Кафедра/модуль Офтальмология 1 страница

оқу жылы – 2018-2019

 

 «Офтальмология» пәні бойынша тесттердің матрицасы, 5 курс,

ҚМА

*Офтальмология*2*20*

#1

*!Әйел адам 50 жаста, сол көзінің және басының сол жақ бөлімі ауыратынына шағымданып түнде жедел жәрдем шақырды. Көзінің алды қарауытады, кемпірқосақ тәрізді шеңберлер көрінеді, лоқсу және құсу мазалайды. Ауыру эпигастралді аймаққа беріледі. Бір күн бұрын саяжайда көп жұмыс жасаған. Көзден жарақат алмаған. АҚ -140/90мм.сын.бағ.

Төменде аталған қандай диагноз ЕҢ ықтимал? 

 

*жедел конъюнктивит

*гипертониялық криз

*жедел хориоидит

*+глаукоманың жедел ұстамасы

*жедел иридоциклит

 

#2

*!Ер адам 25 жаста, екі көзінің ашуына, бөгде зат тұрғандай сезімге, таңертең қабақтары ашылмай қалуына шағымданды. Ауырғанына 2 күн болған, екі жақтан басталған. Объективті: көздері ашық, кірпіктерде кепкен қабыршақтар байқалады, айқын конъюнктивалық инъекция, қабақтың конъюнктивасы ісіңкі, көзден көп мөлшерде іріңді бөлініс ағады. 

Қандай конъюнктивит болуы ЕҢ ықтимал?

 

*аденовирусты

*+эпидемиялық кератоконъюнктивит 

*пневмококкты

*жедел бактериалды

*ұшықтық

 

#3

*!48 жастағы әйелден проф.тексеріс кезінде кездейсоқ оң көзінің көруінің 0,8ге (түзетілмейді) дейін төмендегені анықталды. КІҚ ОД/OS=27/20мм.сын.бағ. Оптикалық когерентті томографияда экскавация 0,6.

Төменде аталған қандай алдын ала диагноз ЕҢ ықтимал?

*+глаукоманың жедел ұстамасы

*ашық бұрышты глаукома

*жедел иридоциклит

*жабық бұрышты глаукома

*артқы увеит

 

#4

*!23 жастағы студент көру жітілігін анықтайтын кестеден бірінші қатарды 3 метр арақашықтықтан көрді.

ЕҢ ықтимал көру жітілігі қандай?

 

*0,1

*0,2

*0,05

*0,02

*+0,06

 

#5

*!20 жастағы студент көру жітілігін анықтайтын кестеден бірінші қатарды 5 метр арақашықтықтан көрді.

ЕҢ ықтимал көру жітілігі қандай?

 

*+0,1

*0,05

*0,02

*0,01

*0,2

 

#6

*!Ер адам 40 жаста, метал фрезамен жұмыс жасау кезінде көзіне темірдің ұшқыны кіріп жарақат алған.

Төменде аталған қандай тәсіл көздің ішіндегі бөгде денені анықтауда ЕҢ қажет?

 

*периметрия

*офтальмоскопия

*+рентгенография

*гониоскопия

*биомикроскопия

 

#7

*!Жаңа туылған нәрестеде екінші күні қабақтары айқын ісінген, конъюнктиваның айқын инфильтрациясы. Екі күннен кейін шырышты- қанды бөлініс көп мөлшердегі іріңге айналды.

Қандай алдын ала диагноз ЕҢ ықтимал?

 

*+гонобленнорея

*күлдік конъюнктивит

*Кох- Уикс жедел эпидемиялық конъюнктивит

*іштен туа біткен дакриоцистит

*пневмококты конъюнктивит

 

#8

*!Әйел 27 жаста, қабақ қырларының ісінуіне, қышуына, қызаруына шағымданды. Бұл шағымдар кірпік жалғастыру процедурасынан кейін пайда болған. Объективті: қабақтың қырлары айқын ісінген, қызарған, эпидермис қайызғақ тәрізді сылынған, кірпіктердің өсуі дұрыс. Қабақтың конъюнктивасы ашық-қызғылт түсті, тегіс, патологиялық бөлініс жоқ.

Қандай алдын ала диагноз ЕҢ ықтимал?

 

*сыртқы теріскен

*мейбомий блефариті

*аллергиялық конъюнктивит

*+қабыршақты блефарит

*көктемгі катар

 

#9

*!Бала 10 жаста, ревматоидты артритпен сырқаттанады. Офтальмологқа сол көзінің көруінің төмендеуі мен қызаруына шағымданады. Тексергенде: көру жітілігі ОД ꞊1,0, ОS꞊ 0,2 түзетілмейді. Қасаң қабық маңайлық қызару, қасаң қабықта сағ.3 және 9-да лимбтің маңында бұлыңғырлану анықталды. Қарашықтың пішіні артқы синехиялардан дұрыс емес. Бұршақ бұлыңғыр.

Қандай синдром ЕҢ ықтимал?

 

*Бехтерев

*+Стилл

*Рейтер

*Стивенс-Джонсон

*Бехчет

 

#10

*!Ер адам 32 жаста, оң көзінің қызаруына, ауыруына және көруінің төмендеуіне шағымданады. Анамнезінен белгілі болғандай, ол жуық арада іріңді баспамен (ангина) ауырған екен. Тексергенде: көру жітілігі ОД ꞊0,4 түзетілмейді, цилиарлы ауыру сезімі, перикорнеальді қызару, алдыңғы камера сұйықтығы лайланған, қарашықтың пішіні дұрыс емес.

Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?

 

*бактериалды конъюнктивит

*хориоидит

*блефарит

*+иридоциклит

*глаукоманың жедел ұстамасы

 

#11

*!Ер адам 30 жаста, офтальмологқа екі көзінің көру жітілігінің төмендеуіне шағымданды. Анамнезінен белгілі болғандай, ол афтозды стоматитпен ауырған. Тексергенде: көру жітілігі ОД꞊ 0,1түзетілмейді, ОS ꞊0,09 түзетілмейді, көздері тітіркенген, айқын аралас инъекция. Эндотелиде преципитаттар, 2мм. гипопион, артқы айналмалы синехия.

Қандай синдром ЕҢ ықтимал?

 

*Бехтерев

*Стивенсон-Джонсон

*Рейтер

*+Бехчет

*Стилл

 

#12

*!14 жастағы бала салқындап ауырғаннан кейін, сол көзінің жоғарғы қабағы айқын қызарған және ісінген, ауырады, көзден іріңді бөлініс ағады. Сол көздің жоғарғы қабағының сыртқы бұрышында тығыздану (уплотнение) пальпацияланады. Жоғарғы қабақтың конъюнктивасы ісіңкі, борпылдақ. Жоғарғы қабақты айналдырып қарағанда, кірпіктік қырының шетінде көлемі 3х2мм сары түсті түзілім көрінеді.

Төменде аталған алдын ала диагноздарың қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*халазион

*трихиаз

*+ішкі теріскен

*сыртқы теріскен

*сыздауық

 

#13

*!Ер адам 56 жаста, сол көзінің ауыруына, лоқсуына және құсына шағымданды. Көзі эмоциялық күйзелістен кейін ауырған. Объективті: КІҚ ОД –19мм.с.б. OS-47мм.с.б. Сол көз – айқын іркілісті инъекция, қасаң қабық ісінген, алдыңғы камера саяз, қарашық кеңейген 5 мм, пішіні дүрыс емес сопақ, көз түбінен рефлекс көмескі-қызғылт түсті, көру нерві дискі тұманда көрінеді.

Қандай алдын ала диагноз ЕҢ ықтимал?

 

*+глаукоманың жедел ұстамасы?

*жедел хориоретинит

*жедел иридоциклит

*жедел конъюнктивит

*біріншілік ашық бұрышты глаукома

 

#14

*!Окулистке келген 5 жастағы баланың екі көзінде конъюнктивалық инъекция, шырышты-жалқықты бөлініс, қабақтардың конъюнктивасында фолликулалар, бірен-саран петехиялар анықталды. Құлақ маңындағы лимфа бездері үлкейген.

Қандай алдын ала диагноз ЕҢ дұрыс?

 

*жедел блефарит

*артқы увеит

*вирусты кератит

*бактериалды конъюнктивит

*+аденовирусты конъюнктивит

 

#15

*!Ер адам 45 жаста, ЖРВИ ауырғаннан кейін 5 айдан соң, жоғарғы қабағында ауырмайтын түзілімнің пайда болғанына шағымданды. Бір айдың ішінде түзілімнің өскенін байқаған. Объективті: қабақтың үштен бір бөлігінің шетінен 3 мм. аймақта көлемі 4мм. ауырмайтын түзілім анықталды, оның үстіндегі тері қозғалмалы, өзгермеген. Түзілімнің үстіндегі конъюнктива айқын қызарған. Көздің алдыңғы бөлігі өзгермеген. VisOU ꞊1,0.

Төменде аталған алдын ала диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрыс?

 

*сыртқы теріскен

*дакриоаденит

*ішкі теріскен

*+халазион

*аденокарцинома

 

#16

*!Әйел 54 жаста, көзінің жиі қызаруына, дискомфортқа, қышуына, ашуына, қабақтың астында бөгде зат тұрғандай сезімге шағымданды. Биомикроскопияда конъюнктивалық қапшықта жіп тәріздес қоймалжың бөлініс анықталды. Конъюнктивалық қуысқа 1% флюоресцеин ерітіндісін тамызғанда, қасаң қабықтың эпителиінде нүктелі боялған аймақтар байқалады. Ширмер тесті 10мм.

Төменде аталған алдын ала диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*созылмалы блефарит

*созылмалы конъюнктивит

*көктемгі катар

*+көздің құрғақ синдромы

*кератоконъюнктивит

 

#17

*!Бала 8 жаста, салқындап ауырғаннан кейін екі көзінің қызаруына, бөгде зат тұрғандай сезімге, таңертең қабақтарының жабысып қалуына шағымданды. Көз алмасының шырышты қабатының аздап ісінуі және конъюнктивалық қуыстан сары-жасыл түсті бөлініс байқалды. Қабақтың үстінен сипағанда, көз ауырмайды.

Төменде аталған қандай алдын ала диагноз ЕҢ ықтимал? 

*+бактериалды конъюнктивит

*халазион

*жедел иридоциклит

*гонобленнорея

*сыртқы теріскен

 

#18

*!Бала 9 жаста, көру жітілігін анықтайтын кестеден алтыншы қатарды 5 метр арақашықтықтан көрді.

ЕҢ ықтимал көру жітілігі қандай?

 

*0,1

*0,2

*0,5

*+0,6

*0,8

 

#19

*!Әйел адам 67 жаста, сол көзінің көруінің кейінгі 3 жыл ішінде біртіндеп, ауырмай төмендеуіне шағымданып келген. Қарау кезінде көру жітілігі OS-0,1 түзетілмейді. Объективті: OS-нурлы қабық стромасында субатрофия; көз түбінде экскавацияның көру нервіне қатынасы Э/Д OS-0,8-0,9; Сол көзінің көру жітілігі жоғарғы-ішкі квадрантында перифериялық шекарасы фиксация нүктесінен 15 градус. Көз ішілік қысым, Маклаков әдісімен 16/29 мм.с.б. Гониоскопияда алдыңғы камера бұрышының барлық аймақтары көрінеді.

Қандай алдын ала диагноз ЕҢ ықтимал?

 

*жабық бұрышты глаукома III а

*жабық бұрышты глаукома

*ашық бұрышты глаукома III с

*+ашық бұршты глаукома I в

*ашық бұрышты глаукома III а

 

#20  

*!Көзден көп мөлшерде іріңді, қаймақ тәрізді, сары түсті бөлініс қандай конъюнктивитке Ең тән?

 

*аденовирусты

*күлдік

*ұшықтық

*+гонобленнореялық

*пневмококкты

 

 

*Офтальмология*3*30*

 

#1

*!Ер адам 50 жаста, алыстан жақсы көрген. Соңғы кездері кітап және газет оқығанда қиналады. Vis OU=1,0. Рефрактометрияда эмметропия анықталды. P0=14,0 мм.рт.ст

Сіз қандай оптимальді түзетуді ұсынасыз? 

 

*+жинағыш линза күші 2.0 дптр

*шашыратқыш линза күші 2.0 дптр

*шашыратқыш линза 1,0 дптр

*жинағыш линза 1,0 дптр

*жинағыш линза 2,75 дптр

 

#2

*!Ер адам 45 жаста, жоғарғы қабағында ауырмайтын түзілімнің 5ай бұрын пайда болғанына шағымданды. Бір айдың ішінде түзілімнің өскенін байқаған. Объективті: қабақтың үштен бір бөлігінің шетінен 3 мм. аймақта көлемі 4мм. ауырмайтын түзілім анықталды, оның үстіндегі тері қозғалмалы, өзгермеген. Түзілімнің үстіндегі конъюнктива айқын қызарған. Көздің басқа бөліктері өзгермеген. VOD=1,0; VOS=1,0.

Қандай емдеу тактикасы ЕҢ дұрыс?

 

*жергілікті антибиотиктер

*физиоем

*Вишневский майымен компресс

*сары сынап майы

*+хирургиялық ем

 

#3

*!Ер адам 36 жаста, офтальмологқа оң көзінің ауыруына, тітіркенуіне, қызаруына, көруінің төмендеуіне шағымданды. Ауырғанына бір апта болған. Тексергенде: көру жітілігі ОД ꞊ 0,1, көз тітіркенген, перикорнеальді инъекция, эндотелиде преципитаттар, қарашық тар, басқа өзгерістер жоқ. Сол көз сау.

Қандай емді бірінші кезекте қолданған ЕҢ мақсатқа сәйкес?

 

*қантамырларын кеңейтетін

*антибиотиктер

*сіңдіретін

*+мидриатиктер

*полидәрумендер

 

#4

*!Науқас 35 жаста, оң көзінен склераның тесіп өткен жарақатын алған. Біріншілік хирургиялық өңдеуден кейін бір ай өткен соң көруі төмендеген. Объективті: ОД=0,2 түзетілмейді, КІҚ=18 мм сын бағ. Көз тыныш, сипағанда ауырмайды, қасаң қабық мөлдір, алдыңғы камера тереңдігі орташа, нұрлы қабық өзгермеген, қарашық домалақ пішінді, рефлекс сары-жасыл түсті.

Қандай тәсіл бұршақты зерттеуде ЕҢ ықтимал?

 

*офтальмоскопия

*циклоскопия

*+биомикроскопия

*ультрадыбыс

*рентген

 

#5

*!Әйел 48 жаста, профилактикалық қарау кезінде сол көзінің көзішілік кысымы жоғары екені анықталған. Зерттеу нәтижесінде диагноз қойылды: Біріншілік ашық бұрышты глаукома, бастапқы кезеңі, көзішілік қысым орташа көтерілген.

Қандай емнен бастау ЕҢ мақсатқа сәйкес?

 

*гипотензивті хирургиялық

*дәрі-дәрмектермен β-блокатор

*+дәрі-дәрмекпен мидриатик

*дәрі-дәрмек миотик

*гипотензивті лазерлі

 

#6

*!Ер адам 56 жаста, офтальмологқа көз алдында шыбын-шіркейлердің көрінуіне және оқтын-оқтын оң көзінің ауыру сезіміне шағымданып келген. Қарағанда: көру жітілігі

ОД꞊ 0,7, ОS ꞊0,9. Оң көзінің көру кеңістігі жоғарғы-ішкі квадрантында 15˚ тарылған, сол көз қалыпты жағдайда. Алдыңғы бөлігі және сындыру орталары қалыпты жағдайда. Көз түбінде ОД экскавация 0,5-0,6. Көзішілік қысым ОД -35 мм.сын.бағ., ОS -19 мм.сын.бағ.

Қандай дәрілерді тағайындау ЕҢ мақсатқа лайық? 

 

*дексаметазон

*+пилокарпин

*тимолол

*атропин

*левомицетин

 

#7

*!Жасөспірім 17 жаста, офтальмологқа бірнеше күн бойы оң көзінің қызаруына және ауыруына шағымданды. Бехтчет ауруына байланысты есепте тұрады. Негізгі ауруының қайталағанын байқаған. Тексергенде: көру жітілігі ОД꞊ 0,1, ОS꞊ 0,5, көз тітіркенген, перикорнеальді инъекция, қарашық тар, 5сағ. тұсында артқы синехия. 

Емді қандай маманмен бірге жүргізген ЕҢ дұрыс?

 

*ревматолог

*инфекционист

*аллерголог

*кардиолог

*+уролог

 

#8 

*!Ер адам 25 жаста, екі көзінің ашуына, бөгде зат тұрғандай сезімге, таңертең қабақтарының жабысып қалуына шағымданды. 2 күннен бері сырқаттанады, тамағы ауырып салқын тиген. Объективті: көздері ашық, көздерін пальпациялағанда ауырмайды, кірпіктердің үстінде кепкен қабыршақтар, айқын беткейлік инъекция, қабақтың конъюнктивасы ісіңкі, көзден сары-жасыл түсті көп мөлшерде бөлініс ағады.

Диагнозды қою үшін және емдеу тактикасын анықтау үшін қандай зерттеу жүргізу Ең мақсатқа сай?

 

*гониоскопия

* шолу рентгенографиясы

*жалпы қан анализі

*+бактериалдық себінді

*биомикроскопия

 

#9

*!28 жастағы бойжеткен қабақтарының үнемі қызаруына, қышуына, ашуына, бөгде зат тұрғандай сезімге шағымданды. Қарап тексергенде, қабақтардың қырлары қалыңдаған, қызарған. Кірпіктердің түптері үлкейген, цилиндрлік муфталар байқалады.

Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу жүргізген ЕҢ дұрыс?

 

*конъюнктиваның биомикроскопиясы

*+эпиляцияланған кірпіктердің микроскопиясы

*жағындыны бактериологиялық зерттеу

*муфталарды цитологиялық зерттеу

*жағындының бактериоскопиясы

 

#10

*!Аурухананың терапиялық бөлімшесінің кезекші дәрігеріне мейірбике шағымданып келді. Ол оң көзінің  ауыруына, ауыру сезімінің басына берілуіне, лоқсу және құсуына шағымданды. Көзі физикалық жүктемеден кейін ауыра бастаған. Объективті: Оң көз – көз алмасының айқын іркілісті инъекциясы, қасаң қабық ісінген, алдыңғы камера саяз, қарашық кеңейген. Т+3.

Қандай дәріні қолдану жедел көмек көрсетуде ЕҢ тиімді?

 

*Анальгин 5% -2,0 б/е

*Ношпа 2%-2,0 б/е

*Атропин 1% көзге тамызу

*+Пилокарпин 1% көзге тамызу

*Альбуцида 30% көзге тамызу

 

#11

*!Әйел адам 50 жаста, сол көзінің көруінің кейінгі үш жыл ішінде біртіндеп, ауырусыз төмендеуіне шағымданып келген. Қарау кезінде көру жітілігі OS-0,1 түзетілмейді. Объективті: OS-нурлы қабық стромасында субатрофия; көз түбінде экскавацияның көру нервіне қатынасы Э/Д OS-0,8-0,9; Сол көзінің көру жітілігі жоғарғы-ішкі квадрантында перифериялық шекарасы фиксация нүктесінен 15 градус. Көз ішілік қысым Маклаков әдісімен OD/OS= 16/29мм.с.б.

Гониоскопияда алдыңғы камераның барлық аймақтары жақсы көрінеді.

Қандай дәріні берген Ең мақсатқа сай?

 

*пилокарпин 1%

*атропин 1%

*адреналин 0,01%

*альбуцид 30%

*+тимолол 0,5%

 

#12

*!Ер адам 50 жаста, катарактаны факоэмульсификациялаумен ИОЛ имплантация жасалған. 4 айдан кейін ота жасалған көзінің көруі төмендеген. Объективті: қасаң қабық мөлдір, алдыңғы камера орташа тереңдікте, сұйықтық мөлдір, ИОЛ дұрыс. орнасқан, артқы капсула бұлыңғыр, тереңдегі бөлімдері көрінбейді. Екіншілік катаракта диагнозы қойылған.

Төменде аталған емдеу әдістерінен ЕҢ мақсатқа сай?

 

*қайтадан катарактаның экстракциясы

*сіңдіретін терапия

*қабынуға қарсы ем

*физиоем

*+артқы қапсуланың лазердисцизиясы

 

#13

*!19 жастағы жасөспірімде салқындап ауырғаннан кейін, сол көзінің жоғарғы қабағы ісінген, қызарған, ауырады және көзден іріңді бөлініс ағады. Тексергенде, сол көздің жоғарғы қабағының сыртқы бөлігінде қимылы шектелмеген ауыратын түзілім байқалады. Жоғары қабақтың конъюнктивасы ісіңкі, борпылдақ, жоғарғы қабақты айналдырып қарағанда кірпіктердің түбінде сарғыш түсті көлемі 2х2мм түзілім анықталды.

Қандай базисті терапия жүргізген ЕҢ дұрыс?

  

*антигистаминді

*анальгетиктер

*кортикостероидтар

*+антибиотиктер

*вирусқа қарсы

 

#14

*!Ер адам 25 жаста, екі көзінің ашуына және бөгде зат тұрғандай сезімге, таңертең қабақтарының жабысып қалуына шағымданады. Ауырғанына 2 күн болған, екі жақтан басталған. Объективті: көздері ашық, кірпіктердің түбінде кепкен қабыршақтар, айқын конъюнктивалық инъекция, қабақтардың конъюнктивасы ісіңкі, көзден көп мөлшерде іріңді бөлініс.

Патогенетикалық бағытталған ем жүргізу үшін қандай зерттеу ЕҢ дұрыс?

 

*көздің УДЗ

*+бактериологиялық 

*вирусологиялық

*рентгенологиялық

*ИФА

 

#15

*!Әйел 32 жаста, екі көзінің көруінің төмендеуіне шағымданды. Көруі біртіндеп 1 жылдың ішінде төмендеген. Тексергенде: екі көзінің көру жітілігі 0,5.

Қандай тәсілмен аметропияның түрін анықтау ЕҢ мақсатқа сай?

 

*көздің УДЗ

*биомикроскопия 

*визометрия

*+рефрактометрия

*периметрия

 

#16

*!Әйел 45 жаста, офтальмологқа екі көзінің көруінің төмендеуіне шағымданды. Көруі біртіндеп 2 жылдың ішінде төмендеген. Тексергенде: екі көзінің көру жітілігі 0,5. Рефрактометрияда 1,75дптр. гиперметропия анықталды.

Бұл аметропияны кандай линзамен түзету ЕҢ мақсатқа сай?

 

*+жинағыш сфералық

*шашыратқыш сфералық

*шашыратқыш цилиндр

*жинағыш цилиндр

*сфералық цилиндр

 

#17

*!Ер адам 32 жаста, екі көзінің көруінің төмендеуіне шағымданды. Көруі біртіндеп 1 жылдың ішінде төмендеген. Тексергенде: екі көзінің көру жітілігі 0,5. Рефрактометрияда миопия 1,5дптр. анықталды.

Бұл аметропияны қандай шынылармен түзеткен ЕҢ мақсатқа сай?

 

*жинағыш сфера

*+шашыратқыш сфера

*шашыратқыш цилиндр

* жинағыш цилиндр

*сфероцилиндр

 

#18

*!Ер адам 28 жаста, 10 минут қорғаныс қалқансыз жұмыс істеген. Тексергенде екі көздің айқын аралас инъекциясы, көз алмасының жеңіл ісінуі, қасаң қабықтық синдром.

Қасаң қабықтың зақымдануын бағалау үшін қандай тест жүргізу Ең мақсатқа сай?

 

*Ширмер

*Норн

*Вест

*+флюоресцеин

*Амслер

 

#19                           

*!12 жастағы бала салқындап ауырғаннан кейін, сол көзінің жоғарғы қабағы айқын қызарған және ісінген, ауырады, көзден іріңді бөлініс ағады. Сол көздің жоғарғы қабағының сыртқы бұрышында қозғалмалы тығыздану пальпацияланады. Жоғарғы қабақтың конъюнктивасы ісіңкі, борпылдақ. Жоғарғы қабақты айналдырып қарағанда, кірпіктік қырының шетінде көлемі 2х2мм сары түстес түзілім көрінеді.

Емдеу үшін қандай дәрі қолданған ЕҢ дұрыс?

 

*1% Атропин ерітіндісі

*1% Пилокарпин ерітіндісі

* 0,5% Тимолол ерітіндісі

*+0,3% Тобрекс ерітіндісі

*0,1% Дексаметазон ерітіндісі

 

#20

*!Ер адам 25 жаста, екі көзінің ашуына, бөгде зат тұрғандай сезімге, таңертең қабақтары ашылмай қалуына шағымданды. Ауырғанына 2 күн болған, екі жақтан басталған. Объективті: көздері ашық, кірпіктерде кепкен қабыршақтар байқалады, айқын конъюнктивалық инъекция, қабақтың конъюнктивасы ісіңкі, көзден көп мөлшерде іріңді бөлініс ағады. 

Қабақтың конъюнктивасын және күмбезін көру үшін қандай зерттеу тәсілін қолдану Ең тиімді?

 

*визометрия

*+биомикроскопия

* офтальмоскопия

*гониоскопия

*циклоскопия

 

#22

*!Көз түбін қандай тәсілмен зерттеген ЕҢ мақсатқа сай?

 

*рефрактометрия

*биомикроскопия

*периметрия

*+офтальмоскопия

*ультрадыбыс

 

#23

*!Әйел 55 жаста, офтальмологта екі көзінен глаукома, бастапқы кезеңі диагнозымен есепте тұрады. Қарағанда: көру жітілігі ОU꞊ 0,8, көру кеңістігі қалыпты, алдыңғы бөлігі өзгермеген, гониоскопияда алдыңғы камера бұрышы ашық, көз түбінде көру нервінің экскавациясы 0,3-0,4. Көзішілік қысым 28 мм.сын.бағ.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: