Мыстан кемпір:-------------------------------------

Бақылаушы: балалар, бұндай сыйлықтар сендерге керек пе?

Мыстан кемпір: қандай ақылдысыңдар. Ал мен сендерге тыйым ғылымдар мектебін ашамын. Қабылдау емтихансыз, тегін оқытамыз. Кім жазылғысы келеді?

Бақылаушы: балалар онда қандай ғылымдарды оқиды?

Мыстан кемпір: мен сендерді скамекелерді былғауға, ұрсуға, төбелесуге, бір-бірлеріне жала жабуға өз кінәңді басқаға жаба салуға, дөрекі сөйлеуге, осыны бәрін, бәрін үйретемін.

Бақылаушы: біздің балалар ондай мектепке бармайды, олар шынайы мектепке дайындалды. Тіпті әріптерді де таниды.

 

«Сөзді құрау» ойыны (қыздар)

«Сөмкені жина» (ұлдар)

 

(Мыстан кемпір бірге қатысады, барлығын шатастырады, бірақ өзі сөзді құрай алмайды)

 

Бақылаушы: көрдің бе Шапокляк, бұл да сенің қолынан келмейді. Барып оқы және енді біздің пойызға билетсіз мінбе.

Мыстан кемпір: ендеше бұл жерде мен қалмаймын, сендер ештеңе істей алмайсыңдар.

 

Жүргізуші: келесі «Ырғақтық» бекеті.

 

Ойын

«Кукарела» биі. (5 жұп)

 

Ата-аналар қызметкерлерге алғыс айтады.

Ата-аналар

Нурмухамбет ағай

Балаларды жаттықтырады,

Дене шынықтырушы.

Әрқашан да сайыста

Бас жүлдені алады.

Еркем, еркем, еркем-ай,

Жаттықтырушымыз-ай,

Ең күшті, өте епті!

Балаларды сүйеді.

 

Бақшада бірге тұрды

Ойнап, күліп, жүгірді

Көңілдерін шалқытып

Шуылдады, секірді

Еркем,еркем,еркем-ай

Тәрбиешілері-ай

Бірге олармен ойнап

Кешке шаршап құлады.

 

Бала бағушыларымыз

Топты жайлы сақтайды.

Ыдыс жуып жүреді

Бәрін таза ұстайды.

Еркем,еркем,еркем-ай

Күтушілері-ай

Сабырлы ең қайырымды

Кір болсақ, бізге ұрысады!

 

Әр қашан әзірлейді,

Балаларға тамақты

Ботқалар мен сорпалар,

Бақшада аспазшылар.

Еркем,еркем,еркем-ай

Аспазшылары-ай

Әрқашан тоқ жүреді,

Иіліп, сәлем береді.

 

 

Біздің балабақшада,

Таза барлық киімдер.

Орамалдар, перделер,

Кір жуады тәтелер.

Еркем,еркем,еркем-ай

Біздің апайларымыз-ай.

Ұқыпты да қайрымды,

Тазалықты сақтайды.

 

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

 

Жүргізуші: келесі бекет «Қоштасу» бекеті.

 

Балалардың қызметкерлерге алғыс айту (тақпақтары)

Кудабаева Асель

Орын берген бақшадан

Меңгеруші жақсы адам

Соңдықтан да біз үшін

Артық өзі басқадан

Риза, ата-анада

Көп әйгілі атағы

Айтамыз біз мың алғыс

Гүлмекен Арапқызына.

Жаркенова Жадыра

Әдіскер Гүлбану апайға

Алғыс айтып барамыз

Қабыл алып гүлімізді

Әдемі болып жүріңіз.

Каримханова Аружан

Үйренгенбіз өнер біз

Шетімізден шеберміз

Бал татыған әндерді

Үйреткен сазгер биші апайларға

Қарыздармыз бәріміз.

Михайловская Анастасия

Бізде мұнда әрдайым

Бәрі бәрі дап дайын

Бізді әрқашан ойлаған

Қоймашы апайға мың алғыс!

Алимкерей Мерей

Томпиған тәтті бауырсақ

Самса, палау, бауырсақ

Бізге арнап пісірген

Апайларға мың рахмет!

Өтеген Ералы

Денсаулыққа болаттай

Ауруларды жолатпай

Күнде болған әбігер

Қамқоршымыз дәрігер

Ләззат апайға мың алғыс!

Бекбаев Алихан

Ақ төсекке жатқызған

Тәтті тамақ жасаған

Бала болып ойнаған

Бахыткул апайға мың алғыс!

Қарлыбай Дияр

Жазу жазып үйреткен

Әріптерді оқытқан

Санамақты жаттатып, санауды бізге үйреткен

Жақсы болсаң қуанған

Қате болса кешірген

Қадиша, Ботагоз, Сауле апайларға

Айтамыз біз мың алғыс!

 

(балалар қызметкерлерге гүл сыйлайды)

 

«Біз мектепке барамыз» әні орындалады.

 

Жүргізуші: келесі «Мектептік» бекеті.

Шалтаев Даниал

Мектепке енді барамыз

Үлгілі оқушы боламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік алламыз.

Утепов Марлен

Үлкендердей тап-таза

Жазамын бормен тақтаға

Үлгілі бала боламыз

Оқып білім аламыз.

Нұрхан Аділет

Мектепке енді барамзы.

Оқимыз, сауық құрамыз

Қашық емес арамыз

Бақшаға келіп тұрамыз.

Сатпаева Жамиля

Ана-тілін ардақтап

Ата салтын біз көрдік

Сурет салып ән жаттап

Оқып жазып үйрендік

Қуантып әрі қинайды

Бақшамнан алыс кеткенім

Қажет қой бірақ білімнің

Кемесімен өткенім.

Памурзин Кирилл

Біз бақытты баламыз

Жетіліп ой санамыз

Бақшамызбен қоштасып,

Мектепке кетіп барамыз

Бал күндерді қиялдап

Сағынамыз әлі ақ біз.

 

(ата-аналарға алғыс айту, алғыс хаттарды тарату)

 

«Қоштасу» әні орындалады.

 

Балаларға сыйлықтарын, дипломдарын, марапаттау қағаздарын береді. Далаға шығып, аспанға әуе шарларын ұшырады.

 

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды
Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған
Біз сендерге сәтті сапар тілейік!

 

 

Жүргізуші:Айналайын, балалар,
Сендерде ой,сана бар
Өздеріңннен өседі,
Өнершілдер, даналар.
Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың,
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың.
Жүргізуші: Айналайын гүлдерім,
Айым менен күндерім.
Маған қызық тілдерің,
Естен кетпес үндерің.
Сендердікі болашақ,
Өтер балғын жастық шақ
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.

 

Ж.А: 1. Ізбасары әкесінің,
Мейрамбек біздің ай бала,
Ғылым, білім өнерге
Қанат қағар қайда да.
Қ.А: Нұрхан деген баламыз,
Отанымыздың түлегі.
Болар үлкен азамат,
«Ел» деп соққан жүрегі.
Ж.А: Маржан біздің жайнайды,
Тоты құстай сайрайды.
Ән де айта алады,
Би де билеп береді.
Қ.А. Бекарыс – деген түлегіміз,
Ақтап Отан тілегін.
Мақтанышқа бөлейді,
Ата-ана жүрегін.
Ж.А. Диас өсіп келеді,
Ержетеді, өрелі,
Сап-салмақты баламыз,
Талабына қараңыз.
Ж.А: Еркелеткен анасы.
Рысханға қарашы.
Білім деп соққан жүрегі,
Әрқашан көңілді жүреді.
Қ.А: Сыныптастары мақтаған,
Ердің аты – Данияр.
Қазір жап-жас болса да,
Таудай үлкен талабы.
Ж.А: Әділ деген ұланымыз,
Тәуелсіз елде тұрамыз.
Жас ұрпағы бүгінгі,
Ал ертеңгі қыранымыз.
Қ.А: Айдынға біздің қараңыз,
Бал күлкілі баламыз,
Жарқын болсын өмірі,
Орындалар тілегі.

Бәрі бірге: Біз сенімдеріңізді ақтаймыз! (Шарларын жібереді)
Ж.А: Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың,
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың.
Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз»

Маржан: Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,
Ұстаздарым, толастамас мәңгі ісің,
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.
Мейрамбек: Шәкіртіне беретін білім нәрін,
Аялаймыз, ардақтап «Ұстаз» халқын.
Ал мектебім жыл сайын гүлденеді,
Арыстанбек Нұққалиұлы
Өзіңіз басқаратын,- дей келе мектебіміздің директоры: Ғұбаш Арыстанбек Нұхқалиұлына сөз береміз.
Рысхан: Шашымызды тараған,
Қабағымызға қараған.
Бақытжамал апайды,
Сыйлайды бар адам.
Айдын: Ой жіберсек мәніне,
Өзін-өзі тану пәніне,
Өмір сырын үйретер,
Гүлсім Садыққызы бәріне.
Әділ: Орыс тілін үйреткен,
Анамыздай сыр шерткен.
Күмісай Карипуллақызын,
Айтамыз зор құрметпен.
Данияр: Сүйеміз ән-күй сабағын,
Суретті де саламыз.
Райхан Жалғасқызын,
Әрдайым еске аламыз.
Нұрхан: Көңілінің хошын-ай,
Көп шәкірттің досындай,
Ақ ниетті кең пейілді,
Мұрат ағай осындай.
Маржан: Үйретіп би жолдарын,
Өнерге бізді бастадың.
Нұргүл Қуанайқызы
Үлкен істі атқардың.
Бекарыс: Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі.
Ақтолқын Меңдіғалиқызы
Қамқор боп бізге жүреді.
Мейрамбек: Ойынның шексіз өресі,
Әділ де қатаң төреші
Ұрыспай айтқан ақылын,
Жанаргүл Аманқосқызы ақылшым.
Данияр: Сөз сөйлесе жарқын-ақ,
Күніміздей жарқырап.
Өсіреді ой-сананы,
Қалиса Аллаярқызы сабағы.
Хор: «Алғашқы ұстазым»
Рысхан: Ақыл, сана, берген білім тереңін,
Алғысы көп мектебіне өреннің,
Ұлағатты ұстаздарға сол үшін,
Шәкірттері көрсетеді өнерін.

 

Бекарыс: Өткенде бізден ағаттық,
Байсалдылықпен тағат қып,
Балалық болса кешірген
Байыппен баурап өсірген.
Үлгілі әркез ұстамды,
Сабырлы ізгі ұстазды,
Анадай көріп сыйлаймыз,
Қоштасар кезде қимаймыз.

Рысхан: Жазуларымды қаттаған,
Жақсымды көріп мақтаған,
Ардақты ұстаз – жақсы адам
Айтқанын ұғып жаттаған.
Жетелеп әрі сынап та,
Жеткізген бізді мұратқа.
Ұлағат ісін сүйеміз
Ұстазға басымызды иеміз.

 

 

Қанша бала,қанша қыз
Бір шоқ гүлміз баршамыз
Ойын күлкі ордасы,
Біздің балабақшамыз.
Біз ертеңгі батырмыз
Біз ертеңгі ақынбыз
Бір анадан туғандай,
Біз бәріміз татумыз.

 

 

Осыдан бір жыл уақыт Құлан ауылының бір шетінде «Балапан» балабақша ашылды. Онда 6 топ балалары өмір сүріпті. Соның ішінде «Айгөлек» тобының балалары өте ерекше болды. Өздері шетінен өнерпаз, алғыр,тапқырлы екен. Бұл топтың ұраны «Тек қана, алға!» деген мақсаты ылғи алдыңғы қатарда көріну еді. Күндер өтіп, бұл балалар 5 жасқа жеткенде балабақшадағы шаттыққа толы өмірімен қоштасып «Білім» атты үлкен сапарға шеккенді жөн көрді.

 

Алақай-ау, алақай!

Алақай-ау, алақай!

Бұдан былай мен енді,

Емеспін жай балақай.

Осыдан да көлемді

Оқи алам өлеңді.

Бардым бүгін мектепке,

Оқушымын мен енді.

Қайырболат: Күннің нұры шуақты,

Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты,

Оқушымын мен енді.

Толғанай: нағыз білім ырыс, бақ,

Дүниені тұр ұстап.

Енді біздер сабаққа,

Кірісеміз дұрыстап.

Әлижан: Таудай биік талабым,

Суретті де саламын.

Әзір менің дәптерім,

Қарындаш пен қаламым.

Тәрбиеші: Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені,- дегендей балалардың орындауында «Мектептерде үйретеді» әні.

Хор: «Мектептерде үйретеді».

Ортаға «Білгішбек» келеді.

Білгішбек:

-Балалар сәлеметсіздерме? Мен сендерге ақ жол тілегім келіп, сендердің мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім. Сендердің барлықтарыңда ақылды, саналы, білімдісіңдер. Мен сендерді өз әлеміме шақырамын, менің достарым боласыңдар. Бізді алда көп асулар күтіп тұр, келісесіңдер ме?

Сол кезде велосипедпен «Жалқаубек» келеді.

Жалқаубек:

-Ой, мында не болып жатыр, кеттік балалар ойнауға. Не істеп тұрсыңдар? Далада қызық болып жатыр, кеттік.

Тәрбиеші:

-Ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе? Сенде биыл мектепке барасың ғой. Қарашы мына Білгішбек қандай бала болғанын, сенде талпынуың керек емес пе?

Жалқаубек:

-Ой, мына Білгішбек мұнда не істеп жүр? Бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады. Біз мектепке бармаймыз. Аналарымыз, әжеміз оқиды, басымызды ауыртпаймыз.

Тәрбиеші:

-Қой Жалқаубек, біздің балалар мектепке әзір. Бүгін даярлық сыныбымен қоштасып жатыр. Сен апаңнан қалмай жылап сабаққа келмей жүргенде, біздің балалар бәрін оқып, біліп алған. Кәне отыршы көресің.

Білгішбек:

-Апай, мен балалармен ойын ойнап көрейінші. Балалар мектепке дайынба, тексерейін.

Ойын: «Оқу құралдарын жина».

Тәрбиеші:

Өнерпаз болсаң бар ма айып,

Рахмет мыңда бір!

Тойымызды жалғайық,

Шалқыта қосып жырға жыр, — деп кезекті балаларымыздың әндеріне берейік.

Ән: «Мектебім».

Тәрбиеші:

-Ал Жалқаубек қалай екен біздің балалар? Менде балалармен ойынды жалғастырғым келіп тұр. «Ия, жоқ» ойынын ойнайық.

1.Мектепке біз барамыз ба?

2.Кілең бестік аламыз ба?

3.Айтқан тілді аламыз ба?

4.Ақылды бала боламыз ба?

5.Нан жеймін деп жылаймыз ба?

6.Ертеңгісін тұрамызба?

7.Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

8.Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

9.Екі алғанда жылаймыз ба?

10.Оқушы біз боламыз ба?

Жалқаубек:

-Ой, балалар апаларыңда, мамаларыңда шаршайды ғой, бармаңдар мектепке, не керек?

Тәрбиеші:

-Олай болса ата-аналармен де «Ия, жоқ» ойынын ойнайық.

1.Балаңызға әрқашан тірексіз бе?

2.Сабақ оқып, есепке жүйріксіз бе?

3.Тамағын уақытылы бересіз бе?

4.Сериал көріп жатасыз ба?

5.Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

6.Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

7.Өзің оқы, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

Тәрбиеші:

-Рахмет көп-көп!

Балаларымыз көңілді

Шақырамыз ортаға.

Тойымызға сән беріп,

Би билейік тамаша!

Би: «Қара жорға».

Тәрбиеші:

-Балалар біз мектепке не үшін барамыз?

Балалардың жауабы:

-Оқып білім алу үшін!

-Еліме еңбек ету үшін!

-Білімді азамат болу үшін!

-Ер жетіп Отанымды қорғау үшін!

Тәрбиеші:

-Талаптарыңа нұр жаусын! Өте жақсы балалар екенсіңдер. Сендер мектеп табалдырығын нық аттап бара жатырсыңдар деген сенімдемін.

Ән: «Қасиетті домбыра».

Білгішбек:

-Мен балалармен тағы да ойын ойнағым кеіл тұр, Жалқаубек сенде ойна.

Ойын: «Қандай сан қалып қойды?»

Тәрбиеші:

-Уақыт алып мүдірмей,

Сан санайық кідірмей.

— 1-10-ға дейін тура және кері санайық балалар.

Жарадыңдар балалар,

Ризамын сендерге!

Көріңіздер біздерді

Мықтымыз біз есепке.

Балаларға логикалық есептер қойылады.

Жалқаубек:

-Білгішбек сен оны қайдан біліп алдың? Менің асығымнан, фишкамнан, добымнан да қызық екен. Менде үйге барып мектепке дайындалайын. Балалар сау болыңдар, күзде мектепке кездесейік.

Тәрбиеші:

-Білгішбек саған көп рахмет, Жалқаубекті дұрыс жолға салдың. Біздің де балалардың саған дайындаған көрінісі бар. Кәне, сенде отырып тамашала.

Көрініс: «Портфель».

Тәрбиеші:

Сезімді туған баламыз,

Оянды ақыл санамыз.

Адамдықтың бастауын,

Өзіңнен алып барамыз,- деп енді балаларымыз апайларына өз ризашылықтарын білдіреді:

Ұстаздардың ұстазы,

Тәрбиенің ұстасы.

Меңгеруші апайға

Риза әкем, анам да.

Бізде мұнда әрдайым,

Бәрі-бәрі дап-дайын.

Қамымызды ойлаған

Меңгеруші апайға мың алғыс!

Денсаулыққа болаттай

Ауруларды жолатпай.

Күнде болған әбігер

Қамқоршымыз дәрігер

Дәрігер апайларға мың алғыс!

Тәтті тағам пісірген,

Айран, сүтін ішкізген.

Аспазшы апайлар

Сіздерге де мың алғыс!

Жазу жазып үйреткен,

Әріптерді танытқан.

Санамақты жаттатып,

Санауды бізге үйреткен.

Жақсы болсақ қуанған,

Қателігімізді кешірген.

Тәрбиеші апайға,

Айтамыз біз мың алғыс!

Хор: «Бау-бақша белдер».

Тәрбиеші:

Балам дедім, ұлым дедім,

Қызым дедім сендерді.

Талай нәрсе үйрендіңдер,

Қыркүйектен келгелі.

Енді бүгін жаңа қадам

Басасыңдар мектепке.

Батылдық пен жігерлікті

Тілеймін мен сендерге.

Әдептілік, ибалылық,

Ізеттілік сақтаңдар.

Жалқаулыққа, жамандыққа

Ешбір қадам баспаңдар.

Кілең төрт пен бестік деген

Жақсы баға алыңдар.

Сәбилік таза пейілменен

Адам қалпы қалыңдар!

Құттықтау сөзді бастауыш сыныбының оқу меңгерушісіне береміз.

Ата- ана болу үлкен сын,

Бала өсіру ұлы өнер.

Жақсылардың соңынан,

Жарқын қыз бен ұл өрер.

Сөз кезегін ата-аналарға береміз.

 

 

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата-аналар! Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды сөндіріп, дабыр сөзді қойдырып, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз.

Залға балалар шармен, музыка әуенімен кіреді.

Барлығы: Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс!

Гүлден: Құрметті қонақтар армысыздар!

Бәріңізде есен-аман бармысыздар?

Таусылмайтын ағытып ой арманның,

Ал, достарым ақ жол тілеп сөз бастағын.

Роман: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді біз бастайық.

Жүздерінен көркем шаттық арайлы

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Үмбет: Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып, ортаға білім мен тәрбие нәріне сусындатқан апайларымызды шақырамыз.

Ортаға екі тәрбиеші шығады. «Астапурай» өлеңінің әуенімен ән айтады.

Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым,

Бақшамыздан тәрбие алғандарың.

Енді міне ер жетіп бәрің бірге

Достарыңмен мектепке барғандарың.

Қайырмасы:

Балаларым, балапан балғындарым,

Кілең беске оқыңдар жарқындарым.

Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар,

Барлығыңда болашаққа аттаныңдар.

Аттаныңдар жұптарың жазылмасын,

Ешқандайда қиындық жолықпасын.

Қайырмасы:

Балаларым, балапан балғындарым,

Кілең беске оқыңдар жарқындарым.

Тәрбиеші: Мәз-мейрам бүгін бүлдіршін,

Естисің сыңғыр күлкісін.

Естисің тәтті сөздерін,

Байқайсың жанған көздерін.

Көрсетер бүгін өнерін,

Балбұл жанған ұл-қызың.

Құтты болсын қадамың,

Мектепке басар жұлдызым!

Қымбатты ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Кешегі балғын бүлдіршін мектепалды даярлық сыныбын аяқтап, кішкентай ғана оқушы атануға дайын тұр. Аз да болса жауапкершілік жүгін арқалап, сәл де болса есейгендігін аңғартатын балаларыңыздың білімін, өнерін тамашалауға қош келдіңіздер! Қадамдарыңа сәттілік тілей отырып, сөз кезегін балалардың өздеріне берсек.

Алдыңдағы балалар,

Мектепке кетіп барады.

Тақпақ айтып бір-бірден

Қимай кетіп барады,

— дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақтарын айтуға шақырамыз.

 

 

Аяжан біздің ізденгіш

Талпынады биікке

 

Комьпютерді меңгерген

Нұрасылға кім тең келген?

 

Ерасыл біздің жан-жақты

Білімді жыйды салмақты!

 

Спортта үздік үнемі

Тобымыздың бұл бір жүрегі

Қ.Ерасылды кім біліпті?

 

Мынау біздің Мадина

Тұрған бойы наз-иба!

 

Ибалы, инабатты

Сабина біздің сыйға батты.

 

Балымайға

Бойына шаң жуытпайды,

Сабағында ұмытпайды.

 

Жарқынға

Кіршіксіз пәк жүрегі

Көңілді әр кез жүреді.

 

Едігеге

Сегіз қырлы, бір сырлы

Өнері бар сан түрлі.

 

Алиханға

Табиғатты сүйеді

Білімге бас иеді.

Аружанға

Берген өлең,тақпақты

Лезде жаттап алады

Тек жұлдызша алады.

Абзал

Математика десе

«ішкен асты жерге қояды»

Тек есепті тереді.

 

Алмазға

Сабағын жақсы меңгерген

Жақсылықты көп түйген.

 

Ералы

Топтағы әр баланы

Бауырындай көріп жүреді.

 

Диас

Жетелеп жүріп түрлі арман

Білімімен шыңдалған!

 

О.Нұрасыл

Білімге құштарлықпен бас ұрады,

Білгенін шыдамайды ақтарады.

 

Әр саладан білікті

Марғұланды кім біліпті?

 

Залда «Бақытты балалық шақ» әні естіліп тұрады.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, балабақша қызметкерлері, бүгінгі біздің мерекеміз ерекше, себебі бүгін мәпелеп өсірген, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине, бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын.

Балалардың балабақшамен қоштасуына арналған ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер. (Әр баланың ерекшелігіне тоқтала отырып, оларды ортаға шақыру.)

Топтың барлық мерекелеріне қатысып, ерекше көзге түскен тобымыздың әншісі – Ильяс

Тобымыздың атақты бишілері: Аружан мен Айгерім

Тобымыздың сүйкімді де, сүйікті балалары: Ақбота мен Жандос

Тобымыздың ерке бүлдіршіндері – Ілияс пен Нұрлан

Тобымыздың еңбек десе ерінбейтін, еңбекқор ұлдарымыз: Мадияр мен Есен

Тобымыздың кербез де сұлу қызы – Сәнгүл

Біз ертеңгілігімізді жалғастырамыз.

1-жүргізуші. Құрметті қонақтар, армысыздар,

Бәріңізде есен-сау бармысыздар?!

Қоштасатын күн келді бақшаменен,

Апайларға айтатын алғысым бар.

2-жүргізуші. Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын әнімізді бастайық.

Әдеп пенен өнегені үйреткен

Бақшамызды есімізде сақтайық.

Айгерім: Үлкендердей тап-таза,

Жазамыз бормен тақтаға.

Үлгілі бала боламыз,

Жүретіндей мақтана.

Сәнгүл:: Бақшадағы күндерді

Есімізге сақтаймыз.

Тәрбиеші еңбегін,

Бәріміз де сақтаймыз.

Мадияр: Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз.

Жандос: Гүлге толы қорамыз,

Біз өсеміз, толамыз.

Бәріміз де ертең ақ

Үлкен жігіт боламыз.

Нұрлан: Біз – ертеңгі батырмыз,

Біз – ертеңгі ақынбыз.

Бір анадан туғанбыз.

Біз бәріміз татумыз.

Би. «Вальс»

Ән. «Наргиза»

«Бестік» кіреді.

Бестік. Сәлеметсіңдер ме, балалар мен сендердің достарыңмын, менің атым «Бестік». Мектепте мен сендердің достарың боламын. Мен сендердің мектепке дайын екендеріңді білу үшін бірнеше тапсырмалар бергім келіп отыр.









































































































































Ші тапсырма.

Кім маған жақсы санамақ айтып бере алады?

1-бала. Бір дегенім – білім,

Екі дегенім – елім,

Үш дегенім – ұшақ,

Төрт дегенім – тұсақ,

Бес дегенім – бастау,

Алты дегенім – астау,

Жеті дегенім – желім,

Сегіз дегенім – сенім,

Тоғыз дегенім –торқа,

Он дегенім – оңқа,

Үлкендерден сұра,

Түсініксіз болса.

Бестік. Ал, енді маған кім қандай жаңылтпаш айтып бере алады?

2-бала. Қара майлы қарағайды,

Кесейін бе, кеспейін бе?

Қазықтағы қара тайды,

Шешейін бе, шешпейін бе?

3-бала. Қойымыз семіз,

Қозымыз егіз,

Өзіңіз келіп,

Көрсеңіз дейміз.

Бестік. Ал,енді сендер маған жұмбақтар жасырыңдаршы, мен шешуін тауып көрейін.

4-бала. Ортасында ішегі бар,

Жіп-жіңішке денесі бар. (қарандаш)

5-бала. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (Кітап)

Бестік. Балалар,сендер өте білімді, өнерлі балалар екенсіңдер, әрқашанда осындай бола берулеріңе мен тілектеспін.

6-бала. Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып балабақшамен

Мектепке кетіп барамыз.

Сәнгүл: Балабақша қош енді,

Әркез аман бол деймін.

Әкем менен шешемді,

Ертіп енді келмеймін.

Айгерім: Қош, балалар бақшасы,

Толған күлкі, толған күй.

Қош, балалар бақшасы,

Бізге туған болған үй.

Ән. «Қош, балалар бақшасы»

Би. «Қазақ биі» (қыздардың орындауында).

Тәрбиеші. Өсті ақыл – ойларың,

Өсті, міне, бойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың! – дей келе, ендігі құттықтау сөзді ата – аналарға береміз.

 

Бақшаға біз гүл ексек,

Балдырғаным, сен үшін,

Бақытыңды жыр етсек,

Балдырғаным, сен үшін

Жігіт болар, күні ертең

Балдырғаным, гүл еркем

Бақытты бол, өсе бер,

Құтты болсын мерекең!

 

 

Қош «Балдырған» бақшамыз

Естен кетпес есімің

Қош балдырған бақшамыз

Алғаш ашқан есігім

Еткен еңбек жемісі

Аяқталды деп санаңыз

Білім әлем көгінде

Қанат қағып ұшамыз

Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып балабақшамен

Біріншіге барамыз

 

 

Біз ғой әлі бүлдіршін

Мектепке әлі бармаймыз

Ақ жол тілеп сендерге

Ақ тілекті арнаймыз.

Жақсы оқып мектепте

Тәртіпті боп жүріңдер

Жаман қылық көрсетпей

Ден қойыңдар білімге

Роллан

«Айгөлектің»білім кілтін

Ұстап өзім қолыма

Тапсырамын аманат қып

«Балапандар» тобына

Досымжан Қабыл алам аманатын

«Айгөлектің» тапсырған

Жақсы оқуға ант етеміз

«Балапандар» атынан

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ата-аналар, бүлдіршіндер Ересек топтар өздерінің білім кілтін аманат етіп тапсырды. Ортаңғы топ бүлдіршіндері осы балалардың аманаттарын биіктерден көрсете береді деп сенеміз..

Жүргізуші:

«Әр сөзінің түйінін

Жақсылыққа тірейтін,

Қадап айтып ақылын,

Көпке бақыт тілейтін»

деп №13 «Балдырған» ясли-бақшасының меңгерушісі Қалдыгүл Дәулетқызына сөз кезегін берейік. (Мадақтама, сыйлықтарын тапсыру рәсімі)

 

Билеуші:

Айналайын балғындар

Алға бағыт алдыңдар

Мен бір бата берейін

Қол жайып қабыл алыңдар

Адам болар баланың

Қайтармайық талабын

Мектепке енді барасың!

Құтты болсын қадамың

Сәбиліктен марқайып

Өскендігі санаңның

Әріптерден сөз құрап

Жорғаласын қадамың

Үміттерін ақтай біл

Әкең менен анаңның

Жүрегіңе сақтай біл

Жақсы сөзін дананың

Бастарыңа бермесін

қиыншылық азабын

Жастарыма қонса екен

Даналығы бабамның

Орындалсын ойларың

Құтты болсын тойларың! Әумин

Жүргізуші:

Оқу-білім ордасы

Ұстаз оның арнасы

Ұстаздық деген-ұлы іс,

Адамдықтың айнасы демекші келесі сөзді бүлдіршіндерімізге мектеп табалдырығын аттатып, әрі қарай білім нәрін сусындататын алғашқы ұстазы болғалы отырған Ұлжан апайды ортаға шақырып, өзінің балаларға деген ақ лебізін тыңдайық.

Хор: №13 «Балдырған» балабақшасының әнұраны «Балдырған» әні

Жүргізуші:

Айналайын, балғындар,

Алға бағыт алдыңдар.

Ертең өсіп толыңдар
Ел мақтаны болыңдар!
Орындалсын ойларың,

Ашық болсын жолдарың

Жүргізуші: Ал, балалар сендерге сәт сапар тілейміз! Жолдарың ақ болсын. Қош,сау болыңдар! Ақжол ақтығының үстімен жұптасып балаларды жүргізіп, шығарып салу.

Жүргізуші: Қош,балалар,сәт сапар,

Үлгілі бәрің болыңдар

Жақсы оқып әрқашан,

Тек 5-тікті алыңдар –дей отырып, бүгінгі «Әр бала бір жұлдыз» атты ертеңгілік кешімізді жабық деп жариялаймыз.

Жүргізуші: Міне бүгінгі қысқа да нұсқа қойылымымыз аяқталды. Біз балабақша өмірінен ең үздік, ең қызық сәттерді көрсеттік. Ал, 1 қыркүйектен бастап «Мектеп өмірі» атты фильм түсіруге болады. Ол түсіретін фильмдеріңізідің соңында осындай бақытты, көңілді, мейірімді, сүйкімді, мықты болуларыңызды шын жүрегімізден тілейміз.
Енді бізің балалардың осы балабақша ұжымы яғни балабақша қызметкерлеріне айтар алғыс, тілектері бар екен, соны тамашалаңыздар.





Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: