Сынамалы тест 2612 тест 9 страница

<variant>босанғаннан кейін 2-3 аптадан ерте үйіне шығармау

<variant>антибактериальды и дезинтоксикационды терапия

<variant>окулистің, терапевтің кеңесі

<variant>күнделікті АҚ өлшеу,әр аптада зәр анализі

<variant>ОЖЖ, қантамыр тонусын, гиповолемияны жақсартатуға бағытталған терапия

<question>28 жастағы, жүкті әйел, жүктіліктің 33-34 аптасы, ауыр дәрежедегі преэклампсиямен, магнезиалды терапия қабылдап жатыр, жүктілікті үзуге дайындалып жатыр. Жағдайы тұрақсыз, АҚ 180/110-130/100 мм сын бағ., мимикалық бұлшықеттердің аздап құрысуы байқалады.

Магнезиалды терапияны босанғаннан кейін...дейін жалғастыру.

<variant>24-48 сағатқа

<variant>10-12 сағатқа 

<variant>13-24 сағатқа 

<variant>2 сағатқа

<variant>7 тәулікке

<question>Дәрігерде жүктілік бойынша тіркеуде тұрған әйелде осыған дейін шағымдары болмаған, өкпе, жүрек, құрсақ қуысындағы органдар жағынан өзгерістер анықталмаған. АҚҚ 120/80 мм сынап бағанасымен. 20 апталық мерзімде жалпы қан және несеп анализдері өзгеріссіз болған. Бүгін дәрігерге әлсіздік, бас ауруы, аяқтарында ісінуге шағымданып қаралды. Бұл шағымдар екінші күн мазалайды. Тексергенде: 22 апталық жүктілік, аяқтары ісінген, АҚҚ 160/110 мм сынап бағанасымен. Жалпы несеп анализінде: белок 3г. Сіздің диагнозыңыз:

<variant>ауыр дәрежелі преэклампсия +

<variant>жеңіл дәрежелі преэклампсия

<variant>орташа дәрежелі преэклампсия

<variant>эклампсия

<variant>гестоз

<question>Дәрігерде жүктілік бойынша тіркеуде тұрған әйелде осыған дейін шағымдары болмаған, өкпе, жүрек, құрсақ қуысындағы органдар жағынан өзгерістер анықталмаған. АҚҚ 120/80 мм сынап бағанасымен. 20 апталық мерзімде жалпы қан және несеп анализдері өзгеріссіз болған. Бүгін дәрігерге әлсіздік, бас ауруы, аяқтарында ісінуге шағымданып қаралды. Бұл шағымдар екінші күн мазалайды. Тексергенде: 22 апталық жүктілік, аяқтары ісінген, АҚҚ 160/110 мм сынап бағанасымен. Жалпы несеп анализінде: белок 3г. Дәрігер тактикасы:

<variant>магний сульфат венаішіне енгізу, жедел жәрдем арқылы ауруханаға жатқызу +

<variant>допегит ішкізу, амбулаторияда бақылау

<variant>күндізгі стационар жағдайында емдеу

<variant>үй жағдайында бақылау

<variant>шұғыл жүктілікті үзу

<question>Преэклампсия жағдайында шұғыл тудырып алу көрсеткішіне жатады:

<variant>дұрыс орналасқан плацента ыдырауы

<variant>АҚҚ бір сағат ішінде 25% төмендеуі

<variant>несепте белок анықталуы

<variant>қосалқы анемия болуы

<variant>аяқтардың ісінуі

<question>Преэклампсия жағдайында шұғыл тудырып алу көрсеткішіне жатады:

<variant>жүрек жетіспеушілігі дамуы

<variant>АҚҚ бір сағат ішінде 25% төмендеуі

<variant>несепте белок анықталуы

<variant>қосалқы анемия болуы

<variant>аяқтардың ісінуі

<question>Преэклампсия жағдайында шұғыл тудырып алу көрсеткішіне жатады:

<variant>бүйрек жетіспеушілігі дамуы

<variant>АҚҚ бір сағат ішінде 25% төмендеуі

<variant>несепте белок анықталуы

<variant>қосалқы анемия болуы

<variant>аяқтардың ісінуі

<question>Преэклампсия жағдайында шұғыл тудырып алу көрсеткішіне жатады:

<variant>көз тор қабаты ыдырауы

<variant>АҚҚ бір сағат ішінде 25% төмендеуі

<variant>несепте белок анықталуы

<variant>қосалқы анемия болуы

<variant>аяқтардың ісінуі

<question>35 жастағы әйел жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауруына, жүрегі айнуына, жүрек тұсында қысып ауырсынуға шағымданып қаралды. 20 апталық жүктілік. 3 жыл бойы артериялық гипертензиямен диспансерлік бақылауда тұрады. Жедел жәрдем шақырылған. АҚҚ 180/95 мм сынап бағанасымен. Тексергенде: тырысу, аяқтары ісінуі. Ауруханаға жатқызылған. Несеп анализінде: белок 3 г/тәулігіне. Антигипертензивті терапияға төзімділік байқалады. Дәрігердің келесі тактикасы:

<variant>шұғыл тудырып алу

<variant>консервативті ем

<variant>динамикасын бақылау

<variant>күту тактикасы

<variant>деңгейі жоғарырақ орталыққа жатқызу

<question>Фетотоксикалық әсеріне байланысты жүктілік кезінде қолдануға қарсы көрсеткіш болып табылатын антигипертензивті препараттар:

<variant>ААФ ингибиторлары және АГ І, ІІ рецепторларының блокаторлары

<variant>орталықты әсерлі альфа 2-адреноблокаторлары (метилдопа препараттары)

<variant>бета-адреноблокаторлар

<variant>кальций антагонисттері

<variant>диуретиктер

<question>Туу қызметін тежеу, гипергликемия, гиперурикемия, организмде су іркілісін тудыруы мүмкін болғандықтан жүктілік кезінде сирек қолданылатын препарат:

<variant>диазоксид

<variant>дилтиазем

<variant>спиронолактон

<variant>нифедипин

<variant>лабетолол

<question>Жүктілерге қауіпсіз критерилері Food and Drug Administration (FDA, 2002) бойынша В класқа жататын бірінші линиялық препарат:

<variant>метилдопа

<variant>амлодипин

<variant>диазоксид

<variant>нифедипин

<variant>лабетолол

<question>HELLP – синдромы дамуының клиникалық белгілері:

<variant>гемолиз, бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы және тромбоцитопения

<variant>артериялық қан қысымы жоғарылауы және протеинурия

<variant>артериялық қан қысымы жоғарылауы, протеинурия және тырысулар

<variant>гемолиз, сілтілі фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы, нейтрофилді лейкоцитоз

<variant>гемолиз, несеп қышқылы деңгейі жоғарылауы және протеинурия

<question>Артериялық гипертензиямен жүкті әйелдерді жоспарлы түрде госпиализациялау көрсеткіштері:

<variant>медикаментозды терапияны таңдаудағы қиындықтар

<variant>протеинурия пайда болуы

<variant>протеинурия пайда болуыжәне қатты бас ауруы

<variant>қатты бас ауруыжәне оң қабырғаастында ауырсыну пайда болуы

<variant>жүктіліктің 20- шы аптасынан кейін анықталған артериялық гипертензя пайда болуы

<question>Артериялық гипертензиямен жүкті әйелді тез арада госпитализациялаудың көрсеткіштеріне... жатады.

<variant>қатты бас ауруы және оң қабырғаастында ауырсыну пайда болуы

<variant>медикаментозды терапияны таңдаудағы қиындықтар

<variant>ІІІ – ші үшайлықта шектен тыс салмақ қосу

<variant>протеинуриясыз созылмалы артериялық гипертензия

<variant>протеинуриясыз гестациялық артериялық гипертензия

<question>Алғашқы рет жүктіліктің 20- шы аптасынан кейін протеинуриясыз АҚҚ деңгейі 140/90 мм сын.бағ. және одан да жоғары болуы анықталуы және АҚҚ туғаннан кейін 12 апта ішінде қайта қалпына келуі... деп аталады.

<variant>гестациялық артериялық гипертензия

<variant>созылмалы артериялық гипертензия

<variant>HELLP – синдромы

<variant>преэклампсия

<variant>эклампсия

<question>Созылмалы артериялық гипертензия – бұл... гипертензивті күй.

<variant>жүктілікке дейін диагноз ретінде қойылған

<variant>жүктіліктің 20- шы аптасынан кейін диагноз ретінде қойылған

<variant>бүйрек артериялары патологияларына байланысты

<variant>эндокринді ауруларға байланысты

<variant>бүйрек паренхимасы патологияларына байланысты

<question>Преэклампсияның жеңіл дәрежесіндегі гипертензия емінде таңдаулы препаратқа... жатады.

<variant>допегит

<variant>пентамин          

<variant>натрий нитропруссиді 

<variant>арфонад

<variant>гигроний

<question>Преэклампсияның ауыр дәрежесіндегі гипертензия емінде таңдаулы препаратқа... жатады.

<variant>нифедипин

<variant>допегит

<variant>пентамин

<variant>натрий нитропруссиді

<variant>гигроний

<question>НЕLLР-синдромындағы тромбоцитопения... салдарынан дамиды.

<variant>микротромб түзілуіне тромбоциттер массивті қолданылуы

<variant>бауыр ферменттері деңгейі жоғарылауы

<variant>жіті фаза белоктары түзілуі жоғарылауы             

<variant>простагландиндер деңгейі жоғарылауы

<variant>ауыр анемия

<question>HELP – синдромының нақты ерте диагностикасы..... болып табылады

<variant>D – диметр тесті

<variant>бауырдағы трансаминазаның мөлшерін анықтау

<variant>тромбицит санын анықтау

<variant>эротроцит санын анықтау

<variant>лейкцит мөлшерін анықтау

<question>Преэклампсия кезінде тырысуға қарсы таңдаулы препарат... болып табылады

<variant>магний сульфаты

<variant>диазепам

<variant>папаверин гидрохлориды

<variant>нифедипин

<variant>финлепсин

<question>Эклампсия кезіндегі акушерлік амал...... ішінде шешіледі

<variant>2-4 сағ

<variant>1 күн

<variant>3 күн

<variant>7 күн

<variant>10 күн

<question>Эклампсия белгісі болып... табылады

<variant>ұстама және кома

<variant>бас ауруы

<variant>альбуминурия және ісіну

<variant>гипертензия

<variant>қозудың жоғарлауы

<question>Преэклампсия еміндегі магний сульфатының курстық дозасы... грамм

<variant>72

<variant>24

<variant>28

<variant>52

<variant>32

<question>Тәулік ішінде белоктың 1 г\л жоғалауы, АҚ 140\90мм.сын.бағ... сәйкес келеді.

<variant>преэклампсияның жеңіл дәрежесіне

<variant>преэклампсияның ауыр дәрежесіне

<variant>эклампсияға

<variant>гломерулонефриттің ісіну формасына

<variant>гломерулонефриттің аралас формасына

<question>Тәулік ішінде белок деңгейі 3г\л жоғалуы, АҚҚ 160\90 мм сын. бағ....сәйкес келеді

<variant>преэкламсияның ауыр дәрежесіне

<variant>преэкламсияның жеңіл дәрежесіне

<variant>эклампсияға

<variant>гломерулонефриттің ісіну формасына

<variant>гломерулонефриттің аралас формасы

<question>ДВС-синдром дамуында өте маңызды:

<variant>орта ауырлықтағы гестоз

<variant>ауыр дәрежелі анемия

<variant>көпұрықты жүктілік

<variant>антенаталды ұрық өлімі

<variant>көпсулы

<question>Гестозды болжау әдісі:

<variant>артериялық қан қысымын тәуліктік мониторингілеу

<variant>УДЗ

<variant>қандағы хориогонинді анықтау

<variant>доплерометрия

<variant>кардиотахография

<question>«1 жастағы балалар және жүкті әйелдер арасында жіті респираторлық инфекциялар асқынуын емдеу және алдын алуды күшейту туралы» ҚР ДМ бұйрығының №:

 <variant>788

 <variant>626

 <variant>605

 <variant>492

 <variant>983

<question>39 жастағы жүкті әйел жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауыруына, жүрек айнуына, жүрек тұсында қысып ауырсынуға шағымданып келді. Екі жыл ішінде артериялық гипертония және 3 дәрежелі ангиоретинопатиямен асқынған қант диабеті бойынша диспансерлік бақылауда тұрады. Артериялық қан қысымының ең жоғарғы деңгейі 150/95 мм сынап бағанасына дейін көтеріледі. Клиникалық зертханалық тексеру нәтижелері өзгеріссіз.

Артериялық гипертензияның дәрежесі мен қатер тобын анықтаңыз:

<variant>Созылмалы артериялық гипертензия I дәрежесі, қатер тобы IV

<variant>Созылмалы артериялық гипертензия II дәрежесі, қатер тобы III

<variant>Созылмалы артериялық гипертензия II дәрежесі, қатер тобы IV

<variant>Созылмалы артериялық гипертензия III дәрежесі, қатер тобы III

<variant>Созылмалы артериялық гипертензия, III дәрежесі, қатер тобы IV

<question>Жүктілік мерзімі 18-19 апталық мерзімдегі науқас емханада диспансерлік есепте тұрады. Науқаста оқтын-оқтын диастолалық қысымы 90 мм сынап бағанына дейін жоғарылайды. Тексеру кезінде протеинурия 0,09г/л анықталды, шаршаған кезде бас ауруы мазасын алады. ҚР ДСМ 27.12.2017 жылғы “Жүкті әйелдердегі артериялық гипертензия” № 36 хаттамасына сәйкес ықтимал болған диагнозды және жасалатын әрекетті атаңыз.

<variant>Созылмалы артериялық гипертензия, альфа-адреномиметиктермен дәрілік емдеу.

<variant>Созылмалы артериялық гипертензияға ауыр емес преэклампсия қосылған, альфа-адреномиметиктермен және магний сульфатымен дәрілік емдеу.

<variant>Гестациялық артериялық гипертензия, адреноблокаторлармен дәрілік емдеу.

<variant>Ауыр емес преэклапсия, альфа-адреномиметиктермен және магний сульфатымен дәрілік емдеу.

<variant>Ауыр преэклампсия, альфа-адреномиметиктермен магний сульфатымен дәрілік емдеу

<question>Жүктілік мерзімі 18-19 апталық мерзімдегі науқас әйелдер консультациясында диспансерлік есепте тұрады. Науқаста оқтын-оқтын диастолалық қысымы 90 мм сынап бағанына дейін жоғарылайды. Тексеру кезінде протеинурия 0,09г/л анықталды, шаршаған кезде бас ауруы мазасын алады. ҚР ДСМ 27.12.2017 жылғы “Жүкті әйелдердегі артериялық гипертензия” № 36 хаттамасына сәйкес ықтимал болған диагнозды және жасалатын әрекетті атаңыз.

<variant>Созылмалы артериялық гипертензия, альфа-адреномиметиктермен дәрілік емдеу.

<variant>Созылмалы артериялық гипертензияға ауыр емес преэклампсия қосылған, альфа-адреномиметиктермен және магний сульфатымен дәрілік емдеу.

<variant>Гестациялық артериялық гипертензия, адреноблокаторлармен дәрілік емдеу.

<variant>Ауыр емес преэклапсия, альфа-адреномиметиктермен және магний сульфатымен дәрілік емдеу.

<variant>Ауыр преэклампсия, альфа-адреномиметиктермен магний сульфатымен дәрілік емдеу

<question>Жүкті әйел Н, 36 жаста, гестацияның 35 апталық мерзімінде босану үйіне әлсіздік, тәбетінің болмауы, жүрек айну және құсу шағымдарымен түсті, сонымен қатар оңжақ жоғары квадранттағы ауырсынуға және 3 күннен бері басының ауырғанына шағымданады. Объективті: жағдайы ауыр ауырлықты дәрежеде, терісі сарғайған, аяқтарында ісіну. АҚ 150/100 мм сынап бағаны. ҚЖТ cito: протеинурия 0,65г/л. Әрі қарайғы диагностика және емдеу мақсатында АРИТ бөлімшесіне жатқызылды. SWANSEA-ның 7 оң критерий анықталған. ҚР ДСМ 29.09.2016 жылғы *Жүктілікпен байланысты бауыр аурулары* №12 хаттамасына сәйкес сіздің диагнозыңыз:

<variant>Жүктілік 36 апта. Ауыр дәрежедегі преэклампсия. Жүкті әйел бауырындағы жедел майлық дистрафия.

<variant>Жүктілік 36 апта. Ауыр дәрежедегі преэклампсия.

<variant>Жүктілік 36 апта. Жеңіл дәрежедегі преэклампсия. Вирусты гепатит А.

<variant>Жүктілік 36 апта. Ауыр дәрежедегі преэклампсия. HELLP синдром.

<variant>Жүктілік 36 апта. Ауыр дәрежедегі преэклампсия. Жүкті әйел бауырындағы жедел майлық дистрафия.

<variant>Жүктілік 36 апта. Ауыр дәрежедегі преэклампсия. Жүкті әйелдегі орташа дәрежедегі құсу.

<question>Науқастан гестациялық гипертензия анықталған АҚ= 160 және 105 мм сынап бағаны. PS=ЖЖЖ= минутына 100 рет.ҚР ДСМ ДСДРО клиникалық xаттамасына сәйкес (27.12.17) осы жағдайда бірінші реттегі емдеу түрінде қандай препаратты тағайындау керек?

<variant>метилдопа

<variant>магний сульфатын
<variant>тельмисартан
<variant>фозиноприл
<variant>индапамид

<question>Преэкламсиясы бар 32 жасар әйел 39 апталық мерзімде босанған. Босану кезінде амнион сұйықтығында мекониялардың көптігі байқалған. Жаңа туған нәрестені Апгар бойынша бағалау 1 және 5 минуттарда сәйкесінше 7 және 8 балл. Осы жағдайға қатысты төменде берілгендердің қайсысы дұрыс болады?

<variant>Тыныс жолдарынан меконияны алып тастаудың ең жақсы тәсілі интубациялық түтік арқылы интубация және аспирация жасау

<variant>Өмірінің алғашқы күндері осы нәрестеде респираторлы дистресстің дамуының ықтималдығы жоғары

<variant>Осы жаңа туңан нәрестеде пневмоторокстың даму қатері өте жоғары

<variant>Меконияның ауыз қуысында және жұтқыншақта болмауы меконияның кеңірдекте жоқ екендігін айғақтайды

<variant>Осы жағдайда мекония нәрестеде дистресстің болуын нақтылайды

<question>2017 жылғы 27 желтоқсандағы №36 "Жүкті әйелдердің артериялық гипертензиясы" диагностика және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес бұрын гипертензиясы болған әйелдерге жүктіліктің бастапқы кезеңінде қандай тексеру жүргізу керек?

<variant>сарысу креатинині

<variant>сарысулық кальций

<variant>D диммерлер

<variant>Д витамин

<variant>қан құрамындағы ферменттер концентрациясы

<question>26 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 35 апта, босану үйіне тәулік бойы басының ауруына, әлсіздікке, бас айналуға шағымданып түсті. Есі анық. Адекватты. Айқын жайылмалы ісінулер. Артериялық қысымы 160/90мм.с.б.б. Жатыры қозбаған. Ұрықтың жүрек қағысы анық, ырғақты, 140 соққы/мин. Ұрықтың болжамды салмағы 3200 гр. Жыныс жоолдарынан патологиялық бөліністер жоқ. Жатыр мойны Бишоп шкаласы бойынша 6 балл. Зәрдегі ақуыз мөлшері 3,4 г/л, АЛТ 29 Б/л, АСТ 26 Б/л. Қай әрекет негізделген?

<variant>организмді мизопростолмен босануға дайындау

<variant>39 аптада жоспарлы кесар тілігі

<variant>шұғыл кесар тілігі

<variant>24 сағат ішінде кесар тілігі

<variant>амниотомия, босануды қоздыру

<question>32 жастағы босанушы әйел, жүктілік мерзімі 39 апта. Күшену әрекеті басталды. Бас ауруына, әлсіздікке, бас айналуына шағымданады. Есі анық. Адекватты. Айқын жайылмалы тырысулар. Гипотензивті ем аясында артериялық қысым 160/90мм.с.б.б. Ұрықтың жүрек қағысы анық, ырғақты, 165-170 соққы/мин. PV: жатыр мойнының толық ашылуы, ұрық көпіршігі жоқ. Басы келе жатыр, жамбастың тар бөлімінде. Осы сатыда қандай әрекет негізделген?

<variant>ұрықтың вакуум-экстракциясын жасау

<variant>шұғыл кесар тілігін жасау

<variant>босану әрекетін окситоцинмен күшейту

<variant>гипотензивті препараттар аясында босануды жалғастыру

<variant>магнезиялық ем аясында босануды жалғастыру

<question>30 жастағы алғаш жүкті әйел, жүктілік мерзімі 34-35 апта, жедел жәрдем қызметкерлерімен босану үйіне басының ауырсынуымен, құлақтарындағы шуға, әлсіздікке, құсуға шағымдарымен жеткізілді. Жағдайы ауыр. Балтырының, алдыңғы құрсақ қабырғасының ісінуі. АҚ 150/90 және 160/100 мм.с.б.б., пульс 98 соққы/мин. Нәресте ұзына бойы орналасқан. Ұрықтың болжамды салмағы 4000 г. Ұрықтың көлемді, жұмсақ бөлігі келуде, кіші жамбасқа кірер алдында қозғалмалы. Ұрықтың жүрек қағысы тұйықталған, ырғақты, 156 соққы/мин, кіндіктен жоғары сол жақта. Per vaginam: жатыр мойны 2см-ге қысқарған, ортаңғы тығыздықты, жамбастың өткізгіш өсі бойымен орналасқан. Цервикальды канал саусаққа өтімді. Ұрықтың жұмсақ бөлігі пальпацияланады, кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Мүйіске қол жетпейді. Ұрық көпіршігі бүтін. Қандай әрекет жүргізу тиімді?

<variant>24 сағат ішінде кесар тілігі

<variant>39 аптада жоспарлы кесар тілігі

<variant>шұғыл кесар тілігі

<variant>амниотомия, босануды қоздыру

<variant>организмді мизопростолмен босануға дайындау

<question>Преэклампсия жеңіл дәрежелі диагнозын қою критерилері:

<variant>Систолалық АҚҚ ≥140мм.сын.бағ., диастолалық АҚҚ ≥90мм.сын.бағ., 30 минуттан кем емес интервалмен екі рет өлшегенде, протеинурия > 0,3 г/тәул

<variant>Систолалық АҚҚ ≥140мм.сын.бағ., диастолалық АҚҚ ≥90мм.сын.бағ., 30 минуттан кем емес интервалмен екі рет өлшегенде, протеинурия > 0,1 г/тәул

<variant>Систолалық АҚҚ ≥160мм.сын.бағ., диастолалық АҚҚ ≥100мм.сын.бағ., 30 минуттан кем емес интервалмен екі рет өлшегенде, протеинурия > 0,3 г/тәул

<variant>СистолалықАҚҚ ≥130мм.сын.бағ., диастолалық АҚҚ ≥80мм.сын.бағ., 30 минуттан кем емес интервалмен екі рет өлшегенде, протеинурия > 0,3 г/тәул

<variant>Систолалық АҚҚ≥140мм.сын.бағ., диастолалық АҚҚ ≥90мм.сын.бағ., 30 минуттан кем емес интервалмен екі рет өлшегенде, протеинурия > 0,3 г/тәул+ басының қатты ауырсынуы, көзінің көруінің бұзылуы

<question>Магний сульфатын мөлшерден тыс пайдаланғанда қолданылатын антидот:

<variant>Кальций глюконаты

<variant>Хлорлы кальций

<variant>Нифедипин

<variant>Допегит

<variant>Натрий гидрокарбонаты

<question>Жүкті әйел 23 жаста, жүктіліктің 36 аптасында 1 деңгейлі перзентханаға келіп түсті. Шағымы жоқ. Обьективті: генерализденген ісіну, бауыр пальпациясында ауырсыну. АҚҚ 150/110 мм.сын.бағ. Зәрдегі белок мөлшері 1,165 г/л. Сіздің диагнозыңыз:

<variant>Жүктілік 35 апта. Преэклампсия ауыр дәрежелі.

<variant>Жүктілік 35 апта. Преэклампсия жеңіл дәрежелі.

<variant>Жүктілік 35 апта. Гестационды гипертензия.

<variant>Жүктілік 35 апта. Гломерулонефрит, ісінулікформа.

<variant>Жүктілік 35 апта. Эклампсия.

<question>Жүкті әйел 33 жаста, жүктіліктің 30 аптасында 1 деңгейлі перзентханаға келіп түсті. Шағымдары: бас ауыруы, эпигастрийдегі ауырсыну. АҚҚ 140/110 мм.сын.бағ, протеинурия 3,0 г/л. Қарау кезінде жүкті әйел жоғарыдан төмен жайылған кезектескен, қол аяқтарымен қозғалтып үзіліссіз дірілдей бастады. Сіздің әрекетіңіз:

<variant>4-6 л/мин жылдамдықпен оттегі беру, әйелді жарақаттанудан қорғау, ұстамадан кейін магнезиальді терапия бастау

<variant>Диазепаммен седация, магнезиальді терапия бастау

<variant>4-6 л/мин жылдамдықпен оттегі беру, магнезиальдітерапия бастау

<variant>Әйелді жарақаттанудан қорғау, 4-6 л/мин жылдамдықпен оттегі беру, гипотензивті терапия бастау

<variant>Ұстамадан кейін диазепаммен седация, гипотензивті, магнезиальді трапия бастау

<question>Жүкті әйел, 26 жаста, жүктіліктің 34 аптасында үйінде бір рет эклампсия ұстамасы болды. Жедел медициналық көмек көрсететін машинамен перзентханаға жеткізілді. Түскен кезде: есеңгіреген, АҚ – 180/110 жғне 170/100 мм с.б.. Магнезиалды терапияны жүргізу үшін бастапқы доза қандай болу керек:





Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: