Кіріспе. Философия дегеніміз не және философияны жоғары оқу орнында қалай оқыту керек ?

Философия дегеніміз не және философияны жоғары оқу орнында қалай оқыту керек?

Біріншіден, философия студентті абстрактілі ойлауға үйретеді және шығармашылық қабілетін арттыруға көмектеседі.

Екіншіден, философия орасан зор теоретикалық базаны иеленеді, ондағы көтерілген философиялық мәселелерді талдау барысында өздерінің ішкі рухани жан дүниесін байыта отырып, өмірде өзіндік позициясы мен көзқарасын дұрыс қалыптастыра алады.

Философияны оқи отырып, адамзат тарихы жолында қордаланып жинақталған барлық білімді негізге алып қарастыратын философия тарихын қозғамау мүмкін емес. Сондықтан философия тарихы бірсызықты, кумулятивті процесс емес, ол «…адамның өзін өзі тануының, өз мүмкіндіктерінің, өз қабілеттерінің, қоршаған ортадағы орнының, өз өмірі мәнінің мәңгі әрекет бейнесі».

Оқу-әдістемелік кешенде біз философиялық мәселелерді нақты өмірден іздеу қажеттігіне баса назар аудардық. Философиялық мәселелелерді методологиялық тұрғыдан шешу барысында студенттер қоғам тудырып отырған көптеген мәселелерді дұрыс түсініп шеше алады деген үміттеміз.

«Философия» пәніне арналған оқу-әдістемелік кешен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің барлық мамандықтарының студенттеріне арналған. Оқу-әдістемелік кешенде дәрістер кешені, семинар сабақтарының тақырыптары, студенттің өзіндік жұмысына дайындалуына арналған материалдар, сонымен қатар аталмыш ПОӘК-де «Философия» курсы бойынша студенттің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар берілген.

Силлабус құрылымы

1. Оқытушы туралы мәлімет

Лектор:

Кеңес күндері: кафедраның жұмыс кестесі бойынша

2.Пән туралы мәлімет

Пән: философия 3-кредит

дәріс-30 сағ., машықтану -15сағ., СОӨЖ -15 сағ., СӨЖ-75 сағ.

ОҚУ УАҚЫТЫН БӨЛУ

Семестр апта лары                               Барлығы
  Дәріс тер                                
  Практика                                
СОӨЖ                                
  СӨЖ                                
  Барлы ғы                                

Пререквизиттер

Пәнді оқып-үйрену үшін студент тарих, мәдениеттану, қазақтың рухани мұрасы пәндерінен білімі болуы керек.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: