Таксономиясы. Нокардияларды алғашқы рет 1888 жылы Нокар ашқан, Эппингер нокардиялар тудырған адамның өкпе және миының

Тұқымдастығы. Асtinomycetaceae

Туыстастығы: Nocardia

Түрі:. N. asteroides, N. brasiliensis, N. caviae.

Нокардияларды алғашқы рет 1888 жылы Нокар ашқан, Эппингер нокардиялар тудырған адамның өкпе және миының зақымдануларына сипаттама берген.

Морфологиясы. Өсу кезеңінің алғашқы сатысында салыстырмалы түрде дамыған мицелий құрайды. Содан кейін септалар пайда болады, мицелийлер бөлшектеніп таяқша тәрізді, кок тәрізді элементтер түзіледі, олар бинарлы жолмен немесе б8ршіктеніп бөліне бастайды. Тұрып қалған дақылдарда көп жасушалық жіпшелер кездеседі, олар мицелийлердің толық бөлшектенбеген нәтижесінен пайда болады. Конидиялар түзеді. Грам әдісіне құбылмалы болып келеді: патологиялық материалда-грам оң, қысқа тармақталған, жіпшелер және дифтероидты жасушаларға ұқсас, ескі, тұрып қалған дақылда грам теріс, диссоциацияланған элементтер. Циль-Нильсен әдісімен боялады, қышқылға тұрақтылығы төмен деңгейде.

Дақылды өсіру. Қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі (ЕПА, ЕПС, Сабуро ортасы ж.т.б.). Температуралық оптимумы 28-370 С. Сұйық қоректік орталарда алғашқы кезеңінде нәзік мөлдір қабықша пайда болады, әрі қарай ашық сары түске ауысады. Кейбір жағдайларда мақта түйіршігі немесе дәндер тәрізді өседі. Тығыз қоректік орталарда 2-3 тәулікте ұсақ, тегіс, ылғалды колониялар түзеді. 10-14 тәуліктен кейін ортасы иілген және шеттері тегіс емес. Ашық түстен қызыл түске дейін пигменттер түзеді, олар қоректік орта құрамына таралады.

Ферменттік белсенділігі, жоғары, негізгі айырмашылық белгілері 14.21-кестеде келтірілген.

Кесте 14.21

Нокардиялардың негізгі дифференциалдық айырмашылықтары

Түрі Ыдырауы Түзу қабілеті
казеин эскулин тестостерон ксантин қышқыл фосфатаза бетта-эстераза уреаза
Nocardia amarae - + - - - - +
Nocardia asteroides - + + - + - +
Nocardia brasiliensis + + + - + - +
Nocardia brevicatena - + + - ? ? -
Nocardia carnea - + + - + + -
Nocardia farcinica - + + - - + +
Nocardia nova ? ? ? ? - + +
Nocardia otitidis caviarum - + + - + +/- +
Nocardia pinesis - - ? - ? ? +
Nocardia seriole - + ? - - - +
Nocardia trancvalensis - + - +/- ? ? +
Nocardia vaccini - + - - + + +

Экологиясы. Барлық жердегі топырақта және шіріген органикалық субстраттарда кездеседі. Адам ағзасының қалыпты микрофлорасына жатпайды. Дегенмен, кейбір кезде сау адамдардан бөлінуі мүмкін. Қоршаған ортада тұрақтылығы жоғары. Гентамицин мен левомицетинге және кеңінен қолданатын дезинфектантттар мен антисептиктерге сезімтал.

Эпидемиологиясы. Инфекцияның көзі – топырақ, таралу механизмі – қарым-қатынастық, таралу жолдары – жарақат арқылы, сонымен қатар – ауа-тамшылы және алиментарлы жолмен контаминацияланған тағамдар арқылы таралуы мүмкін. Нокардияларды қабылдағыштық шартты-патогенді микроорганизмге сәйкес келеді.

Патогенезі. Оппортунистік инфекция тудырады. Алғашқы кезеңінде нокардиялар альвеолярлы макрофагтардың цитоплазмасында сақталып персистенциялық жағдайларға әкеледі. Соның нәтижесінде көптеген бір-бірімен байланысты абсцесс пен гранулемалар түріндегі қабыну үрдісі дамиды.

Клиникалық көрінісі. Нокардиоз – адамның оппортунистік инфекциясы, көбінесе өкпенің, тері асты шелмайының (клетчатканың) зақымдануынан іріңді-гранулемалық қабыну пайда болады.

Нокардиоз сирек кездесетін ауруларына жатады. Жыл сайын дүние жүзінде 1,5-2,0 мың аурулар саны тіркеледі, олардың жартысы – иммунитет тапшылығы бар адамдарда дамиды.

Негізгі зақымдану түрлері - өкпелік және тері асты шелмайының нокардиоздары. Өкпелік нокардиоздарды жиі - Nocardia asteroides,, ал тері асты тіндерді - Nocardia brasiliensis тудырады.

Иммунитеті толығымен зерттелмеген.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттейтін материал – қақырық, ірің, тін биоптаттары. Диагноз қою үшін бактериоскопиялық, бактериологиялық әдістерді қолданады. Көбінесе бактериоскопиялық әдіспен зерттейтін материалда септалары жоқ гифтер анықталғанда диагноз қойылады. Қорытынды диагноз қоздырғышты бөліп алуға негізделген.

Емдеуі. Сульфаниламидті препараттар немесе олармен бірге левомицетин мен гентамицин қолданылады.

Арнайы алдын алуы қарастырылмаған. Бейспецификалық сақтандыруы адамның иммундық статусын жоғарылатуға бағытталған.

14.6.3.1. Бифидобактериялар (Bifidobacterium туыстастығы).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: