Таксономиясы. Тұқымдастығы: Picornaviridae

Тұқымдастығы: Picornaviridae.

Туыстастығы: Enterovirus.

Түрі: Коксаки вирус А және В.

Морфологиясы. Коксаки вирустары – өте майда вирустар. Вирионның симметриялық типі куб тәріздес. Кейбіреулері мөлшері 100 нм-ге дейін жететін кристалл құрауы мүмкін. Жалпы пикорнавирустар сияқты құрамында липидтер жоқ, гемагглютинин бар.

Дақылдандыру. Коксаки вирустары штамдарының көбісі жасуша дақылдарынад өседі. Жаңа туған ақ тышқандардың организмінде жақсы көбейеді, оларға жұқтырғаннан кейін пайда болатын клиникалық белгілеріне байланысты екі топқа бөлінеді – А және В Коксаки вирустары.

Антигендік құрылымы. Коксаки – вирустарының 30- дан астам серотиптері белгілі. Антигендік құрамына сәйкес А тобына 26 тип (соңғы мәліметтер бойынша 28), В тобына – 6 серологиялық типтер жатады. Олардың серологиялық варианттарының бәріне ортақ топтық спецификалық антигендері бар, және әрқайсысына тән типтік – спецификалық антигендері де болады. А және В тобындағы вирустардың ортақ комплементбайланыстырушы антигені бар. Коксаки – вирустың кейбір штамдарының гемагглютинациялаушы қасиеті бар, оны ГАТР–ның көмегімен анықтауға болады.

Эпидемиологиясы. Коксаки вирустарының кең таралғаны белгілі болып отыр. Инфекция резервуары – инфицирленген адам. Коксаки – вирустар науқастанғандар мен қатар дені сау адамдардың (әсіресе 4 жасқа дейінгі балалардың) ішек жолынан, мұрын – жұтқыншағынан табылған, олар әртүрлі жануарлардың организмінде де айналымда болуы мүмкін. Вирустар сыртқы ортада – канализациялық суларда, шыбын денесінде де кездеседі. Негізгі берілу механизмдері - фекальды-оральды және жанасу (контакт) арқылы (мұрын-жұтқыншақ бөліндісімен жұғады). Бұл инфекциямен науқастанушылық жазғы – күзгі маусымда жиірек байқалады.

Патогенезі және клиникалық көріністері. Организмге Коксаки – вирустың ену жолдары және таралуы полиемиелит инфекциясы кезіндегідей. Инфекция көзі – науқас және тасымалдаушы адам. Коксаки А вирусы салыстырмалы түрде жоғарғы миотроптылығымен сипатталады, өйткені жаңа туылған ақ тышқандарға жұқтырғанда әлсіз салдану қоздырады, ал тірі қалғандарында бұлшықеттерінің дегенерациясы байқалады. Коксаки В вирусы жоғарғы дәрежеде нейротроптылығымен сипатталады. Жаңа туылған ақ тышқандарға жұқтырғанда энцефаломиелит қоздырады.

Науқастанушылық балалар арасында жиірек байқалады. 90% - дан астам жағдайда инфекция жеңіл түрде, көбінесе симптомсыз өтеді. Ауру кезеңдері полиомиелит кезіндегідей болғанымен, Коксаки – вирустар клиникалық белгілері бойынша бір-біріне ұқсамайтын неше түрлі аурулар қоздырады.

Коксаки А вирустары адамдарда ұшықтық баспа (герпангина) – жұтқыншақтың артқы қабатында ұшық – тәрізді бөртпелер, дисфагия, дене қызбасы, ауыз қуысында және аяқ – қолдарында күлдіреуік (пузырчатка), полиомиелит – тәріздес аурулар, балаларда – диарея, кейде бөртпе шығуын қоздырады.

Коксаки В вирустары полиомиелит тәріздес аурулар, энцефалит, миокардит, плевродиния (кеудесі қысылып ауыратын ұстама, дене қызбасы, кейде плеврит), асептикалық серозды менингит т.б. дамуына себепкер болады. Сонымен, қорыта келгенде Коксаки – вирустарға көпжақты тропизмділік тән.

Иммунитеті. Ауырып тұрғаннан кейін кернеулі (напряженный) типтік – спецификалық иммунитет пайда болады. Қан сарысуында вирус – бейтараптаушы антиденелер жиналып, ұзақ жылдар бойы сақталады. Комплементбайланыстырушы антиденелер бірнеше жылдан кейін жойыла бастайды.

Микробиологиялық диагноз қою. Коксаки А вирусы (1-26 типтері). Коксаки А және В топтары қоздыратын аурулардың негізгі синдромдары тыныс алу, жүрек – тамыр, нерв ж.т.б. жүйелердің әр түрлі дәрежеде зақымданулары болатындықтан зерттеу үшін алынады: мұрын –жұтқыншақ шайындысы, қан, несеп, нәжіс, жұлын сұйықтығы, өліктен алынатын материалдар. Вирусологиялық әдіс: а) жаңа туылған ақ тышқандарға жұқтыру – әлсіз салдану, өліммен аяқталу; б) жасуша дақылдарына жұқтыру ЦПӘ (толық дегенерация, таңдақ түзілу). Вирусты идентификациялау: БР (сүт сорғыш кезеңдегі тышқандарға жұқтыру). Серологиялық диагноз қою (иктервал науқастың қос қан сарысуымен): БР, КБР, ИФТ. Жедел диагноз қою: ПТР, ИЭМ (иммунды-электрондық микроскопия).

Коксаки В вирусы (1-6 типтері). Зерттелетін заттар – жоғарыда келтірілгендей. Вирус штамдарын бөліп алу: а) жаңа туылған ақ тышқандарға жұқтыру (тырысып сал болу, өліммен аяқталу); б) жасуша дақылдарына (Нер – 2, Hela ж.б.) жұқтыру – ЦПӘ (толық дегенерация); таңдақ түзілу, түсті сынама. Вирусты идентификациялау – БР. Серологиялық диагноз қою – БР, КБР, ИФТ. Жедел диагноз қою – ИЭМ.

Емдеуі – симптоматикалық ем шаралары, спецификалық, яғни этиотропты препараттар жоқ.

Алдын алуы. Жалпы медициналық алдын – алу шаралары жүргізіледі. Спецификалық профилактикасы, яғни вакцина егу қолданылмайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: