Введение 6 страница

Біріншісі - X теориясы нормаланған процедуралар мен операцияларды пайдаланатын мәжбүрлеу және көтермелеу («қамшы және жылы-жұмсақ»), әдістерін қолдануға негізделген. екіншісі - У теориясы қызметкерлерді ынталандыруға, септігін тигізетін олардың белсенділікпен бастамалар көтеруіне мүмкіндік беретін жағдай тудыруға айрықша көңіл бөледі.

Д. Макгрегордың пікірі бойынша, ұйымның Х теориясынан У теориясына өту шамасына қарай ұйымның құрылымы қатаң иерархиялық құрылымнан кашықтап, күрделі өзгеріске ұшырамақ.

Жалпы қорытындысында «адамдық қарым-қатынастар» мектебі адам факторының есебіне және ұжымда тиісті психологиялық климат тудыруға баса назар аударады.

«Эмпирикалық» басқару мектебі

Бұл мектеп өкілдерінің мәлімдеуінше, басқару саласындағы ғалымдардың негізгі міндеті - тәжірибе материалдарын жинап алу, қорытындылау әрі осының негізінде басқарушының ұсыныстарын әзірлеу болып табылады.

Бұл мектеп басқаруды ұйымдастырудың мәселелерін нақты психикалық-ұйымдастырушылық және экономикалық тұрғыдан зерттеулер жүргізу бағытында дамыды.

«Эмиирикалық мектептегі» негізгі зерттеу бағыттарының біріне басшылардың функцияларын және еңбектің мазмұнын зерделеуді жатқызуға болады. Бұл бағыт біршама деңгейде мынадай жағдайға себепкер болады: басқару кәсібиленеді, яғни басқару ісі бойынша еңбекті дербес, өзіндік ерекшелігі бар еңбек түріне ерекше кәсіпке айналдырады.

«Эмпирикалық мектеп» өкілдерінің пікіріне сүйенеек, басқарушының енбегі кәсіпорынның басқа қызметкерлерінде болмайтын екі ерекшелікпен сипатталады.

Бірінші ерекшелік - басқарушы қолдағы бар ресурстардан тұтас бір бүтін жасауы керек.

Екінші - ол әрбір шешімі мен әрекетінде болашаққа, яғни ұйымды дамытудың келешегіне бағдарлануы қажет.

Бұл мектеп өкілдерінің пікіріне ден қоятын болсақ, басқарушы техникалық немесе гуманитарлық бейіндегі бір жақты маман иесі болмауы керек, яғни тар аяда шектеліп қалуына болмайды екен. Ол басқарудың іс жүзінде жалпы ғылыми негізделіп, сынақтан (тексеруден) өткен әдістері мен тәсілдерін меңгеруі қажет.

Олар басқарушыға нақты ұсыныстар беруге талпынады. Осы мектептің өкілдері басқарудағы орталықтандыру және орталықсыздандыру, жауапкершілік жүктеу және т.б. мәселелерге көп көңіл бөледі. Олардың бір ұсынысы - мақсатты басқару - кеңінен таралған. Мақсатты басқару - басқару жүйесіндегі ірі қызметкердің нақты мақсаттарын анықтап беретін ұдайы әрекет үстінде болатын жүйені білдіреді.

Друкер Питер (менеджмент мәселелері жөніндегі кітаптың әйгілі авторы), Р. Дэвис, Д. Миллер және т.б. «Эмпирикалық» мектептің әлдеқайда белгілі өкілдері.

Қорытындысы. Басқарушылар басқарудың әр түрлі міндетті істерін жүзеге асыруы үшін оларға нақты ұсыныстарды әзірлеу іс-тәжірибесін талдауда «Эмпирикалық» мектеп қажет деп саналады. Оларды басқаруды кәсіби деңгейге көтерудің қажеттілігін дәлелдеді. Сонымен қатар, «Эмпирикалық» мектептің өкілдері осы заманғы құрылыстың жаңа тұжырымдамаларын әзірлеуге жете көңіл бөледі.

«Әлеуметтік жүйелер» м ектебі

«Әлеуметтік жүйелер» мектебі ұйымның орта жағдайына әсерін тигізетін, әр қилы қажеттіліктері (талап-тілектері), белгілі бір бағыты бар, ұйымда әлеуметтік бағдарланған «адамдық қарым-қатынастар» мектебінің тұжырымдарын пайдаланады. Сонымен бірге, қажеттіліктерді қалыптастыруға өз ықпалын тигізеді.

Бұл мектеп адамдардың ұйымдасуын өзара байланысты және өзара ықпалдасатын факторлардың күрделі кешені ретінде, ал ұйымдағы адамды - оның бір факторы ретінде қарастырады.

Ұйымдағы адамды басты объекті ретінде (отправным пунктом) қарастыру адамның қажеттілігі мен ұйымның қажеттілігі бір-бірімен сәйкес келмейтінің анықтап береді.

«Әлеуметтік жүйелер» мектебі ұйымдастырудың әлдеқайда жалпы формаларын зерттеуге талпынады, ұйымдағы жүйенің негізгі бөліктеріне, осы мектеп өкілдерінің пікірі бойынша, индивид (жеке адам), формалды және бейформалды факторлар, топтар, топтың қарым-қатынас, мәртебелердің (статус) тұрпаттары (типтері) және топтағы рөлдер жатады. Жүйе бөліктері формалды және бейформалды құрылымдарға, коммуникация арналарына, шешім қабылдау процестеріне қатысты белгілі бір ұйымдастырудың формаларымен байланысқан.

Бұл мектептің ең көрнекті өкілдері - Д. Марч, Г. Саймоп және т.б.

Қорытынды. «Әлеуметтік жүйелер» мектебі кәсіпорынды өзара ықпалдасатын факторлардан тұратын күрделі кешенді жүйе ретінде, ал ұйымдағы адамды - факторлардың бірі ретінде қарастырады. Алайда ол әлеуметтік өндірістік қатынасты өндірістік процееті ұйымдастырумен бірдей қойып теңеетіреді.

«Жаңа» мектеп

«Жаңа» деп аталатын мектеп ғылымға басқару әдістері мен дәл ғылымдардың аппаратьш енгізуге ұмтылуымен сипатталады.

Жаңа мектептің көрнекті өкілдері - Р. Акофф. Л. Берталанфи, С. Бир. Л. Клейн т.б. Бұл мектептің қалыптасуы кибернетиканың пайда болуымен және операцияларды зерттеумен байланысты. Бастапқыда операцияларды зерттеу сандық талдаудың тәсілдерін әзірлеу ісіне тура келді.

Операцияларды зерттеу одан әрі дербес ғылым саласына айналды. Ол (осы сала) екі негізгі бағытта дамыды. Оның біріншісі басқару ісінде жиі кездесетін құбылыстардың математикалық үлгілерін жасаумен байланысты болды. Оның ішінде, қорларды басқару, ресурстарды бөлу, жаппай қызмет көрсету міндеттері, болжауға келмейтін белгісіз жағдайда тәртіп стратегиясын таңдау сияқты құбылыстарды қамтиды.

Екінші бағыт жүйені зерделеуге көңіл бөлді. Бұл - «жүйе техникасын» құруға алып келді.

Одан ары «жаңа» мектепке дербес ғылыми пән басқару шешімдерінің теориясы қалыптасты.

Қорытындысы. Басқару теориясының «жаңа» мектебі ғылымға басқарудың әдістері мен дәл ғылым аппараттарын енгізуге ұмтылуымен сипатталады. Оны басқару міндетін шешуде математикалық аппараттың пайдаланылатынынан байқауға болады.

Шетелдердегі басқару теориясының негізгі даму бағыттарын қысқаша айтып өтсек, ол жақта басқаруды онтайландырудың жаңа формалары мен әдістері ұдайы іздеетірілетінің байқауға болады.

Бүгінгі таңда ұйымды қайта құрудың және болжам жасаудың әр түрлі әдістерімен, нарықтағы фирманың стратегияларымен байланысты салаларда ізденіс жұмыстары кеңінен жүзеге асырылады.

5-тақырып. Қазіргі кезеңгі менеджмент тұжырымдамалары

1. Казіргі кезеңдегі менеджменттің әлеуметтік-экономикалық негіздері

2. Менеджмент жүйесімен жеке меншік формасының өзара байланысы

1. XX ғасырдың 90 жылдарында менеджменттің дамуында 3 үрдіс сипатталды:

1. Басқару процесінің механизациясы мен автоматизациясы басқару еңбегіне механикалық құрылғыларды, компьютерлерді, басқарудың қазіргі кезде қолданылатын құралдары, басқа да ұйымдастыру техникаларын енгізуді сипаттайды: Қазіргі кездегі өндірістің материалды-техникалық негізінің маңыздылығын білу және қызмет көрсету. Өндірістің технологияльқ факторын ұтымды пайдалану.

2. Басқарудың демократизациясыжұмысшылардың өндірісті басқаруға өз ұсыныстарын беру, сапа үйірмелеріне қатысу, шешім қабылдауды ұжымдық әдісте өткізген уақытта менеджерлерге көмек беру арқылы пайда болады.

Басқарудың демократизацисы — ұйым тиімділігін жоғарылату жолы, қазіргі менеджменттің ерекше қасиеті. Экономикадағы демократия жетекші мен қызметші арасындағы іскерлік байланысты дамыту. Демократия формалары:

•Шешім қабылдау барысында жұмысшылардың қатысуға құқылығы (инвестициялық, өткізу, өндірістік, бағдарламалық). Бұл ықпал етудің өте күшті мүмкіндігі;

• Жұмысшылар шешім қабылдау процесіне шаруашылық-еңбектік, басқару және әлеуметтік саясат сұрақтары бойынша қатысуға құқылы;

•Ақпарат, талқылау, шешімдерді негіздеу облысындағы жұмысшылардың құқылары;

• Басқарудың демократиялық принциптерінің иерархиялық стильдерінің орнына қолдану;

• Жоспарланған шешімдердің әлеуметтік, кадрлық салдары;

• Басқарудың іс-әрекеттік, әлеуметтік аспектісін күшейту, ұйым мәдениетіне назар аудару. Жұмысшылардың пайдаға, басқару функцияларын орындауға қатысуы.

Жапониядағы "басқаруға қатысты" жүйесі ұлттьқ экономиканың барлық деңгейлерінде қызмет етеді:

• Жұмыс орны, учаске, цех деңгейінде - сапа үйірмелері және автономды бригадалар түрінде;

• Кәсіпорын деңгейінде - қызметшілер өкілдері мен әкімшілікті қосатын өндірістік комитеттер, сонымен қатар "жұмысшы - мүдірлер (директор)" түрінде;

• Мамандық одақтар өкілдері мен басқарушылардан тұратын салалы, кеңестік комитеттер түрінде;

• Аумағында еңбек пен капиталдың кеңестік өкілдері болатын ұлттық экономика деңгейінде.

Еуропада Нидерландия, Франция, Германияда басқаруға жұмысшылардың қатысуы заңды түрде бекітілген. 50 жылдары Германияда жұмысшылардың мүдірлер (директорлар) кеңесіне дауыс беру қүқығымен міндетті түрде қатысу керектігі заң бойынша қабылданған.

Қазақстандағы менеджменттің шет елдік менеджменттен айырмашылығы мынадай: АҚШ-та және Батыс Еуропада жұмысшыларды басқаруға активті тарту. Қазақстанда жұмысшыларды басқаруға тартудың бәсеңдігімен ерекшеленеді. Бұдан шығаратын қорытынды: жапондық фирмалардың жоғарғы деңгейдегі бәсекеге тұрақтылығы, жапондық менеджерлер фирманың потенциалы жұмысшылардың шеберлігі деп есептейді.

3. Менеджменттің интернационалдылығы - еңбекті мемлекетаралық бөлудің өсуі себебін ұйымды басқарудағы интернационалдьқ фактор рөлінің күшеюін, сонымен қатар хальқаралық бәсекенің ұшталуын сипаттайды.

Басқарудың халықаралық сипатының күшеюі.Көптеген индустриалды елдердің ашық экономикаға өтуі, халықаралық бәсекенің рөлінің жоғарылауы; өндіріс кооперациясы, трансұлттық корпорациялардың дамуы, басқарудың интернационализациясы басқарудың теориясы мен тәжірибесі алдына көптеген міндеттер қояды. Олардың маңыздылары:

Ортақ заңдылықтарды басқарудың формалары мен әдістерін бөліп шығару;

•Әр түрлі нақты бір диапазонында қызмет ететін басқарудың ерекшеліктерін бөліп шығару;

• Сыртқы экономикалық қызметтегі басқару функцияларын орындау, басқарудың ұлттық стилінің ерекшеліктерін бөліп көрсету.Басқару амалдары

Табысты экономиканы құруға байланысты барлық міндеттерді XXI ғасырдың өзінде шешу керек. Бірден бір маңызды қүралдардың бірі болып менеджмент табылады. Алдымыздағы жүзжылдық басында бизнес қарамағында менеджменттің екінші мыңжылдықтың ақырғы жылдарында қолданылған жаңалықтар болады.

Қазіргі менеджерлер қызметінің басты міндеттері болып келесі принциптік негіздер табылады:

1. Менеджменттің классикалық мектеп ұтымдылыгынан бас тарту. Барлық компаниялардың жетістігі фирмадан тыс айнымалылардан тұратын және кәсіпорын менеджментіне тікелей әсер ететін сфераға жатқызылған сыртқы ортаның үнемі болып тұратын өзгерістері -икемділік пен бейімділікке байланысты. Сыртқы орта ұйымның стратегиясы мен тактикасын қалыптастырады.

2. Басқаруда жүйелер теориясын қолдану. Басқарудағы жүйелік амал маңызды жағдайларды еске ала отырып шешім қабылдауды қарастырады.

2. Менеджмент ұғымына Э.Петерсон мен Э.Плоумен кеңірек түсінік берді. Бұлар батыстағы іскерлік әлемге «Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру кітабының авторы ретінде танымал. Олар былай деп жазады: «Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегеніміз адамдарға тән үрдістерде топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалына, үкіметтегі алуан түрлі клубтарды және іскер кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға болады әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді және айқындалады.

Басқарудың осындай жалпы қағидасы адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түпкі негізгі мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады:

1. Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылғанымен. Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.

2. Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.

3. Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қаруды күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.

4. Құрама одақтық (ассоциациялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелердегі секілді, мұнда қызметкерлер тобының іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.

5. Бизнес – менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.

6. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес – менеджменттің арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын қызметімен қоса, мұнда менеджмент сипатыны мемлекеттік және әлеуметтік проблемалалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді.

Петерсон мен Плоумен былай деп атап көрсетеді: менеджменттегі мұндай өзгешеліктердің көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрса да, бұлардың барлығы адамның мінез-құлқы туралы «негізге алынатың түсініктерге» сүйенеді. Осы аталғандар менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бүлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ.

4-тақырып. Қазақстандағы менеджменттің әдістемелік негіздері

1. Қазақстанда менеджменттің қалыптасу мен дамуы

2. Қазақстандағы кәсіпкерлік пен бизнестің мазмұны мен негізгі ерекшеліктері

1. Қазақстанның басқару ойлары тарихының тамырлары ғасырлар қойнауынан бастау алады. Жүздеген жылдар бойы басқару ойы біртіндеп жетілдірілді. Менеджментке деген қажеттілік адамның және оның біріккен қызметінің пайда болуына байланысты туды. Мемлекетті басқару жөнінде біздің еліміздің дамуының әркилы кезеңіндегі әртүрлі міндеттер өткенімізге үлкен әсер етті және бүгінгі күні де Қазақстанның басқару ойынның қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізуде.

Х-XII ғасырларда басқару саласындағы алғашқы ойшылдардың бірі Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) болды. Ол жұлдыздар мен басқа табиғи құбылыстарға қарай отырып, мемлекеттің, шаһарлардың болашағы мен бағыныштылардың тағдырын болжамдаған әміршілердің жалған көріпкелдігін ғылыми негізде дәлелдеді. Оның адамзат қоғамының шығуы, мемлекеттік құрылыс және басшығы талап қою туралы идеялары ерекше қызығушылық тудырып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан ғалымдары Әл-Фарабидың ғылыми мұраларын терең зерттеу мақсатында Отырар қаласын орнында қазба жұмыстарын жүргізуде.

Тәуеке хан (1680-1715) әмірлік құрған дәуірде неғұрлым прогрессивті мемлекет және рухани қайраткерлер Төле би (1663-1756), Қазыбек би (1667-1763) және Айтеке би (1682-1766) болды. «Жеті жарғы» деп аталатын заң жинақтарында олар мемлекетті басқару жөніндегі өз пікірлерін мазмұндады, мұнда орта ғасырлық қазақ қоғамындағы негізгі принциптер мен құқық нормалары бекітілген. «Жеті жарғы» - бұл әкімшілік, азаматтық және қылмыстық құқықтардың нормаларын мазмұндаған құжат яғни қазақтардың заңдар мен қарапайым құқық нормаларының алғашқы жазба жинағы болып табылады. «Жеті жарғыға» сәйкес мемлекеттегі жоғарғы билік ханның қолында шоғырланды. Басқару халвықтық жиналыс – құрылтай арқылы сұлтандардың және ру басшыларының қатысуымен жүзеге асырылды.

Мемлекеттік басқару саласындағы кезекті идеолог және қайта құрушы Әбілхайыр хан (1693-1748) болды. Ол жеке хандық құрып, Қазақстанның далалық аудандарының ауықымды территориясында қырық жыл бойы мемлекеттік билікті ұстап тұрды. Алайда, Әбілхайыр хандығы орталықтанған мемлекет болған жоқ, ол бірнеше этнотерриториялық және этносаяси топтарға, ұлыстараға бөлінді.

XVIII ғасырдың ортасында экономикалық саясат пен мемлекеттік басқару жүйесінің дамуында Қазақстанның территориялық иеліктерін қалпына келтірген көрнекті мемлекеттік қайраткер Абылай хан (1711 – 1781) маңызды роль атқарды. Өзінің онжылдық басқару кезеңінде ол мемлекетте біраз өзгерістерді жүзеге асырды.

ХIX ғасырда Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткерлерінің арасында ғалым-ағартышу Ш. Уәлиханов (1883-1865) маңызды орын алды. Ол орыс ағартышылары мен революцияшыл-демократтарының алдыңғы қатарлы идеяларын қабылдады. Сонымен бірге патшаның отаршылдық саясатын айыптап, олардың қоғамдық-мәдени артта қалуын орыс мәдениетінен сусындау жолында жеңу үшін күресті, қазақтардың отырықшылық пен егін шаруашылығына көшуін насихаттарды. Ш. Уәлиханов ағарту ісі мен жеке реформалардың ролін асыра бағалай отырып, басқару облысындағы үкімет шаралары көшпенді ауылдар өмірінің қайта құрылуына ықпал етуі мүмкін деп жорамалдады. Ш. Уәлихановтың мемлекетті басқару жөнінде ұсынған демократиялық идеяларын қазақтың басқа ағартушы-демократтары Ы. Алтынсарин (1841-1889) мен А. Құнанбаев (1845-1905) әрі қарай дамытты.

ХХ ғасыр мемлекеттік басқару саласындағы қазақ зиялылары өкілдерінің шоғырымен ерекшеленеді. Олар: Ә. Жангелдин, Ә. Бөкейханов, М. Тынышпаев, М. Шоқаев, Л. Мирзоян, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов, С. Меңдешев, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов, Ғ. Тоқжанов, О. Жандосов, Т. Жүргенов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров және т.б. Торғай облысында - Ә. Бөкейханов, Жетісуда – М. Тынышпаев, Түркістанда – М. Шоқаев қазақ халқының өкілдері уақытша үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды. Бірақ олар отарлаушы басқару жүйесінің шенеуніктері болып табылғандықтан жергілікті қазақ тұрғындарының мәселелерін толық шеше алмады.

Қазіргі замаңғы менеджменттің қалыптасу тарихы мен дамуын ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап қарауға болады. Алғашқы қазақ инженер-менеджері, өндірісті ұйымдастырушысы Қ.И. Сәтпаев (1889-1964) болды. Ол бірінші болып кеншілердің еңбек өнімділігі мен адамдардың еңбекке деген мотивация мәселелерін, жұмысшылардың, кәсіподақтардың кәсіпорындармен және Балқаш пен Жезказғанның тау-кең байыту комбинаттарындағы еңбек процестерімен байланысты сұрақтарын шешті. Оның басқару стиліне тән ең маңызды ерекшелік, ол зерттелінетін нақтылы материалдарды терең ғылыми жүйелеу мен жалпылау болатын. Бұл жерде нағыз білгірдің әдеттен тыс басқару ойы көрінеді.

Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқарудың дамуына көрнекті ғалым, қоғамдық және мемлекеттік қайраткер Д.А. Қонаев (1912-1993) ерен үлесін қосты. Ол қырық жылдан астам уақыт бойы республиканы басқарды, оның ішінде ширек ғасырдан астам елдің бірінші басшысы болды. Д. А. Қонаев Қазақстан экономикасын басқарған кезеңде республика бұрынғы КСРО-ның ірі агро-өнеркәсіптік аймақтарының біріне айналды. Мұнда елдегі түсті металлургияның негізгі базасы орналасты, ауқымды жылу-энергетикалық кешен әрекет етті, мұнай өндірудің үлкен потенциалы болды.

ХХ ғасырдың 90-is жылдары Қазақстан экономикасындағы басқару ситуациясы айтарлықтай өзгереді. Нарықтық жүйе басқарудың әкімшілік-бұйрықтық әдістерін ауыстырды. Осының нәтижесінде кәсіпорындар шаруашылық дербестік пен сыртқы нарыққа шығу перспективасын алды. Қазақстанда мемлекеттік кадр саясатын жетілдіру курсы қолға алынды. Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2004 жылы 19 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында былайша айтылған: «Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашады, адамның өз қабілет мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасайды, халықтың табысының өсуіне қамқорлық көрсетеді».

Қазақстанның Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымына ену қарсаңында біз басқару шешімдері салаларындағы да ғаламшарлық бәсеке алдында тұрмыз. Президент мемлекеттік қызметкерлерге мына принциптерді басшылыққа алу қажет деп есептейді:

а) халық берген биліктің қызығына түспей, оған иелік ете білу керек;

ә) өзін үшін пайданы көздемей, өзің қызмет ететін қоғамның игілігі туралы ойлау қажет;

б) «мемлекеттік қызметкер қалай тұрып жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек;

в) адамдардың сенімнің жоғалтпайтындай етіп басқару керек;

г) лауазымға істі кәсібі түрде жүргізе алатындарды ұсыну керек.

Қазіргі жағдайда біздің еліміздің тұрақты дамуының басымды бағыты Қазақстан экономикасында қазіргі менеджметті қолдану жөнінде теориялық тұжырымдама жасақтау болып табылады. Менеджменттің қоғамдық мәнділігі біздің ХХ ғасырдың 30-шы жылдары сезілді. Қазақстанның жоғары оқу орындарында менеджмент 1992 жылдан яғни нарықтық экономикаға көшу сәтінен бастап оқытылады. Мемлекетте дүние жүзілік білім стандарттарына жауап беретін менеджмент саласы бойынша мамандар дайындау жөнінде жұмыс басталды. Қазіргі кезде білім беру мен кадрларды кәсібі дайындау мемлекеттің экономикалық стратегиясының құрамды элементтері болып табылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: