Экзистенциялистік филасофия

Билет

1)Миф. Мифтің ерекшеліктері және функциясы

Ерекшелігі: табиғатқа адамның өз қасиеттерін беріп адам қатарына қосуы, құдіретті құдайдың бар болуына кәміл сену. Адамдардың өзара қатынасы және әрекеті, абстрактылық толғануы нақты өмірдегі шарушылықты практикалық бағытта дамытып апаттан қорғауға арналды. Бұл мәселелерде мифологиялық сюжеттің біртүрлігі және үстірттілігі басым, яғни барлық халықтар бастауын дүниеге кқзқарастың осы деңгейінен алады.

Әрбір жеке адам өз дамуында адамзат тарихын өте қысқа қайталайды деп В.И.Ленин айтқандай мифологиялық сананы жас баланың санасымен теңестіруге болады. Олар да өзінің саналы жан екенін түсінбей ойыншытарымен сөйлесіп, ұрысып, әке шешесінің өзіне істегенін оларға істеп, шын көңілмен оларды өздеріне тең санап өмір сүреді. Балалар санасыда синкретикалық сипатта көрінеді. Сана біртұтас қалыпта, ақыл мен сезім деңгейлері ажыратылмаған, жақсы мен жаман істер анықталмаған күйде өтеді. Мифологиялық сана арқылы ғана адамдар алғашқы қауымға бірігіп, адамдық қатынастарды дамытып жетілдіре алады. Биологияның «тіршіліктің басқа түрлерімен және өзара мәңгі күресу» заңының шеңберінен шығып, әлеуметтік заңдылықтарға бағынуға үлкен қадам жасады, өздерінің рухани жандық сипатын жетілдіре түсті. Миф сананы оятады, прогресстің дамуының негізі жазба мәденияға біртіндеп өтеді.

2) Бейклассикалық философия тақырыптары және бағыттары.

 Бейклассикалық пен классикалық философияның арасындағы қақтығыстың орталық мәселесі рационалдық ақыл оға, оның рөліне байланысты болады.

 Бейклассикалық философия адамзаттың рухани байлығының ерекше бөлігі. Бұл философия адамзат ақыл ойының түрлі салаларына байланысты тұжырымдар жасап, жауап береді. Ол іштей біртекті емес, онда көптеген бағыттар, тұжырымдамалар мен теориялар бар.Оның ішінде жаңа әлемдік және экологиялық мәселелер көп.Қазіргі заман философиясының ерекше сипаты және белгілері төмендегідей: 1) «Практицизм» дара тұлға мен әлеуметтің, материалдық пен руханидың нақты шынайы өмірге бағытталуы. 2) «Эволюционизм» табиғатта, қоғамда және адам танымында эволюция идеясының кең тарауы. 3)  «Релятивизм» адам білімінде салыстырмалылық идеясының көп орын алуы. 20 ғ. Философиясында бір біріне қарама қарсы сипаттағы екі негізгі бағытты байқауға болады. Біріншісі сциентицизм (лат.scientia ғылым), кіншісі антисциентицизм. Бұл рационализм мен иррационализм арасындағы қатынас, ғылыми техникалық прогресске байланысты қарама қарсы көзқарастар: Сциентизм таным теориясында ақыл ойға, оның негізіндегі дәлелденген білімге сүйенеді, яғни рационалдық. Рационализмнің қызметі екі сатыдан тұрады. Антисциентизм иррационалдық құбылыстарды мойындап, логикалық тәсілді жоққа шығарады. Ғылыми адамды шынайы біліммен қамтамасыз ете алмайды. Логиканың орнына интуициялық әдісті ұсынды, шындықты тікелей тәжірибенің көмегінсіз ашуға болады деп санайды.

3) Қазіргі ғылымдағы эфир, кварк сияқты ұғымдар қай мағынада өмір сүреді: ешуақытта бақыланбайтын реалдылық ретінде ме; әзірше көрінбейтін реалдылық ретінде; немесе ойдағы шартты конструкция ретңнде ме? Философиялық талдау

Меніңше, эфир, кварк дегендер ойдағы шартты конструкция деп түсінемін. Не үшін бұлай түсінемін, өйткені жарықтың толқындық теориясы бойынша жарық әлемдік эфирде тоналады. Алғаш Гюгенс - Френель тұстарында, эфир ерекше серпімді орта деп ұйғарылып, кейін Максвелл теория шыққан. Эфир электромагниттік толқындар, әрі жарық толқыны да таралатын орта деп саналды. Эфирді бар деп болжау эфирдің қасиетін, эфир мен кәдімгі дененің бір біріне әсер ету сипатын тәжірибе жасап зерттеуді қажет етті. Алдымен мөлдір денелер қозғалғанда олардың ішіндегі эфир бірге қозғала ма, яғни лоар эфирді ілестіре ме, ілестірмейді ме, соны анықтау қажет болды. Осыны анықтау үшін француз физигі Физо тәжірибе жасады, бірақ ол тәжірибе нөлді көрсетті, яғни эфир жоқ. Кейіннен белгілі физик А. Майкельсон қозғалмайды деп саналатын эфирге қатысты жердің қозғалысын анықтамақ болып, интерференциалық тәжірибе жасады. Майкельсон тәжірибесінен куткен нәтиже шықпады. Яғни эфир жоқ бұл тек ойдағы шартты конструкция ретінде қалып қойды. Кварккв келетін болсақ, тәжірибе бұны да нақты көрсете алмай отыр, кейіннен шыққан теориялар оның өзі бірнеше боліктерден тұрады деп айтылып жүрді. Бұл Зенон антиномиясына сәйкес келіп тұр.

     

№6 - билет

1. Экзистенциализмнің негізгі принциптері мен бағыттары.

ХХ ғ идеалистік ф\ң басты үш бағытының бірі – экзистенциализм. Бірақ бұл субьективті идеализмге жатады.ХIХ ғ пайда болған антропологиялық фил\ң абстрактілі, жалпылық диктатынан бас тартуы, нақты адамның өміріне жалпы алғанда жаңында құптарлық, болашағы зор бағыт. ХХ ғ бұл бағыт экзистенциализмде өз дамуын тапты.Оның мақсаты классикалық мән философиясын адамның өмір сүру философиясымен алмастыру болды. Өкілдері: Н. Бердяев, А.И.Шестов, К.Ясперс, М.Хайдеггер, Ж.П Сартр, А. Камю, Г. Марсель. Экзистенциализмнің басты категориялары: жалғыздық, жаттандылық, үрей, жауапкершілік, ажал т.б., мақсаты - адамның мәндік сипатын,оның қайғылы дәрменсіз жағдайын ескере отырып, оған рақымшылық, кешірім жасау. Адамда өмір сүру оның мәнінен бұрын, ал жануарлар мен өсімдіктерде бұған керісінше болады дейді, философия өкілдері. Сартр былай дейді: «Ұста пышақ жасайды, бірақ оның мәні пышақтан бұрын пайда болады». Адам туғаннан кейің адамдық мәнге ие болғанша, ең алдымен оның өмір сүруі қажет. К. Ясперстің пікірінше, «Өлім,қиналу, үрей, айыптылық, уайым, күрес, рухани ауру адамның өмір шектеріне жатады. Тек осы минуттарда ғана адам өзінің нағыз өмір сүруін ұғынады, ал кәдуілгі уақытта олар кәдімгі болмыстың күнделікті,тікелей болуы арқылы жасырцынып жатады.Экз\ді де дүниеге әкелген осы қауіп - қатерлі жағдайлар. Бұл фил\ң ХХ ғ\ң 20- жылдарында дүниеге келуі де кездейсоқ емес. Ол дүниежүзілік 1 – ші империалистік соғыстың зардабын шеккен, мүгедек, жетім жесірлердің қайғысынан туындаған. Осы қасіретті қайғы мен уайым экз\нен жұбаныш тапты. Экз\м ең біріншіден индивидуалды адам өмір сүруінің шынайлығына мазасызданады. Ол еркіндікті табиғилықтан да, барлық тұлғасыз күштерден де іздейді. Алдыңғы орынға сезім, бірақ жай ғана сезім емес, сезіну, алаңдау, мазасыздану үдерісі шығады.

2) Адам және Әлем. Антроптық принцип.

«Адам» деген ұғым адам баласына тән жалпы қасиеттердің жиынтығын білдіретін түсінік. Адам жаратылыстың, табиғаттың туындысы және әлеуметтік феномен. Ол табиғат жасамаған заттармен құбылыстарды өз қолымен, ақылмен жасайды. Діни ұғымдар бойынша, дүние адам үшін жаралған деп көбірек айтылады. Адам туралы мәселені алғаш рет Сократ қойды. Ол рационалдық этиканың негізін қалады, ол адамның ішкі дүниесін, оның жаны мен ізгілікті түсінуді ұсынды. Платон ілімі бойынша, адамда мәңгілік жан мен өткітші дене қосылады. Ақылды адамның пайда болуы ның негізі неде? Адамның еңбегі арқылы заттардың және тілдің пайда болуында. Еңбек,сана, ойлау және тіл бір бірімен тікелей байланысып жатқан процесс. Антропогенез адамдардың шығу тегін зерттейтін антропологияның бір бөлігі, антропосоциогенез әлеуметтік себептерді анықтау. Адам белгілі дәрежеде биологиялық және әлеметтік тіршілік иесі. Биологиялық тірі адам тірі организм, және оның әлеметтік қоғамдық мәні бар. Ғылымда адамды ерекшк бағалайды, қоғамдық ғылым оған ерекше көңіл аударады. Адамды ғылымның нысаны ретінде антропология, тарих, биология, социология және т.б. зерттейді. Қазіргі замаңғы антроптық принциптің фундаментальдық қағидасы философия мен ғылымға көп ене бастады. Ол әлемді күрделі әрі өздігінен ұйымдасқан жүйе және адамды ондағы негізгі элемент ретінде қаруды талап етеді. «Бір қалыпты адам», ерекше обьект деген көзқарасты қалыптастыра отырып, адам әлемді бақылаушы және өзіндік реттеушісі ретінде, әлемнің физикалық параметрі әр алуан түрінің құрылымымен, әр түрлі дәрежесімен байланыс орнатты. Ғылымда адам қызметінде субъект пен объекті арасындағы ажыратуды жеңу, табиғат пен адамның жақындасуын көрсетеді.

3. Ақиқат бар ма: объктивті реалдылық ретінде; немесе анықтама бойынша берілетін шартты конструкция ретінде; немесе жоқ па? Философиялық талдау. Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субьтінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп  отырған обьектіге сәйкес келуі немесе келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады. Ақиқат мәселесі күмәнсіз, яғни шынайы және адекватты білім мәселесі. Ақиқат дегеніміз не? Аристотель өзінің “Метафизикасында” ақиқатты бізді қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың адам сананһсында бейнеленуі деп түсінді. Шын мәнінде, ақиқат дегеніміз субьект пен обьект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік- тарихи процесс. Абстрактілі ақиқат жоқ, ақиқат барлық жағдайда нақты. Ақиқаттыңтнақтылы обьекті жөніндегі барлық түсінікте рдің, абстракциялардың синтезінде, бірлігінде. Қазіргі идеалистер ақиқаттың ғылымға қарсы бірсыпыра өлшемдерін айтып жүр. Бұлардың қатарына:Мах пен Авенариус сияқты эмпириокритиктер-ң “ойды үнемдеу” принципі (не үнемді болса сол ақиқат); У.Джеймс пен Д.Дьюн атты прогматиктердің қолайлылық пен пайдалылық принципі (пайдалы, тиімді болатын теория – ақиқат теория); А.Пуанкаренің, Э.Леруаның конвенционализм принципі шартты келісімге не сай келсе – сол ақиқат, пікірлерлердің қиқаттығы тек тілдің қалай болса солай таңдап алынған ережелерін сақтаумен ғана байланысты деп есептейді неопозитивистер. Позитивистердің пікірінше, “болмыс”, “материя”, “сана” жəне т.б ұғымдарға, абстрактылық ойлауға сүйенетін дəстүрлі философия енді жарамсыз, себебі, тек тəжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат. «Ақиқат дегеніміз - субъективтілік. Философия таңданудан немесе танымға деген құштарлықтан емес, күйзелістен басталады» -деген Къеркегор Өмір сүрген адам азап шегу мен уайым-қайғыдан қашып құтыла алмайды, тіпті олар өмір сүруге қажетті нəрселер деп тұжырымдады. Ал Бэкон “екі ақиқат” теориясын ұсынады.Философия ақыл-ойға жүгініп, ол əлсіздік танытқанда теологияға да арқа сүйесе, артық болмайды. Бірақ олар бір-бірінің ісіне араласпауы қажет. “Ақиқат беделдің емес, уақыттың туындысы”.Декарт:Ақиқат деп ақиқат екені күмəнсіз нəрсені ғана қабылдау қажет. Асығыстық пен нанымға орын болмауы тиіс, тек ақылға айқын, нақты тұжырымды ғана қабылдау керек. Картезиандық рационализмнің бұл принципін интуиция ұғымын білдіреді. Декарт бұл қасиетті табиғи, бірақ сезімдік емес, интеллектуалдық сəуле деп түсінеді біз анық қабылдайтын нəрселердің бəрі ақиқат, бірақ олар ақылымыз арқылы, ойымыз арқылы қабылданады. «Ақиқат дегеніміз ғылымға тең философия, ақиқат адам жанының тұңғиығында.” дейді Томас Аквинат. Августин ақиқатқа жету үшін жаны тап-таза, ашық, айқын болуы тиіс. Адамды Құдай сезімдік дүниенің соңғы “рационалды жануары” ретінде жаратқан, оның жаны өлмейді,мəңгілік, ол өлетін болса, ақиқат та өледі.Аристотель: “Ақиқаттың тұңғиығына жете алмайды.Ақиқаттың қайдан шыққанына ұялатын ештеңе жоқ, ол тіпті біз танымайтын, білмейтін алыс елдерден болса да. Ақиқат іздеген адамға ақиқаттың өзінен жақсы ештеңе де жоқ, ақиқатты менсінбей, оны айтқан немесе бізге жеткізгендерге жоғарыдан қарауға болмайды: ақиқатпен ешкімді төмендету мүмкін емес, керісінше - ақиқат кез-келген адамды нұрландырады”.Бердяев: “Ақиқат еркіндікте жəне еркіндік арқылы танылады”. “Ақиқатқа - аллаға ұласуға жетеді. Ақиқатқа жету қиын, бірақ оған ұмтылу, нəпсіні тиып, бойында аллаған махаббат пен имандылық қалыптастыру” - əрбір мұсылманның міндеті дейді Йассауи. Аквинат: “Философия – барлық ақиқаттың негізі болатын ақиқат (Құдай) туралы ілім”.

№7-билет

1.Абайдың қара сөздері

Абай Құнанбаев(1845 - 1904)-қазақ халқының көрнекті ойшылы, ағартушысы. Ол дәулетті Құнанбай шаңырағында дүниеге келген.

«Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздк пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын...Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын...»- деп Абай атамыз өзінің артынан қара сөздерін өсиетке қалдырып кетті. «Отыз жетінші сөзінде» Абай: «Адам баласын замана өсіреді, кімде кім жаман болса, замандасының бәрі виноват».

«Қырық төртінші сөзінде»: Адам баласы - істің өлшемі болады деп білді. Егер өлшем сақталмаса, шектен шықса, сапалық өзгеріс болатынын айтты.

«Қырық үшіінші сөзінде»: «Әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса- жарамайды. Өлшеуіш білмек – бір үлкен керек іс».

«... Көпте ақыл жоқ. Ебін тапта, жөнге сал»(«Отыз жетінші сөз»).Абай ғақияларында талай философиялық 45 қара сөздерден тұрған ғақлияларында талай философиялық ойлар толғаулар айтылған.

Сегізінші сөзінде: Күллі дам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек: әуелі надандық, екінші -еріншектік, үшінші- залымдық дейді.

 

 

  2.Философияның негізгі категориялары.

Категорияларға мыналар жатады: «бүтін», «бөлік», «жүйе», «құрылым», «элемент», «байланыс», «қатынас», «форма», «мазмұн», «жалпы», «ерекше», «жалқылық». Дәл осылардың көмегімен алуан түрлілік тұтастығының философиялық принипі методологиялық маңызына ие болады. Категориялардың барлығы өзара байланысты.

1. «Бөлік» және «бүтін» ұғымдары екі жағдайды білдіреді:

1) объективті заттар қарапайым, жай заттардан құралған 2) адамдар бастапқы нәрсені бұзып, оны жай құрамдастарға бөле алады.

2. Жүйе негізгі үш түрге бөлу қабылданған: тұрақты, қызмет етуші және дамушы.

«Жүйе», «байланыс», «элемент», ұғымдары алуан түрлі әлемнің бірлігі туралы, олардың ішкі өзара байланысы мен өзара әрекеттестігі туралы біздің көзқарасымызды тереңдетуге мүмкіндік береді, одан әрі қарай «қатынас», «құрылым», «форма» немесе «мазмұн» қажет.

Форма - бұл берілген құрылымның тұрақты қатынастарын олар қамтитын жай жүйелер элементтерден бөлек алып қарастыратын категория.

Мазмұн- берілген құрылым құрамындағы элементтер мен жай жүйелердің нақты жиынтығын білдіретін категория.

Гегельдің айтуы бойынша «мазмұн - форманың мазмұнға айналуы, ал форма- мазмұнның формаға айналуы».

 

3. Адамның мәні қай мағынада бар: ерекше субстанция ретінде ме немесе жан ретінде ме немесе филасофиялық талдау ретінде ме?

Ғылыми философияның түсінуінде дүниедегі ең бағалы, асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл - әрекеттердің негізі,өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл – ой туындыларының құдіретті иесі. Ал адам дегеніміз өзі кім? Адамның мәні неде?

Тарихшы – антрополог психологтың адамға беретін анықтамасы екі түрлі болуы мүмкін,биолог пен дәрігердің түсініктері бір – біріне ұқсамауы ықтимал. Өйткені, бұлардың әрқайсысы күрделі және біртұтас адам тұлғасының бір ғана қырын зурттейді және адамға негізінен өз замандасы тұрғысынан қарайды. Ондай сыңаржақты көзқарас көп қырлы тұтас бейнесін бере қоймайды. Бұл міндетті орындауға қабілетті бір ғана білім саласы бар, ол – философия.

Философия тарихында адам мәніне берілген анықтамалар көп. Ендігі кезекте «Адамның мәні нақты қай мағынада бар?» - деген сұраққа жауап ізделік:

Орта ғасырдағы латолицизмнің діншіл философы Фома Аквинский адамды дене мен жанның бірлігі, хайуан мен періштенің арасындағы нәрсе деп санаған. Жан оның ұғымдарында мәңгілік өлмейтін жақсылық сәулесі болса, дене – ынтымақтық аренасы, жанның ұясы. Сонда адамның мәні «жан» мағынасында айтылады деуге болады.

Адамның мәні – ерекше субстация ма? Арине, өйткені бір ойлағаннан «Адам деген кім?» деген сұраққа жауап беру оңай көрінгенмен, бұл сұраққа тереңірек үңіліп, адам ерекшелігінің табиғатын ғылыми тұрғыдан анықтауға тырыссақ, бірден-ақ үлкен қиындыққа кездесеміз. Ал субстанция адам мен оның санасының объективті реалдылығы.

Сол себепті адамның мәні субстанция мағынасында да бар.

Адамның мән-мағынасы мен мәселесіне көптеген философиялық талдау жасалған. Сондықтан философиялық талдау мағынасында да адамның мәні өте зор.

 

 № 8. билет

1. Философияның скептицизм және оның мәселелері

Жалпы грекше skeptikos қарастырушы, зерттеуші, сынаушы деген мағынада айтылған. Ол объективті шындықты танып білу мүмкіндігіне шүбә келтіретін философиялық концепция. Скептицизмнің ақыры агностицизмге және негилизмге әкелді. Скептицизмнің қоғам дамуының барысындағы бұрынғы қоғамдық идеалдардың ескіріп, жаңалары әлі күш ала қоймаған кезеңдерде белең алады. Философтардың доктрина тоқырауы тұсында бұрынғы философияның жүйелерге реакция түрінде пайда болды. Бұл жүйелер бір бірімен қайшылыққа түсе отырып, сезімдік дүниені ащыгөйлек пайымдар көмегімен түсіндіруге әрекеттенді. Пиронның, Аркесилайдың, Карнсадтың, Энесидемнің, Сеист Эмпириктің ілімдерінде скептицизм барынша айқын көрінеді.

Жалпы қабылданған және дәлелденген білімнің мүмкіндігіне шүбә келтіру скептицизмнің этикалық негізі болды. Монтеньнің, Шарронның, Бейльдің және басқа да еңбектерінде теологиялық аргументтерге шүбә жасалды жеке материализмнің қанат zhayuna негіз қаланды.

Қазір философияда скептицизмнің дәстүрлі аргументтерін позитивизм өзінше қабылдап, тікелей тәжірибе жасау арқылы тексерілмейтін болжамдарды тұжырымдауды,пікірлерді жоққа шығарады, скептицизм диалектикалық материализмде таным элементі ретінде мойындалғанымен (күдік,өзара,сын т.б.) философиялық концепция деңгейіне абсолюттендірілмейді. Ең басты мәселе де осы болып отыр.

 2. Ғылым дамуындағы революция. Ғылыми революцияның түрі.

Ғылыми революцияның бір түрі ғылыми техникалық революция. Біздің заманымызда ғылыми техникалық ревлоюция жүріп жатыр. Өндірістің әуелден келе жатқан салаларын өзгертіп ғылыми техникалық революция жаңа салалар туғызды, мысалы, атом өнеркәсібі, полимерлер шығару, биотехнологтя және нанотехнологтя және т.б. Ғылыми техникалық революция қысқа мерзімде табиғаттың көптеген сырын ашып, солардың іс жүзінде қолдануына жағдай туғызды. Ол ғылымның ішінде айрықша атауға тұрарлық сала салыстырмалы теориясы, кванттық механика, ядролық физика, полимерлер химиясы, кибернетика т.б. Мәселен ғылыми техникалық революцияның арқасында жапондар Еуропа елі IV ғ. Жеткен жетістіктерге небәрі I ғ. Жуық уақытта жетіп алды. Ғылыми техникалық революция адамға өте көп күш дарытқанымен, ол арқылы жеткен қару жарақ арқылы дүние жүзін аз уақытта қырып жойып жіберуге болады. Бұл бір керағар жағы.

Ғылымның дамуында революция маңызды рол атқарады. Физикадағы бірнеше ғылыми төңкерістерге мысал келтірелік:

А)механиканың дамуына үлкен үлес қосқан И. Ньютон, ол өзінің заьютон, ол өзінің заңдарын ашып физикада прогресс жасады. Ньютонның 1, 2, 3 заңдарі және бүкіл әлемдік тартылыс заңы арқылы классикалық механикадағы көп поцессті түсіндіруге болады.

Б) М. Планк неміс физигі, кванттық гипотезаны тұжырымдады және әсер өлшемділігі бар іргелі тұрақтыны енгізді. Осылай кванттық теориясын бастап берді.

   3. Өзінің таңдаған бейклассикалық нақты ғылымның қалыптасу тарихынан Н.Бордың сәйкестік принципінің интерпретациясын көрсетіңіз. Атақты даниялық физик Н. Бор Планктың кванттық теориясына сүйене отырып, атомның ядролық моделін жаңа нысанадан қарап талқылады. Бұл жөнінде Н.Бор мынадай екі постулат ұсынды: 1)электрон ядроны айнала қозғалғанда, олкез келген орбитаның, яғни стационарлық орбитаның бойымен қозғала алады. Электрон стационар орбитаның біреуінің бойымен үдей қозғалғанмен ешбір жарық шығарылмайды.

2)атом бір стационарлық күйінен екінші стационарлық күйіне көшкенде ғана жарық шығарылады немесе жарық жұтылады.

 

 

№9.билет

1. Механикалық материализм және ағартушылық сенсуализм.

Материализм(лат.materialis-заттық)- идеализміне қарама-қарсы ғылыми философиялық бағыт.Сыртқы дүниенің объективті түрде өмір сүретіні жайлы барлық адамдардың психиялы сенімі ретіндегі материализмнен ғылыми тұрғыдан негізделген философиялық дүниетаным ретіндегі материализмді айыру қажет.Филос.материализм материалдықтың алғашқылығын және руханилықтың,идеалдықтың соңғылығын тұжырымдайды, ал бұл дүниенің мәңгілігін,оны ешкімнің жаратпағандығын,уақыт пен кеңістік жағынан шексіздігін көрсетеді.Сана материяның жемісі дей отырып,материализм оған сыртқы дүниенің бейнелену формасы ретінде қарайды,сөйтіп табиғаттың танымдылығын қостайды.Философия тарихында материализм әдетте қоғамның алдыңғы қатарлы таптары мен топтарының ғана дүниетанымы болды, олар дүниені дұрыс танып-білуге, адамның табиғатқа үстемдігін күшейтуге мүдделі еді.Ғылымның жетістіктерін қорытындылай отырып, материализм ғылыми білімнің өсуіне,ғылыми әдіс-тәсілдердің дамуына жағдай жасады, ал бұл адамзаттың өзінің практикалық іс-әрекетінде табысқа жетуіне,өндіргіш күштердің дамуына игі әсерін тигізеді.Ежелгі материализмнің ең үлкен жетістігі- материяның атомдық құрылысы жайлы болжамды жасауы болып табылады.17-18ғасырдағы материализм механикамен және математикамен байланысты болғандықтан ол механикалық сипатқа ие болды.Қайта өркендеу дәуіріндегі натурфилософ- материалистерге қарағанда 17 ғасырдың материалистері табиғаттың соңғы элементтерін сапасыз және өлі деп қарастыра бастады.Материализмнің тағы бір ерекшелігі,бұл дәуірден табиғатты бір- бірімен байланыссыз,бір-бірінен айтарлықтай алшақ зерттеу объектілері мен салаларына бөліп талдау жасады және оларды дамудан тыс қарастырды.Сенсуализм(лат.sensus-сезім,түйсік)-танымның бастауы тек қана түйсік деп есептейтін гносеологиядағы ілім.Егер сезімдерді объективтік шындықтың бейнесі деп қарасақ, онда дәйекті сенсуализм белгілі жағдайлар да материализмге әкеледі.(Гольбах,Гельнеций,Фейербах).Ал, егер түйсікті тек субъективтік,олардың арғы жағында ештеңе жоқ деп немесе тану мүмкін емес “өзіндік зат” деп алсақ, онда сенсуализм субъективтік идеализмге әкеледі(Беркли,Юм,Кант,Мах,Авенариус,Бегданов).Сондықтан сенсуализм өздігінен философиядағы материалистік бағытты айқындай алмайды және оның өкілдері көп жағдайда идеализммен күресте шарасыз.

 

2. Диалектиканың категориялары: мән және құбылыс, бөлшек және біртұтас.

Диалектика деген сөз ертедегі гректің екі диа (екеу), лог (ұғым, мағына)сөзінен тұрады. Диалектиканың пайда болуы пікір таластық іс әрекетке байланысты болды. Диалектика белгілі бір процесс, ақыл ой мен дүние мәңгі қозғалыста, қимылда деп түсіндіру әдісі.

Гераклит дүние мәңгілік қозғалыста, қозғалмайтын нәрсе жоқ деді. Болмыс пен болмау өзара байданыста, біріне бірі тәуелді және біріне бірі өтіп отырады. Бұның диалектикалық ойдың тарихына өосылған зор үлес екендігіне дау жоқ.

Диалектика ойлаудың ең икемдісі, дүниені жан жақты зерттеудің, яғни әр түрлі байланыстардың әрқайсысын ашып, қарама қарсы күштердің даму барысындағы өзгерістер мен процесстердің негізін табу. Диалектика ойлаудың объективтілігі, софистика ойлаудың субъективтілігі.

Диалектика ұғымы үнемі тарихи дамуда болып, мазмұны тереңдей береді. Сондықтан оның тарихи формаларын ажырата білу керек: стихиялық немесе қарапайым диалектика дүниенің сезімде берілетін сырт бөлігінің мәңгі өзгерісіне сүйенеді; идеалистік диалектика аөыл ойдың жалпы ұғымдарының бір біріне ауысып отыратынына негізделген; идеалистік тарихи диалектика ұрпақтар санасындағы қайшылықтардың болуына жүгінеді; материалистік диалектика қайшылық пен даму санаға ғана емес, дүниенің өзінде де бәрін дәлелдейді.

Философия өте жалпы байланыстарды, заңдылықтарды қарастыратындықтан өте жалпы ұғымдарды қолданады, оларды категориялар д.а. Диалектика категориялары дүниенің дамуын көрсете білуі үшін, дамудың көзі қарама қайшылық екенін ескертіп, әрқашан қосалқы қарама қайшы ұғымдар ретінде беріледі. Мұндағы негізгі мақсат: қарама қайшы ойлар, зат, құбылыстар бір біріне өтіп отыратынын көрсету, дүниенің шынай үзіліссіз байланысын үзілістен тұратын логикалық ойлауда бейнелей білу.

 

3. Гегель философиясы бойынша әр халық еріктілік ұғымын қай деңгейде түсінсе соған сай қоғам құрады.

 Гегель өз ілімін жаңа негіздерден алып шығады. Өзіне дейінгі ойшылдармен салыстырғанда Гегель болмыстың жаңа түсініг береді. Гегель болмысты субъект ретінде түсінді. Шынайы субъект Абсолюттік идея болып табылады.

Әрбір табиғи зат, қоғам және адамның рухани өмірінің құбылыстары Абсолюттік өзіндік өзгеруінің диалектикалық үдерісі ретінде көрінеді және ол қажетті.Осылайша, Гегель Канттың табиғат және еркіндік деген салаларға бөлген жіктеуін қабылдамай, жаңа нұсқа ұсынды.Гегельдің ойынша мәденилену ретінде, өзінің табиғи және индивидуалдық шектеулілігін, партикулярлық және жеке мүдделерді игеріп, оны жалпылыққа дейін көтеру үдерісі ретінде көрінеді. Әлемдегі адам болмысы мақсат өоя білу және оған жету қабілеттерімен, тек ішкі рухани тұрғыда еркіндікке ие болу ғана емес, қойылған мақсаттарды жүзеге асыра отырып, нақты практикалық тұрғыда ад еркіндікке ие болумен сиаптталады.Еркін рух өзінің жүзеге асуын нақты өмірден, тарихтан, объективті рух саласынан табуы тиіс. Еркіндік дейді Гегель, танылған қажеттілік болып табылады. Адам ақыл ойдың көмегімен әлемді, оның заңдарын тани отырып, оны өзгертуге қабілетті, әлемді бағындыруға өз күші мен қуат жігерін жұмсай отырып, өз үстемдігін орнатуға қабілетті. Адамның өзі өзгертіп құрған әлемі еуропалықтың әлемі б.т. және ол өзге халықтар үшін Канон болып саналады. Бұл әлем «адам өзінің сана сезіміне толық қолы жеткен, ешқандай бқгет, кедергі жоқ деп саналатындай өзіндік сенімнің дәрежесіне ие болған, және, сондықтан барлық нәрселерден өзінің қатысын көре алатын ақыл ойдың әлемі болып табылады. Сондықтан мұнда білімге деген шексіз ұмтылыс үстемдік етеді.»

 

№10 – билет

  1. Ф. Бэконның адасушылық туралы

Ф.Бэкон Лондонда жоғарғы қызметкердің отбасында туды, 20 жыл бойы оның әкесі ең соңғы күніне дейін мемлекет орындарында қызмет атқарады. Шешесі Анна Кук өте білімді болған. Бэкон Аристотель, Платон,Софокл және басқа ойшылдардың еңбегін оқып, зерттеді. Оларға сыни көзбен қарады. Бэкон ақиқатқа жету үшін адам ақылында кездесетін жалған пікірдің әр түрлерінен (идолдардан) құтылуды ұсынды. Ол елестердің төрт түрін көрсетті;

1) «Тектік елестер» Ол адам табиғатының өзінен, адам ақылы мен сезім мүшелерінің жетілмеуінен болады:

2) «Үңгір елестері» Ол адамның қоршаған дүниені субьективтік қажеттілік түрде қабылдауымен байланысты: 

3) «Нарық» (немесе базар алаңындағы) елестері, ол дұрыс емес, не дәл емес сөздердің нәтижесінде туады.

4) «Театр» елестері беделге, соның ішінде дәстүрлі философиялық жүйелерге сөзсіз сенуге болудан шыққан.

Ол танымның жолындағы кедергілерді алып тастауды ұсынады, адамды жаңа ақиқатты игеруге шақырады. Елесті жоюдың негізгі құралы тәжірибеге жүгіну және нақты деректерді ғылыми әдіспен талдау дейді. Мұндайды эмпиризм деп атайды. Ақиқат әдісті таңдау проблемасын Бэкон аллегориялық (әдебиетте, өнерде дерексіз, деректі, нақты бейнелер арқылы көрсету), әсіресе мысалдарда, ертегілерде көп қолданылатын тәсілдермен шешеді. Оның пікірінше, танудың үш долы бар: өрмекші, құмырсқа және ара жолдары. Бұлардың әр қайсысының өзінің жағымды және жағымсыз жақтары бар.

  «Өрмекшінің жолы» - ақиқатты «таза» санадан шығару әрекеті. Бұл жлд фактілер мен шындықты дәлелдейді. Мұндай әдіспен алатын қорытынды білім гипотеза, ғылыми болжам түрінде болады. Олар ақиқат немесе болжам болуы мүмкін. Бұл әдісті догмаларды ұстанушылар мен рационалистер қолданады. Өрмекшінің өрмегі секілді ақылдарын ттоқиды.

  «Құмырсқа жолы» бір жақты эмпиризм, тек фактілерді жинау. Эмпириктер құмырсқа секілді жекеленген фактілерді ьабандылықпен жинайды, бірақ бұл әдіс аз нәтиже береді, себебі зерттеуші зерттеу затының мәнін толық болмайды.       

   «Ара жолы» алғашқы екі әдістің жақсы жағын біріктіреді. Олардың әрқайсысының бар кемшіліктен бос көмегінің арқасында эмпириядан теория көтеріледі. Өсімдіктердің гүлінен нектар жинайтын, оны балға айналдыратын ара іскер болуы керек.

Бэкон теория мен практиканың танымда сезім мен рационалдықтың бірлігін жақтады. Бірақ жаратылыстанудың дамуында математиканың ролін кемітті, Коперниктің гелиоцентрлік жүйесін мойындамады. Соған қарамай ол эксперименттік ғылымның негізін қалады. Бэконның басты шығармасы «Жаңа Органон», ол танымның методологиясы. Бэкон негізгі әдіс ретінде индукцияны ұстанады. Ол тәжірибе мен экспериментке, сонымен бірге сезімдегін қорытындылау және талдау әдісі арқылы айқындайды. Индукция жеке ойлардан жалпы қорытындылар шығаратын ойлау тәсілі.

2. Вернадскийдің   ноосфера туралы ілімі.   Адамзаттың жетілуіне сай биосфера өзінің келесі саналық сатысына Ноосфераға (Ноос ақыл, ой деген сөзінен шыққан) өтеді. Ноосфера туралы ғылымның негізін қалаған орыс ғалымы И.В.Вернадский (1863 - 1945) Ноосфера: ақыл ой өрісі ойланып істейтін әрі басқарылып отыратын әрекеттің көрінісі. Табиғатты жоспарлы жүйелі әрә сапалы түрде пайдалану, өзгерту, түрлендіру жемісі. Ақыл ойдың құдіреті арқылы дүниеге келтірілген ғажайып техникалық құралдар табиғатты бүлдірмей оны сақтауға, гүлдендіре түсуге тиісті. Ноосфера ақыл ой сферасы, адамның өмірінде, оның материалдық және рухани мәдениетінде пайда болады. Ноосфера әрдайым ұлғаяды және болмыстың басқа да салаларына тарайды. Келешекте ноосфера жер үстінде жетекші болып космосқа ауысады деген ойларды айтып, Вернадский биосфераның ноосфераға өтуінің әлеуметтік табиғи негізгі алға шарттарын анықтады: 1) жер шарының әлемдік тарихын қамту және адамзатты біртұтастыққа айналдыру. 2) байланыс құралы мен жетістіктерді айырбастауды қайта құру. 3) энергияның жаңа көзін табу. 4) барлық адамдардың тұрмыс халін көтеру және олардың теңдігіне жету.

 

3. Жаңа технологиялар мен біздің табиғатқа сай әлеуметтік сұраныс арасындағы байланысты көрсетіңіз.

 Антика заманында техника түсінігі адамның жасампаз іскерлігі мен ішкі қабілетін, осы іскерліктің өзіндік сонымен бірге адам әрекетінің жемісті болуындағы көмегін айады. Техниканың әлеуметтік мәні және сипаты:

    Жеке еңбек қаруын техникаға жатқызуға болмайды;

     «techne» антикада жерді өңдеу, аң аулау, теңізде жүзу, дәрігерлік, тоқыма, қару жасау және театр өнерін техникалық білім өндіріс процесінде ой арқылы объектіні құрастырады, проекті жасайды. Оны мақсатты құрал ретінде көру қажет.

Техниканың даму барысын табиғаттың өзгерту мүмкіндігі бар. Бір жағынан, техника мен табиғат ұқсайды, ал екінші жағынан, ол табиғатты адамның керегіне қарай өзгертеді. XVII- XVIII ғғ. Ғылыми революция дәуірінде батыс еуропа елдеріндегі өндірістегі өсгерістер, латын  «technica ars» (өндірістегі өнер әдісі) француз тіліне «tehnijes» содан кейін неміс тіліне «technic» болып сөйтіп термин арнайы мамандық бола бастайды. Жаңа дәуірде ол күрделі құралдардың бірлігін, әрекетін және еңбек қаруы және машина ретінде қарстырылды. Сондықтан, бұл сөздің мәні өзгереді. Органикалық табиғат саласында ауылшаруашылық, техника, биотехнология және т.б. пайда болды. Сонымен бірге, техникаға ойлау, айтысу өнерлері жатады: ес (мнемотехника), сурет салу, музыка аспабында ойнау; өндірісті, мемлекетті басқару техникасы түсініктері кең түрде қолданыла бастады.

Сонымен қазіргі замандағы техника түсінігі мынадай деуге болады:

- білім саласында эмпириялық пен теориялық білімді байланыстырушы жүйе саласында көрінеді;

- адам әрекеті саласында: барлық құралдармен іс қимыл мүмкіндіктері және қажеттілігіне сәйкес табиғатты және үстемдігін орнатудың амал тәсілдерінің жиынтығы;

- шеберлік пен дағдылықтың бірлігі, кәсіп ерекшелігіне байланысты адамдардың әрекетінің түрі.

Қазіргі замандағы ғылыми техникалық прогресс (ҒТП) кезінде адамдар өте жоғары дәрежеде білімді болуы керек. Авто маттандыру және кибернетизациялау жұмысшылардың уақытын үнемдейді,өндірістің жаңа түрлері пайда болады. Техника және ҒТП адам ақыл ойының зор табысы. Осы табыстарға сүйене өндіргіш күштер дамыды.     

№11-билет

1. Р. Декарттың философиясы.

Декарт Рене (1596–1650). Ол философияның, физиканың, математиканың және дамуына үлкен әсер етті. Декарт дуализм мен рационализмнің өкілі. Дедуктивтік – рационалистік әдісінің негізін қалады. Геометриялық оптиканы, аналитикалық геометрияны, координаттар жүйесін жасады, идеясын ұсынды. Космологияда (дүниенің құрылымы), космогонияда (планеталардың пайда болуы және құрылымы), физика және физиологияда Декарт материалист. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын, оның объективті даму құқықтарының бар екенін, бірақ олардың механикаға негізделгенін айтты. Психологияда, таным теориясында ол – «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін» (Cogilo, ergo zum) –деген қағидаға сүйенеді.

1. Әлемде адамға түсініксіз көптеген заттар мен құбылыстар өмір сүреді. Олар бар ма? Олардың қасиеті қандай? Мысалы: Құдай бар ма? Дүниенің шегі бар ма?

2.  Қай затқа, қай құбылысқа күмән келтірмеуге болады? (Қоршаған орта өмір сүре ме? Күн жарқырай ма?

3. Олай болатын болса тек күмәндану анық факт және еш дәлелдің қажеті жоқ.

4. Күмәндану ойдың қасиеті, демек шын өмір сүретін адам күмәнденеді, ойлай алады, яғни адам ойлайды.

5. Сондықтан ойлау болмыстың да, танымның да негізі. Ол ақыл ойдың жұмысы, олай болса болмысв ақыл ойда бар.

Декарт болмыс проблемасын зерттеу барасында болмыстың мәнін сипаттайтын ұғымды шығаруға болады, оны субстанция деп атайды. Субстанция – ішкі бірлігі жағынан қаралатын объективтік шындық, қозғалыс біртұтас, үздіксіз дамып отыратын материя. Субстанция– дүниеде бардың бәрі, өз өмірінде басқаға ешқандай тәуелді, тек өз өзіне ғана тәуелді.

 

2) Қоғам ұғымы және құрылымдары

 Қоғам дегеніміз  адамдардың алуан түрлі сапалы іс әрекеті мен қызметінің нәтижесінде жай адамдар бірлігі. Адамдар қоғамда өмір сүріп әрекет етеді, ол қоғамның ажырамас бір бөлігі. Адамзат қоғамы табиғаттың ерекше бөлігі, ол табиғаттың ұзақ уақыт эволюциялық даму нәтижесінде пайда болады. Адамзат қоғамы әлемдегі барлық тірі жүйенің ең жоғарғы сапалы даму дәрежесінің көрсеткіші. Адамзат тарихындағы қоғамның дамуы мен қалыптасуы туралы осыдан жүз жыл бұрын жане қазіргі кезде жоғарыдағыдай пікір жоқ. Қоғамда көптеген жасырын терең құпиялар көп, оларды қыл оймен танып білу өте қиын. Қоғамды зерттейтін ғылымдар әлі жас деуге болады. Олар; филослфия, социология, тароих, демография жане т.б., бұлар өздеріне зерттеу обьектісі болатын материалдарды әлі толық жинап ала алған жоқ.

Қоғамды идеалистік тұрғыдан танып білу әлі күнге дейін басым, оның мәнісі мынада;

Қоғамды билейтін күш идея. Әр дәуір идеяға байланысты өзгереді. Бірақ сол идеялардың қалай пайда болатыны қаралмады.

Қоғамның дамуында обьективтік диалектикалық заңдылық және детерминистік байланыс бар екендігі ескерілмеді.

3.Жаттанудың осы заманғы формалары мен шешу жолдарын талдаңыз.

Жаттану - өздері жасаған,өз іс әрекеті туындыларының адамдарға үстемдік етуі, адамдарға қарсы тұратын жау күшке айналуын білдіретін ұғым. Адамдардың практикалық және рухани қызметі нәтижелерінің қоғамдық қатынастар(немесе қалыптасқан дәсрүрлер мен ұғымдардың) дамуының құралы болуының орнына,керісінше,адамдарды өз дамуының құралына айналдыруы. Жаттануды алғаш байқап ол туралы ой айтқан XVII ғ француз Руссо және неміс Шиллер, Гете ағартушылар болды. Жаттану проблемасын зерттеу кейіннен неміс классикалық философиясында жалғасты.Әсіресе, Гегель философиясында жаттану идеясы кең орын алды.Оның ойынша,бүкіл объективті дүние табиғат рухтың жаттанған формасы іске асқан түрі,дамудың белгілі бір сатысы.Рухтың одан әрі дамуы табиғаттан,әлемнен өзін өзі тануы және табуы,сол арқылы табиғи меңіреуліктен босанып,таза рух қалпына қайта оралуы деген.Гегель жаттану мен затануды бір нәрсе деп қарады.Дегенмен, Гегельдің түсіндіруінде, еңбектің әлеуметтік мәні туралы ақиқат пікірлер де бар.Фейербах дінді адам мәнінің анық өзінен жатануы деп қорқытты.Адам еңбегінің оның өзінен жаттануының тарихи себептерін материалистік тұрғыдан алғаш түсіндірген Маркс болды.Маркстың ойынша жаттану адамдардың субъект,яғни өз тарихының бірден бір авторы болып қалыптасуында тарихының субъектісі болып үлгермеген адамдар өзін

№12билет

2.Философиядағы сана мәселесі. Өзіндік сана.

Сананың пайда болуының екі жағы бар:

1.Биологиялық шарттары: а) адамға ұқсас биологиялық түрдің пайда болуы

                                                  Б) бастағы ми, нерв жүйесінің күрделенуі

                                                   В) дене құрылымы, тік тұрып жүруі

2.Әлеуметтік негізі:

А) еңбек құралдарын жасап, заттарды өңдеуі, күшінің көбеюі

Б) сөз, тілдің пайда болуы. Сөз өз кезегінде абстракциялық ойлауды дамытады

В) адамдар арасындағы қатынастардың жетіліп, сүйіспеншілік өседі.   

С)адам санасынан тыс өмір сүретін құбылыстардың күрделенуі.

    Өзіндік сана сананың жетілген дәрежесі. Оның негізгі көрсеткіші өз ерекшклігіңді түсіну. Жетілген сана өзіндік сана, қайталанбайтыныңды түсіну. өзіндік сана адамның танымдық, өнегелік. діни, эстетикалық және саяси салаларда өзінің іс әрекетін субъект ретінде түсінуі. Басқа сөзбен айтқанда, өзінің адамгершілігін, мақсатын, идеалын және жүріс тұрысының дәлелін білуі, өзінің басқа біреулермен салыстыру арқылы кім екенін анықтауы. Жеке және қоғамдық сана, олардың диалектикалық байланысы бар. Әр адам саналы. Қоғамдық сана жеке саналардың жай қосындысы емес, сонымен бірге жоғарғы күрделі жиынтық. Сана әрадамның жеке басына, біліміне, өмір сүруінің жағдайына, мінезіне байланысты қалыптасады.

  3. Позитивизм «Өлшенбейтін ұғымдардың барлығы ғылымға жатпайды» деген ұраннан басталды. Осы тұжырымдама қай жағынан дұрыс, қай жағынан бұрыс.

 Позитивизм дұрыс пікір болып дүниеге келді, оның негізін салған Огюст Конт және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. Бұл философияның негізі Д.Юм мен И.Кантқа тіреледі. Олардың мақсаты – ғалымдарды толып жатқан алдын ораған ойлардан, былайша айтқанда, философиядан азат ету. Олардың пікірінше, әрбір ғылым өз алдына философия.Сол ғылымдарды зерттеу қажет. Позитивизм – идеалистік философия, оның ішінде субьективтік идеализм. Позитивизм эволюциясы үш кезеңнен өтті. Бірінші кезеңі – позитивизм, екінші кезеңі – эмпириокритицизм, үшінші кезеңі – неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. Позитивизмнің пайда болуына әсер еткен Гегель диалектикасының дүниеге келуі. Диалектиака метафизиканың кемшіліктерін айқын көрсетті. Одан соң, сол кезге дейінгі философия ғылымдардың ғылымы делініп келді.Бірақ нақты ғылымдардың тез қаулап дамуы философияның енді ғылымдардың ғылымы емес екенін айқын дәлелдеді. Осы себепті арнаулы философиядан бас тартып, жаңа жол іздестіріле бастады. Эмпириокритицизмді жақтаушылар біздің санамыздан тыс объективтік өмір бар, бірақ ол біздің сезімдеріміздің жиынтығы, қосындысы, деді. Эмпириокритицизм позитивизмге қарағанда шындықтан әлдеқайда алшақ. Эмпириокритицизм біздің сезімімізден тыс ешнәрсе жоқ, барлық дүниені біздің сезіміміздің нәтижесі деп қорытынды жасап, объективті өмірді субъективті сезімге айналдырды. Позитивизмнің үшінші түрі неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. Ол XX ғ. 20-жылдары дүниеге келді. Өкілдері: Морис Шлик, Рудольф Карнап, Отто Нейрат, Филипп Франк, т.б. Бұлар өз ойларын қатаң түрде ғылыми логикаға негіздемек болды. Осыдан келіп математикалық логика дүниеге келді. Сондай-ақ, әрбір сөздің мағынасын ашу мәселесі, ақырында, себептілік, қажеттілік, мүмкіндік, бөлшек, т.б. категориялар мәселесі туындады. Неопозитивистер ғылыми пікір айтудың екі жолы: эмпирикалық және логикалық-математикалық жолы бар, деді. Тек қарап, көзбен көру қажет әдісті эмпирикалық әдіс дейді. Ал егер көзбен көруге болмаса, онда логикалық-математикалық әдіс қолданылады. Оны тавтология деп те атайды. Неопозитивистер ғылымдардың объективті заңдылықтары болатынын мойындамайды.Ғылым заңдары абсолют емес. Ғылымдарды ғалымдардың субъективті топшылауы деп тұжырымдады.

№13- билет

1. И. Канттың философиясы. Импиративтік принцип

И. Кант жаңа замандық парадигма желісін, эпистемологиялық проблематика бағдарын онан әрі жалғастырды. И. Кант өзінің трансценденталдық философиясы көмегімен эмпиризмнен(Локк пен Юм), рационолизм мен скептицизмнен асып түсуге тырысты. Канттың пікірінше, кеңістік пен уақыт танымға тән қажеттілік болып табылады. Рационализм мен эмпиризмді синтездеуге тырысып Кант танымдағы субъекттінің белсенділігін мойындайды. Кеңістік, уақыт, себептілік тәжірибеге дейін берілген, яғни априорлы. Оларды меңгеру жаратылыстану ғылымдарының танымдық шарттарына философиялық рефлексия жасау арқылы ғана мүмкін болады. Адамның танымдық әрекет аумағына енген сыртқы нақтылық объект деп, ал танымдық қабілеттің тікелей бағытталған нарсесін зат деп атайды. Кант танымның мынадай типтерін айқындайды: аналитикалық, синтетикалық, синтетикалық априорлы таным. Синтетикалық априорлы таным дегенді Кант тәжірибеге бағынбайтын таным деп түсіндіреді. Синтетикалық апостериори тәжірибеге бағынышты таным. Ал аналитикалық априорлы деп ұғымдар арасындағы байланыстарды талдау нәтижесінде пайда болатын таным типін айтады. Канттың пікірінше, рационалдық догматизмнің берік негізі жоқ, себебі рационалдық интуиция тек жалған меңгеру ғана болып табылады. Кант моральдың дербес статусын жаратылыстанумен салыстырмалы түрде негіздейді. Оны негіздеудегі Канттың өзіне дейінгі және замандас ойшылдармен салыстырғандағы ерекшелігі «сен тиіссің» деген нақты нормадан шығуында болды. Бұл норма абсолюттік принцип болып табылады. «Сен тиіссің» длеген императив өзге де трансцендентальдық формалар кеңістік, уақыті себептілік және т.б. сияқты санамызға сіңіп кеткен. Моральдық міндеткерліктің мынадай сипаттағы категориялық императиві бар: «Жалпыға тән заңға айналғанын өзің қалай алатын ұстанымды ғана өзіңе жетекшілікке ала отырып әрекет ет» Демек, бұл принцип әркім және барлығы үшін норма болып табылады, өйткені ол жасырсын емес және дұрыс, жалпыға тән үлгілі стандарт ретінде қызмет атқарады.Категориялық императив Канттың ойынша априорлы сипат алады.

 

2. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары және олардың танымдық рольдері

Диалектика ойлаудың ең икемдісі, дүниені жан жақты зерттеудің, яғни әр түрлі байланыстардың әрқайсысын ашып, қарама қарсы күштердің даму барысындағы өзгерістер мен процесстердің негізін табу. Диалектика ойладың объектілігі, софистика ойлаудың субъектілігі.Диалеатика ұғымы үнемі тарихи дамуда болып, мазмұны тередей береді. Сондықтан оның тарихи формаларын ажырата білу керек: стихиялық немесе қарапайым диалектика; идеалистік диалектика ақыл ойдың жалпы ұғымдарының бір біріне ауысып отыратынына негізделген; идеалистік тарихи ұрпақтар санасындағы қайшылықтардың болуына жүгінеді; материалистік диалектика қайшылық пен даму санада ғанғ емес, дүниенің өзінде де барын дәлелдейді. Заңдары:

1) Қарама қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы: Бұл заң дамудың түп негізі құбылыстар мен процестердің қайшылығында, оларға тән ішкі қарама қарсылықта дамудың өзіндік себебін ашып көрсетеді. Мынадай ұғымдар арқылы сипатталады: Сәйкестік; айырмашылық; қайшылық; қарама қарсылық. 2) Сан мен сапа өзгерістерінің бір біріне өту заңы: Заттар мен құбылыстардың бір бірімен бірлікке өмір сүретін белгілі бір сапалық және сандық сипаттамалары болатынын анықтайды. Сапа объектіні анықтаушы. Заттар жаратылысының айырмашылығын, ұқсастығын, ерекшелігін және тұтастығын білдіретін маңызды белгілерінің жиынтығын сапа деп аталады. Қасиет бір заттың басқа затпен өзара әсерінен пайда болатын сапаның көрінісі және затты қандай да болсын бір жағынан сипаттайды. Сан белгілі бір сапаның шамасын, даму қарқыны мен дәрежесін білдіретін белгі. Өлшем қасиеттер мәндерінің белгілі бір сандық аралығы.    3) Терістеуді терістеу заңының  мәнін түсіну үшін негізгі категоряны анықтап, байланысын зерттеу керек. Бұл за


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: