттардан тұрады; 2) ойлау қабілеті қайшылықты: ол өзінің танымдық қабілеті жағынан шексіз және сонымен бірге ол танымдық мүмкіндіктері тарихи шектеулі жекелеген адамдар, ұрпақтар арқылы жасалады. Танымның бұл қарама-қайшылығын абсолюттi және салыстьрмалы ақиқат түсінігі көрсетеді – бұлар диалектикалық бірлікте болатын ақиқат түciнiгiнiң түрлі қырлары. Ақиқат әрбір тарихи кезеңде объектіні тек өзгеріп отыратын белгілі деңгейде, жағдайда, қатынастарда көрсететіндіктен салыстырмалы. Бұл тұрғыда ол толық eмec, мөлшерлі, объектінің барлық мазмұны қамтымайды, алайда онда әрдайым шындықтың, демек абсолютті білімнің элементтері болады. «0бъективтік» термині субъект санасынан тәуелсіздікті білдіреді. Бірақ сонымен бірге ақиқат көрсетілу түрі жағынан субъективті. Оның ғылым өрiсiнде дайындалуы сол теорияны қалыптастыратын адамдардың ерекшеліктеріне байланысты болады. Танымда абсолютті ақиқатқа жету мүмкіндігі туралы мәселе қойылады. Абсолютті ақиқатқа қол жетпейді, өйткені әлем шексіз және түпсіз. Абсолютті ақиқат ұстатпайды, ол қу даладаіы сағым секілді алға қарай арбап отырады. Ақиқаттың нақтылығы туралы сипаттамаға да әрбір жағдайды тұрақты түрде өзгеріп отыратын шарттармен сәйкестігі тұрғысынан қарап отыру талабынан сол көpiнicпeн байланыстыруға болады. Біздің бі лімдеріміздің объективтілігін, олардың адамнан және адамзаттан тәуелсіздігін дәлелдеу практикада жатқаның көрсету керек. Солайша, тeкcepy белгілері адам ойынан тыс, практикада жатады. Тәжірибе әрдайым тарихи жағынан нақты, идеяларды құралдарда материалдандыруы шектеулі, сондықтан оларды тексеру критерийлері ретінде салыстырмалы келеді. Таным мен практиканың өзара әсерлілігі де тарихи құбылмалы.

36) Қоғам.Қоғам туралы негізгі концепиялар.

 Қоғам,адам және қоғамдық қатынастар туралы ой-пікірлер,идеялар мен ұғымдар алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде-ақ қалыптаса бастаған.Қоғам дегеніміз-адамдардың алуан түрлі саналы іс-қимылы мен қызметінің негізінде қалыптасқан тарихи қауымдастығы.

Ашық қоғам концепциясы-мемлекеттің ішкі саяси,экономикалық,әлеуметтік және мәдени жүйелердің денгейін білдіретін ұғым.

Постиндустриялды қоғам концепциясы-алғаш рет американ әлеуметтанушысы Д.Беллдің 1973 ж жарық көрген “Келе жаткан постиндустриялды қоғам”атты еңбегінде қолданылады.Белл мұндай қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсеткен еді:Қызмет көрсету экономикасын құру,ғылыми техникалық қабат мамандарының беделге ие болуы,жаналықтар мен қоғамдағы саяси шешімдерінің құрастыру.т.б

37) Ғылыми техникалық революция.Оның мәні және негізгі ерекшкліктері.

Біздің заманымызда ғылыми-техникалық революция жүріп жатыр.Оның басталған кезеңі-XX ғасырдың ортасы.Ғылыми-техникалық революция қысқы мерзімде табиғаттың көптеген сырларын ашып,солардың іс жүзінде қолдалынуына жағдай туғызды.Ол ғылымдардың ішінде айырықша атауға тұрарлық сала-қатыстылық теориясы,квантты механика,ядролық физика,полимерлер химиясы,кибернетика,молекулярлық биология және т.б.Ғылым-адамның табиғат,қоғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани қызметтің негізгі формасы.

38) Мәдениеттің философиялық түсінігі және «мәдениет» философиясы.

 Мәдениет-философиялық ой-толғамның аса маңызды,терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі.Мәдениет ұғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі пайдаланылады.Мәдениет-адам әрекетінің,саналы қызметінің көрінісі.Мәдениет негізгі еңбек.Еңбек неғұрлым күрделі болған сайын,мәдениетте жаңа сипат алып отырады.Мәдениет адамсыз жасалмайды.Адам дамуы мәдениетке байланысты.Тек осы өзара тәуелділікті анықтай алғанда ғана мәдениеттің адамзат тарихында,адам өмірінде алатын орнын түсінуге болады.М/ы 1823ж гректердің Милос аралы жағалауындағы теңізден табылған Венера (Афродита)аталған,бойы 207 см келетін әйел мүсіні-әйел сұлулығының үлгісі аталады.Мәдениеттің филиософиялық сипаттамасын оның құрылымы арқылы көруге болады.Ресми әдебиетте<саяси мәдениет>,<тәрбие мәдениеті>,<ұлтаралық қатынас мәдениеті>,<адамгершілік мәд>,<тәрбие мәд> деген көптеген мәдениетке катысты соз тыркестеры кездеседы.

40) Қоғамның табиғи негіздері. (Геоорта,Биосфера,Ноосфера)

Георта рухани өмірдің дамуына әсер етеді.Георта қоғамның әлеуметтік психологиясына,көңіл-күйіне,менталинтетіне әсер етеді.

Биосфера-жер бетінінің тіршілік тараған аймағы.Бұл ұғымды философияға енгізген ғалым ЛАМАРК.Адамзат пайда болуымен бірге биосфера өзінің келесі қабаты ноосферага өтеді.НООС –ақыл.

Ноосфера адамның ақыл ойының өрісі,ойланып істеген әрекетінің көрінісі.

 

 

 

 










































Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: