Кафедра/модуль Офтальмология 3 страница

Осы жаңа туған нәрестеге неонатальды кезеңде неше рет патронаж жасау ЕҢ тиімді?

*айына 1 рет

*+айына 2 рет

*айына 3 рет

*айына 4 рет

*айына 5 рет

#24

*!10 күндік қыз бала. Участкелік дәрігермен екінші рет қаралуда. Анамнезінде: нәресте бірінші жетілген жүктіліктен туылған, жүктіліктің І және ІІ жартысы токсикозбен өткен, босану стимуляциясы іске асырылған және нәресте мойынына бір қайтара кіндік бауы оралып туылған. Анасы 18 жаста, темекі тартады, үйленбеген және әлеуметтік жағдайы қанағаттанарлық. Тұқым қулайтын аурулары жоқ. Қандай маманның кеңесі осы нәресте үшін ЕҢ тиімді?

*неонатолог

*стоматолог

*офтальмолог

*+невропатолог

*отоларинголог

#25

*!6 күндік қыз бала. Біріншілік патронаж перзентханадан шығарғаннан кейін 3-ші күні жүргізілді. Анамнезінде: нәресте екінші жүктіліктен, екінші босанудан жүктіліктің 39 аптасында туылған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, негізгі шартсыз рефлекстері анықталады, мүшелер патологиясыз. Осы нәрестені шомылдырғанда қандай бөлме темперетурасы ЕҢ тиімді?

*26-28°С

*25-27°С

*24-26°С

*23-25°С

*+22-24°С

#26

*!1,5 айлық ұл бала. Біріншілік патронаж стационардан шығарғаннан кейін 1-ші күні жүргізілді. Анамнезінде: нәресте үшінші жүктіліктен, екінші босанудан (І-ші жүктілік – түсік), осы жүктіліктің 34 аптасында туылған. Қарап тексергенде: салмағы - 2150 г, бойы - 45 см, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, негізгі шартсыз рефлекстері анықталады, мүшелер патологиясыз. 

Осы нәрестеге шомылдырудың қандай ұзақтығы мен жилігі ЕҢ тиімді?

*аптасына 2 рет 25 минуттан

*аптасына 3 рет 20 минуттан

*аптасына 4 рет 15 минуттан

*аптасына 5 рет 10 минуттан

*+күнделікті 5 минут бойы

#27

*!2 айлық қыз бала. Біріншілік патронаж стационардан шығарғаннан кейін 1-ші күні жүргізілді Анамнезінде: нәресте төртінші жүктіліктен, екінші босанудан (ІІ-ІІІ-ші жүктілік – медаборт) осы жүктіліктің 31 аптасында туылған. Қарап тексергенде: салмағы - 2100 г, бойы - 45 см жалпы жағдайы қанағаттанарлық,негізгі шартсыз рефлекстері анықталады, мүшелер патологиясыз.

Нәрестеге таза ауада серуендеу қандай салмаққа жеткенде ЕҢ тиімді?

*2400-2900 г

*+2500-3000 г

*2700-3200 г

*2800-3300 г

*2900-3400 г

#28

*!1 айлық қыз бала. Анамнезінде: нәресте дені сау анадан, 1-ші жүктілік, мерзімі жетіп туған, өмірінің 2-ші күні туберкулез бен вирусты гепатит В-ға қарсы егілген. Осы нәрестеге біріншілік иммунды жауаптың бастапқы кезеңінде қандай иммуноглубиннің түзілуі ЕҢ ықтимал?

*IgG

*IgЕ

*Ig А

*IgD

*+IgM

#29

*!4 айлық қыз бала. Балаға ұлттық күнтізбеге сай профилактикалық вакцина жүргізілген, вакцинадан кейінгі асқынулар байқалмады. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, организм мүшелері патологиясыз, сол жақ иықтың сыртқы жағында (БЦЖ егілген жер) беткей тыртық анықталды.

Осы нәрестеге тыртықтың қандай өлшемі ЕҢ ықтимал?

*1-7 мм

*+3-10 мм

*5-12 мм

*7-14 мм

*9-16 мм

#30

*!1 жас 6 айлық балада кеудесінің төменгі бөлігінің қабысуы, тыныс алу жиілігі 40. БЖАБЖ бағдарламасы бойынша қандай классификация ЕҢ ықтимал

*Стридор

*Пневмония

*Астмалық тыныс

*Пневмония жоқ, жөтел немесе суық тию

*+Ауыр пневмония немесе өте ауыр сырқат

#31

*!Тексеріс кезінде балада жөтел және дене температурасы 37,4°С дейін көтерілгене анықталды. БЖАБЖ бағдарламасы бойынша қандай классификация ЕҢ ықтимал

*Стридор

*Пневмония

*Астмалық тыныс

*+Пневмония жоқ немесе суық тию

*Ауыр пневмония немесе өте ауыр ауру

#32

*!Қыз бала стационарға дене температурасы 37,8°С, конъюнктивит, тұмау және дымқыл жөтелмен түсті. Аускультация: қатты тыныс және сырыл. БЖАБЖ бойынша қандай классификация ЕҢ ықтимал

*+Қызылша

*Созылмалы қызба

*Ауыр асқынған қызылша

*Қызылша асқынуларымен

*Ықтимал бактериялық инфекция

#33

*!5 жастағы бала 38,8°С температурасымен қабылдау бөліміне түскен, шүйде бұлшық еттерінің регидтілігі байқалады. БЖАБЖ бағдарламасы бойынша қандай классификация ЕҢ ықтимал

*Созылмалы қызба

*Асқынбаған қызба

*+Өте ауыр фебрильді ауру

*Белгісіз этиологиялық қызба

*Ықтимал бактериялық инфекция

#34

*!Бала бір жаста. 7 күн бойынғы қызбаны ата-анасы парацетамолмен түсіріп отырған. Бірақ қолданған ем шарасына қарамастан дене қызуы қайта көтерілді. БЖАБЖ бағдарламасы бойынша қандай классификация ЕҢ ықтимал

*Менингит

*+Созылмалы қызба

*Асқынбаған қызба

*Өте ауыр фебрильді ауру

*Белгісіз этиологиялық қызба

#35

*!Қыз бала 2-ші күн ауырып жатыр, суық тиген, жөтел, дене температурасы 37,5°С дейін көтерілген. Дене қызуы парацитамолды қолданғаннан кейін төмендейді. Жақсы ұйықтайды. Антибиотиктер қабылдаған жоқ. БЖАБЖ бағдарламасы бойынша қандай классификация ЕҢ ықтимал

*Менингит

*Созылмалы қызба

*+Асқынбаған қызба

*Өте ауыр фебрильді ауру

*Белгісіз этиологиялық қызба

#36

*!3 жастағы бала қабылдау бөліміне тынысының нашарлауымен, жөтелмен түсті. БЖАБЖ бағдарламасы бойынша тыныс нашарлауы мен жөтелдің қандай көрсеткіші ЕҢ ықтимал

* жөтел сипаты

* есінің бұзылысы

* тамақтағы ауру сезімі

* тамағындағы ақ жабынды

* +кеуде қуысының төменгі бөлігінің қабысуы

#37

*!Балалар емханасына 5 жасар қыз бала анасымен қабылдауға келді. Балада әлсіздік, іштегі ауру сезімі, тәбетінің төмендеуі, кешкі уақытта дене температурасының 37,9ºС жоғарылауы байқалады. Анасы қызының зәр шығаруының жиілегенін байқады, зәрінің түсі бұлыңғыр. Тілі құрғақ, ақ жабынды жабылған. Өкпеде тынысы везикулярлы, жүрек тондары тұйықталған. Іші жұмсақ, ауру сезімінсіз. Бауыр, көкбауыры ұлғаймаған.

Осы ауруда келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*Жедел цистит

*Жедел пиелонефрит

*Жедел гломерулонефрит

*?+Созылмалы пиелонефрит

*Созылмалы гломерулонефрит

#38

*!9 жастағы қыз бала. Ата-анасы баланың бел аймағы және ішіндегі ауру сезіміне, зәр шығаруының жиіленуіне байланысты дәрігерге келді. Анамнезінде: бала I жүктіліктен, жүктіліктің бірінші жартысы токсикозбен өткен. Бала жиі ЖРВИ-мен ауырады. Ауруы осыдан 4 күн бұрын (суықтау фонында) іштегі ауру сезімі және 39°С гипертермиясымен басталған. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, ісінулер жоқ. Пастернацкий симптомы екі жағынан да оң. УДЗ: екі бүйректің де эхотығыздығы жоғарылаған, сол бүйректің екі еселенуіне күмән.

Осы ауруда келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*Жедел цистит

*Жедел пиелонефрит

*Жедел гломерулонефрит

*+Созылмалы пиелонефрит

*Созылмалы гломерулонефрит

#39

*!7 жастағы ұл бала. Ата-анасы баланың шаршағыштығына, бетіндегі ісінулеріне дәрігерге шағымданып келді. Анамнезінде: бала бір жыл бұрын зәршығару жүйесінің ауруына байланысты стационарда ем қабылдап, кейін диспансерлік бақылауға алынған. Бақылау кезінде екі рет ЖРВИ мен ауырған. Бұл асқынуы суықтаумен байланысты. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, бетінің домбығуы. АҚ - 100/70 мм рт.ст. Зәр талдауында: белок 0,9 г/л, лейкоциттер бірен саран, эритроциттер көп мөлшерде, цилиндрурия. Осы ауруда келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

* Жедел цистит

* Жедел пиелонефрит

* Жедел гломерулонефрит

* Созылмалы пиелонефрит

*???Созылмалы гломерулонефрит

#40

*!4 жастағы ұл бала. Бала «Жедел гломерулонефрит» диагнозына қатысты стационарлык емнен кейінгі амбулаторлық емдеу курсын аяқтаған соң «Д» есепке алынған.

Осы балаға қандай диспансерлік бақылау мерзімі ЕҢ тиімді?

* +5 жыл

* 1 жыл

* 2 жыл

* 3 жыл

өмір бойы

#41

*!4 жастағы ұл бала. Бала «Жедел гломерулонефрит» диагнозына қатысты стационарлык емнен кейінгі амбулаторлық емдеу курсын аяқтаған соң «Д» есепке алынған. Диспансерлік бақылаудың бірінші жылына тоқсан сайын жүргізілетін лабораториялық зерттеулер жоспарланған. Осы балаға қандай лабораториялық зерттеулер ЕҢ тиімді?

* ЖҚА, ЖЗА, зәрдің стерильділігін талдау

* ЖҚА, қанның биохимиялық анализі, ЖЗА

* +ЖҚА, ЖЗА, креатининді анықтау, ШФЖ анықтау

* ЖҚА, креатининді анықтау, Зимницкий сынамасы

* қанның биохимиялық анализі, ЖЗА, Реберг сынамасы

#42

*!6 жастағы қыз бала. Бала «Жедел пиелонефрит» диагнозына қатысты стационарлык емнен кейінгі амбулаторлық емдеу курсын аяқтаған соң «Д» есепке алынған.

Осы ауруда дәрігер қарауының қандай жиілігі ЕҢ тиімді?

* айына 1 рет

* +3 айда 1 рет

* 6 айда 1 рет

* 9 айда 1 рет

12 айда 1 рет

#43

*!12 жастағы ұл бала. 9 жасынан бері «Созылмалы екіншілік пиелонефрит» диагнозымен «Д» есепте тұрады. Осы балаға қандай диспансерлік бақылау мерзімі ЕҢ тиімді?

* 5 жыл

* 10 жыл

* 15 жыл

* 15 жыл

* +өмір бойы

#44

*!12 жастағы ұл бала. 9 жасынан бері "Созылмалы екіншілік пиелонефрит" диагнозымен "Д" есепте тұрады.

Осы балаға бүйректің ультрадыбыстық зерттеуін қандай жиілікте жүргізу ЕҢ тиімді?

* айына 1 рет

* 3 айда 1 рет

* 6 айда 1 рет

* 9 айда 1 рет

* +12 айда 1 рет

#45

*!13 жастағы қыз бала, ангинамен ауырғаннан кейін 2 аптадан соң «Жедел гломерулонефрит» анықталған. Осы балаға ауру симптомдарының қандай триадасы ЕҢ ықтимал?

* поллакиурия, түнгі зәр ұстамау, кіші дәретте ауырсыну

* түнгі зәр ұстамау,поллакиурия, ісіну

* энурез, энкопрез, түнгі зәр ұстамау

* полиурия, диспепсия, поллакиурия

*  +ісіну, олигурия, гипертония

#46

*!Ансы баласы 1 жас 3 айлық, дәрігерге баланың тәбетінің төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінен: бала І жүктіліктен, екінші жартысы анемиямен өткен. Табиғи ана сүтімен 5 айға дейін тамақтанған. Обьективті: бала мазасыз, активті. Тері жабындылары бозғылт, таза. Аңқасы таза. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары айқын, ритмді. Нервтік-психологиялық жетілуі жасна сай. ЖҚА:   гемоглобин (НЬ) - 105 г/л, эритроцит - 3,9х1012/л, ТК - 0,81; ретикулоциты - 2,9%, лейкоциты - 7,5х109/л, таяқшаядролы- 2%, сегментоядорлы - 20%, эозинофил - 3%, лимфоцит - 68%, моноцит - 7%, ЭТЖ - 5 мм/сағ.  ЕҢ сейкес диагноз?

*фолитапшылықты анемия І дәрежелі

*+теміртапшылықты анемия І дәрежелі

*теміртапшылықты анемия ІІ дәрежелі

*теміртапшылықты анемия ІІІ дәрежелі

*витамин В12-тапшылықты анемия ІІ дәрежелі

#47

*!Қыз бала 5 айлық,анасының айтуы бойынша шағымдары бозару, әлсіреу, тәбетінің болмауы. Анамнезінен: ІІ жүктіліктен, ІІ жедел босанудан,салмағы 3200г, бойы 53см. Осы жүктілік түсік тастау қауіпімен өтті. Жүктілік кезінде анасы жедел бронхопневмониямен 23 аптасында ауырды, орта дәрежелі анемия болды. Нәрестелік кезең ерекшеліксіз өтті. Бала 1 айға дейн табиғи ана сүтімен, кейін жасанды тамақтанады. Обьективті: бала мазасыз, активті. Тері жабындылары бозғылт, таза. Аңқасы таза. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары айқын, ритмді. Нервтік-психологиялық жетілуі жасна сай. ЖҚА: гемоглобин 95 г/л, эритроцит 3,7х1012/л, ТК 0,82; MCV-70 fL, MCH-26 pg, MCHC-29%, анизоцитоз+, пойкилоцитоз+, гипохромия+, ретикулоциттер - 11 %, ЭТЖ – 6 мм/с.

Балаға ЕҢ сәйкес келетін диагноз?

*фолитапшылықты анемия І сатысы

*+теміртапшылықты анемия І сатысы

*теміртапшылықты анемия ІІ сатысы

*теміртапшылықты анемия ІІІ сатысы

*витамин В12-тапшылықты анемия ІІ сатысы

#48

*!1 жас 2 айлық ұл бала, анасы баланың тәбетінің төмендеуіне,әлсіздігне, тіс пастасын, шикі қамыр, бор жейтіндігіне шағымданып келді. Анамнезінен: бала ІІ жүктіліктен, жүктіліктің екінші жартысы анемиямен өтті. 2айға дейін табиғи ана сүтімен тамақтанды. Обьективті: тері жабындылары бозғылт, таза, шаштары сынғыш. Бала мазасыз, бозғылт. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары айқын, ритмді, жүрек ұшында фуниональды шуыл естіледі. Нервтік-психологиялық жетілуі жасына сай емес - 1 айға кеш. ЖҚА: гемоглобин - 85 г/л, эритроцит - 3,0х1012/л, ТК - 0,71; ретикулоцит - 1,9%, лейкоцит - 7,2х109/л, таяқша ядролы - 2%, сегментоядролы - 20%, эозинофил - 4%, лимфоцит - 64%, моноцит - 10%, ЭТЖ - 6 мм/сағ. Биохимиялық қан анализі: сарысулық темір 9,1 мкмоль/л.  

Берілген ауруда жиі бұлшықетті синдром өзгерістеріне ЕҢ жатады?

*әлсіздік                                     

*+гипотония

*шаш сынғыштығы

*жүрек ұшындағы шуыл

*шаштарының көмескіленуі        

#49

*!7 айдағы бала мен анасын мейірбике емханаға шақырды. Анамнезден: мерзіміне жетіп туылған бала салмағы 3500 грамм және бойы 55 сантиметр. Анасын емеді. Қазіргі уақытта баланың салмағы 7300 г., бойы – 71 см. Анасы қабылдау барысында шағымдарын айтты: соңғы уақытта бала мазасыз, себепсіз кез-келген уақытта бақырады, кіші дәретке сирек барады. Тексеру барысында: баланың терісі боз, тері серпімділігі мен созылғыштығы төмендеген. Ішкі ағзалардан ауытқулар анықталған жоқ. Бақылау бойынша емізгенде баланың 60 грамм сүтті еміп мазасыз болатыны анықталды. Бұл бала ауруының ең мүмкін экзогенді себебі?      

*анорексия                       

*психопатия

*+алиментарлы

*мальабсорбция

*иммунодефицит

#50

*!7 айдағы бала мен анасын мейірбике емханаға шақырды. Анамнезден: мерзіміне жетіп туылған бала салмағы 3500 грамм және бойы 55 сантиметр. Анасын емеді. Қазіргі уақытта баланың салмағы 7300 г., бойы – 71 см. Анасы қабылдау барысында шағымдарын айтты: соңғы уақытта бала мазасыз, себепсіз кез-келген уақытта бақырады, кіші дәретке сирек барады. Тексеру барысында: баланың терісі боз, тері серпімділігі мен созылғыштығы төмендеген. Ішкі ағзалардан ауытқулар анықталған жоқ. Бақылау бойынша емізгенде баланың 60 грамм сүтті еміп мазасыз болатыны анықталды. Бұл бала ауруы үшін ең мүмкін сәйкес белгі?

*рахит                         

*апатия                                    

*ауыз уылу                 

*+полигиповитаминоз

*қалыпты жылу реттеу

                

#51                                              

*!Ер бала 2 жаста. Әлсіздік, аз қимылдайтынына, ұйқы барысындағы қорыл мен мыңқылдақ дауысқа шағымданады. Бала анамнезі – жие салқын тиіп ауырады. Тексеру барасында: баланың гиперстениялық дене бітімі бар және көп тамақтанады, ауызы ашыңқы, мойны қысқа, кеуде қуысы кең, салмағы– 14 кг, бойы - 85 см. Терісі таза. Жұтқыншағы – шырышты қабаты қызғылт түсті, жұтқыншақтың артқы бетінде түйіршіктер байқалады. Жүрек соғу дыбысы анық, бірқалыпты. Өкпеде қалыпты тыныс алу. Іші жұмсақ, ауырсыну сезімі жоқ. Бауыр, көкбауыр қолмен басып қаралмайды. Дәреті мен кіші дәреті өзгеріссіз. Жұтқыншақ эндоскопиясы барысында аденоидты вегетация аныталды, желбезектің жоғары бөлігін жауып тұр. Учаскелік дәрігер ең ықтимал қанша уақытқа бұл баланы диспансерлік бақылауға алады?

*5 жыл

*1 жыл

*2 жыл

*+3 жыл

*өмір бойы

#52

*!Ер бала 11 жаста, емханаға келесі шағымдармен жолықты: жоғары шаршағыштық, ашуланшақтық, шыдамсыздық, ұйқы бұзылысы – түсінде дөңбекшу, ұзақ ұйқыға кетеді. Ауру анамнезінде цитрус тектес тағамдарға сирек тері бөртпелердің пайда болуы байқалады. Өмірлік анамнез: әкесі тарапынан тұқым қуалаушылық ауырлаған – ауру буын және бүйрекпен байланысты, бала аурудың нақты атауын білмейді. Жүйке-психикалық дамуы жағынан құрдастарынан озық, мектепте барлық сабақтан үлгеру дәрежесі жоғары. Орта білім беру мектебінен басқа үлкен теннис спорт секциясына қатысады және ағылшын тілі, физика мен математика бойынша репетиторға барады. Ағзалардың патологиясы жоқ. Бұл баланың тұқым қуалаушылығын ауырлатқан ең ықтимал қандай ауру?

*+подагра

*қант диабеті

*ревматоидтық артрит

*асқазанның ойық жарасы

*жедел ревматикалық қызба

#53

*!2,5 айдағы бала мен анасы емханаға жолықты. Анасының айтуы бойынша ешқандай шағым жоқ. Анамнезден: бала І жүктіліктен, ІІ триместрде гестоз болды, І мерзімінен бұрын босану. Бала салмағы 1900 г., бойы 44 см., Апгар бойынша 7/8 балл. Ер бала қарашада дүниеге келді. Бала аралас қоректенуде, қосымша икемделген сүт қоспасымен қоректенеді. Тексеру барысында ішкі ағзалардан өзгерістер анықталмады. Бұл бала үшін күнделікті Д3 витаминінің профилактикалық дозасы қандай?

*500 ХБ              

*1000 ХБ            

*1250 ХБ            

*+1500 ХБ

*2500 ХБ

#54                      

*!1,5 айдағы бала мен анасы емханаға жолықты. Анасының айтуы бойынша ешқандай шағым жоқ. Анамнезден: бала І жүктіліктен, ІІ триместрде гестоз болды, І мерзімінен бұрын 36-37 аптада босану. Туылғанда бала салмағы 2700 г., бойы 49 см., Апгар бойынша 7/8 балл. Бала аралас қоректенуде, қосымша икемделген сүт қоспасымен қоректенеді. Тексеру барысында ішкі ағзалардан өзгерістер анықталмады. Бұл бала үшін күнделікті Д3 витаминінің профилактикалық дозасы қандай?

*500 ХБ              

*+1000 ХБ                      

*1250 ХБ            

*1500 ХБ

*2500 ХБ

#55

*!1,5 айдағы бала мен анасы емханаға жолықты. Анасы баланың мазасыздығы, тершеңдігі және қалтырауына шағымданады. Анамнезден: бала І жүктіліктен, ІІ триместрде гестоз болды, І жедел босану. Туылғанда дене салмағы 3500 г., бойы 55 см., Апгар бойынша 9/10 балл. Ер бала қарашада дүниеге келді. Бала аралас қоректенуде, қосымша икемделген сүт қоспасымен қоректенеді. Тексеру барысында краниотабес анықталды, шүйде аймағының шашы түсіп қалған. Ішкі ағзаларда өзгерістер жоқ. Қанның биохимиялық анализі: жалпы фосфор – 1,6 ммоль/л, жалпы кальций – 2,7 ммоль/л, иондармен қанықтырылған кальций – 1,55 ммоль/л. Учаскелік дәрігер ең ықтимал қанша уақытқа бұл баланы диспансерлік бақылауға алады?

*6 ай                   

*1 жыл                

*2 жыл                

*+3 жыл

*5 жыл

#56

*!2 айдағы нәресте, анасын емеді. Анасы соматикалық жағынан сау, емханаға бала терісіндегі бөртпе мен қышымаға шағымданып жолықты. Әкесінің анамнезінде поллиноз. Анасы шоколад жегеннен кейін бала беті, денесі, кейдесіне ұсақ нүктелі бөртпелер шықты, шап қатпарларында баздану бар. Шеткі лимфа түйіннің барлығы ұлғайған. Ішкі ағзалар өзгеріссіз. Нәжіс және несеп шығару өзгермеген. Учаскелік дәрігер ең ықтимал қанша уақытқа бұл баланы диспансерлік бақылауға алады?

*1 жыл           

*2 жыл

*+3 жыл

*5 жыл

*жеткіншектер кабинетіне өткенге дейін

#57

*!Ер бала 2 жаста. Әлсіздік, аз қимылдайтынына, ұйқы барысындағы қорыл мен мыңқылдақ дауысқа шағымданады. Бала анамнезі – жие салқын тиіп ауырады. Тексеру барасында: баланың гиперстениялық дене бітімі бар және көп тамақтанады, ауызы ашыңқы, мойны қысқа, кеуде қуысы кең, салмағы– 14 кг, бойы - 85 см. Терісі таза. Жұтқыншағы – шырышты қабаты қызғылт түсті, жұтқыншақтың артқы бетінде түйіршіктер байқалады. Жүрек соғу дыбысы анық, бірқалыпты. Өкпеде қалыпты тыныс алу. Іші жұмсақ, ауырсыну сезімі жоқ. Бауыр, көкбауыр қолмен басып қаралмайды. Дәреті мен кіші дәреті өзгеріссіз. Жұтқыншақ эндоскопиясы барысында аденоидты вегетация аныталды, желбезектің жоғары бөлігін жауып тұр. Бұл ауру үшін ең ықтимал патогномоникалық симптом?

*жұтқыншақтың артқы бетінде түйіршік болуы

*гиперстениялық дене бітімі

*кең кеуде қуысы

*+ашыңқы ауыз

*қысқа мойын

#58

*!Ер бала 11 жаста, емханаға келесі шағымдармен жолықты: жоғары шаршағыштық, ашуланшақтық, шыдамсыздық, ұйқы бұзылысы – түсінде дөңбекшу, ұзақ ұйқыға кетеді. Ауру анамнезінде цитрус тектес тағамдарға сирек тері бөртпелердің пайда болуы байқалады, жүйке-психикалық дамуы жағынан құрдастарынан озық, мектепте барлық сабақтан үлгеру дәрежесі жоғары. Орта білім беру мектебінен басқа үлкен теннис спорт секциясына қатысады және ағылшын тілі, физика мен математика бойынша репетиторға барады. Ағзалардың патологиясы жоқ. Учаскелік дәрігер ең ықтимал қанша уақытқа бұл баланы диспансерлік бақылауға алады?

*1 жыл

*2 жыл

*3 жыл

*5 жыл

*+ересектер емханасына өткенге дейін

#59

*!1,5 айдағы бала мен анасы емханаға жолықты. Анасы баланың мазасыздығы, тершеңдігі және қалтырауына шағымданады. Анамнезден: бала І жүктіліктен, ІІ триместрде гестоз болды, І жедел босану. Туылғанда дене салмағы 3500 г., бойы 55 см., Апгар бойынша 9/10 балл. Анасы 23 жаста, үй шаруасындағы әйел. Жүктілік кезінді талғап тағамданды, күнде 1 сағат таза ауада серуендеді. Зәр анализі нашар болды, жүктілік кезінде қалыпты салмағынан 10 кг артық салмақ қосты. Ер бала қарашада дүниеге келді. Бала аралас қоректенуде, қосымша икемделген сүт қоспасымен қоректенеді. Тексеру барысында краниотабес анықталды, шүйде аймағының шашы түсіп қалған. Ішкі ағзаларда өзгерістер жоқ. Қанның биохимиялық анализі: жалпы фосфор – 1,6 ммоль/л, жалпы кальций – 2,7 ммоль/л, иондармен қанықтырылған кальций – 1,55 ммоль/л. Баладағы бұл аурудың туына ана жақтан ішкі итермелеуші ең ықтимал қандай себепшарт?

*зат алмасу ауруы                                                         

*асқынған босану                                 

*бүйрек патологиясы                           

*жасы                             

*+гестоз             

#60

*!4,5 айдағы бала мен анасы емханаға жолықты. Анасы баланың мазасыздығы, тершеңдігі және қалтырауына шағымданады. Анамнезден: бала І жүктіліктен, ІІ триместрде гестоз болды, І мерзімінен бұрын 35-36 аптада босану. Туылғанда дене салмағы 2500 г., бойы 48 см., Апгар бойынша 9/10 балл. Ер бала қазан айында дүниеге келді. Бала аралас қоректенуде, қосымша икемделген сүт қоспасымен қоректенеді. Тексеру барысында краниотабес анықталды, шүйде аймағының шашы түсіп қалған. Ішкі ағзаларда өзгерістер жоқ. Қанның биохимиялық анализі: жалпы фосфор – 1,6 ммоль/л, жалпы кальций – 2,7 ммоль/л, иондармен қанықтырылған кальций – 1,55 ммоль/л. Бұл аурудың туына бала жақтан ішкі итермелеуші ең ықтимал қандай себепшарт?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: