Силлабус 8 страница

· Теориялардың үшінші тобына «мәдениеттер мен субмәдениеттер арасындағы қайшылықтар теориясын» (Т.Селлин, А.Коэн), «бақылау теориясының» әлеуметтік-психологиялық нұсқасы (М.Гольд, А.Райс), аномия теориясын жатқызуға болады.

· Теориялардың төртінші тобына қоғамдағы тұрақсыздықтың, ұйымдастырушылықтың құлдырауының нәтижесіндегі жаһандық себептерді айтамыз.

Әлеуметтанудағы девиацияның түрлері мен формалары.

Девианттылықтың ең алдымен синхронды және диахронды түрлерін бөліп көрсетуге болады. Синхрондық девианттылық – қоғамдағы девиацияның тең бөлінуі; диахронды – жылдам динамика, ауытқушылық мінез-құлықтың тез бой көтеруі.

Ауытқушылықтың сонымен қатар, төмендегідей түрлерін көрсетеміз:

1. Реактивті – психотравмалық жағдайларға негізделген.

2. Тұлғаның төмен моральдық деңгейімен байланысты.

3. Құштарлық патологиясы (садиз), биологиялық факторларға негізделген.

Ал, көптеген ғалымдар девиацияны екі негізгі бағытта қарастырылады:

1. Қылмыстың пайда болу формасы бойынша – деликвентті, үйден қашу, босқыншылық, маскүнемдік, суицидтік мінез-құлық.

2. Себептерге байланысты – биологиялық факторлар, сонымен қатар, әлеуметтік-психологиялық негіздер, әлеуметтік орта, жасөспірімдік кезең мерзіміндегі психологиялық ерекшеліктер.

Дәріс 8.

ОТБАСЫ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ

Сұрақтар тізімі:

1. Неке мен отбасының эволюциялық өзгеруі.

2. Некенің формалары.

3. Отбасының функциялары.

Негізгі ұғымдар: отбасы, эндогамды отбасы, экзогамды отбасы, нуклеарлы отбасы, полигамия, полиандрия, полигиния, моногамия, топтық неке, матрилокальды, патрилокальды, эгалитарлы отбасы, және т.б.

Отбасы әлеуметтануы отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады.

Отбасы сияқты әлеуметтік институттардың табысты қызмет өтуін тарихтың қозғаушы күшіне жатқызуға болады. Отбасының дүниеге келу сәті бізге белгісіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының бірлескен әлеуметтік және өндірістік әрекеттері негізінде отбасын нығайтудағы әр түрлі қызметке байланысты.

Социологтардың отбасын бірнеше ондаған жылдар бойы зерттегеніне қарамастан, қоғамның осы бөлігін анықтауда келісім де, оны зерттеуде бір ізді әдіс те жоқ. Социологияның пайда болуымен есімі тығыз байланысты Огюст Конт қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы — адамзат тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами алмайды,- дейді. Адамзаттың сақталуы - әлеуметтік ұйымдасу әрекетінің қорытындысы, әлеуметтік жүйенің табысты нәтижесі. Конт отбасын зерттеу адамның өңдірістік әрекетін түсіну мүмкін емес дейді. Оның отбасы тұжырымдамасында ажырасуды айыптайды.

XX ғасырдың ортасынан қазіргі кезге дейін социологиялық әдістің бес түрі қалыптасты: интеракционистік, құрылымдық -функционалдық, жағдаяттық, эволюциялық және институционалдық. Отбасы ұғымын анықтаудағы әр түрлі пікірлерді ескере отырып, төмендегі дефиницияға келісуге болады: "Отбасы — ортақ тұрғын үйімен, экономикалық кооперациямен, ұдайы өндірумен сипатталатын әлеуметтік топ. Отбасына ең болмағанда екеуі әлеуметтік бағытталған жыныстық қатынас жасайтын және бір немесе одан да көп өз балалары, сондай-ақ тәрбиелеуге алған балалары бар ересек жыныс өкілі кіреді".Билік формасына қарай отбасы патриархалды (күйеуі отбасының басшысы), матриархапды (әйелі басшы), құрамына қарай — отбасы нуклеарды (ата-анасы мен балалары), кеңейтілген (нуклеарды отбасы және бірнеше ұрпақтан тұратын туыстары) болып бөлінеді. Отбасы пайда болуы үшін экономика мен жеке меншіктің болуы, билік қатынасы мен бағыну, яғни отбасында, бүтіндей қоғамдағы сияқты, билікті бөлу төртібі бар, онда кімнің материалдық игілігі көп, сол басқарады. Отбасында билікті бөлуге жұбайлар арасындагы маххабат әсер етеді, мұнда сүйетін жұбай аз билікке ие, яғни психологиялық бағыныштылық болады. Егер жұбайлар бір-бірін бірдей мөлшерде сүйсе, онда отбасында бірдей билікке ие.Отбасын, қоғамның бір бөлігі ретінде, социологтар оның қызметін орындауға қатысты қарастырады. Отбасының қызметі дегеніміз отбасы мен оның мүшелерінің белсенділігі, тіршілік әрекеті. Қоғамның отбасына қатысты, отбасының тұлғаға қатысты және тұлғаның отбасына қатысты қызметтерін анықтауға болады. Осыған байланысты отбасының қызметін әлеуметтік (қоғамға қатысты) және жеке (тұлғаға қатысты) деп бөлуге болады. Отбасы қызметі отбасы институтындағы қоғам қажеттіліктері мен отбасы тобына жоятын жеке тұлғаның қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Отбасы қызметінің тарихы тереңде жатыр, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен тығыз байланысты, сондықтан уақыт өте келе қызмет сипаты қалай өзгерсе, иерархия да солай өзгереді. Отбасының негізгі қызметтері ретінде төмендегілерді атауға болады: репродуктивті, тәрбиелік, шаруашылық - тұрмыстық, экономикалық, алғашқы әлеуметтік бақылау (әлеуметтену), әлеуметтік-мәртебелік, демалыс және т.б. "Отбасы" ұғымы "неке" үғымымен тығыз байланысты. Социологияда неке дегеніміз — отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың дәстүрлі тәсілі, жыныстардың еркек пен әйелдің, арасындағы бір-біріне және өз балаларына, ата-анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін белгілейтін қатынас формасы.Некенің төмендегідей формалары бар: моногамия (бір еркек пен бір әйелдің арасындағы неке, бұл бүгінгі күнде ТМД, АҚШ Еуропа елдеріндегі бірден-бір форма) және полигамия (бір индивид пен бірнеше индивидтің арасындағы неке).ҚР Парламентінде неке мен отбасы туралы жаңа Заңды талқылау кезінде көп әйел алу (полигиния) пікірталас болды, бірақ БАҚ-тың хабарлағанындай, әйелдер де көп еркекке шығу (полиандрия) туралы мәселе көтергеннен кейін, көп әйел алу мәселесі күн тәртібінен алынып тасталды. Некелік серік таңдаудың екі түрі бар: эндогомия (серіктер бір топтың ішінде) және экзогомия (неке мен белгілі бір топтан тыс, мысалы, рулар арасында болады). Нормативті актілерде некеге анықтама берілмейді және оның құқықтық табиғаты жөніндегі мәселе осы күнге дейін заңдылықтарда да, құқықтық доктринада да шешілген жоқ. Неке туралы үш түрлі көзқарас айтылып жүр: неке-келісімшарт, неке - мәртебе, неке - сыбайластық. Соңғы уақыттарға дейін алыс шетелдерде неғұрлым кең тараған тұжырымдама келісімшарт негізінде болды, олнекеге отыру тәртібін, оның әрекет шарттарын, некені бұзу кезінде жұбайында болатын шығындарды заңда отыратын шарттарға, яғни келісімшартты заңдылықтармен қарастыруға негізделеді. Неке келісімшартында жұбайлар мүлкінің келісімшарт режімін белгілеу мүмкіндігі жазылады.Келісімшарт тұжырымдамасына қарсылар неке келісімшарт болуы мүмкін емес, өйткені жұбайларда заңда қарастырылған құқықтар мен міндеттер болуы мүмкін және тараптар оны өз еркімен өзгерте алмайды дейді. Жұбайлардың мүлік режімін белгілейтін неке келісімшартына отыру жағдайы келісімшарт тұжырымдамасының пайдасы үшін жеткілікті дәлел бола алмайды, өйткені некенің мақсаты -отбасын құру, бала туу және тәрбиелеу. Сондықтан неке субьектінің заңда қарастырылған әрекеттері орындауы нәтижесінде мәртебеге ие болады. Бұл мәртебе ие болу субьектіні үйленген адамдар санатына жатқызады.Соңғы жылдары неке сыбайластыққа негізделеді деген идея кеңінен тарауда. Сыбайластық неке тұжырымдамасы әлеуметтік зерттеулерде көрініс тапты. Бұл тұжырымдамада әйелдердің неғұрлым тәуелсіздігі, некедегі жұбайлардың тең құқықтығы насихатталады. Маңызды мәселе дәстүрлі отбасы, некенің дәстүрлі формасы болып саналады. Батыс Еуропаның кейбір елдерінде ажырасу саны көбейіп, некеге тұрушылар саны азаюда, "сынама неке" деген түрі кеңінен тарауда немесе оны зерттеушілер "екі қадамдық неке" деп атайды, яғни адамдар қай кезде бала жасағысы келсе, сонда барып некелеседі. Мәселені зерттеушілер сондай-ақ "алмаспа неке", "ашық неке" үрдісінің бар екенін көрсетіп жүр, яғни әр жұбай кез келген қатынасты, соның ішінде жыныстық қатынасты да, үшінші адаммен ашық жасай береді. Бірақ жалпы қорытынды мынадай: қоғамда отбасы мен отбасылық қатынастарға жоғары құндылық ретінде қарау сақталған және қоғамның көпшілігі некенің жаңа түрлерін қолдамайды. Бұл институттың көкейкестілігін мойындаған ерлер неке келісімшарты негізінен "әйелдердің мүліктік құқығын" қорғауға арналған деп есептейді. Сондықтан оларды өз балаларының жеке мүддесі аз толғандырады, бірақ олар өз ата-аналары мен жұбайының ата-анасының мүддесін көрсетеді. Ер респонденттер тобының белгілі бір бөлігінің жауаптарында отбасылық өмірдің моральдық жақтарына алаңдаушылық байқалады, олардың көзқарасы бойынша, оны жұбайлардың мүліктік құқығы мен міндеттерінін, призмасы арқылы реттеуге болады. Неке келісімшартын кейбір жақтаушылар келісімшартқа отыру-жұбайына құрмет пен сенім білдірудің тағы бір мүмкіндігі, ал "қағазбен қорғау" — салқын есептің емес, қарым-қатынастың жетілгенін және тұрақтылығын көрсету деп санайды. Неке-отбасылық қатынаста әлі тәжірибесі жоқ респонденттер романтикаға берілген, олар басқалардан гөрі бұл жағдайдың этикалық қыры туралы " Осындай заттар түрінде қағаз жүзінде келісу ме!" деген көзқараста. Азаматтық күй тіркелінетін офистерге фотографтар, музыканттар және басқа да қызмет көрсету саласындағылар өз қызметтерін көрсетеді, бірақ неке келісімшартын ресімдейтін нотариустар жоқ: сұраныс жоқ жерде ұсыныс та жоқ. Неке келісімшартының жоғары дәрежеде индифференттілігін ескере отырып, нарықтың қалыптасуы халықтың негізгі бөлігін кедейшілікке ұшыратқанын назарда ұстау қажет. Бұл заңдастырылған жаңалықты қолданушы толық мәнді орташа топ, әзірше "жарқын болашақтың" шындығы болып саналады.Зерттеудің көрсеткеніндей, алматылық сұрау алынған тұрғындар жынысына, жасына, ұлты мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, бірінде неке келісімшартына отыру қажеттілігін гипотетикалық мәселеге жатқызады, көбінесе сенімсіздікпен қарап, бұл құқықтық институттың маңызы мен қажеттілігін қабылдамайды. Бүтіндей алғанда, респонденттердің басым бөлігі (36 проценті) жауаптарын анық бере алмаса, сол көлемдегі сұрақ қойылғандар (34 процент) біржақты қарсылық білдірді. Олардың жауаптарын жұмыс гипотезасы нақтылай түсті: адамдар этика-психологиялық себептер бойынша некелік одақтасудың дәстүрлі формасын жақтап, біздің қабылдау дәрежемізге сәйкес, жаңа институтқа тосқауыл қоя отырып, оны шетке шығарады. Біздің респонденттеріміздің пікірінше отбасы ұғымына махаббат, берілгендік, өзін қию, бәрін кешіру сияқты сезімдер тән, оны осы ежелгі әлеуметтік институт өлі де реттей алады.Осылайша, қоғамдық пікірді зерттеу бұл институттың өлі де көптеген себептерге байланысты қолдау таппағанын көрсетеді және осы мәселеде азаматтардың таңдауына қандай да бір баға беріп немесе олардың кұқықтық нигилизміне қысым жасау қиынға соғады.

Дәріс 9.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУ

Сұрақтар тізімі:

1. «Экономикалық сана»

2. «Экономикалық ойлау»

3. «Экономикалық ғадет»

Негізгі ұғымдар: экономикалық сана, экономикалық ойлау, экономикалық ғадет, мәдениет, еңбек қарым-қатынастар, тұтыну іс-әрекеті.

Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір социологиялық зерттеудің ең маңызды объектілерінің біріне айналды. Экономикалық социология жеке ғылыми пән ретінде өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы да әсер ететіндігін көрсеткен басқару тәжірибесіне жауап ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды.

Экономикалық социология немен айналысады? Осы ғылыми көзқарастың социология және экономикалық ғылымдармен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі неде? Бұл пәннің өзіне тән ерекшелігін анықтау үшін басқа ғылымдармен сәйкес келмейтін өзіндік зерттеу пәнін және әдісін анықтап алу қажет.

Экономикалық өмірге социологиялық тұрғыдан қарау, оны адамдар арасындағы қатынастардың бір саласы ретінде қарастыру, біздің түсінігімізді айтарлықтай кеңейтіп тереңдете түседі. Ол бүгінгі күнде заман талабына сай болып отырған нарық, өндіріс, тұтыну т.б процестердің экономикалық саралау саласында қандай да бір қосымша немесе қосалқы құрал болып саналмайды. Экономикалық социология экономиканы ондағы әреект етуші әлеуметтік топтардың белсенділігімен, олардың мүдделерімен, жүріс-тұрысы мен өзара әрекеттесуімен қозғау алатын әлеуметтік процесс ретінде сипаттайды.

Экономикалық теория көп жағдайда материалдық, қаржылық, ақпараттық ресурстардың дайын өнім мен қызметке айналу қатынастарын зерттейді. Социология өз кезегінде тікелей адамның іс-әрекетіне және әлеуметтік байланыстарға көбірек көңіл бөледі. Экономика екі ғылымның да зерттеу объектісі болып табылады, алайда әрбір пән экономикалық құбылыстарды зерттеп білуде өз көзқарастарын ұсынып, әр түрлі міндеттер қояды, мәліметтерді жинау мен талдауда өз әдістерін қолданады.

В.В. Радаев атап көрсеткендей, “экономикалық теория үйреншікті нәрсеге редукция шығарады, ал экономикалық социология - үйреншікті нәрсеге проблемалық сипат береді”. Экономистер жай адамға қиын материяларды (бағалардың қалыптасуы, қаржы ағымдарының қозғалысы т.б.) түсіндіре отырып, дұрыс мағына логикасына, кәдімгі адамдардың жүріс-тұрысына әкеліп тірейді. Социологтар, керісінше, күнделікті өмірде біз дұрыс мағына деңгейінде қабылдайтын, “жай ғана” істермен айналысады. Неге тұтынушылар әр түрлі дүкендерге барады және бірдей затқа әр түрлі ақша төлейді? Неге кәсіпкерлер іскер әріптестерін қатаң түрде белгілі бір адамдар тобынан таңдап алғысы келеді? Неге қатардағы жұмысшылар өз әріптестерінің жалақысының мардымсыз жоғарылауына қызғанышпен қарап, “қатардағылар” мен “басшылар” табысының арасындағы үлкен айырмашылықты қалыпты нәрсе деп қабылдайды? Социологтар бұл сұрақтарға жауап іздей отырып, адамның жүріс-тұрысын күрделі әлеуметтік байланыстардың нәтижесі деп қарастырады.

Қазіргі күнде экономикалық социология ықпалына енген сұрақтар бұрынырақ белгілі бір деңгейде индустриалды социология, еңбек социологиясы, аймақ социологиясы, басқару социологиясы, ұйымдастыру социологиясы және басқа да сол секілді шектес бағыттарда қозғалған еді. Бұл пәндер экономикалық социологияның пәнаралық ғылыми бағыт ретінде қалыптасуы үшін іс жүзінде тұжырымдық негіз дайындап берді. Олардың соңғысы - жұмыссыздық пен жұмыспен қамту, өндірістік ұйымдардың құрылымы мен түрлері, еңбек қатынастары, үй шаруашылығының қызмет етуі, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылым, кәсіпкерліктің дамуы және басқа мәселелер ортақ тақырыпқа ие болды.

Экономикалық социология зерттеудің пәнаралық жаңа саласы бола тұра, қатып қалған шекаралары жоқ, басқа пәндердің әдістері мен ұғымдары үшін ашық және әлеуметтік-экономикалық білімді енгізудің жаңа салаларын іздеу жолында тұр. Ондағы негізгі категориялар мен тұжырымдамалар, экономикалық құбылыстарды социологиялық сараптау әдістері енді-енді жасалуда және ол зерттеулер әлі соңына дейін анықталған жоқ.

Тәжірибе көрсеткендей, кез келген ғылымды пән ретінде анықтау көп жағдайда табысты бола бермейді, ол оның проблемалық ауқымын кеңейтеді немесе бұрмалай түседі. Экономикалық социологияны пән ретінде қарастыра отырып, біз бұл ғылыми бағыттың тұрғылары мен қызметтері жөніндегі түсініктердің алуан түрлілігіне негізделетін боламыз.

Көптеген зерттеушілер Ю.В. Веселов көрсеткен экономикалық социологияның объектісін түсінудегі жалпы принциппен келіседі: “Экономикалық социология экономиканы аса кең әлеуметтік жүйенің бір бөлігі ретінде қарастырады”. Жалпы алғанда, пәндік ауқымды анықтауда түрлі әдістемелік мақсаттарға: позитивистік және түсіндірмелі социологияға келіп тірелетін екі негізгі тұрғы қалыптасқан.

Бірінші тұрғы экономикалық социология, экономикалық (өндіріс, бөліп беру, айырбас, материалдық қорларды тұтыну) және қоғамдық өмірдің экономикалық емес (саясат, мәдениет, дін, отбасы, білім беру т.б.) салаларының өзара байланысы ретінде қарастырылған уақытта макросоциологиялық талдауға жақындау болады. Экономикалық проблемаларды шешуде технологиялық, техникалық және ұйымдастырушылық аспектілермен қатар экономикалық өмірдің әлеуметтік аспектілері болатыны да кеңінен айтылуда. Бұл жерде социология пәні әлеуметтік жүйенің элементтері ретінде әлеуметтік қатынастар, байланыстар, құрылымдар болып көрінеді.

Осыған орай Т.И. Заславская және Р.В. Рывкина экономикалық социологияға “қоғамдық өмірдің екі - экономикалық және әлеуметтік салаларының өзара байланысын тиісінше екі жақты - экономикалық және әлеуметтік процестердің өзара байланыстары негізінде зерттейтін ғылым” деген анықтама береді. Әлеуметтік саланы олар қоғамдағы топтардың жағдайының әр текті болуымен байланысты әлеуметтік теңсіздік қатынастарының саласы деп түсіндіреді.

Олар функционалистік дәстүр рухында экономикалық социология объектісінің “өзегі” деп “экономиканы дамытудың әлеуметтік механизмі” категориясын ұсынады. Бұл ұғымның астарында “әлеуметтік топтардың экономикалық жүріс-тұрысының тұрақты жүйесі, сонымен қатар осы топтардың бір-бірімен және мемлекетпен материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуді өндіру, бөліп беру, айырбастау мен тұтыну бойынша өзара әрекеттесуі” түсіндіріледі. Бұл тұрғыны Г.Н. Соколова да қолдайды. Ол экономикалық социология, экономикалық процестердің өрбуінің сипатына тәуелді болатын табиғатты, өзіндік ерекшелігі бар мүмкіндіктер мен әлеуметтік механизмдерді өзінің пәні ретін де қарастырады деп жазды.

Екінші тұрғы зерттеудің алғашқы тармағы “экономикалық жүріс-тұрыс” категориясы деп санайды. Бұл дәстүр Вебердің іс-әрекет социологиясы мен түсіндірмелі социологиясынан барып тіреледі. Бұл ұстаным В.В. Радаевтың дәрістер курсында жақсы жүйеленіп берілген: “Экономикалық социология экономикалық әрекетті әлеуметтік әрекеттің формасы ретінде зерттеп біледі. Онымен қоса экономикалық әрекет шектелген ресурстарға өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында күш көрсетпейтін әдістермен бақылау орнатуды іске асыруды білдіреді”.

Экономикалық социология экономикалық іс-әрекетті зерттейтін ғылым деген көзқарасты В.И. Верховин мен А.И. Кравченко да қолдайды. Оны микросоциологиялық тұрғыға жатқызуға болады, өйткені бүл жерде топтар, индвидтер әрекетінің және экономикалық мүдделердің көп бейнеде көріну формалары қарастырылған. Мәселен, В.И. Верховин экономикалық жүріс-тұрысты социологиялық зерттеу пәнінің бөлінуінің бастапқы тармағы деп анықтап, экономикалық жүріс-тұрыстың нақтылы үлгілерін саралайды: жұмыс күші нарығындағы “ізденіс”; инвестициялық әрекет: қор нарығы жүйесіндегі “рефлексивті” әрекет; дерективті экономикадағы жоспарлаушының әрекеті. Ол зерттеу пәніне экономикалық әрекеттің субъективті жақтарын (тұлғалық, топтық, институтуционалды, бұқаралық жүріс-тұрыстың ерекшеліктері) қоса қарастыру аса маңызды дейді.

А.И. Кравченко экономикалық социология - ол қоғам өмірінің түрлі салаларының (өндірісте, айырбаста, бөліп беру мен тұтынуда) үлкен әлеуметтік топтардың өнімдері ретінде адамдардың жүріс-тұрысы жайлы ғылыми білім жүйесі деп санайды. Ол экономикалық әрекеттің көрінуінің формаларын және адамдардың экономикалық мүдделерін білдіруді, сонымен қоса адамдарға экономикалық институттардың (жеке меншік, еңбек бөлінісі, тауарлар мен еңбек нарығы, қаржы институты т.б.) ұзақ және қысқа мерзімді әсер етудің механизмдері мен құрылымдарын зерттейді.

Экономикалық социологияның пәндік саласын түсіну үшін бөліп қарастырылған екі тұрғылар арасындағы айырмашылық шартты болып табылады, олардың екеуі үшін де экономикалық процестердің әлеуметтік реттеуштерін анықтау және экономикалық факторлардың әлеуметтік процестер мен адамдардың жүріс-тұрысына әсерін анықтау өте маңызды.

Экономика саласында социологиялық зерттеудің негізгі салалары төмендегідей:

- экономикалық институттардың (жеке меншіктің, айырбастың, келісім-шарт қатынастарының, ақшаның, қаржы нарығының) эволюциясы;


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: