Ортодоксалды мектептер (астика)

Веданта (шамамен б.з.д. VI ғ.п.б.). Негізін қалаған: Бадараян. Негізгі еңбегі: «Веданта-сутра».

«Веданта» «ведалардың аяқталуы» деген мағынаны білдіреді. Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түпнегізбен бара-бар.

Веданта– философиясы Упанишадтан тамырланды да ондағы барлық ой-пікірдің жиынтығы іспеттес. Ведантаның Үндістандағы өмір салтына тигізген әсері зор, әлі күнге дейін Үндістанның түкпір-түкпірінде ұстанушылар бар. Бұл ілімде ғалам бірден-бір шындық өмір ретінде қарастырылады. Ол шындықты, Құдай біздің қиялымызға орасан күш майя - иллюзия арқылы береді. Мысалы, ала жіп біздің көзімізге жылан сияқты көрінеді. Ғаламдық нысандарды біздің қабылдауымыз да осылайша түсіндіріледі.

Біртұтас брахмандағы көптеген нысандарды өзіміздің білместігіміздің нәтижесінде қабылдаймыз, ол шындық Брахманды жасырып, басқаша көріну мүмкін. Осы өмірді тани білгендерге ғана Құдайдан өзге ақиқаттың жоқтығы аян. Ғарыш - иллюзия. Бұл ілімді анық көрсетілген монизм деп айта алмаймыз. Алайда, бұл дегеніміз монизмнің көптеген бөліктерінің бірін ғана бөліп көрсетеді. Құдай – жанның танымы мен біздің миымызда бар танымның, әлем құрылысы мен ол жайлы танымның иесі екені – бір ғана шындық болып табылады.

Миманса (б.з.д.VI ғ.) Негізін қалаған: Джаймини. Негізгі еңбегі: «Миманса-сутра». «Миманса» – термині «ойлану», «зерттеу», яғни кейбір мәселелерді ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді. Мимансаның пәні - карма немесе рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау.

Миманса Ведаларды мәңгілік және дербес деп қарастырады. Олардың таным теориясы барлық танымның растығын дәлелдейді. Веданы оқығанда олардың іліміне сенім ұялайды. Миманса мектебі дене мен жан әлемін мойындайды. Карманы ғаламды басқаратын моральдық заң ретінде түсіндіреді.

Сонымен қатар, Миманса философиясында таным теориясы, метафизика, этика теологиямен қатар қарастырылады.

Ньяя (б.з.д.IIғ.) Негізін қалаған: Готама. Негізгі еңбегі: «Ньяя-сутра». «Ньяя» термині «ереже», «саралау», «аналиткалық зерттеу», «логика» деген мағыналарды білдіреді.

Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Осындай ұйғарымға жетелеген себеп те бар. Готама дұрыс танымның жағдайына және шындықты танудың тәсілдеріне айрықша мән берген. Ньяя философиясы логикалық проблемалармен көп шұғылданған. Десекте, ньяя философиясының басты, түп мақсаты - бұл мәселе ғана емес, адам өмірін мәңгі азап-қайғыдан құтқару жолы. Осы тұрғыдан алғанда ньяя философиясының-шындықты тануға, логикасының – дұрыс танымның тәсілімен жағдайларын анықтауға тигізер ықпалы мол.

Ньяя логика заңдарына негізделген философия еді. Ақиқат танымның дербес төрт көзін мойындайды: қабылдау, қорытынды немесе тұжырым, салыстыру немесе куәлендіру, дәлелдеу. Ньяяның тұжырымы бойынша, адам күйзелістен, азаптан бүтіндей құтылғанда ғана өзін-өзі және әлемді ақиқат деп тани алады.

Вайшешика ( б.з.д.IVғ.). Негізін қалаған: Канада. Негізгі еңбегі: «Вайшешика-сутра». Вайшешика– атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді.Вайшешик мектебі б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның, оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды. Осындай тұжырымы үшін вайшешиктерді атомистер деп атайды. Вайшешиктер күрделі объектілердің пайда болуы мен жойылу тәртібін, олардың мәңгі еместігін түсіндіруге көңіл бөледі. Атомдардың байланысын сезінуге болмайды, логикалық тоқтаммен ғана түсіндіруге лайықты. Дүние – физикалық денелер мен тірі заттар қарым-қатынасының жүйесі. Дүниедегі тәртіпті мораль, адамгершілік тәртібі дерлік. Өйткені өмір мен әрбір индивидтің тағдыры кеңістік пен уақыттың физикалық заңдарына ғана тәуелді емес, олар карманың жалпылама моральдық заңына да бағынышты.

Ньяяға ұқсас, оның да түпкі мақсаты жеке "Меннің" бостандығы. Танымның 7 түрлі нысандарын белгілейді: субстанция, сапа, әрекет, жалпылық, ерекшелік, бар болуы және болмыс емес. Субстанция сапа мен әрекетінің субстраты. Субстанцияның 7 түрі бар деп көрсетеді: жер, су, от, ауа, эфир, уақыт, кеңістік, жан, зерде.

Санкхья (VII в. до н.э.) Негізін қалаған: Капила. Негізгі еңбегі: «Санкхья-сутра». Санкхья терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған. Санкхья дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану.

Бұл жүйе бір-бірінен тәуелсіз пуруша (зерде, мен) және пракрити (алғашқы материя) бар деп мойындайды. Әлемнің эволюциясы пуруша мен пракритидің қосуылуынан басталады, "Менді тану, немесе "Мен" және "Мен еместің" ара жігін ажыратуға мүмкіндік береді, "Мен" және "Мен емес" тану адамды қайғырудан құтқарады.

Йога (б.з.д.II ғ.). Негізін қалаған: Патанджали. Негізгі еңбегі: «Йога-сутра». Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды.

Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету.

Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру.

Йога санкхьяның таным теориясын және метафизикасын және Құдайдың бар екенін мойындайды. Бұл жүйе таным теориясына баса назар аударады, оның мәні - арылу, азат болу.

Йога философиясы Құдайды ойлаудың жинақтау мен өзін-өзі тануға бағытталған жоғары нысаны деп есептейді. Құдай - мінсіз, кәміл, мәңгілік, бәрін сезіп білуші, ешбір кемшіліксіз жоғарыдан басқарушы, реттеуші, жекелеген адамдардың парасат қасиеттеріне сай пуруша мен пракрити қатынастарын реттейді.

Ортодоксалды емес мектептер (настикалық)

Настика - Ортодоксалды емес (Веданы мойындамайтын) философиялық мектептер.

Жайнизм ( б.д.д.V ғ.).Негізін қалаған: Махавира. Діни ағым ретінде қалыптасады. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады.

Жайнизм мектебіне реализм мен плюрализм тән. Бұл философтар тірі және өлі табиғатқа (материяға) айрықша сүйіспеншілікпен қарайды. Олардың теориясына сәйкес сананы тану жанның мәні болып табылады. Жан жоғары білімге ие. Әр заттың өз субстанциясы бар. Субстанцияға екі белгі тән - гун (өзгермейтін белгілер) және парья (өзгермелі, кездейсоқ). Осылайша сыртқы дүниенің өзгерісі және өзгермеуі жайлы тұжырым жасалынады.

Буддизм (б.з.д.VIғ.). Негізін қалаған: Сиддхартха ГаутамаБудда.

«Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді. Буддизмнің түрлі бағыттары мен ағымдары бар. Олар хинаяна және махаяна деген қос бағытқа сүйенеді. Хинаяна Үндістанда құлиеленушілік дәуірде өріс жайса, махаяна феодализм тұсында ықпал етті. Хинаяна буддизмнің ерте кезіне сәйкес, ал махаянада Будда бейнесі будданың пантеоны болып дәріптеледі. "Нирвана" ұғымы "жұмақ" ұғымымен алмастырылады, архат бейнесі қасиетті боддхисатва бейнесімен алмастырылады. Хинаянаға қарағанда махаянаның зор әлеуметтік базасы бар, ол тек монахтардың діні ғана емес. Миряндардың да (қарапайым адамдардың да) діні болып қалыптасты. Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген.

1.Азаптану.

2.Азаптанудың себебі.

3.Азаптанудан босану.

4.Азаптанудан босануға апаратын жол. Азаптан құтқаратын бірден-бір жол - "игілікті орташа сегіз жол" болып табылады. Ол жөнінде төртінші ақиқатта баян етіледі.

«Сегіздіктегі құтқару жолы» кезеңдері

1.Дұрыс көріпкелдік

2.Дұрыс ойлау

3.Дұрыс сөйлеу

4.Дұрыс іс-қимыл

5.Дұрыс өмір сүру салты

6.Дұрыс икемділік

7.Дұрыс ықылас

8.Ойын дұрыстап бір жерге шоғарландыру

Чарвака-локаята (б.з.д.VII – VI ғ.ғ.). Негізін қалаған: Брихаспати (Чарвак). Еңбегі сақталмаған. «Чарвака» терминін «материалист» деген терминнің синонимі ретінде айтуға болады.

Чарвака-локаята – Ежелгі Үндістанның философиялық ілімі. Чарвака-локаята туралы ең ертедегі мәліметтер буддалардың канондық текстерінде, Ведтерде және ежелгі үнді эпосонда баяндалады. Дәстүр бойынша чарвака-локаятаның пайда болуы аңызда айтылған данагөй Брихаспатимен байланыстырылады. Чарвака-локаятаның болмысы туралы ілімнің төркіні ғаламның барлық заттарының төрт элементтен: топырақтан, оттан, судан, және ауадан тұратыны туралы түсінікте жатыр. Элементтер мәңгі өмір сүреді және өзгермейтін элементтер болып табылады. Заттардың барлық қасиеттері олардың қандай элементтердің қосылысы болып табылатынына және осы элементтер қосылатын пропорцияларға байланысты. Сана, ақыл-парасат және сезім органдары да элементтердің қосылысы нәтижесінде пайда болады; жанды тіршілік иесі қайтыс болғаннан кейін бұл қосылыс ыдырайды, оның элементтері жансыз табиғаттың тиісті алуан түрлеріне ыдырап кетеді.

Чарвака-локаята үнді дәстүріндегі ерекше мектеп болды. Ол тек ақиқат өмір, материалды әлемді таныды. Құдай да, құдайлар да, карма, дхарма, босану да жоқ. Адам – Құдай емес, барлығы секілді су, ауа және оттан тұрады. «Ведаларда» жазылғандар, абыздар және уағыздаушыларүгіттеушілердің барлығы тез сенетін адамдарға айтылатын өтірік, адамдарды алдау оңай. Бұрынғы өткен жоқ, өлгендер қайтып келмейді, жан тәнмен бірге жойылады. Мен, «жан» - тән қабілеті, элементтер жиынтығы. Танымның жалғыз көзі – сезімдік бақылау, тәжірибе. Көрінбейтін әлем үшін көретін әлемнен бас тарту – ақымақтық. Өмірдің жалғыз мәні – ешкімге зиян келтірмейтін рахатта және оны зерделі таңдау керек. Жердегі ләззаттан басқа жұмақ жоқ. Қайғы – қасіреттен басқа тозақ жоқ. Тәннің жойылуынан басқа босану жоқ. Заттардың өз жолынан басқа тағдыр жоқ. Брахмандар – өтірікшілер және залымдар. Дін абыздар және билеушілерге тиімді нәрселерді жасату үшін дүниеге келген.

3-тақырып. Көне Қытай философиясы

Қытай – көне тарихтың, мәдениеттің, философияның елі мен жері. Мамандар Қытай өркениетінің басталуын ся дәуіріне, яғни б.д.д. III – II мыңжылдықтың саясына жатқызады. Б.д.д. XVII-XIIғ.ғ. Шан-Инь мемлекетінде қола мәдениеті дамиды, шаруашылықтың құлдық қоғамдық түрі жетілді. Шан-Инь дәуірінде Қытайда алғаш жазу пайда болған. Ежелгі Қытай тілінің грамматикасы қалыптаса бастаған. Шан-Инь қоғамының саяси билігі ван топтары арқылы жүргізілді. Ван шаруашылық мәселесіне де, әскери, діни билікте де ең жоғарғы басшы болды. Ванның билігін шандықтар дәріптеп, оны тәңірге теңеген. «Шан-ди» деген титулға ие болған ван өзін «Мен-адамдардың арасындағы ерекше жаратылыспын. Жалғызбын» деп жариялады. Шан — жер кіндігінің Ұлы қаласы, Қытай — жердің Ұлы орталығы деген уағыздар таралды.

Өте көне дәуірде, аспан мен жер де болмаған заманда, әлем түрсіз хаосқа ұқсаған. Сол түрсіз тұңғиықта, делінген мифте, екі рух (немесе екі құдай) – инь және ян пайда болды да, дүниені реттейді. Кейіннен ян рухы аспанды, инь рухы жерді басқаратын болды.

Ян – еркек бастамасы, күн нұрындай жарық, ашық бекем және күшті. Ян жалпы жағымды нәрсенің бастамасы.

Инь - әйел бастамасы, аймен байланысты, сондықтан көлеңкелі, күңгірт және әлсіз.

Екі бастама өзара байланыста болған, сол үйлесімділіктің нәтижесінен күллі мәнді нәрселер туындайды. Дүниеге деген осы қосжақты көзқарас кейінгі чжоу дәуіріндегі философиялық тексте усин бағдарламасымен толықтырылды. Усин бағдарламасы бес алғашқы элементтердің немесе бес субстанцияның – оттың – судың – жердің – металдың - ағаштың өзара байланысымен өзара алмасуына негізделеді, соған сүйенеді.

Ежелгі Қытай мәдениеті тірі және өлі табиғатта, Жерде өмірдің пайда болуының философиялық-мифологиялық түсінігін береді. Ұлы Хаос, форма жағынан үлкен жұмыртқаны елестетеді. Жұмыртқа – Хаоста 18 000 жыл бойы тіршіліктің Алғытегі – алып Пань-Гудың пайда болуы. Алып Пань-Гудың жұмыртқадан шығуы, ол жұмыртқа тәріздес Хаостың өліміне әкеледі. Барлық жеңілдік пен құрғақтықтың жоғарыда (Аспанда) және ауырлық, ылғалдықтың төменде (Жерде) араласуының, шоғырлануының нәтижесінде Хаостан Аспан мен Жер құрылды.

Аспан мен Жердің арасында алып Пань-Гудың 18 000 жыл тұруы нәтижесінде Аспан мен Жер өзінің орнын сақтап қалды.

Пань-Гудың өлімі, оның денесінен барлық мәнділіктердің жасалуы: көзден – Күн мен Ай, дауыстан – найзағай, демінен – жел, қанынан - өзен т.б.

Қытайдың көне текстері – философиялық толғаныстың шежіресіндей. Көне текстерде «И цзинде» (Өзгерістер кітабы), «Ши цзинде»(Өлеңдер кітабы), «Шу цзинде»(Тарих кітабы) және т.б. ертедегі мифтер материалы жиі кездеседі

Қытай философиясының кезеңдері. Қытай философиясының тарихы үш кезеңге бөлінген:

I. Ежелгі философия(VII -III б.з.д.) Ежелгі ұлттық философиялық мектептердің пайда болуы мен қалыптасуы.

1) «дао-цзя» мектебі (даосизм);

2) «халыққа қызмет ету» мектебі (конфуцийшілдік);

3) «фа-цзя» мектебі (легизм инемесе заң мектебі);

4) «мо-цзя» мектебі (моизм);

5) «мин-цзя» мектебі (номиналистер);

6) «иньян-цзя» мектебі (натурфилософтар).

II. Ортағасырлық философия(III – XIX ғ.ғ. б.з.д.) Үндістаннан Қытайға буддизмнің енуі, чань-буддизмнің қалыптасуы.

III. Жаңа философия(XIX ғ.)

Ертедегі Қытай философиялық ойының тамырлары сонау Ся династиясы (б.з.б. XXI ғ.) кезеңінен бастау алады. Бұл дәуірде рухани және материалдық мәдениеттің жақсы дамығаны белгілі. Дамудың шырқау шегі - иероглиф жазуы - ғылымның және философиялық ойдың өрістеуіне әсер етті. Осы кезеңде көптеген философиялық ағымдар, мектептер қалыптасқан.

Даосизм - қоршаған дүниенің құрылымы мен тіршілігінің негізін түсіндіру және адам, табиғат пен ғарыштың игілікке апаратын жолын табу мәселесін қарастырады.

Даосизмнің негізін б.з.д. VI ғ. соңы - б.з.д. V ғ. басында өмір сүрген Лао Цзы (Қарт ұстаз) салды. Даосизмнің қайнар көзі - «Дао-Дэ- цзин» деп аталатын философиялық трактатта көрсетілген. «Дао» - «жол, алғашқы бастама, алғашқы түпнегіз» деген мағынаны білдіреді. Дао-заттардың табиғи өсу, өнуімен бірге, әлемнің негізін құрайды. Бүкіл әлем Дао заңына бағынады. Даосизм философиясының негізгі мәселесі - ұлы Дао туралы, жалпылама Заң және Абсолют туралы ілім. Даоны ешкім жасаған жоқ, бірақ бәрі де содан тараған. Дао барлық жерде, әрқашан, әр уақытта, шексіз өз үстемдігін жүргізеді. Оны сезім арқылы көруге, естуге болмайды. Дао табиғаттың, қоғамның, адам мінезі мен ойының табиғи, бірақ көрінбейтін заңы. Оның бастамасы да, аяғы да жоқ. Сондықтан ол атаусыз. Ол уақыт пен кеңістіктен тәуелсіз, солай бола тұра, жарық дүниедегі барлық нәрсенің негізі мен бастамасы, аты мен түрі. Дао сансыз заттарды жасаса да, әрекетсіз күйін сақтайды; бос қуыс сияқты, бірақ мәңгі, таусылмайды, оларды әруақытта реттейді.

Ұлы аспанда Даоның ықпалында. Өмірдің мәні де, мақсаты да, оны танып білу, соның тәртібіне еру, сонымен жарасу. Даоны тану дегеніміз табиғаттың заңын ұғыну және сол тәртіпке үйлесе білу.

Лао-цзының «Дао дэ цзин» трактатында көрініс тапқан. Трактат екі бөліктен, 81 тараудан тұрады. Онда бірінші бөлімі - дао жолы мен екінші бөлімі - дэ ізгілік күші туралы баяндалады.

Демек, «дао» категориясы Универсумның жалпы қамтушы заңы, барлық заттардың субстанциясы ретінде ұғындырылды. «Адам жерге тәуелді, жер - аспанға, аспан - даоға, дао - өз-өзіне», яғни, дао барлығының түп тамыры, бір тұтас. Дао Шань-диден де (аспаннан да) көне, оның бастамасы жоқ, аяғы, шегі де жоқ. «Қалай, неден туғанын білмеймін, - делінген «Дао дэ цзинде". - Бірақ ол аспан иесімен сабақтасады» Немесе "Міне, хаостан пайда болған зат, аспан мен жерден жаралған. Ол дыбыссыз! Ол пішінсіз! Жалғыз және өзгермейді. Барлығына ықпал - әрекет етеді, кедергіні білмейді. Оны Аспан астының анасы десе болғандай. Мен оның атауын (есімін) білмеймін. Иероглиф пен белгілеп отырып мен оны дао деп атадым, Ұлы - ол шексіз қозғалыста».

«Дао дэ цзин» ілімінде біз кейбір диалектика элементтерімен де кездесіп жатамыз. Лао-цзы даоға анықтама беру үшін, оны алдымен қарама-қайшы жақтарына қарай бөліп алады. Өзгермеушілік пен үнемі қозғалыс, жалғыздық пен көпшілік, іссіздік пен іс қимыл деген сияқты т.б. біршама керағарлық заттарды атап өтеді. «Дао дэ цзинде» бір-біріне ауысатын қайшылықтар туралы айтылады, - жарты бүтінге, қисық-түзуге, бос-толыға, ескі-жаңаға айналады. Инь және ян ұстанымына сәйкес, ғаламда барлығы тұрақсыз және барлық заттар өзгерісте, қозғалыста. "Барлық мәнде инь мен ян бар, цимен толтырылған әрі үйлесімді». Күнделікті тіршілікте дао өз кезегінде дэ-ні қостайды. "Дао заттарды тудырады да, дэ болса ол заттарды әрі қарай тамақтандырып, өсіреді", кемелдендіреді.

Бәлкім, дэ - екіншілік ұстаным. Сол арқылы дао заттарда көрініс табады. Бұл - жекелеген заттардың дербес нақтылануы. Өкінішке орай, инь мен ян туралы ілім аксиомалық. Оларды зерттеу тұсында Лао-цзы көбінесе «Өзгерістер кітабына», сонымен қатар өте ежелгі ақпарат көздеріне сүйенген деген ойлар бар.

Барлық дүние табиғи жолмен жүруі тиіс. Данышпан даоға да, басқаларға да бөгет жасамауы керек. Сондықтан Лао-цзының әлеуметтік мұраты өткенге, білім табиғаттың барысына кедергі келтірмей, адам табиғатпен бірегей болған кезең. Адамның өмірдегі басты міндеті даомен қосылу. Әр адамның бойында даоның бөлшегі бар, тек осы рухани көзді аша білу керек, адамды тәннің қажеті емес рух қажетін өтеу үшін өмір сүруге үйреткен абзал. Ол үшін имандылықпен өзін-өзі жетілдірудің ұзақ жолынан өту қажет. «Дао дэ цзинде» Лао-цзы у-вэй ұстанымына негізделген осы жолды көрсетеді. Саясатқа қатысына келсек, этикаға бағындырылған және дао мен у-вэйді тірек ретінде алады.

Мемлекетте барлығы өзінің табиғи жолымен жүруі тиіс, басшылар халықтың қамын ойлауы, олардың шектен тыс тілек талаптарын ауыздықтай білуі, көршілермен жақсы қарым-қатынас орнатуы, бірінші болып соғыс бастамауы керек.

Лао-цзының ілімін дамытушылар Чжуан-цзы мен Вэн-цзы болды. Даосизмнің даму барысында 3 ағым ерекше көзге түсті: философиялық (дао цзя), діни (дао цзяо), мәңгілік жасалатындар даосизмі (сянь) қытай мәдениетінің өркендеуіне едәуір үлес қосты.

Конфуцийшілдік – адамды әлеуметтік өмірдің өзекті мәселесі деп қарастыратын ежелгі философиялық мектеп.

Конфуций (Кун- Фу-Цзы) – б.з.д. 551-479 жылдары өмір сүрген. Оның негізгі шығармасы – «Лун Юй» - «Сұхбаттар мен пікірлер», ол 6 кітаптан тұрады. Ескіні елеп, жаңаға жақындау - қытайдың көне дәстүрі. Ескіні дәріптеу конфуций дәуірінде өзіндік мақсатқа айналады. Конфуций ілімінің түп тамыры адам және қоғам мәселесіне тіреледі.

Адам табиғаты Конфуций философиясында басты мәселелердің қатарына жатады. «Аспан адамға нені сыйласа, ол адамның табиғатын құрайды». Табиғат — адамның алғашқы қасиеті. Адам өмірге немен келсе, сол бастама оның табиғатын құрайды.

Бірақ адамның табиғатын тек табиғатпен салыстыру шеңберінде анықталынбайды. Адам мәнісі - табиғилықтан тыс, әлеуметтік - мәдени жетістік. «Адамның бәрі де байлық пен беделге ұмтылады. Адамның бәрі де кедейлік пен жамандықты жек көреді» — дейді ұлы Ұстаз. Екі қасиет те адамның табиғатына тән ерекшелік. Адамға үнемі тыныштық бермейтін төрт ұмтылысты Конфуций тізіп өтеді. Олар — жасын ұзартпақ, даңққа ұмтылған, қоғамда орнын таппақ, байлыққа деген ұмтылыс. Осы атақты нәрсеге жеткендер, рухтан тартынады, күштен сескенеді, адамнан қорқады, жазадан қауіптенеді. Бәрінен жоғары тұрған қасиет – «адамды сүйе білушілік» (жэнь). Ұлы Ұстаз адамды сүйе білудің жолы мен жөнін (дао) талдайды. Дао Конфуций үшін адамды шынайы жолға салатын, адамға оң ықпал ете отырып, оны басқаруға кажетті бүкіл идеялардың, амал-әрекет пен қағидалардың жиьнтығы. Адамның табиғатын үш тұрғыдан саралайды: қайырымды ер (цзюнь-цзы), шағын адам (сяо-жэнь), адамсүйгіштік (жэнь). Адамсүйгіштіктің мәнісі - өз олқылығын жеңіп, сөзі мен іс-әрекетінде дұрыс жолға түсуде.

Легизм – (латынша заң дегенді білдіреді) – фацзя мектебінің заң туралы ілімі, ерте қытайдағы саяси-этикалық ілім, адамды, қоғамды және мемлекетті басқару туралы көзқарастар. Легизм Чжоу династиясының билігі ыдырай бастағанда қалыптасады. Легизмнің көрнекті өкілдері – Гуань Чжун (б.д.д. 645), Шан Ян (б.д.д. 390-338), Хань Фэй цзы (280-233 шамасы). Легистер байырғы рулық қатынастарды, оның тірегі – ақсүйектік тұқым қуалаушылықты сынады. Олар елді басқарудың рулық дәстүрі мен рәсімдерін қабылдамады. Осыған орай бастапқы Конфуций ілімімен тай-таласта қалыптасты. Конфуцийдың этикалық талаптарын «ойын» сөзге жатқызды.

Конфуций басқару идеясын жэнь және ли принципіне сүйеніп жалғастырса, легистер оның орнына заңға (фа) сүйенген мемлекеттік реформаны жасады, басқару теориясын ұсынды. ГуаньЧжун: «Заңдар – халықтың әкесі де, шешесі де... Билеуші мен шонжар да, мәртебелі мен төменгілер де, байлар мен кедейлер де – бәрі де заңға бағыну керек. Басқарудың түп өнері осында»,- дейді.

4- тақырып. Антикалық философия

Антикалық деген термин латынның «antiquus»-«ежелгі» деген мағынаны білдіреді.

Антикалық философияның дамуы бес негізгі кезеңнен тұрады:

1). Сократқа дейінгі кезең. Бұл кезең б.з.б. VI ғасырды қамтиды.

2). Классикалық. Бұл кезеңде объектінің мәні субъектіден гөрі арта түседі. Негізгі объект - ғарыш, табиғат, сыртқы әлем. Қала - полистердің рөлі артады. Б.з.б. V-IV ғғ. аралығын қамтыған.

3). Эллинизм. Мұндағы үлкен обьекті - субъект - адам, ол өзін-өзі таниды. Қоғам өмірінде маңызды рөл полисте емес, мемлекеттің қолында. Ескендір Зұлқарнайын (А. Македонский) мемлекеті тұсындағы философиялық мектептер: стоиктер мектебі, эпикур мектебі, скептиктер мектебі т.б. Хронологиялық кезеңі - б.з.б. IV-I ғғ.

4) Римдік кезең. Б.з. V-VI ғғ.

Алғашқы грек философиялық мектебі Милет қаласында пайда болды. Милет мектебі Ежелгі Грекияда б.з.д. VI ғ. өмір сүрді. Бұл Милет мектебінің негізін қалаушылар Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Бұлар дүниені біртұтас, бір-бірінен бөлінбейтін жалпы процесс деп қарай отырып, оның негізін материалдықтан іздеді. Фалес (б.з.д. 640-560 ж.ж.) дүниенің негізін судан, Анаксимандр (б.з.д. 610-540ж.ж) апейроннан(шексіздіктен), Анаксимен (б.з.д. 546ж. туған) ауадан іздеді. Олар өткен дәуірдегі мифологиялық көзқарастан бас тартты. Алдымен жаратылыстану саласын зерттеушілер болды. Олар дүниеде не бірінші деген мәселені емес, керсінше, дүниенің біртұтастығын белгілі бір материалдық бірінші негіз арқылы шешуге тырысты.

Эфестік Гераклит (шамамен б.д.д.540ж.). Оның есімі философия тарихында өшпес із қалдырған. Сонымен қатар, Гераклит тарихта Қараңғы деген қосымша атпен белгілі. Мұндай теңеу оның шығармаларының ерекшелігіне: ойлау машығының сипатына, тіліне, стиліне қарай айтылады. Гераклиттің ойлары өте қысқа әрі жинақты келеді. Ол түсініксіз сөздер арқылы терең ой жүйесін ширатып, әрбір құбылыс пен заттың мәнін ашуға тырысады.

Гераклит қарама-қарсылықтардың бірінсіз-бірі өмір сүрмейтіндігін дәлелдеп шықты. Ол дүниенің тұрақсыздығын, оның үнемі қозғалыс пен өзгерісте, жалпы дамуда болатынын айқындап берді. «Өзендегі суға екі рет түсе алмайсың, өйткені ол ағып жатыр» дейді. Мұның өзі барлығы ағып, үнемі дамуда болады деген пікірді білдіреді. Гераклит қарама-қарсылықтардың бір - бірінен ажыраспайтынын, бір - біріне өтетінін, алмасатынын, бірін-бірі толықтыратынын, бірі жойылса, екіншісі де жоғалатынын айқындап берді.

Гераклит сол кездегі басқа ойшылдар сияқты жаратылыстану саласымен айналысып, дүниенің негізін материалдық біртұтастықтан іздеді. Сондықтан да ол дүниенің негізін отта деп есептеді.

Гераклит – көрнекті диалектик, теориялық ойлаудың шым-шытырман тұңғиығына, оның қайшылықтары мен бұрылысы көп жолдарына батыл көз жүгірткен ғұлама философ. Гераклиттің диалектикасы көптеген келелі мәселелерді көтерді. Сондай проблемалардың бірі таным процесін, әсіресе, диалектикалық танымның салыстыру әдісімен қалыптасатынын атап көрсетті. Салыстыру арқылы жақсылық пен жамандықтың, әсемдік пен көріксіздіктің т.б, жігін ашып, мәнін негіздеуге тырысты.

Грек философиясында Гераклит диалектикасына қарама-қарсы бағытта пайда болған сол кездегі ағымдардың бірі - Элей мектебі болды. Ол мектептердің өкілдері – Парменид пен Зенон. Парменид пен Зенон бастаған Элей мектебі келелі философиялық мәселелерді көтерді. Ең алдымен олар болмыс туралы проблеманы жан-жақты талқылады.

Пифагоршылдар – ежелгі грек философы, әрі математигі, Пифагордың ізбасарлары. Олар дүниенің негізін сандық қатынастарда, сан барлық заттар мен процестердің мәні деп есептеді. Сандардың негізі әрбір зат пен процестің өлшемінде жатыр.

Әрбір сан белгілі бір мәнді - аспанды, жерді, махаббатты, әділдікті т.б. көрсетеді.

Мысалы, 1 (бірлік) - бастапқы мән, ол - Құдай. 2 (екі) - екі бірліктің қосындысы, қарама-қарсы бірліктер, бұл - материя.

Алғашқы 4, 7, 10 сандарын қасиетті деп есептейді. Өйткені, олар дүниедегі барлық заттардың негізінде жатыр. Пифагорлықтарда сандар бірінші орында болды, сандардың элементтері барлық заттардың элементтерін тұрады және барлық әлем ретінде мойындайды. Сонымен Пифагор мектебі табиғаттың жұмбақ сырларын, құбылыстардың мазмұны мен мәнін сандар мен математикалық қатынастардан іздестіреді. Бұл түсінік ежелгі грек мәдениетінде пропорция категорияларының, симметрияның, дәлдіктің орнығуына ықпал етті.

Үндестікті сандық сәйкестік ретінде қабылдады. Әлемнің үйлесімі сандық пропорциямен, өлшеммен анықталды.

Элей мектебі болмыс туралы философиялық мәселе көтере отырып, оның мәнін ашуға әрекеттенді. Болмысты тек ойлау арқылы білуге, түсінуге, сырын ашуға болады. Ендеше, негізгі мәселе – ойлаудың болмысқа деген қатынасы. Бұл - Элей мектебінің ашқан жаңалығы. Мұның өзі кейін философияның негізгі мәселесіне айналды.

Элей мектебінің негізін қалаған Парменид б.з.б. VII-VI ғғ.). Ксенофанның шәкірті. Еуропалық рационализмінің көш басында тұрған ойшыл. Немістің атақты ойшылы Гегель: «Философия толық мағынасында Парменидтен басталғанын мойындауға тиіспіз», - деп жазды.

Ол көптеген философиялық проблемаларды шешіп, соның ішінде тұтастық пен көптік (жалпы және жалқының), алғашқы болып болмыс категориясын ұсынды.

Болмыс дегенде пайымдаушы ақыл дүниесін, ойлауды белгілейді. Ол тұтас, тұрақты, қозғалмайды, ал көптік - табиғат, ол болмыс емес, өйткені өзгеріп отырады, қозғалыста болады. Сол себептен болмыс, субстанция ретінде бола алмайды.

Болмыс, ойлау, тұтастық ақылмен танылады.

Болмыс емес, табиғат көптік пікірмен ғана түсіндіріледі, сезіммен танылады деген.

Парменидтің негізгі қағидасы: не жөнінде айтылғанның, ойлағанның бәрі бар нәрсе, яғни, «ойлау» мен «болу» («бар») бір нәрсе. «Ойлау мен болмыс функциялары біреу және ойлануды білдіреді. Ал, болмыс еместікке айтылатынның барлығын жатқызуға болады. Бар немесе болады, яғни, дегендерді ойлаудан таба алмайсың,Яғни, болмыс еместен де тыс ештеңе ештеңе жоқ деген ойшыл. Парменид болмыс туралы терең ой-пікірлер қозғаған. Ол: «Болмыс бар, болмыс емес жоқ» - кесіп айтты.

Парменидтің шәкірті Зенон (б.з.б. 490-430 жж.) философия тарихына қозғалысты теориялық тұрғыдан дәлелдеуші, Гераклиттің диалектикасының сыншысы ретінде енді.

Өзінің әйгілі апорияларында («Дихотомия», «Ахиллес пен тасбақа», «Жебе») кеңістік пен уақыт үзілісті (дискреттік) сәттерден тұратындықтан қозғалыстың мүмкін еместігін дәлелдейді.

«Дихотомия» апориясында қозғалыстың мүмкіндік фактісі былай қарастырылады: «барлық жолды жүріп өту үшін оның жартысын, ширегін т.б. өту қажет. Бұдан шығатын ой қорытындысы мынадай: адам бір орнында қалады, қозғалыс мүмкін емес». «Ахиллес» апориясында Ахиллес тасбақаны қуып жете ала ма?», - деген сұрақ қойылады. Сөзсіз қуып жете алады деп жауап береді кез-келген адам.

Алайда, бұл кәдімгі эмприкалық білім. Зенон бұған теория тұрғысынан дәйекті және берілген сұраққа қарсы жауап береді. Бұл жерде Зенон тек дискреттік уақытты ұлғайту, дамудың үздіксіздігі мен уақыттың үздіксіздігін қолдамайтындығында ғана емес, сонымен қатар болашақ Парменид шәкірті табиғат туралы білім, оның қозғалысы туралы тек ой ғана, шындық емес екендігін айтады.

Зенон қозғалыс проблемасын шеше алмағанымен, оның тарихқа сіңірген еңбегі бұл проблеманы алға қоя отырып, шешілуіне ықпал жасады. Диалектиканың ғылым ретінде қалыптасуына жәрдемдесті.

Атомистер – материалистік тұрғыдағы философиялық мектеп. Негізі өкілдерінің бірі: Демокрит. Оның пікірінше, барлық материалдық дүние атомдардан тұрады. Атом бөлінбейді, мәңгілік, өзгермейді, өзіне-өзі тең.

Софистер б.д.д. V-IVғ. өмір сүрген. Софистік философия, шын мәнісінде, антропалогиялық ілім болып қалыптасқан еді. Оның негізін қалаушы аға буынның өкілі — Протагор болатын. Протагордың «Адам - барлық дүниедегі заттардың мөлшері» деген қағидасы адам туралы ілімнің іргетасын калаған негізгі принцип болды. Шынында да, адам барлық заттардың және соған қатысты процестердің мөлшері болуға тиіс. Мұндай идеяның негізінде адамның өзінің рөлі де және оның қызметінің маңызы да жан-жақты қамтылады.

Классикалық философия. Сократ, Платон, Аристотель.

Сократ (б.з.б. 469-399 жылдары) жасында мүсіншілікпен айналысып, кейін философ, қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді.

Сократтың философиясы әрбір ғасырдағы, әрбір дәуірдегі адамдарды үнемі ойлантатын, ешуақытта маңызын жоймайтын аса қажетті ілім. Сократ софистер басын бастап, бірақ, аяқтай алмаған адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Ол, ең алдымен өзіне дейінгі философтардың ой-пікірлерін талдай келе, олар негізгі кемшілігін көре білді. Сократтың ойынша, таным философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Сократ мәселені батыл қойды. Дүниені тану, әлемді тану, әрине, қажет-ақ. Дегенмен адам өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін білуге ұмтылуы керек. Осыдан келіп Сократтың бірінші принципі шықты. «Сен алдымен өзінді-өзің таны». Сократ бұл жерде адамның өмірін философияның негізгі мәселесі етіп қараумен шектелмей, өмірдің өзін өзіндік сана ретінде қарап отырған. Ендеше, адамша өмір сүрудің өзі өнер екен. Оның екінші қағидасы: Менің білетінім - менің ештеңе білмейтіндігім, ал басқалар мұны да білмейді». Адам өзіне-өзі сырттай үңілген сайын, өзін өзі тануға ұмтылған сайын, сайып келгенде ештеңе білмейтіндігін анықтайды.

Сократқа дейінгі философтар «Адамның мәні неде?», «Табиғат деген не?» деген сұраққа жауап іздеген болса, Сократ «Адам табиғатының мәні неде?», - деген сұрақтың жауабын табуға ден қояды. Адам - бұл жан, жан дегеніміз - парасат, ақыл, ойлау белсенділігі мен адамгершілік, қылық. Адамның материалдық денесін терістемейді, бірақ, ең бастысы – «психея» (жан), оны жетілдіріп ізгілендіру керек. Ізгілік барлық байлықтың бастауы, жекелеген адамдардың, мемлекеттің игілігіне жеткізеді деген байлам жасайды.

«Өмірде және іс-әрекетте ізгілікті болу үшін не істеу керек?», - деген сұраққа алдымен ізгілікті түсіну керек, содан соң, түсіністік негізінде жадыда әрекеттеу керек деген жауап қайтарады. Ол ізгіліктің үш түрін бөліп көрсетеді: өзін-өзі ұстай білу; батылдық; әділдік.

Платон (б.з.б. 427-347 жылдары өмір сүрген) атақты және аса ауқатты бай жанұядан шыққан.Философия тарихында Платонның қалыптасуы, көбінесе оның ұстазы Сократтың есімімен тығыз байланыстырады. Оның үстіне Платонның көптеген шығарма сұхбаттарының негізгі кейіпкері — Сократ. Ол Афины демократиясын қатты сынға алды. Платонның еңбектері:«Мемлекет», «Театет», «Федон», т.б. Сезімнен тұратын шындықты Платон нақты шындық емес, ол текөмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Танымдүниені білу емес, еске түсіру деп уағыздады. Идея деген ұғымды алғаш философияға енгізген де - сол. Табиғатта идея тек түр ретінде өмір сүреді. Заттар өз қасиет сипатынсол түрге сәйкестенуі арқылы иемденеді. Идея ол біріншіден мәңгі, ол тумайды да, өлмейді де, өспейді де,кемімейді де; екіншіден, ол біртектес, әртүрлілік текзаттарға тән, олар өнеді, өшеді, - дейді Платон.Сөйтіп, ол идеяны алға тартады.

Бұл ілім Платонды материалдық әлемді, физикалық, сезімдік, сонымен қатар материалдық емес, физикалықтан жоғары, метаэмпирикалық әлем жайлы сөз қозғауға жетеледі.

Табиғаттан тыс ақыл мен пайымдалушы шындықты идея деп атады. Идея - заттардың мәні, парадигма, әрбір заттың моделі. Идеялар тұрақты, өзгермейді. Олардың жиынтығын гиперурания деп атайды. Атының өзі айтып тұрғандай, ақыл ойдың жетістігіндегі бұл мифтік көрініс. Ол жанның ең жоғарғы бөлігіне ғана танылады. «Ғажайып – біріншіден, мәңгілік, яғни, туылмайтын, құлдырау мен дамуды білмейді. Екіншіден, бірдеңеден ерекше, бір жерден немесе бір кезде, біреумен салыстырғандай ғажайып емес, басқа уақытта, басқа жерде, басқалар үшін әр алуандығында. Ғажайып дегеніміз – алдымыздағы бет-бейне, қол немесе аяқ тіпті, басқа да дене бөліктері, сол сияқты сөйлеу мәнері, жан-жануарлар кейпінен тыс көрініс береді. Жер, аспан немесе басқа да бір нәрсе емес әрқашан өз-өзімен бірлік дәрежеде болуы... Ғажаптықтық бір бөлігінен бастау алып, әркез баспалдақпен жүріп келе жатқандай ең ғажайып әлемнің шыңына шығуды мақсат тұту қажет. Бір ғажап денеден екіншіге, екіншіден – барлығына, ғажайып денеден – ғажайып адамгершілікке, ал, ғажайып адамгершіліктен – ғажайып ілімге, міне, осы ілімдерден ғажаптықтың шыңына жетіп, мәнін түсінгенге дейін жету алға қойылған міндет», - деп жазады Платон.

Идеялар әлемі – көпшілдіктің, адамгершіліктің, эстетикалық, математикалық және басқа да идеялар. Парменидтің түсінігіндегі ақыл жететін әлем болып Тұтастық саналады. Тұтастық сияқты көбісі бір-бірімен байланыста болады ма?

Идеялар дүниесін иерархиялық жүйе ретінде түсіндіреді. Төмендегі идеялар жоғарғыдағыларға бағынады, жоғарғы идея абсолютті, басқалардың шарты болып табылады. Осынау шырқау шыңдағы идея Игілік, ол-тұтастық. Игілік - тұтастықтың функциясы. Тұтастыққа қарама-қайшы бастапқы - сансыз көптік, ол да шексіз.

Шәкірттерін оқыту үшінАкадемия ашты. Мемлекетті философтар басқармайынша адам баласы зұлымдықтан арылмайды. Платон жастарды философиямен айналысуға шақырды.Философ болу үшін, таңдана білу керек, — дейді.

Аристотель (б.з.б. 384-322 ж.ж.) философиясы, жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген проблемаларға жан-жақты талдау жасап, өз заманының көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті.

Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды. Ол «Метафизика» деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі - болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты.

Аристотель - Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау процесінде ол Платонның көзқарасына қарсы шықты. Аристотельге: «Сен неге көзінің тірісінде ұстазыңа қарсы шықпадың», - деп айып таққанда, ол: «Платон маған дос, бірақ ақиқат одан да гөрі қымбатырақ» - деп жауап беріпті.

Аристотель барлық ғылымдарды, философияны үш үлкен салаға бөледі:

1) теориялық; оның өзегі болмыс туралы ілім;

2) практикалық; адамның іс-әрекетімен байланысты және оны моральдық тұрғыдан жетілдіруге бағытталған;

3) өнімді немесе поэтикалық; белгілі нысындар мен құндылықтарға бағытталған. Ойшыл метафизиканы физиканы, психология мен математиканы «бірінші философияға» жатқызады.

Этика Аристотельдің түсіндіруінде - уағыз, өсиет. Қазіргі жастар «Никомахова этикасын» оқып шықса, мөлдір бастаудан қанып ішкендей рахат, тұнық, кең тыныстар еді. Бұл кітапта адамгершілікті, ізгі ниетті мінез-құлық қана қоғам игілігіне тұғыр болатыны айтылады. Аристотель калокагатие деген айрықша ұғым қалыптастырады. Калокагатие - әсемдік пен ізгіліктің бірлігі. Бұл ереже грек философиясындағы дәстүрлі көзқарас.

Әсемдіктің жоғарғы формасы, сұлулықтың жоғарғы сатысы - өнер.

Өнер дегеніміз - табиғатқа еліктеу.

Эллиндік философия. Эллинизм дәуірі (б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырдағы) басталды. Эллинизм ойшылдары стоялықтар – Аристотель ілімін, эпикуршілдер Демокритті, скептиктер Элей мектебі мен софистерді, Платонды әрі қарай ілгері жалғастырушылар болды.

Ендеше, заманның мәнін, ішкі рухани дүниесін түсіну үшін эллинизм дәуірі, ондағы стоялықтар, эпикуршілдер және скептиктер маңызды рөл атқарды.

Стоялық бағыттың негізін салған – Зенон. Әсіресе, стоялық ойшылдар өзінің логикасында, физика мен этикасында табиғатты, яғни сезімдік материалды, ғарышты субъекті ретінде қарап, сол арқылы адамның негізін түсінуге ұмтылды.

Эпикуршілдік бағыттың өкілі Эпикурдің есімімен аталатын философиялық ағым сонау Демокриттің атомдық философиясын дамыта отырып, осы эллинизм дәуірінде адам туралы көптеген мәселелер көтерді. Эпикуршілдікті жаратылыстану саласын және этика мен эстетика мәселелерін көтерген ғылыми бағыт деп қарауға болады. Бұл ағымның негізгі бір ерекшелігі ұсақ бөлшекті атомдарды қарастыра отырып, солар арқылы адамдардың қоғамдық өміріне талдау жасайды.

Скептиктер (грек тілінде «қараймын», «зерттеймін», «күдіктенемін») бағыты адамның ішкі дүниесін, рухани өмірін өзгерткен көптеген ойларды қамтыды. Бұл ағымның негізін қалаушылар Пиррон, Секст Эмпирик, тағы басқалары болды. Бұл философияның негізі адамның ойы арқылы айналадағы дүниеге кеңінен көз салу, оны жақсылап көріп алу, өткен жолымызға қайта қарау және танымның жетістігіне сын көзбен шолу арқылы оны қайта бағыттау.

Неоплатонизм өз дәуіріне тән философиялық бағыт болғандықтан сол заманның қоғамы мен адамының әлеуметтік тәжірибесін дәл ұғынып, оны абстракциялық философиялық формулаларда шебер көрсете білді. Тіл жеткісіз Тұтастық пен оның алуан түрлілікпен байланысын іздеу, Тұтастықты абсолюттендіру және Тұтастық пен материалдық ғарыш, құдай мен адам арасындағы шексіз аралық сатыларды іздеу мифологиялық ойлауды философиялық тұрғыда жаңғыртуға әкелді. Тәнге қатысты барлық нәрселерге қарсы шығу, аскетизм мен экстаз туралы ілімге басымдылық беру тек ерте христиандық философияға ғана емес, бүкіл ортағасырлық теологиялық ойлауға озінің едәуір ықпалын тигізді. Филон Александрийскийдің Көне Өсиет (Ветхий Завет) грек философиясымен алғаш синтездеуге ұмтылысы өзінің жалғасын таппады. Христиан дінінің жеңіске жетуі ертедегі гректердің ойлау тәсілін игере отырып, теріске шығару арқылы жүзеге асты. Бұл ортағасырлық өркениетте бастапқыда антиктік-христиандықты, ал кейінірек еуропалық христиандықты даярлады.

5-тақырып.Ортағасырдағы батыс-европалық және араб-мұсылман философиясы

Ортағасырдағы батыс-европалық философия.

Ортағасырдағы батыс-европалық философия V-XIII ғ. қамтиды.Ортағасырлық батысеуропалық философиясында үстемдік етуші дүниетаным христиандық болды. Осы аталған дәуір философиясы «құдайдың қызметшісіне» айналды. Христиандылықтың қасиетті кітабы – Інжіл. Грек тілінен «кітап» деген мағынаны білдіреді.Христиандық дүниеге көзқарас монотеистік сипатта болды. Олар құдайдың бар екендігін былай дәлелдейді: Әке - құдай, ұл – құдайы және қасиетті рух.

Орта ғасырдағы негізгі идея теоцентрлік сипатта болды, яғни жоғарғы жаратушы ретінде құдайды, ал қоршаған орта оның туындысы.

Осыдан философияның Құдайдың болмысын дәлелдеу міндеті келіп шығады. Христиандық монотеизмнің негізінде екі ұстаным жатыр, оның бірі-жаратушы, жасампаздық идеясы, екіншісі - жариялық идеясы. Олар өзара тығыз байланыста, өзара шартты байланыста, себебі трансценталды бір Құдай идеясын көтереді.

Жасаушы идеясы ортағасырлық онтологияның тірегі болса, жариялылық идеясы гносеологияның тұғырын қалайды. Христиан догматы бойынша Құдай дүрмені өз еркімен жоқтан бар етіп жаратқан. Өзінің шексіз қуаты арқасында ол әрбір сәтте дүниенің болмысын сақтайды. Мұндай дүниетаным креационизм деп аталады (лат. «creatio» - жасап шығару, құру).

Орта ғасырлық батысеуропалық философиясын келесі кезеңдерге бөлуге болады:

Патристика (латынша - әке) – ІІ-VІғғ. алғашқы христиан философиясының негізін салушы шіркеу әкелерінің мектебі, ілімі.

Апологетика (грекше - қорғаймын, ақтаймын) – ІІ – ІІІ ғ.ғ. пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздаған ілім;

Классикалық патристика - (ІV-Vғғ.) - тринитарлық мәселе, яғни әке, ұл және қасиетті рух мәртебесі арақатынасы туралы ілім; христологиялық мәселе, яғни Христостағы екіұдайлық, яғни құдайлық және адамдық екі бастама туралы; антропологиялық мәселе, яғни құтқару мен арылу барысындағы Құдайдың мейірімі мен адамның күнәһарлық табиғаты жөніндегі ілім;

Соңғы кезең (VІ-V ІІІ ғғ.) - христиандық догматиканың орнығуы, теология мен ғылымның энциклопедиялық кодификациялануы.

Схоластика (латынша мектеп) - ортағасырлық теологиялық ілім, философияның теологияға қызмет ететін тұсы. Схоластиканың үш кезеңі болды: 1.Балауса схоластика (ІХ-ХІІғғ.); 2.Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІғ.); 3.Құлдырау кезеңі (ХІV-ХVғғ.).

Схоластикалық философияның негізгі мәселесі:

Құдайдың бар екенін рационалды (ақылмен) дәлелдеу;

Жалпылықтың жекелікке қатынасы немесе «универсалий», яғни жалпылық ұғым мәселесі.

Осы сұрақтарға жауап бере келе схоластикада екі бағыт пайда болды:

Номиналаизм (лат.nomo- ат, атау) бойынша алдымен қандай да бір зат пайда болса, оған ат беріледі. Олар құдайдың бар екендігін былай дәлелдейді: Әке - құдай, ұл - құдайы, рух - құдай. Номинализм өкілдері - П.Абеляр, Росцелин, Дунс Скот, Жан Буридан, Роджер Бэкон.

Реализм бағыты бойынша алдымен заттың өзі емес, оның жалпы атауы «универсалийлер» пайда болады, яғни сөз, соған сәйкес зат болады. Құдайдың бар екендігін былай дәлелдейді: Құдай туралы сөз бар, яғни құдайдың заты да, өзі де бар. Реализм өкілдері: А.Кентерберийский, Шампо.

Патристикалық кезеңнің атақты өкілі - Аврелий Августин Ә у л и е (354-430) - христиандық теолог, «шіркеу аталарының» (католиктерде) бірі, христиандық дүниетаным жүйесін жасаған әулие. Христиандық әлемде дін және философия мәселелері бойынша шексіз беделі болған және «Ұстаз» деген атаққа ие болған. Антиктік мәдени мұра мен оған христиандықтың қатысы туралы пікірталаста сенім мен ақылдың үйлесімдігі туралы ілімді тұжырымдап, «Қасиетті Жазу» мен «Қасиетті Өсиеттің» күмәнсіз беделдігін мойындай отыра, адамның діни өміріндегі ғылым мен философияның рөлін кемітпеді. Августин жүйесіне рухани бастауларды әсірелеу тән. Адам үшін, дейді ол, Құдай мен дүние арасында таңдау бірден-бір абыройлы құндылық болып табылады. Адам тіршілігі құндылықтарының арасында ылғи жақсы көріп аялайтын игіліктер мен тек пайдалануға жарайтындарын бөлуге болады. Біріншісіне тіршіліктің бастауы болып табылатын абсолютті жақсылық ретінде Құдайды сүю жатады. Екіншісіне адамзат мәдениетінің жемістері мен нақтылы дүниедегі игіліктерді қосуға болады. Оларсыз тіршілік ету мүмкін емес. Бірақ оларға үйреніп, жақын көруге болмайды. Августин Құдайға біртіндеп жақындатып, тән мен жанды тазартатын, аскеттік сипатта болатын «катарсис» жүйесін тұжырымдады. Августиннің мәдениетке деген көзқарасы «Құдай қаласы туралы» еңбегінде берілген. Ол екі адамдық қауымдастықты бөліп қарастырады: «Жер қаласы» — Құдайды ұмытқан өзімшілдікке негізделген мемлекет пен мәдениет және «Құдай қаласы» — өзін ұмытқан, Құдайға деген сүйіспеншілігі шексіз рухани бірлестік. Рим империясының соңғы уақытына ұқсас «Жер қаласы» нәпсіқұмарлық пен күнәһарлыққа толы және «алғашқы күнәдан» бастау алады. Осы қалада өмір сүруге мәжбүр адам бар ықыласын Құдайлық Қалаға бағыттауы керек. Августиннің теологиялық ілімдері оның эстетикасымен де тығыз байланысты.

Фома Аквинский (1225-1274) - италияндық діни ойшыл. Католиктік шіркеудің ең ірі ойшылы. Дегдар отбасынан шықса да, ол ата-анасының қарсылығына қарамастан, доминикандық діни ұйымға кіреді. Париждегі Сен-Жак монастырында, кейін Париж унверситетінде дәріс береді. Сонан


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow