Орындайтын : Балалар тобы

Натюрморт: Бекарыс

Портрет: Ерке

Натюрморт Бекарыс: Мен сурет салғанды жақсы көремін, доп теуіп шахмат ойнағанда маған ұнайды.

Би: Футболистер (Арсен, Қадыржан, Т.Алихан, Алихан,Төлеби, Б.Данияр)

Би: Спортшылар (Қыран, Т.Данияр, Қыдырәлі, Сырым, Мирас, Тлеуқабыл)

Хор: Детский сад

Көрініс шахмат: Балалармен жұмыс (Қадыржан, Айым, Гүлсара. Ақерке,С.Нұрай, Б.Алихан,)

Көрініс: Аспанға қараймын

Дәрігер: Арсен

Аспазшы: Мирас

Ұстаз: Гүлсара

Полиция: Б.Данияр

Суретші: Бекарыс

Мальвина: Балалар мен түсіндім іздеп жүрген бақыт ол біздің қолымызда екен. Ол білімді, ақылды, өнерлі балалар деп түсіндім. Түрлі мамандықтың өзіндік сыры бар екенін ұқтым. Мына буратино беріп кеткен білім кілтін мен сендерге табыстаймын. Мен енді мектепке баруға дайындалайын. Сау болыңдар!

Алладин: Меніңде мектепке барғым келеді. Менде сендермен қоштасымын. Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыздар!

(Бірге шығып кетеді)

Алмагүл: Құшағында жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Би - биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
Гүлге толы жан - жағым,
Асыр салып жүгірдім.
Өсті талап талғамым,
Көп нәрсені ұғындым.


Төлеби: Сен үйреттің сөйлеуді,
Сенде ойым есейді.
Мектепке барам мен енді,
Бала бақшам қош енді.
Жеті жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата – ананы
Мектепке кетіп барамыз.


Тлеуқабыл: Мектепке ертең барамыз,
Оқимыз білім аламыз.
Қашық емес арамыз,
Бақшаға кетіп барамыз.
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып бала - бақшамен,
Мектепке кетіп барамыз.


Айым: Қуанамыз, сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызды қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.

Алау болып жанамыз
Құлыншақ боп шабамыз
Балапандай талпынып
Көкке қанат қағамыз.

Т.Алихан: Шықтық міне хат танып
Жырын елдің жаттадық
Ұстазымның еңбегі
Жатса екен ақталып.
Құштар болып білімге
Біз өрлейміз түбінде
Бақшамызды тәмәмдап
Алға кеттік бүгінде.

Би: Қазақша (Ерке, Алмагүл,Мадина, Ақерке,Аружан,Айя,Айда,С.Нұрай)

Хор: Чему учат в школе

Қыдырәлі: Сегодня мы прощаемся

С любимым детским садом

Мы выросли, мы выросли

Идти нам в школу надо

Б.Нұрай: Спасибо воспитателлям

Спасибо няням нашим

И доктору, и повару

Мы всем «Спасибо» скажем

Гүлсара: Сегодня день особенный

И грустный и веселый

Мы выросли, мы выросли

Идем учится в школу

Б.Алихан: Куклы мишки и петрушки

Грусно смотрят на ребят

До свиданья игрушки

До свиданья детский сад

Мүслім: В сумке новые тетради

Ручки и карандаши

До свиданья лошадки

Мы уже не малыши

Айя: Здесь дружили мы играли

Буквы первые узнали

Незаметно подрастали

И совсем большими стали

Гүлсара: Прощайте куклы, зайки, мышки

Теперь важней тетрадьки, книжки

Учеником прилежным будь

Успехов, счастья

И добрый путь!

Пародия: Мақпал Жүнісова (Мадина) «Қазақ қызы»

Юрий Шатунов (Төлеби) «»

 


Алғыс білдіру сәті

Қыран: Жиналамыз шат күлкімен бақшаға

Тең келмейтін ғажап мекен басқаға

Дәл осындай бөбекжайды сыйлаған

Алғысымыз зор Сейітқали атаға

Аружан: Гүлдендірген бақшаны

Балабақша директоры жақсы адам

Сондықтанда біз үшін

Артықсыз сіз басқадан

Ләззат Жұмағалиқызына мың алғыс!

Арсен: Жайдары жүз ай қабақ

Жүреді бізді аймалап

Тобымызға жиі кеп

Білгеніңді сұрайтын

Айнұр Серікбайқызына мың алғыс!

Алмагүл: Қайнаған су әкеліп

Іш деп дәрі береді

Жылтыңдатып инесін

Түршіктірер денеңді

Алмагүл Ережепқызына мың алғыс!

Қыдырәлі: Тәтті тағам пісірген

Айран сүтін ішкізген

Аспазшы апайларға

Сіздерге мың алғыс!

Айда: Ақ төсекке жатқызған

Тәтті тамақ жасаған

Бала болып ойнаған

Рәзия Мұхтарқызына мың алғыс!

Барлығы бірге: Баулап баптап өсірдіңіз

Балалық етсек кешірдіңіз

Ұмытпаймыз өзіңізді

Ұмытпаймыз сөзіңізді

Тәрбиешілерге мың алғыс!

Хор: Воспитатель

Жүргізуші Аружан: Тәрбие берген бақшамыз Тәртіпті бала боламыз Алда үлкен белес бар Сүрінбей өтіп барамыз

Жүргізуші Нұрмұхамед: Бала бақша, бала бақша,
Шаңырағы шаттықтың
Бала бақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.


Жүргізуші Нұрай: Сыңғыр, сыңғыр қоңырау Қоңыраудың шақырған Тәтті әуені ән думан Білім алған бақшадан Біз көңілді балдәурен Шақырады мектепке.

Ән: Детский садик (Аружан, Нұрай, Нұрмұхамед)

Жүргізуші Аружан:

Жүргізуші Нұрмұхамед: Уважаемые родители, дорогие дошколята! Вот и закончился наш прощальный празник с детским садом. Дорогие наши друзья, сверстники! Желаем вам счастливого будущего, чтобы перед вами не было преград, досвиданья, детский сад любимое наше гнездышко! Здраствуй школа!

Жүргізуші Нұрай:

(Барлығы қол ұстасып мектепке кіреді, қоңырау қағылады)

 

«Қош бол, балабақша»

 

1) Тәрбиеші:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда
Жол табар қараңғыда адасқанда
Мал озбас біле білсең білім озар
Ақыры керек болар бір сасқанда –деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген бүлдіршіндеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Қош бол, балабақшам» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
2) Тәрбиеші:

Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген - бір мұрат
Алдына түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат
1)Тәрбиеші:

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда
Мұндай күй болған сірә қаншаңыз да
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
Балдырған бүлдіршін түлектерді
Балалар музыкамен кіріп, вальс билейді
2) Тәрбиеші:

Мектеп ана шақырады бізді алдан
Алдымызда әлі талай сан арман
Қоштассақ та балабақшам сенімен
Санамызда өзің берген өнегең –деп бүгін балабақшамен қоштасқалы тұрған түлектеріміздің лебізін тыңдасақ.

 































































Хор: «Армандастар»


Әділ:

Қоштасып мен бүгін балалықпен
Қоштасамын сиқырлы бала бақпен
Танысып Мектеп деген әлемменен
Достасамын біліммен, даналықпен

 

Данияр: Қуаныш бүгін біздерде достар
Боламыз енді біз сыныптастар
Күтеді алдан бізді ұлы жол
Шаттыққа толы үлкен армандар


Шұғыла; Шыбықтай едік үштен жаңа асқанда
Балабақша есігін жаңа ашқанда
«Апам» деген сөзді ғана білуші ек
«Отан» деген сөзді әлі білмеуші ек

 

Вова: Қызық күндер өткіздік
Балабақша бағында
Көп оқыдық, көп білдік
Ел мен Отан жайында

 

Анита:

Балабақша есігін
Сәби болып ашқанбыз
Балапандай мәпелеп
Өсіреді бақшамыз


Катя:

Бұл екінші үйіміз
Бір туғанбыз бәріміз
Біз осы үйдің гүліміз
Біз осы үйдің сәніміз

Асылбек:

Әр нені білдік мәнісін
Сыртын қойып және ішін
Айтамыз сізге мың алғыс
Осылардың бәрі үшін

 

Нелли;

Ақылы бар баласын
Айтқан тілді аласын
Намысты болып өссең сен
Нағыз адам боласын

Әділ:

Баулып, баптап өсірген
Бұзықтық етсек кешірген
Ұмытпаймыз өзіңді
Ұмытпаймыз сөзіңді

 

Данияр:

Бөлмеде кеңес бересіз
Болашағымызға сенесіз
Бізден кейін кетесіз
Бізден бұрын келесіз

 

Асылбек:

Қош бол ойыншықтарым,
Жасырып кейде тыққаным.
Кеткендей кеше қоштасып,
Келгенде алдан шыққаным

 

 

1.Тәрбиеші:

Жаңа өмір басталсын
Үміт сенім ақталсын
Ұмытылмай балабақша вальсі
Көңілде мәңгі сақталсын – балалардың орындауында,

 

БИ: «Балдырғандар вальсы»

2. Тәрбиеші: Енді балалар сендер әріптерді танисыңдар, қазір әріптерден сөздер құрастырыңдар. «Отан», «Ана», «Бала»

 

2.Тәрбиеші:

Қыздардың биші аяғы
Той дегенде тұра алмас
Тойларыңда билеп берсе
Қандай қонақ қуанбас











































Би: Зарядка

Орындайтын: Мариям

 

Ертегі: «Портфель»
Автор: Бір күні Әліппе келе жатып жолда портфельді көреді, әрі қарап бері қарап былай дейді:

Әліппе: Мынау маған бір ыңғайлы үй екен ғой. Ертең балалар мектепке барғанда менң осы үйге салса өте жақсы болар еді. Бұның атын мен портфель деп қояйын. Балалар менсіз мектепке бара аялайды ғой және оқи портфельдің ішіне кіріп, отырады. Дәптер келеді.
Дәптер: -Қандай әсем үй? Бұл үйде кім тұрады?
Әліппе: Мен әліппемін. Тұрып жатқан үйім портфель. Балалар мектепке барғанда мені осы портфельдің ішіне салып алмайды ғой. Ал сен кімсің?
Дәптер: Мен дәптермін. Мен де балаларға керекпін ғой. Балалар әріп, сандарды жазу үшін дәптер қажет қой. Мен де осында үшін дәптер қажет қой. Мен де осында тұрайыншы.
Әліппе: Жарайды бірге тұрайық.
Қалам келеді.
Қалам: Азиза: -Қандай әсем үй? Бұл үйде кім тұрады?
-Мен әліппемін.
-Мен дәптермін. Ал сен кімсің?
Қалам: Мен қаламмын, балаларға өте қажетпін. Дәптерге әріп, сандарды жазу үшін қалам керек қой. Менсіз балалар мектепке бара алмайды. Мен де осында тұрайыншы.
Жарайды кел тұр.
Автор: Сөйтіп портфельдіңішінде әліппе, дәптер, қалам тұрып жатады. Бір мезгілде сурет дәптер мен түрлі-түсті ұарандаш келеді.
Түрлі түсті қарындаш: - Қарашы мынау қандай әсем үй. Бұл үйде кім тұрады?
(Әліппе, дәптер, қалам осындай тұратының айтады)
Қалам: Ал сендер кімсіңдер?
Сурет Дәптер:-Мен сурет дәптермін. Түрлі-түсті қарындаш: Мен түрлі-түсті қарындашпын. Ертең балалар мектепке барғанда сурет салу үшін біздер қажетпіз. Сондықтан біздер де сендермен бірге портфельде тұрайықшы. (жарайды, тұраыңдар) Бір мезгілде күнделік келеді.
- Қандай әсем үй. Бұл әсем йүде кім тұрады?
(әрқайсысы өзі таныстырады).
-Ал сен кімсің?
Күнделік: Мен күнделікпін. Мен де өте қажет затпын. Ертең балалар мектепке барғанда алған бағаларын маған қояды ғой. Сондықтан мен де сендермен бірге тұрайыншы.
Сурет дәптер: Жарайды кел бізбен бірге тұр.
Бала: -Әділ келеді: Мынау қандай керемет портфель. Бұл портфельдің (Бала портфельдің ішін ашып, құралдары көрсетіп, атап-атап үстелге қояды. Маған керек қой. Мен мектепке барғанда, бұл құралды ұқыпты ұстаймын, ренжінпеймін. (Автор сөзі)

Міне балалар біз мектепке барарда осындай құрал - жабдықтар керек екен. Біз оларды ұқыптап ұстауымыз керек.

 

 

1.Тәрбиеші:
Әліппе:

-Менің атым-Әліппе
Мені апаңдай дәріпте.
Мені оқып ержеткен,
Бауыржан да, Мәлік те.
Математика:

Біздің келер, шамасыз,
Бестен үшті аламыз.
Төртті бөліп екіге,
Жауабын тез табамыз.
Дәптер.

Ел құрметтеген балалар,
Досың бар, ол –тазалық,
Кел, дәптерге, балалар
Тап-таза етіп жазалық.
Күнделік:

Жазулы менде әр күнің.
Бар мінезің, тәртібің.
Дос болайық жарқыным!
Жолдасымсың біргемін,
Екеуімізде намыс бар.
Жаман оқып жүрмегін.

 

Ән: «Шақырады көктем»

Орындайтын әнші қыздарыңыз Шұғыла

 

2.Тәрбиеші:

Көктем жаздың кереметі көп екен
Көбелектер әсем гүлдің сәні екен
Шақырайық олай болса ортаға
Биші топты «Қамажай» биімен.


Би: «Қамажай» қыздар тобы

 

1.Тәрбиеші:

Қазір балалар сендермен «Иә, иә» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз. Мен сұрақ қоям, сендер сұрақтың жауабына қарай иә, немесе жоқ деп жауап бересіңдер.
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Ертеңгісін тұрамыз ба?
7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?

Ата – аналармен де «Иә, иә» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Балаңызға әрқашан тірек сіз бе?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз бе?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқытып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

2. Тәрбиеші:

Мың бұралған қыздарды
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билесін қуанта

 

Би: «Сыған»

Орындайтын биші қыздарыңыз Шұғыла мен Ангелина

 

Асылбек:

Ұстаздардың ұстазы,
Тәрбиенің ұстасы
Меңгеруші апайға
Ырза шеше, әке де.
Бізде мұнда әрдайым
Бәрі - бәрі дап - дайын.
Қамымызды ойлаған
Салтанат апайға мың алғыс!
Әділ:

Еңбек еткен еңселі
Сырты менен ішіне.
Балабақшаның қызметін
Иығына көтерген.
Дәмді, тәтті тағамды
Жеткізген бізге дүкеннен.
Жанар апайға мың алғыс!


Данияр:

Әр күніміз той - думан
Рахатқа батып ек.
Асқа бізді тойдырған
Аспазшы Нұржамал
апайға рахмет!

 

Самина:

Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген
Ақмарал апайға
Айтамыз біз мың алғыс

Анита:

Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбдігер
Қамқоршымыз дәрігер
Дәрігер апайларға мың рахмет

 





































































































БИ: «НОССА»

Орындайтын: Балалар тобы

 

Би: Отабасылар тобы

 

 

1.Тәрбиеші:

Әрбір ұрпақ болашағымыздың алтын діңгегі. Ендеше ұрпақты өмірге әкеліп, адал ниет, ақ батамен өсірген ата – ана емес пе? Балалардың осы қуаныштарын бөлісіп отырған ата – анаға сөз береміз.-------------
Тәрбиеші:

Түлектерге тілегін айтып балабақша атынан марапаттарын табыстау үшін балабақша меңгерушісіне сөз беріледі (Дипломдармен марапаттау)
Тәрбиеші:

Сіздерге бүгінгі көңілді көңіл күйімізді тарту ете отырып, барша бүлдіршінге бақыт, ашық аспан, жарқын болашақ, тыныш өмір, шат күлкі, үлкен жетістіктермен сәттіліктер тілейміз.

 

Ән: «Алтын Анам»

Орындайтын: Әсел

 

2.Тәрбиеші:

Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын

Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын! Осымен «Бала тілегі» атты ертеңгілігімізді әнмен аяқтаймыз.

 

Ән: «Бала тілегі»

 

 

Қатысатындар:

Үлкендер – тәрбиешілер, балабақша қызметкерлері, корреспондент, бақылаушы, Шапокляк.

Атрибуттар:

Репродуктордың айтылатын сөздер, жазылған жол серіктің сөздері, пойыздың дыбысы, фотоаппарат, микрофон, бақылаушыға арналған билеттер, 5 доп, 3 обруч, 2 лента, портфель құралдары және ойыншықтар, әріптер.

Музыка залы мерекегесай безендірілген.

Жүргізуші: тыңдаңыздар, тыңдаңыздар жедел пойызы «Қош бол балабақша – сәлем мектеп» бағытымен Астана уақыты бойынша 10.00 де аттанады (қайталау)

(музыка ойнайды)

Жүргізуші: сендерді пойыз бригадасымен бірге пойыз бастығы – балабақша меңгерушісі Саутбаева Гүлмекен Арапқызы бастап жүреді (залға кіреді)

Жүргізуші: сонымен қатар машинист - балабақшаның әдіскері Гүлбану Бақтыбайқызы, машинист көмекшілері: Гүлнар Октябринқызы, Нуржамал Мансурқызы, Перизат Асатқызы, Балауса Хитарқызы, дене шынықтыру маманы: Әлия Жақыпқызы және біздің вагонымыздың жол серіктерсіз саяхаттау мүмкін емес, апайлар: Қадиша Басаманқызы, Бахыткул Умиртайқызы, Ботагоз Аманбайқызы.

Жүргізуші: мейрамханада сізге көмек көрсететін аспазшылар: Сақия Бейсембайқызы, Лидия Фаязовна, пойыздың бригадирі – Аида Жоламанқызы, фельдшер – Ляззат Әлімжанқызы.

Жүргізуші: ал, енді саяхатымыздың басты қатысушылары: балалар.

Ең көңілді –Танизбаев Санжар, Сатпаева Жамиля

Еңбекқор – Жандос, Ғалымжанова Жамиля

Ең белсенді – Бекбаев Алихан, Ералы

Ең әділетті – Жадыра, Шалтаев Даниал

Ең сымбатты – Жаннур, Исмагулов Санжар

Ең салмақты – Сеитжан, Асель

Білуге құмарлы – Сыздыков Алихан, Керимкул Аружан, Сандыбаев Даниал

Ең мейрімді – Марлен, Ислам

Балабақшаның алтын дауысы – Дияр, Мурат

Жауапкершілігі мол – Кирилл, Ернар

Ең зейінді –Аділет, Данель

Сегіз қырлы- бір сырлы –Аділжан, Настя,

Он саусағынан өнер тамған - Каримханова Аружан, Алимкерей Мерей

Жүргізуші: Бишілерде өнер көп,

Билейді биді мәнерлеп.

Көңілді биді көріңіздер,

Өнерге баға беріңіздер демекші, «Вальс» биі.

Жүргізуші:

Алдыңдағы балалар

Мектепке кетіп барады

Тақпақ айтып бір – бірден

Қимай кетіп барады- дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз.





Сыздыков А.

Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Қоштасатын кешімізді біз бастайық

Жүздерінен көркем шаттық арайлы

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Қызық күндер өткіздік

Балабақша бағында

Көп оқыдық, көп білдік

Ел мен Отан жайында.

 

Умурзаков М.

Бүгін жақсы киініп,

Салтанатқа жиылып,

Бақшамен қоштасар

Әліппемен достасар

Келіп жетті сәтті күн

Дайын қағаз қаламым

Мектепке енді барамын.

 

Тенизбаев С.

Балапаным бөбек деп,

Еркелеткен ұл қызын.

Анамызды ерекше

Қуантатын күн бүгін

Өсті міне бойымыз

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойымыз.

 

Жүргізуші: Мерекеде сызылтып ән салады

Ән айтып би де билеп жан салады

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

 

«Әже, жүрші мектепке» әні.

 

Жүргізуші: әдеттегідей жолаушылар болса, оларды шығару салушылар да болады. Біздің түліктерімізді ұзақ жолға бөбектер де шығарып салуға келді.

 

(кіші топтың балалары кіреді)

 

Жүргізуші: Жолаушылар бәрі орында, пойыз бригадасы да өз орында. Шығарып салушылар вагонды босатындар (қайталау). Енді аттануға болады.

Өткенді еске түсірейік, қазіргі уақытты көрейік және болашаққа қарайық. Сонымен пойыз Балалық бекетінен аттанады. Соңғы бекет Мектептік болады.

 

(кенет корреспондент жүгіріп келеді)

 

Корреспондент: кешіріңіздер, тоқтай тұрыңыздар осы пойыздың ерекше жолаушыларынан сұхбат алғым келеді.

· Қайда бара жатырсыз?

· Қандай бағытпен?

· Мектепті аяқтаған соң қай маман иесі болғыларын келеді?

Балалардың тақпақтары.

Ахметканов Ернар

Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін.

Аппақ болып жүргенді,

Өзім жақсы сүйемін.

Дәрігермін мен деймін,

Кәрі әжемді емдеймін.

Көп-көп ішіп дәріні,

Кәрілікті жең деймін.

Исмагулов Санжар

Түнде де, күндіз де

Тілдесем жұлдызбен.

Күнді де тексеріп,

Күнделік жүргізем.

Бағдарлап ғаарышты,

Зерттеген Марсты, астроном ағамдай

Барлаймын алысты.

Сандыбаев Даниал

Әубәкіров ағаның

Даңқы көкке самғаған.

Тоқтар аға Гагарин

Салған жолды жалғаған.

Тоқтар ағам – жан ағам

Бұрыннан да ер еді.

Менің батыр ағадан

Аумай қалғым келеді.

 

Корреспондент: байқаймын, сендер өз бағыттарыңды жақсы біледі екенсіңдер. Сендерге сәттілік тілеймін. Қош сау болыңдар!

 

Жүргізуші: Ал енді балаларымыз тақпақтарны айтып береді.

 

Балалардың тақпақтары.

Керимкул Аружан

Құшагында жарқылдап,

Өтті сәби күндерім.

Би биледім, ән тыңдап.

Алаңдауды білмедім

Гүлге толы жан-жағым

Асыр салып, жүгірдім

Өсті талап талғамым

Көп нәрсені ұғындым.

Ғалымжанова Жамиля

Балабақша, балабақша

Шанырағы шаттықтың

Балабақша қорғанышы

Балғын сәби жастықтың

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Бақшамызды қимаймыз біз

Қоштасатын күн бүгін.

Асланова Данель

Балабақшам базарлы үй

Қаладағы ажарлы үй

Күлкісі бар шуақты,

Өз үйіміз сияқты

Бақша біздің панамыз

Мектеп біздің анамыз

Ұлағатты ұстаздан

Оқып білім аламыз.

 

«Біздің балабақшамыз» әні орындалады.

 

Жүргізуші: абайлаңыздар, есік жабылады. Келесі бекет «Достық».

 

Әділжан

Бірге болсын ойымыз

Құтты болсын тойымыз

Қыздырымыз шаттана

Би билесін тамаша

«Кантри» биі

 

Жүргізуші: «Ойыншықтар» бекеті.

 

Тақпақ Жаннур

Ойыншықты жинаймыз

Бөбектерге сыйлаймыз

Оқу-білім үйреткен

Өзіңізді қимаймыз

Жеті жасқа толамыз

Қуантып ата-ананы

Мектепке кетіп барамыз.

Темиртас Жандос

Оқимыз білім аламыз

Болашақ жолын саламыз

Бақшамен қоштасып,

Біріншіге барамыз

Сезімді туған баламыз

Оянды ақыл санамыз.

Адамдықтың бастауын

Өзінмен алып барамыз.

Насыров Ислам

Біздер алты жастамыз

Сәбиліктен асқанбыз

Мектеп бізді шақырды

Қош бол, әсем бақшамыз.

Каримов Сеитжан

Қош балалар бақшасы

Естен кетпес есімін

Қош балалар бақшасы

Алғаш ашқан есігім.

«Қуыршақтар» биі

 

Жүргізуші: «Дене шынықтыру» бекеті.

 

Ойын

 

Жүргізуші: «Халықтық» бекеті.

Күн нұрындай шуақты

Күліп, шаттан, шарықта.

Күндей жайнап баршамыз,

Би билейік шаттана.

«Қара жорға» биі

 

Жүргізуші: «Бақылау» бекеті.

 

(бақылаушы кіріп, осы кезде балалардың арасына Мыстан кемпір де тығылып қалады. Бақылаушы балалардың билеттерін тексереді)

 

Бақылаушы: сендер қай жақтан саяхаттап келе жатырсыңдар?

Балалар: біз балабақшадан мектепке саяхаттап келе жатырмыз.

 

(бақылаушы кемпірге дейін жетеді)

 

Бақылаушы: билетіңізді көрсетіңізші.

Мыстан кемпір: мен льготницамын, 50 жылдан астам пойызда билетсіз жүрдім.

Бақылаушы: билетіңіз болмаса, вагонды босатыңыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: