Физиология-1. пәні бойынша емтихан тесттері

пәні бойынша емтихан тесттері

1 нұсқа

1. Жиырылған сәтте еттің тонусы өзгермей,тек қысқаратын болса, ол:

A. Ауксотониялық.

B. Изометриялық.

C. Изотониялық.

D. Тетанустық.

E. Фазалық.

2. Ырғақты тітіркендіру кезінде байқалатын қаңқа етінің ұзақ жиырылуы:

A. Тетанустық.

B. Изотониялық.

C. Фазалық.

D. Ауксотониялық.

E. Изометриялық.

3. Көру өткірлігі –бұл:

A. Көзді бір нүктеге қарағанда көрінетін кеңістік.

B. Заттың бір-біріне жақын орналасқан ұсақ бөлшектерін ажырату қабілеті.

C. Затқа дейінгі қашықтықты бағалау.

D. Көздің түстерді ажырату қабілеті.

E. Кеңістік тереңдігін қабылдау.

4. Электроэнцефалография – бұл:

A. Қаңқа еттерінің биопотенциалдарын тіркеу.

B. Артерия пульсін тіркеу.

C. Жүрек етінің биопотенциалдарын тіркеу.

D. Қарын еттерінің биопотенциалдарын тіркеу.

E. Үлкен ми сыңарлары қыртысының биопотенциалдарын тіркеу.

5. Қозғыштығы ең жоғары тін:

A. Көлденең жолақты қаңқа еттері.

B. Синапстар.

C. Көлденең жолақты жүрек еті.

D. Біріңғай салалы еттер.

E. Жүйке талшықтары.

6. Жүйке орталығының оған келер импульстердің жиілігі, күшін өзгертетін қабілеті:

A. Ырғақты трансформациясы

B. Дивергенция

C. Орталық тонус

D. Конвергенция

E. Әсерден кейінгі жауап.

7. Гонадада түзілетін гормондар:

A. Паратгормон

B. Либериндер және статиндер

C. Тестостерон және прогестерон

D. Тироксин, үшйодтиронин, тириокальцитонин

E. Антидиурезді гормон

8. Эндомиялық зоб түріндегі қалқанша без қызметінің бұзылу себептері:

A. Қоршаған ортада йод мөлшерінің азаюы.

B. Қоршаған ортада калий мөлшерінің азаюы.

C. Қоршаған ортада фосфаттар мөлшерінің азаюы.

D. Қоршаған ортада кальций мөлшерінің азаюы.

E. Қоршаған ортада магний мөлшерінің азаюы.

9. Торлы қабаттағы сауытшалардың қабылдайтын негізгі түстері:

A. Сарғылт, көк, жасыл.

B. Ақ, сары, қызыл.

C. Жасыл, көк-күлгін.

D. Көк, қара, ақ.

E. Қызыл, жасыл, көк-күлгін.

10. Нерв жүйесі күшті, байсалды, салмақты адам Гиппократ жіктеуінің қандай типіне жатады?

A. Меланхоликке және холерикке.

B. Флегматикке.

C. Меланхоликке.

D. Сангвиникке.

E. Холерикке.

11. Шартсыз рефлекстерге жатады:

A. Динамикалық сререотип.

B. Жинақталған, қосарланған.

C. 1-ші, 2-ші, 3-ші реттік рефлекстер.

D. Тамақтану, жыныстық қорғану.

E. Жайылған, ажыратылған.

12. Химиялық синапстың физиологиялық қасиетіне жатпайды:

A. Медиатордың азаюы.

B. Қозуды екі жақты өткізу.

C. Тез шаршағыштық.

D. Қозуды бір жақты өткізу.

E. Жоғары лабильділік.

13. Гормондар енеді:

A. Ішекке

B. Асқазанға

C. Қанға

D. Лимфаға

E. Тін сұйықтығына

14. Дәм сезу рецепторларының тілде орналасуы:

A. Ұшында - тұзды, бүйірлерінде – ащыны, түбінде – қышқыл мен тәттіні

B. Ұшында - тұзды, үстінде – қышқыл, бүйірлерінде – ащыны, түбінде – тәттіні

C. Ұшында - тәттіні, бүйірлерінде – қышқыл мен тұзды, түбінде – ащыны

D. Ұшында - тұзды, үстінде – ащыны, түбінде – тәттіні

E. Ұшында - ащыны, бүйірлерінде – тәттіні, түбінде – қышқылды

15. Шартсыз рефлекстердің сипаттамасы:

A. Жүре пайда болған жеке тұрғыда

B. Туа пайда болған, түрлік, тұрақты

C. Жеке тұрғыда, тұрақсыз

D. Жүре пайда болған, тұрақты

E. Тұрақсыз, яғни жоғалып кетуі мүмкін

16. Парабиоздың тепе – теңдік кезеңінде байқалады:

A. Тітіркендіру күші жоғары болғанымен әсері жоғары

B. Тітіркендіру күші әлсіз болғанымен жоғары әсері байқалады

C. Әсері жоқ

D. Әсері тітіркендіру күшіне тәуелсіз

E. Тітіркендіру күші жоғары болғанымен әсері төмен

17. Талдағыштардың негізгі бөлімдері:

A. Рецепторлық, өткізгіш, орталық

B. Рецепторлық, өткізгіш, сезгіш

C. Арнайы, өткізгіш, ассоциативтік

D. Бульбарлық, таламустық, орталық

E. Арнайы, арнайы емес, ассоциативтік

18. И.П. Павловтың жоғары жүйке іс әрекеті типтерінің жіктелуі негізделеді:

A. Күш, пластикалық, қажу

B. Күш, жылжымалылық, теңдестігі

C. Пластикалық, лабильдік, қажу

D. Қозу, қозуды өткізу, жылжымалылық

E. Қозу, жылжымалылық, қозуды өткізу

19. Зерденің құрылымына кіретін үрдістер:

A. Жалпы соңғы жол

B. Доминанттық

C. Индукция

D. Иррадиация

E. Ақпаратты еске түсіру

20. Химиялық синапстың физиологиялық қасиетіне жатпайды:

A. Жоғары лабильдік

B. Медиатордың азаюы

C. Тез шаршағыштық

D. Қозуды бір жақты өткізу

E. Қозуды екі жақты өткізу

21. Жылу балансы:

A. Зат алмасу процесі кезіндегі жылу түзілуі

B. Жылудың қоршаған кеңістікке таралуы

C. Жылу реттеу механизмінің бұзылуы

D. Жылу құрамын өзгертпей организмнің қоршаған ортамен жылу алмасуының стационар күйі

E. Ағза мен қоршаған орта арасындағы жылу энергиясының алмасуы

22. Ішкі мүшелер мен тамырлардың қабырғасындағы бірыңғай салалы еттері ұзақ уақыт жиырылғанымен де қажымайды, себебі:

A. Химиялық заттарға сезімталдығы жоғары болуынан

B. Фазалық жиырылуға қабілетті

C. Ұзақ уақыт бойы тонустық жиырылуға бейімделген

D. Өздігінен жиырылу қабілеттілігі бар

E. Еттің тонусы кезінде энергия аз мөлшерде жұмсалады

23. Шартсыз рефлекс мынадай қасиеттерімен сипатталады:

A. Туа біткен, уақытша, түрлік

B. Пайда болған, тұрақты, жеке

C. Туа біткен, тұрақты, түрлік

D. Пайда болған, уақытша, жеке

E. Туа біткен, уақытша, жекелік

24. Ересек адамдарда қалқанша безі гормоны аз бөлінгенде пайда болатын ауру:

A. Рахит (мешел)

B. Зоб (жемсау ауруы)

C. Кретинизм (меңіреулік)

D. Тетания

E. Микседема (кілегейлі ісіну)

25. Бірыңғай салалы ет қаңқа етінен қандай ерекшеліктерімен сипатталады?

A. Жиырылғыштығымен

B. Кенеттен, автоматты жұмыспен

C. Жоғары сезімталдығымен

D. Рефракторлығымен

E. Қозғыштығымен

26. Жүйке орталықтарындағы нейронаралық байланыс мыналар арқылы жүзеге асады:

A. Синапстар

B. Шван жасушалары

C. Холинэстераза

D. Раньве үзілісі

E. Атропин

27. Гамма-аминомай қышқылы постсинапстық мембранада шақырады:

A. Гиперполяризация

B. Поляризация

C. Экзальтация

D. Деполяризация

E. Рефрактерлік

28. Синапстық көпіршіктерде болады:

A. Қышқылдар

B. Сілтілер

C. Медиаторлар

D. Майлар

E. Витаминдер

29. Синапста бөлінетін медиаторлар қамтамасыз етеді:

A. Қозу өткізу мен қозуды тежеу

B. Жоғарғы лабильділік

C. Алдыңғы белсенділік ізінің болмауы

D. Синапстық кедергінің болмауы

E. Төменгі қажығыштық

30. Қозудың таралуы нерв талшықтары бойымен мына механизм арқылы жүзеге асады

A. жергілікті электрлік токтар

B. жеңілдетілген диффузия

C. осмос

D. экзоцитоз

E. пиноцитоз

31. Қажетті негізгі зат алмасу көлемі анықталады:

A. Кесте және номаграммалары бойынша

B. тікелей калориметрия әдісімен,формулалар бойынша

C. жанама және тікелей калориметрия әдісімен

D. Дреир және Рид формулалары бойынша

E. газ алмасу бойынша

32. Негізгі зат алмасуды анықтау әдісіне жатады?

A. Абель бойынша вивидифузияны

B. Лондон бойынша ангиостомияны

C. белгіленген атомдар әдісін

D. гистохимиялық әдістерді

E. тікелей калориметрия әдісі

33. Қоршаған орта температурасының төмендеуі негізгі зат алмасуда:

A. төмендетеді

B. екі фазалы өзгереді

C. төмендетеді, кейін артырады

D. өзгертпейді

E. арттырады

34. Медик студенттер үшін тәуліктік рационның орташа энергетикалық құндылығы қанша болуы шарт?

A. 2000 ккал

B. 300 ккал

C. 400 ккал

D. 5000 ккал

E. 6000 ккал

35. Ересек адамдардағы суға деген тәуліктік қажеттілік:

A. 500-800 мл

B. 1000-1200 мл

C. 1300-2000 мл

D. 2000-2500 мл

E. 200-500 мл

36. Көру анализаторының қыртысты орталығы қай бөлікте орналасқан

A. төбелік

B. шүйделік

C. гиппокампта

D. самайлық

E. маңдайлық

37. Қарашықтың жарыққа жауабы

A. азғана кеңейеді

B. фазлық өзгерістермен

C. тарылумен

D. ешқандай реакциясыз

E. өте қатты кеңеюмен

38. Жақын заттарды көргенде көз бұршағы:

A. тегістеледі, сындыру күші төмендейді

B. дөңестенеді, сындыру күші жоғарылайды

C. тегістеледі, сындыру күші жоғарылайды

D. дөңестенеді, сындыру күші төмендейді

E. өзгермейді

39. Родопсин циклінің схемасы

A. витамин А, ретиналь, метародопсин, люмиродопсин

B. метародопсин, люмиродопсин, ретиналь, витамин А

C. люмиродопсин, метародопсин, ретиналь, витамин А

D. ретиналь, люмиродопсин, метародопсин, витамин А

E. ретиналь, витамин А, люмиродопсин, метародапсин

40. Көру нерві мына аксондарды түзеді

A. биполярлы жасушалардың

B. сауытшалар

C. пигментті жасушалардың

D. таяқшалардың

E. ганглиозды жасушалардың

41. Деполяризация кезінде қайсы иондар және қай бағытта мембранадан

өтеді?

A. Жасушаға натрий иондары өтеді

B. Жасушадан калий иондары шығады

C. Жасушаға хлор иондары өтеді

D. Жасушаға барлық көрсетілген иондар өтеді

E. Жасушадан барлық көрсетілген иондар шығады

42. Реполяризация кезінде қайсы иондар және қай бағытта мембранадан өтеді?

А. Жасушаға натрий иондары өтеді

В. Жасушадан калий иондары шығады

С. Жасушаға хлор иондары өтеді

Д. Жасушаға барлық көрсетілген иондар өтеді

Е. Жасушадан барлық көрсетілген иондар шығады

43. Реполяризация кезінде қайсы иондар және қай бағытта мембранадан өтеді?

А. Жасушадан натрий иондары шығады және калий иондары жасушаға өтеді

В. Жасушаға калий иондары өтеді және хлор иондары жасушадан шығады

С. Жасушадан калий иондары шығады және жасушаға хлор иондары өтеді

Д. Жасушаға барлық көрсетілген иондар өтеді

Е. Жасушадан барлық көрсетілген иондар шығады

44. Катаболизмге ұшыраған ақуыздардың мөлшерін есептеу үшін, анықтау қажет:

А. Зәрдегі азотты

В. Зәрдегі және тердегі азотты

С. Нәжістегі азотты

Д. Зәрдегі және нәжістегі азотты

Е. Сіңірілген азотты

45. Оң азоттық баланс байқалады:

А. Жүйелі физикалық жаттығуларды тоқтатқан кезде

В. Жеткіліксіз тамақтанған кезде

С. Организмнің өсуі және дамуы кезінде

Д. Тағам рационында майлардың артық болуы кезінде

Е. Тағам рационында көмірсулардың артық болуы кезінде

46. Бұлшықетті тікелей тітіркендіру кезінде жиырылу күшінің төмендеуі немен байланысты

А. Жүйкенің қажуымен

В. Жүйке-бұлшықет синапсының қажуымен

С. Бұлшықеттің шаршауымен

Д. Жүйке-бұлшықет препаратының қажуымен

Е.Жүйке-бұлшықет препаратының адаптациясымен

47. Жүйкені ұзақ мерзімді ырғақты тітіркендірген кезде синапстың қажу механизмі қандай

А. Пресинапстық аймақта медиатор қорының азаюы

В. Постсинапстық рецепторлар сезімталдығының төмендеуі

С. Медиаторды ыдырататын ферменттер белсенділігінің төмендеуі

Д. Медиаторы бар көпіршіктердің жылысу қабілетінің төмендеуі

Е. Постсинапстық мембрананың иондарға өткізгіштігінің төмендеуі

48. Қаңқа бұлшықеттерін ұзақ уақыт ырғақты тікелей тітіркендіру кезінде олардың шаршау механизмі немен байланысты

А. Жүйке бұлшықет синапсында ацетилхолин қорының азаюымен

В. Актин жіпшелерінің миозин жіпшелері бойлап жылжу қабілетінің жойылуымен

С. Саркоплазмалық тормен Т-жүйенің кальций иондары үшін өткізгіштігінің азаюымен

Д. Бұлшықетте АТФ қорының азаюымен

Е. Кальций ионының тропонин молекуласымен ұзақ мерзімді байланыстың түзілуімен

49. Паратирин бөлінеді...

А. Бүрекүсті бездерінің милы затында

В. Бүйрекүсті бездерінің қыртысты затында

С. Қалқанша безінде

Д. Қалқанша маңы бездерінде

Е. Жыныс бездерінде

50. Глюкокортикоидтар бөлінеді...

А. Бүрекүсті бездерінің милы затында

В. Бүйрекүсті бездерінің қыртысты затында

С. Қалқанша безінде

Д. Қалқанша маңы бездерінде

Е. Жыныс бездерінде

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: