Тарау. Саяси социология 13 страница

Бұл кезеңде Қазақстан ғылымында қоғамның әлеуметтік құрылымын зерделеудің әдістемелік негіздері қаланды, ол 90-шы жылдары социология ғылымы шеңберінде одан әрі дами түсті.

ХХ ғасырдың 80-ші жылдары социология қоғамға саяси және экономикалық дағдарыстан шығуға көмектесетін ғылымға айналды. Партия ұйымы кәсіпорындар мен ұйымдарға социологтарды тарту, социологиялық зерттеулерді қолдану жөнінде нұсқаулар берді және т.с.с. 1988 жылы “Қоғамдағы түйінді әлеуметтік проблемаларды шешудегі маркстік-лениндік социологияның рөлін көтеру туралы” қаулы шығып, ол социологтарды практикаға кеңінен тартудың ресми бастамасы болды. 1988 - 89 жылдары Одақ бойынша 13 жоғары оқу орнында халық шаруашылығы мамандарын даярлайтын, қайта даярлайтын және біліктілігін көтеретін социологиялық факультеттер мен бөлімшелер ұйымдастырылды. 1988 - 89 оқу жылында социологиялық мамандықтар бойынша елімізде барлығы 1000 шақты студент пен 85 аспирант білім алды [27, 6-б.].

1987 жылдың жазында Кеңес социологиялық ассоциациясының Қазақ бөлімшесі құрылды. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың философиялық-экономикалық факультеті базасында социология бөлімшесінің ашылуы Қазақстан социология ғылымының қалыптасуында шешуші болды және мамандар даярлауда базалық болды. 1988 жылдың екінші жартысында екі ғылыми орталық ашылды: Қоғамдық пікірді зерделеудің республикалық орталығы (ҚПЗРО) - Бүкілодақтық орталықтың филиалы және ҚазКСР ҒА Экономика институтының жанындағы социологиялық орталық. 1988 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың БКИ жанында Ю.Дуберманның төрағалығымен “Социолог” кооперативі ұйымдастырылып, ол екі бағыт бойынша қызмет көрсетті: жеке ұйымдардың тапсырыстары бойынша социологиялық зерттеулер жүргізу және халық шаруашылығы мамандарының социологиялық біліктілігін көтеру.

Қазақстандағы социологияның институттану мәртебесін ҚР Ғылым академиясының департаменті бейіні бойынша ғылыми кадрлар даярлауға, докторлық және кандидаттық ғылыми дәрежелер алу үшін ізденуге болатын ғылым ретінде бекітті. 1991 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың жанында социология ғылымдарының кандидаты және докторы ғылыми дәрежесін алуға іздену үшін диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Аспирантура мен докторантурада мамандарды даярлау әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар мен процестер мамандықтары бойынша жүреді. Қорғауға шығарылатын диссертациялардың ғылыми тақырыптары әр алуан, жалпы алғанда қазіргі заманғы қазақстандық социумның проблемалары көрініс тапқан. Диссертациялық кеңес жұмыс істеген кезеңде қырықтан аса ғылыми зерттеулер қорғауға ұсынылған.

Жоғары оқу орындарындағы социологияның қалыптасуы мен дамуына 1996 жылы социологиялық ғылымдардың докторы, профессор К.Ғабдуллинаның жетекшілігімен құрылған “Социологтар академиясы” социологиялық орталығы үлкен рөл атқарды.

Қазақстандық социологияның дамуы мен қалыптасуына Нариман Әбдірахманұлы Аитов ерекше үлес қосты. Ол ондаған ғылыми еңбектер, алғашқы жаңа буын оқулықтарын жазған. А.Ә. Аитовтың жаңа еңбектерінің бірі “Тең емес адамдардың теңдігі” марксистік және қазіргі заманғы әдістемелердің өзіндік ара жігін ашушы болды.

Қазақстанда қазіргі заманғы социология ғылымы

дамуының негізгі бағыттары

 

Ғылымның дамуы ғылыми қауымдастықтың, мектептердің және бағыттардың бар екенін білдіретін тұжырымдамалардың, ғылыми бағыттар мен парадигмалардың бекуінен көрінеді.

Қазақстандық кәсіптік-ғылыми социологиялық қауымдастықтың жасақталу ерекшелігі бұл ғылымның қалыптасуы кезеңінде әр түрлі салалардың зерттеушілері мен ғалымдарын біріктіргенінде, олар: тарихшылар, философтар, экономистер, психологтар, филологтар, саясат танушылар, инженерлер, математиктер және т.с.с. Ғылымның өзегі ғылыми ізденіс, зерттеу жобалары, іргелі және қолданбалы зерттеулер процесінде, әдістемелер мен теорияларды жасауда қалыптасады. Ғылымның кәсібиленуі мен өзіндік ерекшелігінің көрсеткіші - мамандардың, ғалымдардың және тәжірибешілердің болуы.

Қазақстандағы ғылыми және тәжірибелік социологиялық қызметтің ұйымдық-құрылымдық тұрғысынан мынадай құрылымдары бар:

1. Жоғары оқу орындары социологиясы

· кафедралар, бөлімшелер, факультеттер

· Профессорлар-оқытушылар құрамы

· Ғылыми және оқу-әдістемелік база

2. Қолданбалы социология

· Зерттеу орталықтары

· Кәсіби кадрлар

· Материалдық-техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету

3. Кәсіби бірлестіктер

· Қазақстан социологтарының ассоциациясы

· Қоғамдық пікірлер мен нарықты кәсіби зерттеушілердің қазақстандық ассоциациясы.

Жоғары оқу орны социологиясы ғылымның өмір сүруі мен дамуының негізгі факторы болып табылатын социологиялық білім беру жүйесін жасақтайды, сабақтастықты қамтамасыз етеді.

Қазақстандағы социологиялық білім беру екі деңгейде қалыптасады. Бірінші деңгей - жалпы гуманитарлық. Қазіргі уақытта социология жоғары оқу орнының міндетті оқу пәні болып табылады. Жоғары білім алуға талапкер студенттердің барлығы осы пән бойынша жалпы гуманитарлық даярлықтан өтеді. Екінші деңгей - социолог маманды көп сатылы даярлау. Ол бакалавриаттағы, магистратурадағы, аспирантура мен докторантурадағы іргелі базалы дайындыққа негізделген.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша 2002 - 2003 оқу жылының басындағы жағдай бойынша социологтарды республиканың 10 жоғары оқу орны даярлауда (1-кесте).

1-кесте

Қазақстан Республикасының “Социология” мамандығы бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындары

№№ Жоғары оқу орнының атауы Аспи­ран­ту­расы­ның бар-жоғы Магис­тратура­сы­ның бар- жоғы Оқы­ту тілі Бейімдік немесе біріккен кафедра­лар
1. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты - бар қазақ, орыс біріккен
2. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті - - қазақ, орыс біріккен
3. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - - қазақ, орыс біріккен
4. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті - бар қазақ, орыс біріккен
5. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті - - қазақ, орыс біріккен
6. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті - - қазақ, орыс біріккен
7. Х.А. Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті бар - қазақ, орыс біріккен
8. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бар бар қазақ, орыс профильдік
9. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті бар - қазақ, орыс біріккен
10 Шығыс гуманитарлық институты - - орыс біріккен

 

Осы мамандық бойынша жоғары оқу орындарында барлығы 522 адам оқып жатыр. 2002 - 03 оқу жылының басында республикада “Социология” мамандығы бойынша оқу бітіргендердің саны 138 адам болған.

Елімізде “Социология” мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білімді мамандарды даярлауға 2002 - 03 оқу жылына 30 мемлекеттік білім беру гранты мен 20 несие бөлінді.

Кеңестік білім беру жүйесінде социология жоғары оқу орнының пәні ретінде болған жоқ. Қоғамды әлеуметтік процестерді, әлеуметтік-таптық қатынастарды ғылыми зерделеу “ғылыми коммунизм” курсында көзделген болатын. Социологиялық мамандықтар дәрежесінен “қолданбалы социология” ұсынылды. Мамандық туралы аннотацияда былай делінген: “Қоғам туралы ғылыммен “қолданбалы социология” мамандығы да байланысты. Бұл мамандықта оқыған болашақ социологтар жеке институттардың, процестердің, қоғамдық топтардың заңдарын, дамуы мен қызмет етуінің қозғаушы күштерін қоғамдық-экономикалық формациялар мен жалпы тарихи процестер шеңберінде зерделеудің марксистік көзқарастарын меңгереді” [28, 7-б.].

Қазіргі заманғы социологиялық білім берудің басты мақсаты - социология ғылымы туралы толық, жүйелі түсініктерді, сондай-ақ әлеуметтік шынайылықты зерделеу саласындағы тәжірибелік, аспаптық білімдерді игеретін мамандар даярлау. Социологиялық білім берудің жоғары міндеті тағы да бір мүмкіндік жасау арқылы - социология ғылымын зерделеумен студентті үнемі өзгеріп отыратын ортаға сәтті бейімдей отырып, әлеуметтік процестердің, құбылыстар мен фактілердің, олардың пайда болу көздерінің, қызмет етуі мен дамуының мәніне түсінік берумен студенттің санасын социологияландыруда. Социологиялық білім берудің негізгі қызметі - Қазақстан қоғамының жабық қоғамнан ашық қоғамға өту процесіне жәрдемдесу, өйткені қоғамның ашық түрінде ғана өзгерістер мен жақсаруларға деген әлеуеттер болады.

Социолог мамандарды даярлау әлем университеттерінде оқуды және тағылымдамадан өтуді көздейтін “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде де жүргізіледі. 1994 жылдан бастап бұл бағдарлама бойынша “Социология” мамандығына 6 адам АҚШ пен Ұлыбританияның мына жоғары оқу орындарында оқып шықты:

АҚШ:

- Пенстэйт университеті (1994 жыл);

- Индиана штатының университеті (1997 жыл);

- Луисвиль университеті (1998 жыл);

- Колумбия университеті (2000 жыл).

Ұлыбритания:

- Манчестер университеті (1999 жыл);

- Дархум қаласының университеті (1999 жыл).

Социология бойынша кадрлар даярлау деңгейінің көрсеткіші оқулықтар, әдістемелік құралдар және т.б. болып табылады. Социологияны оқытудың бірінші кезеңі шетелдік, ең алдымен ресейлік авторлардың оқулықтарына негізделді. Соңғы уақытта отандық оқулықтардың саны өсіп келеді. Оқу әдебиетінің бұл буыны мамандандырылуымен, отандық социологиялық материалдардың болуымен ерекшеленеді. Мына бағыттардың қарқынды дамуы сараланды:

Жалпы социология

· Аитов Н.А., Биекенов К.У. “Социология. Учебник для студентов гуманитарных факультетов вузов” (Алматы, “Қазақ университеті”, 2002. - 293 с.)

· Общая социология. Альбом для схем. Учебно-методическое пособие. Аженов М.С., Утешев С.К., Жаназарова З.Ж. - Алматы, “Қазақ университеті”, 2001. - 41с.

· Новейшие теории и концепции социологической науки / Забирова А.Т. Учебное пособие. Астана, 2001, 100 с.

· Социологялық сөздік /Жалпы редакторы - Биекенов К.У. - Алматы, “Қазақ университеті”, 2003. - 167 б.

· Қоғамның әлуметтік курылымы / Аженов М.С., Садырова М.С. - Алматы, “Қазақ университеті”, 2002. - 160 б.

Экономикалық социология

· Экономическая социология. Учебное пособие. Аженов М.С., Биекенов К.У., Пузиков М.Ф., Садырова М.С. - Алматы, “Қазақ университеті”, 2002. - 79 с.;

· Экономическая социология. Курс лекций / Рук. Автор.колл. - Гуревич Л.Я. - Алматы, “Экономика”, 2001. 253 с.;

· Практикум по экономической социологии: Учебно-методическое пособие / Касымова Л.Н. - Алматы: Экономика, 2002. - 134 с.

Құқық социологиясы

· Социология права / Оспанов С.И. Алматы, “Раритет”, 2002.- 336 с.

· Ғабдуллина Қ. Құқық социологиясы. Оқулық. - Алматы, 2003. - 208 б.


Отбасы социологиясы

· Отбасымен әлеуметтік жұмыс. Оқу құралы./ Биекенов К.У., Нұрбекова Ж.А. - Алматы, “Қазақ университеті”, 2001. - 133 б.

· Социология семьи. Учебно-методическое пособие / Жаназарова З.Ж. - Алматы, “Қазақ университеті”, 2001. - 78с.

Қоғамдық пікір социологиясы

· Социология общественного мнения. Учебно-методическое пособие. Биекенов К.У., Жаназарова З.Ж., Нурбекова Ж.А. - Алматы, “Қазақ университеті”, 2001. - 58с.

· Эмпирия общественных настроений. Социологический практикум / Маканов Ж.К., Лосев В.В. - г. Костанай, 2001. 360 с.

· Связь с общественностью в системе государственной службы: методика, основные проблемы и казахстанский опыт / Под общ. ред. Б.Канешева, А.Серикбаева - Астана: Академия государственной службы при Президенте Республики Казахстан, 2002. - 403 с.

Ғылыми кадрларды даярлау әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аспирантура мен докторантура бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Бүгінгі таңда социологтардың кадр құрамында 14 социология ғылымдарының докторы, 30-дан астам социология ғылымдарының кандидаттары бар (2-кесте).

 

Кесте

 

Социология бойынша докторлық диссертациялар [1]

 

 

№№ Аты-жөні Диссертацияның атауы Мамандығы­ның шифрі мен атауы Диссер­тацияны қорғаған жері Қор­ға­ған жы­лы
1. Тәжин М.М. Әлеуметтік-аумақтық айыр­машылықтарды зерттеудің әдістемелік жақтары 22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1990
2. Ғабдуллина Қ.Г. Өндірістік ұжым және оның ауыл шаруа­шы­лығы қызмет­керлерін қалыптас­тырудағы әлеу­меттік рөлі 22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1991
3. Биекенов К.Ү. Шаруашылық басшы­сы­ның саяси мәдениетін әдістемелік және социологиялық талдау 22.00.05 - Саяси социология Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1993
4. Алдашов Б.А. Нарықтық экономика аясындағы өмір сүру сапасы 22.00.03 - Еңбек социоло­гиясы және эконо­микалық социология Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1994
5.  Нұсқабаев О. Жалпы білім беретін мектеп өскелең ұрпақты әлеуметтендіру институты[2] 22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1995
6. Асылов Н.Ж. Әскери білім беру жүйесі әлеуметтік институт ретінде (ДСП) 22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1996
7. Раисов Е. Қазақстан жұмысшы­лары­ның қазіргі заман­ғы жағдайда еңбекке көзқарасының әлеу­меттік факторлары 22.00.03 - Еңбек социоло­гиясы және эконо­микалық социология Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1997
8. Сейдуманов С.Т. Қазақстанда көппартия­лылықтың қалыптасуы: саяси-социологиялық талдау 22.00.05 - Саяси социология Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1998
9. Харченко С.В. Әлеуметтік көңіл-күй: мәні, үрдістері және функ­ция атқару ерекшеліктері 22.00.05 - Саяси социология РФ Прези­ден­тінің жанындағы Мем.қыз­мет акаде­миясы 1998 жылы қайта аттес­тация­ланған
10. Садырова М.С. Нарықтық түрленулер жағдайында интеллигенцияның әлеуметтік-кәсіптік жинақылығы (Қазақстан материалдарында) 22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1999
11. Қалдыбаева Т.Ж. Мектепке дейінгі білім берудің социологиялық тұжырымдамасы (Қа­зақ­стан Республика­сы­ның материалдарын­да) 22.00.06 - Рухани өмір социологиясы Саратов Мемлекет­тік техни­калық уни­вер­ситеті 2003 жы­лы қай­та аттес­тация­ланған
12. Шәукенова З.К. Қазіргі Қазақстандық қоғамдағы этностар­дың әлеуметтік өзара әрекеттестігі 22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2003 ақпан
13. Жаманбалаева Ш.Е. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтарын социологиялық тұрғыдан талдау 22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2003 қазан
14. Қожамқұлова Л.Т. Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік институт ретінде: әлемдік тәжірибе және Қазақстан 22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2004 мамыр

 

Докторлық және кандидаттық диссертацияларды талдау негізінде отандық социологиялық зерттеулердің негізгі бағыттарын бөліп қарауға болады:

1. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік өзгерістер: Әженов М.С., Ғабдуллина Қ.Г., Икенов А.И., Тәжин М.М., Хамитова М.Р., Раисов Е.Р., Нагайбаева З.А., Садырова М.С., Әбжалиева А., Қожамқұлова Л.Т., Валитова З.Х., Әйтімбет Л. [29].

Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеу - социологияның негізгі мәселелерінің бірі. Социология ғылымының дәл осы бағыты кеңестік дәуірде қызу қолға алынған болатын. Ғылымда осы мәселе бойынша бұл бағыттың іргелі теориялық базасы туралы сөз етуге мүмкіндік беретін белгілі бір әдістеме қалыптасты. Сонымен қатар, қазіргі заманғы жағдайлар бірінші кезекте әлеуметтік құрылым проблемаларын қозғайды: ол мәселенің марксистік қойылымында болмаған түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Сондықтан зерттеушілер қоғамның әлеуметтік құрылымын зерделеудің жаңа әдістемелерін қарқынды іздестіру үстінде.

Қарастырылып отырған бөлікте қоғамдық қатынастар мен қоғамның даму жүйесіндегі әлеуметтік процестер, сондай-ақ жеке әлеуметтік топтар - зиялы қауым, оның ішінде мұғалімдер де бар және кәсіпкерлер келтірілген. Экономикалық базистің, өндірістік қатынастардың жалпы жүйесінің сапалық өзгерістері сөзсіз әлеуметтік құрылымдардың терең өзгерістеріне әкеп соғатындығы туралы теориялық ұйғарым нақты эмпирикалық дәлелін тапқан.

Әлемдік және отандық социологиялық әдебиеттерді талдау және жүйелендіру негізінде социологтар зиялы қауымның әлеуметтік-кәсіптік жинақылығы, кәсіпкерліктің қазақстандық түрін қалыптастыру, қалалану процесі мен оның салдарлары, ірі қаланың әлеуметтік құрылымы, Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы дамуының қазіргі заманғы үрдістері проблемаларын зерттеудің жаңа әдістемесін жасаған. Ғылыми-санаттық аппарат нақтыланған және жасалған, “әлеуметтік жинақылық”, “зиялы қауым”, “қалалану”, “кәсіпкерлік”, “кәсіпкер”, “еңбек қатынасы” атты шешуші анықтамалар тұжырымдалған.

2. Жеке тұлғаның әлеуметтік проблемаларын зерттеу: Сапарбеков И.Ж., Биекенов К.Ү., Никитенко Е.В., Әбдікерова Г.О., Кудро Н.М. [30].

Социологияның негізгі санаты ретіндегі жеке тұлға ұғымы әлеуметтік ғылымдардың бірқатарында кеңінен баяндалған. Социологияда бұл ұғым жеке тұлғаның қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы әлеуметтік қызметі мен әлеуметтік мінез-құлқы арқылы қарастырылады. Отандық ғылымда жеке тұлға көбінесе еңбек және саяси қатынастар жүйесінде қарастырылады. Қоғамдық қатынастар мен мінез-құлық нысандарының ерекше сипаттамаларына ие болған жеке тұлға мен басшы тұлғаның саяси мәдениетінің мәселелері көбірек зерделенген.

Жеке тұлғаның саяси әлеуметтену процестерін, саяси мәдениетін, саяси басқаруды, саяси мінез-құлықты, саяси сананы, азаматтық сананы, басқару мәдениетін және т.с.с. талдаған кезде пайдаланылатын бірқатар тұғырнамаларды түсіндіру жеке тұлға проблемаларын социологиялық талдау ауқымын едәуір ұлғайтты.

Жеке тұлғаның саяси мәдениетінің мазмұны негізгі құрылымдық элементтерге тіреледі, жеке тұлға мәдениетінің демократия мәдениетімен, саяси позициясымен, саяси бағалануымен және саяси мінез-құлықпен байланысы қарастырылады.

Басқару қызметінің тұжырымдамасында қазақстандық ұйым басшысы­ның жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқының үлгісіне, беделді басшы мен қарамағындағының жаңа тұлғааралық қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінген. Жалпы ғылыми жұмыстарда ұйымдардағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды қалыптастыру механизмдерін социологиялық диагностикалауға негізделген қазақстандық ұйымдарды басқарудың жаңа үлгілерін қалыптастыруға бастама қаланған.

3. Жастардың әлеуметтік проблемалары: Золотухин С.А., Нұсқабаев О.Н., Қасымова Л., Ізтілеуова Л.И., Әбдірайымова Г.С., Салықжанов Р.С., Царева Т., Қазымбетова Д.К., Ляднева Ж.М. [31].

Жастар ғылымда қоғамның әлеуметтік құрылымында белгілі бір орынды иеленетін әлеуметтік топ ретінде өзіне ерекше назар аудартады. Бұл назар аударту осы әлеуметтік топтың әлеуметтік белсенді әрекет ету нысандарына, жоғары жинақылық дәрежесіне және белгілі бір тұтастыққа ие екендігіне де байланысты. Бұл бөліктің зерттеулерінде аталмыш әлеуметтік топтың жасының, білімінің белгілері, әлеуметтік-кәсіптік бағдары, жұмыспен қамтылуы бойынша ішкі құрылымдалуы мәселелері қарастырылған. Жастарды әлеуметтендірудің әр алуан түрлеріне көп көңіл бөлінген - саяси, құқықтық, әлеуметтік, мәдени. Зерттеу объектісі көбінесе студент жастар болып келеді. Бұрын қаралмай келген қазақ жастарының әлеуметтену проблемаларына едәуір көңіл бөлінген.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: