Харви Либенстейн (Harvey Leibenstein)

Ричард Кантиллион (Richard Cantillion)(1725)

- Кәсіпкер - өзіне - өзі жұмыс орнын жасайтын адам.

- Кәсіпкер тұрлаусыздық және тәуекелдік жағдайында жұмыс істейді.

- Кәсіпкер нарық талаптарына сай іс - әрекет жасауы керек.

Николас Бауде (Nikolas Baudeau) (1767)

- Кәсіпкер ең алдымен жаңартпа менеджері.

- Меншіктенуші мен кәсіпкер арасында айырмашылықтар бар.

Жан Батист Сэй (Jean Baptist Say) (1810)

- Кәсіпкерлік еңбекте - еңбек, жер, капитал сияқты негізгі өндіріс факторы.

- Кәсіпкерлер - белгілі бір моралдық және кәсіби қасиеттерге ие болулары қажет.

- Кәсіпкер тұрлаусыздық жағдайында жұмыс істейді және әрдайым кәсіпорынның алдында тұрған қиыншылықтарды жеңіп отыруға мәжбүр.

Карл Менджер (Carl Mender)(1871)

- Кәсіпкер шешім қабылдауда 4 сатыны қолдануы қажет: мәлімет жинау, экономикалық есеп, тауар тандау және өндіріс жоспарының орындауын басқару.

Альфред Маршал (Alfred Marshal) (1890)

- Кәсіпкер мен менеджердің қызметтерінде айырмашылықтар бар, демек оларға әртүрлі талап қойылады.

Джозеф Шумппетер (1910)

- Кәсіпкердің міндеті - капиталды, еңбекті іске қосу, жоспар кұру және оның орындалуын ұйымдастыру.

- Кәсіпкерліктің мәні өндіріс күштерін жаңадан ұйымдастырудан тұрады.

- Кәсіпкерлік қызметтің бағыттары:

а) жаңа өнімдер немесе қызмет көрсетулер;

ә) жаңа өндіріс әдістері;

б) жаңа өткізу нарықтары;

в) жаңа жабдықтау көздері;

г) жаңа ұйым түрлері.

Франк Найт (Frank Knight)(1921)

- Кәсіпкер - әлеуметтік-экономикалық жаңартпашы. Кәсіпкер өз еңбегімен пайданың жаңа түрін жасайды - кәсіпкерлік табыс.

- Кәсіпкер бір мезгілде капитал меншіктенушісі де болуы керек.

- Кәсіпкердің негізгі міндеттері - ұйымдастыру және бақылау.

Давид Макклеланд (David Mc. Clelland)(1967)

- Кәсіпкер өз көзқарасын қорғай білуі және қиыншылықтарды жеңе білуі қажет.

Питер Друкер (Peter F.Druker) (1964)

- Кәсіпкер болашақ нәтижелерді болжай алу, тәуекел ете алу және жігерлік сияқты қасиеттерге ие болуы керек.

- Бірінші рет пайда табуға мүмкіндік категориясын тигізеді.

Харви Либенстейн (Harvey Leibenstein)

- Кәсіпкердің міндеті - ресурстарды тиімділігі төмен саладан, тиімділігі жоғары салаға ауыстыру.

- Кәсіпкер әртүрлі нарықтық жағдайларда жұмыс істей білуі қажет: тұрақты нарық жағдайында сондай – ақ жаңа, белгісіз нарық жағдайында.

 

2. Кәсіпкерліктің мәні мен қызмет түрлері

“Кәсіп ету” - қандай да бір жаңа істі бастау, орындауға шешім қабылдау, қандай да бір маңызды істі орындауға кірісу.

Әкімшілік - бюрократтық үлгінің орнына келген шаруашылықтың нарықтық жүйесі мемлекет қолындағы реттеуші қызметтерді сақтай отырып, экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген.

Соңғы уақыттарда Қазақстанда кәсіпкерлік дамуда. Кәсіпкерлік жеке және заңды тұлғалардың пайда, табыс алуға бағытталған өзінің тәуекеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігіне, өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін қызметі.

Кәсіпкерлік мәнін “іскерлік” сөзі, оның мазмұнын жақсы ашады. Іскерлік барлық жерде, өмірдің барлық ауқымында - тек қана экономикалық қызметте ғана емес, шоу-бизнесте, киноиндустрияда, спортта, әскерде де қажет.

Кәсіпкерлік - іскерлік белсенділік өнері.

Кәсіпкерлік - бұл алдымен ойлау процесі. Біз әр қайсымыз жеке ойлау иесі болғандықтан, осы іскерлік белсенділіктің нақты ауқымындағы әрбір кәсіпкердің табыстары да әртүрлі.

Табыс деңгейі ойлау деңгейін көрсетеді, бірақ бұнын өзі жеткіліксіз көбіне жолы болғыштық та үлкен роль атқарады. Бірақ “жолы болғыштық” ойлай алатындарға, үйренгендерге ғана көмек көрсетеді.

Оқытудың негізгі міндеті - әрбір адамға көмек көрсетуге тырысу.

Кәсіпкерліктегі ойлау, нақты іскерлікті жобалау - кәсіпкердің кез-келген жоспарлаған іскерлік операциялары немесе белсенділігінің бастапқы нүктесі түрінде көрінеді.

Философиялық көзқарас тұрғысынан кәсіпкерлік - жанның ерекше қалауы, іскерлік романтика түрі, адамның өзіне тән мүмкіндігін жүзеге асыру құралы ретінде сипатталуы мүмкін.

Кәсіби мағынада кәсіпкерлік өзінің бизнесін ұйымдастыра алуы және оған байланысты функцияларды жеткілікті, табысты жүзеге асыра алуы ретінде қарастырылады.

Кәсіпкер үнемі болашақ туралы ойлайды, сондықтан бұл жерде ұлы ағылшын жазушысы Джон Голсуорсидің (1867 - 1933) мына сөзі орынды: “Егер сіз болашақ туралы ойламасаңыз, ол сізде болмайды”.

Кәсіпкерлік іскерлік белсендікке ыңғайы бар, өз күшін салатын жаңа сфераларды іздестіретін адам қызметінің түрі.

Бірақ кез-келген бизнесменді кәсіпкер деп атауға болмайды. Кәсіпкер деп мысалы жыл сайын бір тауарды өндіретін және бір ғана қызметті көрсететін кәсіпорын иесін санауға болмайды. Ол кәсіпкерлік емес репродуктивті функцияларды орындайды.

Күнделікте өмірде кәсіпкерлерге бизнеспен айналысатындардың барлығын жатқызады, бірақ бұл сөз мағынасы, тек нарықтағы мінез-құлығы ізденуші сипатымен ерекшеленетін іскер адамдарға арналған. Кәсіпкер жаңа нарықты игерумен, жаңа тауарларды қызметтерді өндіруге көшумен т.б. өзі жеке айналысуы міндетті емес. Ең бастысы - ұйымдастыру, іскерлік, ұжымда, шығармашылық атмосфера жасау, сондықтан кәсіпкерлікті шаруашылық мінез-құлықтарі ретінде түсіну керек. Оған тән сипаттама:

- ең жоғары пайдаға ұмтылу;

- тәуекелге баруға дайын;

- жаңаға ұмтылу ұйымдастыру - шаруашылық жаңашылдық.

Қазіргі жағдайда кәсіпкерлік бәсекелестік күресті ынталандыратын жаңашылдықсыз, шығармашылық ізденіссіз, ойға сыймайды. Өз өнімінің үнемі жаңалуынан және жоғары сапасын қамтамасыз ететін кәсіпорынғана өмір сүре алады. Кез-келген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс циклының типтік фазаларына байланысты болғандықтан, кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлерін бөліп көрсетеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық кәсіпкерлік.

Соңғы он жылдықта әлемнің барлық экономикалық дамыған елдерінде кәсіпкерліктің жеке түрі ретінде кеңестік (консалтинг) кәсіпкерлік бөліп көрсетілуде.

Көрсетілген кәсіпкерліктің түрлерінің ішінде әрқайсы бірнеше түрлерге бөлінген. Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп атауға болады. Мұнда өнімді, тауарларды өндіру, жұмыс, қызметтер көрсету жүзеге асады, белгілі бір рухани құндылықтар жасалады.

Бірақ осы қызмет сферасы нарықтық экономикаға көшу кезінде көп, жағымсыз өзгерістерге ыдырады:

- шаруашылық байланыстар ыдырады;

- материалдық-техникалық қамтамасыз ету бұзылды;

- өнімді өткізу күрт төмендеді;

- кәсіпорындардың қаржы жағдайы нашарлады.

Кәсіпкер алдымен өндірістік қызмет түрін таңдайды, басқа сөзбен айтқанда, қандай тауарлар, жұмыстар, қызметтерөндіретінінойлайды.

Одан кейін ол тауарды сатып алатын әлеуетті тұтынушылармен қатынас жасайды. Басқаша айтқанда кәсіпкерлікке маркетингтік қызмет кіреді. Келісімнің бұл фазасы заңдық жасалуы мүмкін.

Өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер өндіріс факторларын қолданады: жұмысшы, өндірістік қорлар, материалдар, ақпараттар. Бас кезінде өндіріс факторларының біразы кәсіпкердікі болуы мүмкін, ал жетіспейтіні ол бастамас бұрын немесе кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асу процесінде алуға мәжбүр болады.

Кәсіпкер өз күшімен орындай алмайтын қызметтермен жұмыстар қажет болса, онда ол басқа ұйымдармен адамдарды тартады.

Жұмыстармен қызметтер ақша төлеуді талап етеді. Егер кәсіпкерде бастапқы капитал болмаса, ал ақшасыбарлардан қарыз алуға мәжбүр болады.

Өндірістік кәсіпкерліктің нәтижесі өндірілген тауардың белгілі көлемін тұтынушыға сатып, оларға ақша түсімін алу.

Венчурлық бизнес. Инновациялық кәсіпкерлік туралы айта отырып, соңғы жылдары кең дамыған венчурлық бизнесті еске салуға болады.

Венчурлық бизнес, әдетте тәуекелді бизнес ретінде түсіндіріледі. Бұл технологиялық жаңалық еңгізудің бір түрі.

Венчурлық бизнес ғылыми зерттеулердің нәтижесі ғылымды көп қажет ететін, жоғары технологиялық облысты коммерцияландыруға тән, тиімді алу кепілдігі жоқ және тәуекел үлесі жоғары. Венчурлық фирма дегеніміз, әдетте, алдын ала анықталмаған табыспен, яғни капиталды тәуекел салыммен, жаңа технологияны және өнімді жасаумен енгізумен айналысатын коммерциялық ғылыми-техникалық фирма.

Коммерциялық кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерлікте негізгі рольді тауар-ақша, сауда-айырбас операциялары атқарады. Бұл сатып алу - сату бойынша келісімдер.

Өнімді шығаруға қажет өндірістік қорлармен қамтамасыз етудің қажеті жоқ.

Коммерциялық келісімді нарықты талдау бастайды, нәтижесінде тауарды сатыпалу және сату көлемі, сатып алу бағасы, өткізу бағасы болжанады.

Коммерциялық келісім бағдарламасына жатады:

- сатып алу операцияларын орындауға, тасымалдауға, тауардысатуға, жарнама жұмысын және т.б. жүргізуге қызметкерді жалдау;

- келесі сату үшін тауарды сатып алу;

- тауарды сақтау және өткізу үшін орындар, қоймалар, сауда нүктелерін жалдау;

- келісімге тікелей қатыспайтын, бірақ өздерінің ақылы қызметтерін ұсынатын басқа ұйымдармен адамдардың қызметтерімен алу және ақы төлеу;

- келісімді қаржыландыру үшін қарызға ақша қаржыларын тарту және соңынан пайызбен қарызды қайтару;

- келісімді жасауға қажет ақпараттарды алу;

- тауарлардытұтынушығаөткізужәнетүсімалу;

- келісімді тіркеу, салық төлеу.

Қаржы кәсіпкерлігі. Қаржы кәсіпкерлігінде сатып алу, сату объектісі, ерекше тауар, ақша, валюта, құнды қағаздар.

Коммерциялық қызметтің басқа түрлері сияқты, қаржы-қарыз келісімін құнды қағаздар нарығын талдаудан және әлеуетті тұтынушыларды іздеуге, табуға байланысты маркетингтік қызметтен бастайды.

Қаржы кәсіпкерлігінде қызметтің ерекше түрі бөліп көрсетіледі, кәсіпкер құнды қағазды өндіреді, оны сатады, белгілі жағдайда және міндеттемеде қаржы тауары ретінде орналастырады. Оның кәсіпкерлік қызметінің мәні осында.

Қаржы кәсіпкерлігі ақпараттарды біраз көздерден алуды талап етеді. Бұл ақшаны, валютаны, құнды қағаздарды әлеуетті тұтынушылар туралы, валюта курсы, қарыз пайызы туралы, қаржы қарыз операцияларын жүзеге асыру шарттары және оларды жасау тәртібі туралы, кәсіпкерге қажет ресурстар көзі туралы мәліметтер. Егер мұндай ақпараттар кәсіпкерде болмаса, ол төлеуге сыртқы көздерден оны алуға және оған ақшалай сыйлық мәжбүр болады.

Қаржы келісімінің негізгі бөлігі (тұтынушыға ақшаны, валютаны, құнды қағазды сату) ерекше назарды және мұқият рәсімдеуді қажет етеді.

Сатыпалушының қаржылық жағдайын мұқияттексеріп, кепілдік мүмкіндігін бекітіп, сатып алушы үшін кепілдік беруге келісуші кепілді анықтау қажет.

Кеңес кәсіпкерлігі. “Консультант” сөзі латынның “кеңес беруші” сөзінен шыққан. Өз мамандығының сұрақтары бойынша кеңес беретін, белгілі облыстағы маман. Шетел тәжірибесінде басқару сұрақтары бойынша коммерциялық, ақылы кеңес консалтинг деп аталады.

Консалтингтік қызметтер ауызша бір рет айтылатын кеңес түрінде жүзеге асуы мүмкін. Көбінесе олар консалтингтік жоба түрінде ұсыналады және оған келесі негізгі кезеңдер кіреді:

- мәселені анықтау (диагностика);

- шешімдерді, жобаны жасау;

- шешімдерді, жобаны жүзеге асыру.

Жобаның көлеміне байланысты қорытынды кезең бірнеше күннен бірнеше айларға созылуы мүмкін. Кей уақытта клиенттен қатынас бірнеше жыл болуы мүмкін.

АҚШ-та жеке консалтинг саласы - бұл 700 мыңадам, ал қызметінің жылдық көлемі 500 млрд. долл. құрайды.

Бірде - бір күрделі экономикалық және басқару шешімдері экономикасы дамыған елдерде ғана емес, дамушы елдерде де кеңесті қолданусыз қабылданбайды.

Делдалдық. Делдалдық кәсіпкерліктің түрі. Делдал тікелей өнім өндірмейді, тауарларды, валютаны, құнды қағаздарды сатпайды, қарызға ақша ұсынбайды, бірақ барлық осы операциялардың жүзеге асуына және сәйкес шартжасауына ықпал етеді.

Делдал көбінесе өндірушімен тауарды сатушы, бір жағынан сатыпалушы, екінші жағынан тұтынушы арасында тұрады, оларды кәсіпкерлік шарттың жасауға біріктіреді.

Бизнестің бұл ерекше түрі басқалармен тығыз байланысты, өндірістік, сауда-коммерциялық, қаржы кәсіпкерлігінің құраушы бөлігі; өндірістік, сауда коммерциялық, қаржы-қарыз сферасындағы делдалдық туралы айтуға болады.

Сақтандыру кәсіпкерлігі. Мемлекеттік міндетті сақтандыру қазір әлеуметтік сақтандыру түрінде сақталды - бұл мемлекеттік зейнетақы мен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру бұл бизнеске жатпайды.

Кәсіпкерлікке мүлікті сақтандыру, өмірді және денсаулықты сақтандыру, тәуекелді жауапкершілікті сақтандыру түрлері тікелей жатады.

 

3. Фирма түсінігі, мақсаттары мен қызметтері

Фирма (итал. firma - қойылған қол) - пайда алу мақсатымен ресурстарды тауарлар өндіру немесе қызметтер көрсету үшін пайдаланатын, бір немесе бірнеше кәсіпкер иеленетін және басқаратын ұйым; заңды тұлға құқықтарын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіптік, сауда кәсіпорны; біртекті немесе сабақтас кәсіпорындар бірлестігі; ұжымдық немесе жеке кәсіпкерлердің ең кең таралған ортақ атауы. "Фирма" термині көбінесе кез-келген компанияны атау үшін пайдаланылады. Термин қызмет түрлерін айқындайтын терминдермен тіркесте қолданылады, мысалы, делдалдық фирма, риэлторлық фирма, өндірістік фирма, консалтингілік фирма, аудиторлық фирма, т. б.

Фирма дегеніміз шаруашылық еркіндігі бар, өндірістік және басқа қызметпен айналысатын экономикалық субъект.

Жекеменшік кәсіпкерлік фирмасы иесі өз қызығушылығымен ісін еркін жүргізетін кәсіпорын. Ол фирманы басқарады, барлық пайданы алады, барлық оның міндеттері бойынша жауапкершілі қалады.

Фирма иесі қызметкерлерді жалдау және жұмыстан шығару құқығы бар келісімдер, шарттар жасайды.

Жекеменшік кәсіпкерлік фирманың артықшылығы оны ұйымдастыру, басқару қарапайымдылығы, еркін әрекет, өте күшті экономикалық мотивация (барлық пайданы бір адам алады).

Мұңдай фирманың кемшілігі - қаржы және материал ресурстарының шектелуі, өндірістің және басқарудың ішкі мамандануының дамыған жүйесінің болмауы, шектелмеген жауапкершілік.

Әріптестік - бұл бірнеше тұлға ұйымдастырған, бірігіп иеленетін және оны басқаратын кәсіпорын, фирма.

Мұнда барлық әріптестердің маңызды құқықтары бар, бірақ жауапкершілігі шектелген, яғни фирма қызметіне толық жауап беретін негізгі қатысушылармен қатар, олардың ішкі салымдарының сомасы шегінде жауапкершілігі шектелетін әріптестер болуымүмкін (жауапкершілігі шектелген әріптестер деп аталады).

Әріптестер жағдайында кәсіпорын, фирма қызметінің басталуымен жалғасуына байланысты қаржы сұрақтарын шешу жеңілірек. Мұнда жекеменшікті кәсіпкерлік фирмасына мамандандыруды қолдануға болады.

Әріптестіктің кемшілігі - қызметтердің бөлінуі, соның әсерінен әрекеттердің келіспеушілігі және тіпті әріптестердің сыйыспаушылығы пайда болуы мүмкін.

Қайшылықтардың тууы және істен бір немесе бірнеше әріптестің шығуы нәтижесінде серіктестіктің ыдырауына қауіп туады.

Корпорация әр бір меншік иесінің жауапкершілігі осы кәсіпорынға салған оның салымы мен шектелетін заңды тұлға түріндегі кәсіпорын немесе фирма.

Корпорация - үлес негізіндегі қоғам. Жекешелеген тұлғалар акцияларды ала отырып корпорацияның меншік иелері болады. Осылайша көптеген адамдардың қаржы құралдары таралады.

Акция ұстаушылар дивиденд түрінде табыстың бір бөлігін алады. Олар тек акцияны сатып алғанда төлеген сомада ғана тәуекел етеді. Корпорация оның иелері - акционерлерден тәуелсіз өмір сүреді, бұл корпарацияға салыстырмалы тұрақты қызмет етуге мүмкіндік береді.

Корпорацияның кемшіліктеріне біріншіден, әртүрлі теріс пайдалану үшін белгілі мүмкіндіктерінің болуын жатқызуға болады. Ұсақ және орташа акция иелері корпорацияның қызметіне қандай-да бір пәрменді бақылауды жүзеге асыра алмайды.

 

4. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары

Кәсіпкерліктің негізгі нысандарына жеке кәсіпкерлік фирмалар, корпорациялар, мемлекеттік фирмалар, тұтыну кооперативтері, серіктестіктер жатады. Олардың ішінде ең кең тарағаны жеке кәсіпкерлік фирмалар, серіктестіктер мен корпорациялар.

Жеке кәсіпкерлік фирма - фирма иесі өз мүддесі үшін істі жүргізеді, оны басқарады, барлық пайданы алады (қалдық табыс) және барлық міндеттемелер бойынша дербес жауапкершілікті мойнына алады (яғни, шексіз жауапкершілік субъектісі болып табылады). Классикалық фирма иесі басқа ресурстар иелерімен келісімшарт құрайтын орталық фигура болып табылады. Ол жұмысшыларды жұмысқа жалдау және жұмыстан шығару құқығына ие болады. Сондықтан, ол бүкіл қалдық табысты - жұмысты жүргізгені үшін, шыққан шығындарды алып тастағандағы қалған барлық пайданы алады. Иелігіндегі заттарды сатуға, басқа адамға беруге құқылы.

Әдетте, классикалық фирманың иесі ең маңызды ресурс иегері (интеререкшеленген) болып табылады. Мұндай интеререкшеленген ресурсқа өндіріс капиталымен қатар, адам ресурстары да жатуы мүмкін. Мысалы, жоба-конструкторлық ұйымдарда немесе жарнама бюроларында адам капиталының рөлі өте жоғары, сондықтан фирма иелері аса талантты адамдар болып табылады.

Жеке кәсіпкерлік фирмалардың сөзсіз жетістіктеріне:

- ұйымдастырылу қарапайымдылығы.

- әрекет ету бостандығы (шешім қабылдауда келісу қажеттілігімен байланысты емес және т.б.).

- күшті экономикалық ынталандыру (барлық пайданы бір адамның алуы).

Жеке кәсіпкерлік фирмалардың кемшіліктері арасынан бірінші кезекте мыналарды атауға болады:

- қаржылық және материалдық ресурстардың шектеулігі (фирма иесінің қаражатының жетіспеушілігіне, несие алу қиындығына байланысты).

- өндірістік және басқарушылық қызметтердің дамыған ішкі мамандандырылуы жүйесінің болмауы (әсіресе, меншіктің осы нысанына жақын шағын және орта өндіріс жағдайында);

- шексіз жауапкершіліктің болуы (меншік иесі банкрот болған жағдайда капиталдағы үлесінен ғана емес, ол өз меншігіндегі байлықтан да айырылады).

Серіктестік - бұл кәсіпорынға бірлесе иелік ететін және бірлесе басқарылатын бірнеше адам ұйымдастырған фирма. Бұл жерде негізгі құқық барлық серіктестер иелігінде. Олар бір-бірінің қызметін тиімді бақылауды іске асырады. Серіктестік өнер, юриспруденция, медицина және т.б. интеллектуалды қызметтің түрлі салаларына тән. Олар әдетте, қатысушылар саны аз болғанда жақсы қызмет етеді. Фирма жұмысына белсенді қатысатын серіктестермен қатар, пассивті рөл атқаратын серіктестер пайда болады. Бұл фирма қызметіне толық жауап беретін негізгі қатысушылармен қатар, жауапкершілігі жарна көлемімен шектелетін (жауапкершілігі шектеулі серіктестер) серіктестер бар дегенді білдіреді.

Серіктестер жеке кәсіпкерлік фирмалардың жақсы жақтарын пайдаланады, оларды ұйымдастыру оңай және басқару қиын емес. Сонымен бірге, жеке кәсіпкерлік фирмаларға қарағанда олардың артықшылықтары бар. Бұл жерде еңбек бөлінісін және өндіріс пен басқаруды мамандандыруды кеңірек пайдалануға болады, бір іс-әрекетті бастау мен жалғастыру үшін қаржы кедергілерін оңай жеңіп шығуға болады.

Жеке кәсіпкерлік фирма сияқты серіктестіктің де бірқатар кемшіліктері бар (қаржы қаражаттарының аздығы, шексіз жауапкершілік және басқалар). Олардың ең бастысы: қызметтерді бөлу (осының әсерінен әрекеттегі келіспеушілік және тіпті мүдделер үйлеспеуі туындауы мүмкін) және серіктестіктің тарқау қаупінің пайда болуы (туындаған қайшылықтар немесе серіктестердің біреуінің фирмадан шығуы нәтижесінде).

Іскерлік кәсіпорынның негізгі, үшінші түрі - қазіргі (ашық) корпорация. Корпорация - бұл әр меншік иесінің жауапкершілігі осы кәсіпорындағы үлесімен шектелетін заңды тұлға нысанындағы фирма.

Корпорация - пайға негізделген қоғам. Бағалы қағаздарды (акциялар мен облигацияларды) сатып ала отырып жеке адамдар (үй шаруашылығы) корпорация иесі болады. Бағалы қағаздар рыногы арқылы көптеген адамдардың қаржыларын жұмылдыру мүмкіндігі туады. Акция иелері табыс бөлігін алады (дивиденд) және сонымен қатар акцияны (облигация) сатып алуға жұмсаған ақша сомасымен тәуекел етеді. Несие берушілер жалпы корпорацияға талап қойғанымен, жеке тұлға ретіндегі акционерлерге қоя алмайды (шектеулі жауапкершілік құқығы).

Мамандандыруды неғұрлым тереңдете отырып, жоғары білікті мамандарды кеңірек тарту корпорациялардың тиімді өсуіне көмектеседі. Корпорациялар арқасында ғылыми-техникалық прогресті енгізу, шығарылатын өнімдердің ассортиментін тұрақты жаңарту, жаппай өндіріс технологиясын игеру мүмкін болды.

Корпорация - бұл іскерлік кәсіпорындардың ерекше типі. Корпорация олардың иелері акционерлерден тәуелсіз әрекет етеді. Егер корпорацияның жүргізіп отырған саясаты ұнамаса, онда олар өз пайларын сатуға құқылы, бірақ компанияны жоя алмайды. Сондықтан, қазіргі корпорациялар белгілі тұрақтылықпен сипатталады. Жекелеген акционерлерлер өз еріктері мен талап-тілектеріне қарамастан олар өздерінің ерекше ресурстарын сақтайды.

Корпорацияның айтарлықтай жетістіктермен қатар елеулі кемшіліктері де бар.

Корпорация барлық мүмкін қиянатшылыққа кең жол ашады. Меншік қызметі мен басқару қызметі арасында алшақтық пайда болады. Шағын және орта акционерлер әдетте, шынайы бақылауды іске асыруға қажетті және жеткілікті ақпаратқа ие емес. Корпорацияда меншік талан-таражға салынады, себебі басқарушылар командасы қызметін бақылау мүмкіндігі әлсірейді. Акцияның бақылау пакетін ұстаушылар ғана жоғарғыбасқарушыларды қадағалап отыра алады. Оппортунистік мінез-құлқы мүмкіндігі кеңейеді. Баюға ұмтылған жоғарғы менеджерлер төтенше тәуекел операцияларға қатысады, ал кейде билікті тікелей қиянатшылыққа пайдалануға барады (бағалы қағаздармен алаяқтық жасау, капиталды еншілес компанияларға құю, күдікті өндірістік қызмет және т.б.).

Бірақ мұндай қиянатшылықтар белгілі бір шектерде ғана мүмкін. Тежеуші фактор ретінде рыноктың өзі жүреді. Егер корпорация нашар жұмыс істесе, акционерлердің компанияның ағымды істеріне араласуы мүмкін. Осы фирманы басқасының «жұтуы» және команданың толық ауысу қаупі пайда болады (оның жоғарғы эшелонының). Компания менеджерлерінің еңбек рыногындағы менеджерлер алдында беделі түседі. Бұл болашақта олардың табыстарының күрт түсуіне әкелуі мүмкін.

Қазіргі корпорация қызметінің басқа да ірі кемшіліктеріне қосарланған салық салу жатады. Корпорация табысының дивиденд (үлесақы) түрінде акционерлерге төленетін бөлігіне, алдымен корпорация пайдасы ретінде салық салынса, содан соң акция ұстаушылары табысының бөлігі ретінде салық салынады.

 

5. Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы

Соңғы жылдары елде кәсіпкерліктің ары қарай дамуының жаңа механизмі даярланды.

Бүгін шағын және орта бизнеспен айналысатындардың саны 1,8 млн. адам немесе ел халқының еңбекке жарамды бөлігінің төрттен бірі болып табылады.

ЖІӨ көлемінің үштен бірі солардың қолымен өндіріледі.

Міне, осы шағын және орта бизнес негізгі жұмыс орындарын құрастырады, орта класты қалыптастырады.

Содан басқа 2009 ж. корпоративті табыс салығы үш есеге төмендеп, 20%-ды құрады. Қосылған құнға салынатынсалық мөлшерлемесі 12%-ға қысқарды. Әлеуметтік салық мөл-шерлемесінің регрессивті шкаласы орнына 11% көлемінде бірегей мөлшерлеме енгізілді. Ин-вестициялауды іске асыратын кәсіпорындар үшін салықтық преференциялар қарастырылды. 2008-2009 жж. шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий енгізілді.

Кәсіпкерлік белсенділік артуына «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын қамтитын жедел индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы көмектеседі. Сонымен қатар отандық бизнесті қолдау мемлекеттік тапсырыс көмегімен де жүргізіледі. 2010 ж. мемлекеттік сатып алуға 2 трлн. теңге бағытталған. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ сатып алуға 2,6 трлн. жұмсауды жоспарлап отыр. Осы қаражаттардың едәуір бөлігін мемлекеттік тапсырысты орындағаны үшін қазақстандық кәсіпорындар алады. Шағын және орта бизнес проблемаларын жедел шешу үшін бизнес-ынтымақтастық пен Үкіметтің бірегей үйлестіруші кеңесі құрылды. 2010 ж. бизнесті мемлекеттік қолдауға бағытталған қаражаттың едәуір бөлігі әрекет етуші кәсіпорындарды сауықтыруға, ал 2011 ж. жаңа жоғарғы технологиялы өндірістерді құруға жұмсалды. Үкімет нақты өндіріспен айналысушы қазақстандық кәсіпорындарға көмектеседі. «Бизнестің жол картасы - 2020» келесідей аспаптар көмегімен іске асырылады:

- несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерге субсидия беру, несиелерге жартылай кепіл болу;

- өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды және бизнесті жүргізуді сервистік қолдауды дамыту;

- кадрларды дайындау және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (2011 ж. бастап);

- борышкер кәсіпорынға пайыздық мөлшерлемені субсидияға беру арқылы кәсіпорынды сауықтыру мен борышкерге салықтарды және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді айыппұл есептемей 3 жылға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігін беру;

- сыртқы рыноктарға өнімді экспортқа шығаратын кәсіпкерлерді қолдау: 2010 ж. бағдарламаға қатысушы банктердің сыйақысы, мөлшерлемесі 12%-дан аспау керек, бұл кезде экспорттаушы 4%-ды, ал мемлекет 8%-ды төлейді.

Бизнесті дамыту үшін әкімшілік кедергілер төмендетіліп отыр. Бүгін рұқсат беруші процедуралардың 1015 түрі анықталды. Осы бойынша 2008 ж. 29 млн.-нан астам рұқсат беруші кұжат берілген. 1015-тің 348 процедурасын тоқтату туралы ұсыныс жасалды. Осының нәтижесінде лицензиялық рұқсат беруші құжат айналымы жылына шамамен 881 мың бірлікке азаяды деп күтуге болады. Дүниежүзілік банк бизнесін жүргізу жеңілдігі рейтингіндегі Республика позициясын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасады. Қазір республика позициясы жақсарып келеді. Егер 2009 ж. Қазақстан 64-орында болса, 2010 ж. 63-орынға көтерілді.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: