Ю.И. Савченков

T

Деу.

T

Біз жылдамдығы бірқалыпты өзгеріп отыратын ең қарапайым қозғалысты түзусызықты теңүдемелі қозғалысты қарастырамыз.

Үдеу – жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын векторлық шама.Ол мына формуламен өрнектеледі.

Бірдей уақыт аралығындағы үдеуі тұрақты болатын қозғалыс деп аталады. Тең уақыт аралығындағы жылдамдығы бірдей шамаға келетін қозғалысты тек баяулайтын қозғалыс деп атаймыз. Үдеудің бірлігі

3-ші формуладан t уақыт мезетіндегі дененің жылдамдығының формуласын аламыз.Ол былай жазылады.

Көбінесе бізге дененің жылдамдығын емес оның координаталарын білу қажет.Ол мына формуламен өрнектеледі. X= x0 +vортt

Координатаның үдеуге тәуелділігі мына формуламен өрнектеледі

Егер қозғалыстың бастапқы жылдамдығы және бастапқы координатасы v-ге тең болса, онда бұл формула былай жазылады.

X0= 0 v0=0

Егер дене биіктіктен осы заң бойынша еркін түссе, онда ол мына формуламен өрнектеледі.

2.Денелердің қозғалысын сипаттау

Денелердің қозғалысын сипаттау үшін:

І. Денелердің қозғалысын сипаттау үшін ең қолайлы және көп тараған түрі кестелер көмегімен сипаттау. (біз оны білеміз)

ІІ. Қозғалысты өте көрнекті түрде график тәсілі сипаттайды. (біз оны мектеп бағдарламасынан білеміз у = ах2 графигін)График тәсілі.

ІІІ. Материалық нүктенің орнын оның координаталарын көрсету арқылы да сипаттайды.

Қозғалыстағы нүктенің координаталары уақытқа тәуелді функция болып табылады. Координаталар арқылы. X=x (t) y=y(t) z=z(t)

Координаталардың уақытқа қатысты бұл тәуелділігі қозғалыс теңдеуі деп аталады.

IV. Таңдап алынған санақ жүйесіндегі материалық нүктенің орнын радиус векторы көмегіменде анықтауға болады. Санық бойынан таңдап алынған нүктеге дейінгі жүргізілген бағытталған кесінді радиус векторы деп аталады.

1- Жаттығу. №2

Адам саябақтан түзу аллеясымен тік бұрыш жасайтын екінші аллеясына дейін 30м жүрді де, екінші аллеяға жеткенде бұрылып, онымен 40м жүрді. Адамның жүрген жолын және орын ауыстыруын табыңыздар.

Шешуі:

А) 30м+40м=70м

В) табу пифагор теоремасы бойынша

2-жаттығу. №3

Мотоциклші түзу көше бойымен қозғала отырып бастапқы орнынан 500 м жүріп өтті. Содан кейін бұрылып 600м жүргеннен кейін тоқтады. Оның орын ауыстыруын және жүрген жолын анықтаңыздар.

Шешуі.

S=|AC|+ |СВ|= 500 + 600 =1100м

5.Шеңбер бойымен қозғалыс

І.Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс

Қисықсызықты қозғалыстың ең қарапайым түрі болып табылады.Табиғаттада техникада да көптеген денелер шеңбер бойымен қозғалады. Шеңбер бойымен қозғалыс кезінде жылдамдық тұрақты болады, ал оның бағыты үнемі өзгеріп отырады.

Жылдамдық векторлық шама, ал векторлық шамалар үнемі модель мен бағыт олардың ең маңызды сипатталады. Шеңбер бойымен қозғалысты алу үшін қажет үдеу – центрге тартқыш үдеу деп атайды және әрқашан шеңбер центріне қарай бағытталады да мына формуламен өрнектеледі.

ІІ. Центрге тартқыш үдеу кей жағдайда І-ші айналу периодына толық бір айналымға кететін уақыт және r- ш.р арқылы өрнектеуге болады.Ол былай өрнектеледі.

Шеңбер бойымен қозғалған ждененің мұндай жылдамдығын сызықтық жылдамдық деп атаймыз. Дене шеңбер бойымен қозғалғандықтан бұрыштық жылдамдық енгізіледі.

Радиус-вектордың бұрылу бұрышының осы бұрлыу болатын уақыт аралығына қатынасы бұрыштық жылдамдық деп аталады және (амега ω) – әрпімен белгіленеді. Яғни

Егер дене толық бір айналым жасайтын болса онда оның бұрыштық жылдамдығы мына формуламен беріледі.

Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтың арасында мынадай байланыс бар

Егер t-аралығында дененің шеңбер бойымен айналу санын t.N-десек онда айналу периоды мынаған тең болады.

Айналу периодының бірлігі секунд. Уақыт бірлігі ішінде айналу санын айналу жиілігі деп атайды және - әрпімен белгіленеді және былай өрнектеледі

Жиіліктің өлшем бірлігі

5-6 формулалардан мынадай қатынас шығады

Ал 3-7 формуландан мына өрнекті аламыз

№1

Ұзындығы 120м болатын жолдың алғашқы бөлігін шаңғышы 2 минутта, ал ұзындығы 27м болатын 2-і юөлігін 1,5 минутта жүріп өтті.барлық жол бойындағы шаңғышының орташа жылдамдығын табыңыздар.

Бер. Шешуі S=S1+S2 t=t1+t2

i

S2=27м

T2=1.5мин=90c

т\к

Жауабы: Vорт =0,7 м\с

ІІ-тарау.Қозғалыс заңдары

Денелердің қозғалысының себеп –салдарын сипатын қарастыратын физиканың тарауын динамика деп атайды. Динамика негізінде Галилейдің және Ньютонның үш заңы жатыр.

Табиғатта күштің 4 түрі кездеседі:

1. Гравитациялық

2. Электромагниттік

3. Күшті (ядролық)

4. Әлсіз

Механикада графитациялық, электромагниттік күштердің 2 түрі кездеседі.

1. Серпімділік

2. Үйкеліс күштері.

7. Ньютон заңдары

Ньютонның бірінші заңы

Денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңескен болса, онда ол тыныштық күйінде болады.

Ньютон Галилейдің көз қарасын ұстанды және инерция принципін динамикаға енгізді.

Қазіргі заманғы көзқарастар тұрғысынан Ньютонның бірінші заңы инерция заңы былай тұжырымдалады.

Денеге түсірілген күштердің әрекеті өзарар теңелген болса, онда дене өзінің тыныштық күйін сақтап қалатын санақ жүйелері бар болады. Мұндай санқ жүйелерін инерциялық санақ жүйесі деп атаймыз.

Ньютонның екінші заңы

Біз тәжірибелерден денелерге неғұрлым көп күш жұмсалса ол соғұрлым көбірек үдеу алатынын білеміз. Өз тәжірибелерін қорытындылай отырып Ньютон қозғалыстың ең маңызды заңы - Ньютонның екінші заңын тұжырымдады.

Дененің алатын үдеуі оған түсірілген күшке тура пропорционал ал массасына кері пропорционал, Яғни,

Алайда Ньютонның екінші заңын мына түрде жазған қолайлы

Ньютонның үшінші заңы

Бір дененің екінші денеге әрекеті Ғ күшпенен анықталады. Демек, егер бір дене екінші денеге F1 күшпен әрекет етсе, онда міндетті түрде екінші дененің бірінші денеге қарсы әрекет етуші Ғ2 күші бар болады. Яғни,

Бұл заң Ньютонның үшінші заңы деп аталады.

Өзара әрекеттесетін екі дене бір түзудің бойымен модульдері бойынша тең, ал бағыты жағынан қарама-қарсы күштермен әрекеттеседі.

8.Бүкіләлемдік тартылыс күші

1665 жылы әлемдегі барлық дененлер арасындағы тартылыс күшінің табиғаты бірдей деген болжамды Ньютон ұсынды. Бұл ой керемет еді.

Көптеген жылдар бойы планеталардың күн айналасындағы айдың жер айналасындағы қозғалысын зерттей отырып және өзінің тағайындаған динамика заңдылықтарын пайдаланып 1687 жылы бүкіләлемдік тартылыс заңын былайша тұжырымдады.

Кез-келген екі дене бір-біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және ара қашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады. Яғни,

m1 ,m2 - массалар

r – ара қашықтық

G – гравитациялық тұрақтылық

Гравитациялық күш әрқашан ауырлық центріне түсіріледі.

Гравитациялық тұрақтылықтың сан мәнін бүкіләлемдік тартылыс күші ашылғаннан кейін 100жыл өткен соң Ньютонның отандасы Генри Кавенгиш 1798 жылы зертханалық жолмен өлшеді. Оның сан мәні мынаған тең:

Бұл өте аз шама. Мұндай күштерді гравитациялық күштер деп атаймыз

10. Серпімділік күші

Табиғатта кеңінен таралған күштердің бірі серпімділік күштер. Олар дененің деформациялану кезінде пайда болады. Жалпы алғанда дененің деформациясы деп оның пішіні мен өлшемдерінің өзгеруін айтады.

Егер күш әрекеті тоқтағаннан кейін дененің бастапқы пішіні мен өлшемдері қайта қалпына келсе серпімді, ал қалпына келмесе пластикалық деп аталады.

Серпімді деформацияны НЬютонның замандасы ағылшын физигі Роберт гук 1660 жылы зерттеді. Ол мынадай тұжырымға келді:

Деформациялар кезінде денеге туындайтын серпімділік күші оның ұзаруына тура пропорционал болады. Бұл заң математикалық түрде былай өрнектеледі:

k- пропорция коэфициенті

x-серіппенің ұзаруы

11. Үйкеліс күші

Үйкеліс күштері табиғатта кеңінен таралған. Үйкеліс барлық денелердің арасында болады және ол қозғалысқа кедергі етуші күш ретінде көрініс табады.

Жанасушы екі қатты дененің бір-біріне қатысты қозғалысы кезінде пайда болатын үйкеліс құрғақ үйкеліс деп аталады. Құрғақ үйкеліске қатысты тыныштық үйкелісі, сырғанау үйкелісі, домалау үйкелісі қарастырылады.

Қатты денемен сұйық дененің және газ тәрізді ортаның арасындағы үйкеліс тұтқыр үйкеліс деп аталады.

Тыныштық үйкелісі қандайда бір бет үстіндегі денені орнынан қозғалтпақ болғанда пайда болады.сырғанау үйкеліс күшінің модулі қалыпты қысым күшінің модуліне тура пропорционал, яғни

Бұл коэфициент әр түрлі денелер арасында түрліше болады. Мысалы:метал метал бетімен, болат болат бетімен

Есептер шешу

№1. Жердің күнді айналу жылдамдығы 30км\с, ал жер ортасының радиусы 1,5*108км және оны дөңгелектеп есептеп, күннің массасын анықтаңдар

Бер: Шешуі:

R= 1.5*108км=1,5*1011м Ғ

G=6.67*10-11

№2. Ай 27,3 тәулік периодпен жерді айнала радиусы 384000 км шеңбер бойымен қозғалады. айдың сызықтық жылдамдығы центрге тартқыш үдеуі қандай?

Бер: R=384000км=3.84*108М шешуі:

Т=27,3 таул = 2,4*106с

ацт=

ІІІ- тарау. Сақталу заңдары

Бiз бұл тарауда екі сақталу заңын: импульстің және энергияның сақталу заңын қарастырамыз. Ал бұл заңдар механиканың барлық заңдарының ішіндегі ең маңыздысы, себебі олар бүкіл физиканың ең жалпы әрі әмбебап заңдары болып табылады.

Өзімізге белгілі энергия, қуат, жұмыс сияқты физикалық шамалардың және бірі импульсқа тоқталайық

Бұл шамаларды білу бізге сақталу заңдарын түсіндіруге көмектеседі.

12.Дене импульсі

Денелердің механикалық қозғалысын сипаттайтын физикалық шаманың бірі дене импульсі

Дене массасымен жылдамдығының көбейтіндісіне тең физикалық шама дене импульсі деп аталады және мына формуламен өрнектеледі:

Жылдамдық векторлық шама болғандықтан, дене импульсіде векторлық шама

Импульс әрқашан жылдамдықтың бағытымен бағытталады. Импульстің жүйесіндегі бірлігі

Уақыттың t аралығында дене Ғ күш әсерінен импульсі өзгереді, яғни

Күш импульсіде векторлық шама. Оның SI -дегі бірлігі Н*с

Бұл ұғымдарды пайдалана отырып Ньютонның екінші заңын былай тұжырымдауға болады. Дене импульсінің өзгерісі күш импульсіне тең.

№12-3

Егер бір-біріне қарама-қарсы қозғалып келе жатқан екі баланың бірінің массасы 40кг, жылдамдығы 2 м\с екіншісінің массасы 30кг, жылдмдығы 1 м\с болса, онда олардың соқтығысқаннан кейінгі жалпы импульсіці неге тең?

Бер: m1 =40 кг Шешуі:

V1 = 2 м\с

m2 = 30 кг P= 40 кг * 2 м\с – 30 кг * 1 м\с =50 кг * м\с

V2 = 1 м\с

т\к Р-?

Жауабы: Р – 50 кг * м\с

13.Импульстың сақталу заңы

импульс денелердің өзара әрекеттесуі кезінде сақталатын физикалық шамалардың қатарына жатады. Импульстің сақталатынына тарихта бірінші болып Рене Декард назар аударды.

Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын Ньютонның үшінші заңын жылдамдықтары V1 және V2 массалары m1 және m2 болатын шарларға қолданып және ықшамдай келе немесе түрлендіріп мына өрнекті аламыз

Алынған теңдікпен мынадай қорытындыға келеміз: өзара әрекеттескенге дейінгі жүйе импульсі өзара әрекеттескеннен кейінгі жүйе импульсіне тең.

Бұл импульстің сақталу заңы деп аталады және былай оқылады:

Тұйық жүйеде өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің векторлық қосындысы өзгеріссіз қалады (сақталады).

Есептер шешу

№13-1. Массасы 300г допты 40 м\с жалдамдықпен лақтырған кездегі оның кинетикалық энергиясы неге тең?

Бер: m=300г – 0,3 кг шешуі

V=40 м\с

т/к Ек -?

Жауабы: Ек- 240 Дж

№2. Массасы 60 кг адам 7 м\с жылдамдықпен жүрып 2 м\с жылдамдықпен қозғалып бара жатқан массасы 40 кг арабаға секіріп шығады. Осыдан кейін араба қандай жылдамдықпен қозғалады?

Бер: m1 = 60 кг Шешуі:

V1 = 7 м\с

m2= 40 кг

V2 = 2 м\с

т\к -?

№3. Массалары m1 және m2 екі дене жылдамдықтары 4 м\с және 20 м\с пен бір-біріне қарама-қарсы қозғалып келе жатып соқтығысқаннан кейін жылдамдықтарымен ауысып екеуі қарама-қарсы бағытқа қозғалып кетті. Осы денелердің массаларының қатынасын анықтаңыз.

Бер: m1 және m2 шешуі:

V1 = 4 м\с

V2= 20 м\с

т\к

15. Энергия және жұмыс

Энергия адам өміріне маңызды рол атқарады. Адамдардың тұрмыс жағдайы энергия тұтынумен тікелей байланысты.Энергия болмаса бірде-бір механизм жұымс жасамайды.

Энергия түрлі-тұрпатта көрініс табады: механикалық, ішкі, электромагниттік, ядролық және т.б.

Механикада қарастырылатын энергия механикалық энергия деп аталады. Механикалық энергияның екі түрі бар:

1. Кинетикалық энергия

2. Потнциялдық энергия

Кинетикалық энергия терминін ХІХ ғасырдың басында ағылшын физигі Томас Юнт енгізді.

Потенциялдық энергия ұғымын ХІVІІІ ғасырдың соңында француз математигі Лазар Карьно еңбектерінде берілді. Алайда энергияның сақталу заңын шынайы ғылымға енгізген оырс ғалымы Ломоносов болды.

Энергиямен жұмыс тығыз байланысты.Сондықтан алдымен жұмыс деп аталатын шамаға тоқталайық.

Механикалық жұмыс туралы айтқанда әрқашан жұмыс тек күш жұмсау арқылы ғана атқарылатынын есте ұстау керек. Қозғалыстағы денеге әрекет етуші күш жұмыс атқарады.

Тұрақты күштің жұмысы сан жағынан күш модулін орын ауыстыру модуліне және олардың бағыттарының арасындағы бұрыштың косиниусына көйбейткенге тең.

Жұмыс оңда болуы мүмкін, терісте болуы мүмкін.

Механикалық жұмыс әлденені көтергенде, орыннан жылжытқанда, яғни дене орын ауыстырғанда атқарылады. Механикалық жұмыстың SI- дегі бірлігі джоуль

1Дж – 1Н*м

Жұмыстың атқарылу жылдамдығы қуат деп аталады. SI-дегі бірлігі ватт

1 Вт – 1 Дж\с

Бұл бірлік жылу машинасын алғаш ойлап тапқан ағылшын инженері Джеймс Уаттың құрметіне қойылған.

Энергияның сақталу заңы

Дененің кинетикалық және потенциялдық энергияларының қосындысы дененің толық механикалық энергиясы деп аталады.

Е=Екр

Денелердің өзара әрекеттесуі мен қозғалысы нәтижесінде кинетикалық және потенциялдық энергиялар бірінің арылуы екіншісінің келуіне тең болатындй өзгереді:

Екк1= - (Ер1р1 )

Немесе

Ек1р1к2 + Ер2

Дене энергиясы еш уақытта жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге айналады.

IV.Сұйықтар мен газдардың қозғалысы

Гидро және аэродинамика - сұйықтар мен газдардың қозғалысын, сондай-ақ олардың қатты денелермен өзара әрекеттесуін зерттейтін физиканың аса күрделібөлімдерінің бірі. Әуе және су көлігінің зымыран техникасының дамуы негізінен, физиканың осы бөлімімен байланысты.

17. Идеал сұйықтың қозғалысы

Әр алуан сұйық қозғалысынекі түрге бөлуге болады. Кейбір жағдайларда сұйықтың жеке қабаттары бір-біріне қатысты сырғанай отырып, араласпайағады. Сұйықтың мұндай қозғалысы ламинарлық соғыс деп аталады.

Сұйықтың әр түрлі қабаттарының араласуы нәтижесінде құйындар түзіле ағатын қозғалысы турбуленттік ағыс деп аталады.

Сығылғыштығын және қабаттарының арасындағы үйкелісті ескермеуге болатын сұйықты идеал сұйық деп аталады.

Ағын сызықтары деп сұйық бөлшектері қозғалатынтраекторияны айтады. Ағын сызықтарымен шектелген сұйық мөлшері ағын түтігі деп аталады.

P1S1V1t = P2S2V2t

Ағын түтігінің екі қимасындағы сұйық жылдамдықтары қималардың аудандары кері пропорционал. Идеал сұйықта үйкеліс күші туындамайды.

Сондықтан қарастырылып отыр сұйық көлемінің бірінші қалпынан екінші қалпына өтуі кезінде атқарылатын жұмыс оның кинетикалық энергияның өзгерісіне потенциялдық энергиясының өзгерісінқосқанға теңболуы тиіс.

Шамалы түрлендіруден кейін және тығыздық болғандықтан екенін ескеріп

өрнегін аламыз

Бұл өрнек швейцар математигі әрі механигі Даниел Бернуллидің (1700-1782) құрметіне Бернулли теңдеуі деп аталған. Бернулли теңдеуі бойынша идеал сұйықтың ағысындағы кинетикалық және потенциялдық энергиялардың тығыздықтары мен қосындысы ағынның кез келген қимасы үшін тұрақты болып қалады. Егер түтікше горизанталь болса, яғни h12h2 болса, онда

V Тарау. Молекулалы – кинетикалық теорияның негізгі қағидалары.

Біздер бұл тарауда молекулалық физиканың басты мәселесі болып табылатын молеулалар туралы мәліметті оқимыз. ХХ ғасырдың басында эксперименттік негіздеудің нәтижесінде молекулалардың өзара әрекеттесуін сипаттайтын теория МКТ жасалды.

Молекулалы физика заттардың физикалық қасиеттерін және оларда болатын құбылыстарды зерттейтін физика ғылымының негізгі бөлігі

Біз 7-8 сынып физика курсынан бұшл мәліметтерді білеміз.

Термодинамика - жылулық қозғалыстың сипаттарын және оның басқа қозғалыс түрлеріне өту динамикасын зерттейтін физика ғылымының бөлімі.

20. Заттардың құрылысына көзқарас

МкТ-ның негізгі қағидалары

Бізді қоршаған орта әр алуан. Бұл әлем неден құрылған? Құбылыстарды байланыстыратын не? деген сұрақтарға бұан 25 ғасыр бұрын ежелгі Грекияда философиялық ағымдардың өкілі Фальес бар дүниенің бастамасы су деп түсінген.

Екінші бір философ әлем ауадан құралған. Ал Гераклит пікірі бойынша барлығы оттан тұрады деген. Кейінірек грек философтары дүние элементтер деп аталатын су, жер, ауа, оттардан тұрады.Ал Аристотель бұл ілімге толықтыру енгізіп Құдай ұғымын қосты

Заттардың құрылысы туралы алғашқы дұрыс ұығмдар 2,5 мың жыл бұрын пайда болды. Оның негізін қалаушылар грек ғалымдары Левкип бен Демокрит. Олар барлық әлемді қарайтын өте ұсақ көрінбейтін бөлшектер атомдардан тұрады деді.

Физикада ғасырдың басында заттардың табиғаты туралы Ресей ғалымы Ломоносов - барлық денелер өте ұсақ бөлшектерден атомдардан, олардан ірілеу бөлшек молекулалардан тұрады. Қазіргі заманғы анықтамалар бойынша:

Молекула – заттардың негізгі химиялық қасиеттерін иеленуші электерлік бейтарап бөлшек.Ол атомдардан тұрады.

Атом - молекулалар түзетін химиялық бөлінбейтін бөлшек.

1803 жылы ағылшын ғалымы ДЖ. Дальтон атомдардың ғылымға біржолата енгізді.

Тек атомдар туралы түсініктерді пайдалана отырып химиялық заңдылықтардың бар екендігін көрсетті. Дальтоннан кейін атом ғылымға түбегейлі енді.

Заттардың құрылысы туралы МКТ-ның негізгі қағидалары мынада:

1. Кез-келген зат өте ұсақ бөлшектерден - молекулалардан немесе атомдардан тұрады.

2. Молеклалар мен атомдар әрқашан үздіксіз бейбереет ретсіз қозғалыста болады.

3. Молекулалар немесе атомдар арасында тартылыс және тебу күштері әрекет етеді.

21.Молекуланың өлшемі, массасы, саны, зат мөлшері.

Молярлық масса

Молекулалардың негізгі сипаттамаларының бірі - олардың өлшемі мен массасы болып табылады.

Молекулалардың атомы мен өлшемі өте кішкентай болғандықтан, оларды тек салыстыру жолымен ғана көрестуге болады. Молекулалардың өлшемін бағалау үшін неміс физигі Рентген жүргізген тәжірибеге сүйенеміз. Көлемі зәйтүн майының тамшысын ыдыстағы су бетіне тамызсақ, ол жайлы отырып белгілі бір ауданға қарайды. Май молекулаларының өлшемін шар тәрізді деп алып оның бір молекуласының диаметрін табуға болады. Қамшының көлемі V-3.6*10-3 см3 ауданы S-90см2 болса, онда

Сонымен молекула диаметрі шамамен 10 -9 м-ден артпайды екен.

Молекулалардың өлшемі соншалықты кіші болғандықтан олардың саны кез-келген затқа өте көп.М: V-1 см3 N- 2,7 * 1019 молекула бар.

Кез-келген денедегі молекулалар саны өте көп, ал массасы өте аз болғандықтан оларды абсалют мәне емес салыстырмалы мәнін пайдалану қабылданған.

Заттардың салыстырмалы массасы деп берілген заттың молекуласын массасының көміртегі атомы массасының 1\12 бөліміне қатынасын айтады.

Берілген денедегі барлық атомдар мен молекулалардың салыстырмалы саны зат мөлшері деп аталатын ерекше физикалық шамамен сипатталады.

Заттың мөлшері деп берілген денедегі молекулалар санының 12 г көміртектегі аотмдар санына қатынасын айтады. Яғни ол

Зат мөлшерінің бірлігі моль.

Моль - бұл 12 г көміртектеқанша атом болса, сонша бөлшектері бар заттың мөлшері.

Барлық заттарр үшін бұл тұрақты шаманы 1811 жылы Итальян физигі Авагадро анықтаған. Сондықтан бұл санды ол кісінің құрметіне Авагадро тұрақтысы деп атаймыз.

NA – 6.02*1023 моль-1

Салыстырмалы молекулалық массасымен қатар физика мен химияда молярлық масса ұғымыда пайдаланылады.

Молярлық масса деп 1 моль өлшемінде алынған заттардың массасын айтады. Молярлық массаның бірлігі 1 кг\моль

Бір молекуланың массасын анықтау үшін молярлық массаның Авагадро тұрақтысына бөлу керек екен.

Заттың кез-келген мөлшерінің массасымен молярлық масса арасында мынадай байланыс бар.

Молярлық масса арқылы денедегі молекуланың санын табуға болады.

22. Молекулалардың өзара әсері.

Молекулалардың өзара әрекеттесетін яғни бір мезгілде оларға өзара тартылыс және тебу күштері әрекет ететінін біз 7-сыныптан білеміз.

Молекулаларды радиусы шар тәрізді деп жорлық.

Молекулаларды бір-біріне жақындатқанда, алдымен тартылыс күші ал содан кейін тебілу күші артады. Шамамен 2 молекла радиустарының қосындысына тең қашықтықта тартылыс күші тебілу күшіне теңеледі де молекула аралық өзара қорытқы әрекет күші 0 болады. Молекулаларының орнықты тепе-теңдік күніне сәйкес келетін бір молекуланың өлшеміне тең мұндай аралық тепе – теңдік қашықтығы деп аталады.

Бөлшектер арасындағы қашықтық болса, тебілу күштері тартылыс күшінен асып түседі. Ал болса өзара тартылыс күші басым болады. Ал жағдайында тепе-теңдік күй сақталады.

Молекулааралық өзара әрекет күштерін тегі электрлік болады. Себебі, олар электрондар мен ядролардың аз қашықтықтағы өзара әрекеттесуіне негізделген.

23. Молекулалық қозғалысы. Броундық қозғалыс. Диффузия

Сұйықтарда болатын бөлшектердің ретсіз қозғалысын алғаш рет ең қарапайым микроскоптың көмегімен 1827 жылы ағылшын ботанигі Р.Броун бақылаған болатын. Броундық оқзғалыстың дәл сипаттамасын неміс педогогы Роберт Тол берді.

«Броундық озғалыс сияқты қарапайым физикалық құбылыстар ғана бақылаушыларды өзіне тәнті етуге қабілетті. Ол бақылаушыға табиғаттың ішкі дүниесіне үңілуге мүмкіндік береді, яғни оның алдында тоқтаусыз, таңданарлық, ғажайып сансыз дербес жаңа дүниелер ашылады. Көз алдында ұзақ бөлшектер бір жақтан екінші жаққа шым-шытырқ қозғала отырып, шапшаң, ақ секілді ұшады.Ірі бөлшектер бояу және маңғаздана қозғалады, бірақ олар да үнемі бағыттарын өзгертеді. Үлкен бөлшектер іс жүзінде бір орында тұрады. Олардың бұрыштары мен қырлары өз осьтерінің айналасында үнемі бағыттарын өзгертіп айналатынын көрсетеді. Еш жерде жүйенің ізі де, тәртібі де жоқ. Ретсіз жағдайлардың үстем болуыбақылаушыға күшті танданарлықәсер береді.Броундық оқзғалыс қазіргі табиғаттану саласында айтарлықтай құбылысқа жатады. Оны сөзбен сипаттап беру мүмкін емес, тек жеке бақылау жүргізу қажет.»

Молекулалы-кинетикалық түсініктер көзқарасы тұрғысынан ХІХ ғасырдың екінші жартысында бірқатар ғалымдар бұл құбылысқа дұрыс сапалы түсініктеме берді, ал оның толық теориясын тек 1905-1906 жылы Эйнштейн мен М. Смолуховский жасады. Ол былайша түсіндірілді. Су молекулалары әр уақытта бейберекет қозғалыста болады. Суда тепе-теңдік күйде тұрған әрбір броундық бөлшек жан-жақтан молекулалардың соққысына ұшырайды. Бұл соққылар тең емес, соның нәтижесінде әлдебір жағында қысым орташадан не көп, не аз болады. Сондықтан брооундық бөлшектер бейберекет қозғалысқа келеді, біресе бір жаққа, біресе екінші жаққа орын ауыстырады

Диффузия деп түйісетін заттардың өзара бір-біріне араласу құбылысын айтады.

Диффузия құбылысы қатты денелерде де болады, бірақ өте баяу жүреді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: