double arrow

Бейведалык, бейортодоксалды

1

Ведалык ортодоксалды

мектептер: . 1. Веданта (б.д.д. ГУ-П г.)-Вьяса. Бадараяна

2. Вайшешика (б.д.д.У1-У г.)-Кананда

3. Миманса (бд.д. VI г.)-Джаймини

4. Санкхья (б.д.д.У1 г.)-Каотша

5. Ньяя (бд.д. III г.)-Готам

6 .Йога (б.д.д П г.)-Патанджали

Бейведалык, бейортодоксалды

мектептер: 1. Жайнизм (б.д.д. VI г.)-Махавира

2. Буддизм (б.д.д. \Ш-У1 г.)-Будда

3. Чарвака-локаята — Брихаспати

4. Адживика - Макхали Госали

Олар ортодоксалды және бейортодоксалды болып бөлінеді. Оларға ортақ сипаттар:

1. Қоршаган орта мен адамды тыгыз байланыса карастыру;

2.Ежелі Унді философиясы – адамның еш дуниесіне бағытталган. ойжорушылық

сипатта;

3. аскетпк сипатга: езшдш анализ, ойга шому, әрекетаздш

4.Ежелі Унді философиясы абстрактылы сипатта — негізінен. алғашқы бастама -

«Абсолют» мәселелерімен айналысады. «Адам рухына уайым жүргізетін куш не?» деген суракка жауап іздейді:

5. кайта +уу, онын лзбеп. вм>р мен ел1мшн шексЬ ауысу шенбер! жайындагы шмдер;

6. карма туралы ілім

Веданта –ортғасырларда қалыптасты.Ведантаның алғышарттары ғана болғаны туралы айтуға болады.

Миманса (дәлме-дәл: ≪ойлау≫, ≪зерттеу≫, ≪талкылау≫) - мәселені ойлау, талқылау және сындарлы зерттеу арқылы шешу дегенді

Негізгі еңбектері: Джаймини. ≪Миманса-сутра≫ немесе ≪Джаймини-сутра≫ (б.дд 200жыл)

≪Ньяя≫ термині ≪ереже≫, ≪аналитикалык зерттеу≫, ≪логика≫, ≪ойлау≫ деген магына береда. Ньяя философиясынын орталык мәселесі-таным теориясы мен логика сурактары болып табылады. Ньяя логикасы Үнді философиясының ≪логикалык корытынды – танымның сеізмді кезЬ> деп мойындайтын барлык жуйелерінде кабылданып. колданылады. Ньяя онтологиясы вайшешика мектебіне онтологиясына ұксас. Ньяя философиялык шамамен неггізін калаушы-шамамен б.д 1-гасырында өмір сурген дана-Готам (Гаутама) болып табылады.

≪Вайшешика≫ атауы ≪вишеша≫-≪айырмашылык≫, ≪ерекшелік≫ сөзінен шыккан.Мектептің бұлай аталуына өз жүйесінде ≪айырмашылык≫ ұғымына айырыкша мән беретіндігі себеп болды. Вайшешика ілімі ньяя философнясына жакын, әсіресе олардағы таным теориялары уксас. Бул екі жүйедегі басты максат-индивидуалды ≪Менді≫ азат етуболып табылады.




Негізін калаушысы - шамамен б.д.д 4-гасырда өмір сурген Улука есімді дана (лакап атыКананда).Негізгі еңбектері Канада. ≪Вайшешика-сутра≫ және осы енбекке берілетін турлі Түсініктемелер.

Санкхьятермині ≪сан≫, ≪санау≫, ≪есеп≫ магынасын береді. Санкхья философиясы болмыстьң негізгі элементтерін олардың пайда болу, калыптасу реттіне карай: алгашкы түпнегізден – көптүрлі дүниенің санының ұлғаюына карай жүйелеп, зерттелінеді. Негізін калаушысы • б.д.д VII гасырда өмір сурген Капила деп саналады.Негізгі еңбектері: ≪Санкхья-сутра≫ және ≪Санкхья-правачана-сутра≫. Капиланыц бул еңбектері және оның шәкірттерінің колжазбалары бізге жеткен жок Санкхья дә стурі

Йога– бірігу қатысу деген мағына. Ерекше рухани күйге жетуге арналған арнайы тәсілдердің жүйесі болуында.

4. Ежелгі қытай философияның мектептері

1. Инь ян цзя (натур философиялык мектептер) – табиғат философиясы табиғаттағы Инь-ян көріністері және олардың өзара әрекеттесуі

2. Кун фу цзя (кофуциандык)

3. Дао-де-цзя (даоцзы) Лао-Цзы – дао мен дэнің мәні, табиғаттағы және олардың табиғат пен қоғамдағы көріністері



4. Мо-цзя (моизм) – саяси әлеуметтік проблематика

5. Мин цзя (логиктер мектеб): Хуэй Ши,Гунсунь-Лун) – семантика мәселелері: есімдер және есім арқылы берілген құбылыстар, объектілер арасындағы байланыс

6 . Фа-цзя (легизм немесе зацгерлер мектеб|) (Шан Ян,Хань Фэй-цзы, Ли Сы) – қоғам өмірін басқарған заңдап және адамдарды басқару тәсілдері

Негізгі емес мектептер:

1. Цза цзя (эклектиктер мектебі

2. Цзу хэн цзя (дипломаттар мектебі

3. Нун цзя (аграрлык мектеп)

4. Сяо шо цзя (эдебиетшшер мектебі

 

5. Антика философиясы. Ежелгі грек философиясының космоцентрикалық сипаты. Диалектиканың пайда болуы және қалыптасуы.

Антика философиясы деп бүгінгі Грецияның территориясында, кіші Азия, қазіргі теңіз жағалауы, Рим империясында дүниеге келген философиялық мектептер мен бағыттарды айтады. Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды. Ежелп Грек (антика) философиясы ез дамуында 4 негізгі кезеңнен өтті:

1. демократиялык (Сократка дейінгі) - б.д.д. VII-V ғ

2. классикалык (Сократтык) — б.д.д. У-1У ғ. соңы;

3. эллинидік — б.д.д. IV г. соцынан - б.д.д. II ғ.

4. римдік — б.д.д. 1-6.д. V ғ

Негізгі ерекшеліктері: құдайлар тіршілігі мойындалады. Полистердің экономикалық кеңеюі – антикалық философияның көркеюінің материалды негізі болды.адамның табиғат бөлшегі ретінде қабылдануы, қоршаған дүниеден бөлінбеуі.

Космологиясы: 1. бастапқыда дүние барлығы бірдей мөлшерде араласқан 4 стихиядан құрылған шар формалы: бұл – махаббаттың салтанат құрып, араздықтың дүниеден тысқары ығыстырылған уақыты. 2. Шарға енген араздық әрекеті әлементтерді бөліп, біріктіре бастайды. Бұл араздық пен махаббаттың тұрақты емес тепе-теңдік күйі. Бұл прогрестердің жалпы бағыты: бірлік пен көптікке қарай. 3. Араздық жеңіп, әрекетті элементтер толық бөлініп, біртектілер бірігеді. 4. Қайта оралған махаббат әрекеттерді біріктіріп, элементтерді бөледі. Араздық пен махаббат тұрақты емес тепе-теңдік күйінде. Бұл процестердің жалпы бағыттары: көптіктен – бірлікке, зұлымдықтан – ізгілікке. 4-кезеңнен соң 1-кезең қайта басталып, бәрі қайтадан шексіз түрде жалғаса береді. Диалектика– болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Ол бүкіл дүниеге тән байланыстар мен дамудың жалпылама, әмбебап заңдылықтарын зерттейді. Сонымен бірге диалектика адамды және оның қоршаған ортаның біртұтастығын әрі өзгермелігін басшылыққа алатын ойлау тәсілі де болып табылады. Көне грек философияда диалектиканы алғашқы стихиялық формасы дүниеге келіп, қалыптасты. Қозғалыстың түп табиғатын аңғаруға ұмтылу Элит мектебінің өкілдерінен ақ байқалған болатын. Сократ қарама-қарсы пікірлерді қалыптастыра отырып, ақиқатқа жетуді , яғни айта білуді дәйекті сөз жүйесімен құрылысты жеңуді диалектика деп ұсынды.

6. Софистер және олардың негізгі идеялары. Сократ.

Софистер (гр sophists – өнерпаз, дана) – «даналықтың» «шешендіктің» кәсіби ұстаздары ретінде саналған ежелгі грек философтардың осылай аталған. Олардың халықты риторикаға, философияға үйретудегі атұарған еңбегі зор. Діннен бас тарту, табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық ж/е әлеуметтік релятивизм олардың ортақ көзқарасы б.т. Софистер 2 топқа бөлінеді: «Аға софистер» - табиғатты материалистік тұрғыдан түсіндіреді. Бұл топтың өкілдері: Протагор, Гиппий, Продик, Антифандар – алғашқы ағартушылар. 2 тобы «Кіші софистер» (аұсүйектер тобы) – Гипподам, Критий – философиялық идеализмге ден қойғандар. Софистер дау-дау кезінлегі кейіпке байланысты п.б. «Софистка» деген әлһдісті қолданды. Софистка – дауласу немесе дәлелдеу кезінде қиынсыз пікірлерді, софизмдерді, яғни, сырттай ғана дұрыс болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану. Сондықтан Аристотель оларды «жалған даналық» ұстаздары деа атайды.

Сократ (шамамен б.д.д. 469-339 ж.ж.) – ежелгі грек философы, оның ілімі материалистік натурализмнен идеализмге ауысу кезеңін бейнелейді. Афиныда ғұмыр кешіп. одан Платон, Евклид, Антисфен, Аристипп секілді ұлы адамдар дәріс алады. Сократ ілімін тек Платон мен Аристотельдің айтуы бойынша ғана білеміз. сократ әлем құрылымдарын, заттардың физикалық табиғатын танып білу мүмкін емес, біз өзімізді ғана танып білуіміз мүмкін дейді. Танымның мұндай түсінігін Сократ «Өзіңді танып – біл» формуласы түрінде өрнектеді. Білімнің ең жоғары міндеті теорияда емес, тәжірибеде, яғни өмір сүре білетіндігінде. Сократ этикалық ұғымдарды (айбындылық, әділеттілік) анықтаумен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөздеріндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер білместіктен жасалады, ешкімде өз еркімен зұлым болмайды.

Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Сократқа жүгінсек «Менің білетінім ештеңе білмейтіндігім» қағидасының мәні ашыла түспек.

 

7. Аристотельдің философиялық ілімі. Платон идеялары туралы философиялық ілім. Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) – ежелгі грек философы, логика және басқада көптеген ілімдердің негізін қалаған энциклопедист-ғалым. Әлем бойынша бірінші ұстаз атағына ие. Фракңиядағы Стагирда туған, Афиныдағы Платон мектебінде тәрбиеленді. Платонның денесіз форма жөніндегі («идеялар дүниесі» пікірін) теориясын сынаса да «идеялизм мен материализм» арасында екі ұдай күйге түсіп платондық идеяны толықтай жоққа шығара алған жоқ. Аристотельдің айтуы бойынша рух тәннен бөлінбейді, тән өлгенде жанда жоғалады. 335 ж. Афиныда өз мектебін (Ликей деп аталды) ашты. Аристотель философияны үш салада бөліп қарастырды: 1) Теориялық бөлімі – болмыстың кезеңдері, себептері мен түп негізі турасындағы ілім; 2) Практикалық бөлім – адамдардың іс-әрекеті жөнінде ; 3) Поэтикалық бөлім –(творчество) шығармашылық жөнінде. Ал ғылымның зерттейтін объектісі – адамның ақыл-ой өресі жететін дүние.

Аристотель табиғатты «материяның» «формаға», «форманың» «материяға» біртіндеп ауысуы түрінде қарастырды. Алайда материядағы қозғалыс бастамасының баяулығын байқап, түбінде қозғалыстың түп төркіні мен мақсатқа келіп тірелетін форманың белсенділігіне баса назар аударды. Қозғалыс атаулының түп төркіні – «өзі қозғалмайтын, қозғалтуға түрткі болатын» - Құдай деген тұжырым жасады.

Адамның ақыл-парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі – Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» - нағыз кемелденген философ.

 

Платон(б.д.д. 428/427 – 348/347 )- ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, объективті идеализмнің негізін қалаушы, 30-дан астам философиялық диалогтар ретінде жазылған еңбектердің авторы. («Парменид», «Теэтет», «Мемлекет», т.б.) Дүниеге идеалистік көзқарасты қорғаған Платон сол заманның материалистік ілімдеріне қарсы белсенді күресті.

Платон объективті идеализмнің жүйесін жасады. Сезім арқылы қабылданатын «заттар дүниесіне» «идеялар дүниесін» қарама-қарсы қойды. Идеялар объективті түрде табиғат пен қоғамға тәуелсіз өмір сүреді. Нақтылы «заттар дүниесін» Платон көлеңкелер дүниесі деп атады, өйткені заттар дегеніміз идеялардың көшірмелері, көлеңкелері ғана деді. Идеялар дегеніміз заттардың мәңгілік бейнелері, оларды ойша «сезілетін заттар» ғана көреді.

Адамның жаны, рухы тәнге тәуелсіз о дүниеге идеяларда өмір сүреді. Ол материялық емес, мәңгілік нәрсе. Адам бойына уақытша ғана қонақтап, кейін тәннен ажырап, өзінің мәңгілік әлеміне қайта оралады. Платон философиясында «идеялар дүниесі»– «Эйдос» деп аталады.

Сезімдік дүние «идеялар» мен «материяның» туындысы, арасында, екеуінің ортасын,да тұрады. «Идеялар» мәңгілік, аспаннан да биік, олар туылмайды, пайда болмайды, өлмейді, салыстырмалы емес, кеңістік пен уақытқа тәуелді емес. Платон ілімі философияның кейінгі уақытта өркендеп, дамуына көрнекті роль атқарды.

 

8. Эллинистикалық дәуірдің философиясы: «эпикурийліктер, стоиктер, скептиктер».

Стоиктер (гр. stod - портик, үй алдындағы калка) — Эллинизм дәуірінде қалыптасқан, тіл туралы ілім тарихындағы аса ірі философиялық мектептердің бірі. Стоиктер сөз және сөйлеу мен ойлаудын бірлігі жайындағы ілімнің біртұтас жүйесін жасаған. Олардын ілімі жалпы философиялық тұжырымдарга негізделген, олардын пікірінше, сөз туралы ілім (логос) философияның біртұтас әлемдік парасатты күшін білдіреді, ол өмірдің материалдық және рухани жақтарын тұтас алып қарастырады.
Стоиктердін пікірінше, үш зат өзара байланысты: таңбалаушы, таңбаланушы және объект. Таңбалаушы — дыбыс. Үш заттын екеуінін дүниелік, заттық сипаты бар, ал біреуі сөзді, сөйлеуді білдіретіндіктен, заттық емес, онын шындықты білдіруі де, жалған болуы да мүмкін.
Стоиктер еуропалык синтаксис дәстүрінін негізін калаған, "Синтаксис" терминін алғаш рет енгізген. Логос туралы жалпы ілімнің шенберінде олар синтаксисті ең алдымен логика мец риторика тұрғысынан қарастырған.

Эпикуршылдар мектебі – негізін салған Эпикур. Ірі өкіл Лукреций Кар. Мектепті эпикур бақшасы деп те атайды. Ол Эпикур үйінің артында орналасқан бақшамен байланысты. Осы бақшада шәкірттер білім алып, сол жерде өмір сүрген. «Атараксия» ( гр. «ataraxia» –сабырлылық, жан тыныштығы, оған дана адамдар ғана қол жеткізе алады.) күйіне жету үшін бақшадан тысқары шығармаған. Эпикур өмірден өткеннен кейін, мектепті шәкірті Гермарх басқарады. «Өмірдің мәні – бақытты болуда» дейді Эпикур. Өмір сүрудегі ең негізгі мақсаты – жан тыныштығына жету. Эпикуршылдар – жан тыныштығына жетудің, саналы түрде қайғы – қасіреттен арылудың жолын іздестірушілер. Танымның мақсаты- адамды надандық пен жоққа сенушіліктен, құдай мен ажалдан қорқудан арылту, ал мұнсыз бақытты болу мүмкін емес. Эпикурдың ойынша, Құдай адам өміріне араласпайды, сондықтан, ол туралы ойлап, бас қатырудың қажеті жоқ, себебі жоғары жаратушы күшке сену – азаптанудың көзі. Эпикур құдайға сенбегендіктен, Жаратушы күш адамдардың өміріне, іс-әрекеттеріне араласпаса. онда не үшін ржаратты деген ойға келеді. Әлем, адамзат баласын не үшін жаратты деген сұраққа жауап іздеу барысында Дүние – атомнан құралған деп санаған Демокритпен танысады. Эпикур – Демокриттің атомдық көзқарасын жалғастырып, толықтырулар енгізеді. Эпикурдың ойынша бос кеңістікте бірдей шапшаңдықпен қозғалатын атомдардың соқтығысуы мүмкіндігін түсіндіру үшін ол атомның тура бағыттан спонтанды (іштей шартты) «ауытқу» ұғымын көрсетті. Таным теориясы бойынша Эпикур –сенсуалист. Түйсік әрқашан өзінен- өзі ақиқат, өйткені ол объективті нақтылықтан туады; ол қателіктер түйсікті түсіндіруден туады. Түйсіктің пайда болуын Эпикур материалистік тұрғыда былай деп түсіндірді: дененің бойымен өте майда бөлшектердің үздіксіз ағысы жүріп, олар сезім мүшелеріне енеді және заттардың бейнелерін туғызады.

Эллинизм кезеңінің үшінші мектебі – Скептиктер болды. Скептицизм (гр. Skeptikos -сынаушы) – объективті шындықты танып-білудің мүмкіндігіне шүбә келтіретін философиялық концепция. Скептицизмнің соңы – агностицизмге әкелді. Алғашқы скептик Пиррон (б.д.д.360-270 ж.ж.ш.) – ежелгі грек философы, антикалық скептицизмнің негізін қалаушы. Оның айтуынша ешнәрсеге сенімді болмау керек деп үйретті. Ол бақытқа жетудің жолын іздестіреді. Бақыт – сабырлылық, жан тыныштығы және азаптың жоқтығы. Біз заттар туралы ештеңе біле алмаймыз, сондықтан олар туралы қандай да болмасын пікірлерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн: мұндай қадамға бару – жан-дүниенің тыныштығына қол жеткізеді. Соған орай скептиктер мынадай жағдайларға байланысты пайда болды деп айтуға болады: адамның (догмасы) ақиқат деп жүрген ой-тұжырымы шындығында қателік, жалған болып шығуы мүмкін (Догма – ақиқат, шын деп есептелетін идея немесе идеялар жүйесі). Өкілі Секст Эмпирик.

 

9. Мұсылман Шығыс елдерінің ортағасырлық философиясы. Әл-Фарабидің, Яссауидің, Баласағұнидің, Қашғаридің философиялық көзқарастары. 

Ортағасырлық мұсылман философиясы. Мұсылман әлемінің ойшылдары ежелгі грек ғылымы мен философиясымен қатар, философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, дамытқан. Ортағасырлық Батыс Еуропада христиан дінін идеологияландыру, философияны негіздеу процесі жүріп жатса, мұсылман әлемінде, әсіресе, VII – X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде алгебра, психология, астрономия, химия, география, медицина, т.б. ғылым салалары қарқынды дамыды. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдарыБатыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық жағынан зор ықпалын тигізді. Батыс әлемі мұсылмандық Шығыс философиясы арқылы алғаш рет ххантикварлы мәдени мұраменъъ, сондай-ақ Шығыс мәдениетінің жетістіктерімен танысты. Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарында әл-Кинди мен әл-Фараби тұрды. Ортағасырлық дәуірде “арабтардың философы” атанған әл-Кинди (800 – 879ж) философ қана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі. Оның пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңістік пен уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыстың нәтижесінде өзгереді және ақыр соңында жойылады, ол – мәңгілік емес, оның соңы бар. Әл-Кинди жаңа платоншылдыққа жақын болса, әл-Фараби X ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болды. Әл-Фарабидің көптеген филосиялық идеялары батыс Еуропа философияның идеялары мен тұжырымдамаларының қалыптасуы мен дамуына, әсіресе Б.Спинозаның философиясы көзқарасына ықпалын тигізді.

Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, “Аспан астындағы дүние” ілімінен неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл — тек “аспан астындағы дүниенің” қозғалыс себебі ғана емес, өз алдына логос. Осы дүниенің заңдылығы — жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы, яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам болса дүние салады, өткінші. Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге шығару туады, мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске тиек болған тезис еді. Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді. Мұндағы мақсат — тұтастықты, ақиқатты, ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол жеткізу. Философ адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады.

Йассауихикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам “кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Қожа Ахмет Йассауи хикметтерінде адамның табиғаты Құранда айтылғандай – су мен топыраққа телінеді. “Асылың білсең су уа кил (топырақ) және килге (топыраққа) кетер йа” – дейді ол. Сопылық мағынада “топырақ” – адамның жаратылыс табиғаты, парасаттылық пен қарапайымдылық. Ал, нәпсіқұмарлық, менмендік,өркөкіректік – адамды адамшылықтан кетіретін қасиеттер. Қожа Ахмет Йассауидың кейбір хикметтерінде өзінің бүкіл болмысымен топыраққа айналғандығын білдіретін символдық ұғымдар қолданылады: “Басым топырақ, өзім топырақ, тәнім топырақ; Хаққа қауышар ма екем деп – рухым муштақ”. Бұл сопылық мағынада “уисал” (Хаққа қауышу) мақамын білдіреді. Топырақ болу, нәпсіден арылу – Хаққа қауышудың бірінші шарты. Осыдан кейін адам ақиқатқа жетіп, инсани кәміл дәрежесіне ұласып, өзінің Хаққа бастар “жол” екендігінің мәніне қанығады. “Топырақ болғыл әлем сені басып өтсін” дегендегі мақсат осыған саяды. Өйткені сопылық атауда әулиелер мен пірлердің қабірін де “топырақ” дейді. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында әулие – даңғыл жол, өйткені ол – халқына жақсы мен жаманның, ақиқат пен жалғанның арасын айыруға жөн сілтейтін, Алла рахметінің қоғамдағы көрінісі болып табылатын дана тұлға.

 

10. Батыс Европаның ортағасырлық философиясы. Христиандықтың діни негіздері және идеялары.

Ортағасырлық Еуропа философиясы өзінің бар ақыл-ойын христиан дінінің қасаң қағидаларын негіздеуге салып, дін ілімінің қызметшісіне айналды.

Осы дәуірдегі философия ілім “схоластика” (“мектептік ілім”) деген атқа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті: а) Балауса схоластика (IX – XII ғасырлар). Бұл кезеңде ғылым, философия, теология әлі бір-бірінен ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалийлерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің “заңдылығын”дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Пьер Абеляр, Августин Аврелий, т.б.; ә) Кемелденген схоластика (XIII ғасыр) Бұл кезеңде Аристотель еңбектері көпшілік арасына тарап, []философиялық теология ілімі]] қалыптасып, кең етек алды. Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, т.б.; б) Құлдырау кезеңі (XIV – XV ғасырлар). Шынайы ғылыми және философиялық ойлардың қарқынды дамуының нәтижесінде (әл-Фараби мен ибн Рушдтың “қосақиқаттылық” тұжырымдамаларынегізінде), теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика қалыптасты. Негізгі өкілдері: Уильям Оккам, Жан Буридан, т.б. Схоластикалық пікірталас үстінде христиандық қағидаларға сәйкес келе бермейтін көптеген философиялық мәселелер көтеріліп, кейінгі кезеңдерде өз шешімдерін тапты. Аврелий (354 – 430ж) философ, католик шіркеуінің белгілі уағыздаушысы және саясаткері ретінде августиншілдік деп аталған христиан философиясындағы жаңа платоншылдық бағыттың негізін қалады. Негізгі еңбектері: “Тәубеге келу”, “Құдай қаласы туралы”, т.б. Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып оның іс-әрекеттері, қылықтары құдай еркімен белгіленіп қойған. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне деген сенімділігі (бұл сенімнің негізі – құдай) мен құдайға деген сүйіспеншілігінің танымдық күші жатыр. Августиншілдік теология-философиялық бағыт ретінде Батыс Еуропа елдерінде XII ғасырға дейін үстемдік етіп, кейін христиан аристотельшілігінің негізін қалаушылар Ұлы Альберт пен Аквинскийдің ілімдерімен ығыстырылды. Схоластик тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теологы-схоласты, философ Абеляр (1079 – 1142ж) болды. Негізгі еңбегі – “Бар мен жоқ”. Абелярдың пікірінше, шынайы өмір сүретін жалқылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде жалпылар ұғымы қалыптасады. Бұл жалпылар (универсалийлер) шын өмір сүреді, себебі ол – құдай жаратқан заттардың үлгісі. Адамға ең керекті нәрсе оның іс-әрекеті емес, құдайға деген сенімі.Христиандық діни ілімді Аристотельдің философиясымен байланыстырған, шіркеудің алғашқы схоласт ұстазы Аквинский болды. Аквинскийдің пікірінше, дін құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім, сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтық қоғамнан жоғары тұрады. Аквинскийдің іліміне қарсы сын айтқан шотланд схоласты Дунс Скотт (1268 – 1308) құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік-жігеріне тәуелді, сондықтан құдайдың жігері абсолютті ерікті, ал оның қалағанын істегеннің өзі – игілік деп есептеді. Скоттың пікірі бойынша, құдай жігерінің арқасында әлемдегі жеке заттарды жаратқан. Ол тек жаратушы ғана емес, сонымен бірге сол заттардың рухани түпнегізі. Орта ғасыр философиясының көптеген идеяларымен келіспей, өзіндік пікір айтып, таным процесінде тәжірибенің беделін көтерген ойшылдардың бірі Роджер Бэкон (1214 – 94ж) болды. Ол философияны, табиғаттану ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымдар ғимаратының іргетасы – тәжірибе, эксперимент және математика деп есептеді. Номиналистік бағыттың көрнекті өкілі, схоластикалық ойлау тәсілінен арылып, трансценденталды болмыстың антологиясын қалыптастырған ағылшын ойшылы У.Оккам (1300 – 1349/50ж) болды. Оның пікірінше, филосилық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі құбылыс. Ғылым мен философия үшін ең маңызды нәрсе – интуиция (түйсік) мен білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Оккамның ілімі Коперниктің аспан механикасы туралы ілімінің қалыптасуына және ғылымда геометриялық тәсілдің үстемдік құруына ықпал етті.

11. Қайта өрлеу дәуірі жалпы антикалық мәдениетпен, антикалық философия бөліміне қызығушылықтың өсуімен негізделеді. Ол өз бастауын тарихи кезеңнің аталуынан алды. Қайта өрлеу дәуірі үш кезеңге бөлінеді: ежелгі (ХІV-ХV ғғ.), орта (ХVІ ғ.), кейінгі (ХVІІ ғ.). Қайта өрлеу философиясы Италиядан басталды, таңқаларлықтай емес, өйткені осы территорияда қызығушылық тудырған антикалық философия гүлдене бастаған, содан кейін ғана солтүстікке, батысқа және шығысқа жылжый бастаған. Әрине осыған сәйкес италиалық, немістік, француздық қайта өрлеу дәуірі туралы айтылған...
Қайта өрлеу дәуірі орта ғасырлық философия аяқталуы мен Жаңа заман философиясының басталуы кезеңінде пайда болды. Сол себепті де ол өтпелі болып келеді, ал бұл өз кезегінде оның мазмұнына өз әсерін тигізді. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы өз кезегінде пайда болу кезеңіндегі философия тағдырын қайталады десекте болады. Мұнда философия мифологиялық ойдан арылып, философияны мәдениеттің жаңа саласы ретінде құрды, ендігі философия діни түсініктерден бөлек мәдениеттің жеке жаңа саласы болып келеді. Қайта өрлеу заманы Италия елінде бастау алуының тағы бір себеп болған әлеуметтік-экономикалық жағдайларды алатын болсақ, бұл кезде солтүстік Италияда, әсіресе теңіз жағалауларындағы аймақтарда орналаскан қалаларда сауда, қолөнер өндірісі тез дами бастайды, мұның өзі феодалдық қатынастардың сарқылып, көп іскер шаруалардың өз қожайындарынан ақша төлеп бас бостандығын алып қалаларға келуіне, алғашқы капиталистік экономикалық қатынастардың дамуына әкелді. Жартылай ұйқылы-ояу өмір сүріп жатқан бір үлгідегі феодалдық қоғам оянып, жаңа өмірге аттанады, қалалар тез өсіп, ондағы әлеуметтік өмір өзінің әртүрлілігімен, күнбе-күнгі өзгерістерімен, қызықтығымен көзге түседі. Жоғарыда көрсетілген өзгерістер біршама қоғамның рухани өміріндегі жаңаруларға әкеледі. Біріншіден, өндіргіш күштерді дамыту қажеттігі схоластикалықой-өрістен жаратылыстану ғылымдарына бетбұрыстыңпайда болуына әкелді. Ал оның өзі бірте-бірте материалистікбағыттың философияда күш алуына әкеліп соқты. Табиғаттың заңдылықтарының бірден-бір зерттеу жолы - ол тәжірибелік зерттеу - эмпиризм(emperia, - грек сөзі, тәжірибе) бағытын тудырды. Тәжірибе арқылы алынған деректерді пайымдау, қорыту қажеттігі рационализмағымын дүниеге әкелді. Ал бұлардың өзі ой еңбегінің бағалануына, әсіресе оқыған, көзі ашық интелегенцияныңдүниеге келуіне себеп болды.

Қайта Өрлеу философиясының жалпы сипаты:

1.қоршаған дүниеге жаңа ғылыми-материалистік тұрғыдағы түсінік;

2.әлеуметтік мәселелерге, қоғамға, мемлекетке қызығушылықтың өсуі;

3.индивидуализмнің салтанаты;

4.әлеуметтік теңдік идеясының кең таралуы.

Қайта өрлеу философиясының негізгі бағыттары:

1. гуманистік (Х1У-ХУгг.) өкілдері: Данте Алигьери, Франческо Петрарка,

Лоренцо Валла - орталыққа адамды койып, онын қадір-қасиетін,

ұлылығы мен құдіретін мадақтады.

2. неоплатондық (XV г. ортасынан - XVI гг.) өкілдері: Николай Кузанский,

Пико делла Мирандола, Парацельс - Платон ілімін дамытып, табиғат,

Космос және адамды идеалистік тұрғыдан қарастыруға тырысты;

3. натурфилософиялық (ХУ1-ХУП г.г. басы) өкілдері:Николай Коперник,

Джордано Бруно, Галилео Галилей. Шіркеудің Кұдай, әлем, Космос

туралы қағидаларын ғылыми - астрономиялық жаңалықтарға сүйене отырып

әшкерелеуге тырысты;

4. реформациялық ((ХУ1-ХУИ г.г) өкілдері: Мартин Лютер, Томас Мюнцер,

Жан Кальвин, Джон Усенлиф, Эразм Роттердамский - Шіркеу

идеологиясын және діндарлардың Шіркеумен және өзара катынастарын

қайта қарастыруға тырысты;

5. саяси (ХУ-ХУ1 г.г) өкілі: Николо Макиавелли – мемлекетті басқару,

әміршілер тәртібі мәселесін зерттеді;

6. утониялық - социалистік (ХУ-ХУП г.г) өкілдері: Томас Мор, Томаззо,

Кампанелла - жалпы теңдік пен қоғамдық меншікке негізделген қоғам

мен мемлекетті құрудың идеалды-фантастикалық формаларын іздеді,

насихаттады;

 

 

12. Николай Кузанский (1401-1464) – оның философиясына ортағасырлық ойлау мен гуманизмнің бірлігі байқалады, себебі ол католик шіркеуінің қызметкері және гуманистер үйірмесінің мүшесі болды Кузанецтің ойынша, Құдай дегеніміз Болмыс және Болмыстың қылы тасуының мүмкіндігі. Ол құдайды танып-білудін мүмкін екендігін көрсетуге ұмтылады, оның бар екендігін дәлелдеуге тырыспайды, құдайдың интеллектуальдік функциясын ашу арқылы Құдай ұғымының мазмұны түсінуге болады деп есептейді. Інжілден «Құдай дүниені жаратқанда бәрін өлшеп, санап, таразыға салып жаратты» деген үзіндіні келтіре отырып Кузанец жаратылыстану ғылымдарын, әсіресе, математиканы құдай ілімінде қолданды, табиғаттың өзі – арифметика, геометрия, музыкан пайдаланған құдайы шебердің өнерінің жемісі деп түсінді. Адамды құдай-адам творчестволық бастау деп, ал оның басты қабілеті – таным деп қарастырады: адам дүниесі – микрокосм, онда адамды қоршаған табиғат дүниесі бейнеленеді, яғни адам және оның ақыл-ойы табиғат дүниесіне жатады. «Кіші дүние» – адамның өзі, «үлкен дүние» -универсум, «максима-дүние» -Құдай, құдайы абсолют. Олар бір-бірінің көшірмесі. Адам – «екінші Құдай».

Николай Коперник (1473-1543) астрономиялық зерттеулерге сүйене отырып өзгеше болмыс картинасын ұсынды:

1. геоцентризмді терістеді: Жер-әлемнің орталығы емес.

2. Жер үшін Күн – орталық болып табылады, Жер Күнді айналады.

3. барлық космос денелері өз траекториясы бойынша қозғалады.

4. космос – шексіз.

5. космоста болып жатқан процестерді табиғи тұрғыдан түсіндіруге болады және ол құбылыстардың астарында ешқандай құдіретті мән-мағына жоқ.

Джордано Бруно (1548-1600) – Коперниктің фил идеяларын дамытты, тереңдетті:

1. Күн-Жер үшін орталық, бірақ әлемнің орталығы емес.

2. Әлем шексіз, оның орталығы жоқ.

3. Әлем галактикалардан тұрады.

4. жұлдыздар – күнге ұқсас.

5. Әлемдегі дүниелер саны шексіз.

6. барлық аспан денелері – планеталар, жұлдыздар қозғалысқа ие.

7. Әлемнен басқа Құдай жоқ, әлем және құдай – біртұтас.

Дж Бруно идеялары католик Шіркеуінің догмаларына қайшы келгендіктен 1600 жылы түрмедегі 8 жылдық қамаудан кейін отқа өртелді.

 

13. Рационализм (лат. ratio – «разум») – болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Рационализмнің негізін қалаушы - француз философы, ғалым-математик Рене Декарт (1596-1650) деп саналады.

Рационализм 3 түрге жіктеледі: онтологиялық, гносеологиялық, этикалық.

Онтологиялық рационализм бойынша болмыс негізінде ақылды бастама жатыр, яғни болмыс о бастаған ақылды. Осынысымен рационализм – идеализмге ұқсап кеткенімен (мысалы, Платонның «таза идеялары»), басты айырмашылығы материяның (болмысты) идеяға қарағандағы біріншілігін және материяның (болмыстың) өзінде ақыл барын мойындауында. Сондықтан, болмыстың қисындылығы мен ақылды ұйымдастырылғандығына сенетін материалистер (Демокрит, Эпикур, т.б.) – рационалистер.

Гносеологиялық рационализмнің басты идеясы – «дүниені танып білетін бірден-бір құрал-адам ақыл-ойы» деген тұжырымда. Сондықтан гносеологиялық рационалистер бір жағынан ортағасырлық геология мен схоластика қарсы шықса, екінші жағынан эмпиристерге оппонент болды. «Білім-күш» девизін ұстанатын эмпиристер таным негізінде сезімділік тәжірибе жатыр деп сенді. («Сезімде болмаған нәрсе – ақылды болуы мүмкін емес»).

Рационалистердің эмпиристерге қарсы қоятын дәлелдері:

1.ақыл сүзгісінен өткізілмеген сезім немесе тәжірибе танымға негіз бола алмайды;

2.ақыл сезім мен тәжірибенің қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа білім мен жаңалық бола алады, ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе түрінде дәлелденуі мүмкін.

«Моральдық – этикалық нормалар мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр» деген түсінік этикалық рационализм деп аталады. Ежелгі дүние мен қазіргі заманға дейінгі көптеген философтарды (Платон, Демокрит, Эпикур, Сократ, Кант, т.б.) рационалистер қатарына жатқызуға болады. Алайда рационализнің ресми философиялық бағытқа айналуына үлес қосқандар Р.Декарт, Спиноза болды. Эмпиризм (гр. тәжірибе) - таным негізінде тек сезім мен тәжірибе жатыр деген пікірді жақтайтын философиялық бағыт. XVII ғасырдағы Англияда, одан кейінгі кезеңде АҚШ-та кең тарады. Негізін қалаушы - Фр.Бэкон. Көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Дж.Локк, Дж.Дьюн. Эпиристер рационалистермен дауласты.

 

14. Джордж Беркли (1685-1753) – ағылшындық субъективист философ, ерекше тәсілмен жазған ойшыл. Негізгі еңбектерін ол 28 жасына дейін жазып бітіргенін де атап өткен жөн. Беркли Локктың сезімдік білім алғашқы және екінші сапаға ие, бірінші немесе алғашқы сапалар заттардың бойында реалды түрде бар, ал екінші сапалар – түс, иіс, дөм субьектіге ғана тән деген көзқарасын сынады. Оның ойынша, біз дүниені сезім мүшелері арқылы ғана қабылдаймыз сондықтан сапалардың объективтілігін, біздің санамыздан тыс тұратынын біле алмаймыз. Беркли заттар біздің сезім мүшелерімізге әсер етеді, бірақ біз заттардың нағыз мәнін көре алмаймыз, ал сапа-қасиеттердің өзі салыстырмалы ғана дейді. Берклидің пікірінше, қабылдау субъектінің жағдай-күйіне тікелей байланысты. Бірақ ол бұл түсінікті абсолюттік дәрежеге дейін жеткізеді, материяның болмысы қабылдануға тәуелді деген пікірді дәлелдемек болады. Мысалы, бір затты адам қабылдамаса, ол зат өмір сүруін тоқтатқаны ма? Оған Беркли басқа адамдар немесе басқа тірі нәрселер қабылдайды, ең ақырын-да, мәңгілік қабылдаушы субъект Құдай қабылдайды деп жауап береді. Беркли осылайша заттың өзіне тән объективті сапасын жоққа шығарып, өмір сүретін субъективтік «Мен», одан басқа нәрсе жоқ деп пайымдайды.
Давид Юм (1711-1776) – ағылшын философы, Локк пен Берклидің философиясын дамытушы. Адам өзін қоршаған дүниені сезім мүшелерінің көмегімен, түйсіктерінің жиынтығы арқылы таниды деп мойындағанымен, материалдық дүниенің реалды өмір сүретіндігіне күмән келтіреді. Оның пікірінше, адамның ақылы сезім мүшелері беретін білімнен басқа білім бере алмайды, өзінің рухани тәжірибесінен басқаны қорыта алмайды. Юм ойынша, тәжірибе дегеніміз «әсерлер» ағыны, оның себептері түсініксіз және тәжірибені логикалық жолмен дәлелдеу мүмкін емес, сондықтан тәжірибелік білім дұрыс бола алмайды. Юм осылайша себеп-салдарлық байланысқа қарсы шығады, себептіліктің объективтік сипатын тану мүмкін емес деген тұжырым жасайды. Бірақ, оның ойынша, субъективтік себептілік бар, ол сезімдік әсерлердің идеяларды туғызуы. Юм біржақты эмпиризмі, оны рационализмнен бөліп қарауы дүниені танып-білуге болмайды деген агностицизмге әкеліп соқты.

15. 18 ғасырда Франция революциялары бірінің бастамасын бірі жалғастырды. 18 ғ. өзінің ағартушыларын туғызды. Олар Вольтер(1694-1778), Жан Жак Руссо(1712-1778), И.В.Гете(1749-1832) т.б. Олардың пайда болуына, ең алдымен, капиталистік қоғамның қалыптасуы, соған сәйкес жаратылыстану ғылымдарының, математиканың, физиканың, механиканың, физиологияның, медицинаның,т.б. адам санасына материалистік ұғымдарды ұялату нәтижесі себепші болды. Бірақ оған үстемдік құрған діни идеология қарсы шықты. Ең алғаш ол идеологияға қарсы күрес Англиядағы, Франциядағы, Германиядағы ағартушылық істен басталды. Олардың басты мәселелерінің бірі-адам тағдыры, оны рухани қыспақтан босату, саяси еркіндік, гуманизм мәселелері болатын. 18 ғасырдағы ағылшын материализмі сияқты механикалық метафизикалық материализмге жатады. Француз материалистері көпшілікке тікелей әсер ету үшін философиялық ой-пікірлерін салондарда айтып, ой тартыстарын тудырып, энциклопедиялық еңбектер жазып, ауызша да, жазбаша түрде де кең таратты. Негізінде олар дінді, оның уағыздаушыларын қатты сынға алды, сатиралық сөздермен мазақ етті. Бірақ қоғамдық құрылысты түсіндіруде олар идеалистік шеңберден шыға алмады. Француз философиясының өкілдеріне мыналарды жатқызуға болады:Жюльен Офре де Ламетри(1709-1751), Дени Дидро(1713-1748), Клод Адриан Гельвеций(1715-1771), Поль Анри Дитрих Гольбах(1723-1789).

 

16. Классикалық неміс философиясының негізін салушы И.Кант (1724-1804) болды. Өзінің творчестволық қызметінің бастапқы кезеңінде И.Кант жаратылыстану мәселелерін зерттеп, оларды материалистік тұрғыдан шешті. И.Кант даулист болды, өйткені ол материалдық нәрселердің объективті өмір сүретіндігін мойындады, алайда олар мәнін танып-білуге болмайтын «өзіндік зат» болып табылады деді. Ол заттармен қатар өмір сүретін құбылыстар дүниесі, немесе табиғат, адам санасынан тәуелсіз, өздігінше өмір сүре алмайды – ол «өзіндік заттардың» сезім мүшелеріне әсер етуі нәтижесінде пайда болады, демек, ол адам сезімдерінің жиынтығынан басқа ештеңе емес, дейді Кант. Канттан кейін классикалық неміс философиясын дамытқан И.Г.Фихтенің (1762-1814) және Ф.Шеллингтің (1775-1854) идеалистік ой-пікірлері өзінің логикалық жалғасын Г.Гегель (1770-1831) философиясынан тапты. Гегель дүниеде өмір сүретін барлық нәрсені негізгі ұғымдардың қозғалысы – абсолюттік идеяның дамуы деп санады. Гегельдің философиясы – сана, рух алғашқы, бірінші, ал материя, табиғат екінші туынды, тәуелді деп дәлелдейтін объективтік идеализмнің айқын түрі болып табылады. Л.Фейербах (1804-1872) материализмді бұрынғы қалпына келтірді, бірақ ол диалектиканы жоққа шығарды.

Гегельдің негізгі еңбектері: «Рухтың феноменологиясы», «Логика ғылымы», «Философиялық ғылымдардың энциклопедиясы». Өзінің философиялық жүйесін жасау жолында Гегель ойлау мен болмыстың тендігінен бастайды. Гегель ойлау мен болмыстың теңдігін ғана мойындап қоймай, оны айырмашылық ұғымымен тығыз байланыстырып, олардың өзара ішкі диалектикасын ұғымдық (категориялық) деңгейде түсінуге болатынын айтады. Екіншіден, Гегель «Абсолютті» дамып жатқан субстанция ретін де қарап, философияға тарихи көзқарасты енгізеді. Сонымен қатар дамудың өзі қайшылықтың негізінде, заттың бүгінгі жағдайының теріске шығарылып, оның қарама-қарсыға өтуі, соңғының өзі жүре келе теріске шығарылатыны ретінде қаралады. Көркем сөзбен пайымдай келе, Гегель «ақиқат - алдын ала құйылып, қалтаға салуға дайын тұрған күміс ақша емес», оған жету үшін жеке адам жалпы рухтың өткен тарихи жолымен танысып, оны тегжей-тегжей біліп, игеру керек екенін айтты.

 

17. Фейербах философияның негізгі мәселесін материалисік тұрғыдан шешеді. Табиғат пен адам міне жаңа философияны зерттейтін пәні дейді Фейербах. Людвиг Фейербах – классикалық неміс философиясының соңғы өкілі. Германиядағы жүз жылға созылған идеалистік, діни көзқарастың түндігін батыл сыпырып тастап, өзін ашықтан – ашық материалистпін деп жариялады. Оның басты еңбектері: “Христиандықтың мәні”, “Болашақ философиясының негізгі қағидалары”, т.б. Ол дүниенің материядан тұратынын мойындап, табиғаттың санадан тыс, оған бағынышсыз екенін дәлелдеді. Ол рух пен дене арасының алшақтығын жойды. Фейербах болмысты – бастаушы, сананы баяндауыш деп қарады. Табиғат денелерден, материядан, сезімдіктен тұрады, деп жазды Фейербах. Табиғат мәнгі және шексіз. Сана – сырның тек көшірмесі, ал психолог – идеалист сол көшірмені түпнұсқа ретінде түсіндіреді, - деп түсіндірді Фейербах. Бірақ ол антропологиялық материализмді қуаттады. Өйткені, ол барлық материализмді тұрпайы материализм деп түсінді. Сондықтан өзін одан аулақ ұстамақ болды. “Шындық – идеализмде емес, материализмде емес, шындық тек антропология”, - деп жазды Фейербах. Бірақ ол өзінің антропологиялық материализімінің нағыз метафизикалық материализм екенін байқамады. Таным сезімнен басталады, - деп уағыздады Л. Фейербах. Шындықтың дәйегі – оның іштен туған санаға сай келуі деп түсінді. Бұл оның идеализмге жасаған кешірімі болатын. Л. Фейербах Гегельдің идеализмін орынды сынай отырып, оның диалектикасының мәнін түсінбей, оны теріске шығарды. Л. Фейербах христиан дінін де орынды санады, бірақ діннен ол біржолата қол үзбеді. “Болашақ философияның негізгі қағидалары” деген еңбегінде Фейербах қоғамның қозғаушы күші – адамның адамға сүйіспеншілігі, әсіресе, ерлер мен әйелдер махаббаты деп түсіндірді. Сол байланысты ол дін деп қарады. Бұл да Л. Фейербахтың идеализмі болатын. Л. Фейербах Гегельдің идеалистік философиясын сынап талдағанымен, айналып келгенде, ол әсіресе қоғамтануда идеализм шеңберінен шыға алмады.

 

18. Философиядағы орталық проблемасы адам болып табылады. Адам туралы ілімді <философилық антропологиясы> деп атайды. Бұдан 25 ғасыр бұрын Кун фу цзы өз философиясында адамгершілік проблемасын қарастырды. Оның ілімінің негізгі этикалық қағидасы: <Өзіңе тілемейтін нәрсені өзгеге жасама!> болды. Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде өзінің <кіші бауырларының>, яғни жан-жануарлар мен хайуанаттардың тағдырын бөліседі: туады, ауырады, ішіп-жеуге қажеттілікті басынан өткізеді, соңынан ұрпақ қалдырады,өледі. Индивид, тұлға. Индивид-өзінің физологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне қарай қайталанбайтын қасиеттері бар нақты адам. Адам ерекше, бірегей, қайталанбас қасиеттеріне қатысты дара жаратылыс. Жеке тұлға проблемасы персонализм ілімінде зерттеледі. Өз мінез-құлқының себептерін айқын біліп, оны қатаң бақылауға алып, бірегей өмірлік мұраттарына бағындыра білетін индивид тұлға болып табылады. Тұлға дегеніміз - индивид дамуының қортындысы, адам қасиеттерінің неғұрлым толық түрде іске асырылуы. Ал адам тұлғасының басты қасиеті –еркіндік.Тұлға үшін еркіндік иесі болу өмір сүрудің, дамудың ең қажетті де басты шарты. Еркінсіздіксіз жауапкершілік те жоқ.Тұлғаның мәндік сипаттамасы бәрінен бұрын өз-өзін тану, мінез, адамгершілік, нақты құқықтары мен міндеттері сияқты жағдайлар арқылы ашылады.Тұлға - өзінің азаматтық парызы мен құқықтарын саналы түрде сараптай алатын, жеке ар-абыройы бар, өзінің өмірлік мұраттарына, отбасының, халық пен мемлекттің тағдырына зор жауапкершілікпен қарайтын қоғамдық дамыған адам.
Социализация – индивидтің белгілі әлеуметтік рольдер мен мәдениеттің жүйелерін игеруі.Өз - өзін жүзеге асыру мәселесі қоғамға ғана емес, зор деңгейге жеке тұлғаның өзіне де байланысты.Тұлғаның еркіндігі молайған жағдайда оның өз-өзін тәрбиелеуі, өз әрекеттеріне жауап бере білу қабілеті, өз күшін нақты бағалауы, ақыр аяғында нар тәуекелге баруы маңызды орын алады.

19. Өмір философиясының өкілі – Артур Шопенгауэр (1788 - 1860) адам мен қоғам өмірінің қараңғы, көзге көріне бермейтін жақтарын, ащы шындығын жайып салды. Оның пікірінше, адам өмірі қайғы мен азапқа, күншілдік пен бақталастыққа, күнә мен әділетсіздікке, қатыгездік пен бақытсыздыққа толы. Адамның толық бақытты сәттері аз, жоқ десе де болады, себебі бақыт оның болашағы мен өткен өмірінде, ал болашақ үмітсіз, өткен өмір қайтып келмейді. Адам уақыттың уысында, ол біздің қуаныш пен рахатқа толы күндерімізді жоқ қылып отырады. Бейшаралық өмір кешу адамның маңдайына жазылған, себебі оны билейтін дүниежүзілік ырық. Шопенгауэрдің ойынша, азап пен қайғы шегу адамға пайдалы, себебі адам төрт Құбыласы тең болып, рахат пен бақытқа бөленіп өмір кешсе, жақсы нәрсенің қадірін білмейді, бағалай да алмайды. Ол өмірді тек қара түске бояп көрсетеді: ізгіліктен зұлымдық көп, қоғам бір-бірімен арпалысқан, бірін-бірі аңдыған адамдарға толы, адам бақытсыз болуға жаратылған және бақытсыз. Осының бәрі – адам эгоизмінен, оның «адам адамға қасқыр» принципін ұстанғанынан. Шопенгауэрдің түсінігінше, өлімнен қорқатын ештеңе жоқ, себебі ол азапты өмірдің ақыры. Өмір қайғысына ұшыраған адам өзін осындай өмірден құтқарушы өліммен жұбатуы керек, ал өлім алдында өмірдің азаптарынан құтылғанына ғаны дұрыс. Өлім мен азапты өмір тұтас нәрсе екені ақиқат. Дүние ырық мағынасыз болса, оның туындысы адам өмірі одан екі есе мағынасыз, ал өлім адамды осы мағынасыздықтан құтқарады. Яғни, өлім өмірінің мақсаты.
Шопенгауэр өмірді осылайша қасірет пен азапқа толы мәнсіз ретінде түсіндірсе, өмір философиясының келесі өкілі Фридрих Ницше (1844-1900) оның пессимистік мазмұнына оптимистік реңк беріп, дастарының бойында өмірге деген құштарлық пен іңкәрлік оятты Ол халыққа арнап сөзінде адамзат тегінің негіздерінің құнарсызданып, тамырының бара жатқаны туралы уайымдап, жар салады.
Ницшенің, жалпы өмір философиясының өкілдерінің осылайша маза-лануының себебі – олар өмір сүрген кезенде адам мүмкіндіктерін сенімсіздіктің пайда болуы. Сол кездегі қоғамда талай ғасырлардан дамудың күрделі сатысынан өткен адам атаулының, әсіресе Европа тұрғынының күш-қуаты мен өзін-өзі танып-білу қабілетіне деген күдік-толқулар туындады. Өмірден қажып-шаршаған адамды, жалпы халықты серпілтіп, олардың бойында өмірге деген құштарлықты ояту үшін өмірді сүйген «ең жоғаргы адамнан » үлгі алуды ұсынады. Еркіндік – адам қызметінің жүзеге асуына қажетті шарт. Ницшенің түсінігі бойынша, адам бүкіл әлемге жалғыз өзі қарсы тұруы, өзіне ғана сенуі арқылы өз еркіндігін мойындата алады.

Бергсон Анри (1859-1941) - француз философы, эволюция және интуитивизм қағидасын жасаған иррационалист. Оның философиясының негізі ұғы

Заказать ✍️ написание учебной работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой
1

Сейчас читают про: