Практикамен стоматологиядағы тесттерге жауап беріңіз

 

 

14 жасар баланың жоғарғы фронтальды тістері вестибулярлы бағытқа өарай иілген. Жоғарғы жақтың тіс қатары U-тәрізді. Бірінші тұрақты азу тістері аттас төмпешіктерімен түйіседі. Энгль жіктелуі бойынша аталған диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?//

прогнатиялық тістем//

2 класс аномалиясы//

3 класс аномалиясы//

2 класс, 2 подкласс аномалиясы//

+ 2 класс, 1 подкласс аномалиясы

***

Жасөспірім 14 жаста. Тіс қатары қалыпты окклюзияда түйіскенде жоғарғы және төменгі орталық күрек тістері арасындағы ортаңғы сызық бір-біріне сәйкес. Күрек тістер байланысын бағалау қай жазықтық бойынша жүргізілген?//

сагиттальды//

вертикальды//

+ трансверзальды//

туберальды//

орбитальды

***

Бала 10 жаста, ата-анасы эстетикалық ақауға шағымданып келді. Эстетикалық көрсеткіштеріне байланысты еріндерін бағалау төменгі еріннің жазықтықтан 4 мм артқа ауытқығандығын көрсетті. Бет профилінің қай түрі НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?//

тік//

+ кіріккен//

шығыңқы//

жіңішке//

кең

***

Беттің толық морфологиялық биіктігі... арасымен өлшенеді://

tr-gn//

n-pr//

pr-gn//

+ n-gn//

tr-n

***

Бастың биіктігін... арасымен өлшейді://

op-gl//

eu-eu//

+ v-t//

tr-gn//

t-sn

***

13 жасар жасөспірім дәрігер-ортодонтқа тістерінің дұрыс емес орналасуына шағымданып келді. Морфологиялық фациальды индес (IFM-104).

Емдеу жоспарын тағайындау үшін төменде аталған параметрлердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ақпаратты болып табылады?//

тістердің биіктігі//

тістердің қалыңдығы//

+ тістер ені//

премолярлы индекс//

молярлы индекс

***

Жасөспірім 13 жаста. Шағымы жоқ. Мектепте профилактикалық тексеру барысында анықталды: тіс формуласы жасына сай, қалыпты окклюзияда тіс қатарының түйісуі кезінде сол жоғарғы тістердің таңдай төмпешіктері төменгі бүйір тістердің ұрттық төмпешіктерімен түйіседі. Транверзальды бағыттағы сәйкес келу дәрежесін анықтау үшін НЕҒҰРЛЫМ ақпаратты әдіс болып табылады://

+ Пон//

Тон//

Нанси//

Кокхауз//

Герлах

***

Жасөспірім 12 жаста. Шағымы жоқ. Мектепте профилактикалық тексеру барысында анықталды: тіс формуласы жасына сай, сол жақтық айқас окклюзия. Науқасты қарап тексерегенде окклюзия юұзылысы төменгі жақтың тіс доғасының деформациясы, нақтырақ айтқанда, 34, 35, 36 тістердің тілдік бағытқа қарай иілуі нәтижесінде болды. Биометриялық өлшемнің қай қорытындысын НЕҒҰРЛЫМ күтуге болады?//

жоғарғы тіс қатарының ұзаруы//

+ төменгі тіс қатарының жіңішкеруі//

жоғарғы тіс қатарының жіңішкеруі//

төменгі тіс қатарының кеңеюі//

төменгі тіс қатарының тығыздалуы

***

Бала 11 жаста, эстетикалық кемшілікке шағымданады. Сыртқы қарап тексеруде беті симметриялы, профилі тік. Ауыз қуысында: 12, 22 тістері таңдайлыұ бағытта орналасқан, жоғарғы тіс доғасы жіңішкерген, төменгі тіс доғасы тығыздалған. Бірінші тұрақты азу тістердің қатынасы сайлы-төмпешікті. Қосымша тексеру әдістерінің қайсысын НЕҒҰРЛЫМ бірінші өткізген дұрыс?//

+ биометриялық//

антропометриялық//

рентгенографиялық//

телерентгенографиялық//

функциональды

***

12 жасар қыз эстетикалық ақауға шағымданып келді. Сыртқы қарап-тексеруде еріндер түйіскен, төменгі ерін қалыңдаған, терең супраментальды қатпар бар, төменгі жақ бұрыштары тікке жақындайды. Жоғарғы және төменгі алдыңғы тістер ретрузды орналасқан. Бүйір аймақтарында сайлы-төмпешікті қатынас. Қай биометриялық өлшемді бірінші кезекте жасаған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?//

+ Коркхауз, Пон//

Снагино, Хаус//

Долгополова//

Хоршилкина//

Нансе

***

13 жасар жасөспірім иегінің шығыңқылығына шағымданады. Профилі кіріңкі, бет-әлпетінің ренжіген кейіптілігі, мұрын-ерін қатпары айқындалған. Функциональды сынама жүргізген кезде науқас төменгі жағын артқа жылжытып күрек тістерін түйістіре алмайды. Телерентгенограмманың аталған көрсеткіштерінің қайсысы тістемнің клиникалық формасын анықтауға НЕҒҰРЛЫМ ақпаратты?//

күрек тіс аралық бұрыш//

Штайнер бұрышы//

профильды бұрыш//

+ SNA,SNB бұрышы//

мұрын-ерін бұрышы

***

Жасөспірім 13 жаста, сыртқы бет-әлпетінің көріксіздігініе шағымданады. Беттің ортаңғы бөлімі шығыңқы, Эшлер-Битнербойынша клиникалық сынаманы жүргізу кезінде профиль жақсармайды. Аномалия себебін анықтау үшін қандай әдісті қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

ортопантомография//

миотонометрия//

электромиография//

+ телерентгенография//

антропометрия

***

Бала 11 жаста. Беті симметриялы, жоғарғы ерні түсіңкі, иек алға қарай қисайған. Бүйір проекциядағы ТРГ-де жоғарғы жақтың бассүйектің алдыңғы негізіне қарағанда артқы орналасуы анықталды. Төменгі жаұтың орналасуы қалыпты. Төменде аталған емдік шаралардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

жоғарғы жақ сүйек көлемін кішірейту//

төменгі жақ сүйек өсуін белсендендіру//

төменгі жақ сүйек көлемінің кішірейту//

+ жоғарғы жақ сүйек өсуін белсендендіру//

екі жақ сүйектердің де өсуін белсендендіру

***

20 жасар науқас тістемінің дұрыс еместігіне шағымданады. Объективті: беті симметриялы, беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігі төмендеген, иек қатпары тереңдеген. Ауыз қуысында:кіреберісі кішкентай(3мм), төменгі алдыңғы тістер аймағынағы қызыл иек қызарған, ісінген, пародонт қалталарын сүңгілеу кезінде(тереңдігі 4 мм-ге дейін) қанайды. 36, 46 тістері жоқ, 47 және 37 тістер ақау жағына қисайған және 16, 26 тістердің аздаған тіс-альвеолярлы ұзаруы. Тіс таңдай қатпарлары аймағында төменгі алдыңғы тістердің іздері бар.

Тексерудің қосымша әдістерінің ішінде қайсысын бірінші кезекте жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

биомeтриялық әдіс//

бет пен астың антропометриясы//

+ ортопaнтомогрaфия//

тeлeрeнтгeногрaфия//

грaфикалық әдіс

***

Аппарат вестибулярлы қалқандар, еріндік пилот, лингвальды және вестибулярлы доғалар, вестибулярлы қалқандарды біріктіретін таңдай доғасынан тұрады. Қай ортодонттық аппарат аталған сипаттамаға сай келеді?//

Андрезен-Гойпл активаторы//

Брюкль аппараты//

Кламмт ашық активаторы//

+ Френкел қызмет регуляторы//

Мюллеман пропульсоры

***

Аппарат қосәсерлі, алынбайтын. Жоғарғы алдыңғы тістердің таңдайға иілуімен қатар тіс қатарының дистальды окклюзиясын емдеуге қолданылады.

Бұл жағдайда қандай ортодонттық аппарат НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

Френкель I типті//

+ Френкель II типті//

Френкель III типті//

Персин//

Башарова

***

14 жасар жасөспірім кері терең күрек тістік айқасуында жоғарғы алдыңғы тістердің ретрузиясы анықталды. Бұл жағдайда қандай ортодонттық аппарат НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

жоғарғы жаққа арналған секторалды кесумен пластинка// 

Френкельдің III- типті қызмет регуляторы//

Андрезен-Гойпль активаторы//

+ Бошарова аппараты//

Брюкль аппараты

***

Аппарат қосәсерлі, алынбайтын. Төменгі жақ сүйектің дұрыс дамымауы кезінде дистальды окклюзияны емдеуге қолданылады://

Коффин//

Катц//

Персин//

+ Гербст//

Бынин

***

Аппарат бірінші кіші азу тістерге бекіген ортодонттық сауыттар мен сақиналардан тұрады. Вестибулярлы жағынан тіректік элементтерге вертикальды бағытта трубкалар жабысқан. Бұл сипаттама төмендегі қай аппараттарға сай келеді?//

Энгль//

Каламкаров//

+ Эйнсворт//

беттік доға//

Бынин каппасы

***

12 жасар жасқспірімде ауыз қуысында жоғарғы жағында тіс қатарларын алшақтататын окклюзионды қаптамалары мен винті бар платинка.

Төменда аталған қай ақауды емдеу НЕҒҰРЛЫМ мүмкін?//

екіжақты вестибулоокклюзия//

екіжақты лингвоокклюзия//

біржақты вестибулоокклюзия//

біржақты палатиноооклюзия//

+ екіжақты палатиноокклюзия

***

Бала 8 жаста. Мектеп стоматологы дәрігер –ортодотқа жолдама жіберді. Ауыз қуысында: 11 және 21 тістердің минимальды кері айқасумен ретрузиясы. Тіс қатарында 11, 21 тістерге орын жеткілікті. Төменда атлған қай аппарат НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

винтпен және окклюзионды қаптамалары бар пластинка//

+ протграгирлейтін серіппелері бар пластинка//

Брюкль аппараты//

Бынин каппалары//

Андрезан-Гойпл активаторы

***

Науқас 14 жаста, ортодонттық емдеу сатысында. Ауыз қуысында: брекет-жүйесі, нитинолды доға, дөңгелек, ш 0,14 дюйм(0,35мм). Қандай емдеу сатысы НЕҒҰРЛЫМ мүмкін?//

тістерді орын ауыстыру//

+ нивелирлеу//

тарту//

дәлдеме//

ретенция

***

Аппарат төменгі жақты алға жылжытуға көмек беретін премолярлар аймағында окклюзионды қаптамалары бар екі ортодонттық пластинканы құрайды. Аталған сипаттама қай ортодонттық аппаратқа сай?//

+ Твин Блок Кларк аппараты//

Бынин каппасы//

Шварц каппасы//

Катц пластинкасы//

Брюкль аппараты

***

Аппарат фронтальды дизокклюзия және тістер арасында тілді жұту кезінде қолданылады. Әсер ететін бөлім: тілге жапқыш. Аталған сипаттама қай ортодонттық аппаратқа НЕҒҰРЛЫМ сай?//

Каламкаров//

Кожгориян//

Мершон//

+ Краус пластинкасы//

Твин-блок Кларк

***

Бала 7 жаста. Төменгі ернін сорып тістейді. Зиянды әдеттерді жоюға бағытталған ата-анасының барлық тырысулары нәтиже бермеді. Науқасты жүргізудің қандай такткасы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

төменгі жаққа вестибулярлы доғамен пластинка//

+ жеке вестибулярлыпластинка//

стандартты ной вестибулярлыпластинка//

вестибулярлы доғамен пластинка//

вестибулооралдыпластинка

***

Бала 5,5 жаста. Бала бақшада профилактикалық тексеру кезінде жоғарғы алдыңғы тістері төменгі тістерді сауытының үштен бірінен көп жауып тұрадыү

Қандай ортодонттық аппаратты қолдану НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

+ Мюллеман пропульсоры//

вестибуло-оральды пластинка//

стандартты Шонхер пластинкасы//

Коффин серіппесімен пластинка//

жеке каппа

***

10 жасар баланың ата анасы эстетикалық бұзылуларға шағымданады. Қарап тексергенде төменгі ерні түсіңкі және иегі қисайған, төменгі жақтың артқы орналасуы, бет профилінің жоғарғы және ортаңғы бөлігі, жоғарғы ерні өзгеріссіз. Төменгі жақты алға қарай шығарғанда бет профилі жақсармайды.

Дистальды тістемнің НЕҒҰРЛЫМ мүмкін болатын себебі://

жоғарғы жақ сүйек латерогнатиясы//

жоғарғы жақ сүйек макрогнатиясы немесе прогнатиясы//

төменнгі жақ сүйек прогнатиясы немесе макрогнатиясы//   

+ төменнгі жақ сүйек ретрогнатиясы немесе микрогнатиясы//

жоғарғы жақ сүйек ретрогнатиясы немесемикрогнатия

***

10 жасар бала эстетикалық ақауға шағымданып келді. Профилі шығыңқы, беттің ортаңғы аймағы сыртқы қарай шығыңқы, еріндері күшпен түйіседі. Ауыз қуысында: саггитальды саңылау 4 мм. Бірінші тұрақты азу тістер аймағында төмпешіктік байланыс. Эшлер – Битнер клиникалық сынамасын жүргізген кезде бет профилі нашарлайды. Емдік шаралардың қандай жоспары НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

+ жоғарғы жақ сүйек көлемін кішірейту//

жоғарғы жақ сүйек өсуін белсендендіру//

төменгі жақ сүйек өсуін белсендендіру//

төменгі жақ сүйек көлемін кішірейту//

екі жақтың өсуін белсендендіру

***

Бала 8,5 жаста. Дәрігер-ортодонтқа ауыз қуысы санациясынан кейін жіберілді. Сыртқы қарап тексеруде профилі шығыңқы. Тіс қатарларын түйістіргенде жоғарғы тістері төменгі ерінде орналасады. Ауыз қуысында: Саггитальды саңылау 4 мм. Төменгі күрек тістердің кесу қырлары қатты таңдайдың шырышты қабатымен байланысады. Төменде аталған қай ортодонттық аппаратты тағаындау НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

+ Френкель I-типті қызмет регуляторы//

Френкель III- типті қызмет регуляторы//

Френкель IV- типті қызмет регуляторы//

Френкель V- типті қызмет регуляторы//

Френкель II- типті қызмет регуляторы

***

15 жасар жасөспірім эстетикалық ақауға шағымданады. Қарап тексергенде: профилі шығыңқы, иегі қиғаш. Ауыз қуысында: дистальды тістем, саггитальды саңыдау 6 мм. Эшлер-Битнер сынамасы оң.Төменде аталған емдік шаралардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

төменгі тіс қатарының көлемінің азаюы//

+ төменгі жақты алға шығару//

тістердің апроксимал арасы сепарация//

төменгі жақсүйекті кеңейту//

16, 26 тістердің дистализациясы

***

Қыз 12 жаста. Ата-анасы төменгі ерніні тістеуіне шағымданады. Ауыз қуысында: саггитальды саңыдау 13мм; жоғарғы күрек тістердің протрузиясы мен төменгі күрек тістердің ретрузиясы. Цефалометриялық анализ негізінде диагноз қойылды: скелетті ІІ класс, І подкласс, өсуінің горизонтальды тиі бойынша. Емдік шаралардың қандай жоспары НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?//

18,28,38,48 тістердің бастамаларын жұлумен//

16,26,36,46 тістердің дистализциясымен//

24,34,44 жұлу//

тіс қатарларын кеңейтумен//

+ тістерді жұлусыз

***

10 жасар баланың ата анасы төменгі ернін тістеуіне шағымданады. Ауыз қуысында: саггитальды саңылау 13 мм; жоғарғы күрек тістердің протрузиясы мен төменгі күрек тістердің ретрузиясы. Цефалометриялық анализ негізінде диагноз қойылды: скелетті ІІ класс, І подкласс, өсуінің горизонтальды тиі бойынша. Емдік шаралардың қандай жоспары НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?//

алмалы механикалық әсерлі аппараттарды қолдану//

+ функциональды-әсерлі аппараттарды қолдану//

алынбайтн аппараттарды қолдану//

протетикалық ем//

кешенді ем

***

10 жасар қыз эстетикалық ақауға шағымданып келді. Сыртқы қарап тексеруде: бет профилі шығыңқы, тыныс алуы ауыздық, жұтынуы инфантильді.

Қандай шараларды жүргізу НЕҒҰРЛЫМ бірінші кезекте болып табылады?//

миотерапия//

массаж//

тістерді жұлу//

+ лор-дәрігердің кеңесі//

аппаратуралық әдіс

***

9 жасар қыз эстетикалық ақауға шағымданып келді. Сыртқы қарап тексеруде: бет профилі шығыңқы, тынысы аралас, жұтынуы инфантильді. Эшлер-Битнер клиникалық сынамасын жүргізген кезде бет профилі жақсармайды. Қандай бұзылулардың нормализациясы НЕҒҰРЛЫМ бірінші болып табылады?//

төменгі жақ сүйек орналасуы//

тіс қатарларының көлемі//

тіс қатарларының қатынасы//

тістердің орналасуы//

+ функциональды бұзылыстар

***

15 жасар жасөспірім «дұрыс емес тістемге» шағымданып келді. Клиникалық тексеруде: иегі мен төменгі ерні шығыңқы, төменгі жақсүйектік бұрыш ұлғайған. Энгль жүйесі бойынша қандай болжамды диагноз НЕҒҰРЛЫМ мүмкін?//

I класс//

II класс 1 подкласс//

II класс 2 подкласс//

+ III класс//

IV класс

***

9 жасар қыз «дұрыс емес» тістемге шағыманады. Қарап тексергенде: профиль- кіріңкі, иегі алға шығып тұр. Ауыз қуысында: кері күрек тістік айқасу, саггитальды саңылау 3 мм. Төменде көрсетілген қай зерттеу әдісі нақты дианоз қою үшін НЕҒҰРЛЫМ ақпаратты болып табылады?//

ауызішілік рентгенография//

+ телерентгенография бүйір проекцияда//

телерентгенографиятік проекцияда//

ортопантомография//

томография СТЖБ

***

Бала 8 жаста. Мектеп стоматологымен жолданған. Бала аузын жабу кезінде бүйір тістердің байланысын қамтамасыз ету үшін төменгі жақты алға ығыстырады. Науқасты жүргізудің қандай тактикасы НЕҒҰРЛЫМ бірінші болып табылады?//

жоғарғы жақ сүйек тіс қатарын кеңейту//

төменгі жақ сүйек тіс қатарын кеңейту//

+ сүйір тістердің төмпешіктерін егеу//

ЛОР-ағзалар санациясы//

төменгі жақ сүйек өсуінің кешуілдеуі

***

Бала 10 жаста. Бірінші тұрақты үлкен азу тістер аймағындағы түйісу Энгль бойынша ІІІ класс, клиникалық сынама жүргізу үшін тістерін түйістіре алмайды.Аномалия себебін анықтау үшін қандай қосымша зерттеу әдісін қолданған НЕҒҰРЛЫм тиімді?//

ортопантомография//

фотометрия//

антропометрия//

биометрия//

+ телерентгенография

***

10 жасар баланың ата анасы эстетикалық бұзылуларға шағымданады. Қарап тексергенде төменгі ерні түсіңкі және иегі қисайған, төменгі жақтың артқы орналасуы, бет профилінің жоғарғы және ортаңғы бөлігі, жоғарғы ерні өзгеріссіз. Төменгі жақты алға қарай шығарғанда бет профилі жақсармайды.

Дистальды тістемнің НЕҒҰРЛЫМ мүмкін болатын себебі//

жоғарғы жақ сүйек латерогнатиясы//

жоғарғы жақ сүйек макрогнатиясы немесе прогнатиясы//

төменнгі жақ сүйек прогнатиясы немесе макрогнатиясы//

+ төменнгі жақ сүйек ретрогнатиясы немесе микрогнатиясы//

жоғарғы жақ сүйек ретрогнатиясы немесемикрогнатия

***

15 жасар жасөспірім эстетикалық ақауға шағымданады. Қарап тексергенде: профилі шығыңқы, иегі қиғаш. Ауыз қуысында: дистальды тістем, саггитальды саңыдау 6 мм. Эшлер-Битнер сынамасы оң. Төменде аталған емдік шаралардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

төменгі тіс қатарының көлемінің азаюы//

+ төменгі жақты алға шығару//

тістердің апроксимал арасы сепарация//

төменгі жақсүйекті кеңейту//

16, 26 тістердің дистализациясы

***

 

9 жасар қыз эстетикалық ақауға шағымданып келді. Сыртқы қарап тексеруде: бет профилі шығыңқы, тынысы аралас, жұтынуы инфантильді. Эшлер-Битнер клиникалық сынамасын жүргізген кезде бет профилі жақсармайды.Қандай бұзылулардың нормализациясы НЕҒҰРЛЫМ бірінші болып табылады?//

төменгі жақ сүйек орналасуы//

тіс қатарларының көлемі//

тіс қатарларының қатынасы//

тістердің орналасуы//

+ функциональды бұзылыстар

***

11 жасар қыз эстетикалық ақауға шағымданады. Ауыз қуысында: керй терең айқасу, саггитальды саңылау 2 мм. Функциональды сынаманы жүргізген кезде науқас төменгі жағын алдыңғы тістердің жиектік түйісуіне дейін жеткізе алады, бірінші тұрақты азу тістердің қатынасы Энгль бойынша бірінші классқа жатады.Мезиальды тістемнің қай формасы НЕҒҰРЛЫМ мүмкін?//

+ тіс-альвеолярлы//

қаңқалы//

аралас//

базальды//

тістік

***

Қыз 19 жаста. Екі жақта да алдыңғы тістердің дұрыс емес орналасуына және үлкен иегіне шағымданады. Клиникалық тексеру кезінде беттің мезоцефалотикалық типі анықталды, ассимметрия байқалмайды. Жоғарғы еріннің түсуі байқалады. Ауыз қуысында: 16, 26 тістердің мезиальды-ұрттық төмпешіктері 46 және 36 тәстердің дистальды-ұрттық төмпешіктерімен байланысады.Телерентгенографиялық тексерудің профилометриялық талдамасының қорытындысының қай варианты НЕҒҰРЛЫМ мүмкін?//

шығыңқы//

тік//

сопақ//

+ кіріңкі//

шаршы

***

Бала 5 жаста. Ата-анасының айтуы бойынша намнезінде зиянды әдет – жоғарғы ерінде сору. Ауыз қуысын қарау: тіс формуласы жасын сай, тіс қатарларын түйістірген кезде екінші уақытша молярлар артында мезиальды баспалдақ. Фронтальды бөлімде тік байланыс. Емдік шаралардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ бірінші болып табылады?//

жоғарғы тіс қатарының дситализациясы//

+ зиянды әдеттерді жою//

екінші уақытша азу тістерді жұлу//

жоғарғы жақ сүйек көлемдерін үлкейту//

қатты тағамды қабылдау

***

Бала 11 жаста. Беті симметриялы, жоғарғы ерні түсіңкі, иегі алға қарай қисайған. Бүйір проекциядағы ТРГ-де жоғарғы жақ сүйектің бассүйектің алдыңғы негізіне қарағанда артта орналасуын анықтады. Төменгі жақ сүйектің орналасуы қалыпты. Емдік шаралардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді болып табылады?//

жоғарғы жақ сүйек көлемін кішірейту//

төменгі жақсүйек өсуін белсендендіру//

төменгі жақ сүйек көлемін кішірейту//

+ жоғарғы жақсүйек өсуін белсендендіру//

екі жақ сүйек өсуін белсендендіру

***

Бала 10 жаста. Ата –анасы тұрақты тістердің шығуының кешуілдеуіне шағымданады. Ауыз қуысында барлық тістері уақытша және 16, 26, 36, 46 тістері бар. Тіс қатарларын түйістіру кезінде терең кері күрек тістік айқасумен мезиальды окклюзия анықталды.Диагнозды нақтылау үшін төменде аталған зерттеулердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ бірінші жасау қажет?//

диагностикалық модельдерде биометриялық өлшеулер//

тістердің шайнау әсерлілігін анықтау//

хирург кеңесі//

+ ортопантомография//

телерентгенографиябүйір проекцияда

***

Айқас тістемге әкелетін зиянды әдеттер://

ұртты қолмен ысқылау//

саусақ сору//

+тістің қатты тіндерінің тіс жегілік ақаулары //

басын шалқайтып ұйықтау//

тістің қатты тіндерінің тіс жегі емес ақаулары

***

Тістемнің қандай аномалиясы кезінде Хербст-Кожакар аппаратымен емдеу НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

+ ашық тістем//

терең тістем//

мезиальды тістем//

дистальды тістем//

айқас тістем

***

17 жасар жасөспірімді дәрігер-ортодонт тексергенде тұрақты бірінші азу тістер аймағында төмпешікті қатынасты анықтады.Төменде аталған тістемдердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сай?//

ортогнатиялық//

тік//

мезиальды//

+ дистальды//

айқас

***

Тістемнің қандай патологиясында Eschler-Bittner функциональды сынамасын жүргізеді?//

айқас//

+ мезиальды//

терең//

біржақты айқас//

ашық

***

14 жасар жасөспірім эстетикалық ақауға шағымданады. Профилі шығыңқы, ауыз қуысында 13 және 23 тістері вестибулярлы орналасқан, бірінші азу тістер аймағындағы түйісу төмпешікті. Аталған тістем түрлерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?//

ортогнатиялық//

тік//

ашық//

мезиальды//

+ дистальды

***

І типті Френкель қызмент регуляторын тағайындауға көрсеткіштер://

прогениялықтістем//

алдыңғы тістер ретрузиясымен прогнатиялық тістем//

+ алдыңғы тістер протрузиясымен прогнатиялық тістем//

ашық тістем//

айқас тістем

***

Тістемнің қай патологиясында Eschler-bittner функциональды сынамасын жүргізеді?//

айқас//

ортогнатиялық//

терең//

+ дистальды//

ашық

***

Бала 4 жаста. Дәрігер-ортодонт қарап тексергенде балада үнемі аузы жартылай ашық, еріндері құрғақ екені анықталды. Еріндерінің түйісу қызметін қалыпқа келтіруге болады.//

+ ауыздың дөңгелек бұлшық етіне миотерапия//

жоғарғы ерін үзеңгісінің пластикасы//

тістем аномалиясын жою//

төменгі ерін үзеңгісінің пластикасы//

дұрыс жұтынуды жаттығу

***

Крауз вестибуло-оральды платикасын тағайындауға көрсеткіштер://

терең тістем//

+ашық тістем//

прогeниялық тістем//

тіс доғасының тарылуы//

тіс доғасының кеңюі

***

Тістемнің вертикальды жазықтық бойымен аномалиясы://

тік//

+ терең//

айқас//

мезиальды//

дистальды

***

Аномалияның қай түрінде Мюлeмaн пропульсоры қолданылады?//

прогениялық тістем//

+ терең тістем, дистaльды тістем//

тіс доғасын кеңейту//

айқас тістем//

протрузия және рeтрузия

***

Қыз 14 жаста. Клиникалық тексеруде: беті симметриялы, мезоцефаликалық типті. Профилі – тік. Беттің төменгі үштен бір бөлігінің төмендеуі байқалады, супраментальды қатпар тереңдетілген. Қандай тістем түрі болуы мүмкін?//

айқас тістем//

прогениялық тістем//

+ терең тістем//

ашық тістем//

прогнaтиялық тістем

***

Қыз 13 жаста. Ата-анасы «дұрыс емес» тістемге шағымданады. Бүйір проекцияның ТРГ-да өсудің горизонтальды типі, алдыңғы тістер ретрузиясы, айқын супраментальды қатпар. Беттің төменгі бөлімі жоғарғы және төменгі бөлімдеріне қатысты төмендеген.Болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ мүмкін?//

ашық тістем//

айқас тістем//

прогнатиялықтістем//

+ тереңтістем//

прогениялықтістем

***

Науқас 11 жаста, эстетикалық ақауға шағымданады. Диагностикалық модельдерді өлшеу көрсетті: жоғарғы күрек тістердің енінің 36 мм, төменгі күрек тістер ені 24 мм.Қай тістем түрі НЕҒҰРЛЫМ мүмкін?//

ортогнaтиялық тістем//

прогeниялық тістем//

+ тереңтістем//

ашықтістем//

тік тістем

***

Бала 7 жаста. Мектеп стоматологымен жолданған. Бала аузын жапқан кезде бүйір тістердің түйісуін қамтамасыз ету үшін төменгі жақты алға ығыстырады. Төменгі жақ сүйектің қандай себебі НЕҒҰРЛЫМ мүмкін?//

ауызбен тыныс алу//

тістерді ерте жұлу//

+ сүйір тістердің қажалмаған төмпешіктері//

тіл үзеңгісін қысқарту//

тіс доғасы пішінінің аномалиясы

***

10 жасар дистальды окклюзиясы, тіс қатарларының тарылуымен және төменгі жақ сүйектің ретроорналасуы бар балаға қандай ем НЕҒҰРЛЫМ тиімді?//

+ тіс қатары көлемінің нормализациясы,төменгі жақтың мезиальды ығысуымен//

басында төменгі жақ сүйекті мезиальды ығыстыру, кейін тіс қатарларын кеңейту//

жоғарғы тіс қатарын кеңейту және тығыздату//

 төменгі тіс қатарын кеңейту және тығыздату//

екі жақты кеңейту

***

Вестибулярлы пластинкамен жаттығулар орындау кезінде қандай бұлшық ет топтары НЕҒҰРЛЫМ әсерлі жаттығады?//

ауыздың дөңгелек бұлшық еті//

+ ауыздың дөңгелек бұлшық еті мен ұрт бұлшық еті//

иек бұлшық еті//

жақ-тіл асты бұлшық еті//

қосұарыншалы бұлшық ет

***

6 жасар науқасқа дәрігер-ортодонт Шонхер стандартты пластинкасын тағайындады.Бұл пластинка қандай мақсаттарға НЕҒҰРЛЫМ арналған?//

қажалмаған төмпешіктерде//

шайнау қызметі бұзылғанда//

+ ауызбен тыныс алуда//

тәл үзеңгісі төмен бекігенде//

прогениялық тістемде

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: