double arrow

Поксвирустар

Поксвирустар – адамдарда көбінесе шешек (ағыл.: рох – шешек) қоздыратын, ДНҚ-геномды, мөлшері өте ірі вирустар.

Poxviridae тұқымдастығына 2 тұқымдастықшалар кіреді – омыртқалылар шешегінің вирустары және жәндіктер шешегінің вирустары. Адамдарда патологиялық процестер қоздыруда рөл атқаратындарға нағыз шешек, жұқпалы моллюска, вакциналық немесе сиыр шешегінің және маймыл шешегінің вирустары жатады.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы– Роxviridae

Тұқымдастықшасы :[Chordopoxvirinae]

Туыстастығы : Orthopoxvirus ( нағызшешек және вакциналық шешек вирустары)

Parapoxvirus (паравакцина вирусы)

Avipoxvirus ( тауық шешегінің вирусы)

Capripoxvirus (қойлар шешегінің вирусы)

Leporipoxvirus (миксома вирусы)

Suipoxvirus ( шошқа шешегінің вирусы)

Molluscipoxvirus (жұқпалы моллюска вирусы)

Vatapoxvirus ( яба-маймыл ісігінің вирусы)

17.2.3.1. Нағыз немесе қорасан шешегінің вирусы

Нағыз шешек (variola vera) немесе қорасан шешек – адам ағзасының жалпы улануымен, дене қызбасымен сипатталатын, теріде және шырышты қабаттарда іріңді-папулалы бөртпелер пайда болатын аса қауіпті, карантиндік антропонозды вирустық инфекция. Шешек ауруы ерте заманнан бері белгілі адамдардың жұқпалы індеті.

1892 жылы Г.Гварниери науқастың іріңді бөртпесінен алынған затты қояндардың көзіне жұқтырып, көздің мүйізді қабатының жасушаларында ядросының қасында қосындылар (Гвариери денешіктері) пайда болатынын анықтаған. 1906 жылы Э.Пашен ерекше бояу әдісін пайдаланып шешектік іріңді бөртпенің сұйықтығынан вирустық бөлшектер (Пашен денешіктері) тапты. Қазіргі кезде қолданылатын әдістердің көмегімен шешек вирустарының құрылымы жан-жақты зерттелген.




Құрылымы. Шешек қоздырғышы ең ірі вирустар (250-400 нм), пішіні – бұрыштары жұмырланған кірпіш тәріздес. Вирионының құрылысы – өте күрделі. Вирионның ортасында гантель тәріздес жүрекшесі орналасқан, ол ақуыздық капсидпен қоршалған. Жүрекшесі ДНҚ-нан және ішкі ақуыздан тұрады, өте нәзік мембранамен қоршалған. Жүрекшенің ортасына таман екі латеральды (бүйірлік) денешіктер тіркескен, олардың функциясы белгісіз. Вирионның сыртқы қабықшасының құрамында липидтер және өсінді тәрізді шығып тұратын түтікше пішінді ақуыздық құрылымдар бар.Геномы – екі жіпшелі сызықша ДНҚ. Вирион құрамында 30 ақуыздар болады, олардың 10-нан астамы нуклеин қышқылдарының синтезделуін күшейтетін ферменттер (ДНҚ-тәуелді РНК полимераза, ДНҚ–аза және т.б.)



Дақылдандыру. Поксвирустар жалпы вирустар сияқты нағыз паразиттер болғандықтан жасанды қоректік орталарда өсіп-өнбейді. Сондықтан оларды тауық эмбрионының хорионаллонтоисты қабықшасына (вирус өсіп көбейсе – ақ түйіндақтар пайда болады) және жасуша дақылдарына жұқтыру (Гварниери денешіктері анықталады) арқылы дақылдандырады.

Антигендері. Тұқымдастықтың бәріне ортақ нуклеопротеиндік антиген–NP вирионның жүрекшесімен байланысты. Сыртқы қабатының құрамында протективті антиген болып табылатын гликозирленген ақуыздар болады. Олар – вирустық гемагглютинин, және де термолабильді, термостабильді және ерітілгіш антигендер.

Репродукциялануы.Жасушалардың цитоплазмасында атқарылады. Вирус вирионы жасушаға фагоциттік вакуольдің көмегімен енеді. Вакуоль ішінде вирион сыртқы мембранасынан арылады. Содан кейін, вирус ферменттерінің көмегімен ертелік гендер транскрипцияланады. Ертелік ферменттерді («ақуызды шешіндіретін», жүрекше мембранасын жоятын және цитоплазмада вирустық ДНҚ-н босататын) және геномды реплицирлейтін вирустық ДНҚ-полимеразаны кодтайтын иРНҚ пайда болады. Содан кейінгі транскрипциялану нәтижесінде ДНҚ және вирус ақуыздары нәзік мембранамен қоршалған жүрекшеге жиналады. Пайда болған вириондар Гольджи аппаратының модифицирленген мембраналарымен қоршалады. Сыртқы мембрана жүрекшені, латеральдық (бүйірлік) денешіктерді және ферменттерді қоршайды. Вириондар плазматикалық мембрана арқылы бүршіктенеді де, жасуша лизистенгенде сыртқа шығады.

Басқа ДНҚ-құрамды вирустарға қарағанда поксвирустардың репродукциялануы өте ерекше, өйткені өсіп-өнудің толық циклы Гварниери қосындысы пайда болатын цитоплазмада өтеді. Нәтижесінде поксвирустар иРНҚ және де ДНҚ-ын синтездеуге қажетті ферменттерді өзі кодтауы керек, ал басқа ДНҚ-құрамды вирустар оларды иесінің жасушаларынан алады.

Резистенттілігі. Шешек вирустары құрғатуға, және төменгі температураның әсеріне төзімді, эфирдің әсеріне сезімтал емес. Ұзақ уақыт шешектік бөртпелердің қабықшаларында сақталады. Хлорамин ерітіндісімен өңдегенде бірнеше сағаттан кейін өледі, 60˚C температурада – 15 мин. кейін, 50˚C температура әсерінен – 30 мин. кейін жұқпалық белсендігін жояды.

Эпидемиологиясы.Инфекция көзі –аурудың барлық кезеңдеріндегі науқас адамдар. Аурудың алғашқы 8-10 тәулігінде (бөртпе шыққаннан кейінгі) науқас өте қауіпті жұқтырушы болып табылады. Инфекция ауалы-тамшылы жолмен және тұрмыстық заттармен, науқастың киімдерімен жанасқанда жұғады. Бұрынғы кездерде көптеген елдерде шешек індеті пандемия қоздырып отырған, адмзат бұл инфекциядан көп зардап шеккен. 1967 жылы ДДҰ шешек ауруын жою туралы жоспар жасап, іс жүзінде шаралар жүргізудің нәтижесінде шешек ауруы жер шарында жойылды. Сондықтан, шешек ауруына қарсы міндетті түрде егу қазіргі кезде тоқтатылған.

Патогенезі және клиникалық көріністері.Вирус организмге жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаты арқылы еніп, регионарлық лимфа түйіндерінде шоғырланады. Біріншілік репродукцияланудан кейін қанға түсіп, барлық ағзаларға тарайды және лимфоидты тіндердің жасушаларында шоғырланады, сол жерде вирустың екіншілік репродукциялануы жүреді. Вирус аурудың алғашқы күндерінде ғана қанмен бөлінеді. Қандағы вирус эпидермис жасушаларына енгеннен кейін теріде тиісті көріністер байқалады, яғни екіншілік вирусемия тері және шырышты қабаттарда әртүрлі зақымданулар қоздырады. Алғашында түйіншек (папула) пайда болады, кейіннен сулы бөртпеге (везикула), одан кейін іріңді бөртпеге (пустула) айналады, өйткені шешек вирусына дермотроптық қасиет тән.

Тиісті клиникалық көріністер (бас ауыруы, дене қызбасы, бұлшық еттерінің ауыруы, ОЖЖ зақымдануы) қанталау (геморрагия), ісіну және өлі еттену (некроз) байқалатын көптеген зақымдану ошақтарының қалыптасуымен және тіндердің өлі еттенуі нәтижесінде пайда болған пирогендік өнімдердің организмге сіңіп жайылуымен (резорбциялануымен) байланысты. Іріңді бөртпелердің орнында тері өлі еттенеді, яғни некроз дамиды да, ауырып тұрғаннан кейін сол жерлерде тыртық пайда болады. Зақымданған тері жасушаларында цитоплазматикалық арнайы қосындылар – Гварниери денешіктері пайда бола бастайды.

Жасырын кезеңінің ұзақтығы 5-15 тәулік,дегенмен жанасу жолымен жұққанда бұл кезең қысқалау болуы мүмкін.Шешек ауруының клиникасы төрт сатыдан тұрады:алғашқы белгілерінің пайда болу сатысы (2-4 тәулік), бөртпе шығу (4-5 тәулік), олардың іріңдеуі (7-10 тәулік) және айығу (20-30 тәулік) сатылары.

Аурудың көрініс беру сипатына қарай шешектің өте ауыр түрін (геморрагиялық немесе қарайған қосылысқан шешек-100% өліммен аяқталады),орташа (дискреттік шешек) және жеңіл дәрежедегі түрін (бөртпесіз шешек,вариолоид) ажыратады.Атап өту қажет,бөртпе даму кезеңі бірнеше сатыдан өтеді: макула (қызғыш бөртпелер)→папула→күлдіреу(везикула)→ пустула(іріңдіктер). Содан кейін қабыршақ пайда болады да,ол түскеннен кейін тыртық қалады. Алғашқы бөртпе пайда болу мен қабыршақ түсіп қалғанға дейінгі кезең шамамен үш аптаға созылады.

Иммунитеті. Ауырып тұрғаннан кейін тұрақты өмірбақилық иммунитет қалыптасады, ол вирусбейтараптауы антиденелердің,интерферондардың пайда болуына, жасушалық иммунитет факторларының белсенділігінің артуына негізделген.

Микробиологиялық диагноз қою.Зерттеуге алынатын заттар: визикула және пустула бөлінділері,мұрын-жұтқыншақ шайындысы, сілекей, қан, бөртпе қабықшалары, зақымданған ағзаларың тіндері. Диагноз қоюдың тиімді әдістері: а) электронды микроскопта зерттеу; б) жарықтық микроскопта зерттеу (жағынды –бояу –Пашен және Гварниери денешіктерін табу). Гварниери денешіктері ацидофильді оваль пішінді құрылымдар, ядро маңында орналасады және де ол шешек вирусының өсіп-өніп көбейетін орны («фабрикасы») болып табылады. Вирусты бөліп алу (индикациялау): а) тауық эмбрионына жұқтыру- хорион- аллантоисты қабықшасында түйін- дақтар пайда болады; б) жасуша дақылдарына жұқтыру-ЦПӘ, Гварниери денешіктерін табу. Идентификациялау: КБР, ГАТР. Серологиялық диагноз қою: КБР, ГАТР, ИФТ, БР. Жедел диагноз қою: ЭМ, ИФР.

Емдеуі: метисазон,интерферон,адамдардан дайындалған шешекке қарсы иммундыглобулин.

Алдын алуы:Аса қатерлі инфекциялар кезіндегідей шаралар қолданылуы қажет. Шешекке қарсы тірі вакцина қолданылып келді- ол шешекке қарсы тұрақты иммунитет қоздырады. Бұл вакцинаны тауық эмбриондарында дақылдандыру әдісімен дайындалатын. Дәстүрлі түрдегі вакциналардан ( тері бетіне енгізілетін) тиімділігі кем емес ауыз арқылы қабылдайтын, таблетка түрінде шығарылып келді.

Дүние жүзінде шешек ауруы біржола жойылуына байланысты ДДҰ-ның шешімімен 1980 жылдан бастап бұл індетке қарсы міндетті түрде егу тоқтатылды.

17.2.3.2. Шешектік вакцина вирусы (сиыр шешегінің вирусы)

Вирустың шығу тегі осы кезге дейін белгісіз. Оны сиыр шешегі вирусының немесе нағыз шешек вирусының эволюциялық даму барысында немесе осы вирустың өзара гибридизациялану процесі нәтижесінде пайда болған деп қарастырылады. Шешек- вакциналық вирус адамдарда дене қызбасы көтерілуінен, жалпы уланумен және бөртпе пайда болуымен жалғасатын жедел жұқпалы ауру қоздыруы мүмкін, ОЖЖ-де зақымдануы ықтимал. Ауру сиырлардан адамдарға жанасу ( контакт ) жолымен жұғады. Көбінесе сауыншылар ауырады, адамнан адамға берілмейді.

Адамдардың нағыз шешек вирусының антигендік қасиетімен ұқсастығына байланысты вакциналық шешек вирусын көптеген жылдар бойы тірі вакцина ретінде пайдаланылды.Бұл вирусқа әр түрлі жануарлар сезімтал. Шешек вакцинасының вирусына экземалармен және нейродирмитпен зардаптанған адамдар өте сезімтал келеді.

17.2.3.3. Контагиялық моллюск вирусы

Маржан-қызыл түсті капсулаға айналатын, эритема тәріздес түйіншіктер түзілуінқоздырады. Қоздырғыш жанасу тәсілімен зақымданған тері және шырышты қабаттар ( соның ішінде жыныстық қатынас кезінде ) арқылы беріледі. Балаларды және ересектерді де зақымдайды. Ересектерде зақымдану гениталий аймағында орналасады, қызыл түйіршіктер пайда болады, олар іріңді папулаларға айналады.

17..2.4. Ұшық вирустарыГерпесвирустар

Ұшық вирустары- әртүрлі инфекциялар қоздыратын, Herpesviridae (грекше: Herpes–жайыла өсуші,жылжымалы) тұқымдастығына жататын, сыртқы қабақшасы бар ірі ДНҚ– құрамды вирустар .

Таксономиясы.Тұқымдастығы:Herpesviridae

Тұқымдасшасы: 1.[Alphaherpesvirinae]

Туыстастығы: Simplexvirus- адамның ұшық вирусы (1- типі)

Varisellovirus- адамның ұшық вирусы (3- типі)

Mardivirus- тауық ұшығының вирусы (2- типі)

Iltovirus - тауық ұшығының вирусы (1-типі) Тұқымдасшасы: 2.[Betaherpesvirinae]

Туыстастығы : Сytomegalovirus - адамның ұшық вирусы ( 5- типі)

Muromegalovirus - тышқандардың ұшық вирусы (1- типі)

Roseolovirus - адамның ұшық вирусы ( 6-7- типтері).

Тұқымдасшасы: 3.[Gammaherpesvirinae]

Туыстастығы: Lymphocryptovirus - адамның ұшық вирусы ( 4- типі)

Rћadinovirus – маймылдың (Saimiriine) ұшық вирусы(2- типі).

Альфагерпесвирустар– жылдам өседі және цитопатиялық әсері өте жоғары, адамдарға және көптеген жануарларға патогендік әсері етеді. Адамдар үшін Simplexvirus (ұшық вирусының 1, 2, 8-типтері) және Varisellovirus (ұшық вирусының 3-типі) туыстастықтарының өкілдері патогенді. Альфагерпесвирустар эпителиялық жасушаларда өсіп- өніп көбейеді. Нейрондарда латентті, персисстенцирлейтін инфекция қоздырады.

Бетагерпесвирустар – цитопатиялық әсері төмен, және де вирус жұғатын организм иелерінің шеңбері кең емес. Сілекей, бадамша бездердің, бүйректердің эпителиялық жасушаларында,лимфоциттерде вирус баяу өседі (латентті инфекция). Бетагерпесвирустар цитомегалолитикалық (ЦМВ) және лимфопролиферативтік әсер етеді. Сytomegalovirus және Roseolovirus туыстастықтарының өкілдері адамдар үшін патогенді.

Гаммагерпесвирустар – үшін патогенді әсер ететін иелерінің шеңбері шамалы. Лимфоидтық жасушаларда өсіп- өніп көбейеді, лимфопролеративті әсер етеді. Лимфоидты тіндерде, лимфоциттерде, ауыз қуысының жұтқыншақ және сілекей бездерінің эпителиялық жасушаларында (ЭБВ– ВЭБ) латентті инфекция қоздырады,

В– лимфоциттерді көбейтеді және олар персистенцирленеді. Адамдар үшін Lymphocryptovirus туыстастығы патогенді.

Биологиялық қасиеттері бойынша Herpesviri тұқымдастығы өкілдерінің классификациясы.

Альфа-герпесвирустар (ҚҰВ - 1,ҚҰВ - 2):

● кең спектрлі «иелері» болады;

● репродуктивті циклы қысқа, жасуша дақылдарында жылдам тарайды;

● жасушаларға жұққанда әсерлі бұзылыс туғызады;

● негізінде ганглияларда латентті түрде тірішілік қабілеттілігі бар.

Бета-герпесвирустар (ЦМВ, АҰВ- ВГП-6 және 7-типтері):

«иелерінің» спектрі шектеулі;

репродуктивті циклы ұзақ;

жасуша дақылдарында баяу таралады;

секреторлық бездерде, лимфоретикулярлық жасушаларда, бүйректерде жеңіл персистенцияланады.

Гамма-герпесвирустар (ЭБВ- ВЭБ, АҰВ- 8 типі):

лимфабластоидты жасушаларда реплицирленеді;

Т- және В- лимфоциттерге спецификалығы бар.

Адам ұшығы вирусының 6- және 7- типтері, (АҰВ- 6, АҰВ-7)– лимфотропты вирустар. АҰВ– 6- жедел экзантема, АҰВ- 7 созылмалы шаршауықсиндромын қоздырады. Ұшық вирусының 8– типі (АҰВ- 8)– АИВ– инфекцияға шалдыққан серонегативті адамдарға Капоши саркомасын қоздырады.

Құрылымы. Вириондары сфера пішінді, диаметрі 120-200 нм (ЦМВ вирионының диаметрі 150- 300 нм) (4-сурет). Гликопротеинді тікенекшелері сыртқы қабақшамен (суперкапсидпен ) қоршалған. Тікенешелер ядролық мембрананың ішкі қабатынан қалыптасады, өйткені ұрпақтың (дочерние) популяцияның жетілуі вирус жұққан жасуша ядросының ішкі мембранасында атқарылады. Нуклеокапсид пен суперкапсидтің арасында жабынды қабат-тегумен (лат.tegumentum- жабу), яғни ішкі қабықша орналасқан. Капсиді куб– симметриялы, диаметрі 100-110 нм, 162 капсомерлерден тұрады. Геномы- екі жіпшелі сызықша ДНҚ, мөлшері және нуклеотидтер саны бойынша айырмашылығы бар қосақталған қысқа (18%) және ұзын (82%) фрагменттерден тұрады. Ұшық вирусының геномында шамамен 80 ген бар. Вирион құрамында 300- ден астам ақуыздар табылған. Одан басқа, инфицирленген жасушаларда 20- дай вирусспецификалық ақуыздар табылады, олар вирустық бөлшек құрамына кірмейді.

Антигендері. Сыртқы қабатының гликопротеиндері типтік– спецификалық антигендер болып табылады. БР, ИФР және КБР көмегімен олардың серотиптерінің ажыратады. Нуклеокапсидтің ақуыздары– топтық спецификалық антигендер, оларды дифузиялық (гельдегі) преципитация реакциалармен анықтайды.

Репродукциялануы. Ұшық вирустары сезімтал жасушаларға рецепторлык эндоцитоз жолымен енеді, осы процесс кезінде сыртқы қабатын жоғалтады. Босанған нуклеокапсид ядроға тасымалданады, сол жерде оның депротеинизациялануы іске асады. Вирустық ДНК-ң транскрипциясы жасушалык транскриптазалардың (жасушалық ДНК-тәуелді РНК-полимераза) қатысуымен атқарылады. Пайда болған иРНК цитоплазмаға енеді, сол жерде реттеуші белсенділігі бар ертелік (ранние) ақуыздың синтезделуі (трансляция) іске асады. Содан кейін вирустың геномдық репликациялануына қатысатын ертелік ақуыздар, ферменттер (ДНК-тәуелді ДНК-полимераза,тимидинкиназа) синтезделеді. Кешеуіліді ақуыздар құрылымдық ақуыз (капсид және гликопротеиндер) болып табылалы. Гликопротеиндер ядро қабатына шашыранды (дифузды) түрде конақтайды. Құрылымды ақуыздар ядроға тасымалданады, сол жерде нуклеокапсид пайда болады (капсид вирустык ДНҚ-мен толықтырылады). Нуклеокапсид сыртқы қабықшамен жамыла бастаған кезде ядролық мембраналардың модифицирленген учаскесі арқылы бүршіктену процессі барысында вирустың толық қалыптасуы аяқталады. Нуклеокапсиді Гольджи аппараты арқылы ауыса отырып, вириондар цитоплазмаға тасымалданады да жасушадан экзоцитоз жолымен немесе жасуша лизистенгенде сыртқа шығады.

Резистенттілігі. Вирус сыртқы орта факторларының әсеріне төзімді емес, термолабильді, бірақ бөлмелі температурада салыстырмалы түрде ұзағырақ (1 ай) сақталыныды. УКС және кун сәулесінің, майеріткіштердін, детергенттердің, дезинфектанттардың әсеріне сезімтал.

17.2.4.1. Қарапайым ұшық вирустары (ҚҰВ)

Альфагерпесвирустарға жататын қарапайым ұшық вирустары теріде, шырышты қабаттарда везикулярлы бөртпе шығумен, ОЖЖ және ішкі ағзалардың зақымдануымен, және де өмірбақилық вирустасымалдаушылықпен (персистенцияланумен) және аурудың рецидивтерімен сипатталатын ұшықтық инфекциялар қоздырады. Ұшық вирусы 1912 жылы ашылған (У. Грютер). ҚҰВ-ның антигендік құрылымы бойынша екі серологиялық типін ажыратады: ҚҰВ-1, ҚҰВ-2. ҚҰВ-(ВПГ) – көбінесе ауыз қуысы, көз маңайын, ОЖЖ зақымдайды (гениталдық ұшық). 1921 жылы (Липшиц) зақымданған тіндердің ядроларында ацидофильді қосындылар табылған– ол ұшық кезіндегі патогномоникалық белгі.

Таксономиясы:Тұқымдастығы: Herpesviridae

Тұқымдасшасы: [Alphaherpesvirinae]

Туыстастығы : Simplexvirus.

Эпидемиологиясы. Ұшық ауруы кең таралған. Инфекция көзі– ауру адамдар және вирустасымалдаушылар. ҚҰВ-1, ҚҰВ-2 негізінде жанасу (контакт) жолымен беріледі (бөртпе сұйықтығымен, сүйіскенде – сілекеймен, жыныстық қатынас кезінде - қынаптық секретпен, тұрмыстық заттар арқылы). Сирек жағдайда ауалы-тамшылы жолмен, плацента арқылы (вертикальды жол), бала туылған кезде және парентеральді (қан құйғанда, орган алмастырғанда) жолмен жұғуы мүмкін. Организмнің иммунитеті төмендегенде вирустың белсенділігі артуы мүмкін (рецидивті ұшық), вирус көбінесе симптомсыз немесе латентті инфекция қоздырады.

Патогенезі. Ауалы- тамшылы жолмен жұққанда вирустың біріншілік репродукциялануы ауыз қуысының шырышты қабатының жасушаларында, жанасу жолымен жұққанда– тері қабатының немесе көздің жасушаларында атқарылады. Вирус лимфа тамырларымен қанға түседі, тиісті жағдайда генерализацияланған инфекция қоздырады. Инфицерленген жасушалар бұзылады да некроздық ошақтар және везикула түрінде жергілікті қабынулар пайда болады. Біріншілік инфекция кезінде везикулалардың пайда болуы – эпителиялық жасушалардың дегенерациялануымен жүретін қарапайым ұшыққа тән көрініс. Көпядролы жасушалар везикулалардың негізін қалайды. Зақымданған жасуша ядроларында эозинофильді қосындылар (Каудри денешіктері) болады. Біраз уақыттан кейін везикуланың беті жарылып ашылады да, ойық жара қалыптасады. Көп кешікпей жара беті қатайып қабыршақ пайда болады, кейіннен жара беті толық жазылып кетеді. Қанға түскен вирустар сезімтал нерв ұштары арқылы аксон бойымен жылжи отырып сезімтал ганглиялардың нейрон денесіне жетеді. Вирустың нейрондарда репродукциялануы нерв жасушасының бұзылуымен аяқталады. Кейбір ұшық вирустарының ганглионарлық жасушаларға жетіп, латентті инфекция дамуына әкелу қабілеттілігі бар. Бұл кезде нейрондар өлмейді, бірақ өзінде вирустық геном ұстайды. Адамдардың көпшілігі (70-90%) ұшық вирусын өмірбақилық тасымалдаушы болып табылады. Вирустар ганглияларда сақталады да, нейрондарда (үшкіл нервтің– ҚҰВ-1, белдеулік түйіндердің– ҚҰВ-2) латентті персистенцияланган инфекция қоздырады. Латентті инфицирленген нейрондарда зақымдалған ганглиялардың 1% -дай жасушалары вирустық геномдарды тасиды. Бұл кезде вирустық ДНҚ бос сақиналы эписома (плазмида) түрінде (жасушада 20-дай көшірмелері болады) сақталады. ҚҰВ-1- тригеминалдық, ал ҚҰВ- 2-сакральдық ганглияларда табылады.

Ұшық вирустарының белсенділігінің қайтадан күшею жане аурудың асқынуы (рецидиві) иммунитетті төмендететін әр түрлі факторлардың (суыққа шалдығу, дене қызбасы, жарақаттану, стресс, ілеспе аурулар, УКС және т.б.) әсерінен кейін байқалады. Аталған факторлар әсер еткеннен кейін 2-5 күннен соң клиникалық симптомдары көрініс бере бастайды. Ұшық вирусының ДНҚ аксонмен кері қарай нерв ұштарына жылжиды, сол жерде терінің және шырышты қабаттың эпителиялық жасушаларында вирус репродукцияланып инфекция дамуы ықтимал, нәтижесінде бөртпелер (везикулалар) пайда болады. Сонымен ұшық вирусының негізгі персистенциялану механизмі– оның жасуша геномымен интегрирленген провирус түрінде сақталуы.

Клиникалық көріністері.Инфекциялық процестің айқындылық дәрежесі және таралуы бойынша: латенттік ,субклиникалық , манифестік түрлерін ажыратады.

Типті түрлері:

● шырышты қабаттардың ұшықтық зақымдануы ( соматит, гингивит, фаренгит т.б);

● көздердің ұшықтық зақымдануы (конъюнктивит, кератит, иридоциклит және т.б. );

● терінің ұшқтық зақымдануы (еріннің, мұрын шетінің, беттің, қолдың, бөксенің ұшығы);

● генитальдық ұшық (жыныс мүшесінің, вульваның, қынаптың, жатыр мойыны каналының және т.б. шырышты қабаттарының зақымдануы);

● нерв жүйесінің ұшқтық зақымдануы (менингит, энцефалит, менингоэнцефалит, неврит және т.б.);

Генерализацияланған қарапайым ұшық:

висцеральды түрі (пневмония, гепатит, эзофагит т.б.);

диссеминирленген (жайылма) түрі (вирустық сепсис көрінісі).

Атипті түрлері:

● ісіктік

● зостери тәріздес қарапайым ұшық тәріздес Капоши экземасы (варицеллетәріздес Капоши пустулезі);

● ойық- жаралы- некрозды;

● геморрагиялық;

Жасырың кезеңі 2-12 күн. Кесел зақымданған жерде ауырсыну, ашыну, ісіну және сұйықтық толған күлдіреуік пайда болудан басталады. Везикулалар пайда болған жерде алғашқыда күшті дуылдаған ауыру сезіледі. Бөртпе бетінің қабыршағы құрғап түскеннен кейін тыртық пайда болмайды. ҚҰБ тері қабаттарын (везикулалар, экземалар), ауыз қуысының, жұтқыншақтың (стоматит), көздің (кератит,конъюктивит), бауырдың (гепатит) және ОЖЖ-нің шыршықты қабаттарын (энцефалит, менинготэнцефалит) зақымдайды. Рецидивті ұшық ганглияларда сақталған вирустың белсенділігінің қайталануымен байланысты. Ол қайтадан бөртпелер шығуымен, ағзалар мен тіндердің зақымдануымен сипатталады.

Генитальдық ұшық инфекциясы кезінде (негізгі қоздырғышы- ҚҰВ- 2) қолайсыз жағдай туғызатын сыртқы жыныс органдарының зақымдануы байқалады. Зақымданулар, әдетте, 10-14 күннен кейін жоқ болады, бірақ жиі қайталануы (рецидив) мүмкін. ҚҰВ-2 жатыр мойнының қатерлі ісігін қоздыруы ықтимал. Неонатальдық ұшық (нәрестелер ұшығы) туылғаннан кейін 6 күннен соң байқалады. Вирус ішкі ағзаларға тарап генерализацияланған сепсис дамуына себепкер болады.

Иммунитеті. Қарапйым ұшық кеззіндегі негізгі иммунитет– жасушалық. ЖБТ (ГЗТ) дамиды. Табиғи киллерлік (ЕК-NK) жасушалар алғашқы қорғаныс факторы ретінде маңызды рөл атқарады. Т-лимфоциттер цитотоксикалық факторларды (CD 8) және Т-хелперлерді өндіреді, және де В- лимфоциттерді белсендіреді. Гуморальдық иммунитетке сәйкес вирусбейтараптаушы антиденелер вирустардың кеңістікке таралуын басып тастайды, бірақ вирустардың жасушада персистенциялануына және рецидивте пайда болуына кедергі жасамайды.

Микробиологиялық диагноз қою.Зерттеу үшін алынатын заттар: бөртпелер бөліндісі, конъюнктива сүріндісі немесе шайындысы, сілекей, несеп, қан, жұлын сұйықтығы.Вирусты бөліп алу: а) жасуша дақылдарына жұқтыру, б) жаңа тұылға тышқандарға жұқтыру. Индикациялау: а) ЦПӘ, синцитияларды, жасушаішілік Каудри денешіктерін табу; б) тауық эмбрионының хорион-аллантоисты қабатына түйіндақтар түзілуін анықтау; в) тышқандарда-тырысу, сал болу (паралич). Идентификациялау: ИФР, ИФТ. Жылдам (экспресс) диагноз қою: ИФР, ЭМ, ПТР, цитоскопия. Романовский- Гимза әдісімен боялған таңбалы-жағындыларды микроскопта қарағанда қосындылары (Каудри жасушалары) бар көпядролы алып жасушалар (Цанк жасушалары) табылады.

Емдеуі. Симптоматикалық емдеу шараларымен қатар арнайы антивирустық препараттар қолданылады: интерферон және оның индукторлары, ацикловир, фамцикловир, индоксуридин және т.б.

Алдын алуы.Бейспецификалық сақтану шаралары және спецификалық профилактика жургізіледі. Ол үшін инактивацияланған вакцина қолдалынады. Бұл вакцинаны бірнеше қайталап еккенде ұшықтық инфекциялардың қайталану жиілігі едәуір төмендейді.

17.2.4.2. 3-типтік ұшық вирусы

3-типтік ұшық вирусы (varicella- zoster вирусы) екі түрлі зақымданулар қоздырады: жел шешек (varicella) және белдеу теміреткі (zoster). Біріншілік инфекция жел шешек түрінде өтеді, ал оның рецидиві- белдеу теміреткі түрінде өтеді. Бұл вирусты 1911 жылы бразилиялық дәрігер Э.Арагао ашқан. Вирус екі түрлі ауру қоздырады. Жел шешекке (Varicella ) көбінесе балалар шалдығады, дене қызбасымен, жалпы интоксикацияланумен, мөлдір суйық толған бөртпе (везикула) шығумен өтеді. Белдеу ұшық (herpes zoster) немесе белдеуші теміреткі- бала кезінде жел шешекпен ауырған ересек адамдарда болатын эндогенді инфекция. Ауру нерв жолдарының бойымен везикулярлық бөртпелер шығуымен көрініс береді.

Таксономиясы. Тұқымдастығы: Herpesviridae

Тұқымдасшасы: [Alphaherpesvirinae]

Туыстастығы: Varicellavirus.

Эпидемиологиясы.Жел шешек балалар арасында жиі кездесетін ауру. Ересек тұрғындардың 80-90% жас кезінде жел шешекпен ауырғаны туралы мәлімет берген. Жел шешекпен ауырып тұрғандардың 10%- да белдеу теміреткімен науқастанушылық тіркелген. Инфекция көзі - ауру адам және вирус тасымалдаушылар. Жасырын кезеңі жел шешек кезінде –11–23 күн. Вирус ауалы– тамшылы және жанасу (бөртпе бөлінділерімен) жолдары арқылы беріледі. Балалар белдеу теміреткімен науқастанғандармен тығыз қатынаста болғанда жел шешекпен ауруы ықтимал. Жел шешек инфекциясының айқын маусымдылығы байқалады– науқастанушылық жылдың суық айларында жиілейді. Жасырын кезеңнің соңынан бастап бөртпе шыққаннан кейін 5 күн бойы басқаларға жұқтыру қауіпі сақталады.

Патогенезі, клиникалық көріністері.Бастапқы кезеңде қоздырғыш жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабатының эпителиясында көбейеді, содан кейін лимфа тамырлары арқылы қанға түсіп, вирусемия қоздырады. Қан мен терінің (дерматотроптық әсері) және шырышты қабаттың эпителиялық жасушаларына барады. Нәтижесінде науқастың бетінде, кеудесінде, аяқ – қолдарында, ауыз қуысының шырышты қабатында везикулярлы бөртпелер пайда болады. Жел шешек кезінде жасырын кезеңі -11-23 күн. Сулы бөрітпелер орнындағы күлдіреуктер жарылады да, біраз уақыттан кейін құрғап, қатаяды. Бетіндегі қабыршық түскеннен кейін ешқандай тыртық белгі қалмайды.2 айдан 1 жылға дейінгі сәбилерде және егде жастағы ересектерде жел шешек ауыр түрде өтеді. Әйелдер жүктіліктің алғашқы 3 айында осы инфекцияға шалдықса ұрығына ақаулық әсер етуі (вирус плацента арқылы берілгенде) мүмкін. Ауырып тұрған балалардың жұлынының артқы түбіршіктерінде немесе бас ми нервінің ганглияларында вирус бірнеше жыл бойы сақталады. Жұлынның нерв жасушасында ұзақ уақыт сақталған вирустың белсенділігі артуының нәтижесінде белдеу теміреткі дамуы ықтимал. Оған әртүрлі жағдайлар (ілеспе аурулар, жарақаттану, иммунитетінің төмендеуі т.б.) ықпалын тигізеді.Белдеу теміреткі жекеленген сезімтал нервтердің бойымен онша айқын емес қызарған дақтар (диаметрі–3–5см) шығумен сипатталады. 18–24 сағаттан кейін бөртпелер айнала шеті айқын шектелген іші суға толған ауыратын везикулаларға айналады. Зақымдану көбінесе кеудеде (қабырға– аралық нервтердің бойымен ауырсыну) және де кез келген сезімталдық нервтердің бойында (біржақты) орналасуы мүмкін. Зақымдану белгілері 2-4 аптадан кейін жоқ болады.

Иммунитеті.Бала кезінде жел шешекпен науқастанған ересектерде өмірбақилық иммунитет қалыптасады. Қан сарысуында вирусбейтараптаушы және комплементбайланыстырушы анитденелнер жиналады. Бірақ олар аурудың рецидивінен құтқара алмайды. Өйткені персистенциялық инфекция ошағы жұлынның ганглияларында сақталады. Сонымен қатар Т-супрессорлар санының көбеюі байқалады, ол өз кезегінде екіншілік иммунды-тапшылық қоздыруға себепкер болады.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеу заттары: күлдіреуік бөліндісі, қан, мұрын-жұтқыншақ шайындысы. Вирусоскопиялық әдіс-таңбалы-жағынды дайындап, Романовский-Гимзе әдісімен бояп, препаратты микроскопта қарап қосынды денешіктер (Липшиц денешігі) бар (7-сурет), Цанк жасушаларын анықтайды. Вирусты бөліп алу (индикациялау)- тек қана адам эмбрионының фибриобластынан дайындалған жасуша дақылдарына жұқтыру (ЦПӘ, синцитиялар тізілуі бойынша индикациялау). Идентификациялау- КБР, РИФ. Серологиялық диагноз қою- КБР, ИФТ.

Емдеуі.Симптоматикалық және арнайы препараттар - интерферон, интерфероногендер, ацикловир, видарабин қолданылады.

Алдын алуы. Жалпы- медициналық сақтану шараларын орындау. Спецификалық профилактика мақсатында қолданылады:

VZV-тірі вакцина.

Жел шешек ошағында болған балаға- иммунды глобулин енгізу.






Сейчас читают про: