Б)Лизоцимдік ферменттер

ЭССЕ

Тақырыбы: «Вирустардың ферменттері»

 

Орындаған: Сарсен Арайлым

Қабылдаған: профессор

Укбаева Тамара Данагуловна

 

 

Нұр-Сұлтан

2020

ГЛОССАРИЙ

Трансферазалар – ферменттер тобы. Әртүрлі атомдардың бір молекуладан екінші молекулаға тасымалдауын жылдамдатады. Т. табиғатта кең тараған, зат алмасуында үлкен орын алады.

Дезоксирибонуклеазалар – нуклеозалар тобына жататын ферменттер. ДНҚ тізбегіндегі фосфодиэфир байланысын кесетін реакцияны шапшаңдатады. ДНҚ үзілуі мен түзілуіне және оның репарациясына қатысады.

Пероксидазалар – оксиредуктазалар тобына жататын ферменттер. Сутегі тотығы немесе органикалық тотықтардың көмегімен полифенолдардың, аминдердің, майлы қышқылдардың, цитохромдардың, т.б. тотығуын шапшаңдатады. Тыныс алу процесінде маңызды орын алады. Хромогенді субстраттармен түсті реакция жасауда қолданылады.

Ревертаза – кері транскриптаза. Кері транскрипция жүргізетін фермент.Өте сирек фермент, ол тек ретровирустардың құрамында табылған. Трансферазалар тобына жатады.

Рибонуклеазалар -  гидролазаларға қарасты нуклеазалар тобына жататын ферменттер. РНҚ ның полинуклеотид тізбегінің фосфодиэфир байланысын үзеді. Табиғатта кең тараған, торшада рНҚ ның түзілуі мен ыдырауын реттеуге және осы организмге бөтен РНҚ лардың ыдырауына қатынасады.

Фосфотазалар - гидролазалар тобына жататын ферменттер. Фосфор қышқылының күрделі эфирін ыдыратыды. Фосфор қышқылының диэфирін ыдыратын Ф. – дифосфатазаға, ал Ф. моноэфрді ыдыратын – монофосфатазаларға жатады. Табиғатта кеңінен таралған, фосфорланған қосылыстардың алмасуына, фосфат мөлшерін сақтауға, энергия алмасуына қатынасады. рН денгейңне қарай Ф. қышқылды және сілтіл болып бөлінеді. Ф. ген – инженерлік жұмыстарында және иммунды бақылауда қолданылады.

 

 

Вирустардың көпшілігінің құрамында ферменттер бар.Олар ДНК-лы және РНК-лы вирустарда кездеседі.Мысалы: герпес-,гепаднавирустарда:ДНК-полимераза, ал поксвирустарда ферменттің 10 түрі болады.

РНК-лы вирустарда Рнк-полимераза (транскриптаза),ретровирустарда- кері транскриптаза ферменттері бар.

Кейбір ферменттер вирустарға ғана тән,олар клеткаларда вирустың әсерінен пайда болады және вирустардың нәсілдік қасиетіне сәйкес келеді.Мұндай ферменттер пикорновирустарда,тогавирустарда, парвовирустарда және т.б. кездеседі.

Оларға қоса ферменттердің тағы бір тобы бар,олар вириондарда кездеспейді.Бұлар клетканың өзіне ғана тән ферменттер.Сондықтан да тек вирустардың көбеюіне ғана араласады.

Жоғарыда көрсетілген ферменттердің бәрі вирустардың клетка ішінде көбейіп, өсіп-өнуіне көп көмек көрсетеді. Зақымдалған клеткадағы күрделі процестерге –транскрипция,репликация және басқа да арнаулы биохимиялық реакцияларға әсер етеді.

Вирустардың ферменттерін екі топқа бөледі:

1. Вириондық

2. Вирусиндуцирлеушілер.

Вириондық ферменттерге транскрипция және репликация процесіне қатысатын ферменттер (ДНҚ және РНҚ полимеразалар-көптеген вирустардан табылған, кері транскриптаза-ретровирустарда, эндо- және экзонуклеазалар, АТФ-аза, кейбір вирустардың нейраминидазасы).

Вирусиндуцирлеуші ферменттерге құрылысы вирустық геномда кодталған ферменттер - вирусиндуцирлеушілер деп аталады. Оған РНҚ-полимеразалар (пикорна-, тога-, орто-, және парамиксовирустардың) және де ДНҚ-полимеразалар (покс-, және ұшық вирустары) жатады.

Вирустар өзінің меншікті ферменттері мен қатар вирусспецификалыққа жатпайтын жасушалық ферменттерді де пайдаланады. Кейбір вирустардың құрамында ферменттердің ауқымды жиынтығы болады: поксвирустарда-10, АИВ-4, грипп вирусында-3 фермент.

 Ферменттер вирустың репродукциялану кезеңдерін қамтамасыз етеді (комплементарлылық принцип бойынша).

ДНҚ-геномды вирустарда ДНҚ-тәуелді полимераза ферменті бар, иРНҚ-ң синтезделуін қамтамасыз етеді. Ферменттер РНҚ-ың синтезделген тізбектерін модификациялауға қатысады: тізбектің ұзаруы, қысқаруы, нуклеин қышқылдарының «тазартылуы» немесе процессингі-кесілуі РНҚ-ың белгілі бір учаскелерінен 1-2 нуклеотидтерді кесіп алып лигаза ферментімен тігілуі (сшивание) болып табылады.

Вирустық ферменттердің жіктелуі:

· Вирустың пайда болуына қатысатын: репликазалар, транскриптазалар

· Вирустың жасушаға енуі және дайын вириондардың шығуына көмектесетін: нейраминидаза, лизоцим, АТФ-аза

· Жасушаның вирус индукцияланған ферменттері: ДНК-тәуелді ДНК полимераза, РНК-тәуелді РНК полимераза

Вирустар ферменттері – клеткадан тыс вирустардың, тыныштықтағы вирустар бөлшектерімен байланысты вирустық ферментативтік белсенділікті көрсетеді.

Жеке вирустардағы ферменттер:

o Гепатит В вирусында: ДНҚ – полимераза

o +РНҚ вирустарында: РНҚ тәуелді РНҚ – полимерза

o Ретровирустарда: РНҚ тәуелді ДНҚ – полимераза

o Миксовирустарда: нейраминидаза

o Бактериофагтарда: лизоцимдік және фосфотазалық ферменттер болады.

o Тұмау вирустарында: нейраминидаза, гемаглютинин

Ферменттердің негізгі қызметтері:

Ø Репродукцияға қатысады

Ø Депротенизация қатысады

Ø Нуклеин қышқылының синтезделген тізбегінің модификациялануына

Ø Нуклеин қышқылының процессингіне қатысады

 

 Сұрақтар:

1) Вирустық ферменттердің негізгі қызметтері?

2) Вирустық ферменттердің жіктелуі?

3) Вирустың пайда болуына қатысатын ферменттер?

4) Вирустың енуіне қатысатын фермент?

5) Вирустың шығуына көмектесетін фермент?

 

Тест сұрақтары:

1) Тұмау вирусының ферменті?

А) нейраминидаза, гемаглютинин

б)Лизоцим

в)ДНҚ полимераза

г)РНҚ тәуелді РНҚ полимераза

д)РНҚ тәуелді ДНҚ полимераза

 

2) Бактериофагқа тән ферментті көрсетіңіз?

а) нейраминидаза, гемаглютинин

б)Лизоцимдік ферменттер

в)ДНҚ полимераза

г)РНҚ тәуелді РНҚ полимераза

д)РНҚ тәуелді ДНҚ полимераза

 

3) Вирустардың ферменттерінің негізгі қызметіне тән емес нұсқаны көрсетіңіз?

а) Репродукцияға қатысады

б) Депротенизация қатысады

в)зат алмасуға қатысады

г) Нуклеин қышқылының процессингіне қатысады

д) Нуклеин қышқылының синтезделген тізбегінің модификациялануына қатысады

 

4) + РНҚ-лы вирустардың ферментін көрсетіңіз?

а) нейраминидаза, гемаглютинин

б)Лизоцим

в)ДНҚ полимераза

г)РНҚ тәуелді РНҚ полимераза

д)РНҚ тәуелді ДНҚ полимераза

 

5) Ретровирустардың ферменті?

а) нейраминидаза, гемаглютинин

б)Лизоцим

в)ДНҚ полимераза

г)РНҚ тәуелді РНҚ полимераза

д)РНҚ тәуелді ДНҚ полимераза

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.   Букринская А.Г., “Вирусология- Медицина”, 1986 ж.;

2. М.Х.Шығаева, Ә.Т.Қанаев “Микробиология және вирусология”;

3. Ш.Б.Мырзабекова “Ветеринариялық вирусология”.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: