Емдеуі

● α-интерферон (IFN) вирустардың өсін-өнуіне кедергі жасайды. IFN фагоцитоздың, табиғи киллердің белсенділігін, HLA антигендердің экспрессиясын стимульдейді. Интерферон вирус көбеюінің кез келген сатысында тоқтата алады. Негізгі әсер ету механизмі-протеинкиназалардың синтезделуін қолдау (индукциялау). Трансляциялық сатысына тосқауыл қоюы және вирустың иРНҚ-ын ыдыратуы-кез келген инфекцияларда IFN-ның әсер ету механизмінің әмбебап екенін көрсетеді.

● Ремантадин (амантадин) М-ақуызды бөгеп және жасуша лизосомасының рН-ын өзгертіп, гриптің А -вирусының репродукциялануына кедергі жасайды. Вирустың В типшесінің құрамында М-ақуыз жоқ, оның орнында NВ-ақуыз болады (құрамында амантадин байланыстырушы сайт жоқ). Сондықтан, оған римантадин әсер етпейді. Мұндай препаратпен емдеу вирус жұққаннан кейінгі алғашқы 48 сағатта ғана тиімді. Жағымсыз әсер беру мүмкіндігіне байланысты жүкті әйелдерге, 7 жасқа дейінгі балаларға, бауыры, бүйрегі ауыратындарға, тиреотоксикозбен науқастанғандарға бұл препаратты тағайындауға болмайды.

● Арбидол – грипп вирусының А және В типтеріне әсер ететін препарат, улық қасиеті жоқ, иммундық модулятор және эндогенді интерферон индукторы.

● Препараттардың басқа тобы - нейраминидаза ингибиторлары (озельтамивир, занамивир т.б.). Олар нейраминидазаның консервативті учаскесімен байланысады. Нәтижесінде инфицирленген жасушадан вирустық бөлшектердің шығуын тежейді. Мұндай препаратпен емдеу вирус жұққаннан кейінгі 36 сағатқа дейін ғана нәтижелі болады.

Симптоматикалық емдеу (дене қызуын басатын, қан тамырларын кеңейтетін, антигистаминдік препараттар, дәрумендер, детоксикациялау, иммундымодуляторлар, протеолиз ингибиторлары т.б.) қолданылады.

Спецификалық профилактикасы. Қазіргі кезде грипп инфекциясына қарсы бірнеше вакциналар қолданылады:

● Ультравак - аллантоистық құрғақ тірі вакцина интраназальдік (Ресей);

● инактивацияланған элюатты центрифугаланған сұйық вакцина (Ресей);

● Грипповак - инактивацияланған центрифугаланған сұйық вакцина (Ресей);

● хромотографиялық инактивацияланған сұйық вакцина;

● Гриппол - полимер - суббірлік вакцина (Ресей);

● Агриппал S1-суббірлік вакцина (Германия);

● Бегривак-ыдыратылған сплит - вакцина (Германия);

● Ваксигрипп - сплит - вакцина (Франция);

● Инфлювак - суббірлік вакцина (Голландия);

● Флюарикс - сплит - вакцина (Германия, Англия, Бельгия).

Грипп инфекциясына қарсы вакциналардың бәрі тривалентті. Олардың құрамында вирустың үш штамы болады, оның екеуі А типінікі (антигендік формалары – H1N1, H3N2), біреуі-В типінікі. Жас балалар (7 жасқа дейінгі) үшін профилактикалық мақсатта сплит және суббірлік вакциналар қолданылады.Сплит – ол реактогенді липидтерден тазартылған, детергентпен ыдыратылған грипп вирусының вирионынан тұрады.Суббірлік құрамында спецификалық белсенді компоненті ретінде вирустың тек қана беткейлік антигендері – гемагглютинин (НА) және нейраминидаза (NA) болады. Бүтін вириондық және сплит-вакциналардың құрамында НА және NA-дан басқа грипп вирусының консервацияланған ішкі ақуыздары (матрикстік және нуклеопротеиндік) болады. Олар егу кезінде Т-лимфоциттердің жасушалық иммунологиялық жадында сақтау қабілеттілігінің ауқымдылығы мен ұзақтығына едәуір әсер етеді. Сонымен бірге, бүтін вириондық және сплит-вакциналар антиген-өкілеттілік түрі бойынша қолайлы. Өйткені олардың протективті антигендері вирустық мембранаға немесе оның фрагменттеріне жапсырылған. Суббірлік вакциналарда гемагглютинин және нейраминидаза жекеленген молекулалар түрінде беріледі. Вакцинация барысында айқын иммунитет 3- 4 аптадан кейін байқалады. Вакцина егу антигендік сәйкестігіне қарай 1- 3 жылға дейін грипп вирусына қарсы қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Грипп инфекциясына қарсы қолданылатын вакциналардың бәрінің профилактикалық төзімділік коэффициенті жақсы (50-80%). Тауық тұқымының ақуызына аллергиялық жағдай грипп инфекциясы кезінде қолданылатын вакциналардың бәріне қарсы көрсеткіш (противопоказание) болып табылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: