Таксономиясы. Тұқымдастығы: Picornaviridae

Тұқымдастығы: Picornaviridae.

Туыстастығы: Rhinovirus.

Түрі: риновирустарды екі топқа (Н және М) бөледі.

Морфологиясы. Риновирустардың вириондары сфера пішінді, симметриясы куб типтес, диаметрі – 20 – 30 нм. Олар энтеровирустарға ұқсас, бірақ айырмашылығы сол-риновирустар қышқыл ортада инфекциондылығын (жұқпалылығын) жоғалтып алады. Төменгі температурада жақсы сақталады.

Дақылдандыру. Риновирустарды өсіп – өндіріп көбейту үшін адам эмбрионының өкпесінің фибриобластарынан немесе адам кеңірдегінің эпителиясынан дайындалған жасуша дақылдарын пайдаланады.

Антигендері. Риновирустар антигендік құрамы бойынша біркелкі емес, олардың 100-ден астам серотиптері бар. Риновирустардың гемагглютинациялаушы қабілеттілігі жоқ, серологиялық айқас (перекрестный) реакцияларға жауапты антигендері болады.

Эпидемиологиясы. Риновирустар барлық жерлерде кездеседі, олар кең таралған. Риновирустық инфекциялар жыл бойы тіркеліп отырады, бірақ суық маусымда жиірек байқалады. Негізгі берілу жолы - ауалы-тамшылы (тұрмыстық- жанасу жолымен де берілуі мүмкін), резервуары, яғни инфекция көзі – ауру адам. Қоздырғыш науқас организмнен симптомдар көрініс бере бастағанға дейінгі 1-2-тәулікте және ауру белгілері басталғаннан кейін 2-3-тәулікте бөлініп шығады. Риновирустар суық тиюден туындаған аурулардың негізгі себепкері болып табылады.

Патогенезі және клиникалық көріністері. Вирус организмге мұрынның, ауыз қуысының, коньюктиваның, бронхының шырышты қабаттары арқылы еніп, сол жерлердің эпителиялық жасушаларында шоғырланады. Жасырын кезеңі - 2-5 тәулік, содан соң жалпы ЖРВИ-ға тән ауру белгіліері, яғни мұрын бітелуі (ринит), бронхит және бронхопневмония (әсіресе балаларда) дамиды.

Иммунитеті. Ауырып тұрғаннан кейін ұзаққа созылмайтын (2жылға дейін) типтік – спецификалық иммунитет пайда болады. Иммунитет қан сарысуында түзілген вирус–бейтараптаушы антиденелермен ғана емес, секреторлық иммундыглобулиндермен (IgA) тікелей байланысты.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттелетін зат: мұрын қуыстарының бөліндісі. Вирусты бөліп алу (индикациялау) – жасуша дақылдарына жұқтыру – ЦПӘ бойынша анықтау. Вирусты идентификациялау – БР, КБР. Серологиялық диагноз қою – БР, КБР (науқастан алынған қос қан сарысуларымен). Жедел диагноз қою ИФР (шырышты қабаттардың эпителиялық жасушаларының цитоплазмасындағы вирустық антигендерді анықтауға мүмкіндік береді).

Емдеуі – симптоматикалық.

Алдын алуы – жалпы медициналық профилактикалық шаралар, спецификалық профилактикасы жоқ.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: