Силлабус 11 страница

Біршама ұқсас көзқарасты неофрейдтік бағыттың (батыс ғалымдары) жақтастары ұстанады. Олардың ойынша жанжалдың себептері қоғамдағы тұлғаның құндылықтары мен шынайы күйінің арасындағы жоғары қажеттіліктері мен оларды қанағаттандырудың мүмкін еместігі арасындағы айтарлықтай қарама-қайшылықтарда жатыр.

Психологтар жанжал табиғатын басқаша түсіндіреді. Олар тұлғаның жан-жақты жүріс-тұрысын психологиялық факторларға тәуелді етіп қояды. З.Фрейд адамдардың негізгі құштарлығы бірінші кезекте, жыныстық бейіммен байланысты деген идея ұсынды. Алайда адам табиғатының жанжал мәселесіне мұндай көзқарасты Фрейдтің берілген серіктестері мен шәкірттері де қабылдамады. Мысалы, Австрия психологы Альфред Адлер Фрейдпен барлық қатынасын үзе отырып, тұлғаны қоғамнан бөлектеуге болмайды, бұл биосексуалды емес, әлеуметтік тірі организм екенін айтты.

З.Фрейдтің басқа шәкірті - швейцариялық психолог және социолог Карл Юнг бойынша адамның құштарлығы мен қылықтары, оның сыртқы ортаға немесе өзінің ішкі дүниесіне қалай қарайтындығымен байланысты психологиялық энергиямен төмендейді. Ресейде 1924 жылы шыққан “Психологиялық типтер” кітабында, ол кейіннен дүние жүзі мойындалған өзінің тұлғалық типологиясын жасады. Бір жағынан ол тұлғаның ішкі және сыртқы әлемге басым бағыттылық типін бөліп көрсетті (экстравертивтік, интровертивтік), ал екінші жағынан - тұлғаның үстемдік етуші психологиялық қызметін анықтады (мінездің ойлағыш, интуитивтік, сенсорлық, эмоционалды типтері).

Экстравертивтік тип - бұл тұлғаның сыртқы әлемге үндеуі және ондағы іс-әрекеті; ол үнемі назарда болуға тырысады, өзінің пікірімен бөліскісі келеді және әр кезде мақтауды қажет етеді.

Интровертивтік тип - бұл тұлғаның өзінің ішкі дүниесіне үндеуі; ол басқаларға ықыласты, не туралы айту керектігін жақсы ойланбай тұрып өз пікірін айтуға асықпайды, өз-өзімен жалғыз қалғанда өзін тіпті жайлы сезінеді.

Юнг бойынша мінездің өзіндік ерекшелігі бар типтері де қызығушылықты көрсетеді, бірақ та мұндай бөліну шартты.

Оның пікірінше ойлау типі - бұл ұстамдылық, тұлғаның ең қиын жағдайдағы сабырлылығы; ақиқат үшін айтысты және жанжалды жайластыра алу; ықтиярын нақты көрсету; ең алдымен логикалық және ғылыми дәлелдерге сүйене отырып, фактілерге объективті көзқараспен жету.

Эмоционалды тип біреуді ренжітіп алудан қорқып, басқа адамдар үшін қабылданған шешімді дұрыс шешім деп санайды, сондықтан егер жанжал болып жатса, олардан қашуға немесе жайластыруға тырысады.

Сенсорлық тип, ең алдымен сезімге бағытталады, сұрақтарға нақты жауапты және елеулі пайда әкелетін іс әрекеттің түрін ұнатады; көріністі бүтіндей алғанымен, егжей-тегжейін жеңіл қабылдайды және “жүз рет естігенше, бір рет көрген дұрыс” деген принципті ұстанады.

Интуитивтік тип - бұл әрқашанда дерлік жайбарақат адам, бір уақытта бірнеше нәрсе туралы ойлағанды, бір уақытта әр түрлі сюжеттерімен бірнеше кітап оқуды ұнатады; ол фантазиядан құр қол емес, болашақты үрейсіз қабылдайды, қойылған сұраққа жалпы, нақты емес сұрақтармен қанағаттанады.

Осы барлық ерекшеліктер, сонымен бірге экстравертивке және интровертивке бөліну, психологтардың пікірінше, салдарларға, орындауға, уақытқа байланысты ауыса отырып, тұлғаның темпераментінде әр түрлі мөлшерде пайда болады.

Шетелде ХХ - ХХІ ғасырларда әлемнің әр түрлі елдерінің, сонымен бірге ТМД елдерінің ғалымдарымен, әлеуметтік жанжал мәселесі бойынша көптеген қызықты еңбектер жарияланған, бірақ жанжалдың жалпы қабылданған теориясы жоқ. Осы уақытқа дейін қоғамның үдемелі дамуында жанжалдың мәні мен рөлінің сипатына әдістемелік тұрғыға айтарлықтай әртүрлі мәтіндер бар. Сонымен шамасы, мүдделердің жалпылама үйлесімі - бұл адамды жаңылысқа ендіретін аңыз деп мәлімдеген ғалымдар дұрыс айтқан. Қоғам, билік және жеке адамдар жанжалды оқиғаларға көздерін жұмуды тоқтатқан кезде және оларды уақытында реттеуге тырысқан кезде жоғары нәтижелерге қол жетеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: