Таксономиясы. Тұқымдастығы: Flaviviridaе

Тұқымдастығы: Flaviviridaе

Туыстастығы: Flavivirus

Құрылымы. Омбылық геморрагиялық қызба вирусына жалпы флавивирустардың морфологиялық құрылымдық қасиеттері тән.

Эпидемиологиясы. Инфекция Батыс Сібірдің (Ресей) кейбір аудандарында тіркелген. Вирустың резервуары және тасымалдаушысы – Ixodes туыстастығына жататын кенелер, табиғаттағы қосымша резервуарлары – әртүрлі жануарлар, кеміргіштер және құстар. Құстарда вирусемиялы симптомсыз инфекция дамиды. Адамдарға вирус инфицирленген кенелер шаққанда, ауру хайуандармен жанасқанда (мысалы, ондатра) немесе қайнатылмаған ластанған су ішкенде жұғады. Инфекция маусымдылығымен сипатталады. Трансмиссивті жолмен жұққанда науқастанушылық деңгейі кенелердің маусымдық («көктемдік – күздік қызба») белсенділігімен тікелей байланысты болады, ал жанасу (контакт) жолымен жұққанда науқастанушылық күзгі – қысқы кезеңде тіркеледі (ондатраларды ұстау кезінде – «ондатриялық ауру»).

Патогенезі. ОГҚ (ОГЛ) вирусының айқын нейротроптылығы жоқ. Тасымалдаушы шаққаннан кейін вирус қан айналымына түседі және терінің, әртүрлі ағзалардың (нерв жүйесі, бүйрекүсті безі) капиллярларының эндотелияларында реплицирленеді.

Клиникалық көріністері. Жасырын кезеңі – 2-ден 10 күнге дейін. ОГҚ-ның типтік (геморрагиялық) және атиптік (геморрагиялық көріністері жоқ) түрлерін ажыратады. Ауру көбінесе типтік жағдайда өтеді. Кесел жедел басталады, дене қызбасының көтерілуі, интоксикация, геморрагиялық синдром және менингоэнцефалит көрініс береді. Болжамы – қолайлы, өлім туғызушылығы - 1%- дан аспайды.

Иммунитеті. Ауырып тұрғаннан кейін кернеулі және ұзақ мерзімді иммунитет қалыптасады.

Микробиологиялық диагноз қою. – жалпы флавивирустық инфекциялар кезіндегідей.

Емдеуі - симптоматикалық және арнайы емдеу шаралары ретінде спецификалық гетерологиялық иммундыглобулин (жүре біткен жасанды енжар иммунитет қалыптастыру үшін) қолданылады.

Алдын алуы. Спецификалық профилактика мақсатында қолданылады:

●формалинмен өңделген өлі вакцина (М. Чумаков жасаған);

●кенелік энцефалитке қарсы вакцина (кенелік энцефалитке және де омбылық геморрагиялық қызбаға да қарсы иммунитет қалыптастырады).

С гепатит вирусы (HCV)

СГВ – флавивирустар тұқымдастығына жататын, РНҚ геномды вирус. СГВ қоздыратын гепатит әдетте созылмалы түрде өтеді. Бұл гепатиттің созылмалы түрі көбінесе бауыр циррозына және біріншілік бауыр карциномасы дамуына әкеледі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: