Лейбниц монадологиясы

 Лейбниц өзінің философиялық ілгерілеулерін механикалық материализмнен бастады. Бірақ осы дүниетаным шеңберінде субстанцияның селқос сипатына қанағаттанбаған ол кейіннен монадалар туралы ілімде көрініс тапқан «Монадалогия» объективті ілім айқындамасына көшті. Лейбницше, материя субстанция бола алмайды, өйткені ол ұзаққа созылып жатыр, әрі сонымен бірге мүлде қарапайым. Монадалар бөлінбейтін, рухани субстанциялар болып табылады, бүкіл ғалам монадалардан қалыптасады. Монадалардың сана шексіз, олардың әрқайсысының қабылдау және ұмтылу қасиеті бар, мұның өзі, Лейбницше, субстанциялардың жылжымалылығын, белсенділігін және қарекетшіл сипатын қамтамасыз етеді. Бірақ бұл диалектикаидеалистік және теологиялық сипатта болды. Монадалар, Лейбництің пікірінше, физикалық жағынан бір бірімен әрекеттеспейді, бірақ жоғары монадағы (абсолютке, құдайға) тәуелді, күні бұрын белгіленген жарасымдылықпен реттелетін бірыңғай дамушы және қозғалушы дүниені құрайды деген, сондықтан да оның таным теориясы идеалистік рационализм Локктің сенсуализмі мен эмпиризміне қарсы бағытталады.

 2) Рухани құндылықтар, байлықтар мен идеялар.

Аксология(axia-құндылық, logos- ілім) қндылықты зерттеу ілімі және олардың нақты әлеммен қатынасы. Құндылық алғашқы өкілі Кант. Ойы: құндылықтың алғы шарты болмыс пен міндеттенуді ажырату болады. 19-20 ғасырлар философиясындағы ағымдар адамның жоғарғы рухани қабілетін ерік деп құндылық мәселесін әлеуметтен тыс феномен ретінде қарайды. Объективті идеалистік философия ағымдары, неотомизм, интуитивизм құндылықты кеңістік пен уақыттан тыс тұрған о дүнедлік нәрсе ретіде түсіндіреді. Логткалық позитивизм құндылықты сананың құбылысы, адамның бағалайтын объектіге субъективтік қатынасы дейді. Құндылықтың натуралистік теориясында адамның табиғи қажеттіліктерінің немесе жалпы табиға заңдарының көрінісі ретінде таниды. Құндылықтың маркстік ұғымы басқа философиялық ағымдардан приципті түрле өзгеше. Ғылыми түсіндіруде құндылық мәселесі универсалдықтан арылған. Бұл мәселенің астарында ғылыми жолмен шешілетін алуан түрлі флософиялық мәселелер жатыр. Құндылықты жалпы адамзаттық ұлттық, әлеуметтік таптық, топтық және адамдық деп ажыратуға болады, осыған байланысты олардың мән мазмұны, ауқымы өзгешелігі әр қилы болып келеді. Құндылық өз тарапынан елдердің білімдерінің деңгейлеріне, салалық бағытталуына, іздестіру тәсілдеріне, басқаларға жеткізу әдістеріне көп әсерін тигізеді. Құндылықтар тарихи дамып, заман талабыа сәйкес өзгеріп отырады. Құндылыққа тек материалдық нәрсе емес, рухани құбылыстар да жатады: этикалық, эстетикалық прициптер мен нормалар, діни жіне ғылыми қағидалар және т.б. Қазіргі кезде барлық адамзат үшін ерекше бір құндылыққа техниканы жатқызу қажеттілігі туды.

 

 

№25 Билет

1.Идеалдық мәселесі.

Ең алғаш «идея»термин ретінде ежелгі грек ойшылдары Анаксагор мен Демокритте қолданылды.Р.Декарт идея деп ойды,ұғымды түсінеді.Бірақ идея нақты көрнекті бейнесі жоқ ой.Ал, идеалды мәселелердің бірі,соның ішінде адамгершілік тәрбиесі өзекті мәселелердің бірі.Адамгершілік тәрбиесі-тәрбие бағыттарының ішіндегі ең күрделісінің бірі.Адамгершілік тәрбиесінде дінге сүйенбеу мүмкін емес.Адамгершілік заңы Аллахтың адам баласына түсірген кітаптарының негізінде жатыр.Адамгершілік-әдептілік ілім негізінде тұлға бойындағы рухани –адамгершілік қалыптыстырудың дұрыс жүрмеуінен және өзінің өзінен жасанды коммунистік идеясынан айырылып қалған адамгершілік мәселесі жағымсыз,нашар адамгершілік келбеттің пайда болуына душар етті.Басты мұрат-материалдық құндылық деп бой алдырушылықтан-қанағатсыздық,ысырапшылдық, атаққұмарлық,парақорлық т.б.қасиеттерді көреміз.Философия ғылымының докторы,профессор А.Сейдімбек: «Ұлттық идея»атты мақаласында: «Қазақстанда саяси-әлеуметтік өмірдегі көптеген жетістіктеріне қарамастан,қоғам үшін ұзақ мерзімді идея болатындай идеология қалыптаспай отыр.Идеология-әлемдік жалпы құбылыс.Мемлекеттік саясат бар жерде идеологияның болмай қалмайтындығы -әлемдік саяси өмірдің заңдылығы.Идеология –саясаттың мән-мағынасын халыққа жеткізуші құрал ретінде қызмет атқарады.Адамгершілік тәрбиенің методологиялық,теориялық ғылыми негіздері мемлекеттік бағдарламалықпен, әдістемелер кешенді қарастырылуы қажет.Сонда адамгершілік – тәрбиенің жемісті болатындығын көруге болады.

2.Ғылым және философия.

 Батыс Еуропаның философиялық ой тарихында оны көбінесе,яғни философияны ғылыми саласына жатқызатындықтан тіпті оны «ғылымдардың ғылымы»деген көзқарас басым болды.Марксистік философия осы жөнінде екі ұштыдық байқалады.Бірінде философия ғылымнан бөлек,өз алдына қоғамдық сананың формасы деп танылса,басқа көп еңбектерінде К.Маркс,Ф.Энгельс философиясын,оның ішінде диалектиканы даусыз ғылымға жатқызады.Ең алдымен философияны ғылымға жақындастырған жақтары қандай?Ғылым сияқты философия да өз қағидаларын фактілерінде логикалық, уәждермен,дәлелдермен негіздеуге ұмтылады.Филосоя мен ғылымның әрқайсысының табиғаты әртүрлі.Философия ғылым сияқты өмірдегі бар,болып отырған қатынастары,болмысты,оның заңдарын игеріп,бейімдеуді негізге алып отырып,бірақ түпкі мақсатын,ұсынатын бағытын парыз нәрселерге арнайды.Ғылымның мұраты – тылсымның сырын айқындау,барлықтың ақиқатын ашу,соның негізінде сол барлықтан заңды түрде туындайтын немесе міндетті түрде шығатын,шыға алатын нәрселерді анықтау.Философия адамның дүниеде болуының сан –алуан формалары мен жолдарын,сол формалар мен жолдардың ең алдымен мәнділігі мен мәнсіздігін айқындау.Философия көбіне өмірде бар болсын не жоқ болсын,бірақ адмның дүниеге мәнді түрде бар болуының мәнді түрде сан алуан формалары мен жолдарын негіздеуге,ақтауға ұсынуға ұмтылады.Философиялық жүйенің ұғымдары мен принциптерінің ғылымнан айрықша ерекшеліктері-олаарда жеке тұлғаның өзіндік қайталанбас тобының болатындығы.Ол философиялық жүйенің қосымша жол –жөнекей сыртқы белгісі емес,оның ішкі табиғатының ерекшелігі,сонымен қатар философия өшпей,өшпейтін қасиет.Ол –дүниені өзгеше түсіну мен ұғыну ғана емес,дүниені өзгеше көру,өзгеше сезіну.Ғылымды да,философияны да,көркемөнерді де жасаушы әрине адмның өзі.Сондықтан да бұрыңғы үйреншікті дәстүрлі қатынастардың шеңберінен шығып,жаңа бір қатынас туғызушы әрқашан да солар.Философияда ақырға қол жеткен нәтиженің өз,тұлғаның универсалдық мазмұны болып тұрады.

3.Философиялық дискурс: адамның табиғаты мен өмір сүру мәні

Дискурсивтік (лат.discursies-пайымдау)-сезінуден,қатыстылықтан,интуитивтіктен өзгеше түрдегі пайымдық,жанамалылық,логикалық,демонстративтік.Ақиқаттарды жанамалық емес және жанамалық деп бөлу Платон мен Аристотельде,ал “Дискурсивтік” термині Фома Аквинскийде кездеседі.Метафизиктер ойлаудың дискурсивтік рөлін не теріске шығарды,не оны әсіреледі.Адам-қайшылықты пенде.Оның бір жағынан-денесі,екінші жағынан,сана,рухы бар екенін әркім біледі.Оған да басқа тіршіліктерге сияқты су,ауа,жылу,қоректену,ұрпақ жалғастыру т.с.с. қажет.Сонымен қатар ол дүние жөнінде ойланады,өмірде өз орнын ізденді,шаттанады,қайғырады,суйеді,жек көреді т.с.с.Егер жануарды оның инстинктері итермелесе,адам өз инстинктерін әлеуметтік нормаларға бағындырады,ол өз-өзін бақылауға ала алатын пенде.Десек те,адамның бұл ішкі қайшылығы философияда әр түрлі шешіледі.Мысалы,Орта ғасырлардағы діни философияда адамды рух ретінде өте биік деңгейге көтеріп, дене ретінде құлдыратып,тіпті жануарлардан да төмен қояды.Адам дүние жөнінде неше түрлі ұғымдар мен бейнелерді тудырып,солар арқылы кеңістік пен уақыттың шектеуінен ой арқылы шығып кету дәрежесіне көтеріледі.Ол- заттар мен құбылыстардың ішкі сырын аша алатын пенде.Ол неше түрлі рухани құндылықтарды басшылыққа алып өмір сүреді,сонымен қатар оларды жойып,тіпті өзін жойып жіберетін кездер де болады.Ең соңында, адам өз-өзін бақылап,баға беріп,өзімен өмір мен өлім жөнінде сұхбаттаса алатын пенде.Егер жануарлар өз табиғатына сай өмір сүрсе,адам алдында “мен неге дүниеге келдім?”, “не үшін өмір сүруім керек?”, “қалай өмір сүруім керек?”деген т.с.с. сұрақтар пайда болады.Оның себебі жоғарыда көрсетілген адамның ішкі рухани өмірінде жатыр.Міне,бұл қойылған сұрақтар адам өмірінің мән-мағынасын анықтауға итереді.Адам өмірінің мән-мағынасы ғасырлар бойы талданып келе жатқан мәселе.

 

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: