Философиясы

1. Л.Толстойдың өмір мәндік философиясы.

2. В.С.Соловьевтің діни-философиялық идеялары.

3. Н.А.Бердяев философиясындағы еркіндік мәселесі.

Әдебиет:

1. Нұрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. Алматы, 2001

Сабақтың мақсаты: ХГХ-гасырдың соңы-ХХ-гасырдың басындагы әрі философиясының мазмұнымен танысу, негізгі өкілдерінің көзқарастарын игеру.

Тақырыптың өзекті мәселелрі: Орыс философиясының әлемдік фи-лософиялық жүйедегі орны. ХІХ-ғасырдың соңы-ХХ-ғасырдың басын дагы орыс философиясының қалыптасу шарттары.

Л.Толстой шығармаларында экзистенциалдық мәселелердің бейнелен "Тәубе" және "Иван Ильичтің өлімі" еңбектерінің философиялық мазмұн

В.С.Соловьев философиясы: Ресей және адамзат. Адамгершілік - адам болмысын анықтаушы фактор.

Н.А.Бердяев философиясының ерекшеліктері. Жеке адам мен оның еркіндігі - Бердяев философиясының негізгі мәселесі.

13 сабақ. Онтологияның негізгі мәселелері

1. Монизм, дуализм және плюрализм концепцияларындағы субстанция проблемасы. Материя философиялық категория ретінде.

2. Қозғалыс, кеңістік және уақыт - материяның өмір сүру формалары.

3. Даму және жалпы өзара байланыс принципі.

4. Философиядағы сана мәселесі.

Әдебиет:

1. Ғабитов Т.Х. және басқалары. Философия. Алматы, 2004.

2. Кішібеков Д., Сыдықов У. Филособия. Алматы, 2004.

Сабактың мақсаты: онтологияның зерттеу объектісін анықтау, ма-

терия, қозгалыс, кеңістік, уақыт, даму категорияларын талқылау.

Тақырыптың маңызды сұрақтары:

Субстанция болмыстың өзгермейтін жойылмайтын негізі ретінде. Суб- станция мәселесін монистік, дуалистік және плюралистік тұрғыдан шешудің ерекшеліктері. Материя категориясы туралы антикалық түсіні»-ХІХ-ғ. соңы-ХХ-ғ. басындағы ғылыми жаңалықтардың материяны түсінудегі рөлі. Материяның лениндік анықтамасы.

Қозғалыс және болмыстың өзгергіштігі. Материя мен қозғалысты

бірлігі. Материя қозғалысының формалары және олардың өзара байланысы. Ф.Энгельс материя қозғалысының түрлері туралы. Қозғалыс формаларын түсінудегі механицизм, редукционизм және энергетизм. Кеңістік пен уақыт қозғалыстағы материяның атрибуттары ретінде. Кеңістік пен уақытты субстанционалдық және реляциондық тұрғыдан түсіну. Кеңістік пен уақыттың негізгі қасиеттері.

14 сабақ. Таным теориясы

1. Таным - шындықты бейнелеу формасы

2. Адам - таным субъектісі

3. Ақиқат ұғымы. Ақиқаттың критерийлері.

Әдебиет:

1. Ғабитов Т.Х. және басқалары. Философия. Алматы, 2004.

2. Кішібеков Д, Сыдықов Ү. Философия. Алматы, 2004.

Сабақтың мақсаты: Гносеологияның негізгі зерттеумәселелерін, та-нымның формалары мен тәсілдерін талқылау. Келесі мәселелерді талдау қажет:

Танудың көптүрлілігі. Білімнің қарапайым, ғылыми, ғылымға дейінгі және ғылымнан тыс формалары. Сенсуализм және рационализм. Сезімдік тәжірибе және рационалды ойлау, олардың негізгі формалары.

Танымның субъектісі мен объектісі. Бейсубъектілі таным теориясы. Адам танымның субъектісі ретінде. Адамныңтанымдық қабілеттері. Алғы шарттық білім: айқын және айқын емес алғы шарттық білім, тұлғалық білім теориясы (М.Полани).

Философиядағы және ғылымдағы ақиқат мәселесі. Ақиқат мәселесінің философия тарихында зерттелуі. Ақиқаттың объективтілігі. Ақиқаттың нақтылығы. Ақиқаттың өлшемі. Ақиқат, адасу және жалған. Скептицизм және агностицизм.

15 сабақ. Тарих философиясы

1Қоғам философиялық зерттеу обьектісі ретінде.

2. Тарихтың формациялық және өркениеттік концепциялары.

3. Қоғамдық сана және оның формалары.

Әдебиет:

1. Ғабитов Т.Х. және басқалары. Философия. Алматы, 2004.

2. КішібековД, Сыдықов Ү. Философия. Алматы, 2004.

Сабактың мақсаты: Әлеуметтік философияның негізгі мәселелерін қарастыру және қогамның тарихи дамуы туралы концепциялармен танысу.

Тақырыптың негізгі мәселелері:

Тарих өткен шақ туралы универсалды білім типі. Тарих философия- сының зерттеу объектісі - тарихи қозғалыстың бағытталғандығы пен кері айналмайтындығын танып-білу. Әр түрлі заман философтары тарихтың мәні туралы. «Қоғам прогресі» түсінігі, прогрестің өлшемі.

Қоғам дамуының екі концепциясы: формациялық және өркениеттіи К.Маркстың қоғамдық-экономикалық формация теориясының мәнін сыни талдау. К.Маркс: еңбек өнімділігі мен өндіріс құралдарының прогресі қоғамдық-экономикалық формацияның қозғаушы күші ретінде.

Тарихи дамудың өркениеттік концепциялары. О.Шпенглер, А.Тойнби, П.Сорокин - тарихты сызықтық процесс деп түсінушілікке қарсы шы-ғушылар. Тарихи дамудың қазіргі концепциялары: қоғамдардың көптүрлілігі, қоғамдық өзгерістердің сызықтық емес процестері.

Қоғамдық сана және оның формалары. Қоғамдық сана мен жеке са-наның өзара байланысы жалпы мен ерекшенің арақатынасы ретінде.' Қоғамдық сананың салыстырмалы тәуелсіздігі. Жеке сананың қоғамдық сананың дамуына тигізетін әсері.

Қарапайым және теориялық қоғамдық сана. Қоғамдық психология эмоциялар, қайғыру және көңіл-күй саласы ретінде. Қоғамдық психоло-гияны зерттеудың маңыздылығы. Қоғамдық психология - белгілі бір қоғамның идеяларының, теорияларының, көзқарастарының жүйесі. Қоғамдық идеология құру механизмі. Идеологизация және деидеологизация теориялары.

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН (СӨЖ) ЖӘНЕ ОҚЫТУ-ШЫМЕН БІРГЕ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН (СОӨЖ) ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Студенттердің өзіндік жұмысын және оқытушымен бірге өзіндік жұмысын ұйымдастырудың мақсаты - оқытушының көмегімен сту-денттің бойында өз бетімен жұмыс жасай алу, гылыми, творчестволық. еркін, философиялық пайымдау, қорытынды-түйін жасау, қарастырылып отырган тақырыптың мәніне тереңірек үңілу, логикалық ойлау дагдыларын қалыптастыруга ықпал ету. СӨЖ/СОӨЖ екі бөлімнен тұрады: жазбаша үй тапсырмаларын дайындау (эссе) және аудиторида қысқаша тестерге жауап беру.

Эссе (үй жұмысы) - зерттеліп отырған тақырыптардың оқытушы ұсынған өзекті сұрақтары бойынша және оқытушының кеңес-консульта-циясына сүйене отырып студенттің шығармашылық түрде, түпнұсқаларды міндетті түрде зерттеп, қысқа және өз бетімен, үйде орындайтын жазбаша материалы (3 бетке дейін). Эссе тақырыптары мен оны орындауға кажетті материалдарды университеттік Интранеттен алуға болады. Эсселер 3,6,9,12,14 апталардың соңында тапсырылуы тиіс.

Эссені бағалау тәртібі:

Ұсынылған тақырыптар бойынша түпнұсқаларды кеңінен зерттеп, та-кырып мазмұнын өз бетінше қорытып, аша білу, белгілі бір түсінікке ие болу жоғары - 5 балл.

Тақырыпты өз бетінше қорыту, түсіну бар, бірақ түпнұсқаларды зерттеу жеткіліксіз - 4 >3 балл.

Тақырып үстіртін ашылған, өзіндік түсінік нашар, түпнұсқалар қол-данылмаған - 2 > 1 балл.

Плагиат - 0 балл.

Белгіленген уақыттан кеш тапсырылған жұмыстар қабылданбайды және мұндай құбылыс жүйелі түрде қайталанған жағдайда эссе үшін берілетін жалпы балл төмендетіледі.

Эссе тақырыптары

1 үй жүмысы (эссе)

Оқытушының көмегімен өз бетінше орындауға екі тақырып ұсынылады.

1. Буддизмнің Үнді философиясының басқа ағымдарынан ерекшелігі неде?

2. Конфуций философиясының ХХ-ғасырдың ортасына дейін Қытай мемлекетінің негізгі идеологиясы қызметін атқаруының себебі неде деп

ойлайсыз?

Методикалық ұсыныстар. 1. Ұсынылған түпнұсқаны - «Дхаммапада» еңбегінен үзінділерді міндетті түрде оқып шығып, белгілі бір тарауларын талдаңыз. Буддизмнің қазіргі заманға дейін маңызын жоймауының себебі неде деп ойлайсыз? "Дхаммапада" еңбегіндегі негізгі ұғымдарды сараптаңыз.

2.Конфуций еңбектерінен ұсынылған үзінділерді міндетті түрде оқып шығыңыз. Мына сұрақтарға жауап беріңіз: Конфуций философиясын қандай философия деп атауға болады? Оның ілімінің қоғамдық маңызы қандай болды? Конфуций ілімі неліктен Қытай қоғамының ресми идеологиясы болды деп ойлайсыз?

Оқытушы университет Интранетінде орналастырган материалга, қосымша силлабуста көрсетілген негізгі әдебиет тізімінен 1,3 еңбектерді қолдануга болады

№1 СОӨЖ 3-аптаның соңына дейін тапсырылып болуы тиіс.

2 үй жұмысы (эссе)

Тақырып: әл Ғазали мен әл Киндидің философиялық көзқарасы-ның айырмашылықтары қандай?

Методикалық ұсыныстар. әл Ғазали мен әл Киндидің еңбектеріи мұқият оқып шығыңыз. Мына сұрақтарға жауап беруге талпыныңыз: бұл данышпандардың ортақ жақтары неде? Олар өмір сүрген дәуірді сипаттаңыз. Осы ойшылдар зерттеген негізгі мәселелер қандай? Қайсысында діни, ал қайсысында философиялық пайымдау басымырақ? әл Ғазали мен әл Кинди философиясы сізге қандай ой салды?

Оқытушы университет Интранетінде орналастырган материалға қосымша силлабуста көрсетілген әдебиет тізімінен қосымша 9 еңбек

қолдануга болады.

№2 СОӨЖ 6- аптаның соңына дейін тапсырылып болуы тиіс.

3 үй жұмысы (эссе)

Тақырып: А. Шопенгауэр мен М. Хайдеггер фплософиясының ортақ жақтары мен айырмашылықтары неде?

Методикалық ұсыныстар. А.Шопенгауэр мен М.Хайдеггердің ұсы-нылып отырған екі еңбегін оқып шығыңыз. Мына сұрақтарды талдаңыз А.Шопенгауэр өмір мен өлімді қалай түсінеді? М.Хайдеггердің пікірінше гуманизм дегеніміз не? Олардың пікірлерімен келісетін-келіспейтін жақ-тарыңыз бар ма? Өз ойыңызды білдіріңіз?

Оқытушы университеттік Интранетте орналастырган материа-

лга қосымша силлабуста көрсетілген әдебиет тізімінен қосымша 1,4 еңбектерді қолдануга болады.

№3 СОӨЖ 9- аптаның соңына дейін тапсырылып болуы тиіс.

4 үй жұмысы (эссе)

Тақырып: Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақтың тұңғыш кәсіби философы аталуының себебі неде?

Методикалық ұсыныстар. Шәкәрімның ұсынылып отырған "Үш анық еңбегін" оқып шығыңыз. Еңбекте зерттелетін негізгі мәселелер қандай? Оның философиялық көзқарасын қай бағытқа жатқызар едіңіз?

Үш анық деп Шәкәрім нені атайды? "Шәкәрім - қазақтың тұңғыш кәсіби философы" деген пікірмен келісесіз бе?

Оқытушы Интранетте орналастырган материалга қосымша силла-пуста көрсетілген негізгі әдебиет тізімінен 1,2,3, қосымша 4,7 еңбектерді қолданыңыз.

№4 СОӨЖ 12- аптаның соңына дейін тапсырылып болуы тиіс.

5 үй жүмысы (эссе)

Тақырып: Ортега-и-Гассет «Бұқараның көтерілісі» еңбегінде техни ка философиясыныц қандай мәселелерін талқылайды?

Методикалық ұсыныстар: Ортега-и-Гассеттің ұсынылып отырған «Бұқараның көтерілісі» («Восстание масс») еңбегін оқып шығыңыз. Мына сұрақтарға жауап беріңіз: Техника философиясының пайда болу себептері қандай? Техника және адам мәселесі қазіргі заманда неге өзекті? Техника мен тұлға арасындағы қайшылықты қалай шешуге болатындығы туралы өз пікіріңізді білдіріңіз.

Оқытушы университеттік Интранетте орналастырган материалга қосымша силлабуста көрсетілген әдебиет тізімінен негізгі 3, қосымша 2 еңбекті қолдануга болады.

№5 СӨЖ 14-аптаның соңына дейін тапсырылып болуы тиіс.

Қысқаша тест тапсырмалары

СӨЖ түрі - қысқаша тест тапсырмалары аудиторияда орындалады. Семестр барысында екі рет - 11 және 15 апталарда өткізіледі. Тест тапсырмаларының жалпы саны 10 (барлығы 20). Қысқаша тестерге жауап беру барысында силлабуста көрсетілген ережелер қатаң сақталуы тиіс. Тест тапсырмалары кафедрада және оқытушының өзінде сақталады және студенттерге алдын алаберілмейді.

Қысқаша тестерді бағалау тәртібі:

Қатесіз. тест тапсыру талаптарына сай, орындалған дұрыс 10 жауап 5 баллга дейін бағаланады.

9 және 8 тест тапсырмасына дұрыс жауапқа 4 балп беріледі.

7 және 6 тест тапсырмасына дұрыс жауап баллга бағаланады.

5 және 4 тест тапсырмасына 2 балл беріледі.

3 және 2 тест тапсырмасына дұрыс жауап 1 баллга бағаланады.

1 дұрыс жауап жоне бір де бір дұрыс жауабы жоқ жұмысқа 0 балл берілед

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БІЛІМІН ТЕКСЕРУШЕ АРНАЛҒАН


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: