Адъективтену дегеніміз

А. Басқа сөз таптарының сан есімге айналуы

В. Басқа сөз табының сын есімге айналуы

С. Басқа сөз табының есімдікке айналуы

D. Басқа сөз табының одағайға айналуы

Е. Басқа сөз табының үстеуге айналуы

142 Етiстiк негiздi сын есiмдi табыңыз.

A. Орталық

B. Таулы

C. Жас

D. Ұрыншақ

E. Басшы

143 Біріккен күрделі сын есімді табыңыз

А. Алтыбақан

В. Есерсоқ

С. Өнеркәсіп

D. Білезік

Е. Ақсүйек

144 Синтетикалық тәсілмен жасалған сын есім қалай аталады?

А. Туынды түбір сын есім

В. Туынды сөз

С. Күрделі сын есім

D. Біріккен сын есім

Е. Тіркескен сын есім

145 Жинақтық сан есiмдi табыңыз.

A. Бес - бестен

B. Жүздеген

C. Алтыншы

D. Үшеу

E. Жүздiң бесi

146 Сан есімнің сөзжасамдық бірліктері

А. Сан атаулары және сөзжасамдық жұрнақ

В. Сан атаулары және жалғау

С. Басқа сөз таптары және сөзжасамдық жұрнақ

D. Сөзжасамдық жұрнақ және жалғау

Е. Жалғау және шылау

147 Сан есім сөзжасамында қолданылмайтын тәсіл

А. Синтетикалық тәсіл

В. Аналитикалық тәсіл

С. Лексика – семантикалық тәсіл

D. Морфологиялық тәсіл

Е. Аффикстік тәсіл

148 Сандық атаулардың негізгі жасалу жолы

А. Синтетикалық тәсіл

В. Аналитикалық тәсіл

С. Лексика – семантикалық тәсіл

D. Аффикстік тәсіл

Е. Морфологиялық тәсіл

149 Қосылмалы жолмен жасалған күрделі сан есімді табыңыз

А. Бес жүз

В. Жүз

С. Қырық екі

D. Миллион

Е. Оныншы

150 Көбейтілмелі жолмен жасалған күрделі сан есімді табыңыз

А. Жетпіс тоғыз

В. Алпыс

С. Тоғыз жүз

D. Алтау

Е. Бес жүз екі

151 Анау, мынау – есiмдiктердiң бiрiгу жолынан пайда болған деп көрсететiн ғалым?

A. А. Ысқақов

B. У. Кеңесбаев

C. А. Ибатов

D. М. Балақаев

E. Н. Оралбаева

152 Бiрiгу арқылы жасалған есiмдiк?

A. Тiлмар

B. Бүгiн

C. Бiлезiк

D. Ешкiм

E. Тасбақа

153 Синтетикалық тәсiлмен жасалынған туынды есiмдiктер.

A. Әнеки, мiнеки

B. Сонағұрлым

C. Бұл, сол

D. Мен, сен

E. Кiм? не?

154 Күрделі есімдікті табыңыз

А. Барша

В. Күллі

С. Әлдеқашан

D. Өздері

Е. Осынау

155 Белгісіздік есімдігін туғызатын тірек сөз

А. Емес

В. Еш

С. Әр

D. Жоқ

Е. Білмеймін

156 Туынды түбір есімдіктерді жасайтын сөзжасам тәсілі

А. Синтетикалық тәсіл

В. Аналитикалық тәсіл

С. Синтаксистік тәсіл

D. Семантикалық тәсіл

Е. Лексикалық тәсіл

157 «Зат есім+ сын есім» үлгісімен жасалған күрделі үстеуді табыңыз

А. Басыбүтін

В. Ауызекі

С. Таңертең

D. Жайбарақат

Е. Бірқыдыру

158 Аналитикалық тәсілмен үстеудің жасалуына қатысатын тілдік бірліктер

А. Екі түбір

В. Түбір мен жұрнақ

С. Түбір мен жалғау

D. Күрделі сөз

Е. Қос сөздер

159 Үстеу сөзжасамындағы өнімді жұрнақ

А. – ша, - ше

В. – ын, - ін

С. – са, - се

D. – ы, -і

Е. – кірім

160 Сөздердiң бiр сөз табынан екiншi сөз табына, оның iшiнде үстеуге айналуы ғылымда қалай аталатынын көрсетiңiз.

A. Адвербиалдану

B. Пронималдану

C. Вервалдану

D. Адьективтену

E. Субстантивтену

161 Үстеу сөзжасамында қолданылатын көнеленген жалғаудың түрiн атаңыз.

A. Тәуелдiк

B. Септiк

C. Жiктiк

D. Көптiк

E. -ыңыз, - iңiз

162 Туынды үстеуді табыңыз

А. Алтыбақан

В. Қыстау

С. Кеңшар

D. Қала

Е. Бүгін

163 Үстеу сөзжасамында қолданылатын көнеленген жалғаулы сөз

А. Кенеттен

В. Аяғынан

С. Жолға

D. Даладан

Е. Баланы

164 Зат есiмнен жасалынған етiстiктi көрсетiңiз.

A. Ұлтабар

B. Жайлас / қоныстас/

C. Бұқпантай

D. Жамбаста

E. Жұқала

165 Етіс аффиксті туынды түбір етістік

А. Сабын

В. Суын

С. Жиын

D. Қиын

Е. Қауын

166 Барлық сөз таптарының туынды етiстiк жасайтын аса өнiмдi жұрнағы.

A. – ла, -ле, - да, - де, -та, - те

B. – ыңқыра, - iңкiре

C. – ар, - ер

D. – ын, - iн

E. – ған, - ген

177 Өзгелік етісті сөзді табыңыз

А. Жинасты

В. Кіргізді

С. Жуынды

D. Қаланды

Е. Жарылды

168 Құранды етістікті табыңыз

А. Келе жатыр

В. Жүреді

С. Салып қалды

D. Мәз болды

Е. Келіп тұр

169 Аналитикалық формалы етiстiк пен құранды етiстiктiң айырмашылығы?

A. Құранды етiстiк негiзгi және көмекшi компоненттерден тұрады

B. Аналитикалық формалы етiстiктiң мағынасы екi компонентте де сақталады

C. Құранды етiстiктiң негiзгi компонентi есiм сөздер болып келедi

D. Аналитикалық формалы етiстiктер – жалаң, құранды етiстiктер күрделi етiстiкке жатады

E. Айырмашылығы жоқ, құранды етiстiк – аналитикалық етiстiктiң бiр түрi.

170 Аналитикалық формалы етістікті табыңыз

А. Алып шық, кіріп кел

В. Жүрек жалғау, санын соғу

С. Бара жатыр, салып қой

D. мәз болды, қызмет қыл

Е. Гүл атты, жарыққа шықты

171 Құранды етiстiктер мен күрделі етiстiктердiң айырмашылығы бар ма?

A. Жоқ, құранды етiстiк- күрделі етiстiктiң бiр түрi

B. Жоқ, күрделі етiстiк – құранды етiстiктiң бiр түрi

C. Бар,құранды етiстiк есiмдер мен көмекшi етiстiктен жасалады

D. Бар, құранды – дара, екіншісі – күрделi етiстiкке жатады

E. Бар, күрделі етістік толық мағыналы екі етістіктен тұрады, құранды етiстiк есім мен етістік сөздерден тұрады

172 Күрделi етiстiктi табыңыз.

A. Алып кел, тұра жөнелдi, шауып кел

B. Оқып едiм, көре қалды

C. Адам қылды, еңбек еттi

D. Ер жету, құр қалды

E. Йiнi түсу, жүнi жығылу

173 Күрделі етістіктерді байланыстырушы тұлға

А. – ып, іп

В. – ды, - ді

С. – ған, - ген

D. – ар, - ер

Е. – са, - се

174 Құранды етістіктің компоненттерін құрайтын сөз таптары

А. Есім сөз және етістік

В. Екі компоненті де етістіктер

С. Екі компоненті де есім сөздер

D. Етістік және көмекші етістік

Е. Еліктеуіш және есім сөз

 Келіп тұр

175 «Жүр» тірек компоненті арқылы жасалған күрделі етістік

А. Жүре алады

В. Далада жүр

С. Келіп жүр

D. Жүріп жатыр

Е. Шахматты жүр

176 Сөздердің бір сөз табынан 2 – ші сөз табына, соның ішінде етістікке айналуы

А. Адвербиалдану

В. Пронималдану

С. Вервалдану

D. Субстантивтену

Е. Адъективтену

177 Қосарланған күрделі етістікті табыңыз

А. Күліп – ойнап

В. Бала – шаға

С. Кімде – кім

D. Өзді - өзімен

Е. Бірлі – екілі

178 Құранды етістік жасалатын тәсіл

А. Аналитикалық

В. Синтетикалық

С. Семантикалық

D. Морфологиялық

Е. Аффикстік

179 «Қыл» көмекші етістігімен жасалған құранды етістікті көрсет

А. Қызмет қыл

В. Қыл шықты

С. Қылтаны бар

D. Қылмыс жасады

Е. Қыл үстінде

180   Құранды етістік жасауға қатысатын тілдік бірліктер

А. Негізгі етістік пен көмекші етістік

В. Есім сөз бен көмекші етістік

С. Түбір мен жұрнеқ

D. Негіз сөз бен жалғау

Е. Толық мағыналы екі етістік

Грамматика дегеніміз

А. Жеке сөздердің нақты мағыналарын, олардың қайдан шығып, қалай қалыптасқандығын зерттеп сипаттайды

В. Сөздердің функциянальды – стильдік сипаттарын қарастырады

С. Сөздердің түрлену жүйесі мен грамматикалық мағыналарын, олардың арасындағы байланыс,сөздердің бір – бірімен тіркеске түсіп, сөйлем құрау сияқты қасиеттерін қарастырады

Д.Тіліміздегі дыбыстарды, олардың түрлерін, дыбыстардың бір – біріне үндестігін,буын т. Б. мәселелерді қарастырады

Е. Тіліміздегі сөздердің жасалуын, сөзжасам тәсілдерін, туынды сөздер, олардың түрлерін зерттеп,қарастырады

182. Грамматика зерттеу объектілерінің ерекшеліктеріне қарай неше салаға бөлінеді?

А. 4

В. 3

С. 2

Д. Бөлінбейді

Е. 5

183. Морфологияның синтаксистен ерекшелігі

А. Түрлену тұлғаларының басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа түсу ерекшеліктерін қарастырады

В. Сөйлемде сөздердің атқаратын қызметтерін қарастырады

С. Сөйлем құрау, олардың құрамдық, құрылыстық түрлерін қарастырады

Д. Сөйлем типтерінің ерекшеліктерін қарастырады

Е. Сөздердің жалпы қасиеттерін ортақ қасиеттері арқылы сөздердің белгілі топ құрай алуы мен түрлену, тұлғалану жүйесін соның нәтижесінде пайда болатын мән – мағыналарды топтап, категориялық ерекшеліктерін зерттеп сипаттайды

184. Қай оқулықта қазақ тілінің грамматикалық құрылысы ана тілімізде алғаш зерттеліп, жарыққа шықты?

А. Қазақ тілінің грамматикасы

В. Ақ жол

С. Тіл құралы

Д. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер

Е. Қазіргі қазақ тілі

185. Сөз және оның формалары туралы ғылым

А. Фонетика

В. Лексикология

С. Синтаксис

Д. Сөзжасам

Е. Морфология

186. Негiзгi грамматикалық ұғымдар көрсетiлген қатар.

A. Грамматикалық мағына, лексикалық мағына, сөзжасам

B. Грамматикалық тәсiл, грамматикалық құрылыс, грамматикалық ұғым

C. Грамматикалық категория, грамматикалық форма, грамматикалық құрылыс

D. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық тәсiл, грамматикалық категория

E. Грамматикалық құрылыс, грамматикалық мағына, грамматикалық тәсiл

187. Жалпы грамматикалық мағына дегеніміз

А. Грамматикалық форма арқылы берілетін мағына

В. Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын мағына

С. Сөздің басқа сөздермен тіркесуі арқылы пайда болатын мағына

Д. Негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы пайда болатын мағына

Е. Дауыс ырғағы, интонация арқылы берілетін мағына

188. Грамматикалық форма арқылы берілетін мағына қай тәсілмен жасалады?

А. Синтетикалық тәсіл

В. Аналитикалық тәсіл

С. Семантикалық тәсіл

Д. Аралас тәсіл

Е. Синтаксистік тәсіл

189. Түбір дегеніміз

А. Сөздердің морфологиялық тұрғыдан әрі қарай бөлшектеуге келетін бөлігі

В. Сөздердің ең түпкі мағынасыз бөлігі

С. Сөздердің морфологиялық тұрғыдан әрі қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы бөлшегі

Д. Сөздерді морфемаларға ажыратуға болатын бөлшегі

Е. Білмеймін

190. Сөздердi топтастыруға негiз болатын семантикалық, морфологиялық, синтаксистiк белгiлердiң қайсысы негiзгi?

A. Үшеуi бiрдей дәрежеде

B. Морфологиялық

C. Синтаксистiк

D. Семантикалық

E. Морфологиялық және синтаксистiк

191. Зат есiмдер семантикалық және грамматикалық сипаты жағынан қандай топқа бөлiнедi?

A. Жеке және көптiк мәндi зат есiмдер

B. Конкреттi және абстракты зат атаулары

C. Эмоционалды – экспрессивтi зат есiмдер

D. Жалпы, жалқы есiмдер

E. Бәрі де дұрыс

192. Эмоционалды – экспрессивтi реңдi есiмдер.

A. Үй, мүлiк, зат

B. Арман, қиял, көңiл

C. Жаңбыр, құйын, боран

D. Шешетай, Құлеке, Қалқаш

E. Ғафу, Сәкен, Сара

193. Табыс септігіндегі сөзді табыңыз

А. Көрді

В. Келісті

С. Қатты

Д. Мені

Е. Жеді

194. Түрленетін сөз табы

А. Сын есім

В. Зат есім

С. Үстеу

Д. Сан есім

Е. Етістік

195. Қатыстық сын есім дегеніміз

А. Семантикалық жағынан заттың әр алуан сын – сипатын, сапалық белгілерін, түр – түсін білдіретін сын есім

В. Бір заттың белгісін басқа бір заттың, іс - әрекеттің, сынның қатысы арқылы білдіретін сын есім

С. Бір заттың сынын, белгісін күшейтіп, не асыра көрсететін сын есім

Д. Бір заттың сынын, я сипатын, түсін, екінші заттың сынымен салыстырып білдіретін сын есім

Е. Басқа тілдерден енген сын есім

196. Қазақ тіліндегі сын есімдер морфологиялық құрамы жағынан нешеге бөлінеді?

А. 4

В. 3

С. 2

Д. 1

Е. Бөлінбейді

197. Бәсең шырайдың жұрнақтарын табыңыз.

A) – рақ, - рек,- ырақ, - iрек

B) – лау, - леу, - ғый, - ғылтым, - шыл, - шiл

C) аппақ, қап - қара

D) аса, өте, тым

E) – нан, - нен, - дан, - ден

198. Заттанған сын есімнің сөйлемде атқаратын қызметі

А. Бастауыш

В. Баяндауыш

С. Толықтауыш

Д. Анықтауыш

Е. Пысықтауыш

199. Сын есім қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұр?

Оңтүстікке қарай баяу жылжып жүзген жұқалаң, қабыршақ ақша бұлт көрінеді.

А. Пысықтауыш

В. Анықтауыш

С. Бастауыш

Д. Баяндауыш

Е. Толықтауыш

200. Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дегеніміз

А. Күрделі сан есімдер

В. Дара сан есімдер

С. Қосарланған сан есімдер

Д. Тіркескен сан есімдер

Е. Бәрі де дұрыс емес


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: