Тақырыбы: Авторитаризм саяси режим формасы ретінде
Орындаған: ГРМПИ-13-1 тобының студенті
(аты-жөні)
Тексерген: аға оқытушы Исаева Л.Н.
Ақтау, 2014
Рефераттың мазмұны (жоспары) бетінің үлгісі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе..................................................................................................................3
1 тарау. (тараудың аты).........................................................................5
1.1 (егер бар болса, аты..............................................................................5
1.2 (егер бар болса, аты)............................................................................
2 тарау. (тараудың аты)..........................................................................10
2.1 (егер бар болса, аты..........................................................................
2.2 (егер бар болса, аты).........................................................................
3 тарау. (тараудың аты)..........................................................................15
3.1 (егер бар болса, аты)..........................................................................
3.2 (егер бар болса, аты)..........................................................................
Қорытынды..............................................................................................19
Әдебиеттер тізімі.....................................................................................20
Қосымшалар (егер бар болса)................................................................21
11. ТӘЖІРИБЕЛЕРДІ (ОҚУ, ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ДИПЛОМ АЛДЫ) ӨТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР, ҚҰЖАТТАРДЫҢ ЕСЕП ТҮРІ.
12. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР (жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмалары, өзіндік даярлығы үшін сұрақтар тізбесі, емтихан билеттері және т.б.).
ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.
Тақырып 1. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде.
Бақылау сұрақтары:
- Саясатттану терминінің мағынасы қандай және саяси ғылым қай кезде қалыптасты?
- Саяси білімдердің дамуындағы үш үлкен кезеңдерді атаңыз?
- ХІХ-ХХ ғғ. межесінде саясаттануда қалыптасқан зерттеу әдістемелерін атаңыз?
- Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін саясаттануда қандай мәселелер қарастырыла бастады?
- Саяси ғылымның Халықаралық ассоциациясы қашан құрылды және ол нені көрсетті?
- 1948 жылы Халықаралық коллоквиумда анықталған саясаттанудың негізгі мәселелері қандай?
- Саясаттанудың зертеу объектісі және мәселесі не? Олардың арасындағы айырмашылықтар қандай?
- Зерттеу мәселелеріне байланысты саясаттану қандай жеке пәндерден тұрады?
- Теориялық және қолданбалы саясаттанудың ерекшеліктері, ара қатынасы қандай?
- Саясаттануды оқып-үйрену не үшін қажет?
- Саясаттанудың ғылыми зерттеу әдістерін атаңыз.
- Саясаттанудың негізгі ұғымдарын атаңыз.
- Саясаттанудың қызметтері қандай?
Тақырып 2. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуындағы негізгі кезеңдер. Қазақстандағы саяси ойдың тарихы.
Бақылау сұрақтары:
- Саяси ойлар тарихы дегеніміз не және ол қандай мәселелерді қарастырады?
- Саяси ойлардың кезеңдерін және әр кезеңнің өкілдерін атаңыз.
- Ежелгі дүниедегі саяси ойлардың дамуындағы үш бағытты атаңыз.
- Платонның еңбектеріндегі негізгі идея не?
- Платон, Аристотель жеке меншікке қалай қарады? Неге?
- Платон мен Аристотель мемлекеттік басқарудың түрі ретінде демократияға не себепті қарсы болды?
- Аристотельдің саяси теориясының негізгі идеяларын атаңыз.
- Орта ғасырлық Европадағы идеялардың ерекшеліктері неде?
- Орта ғасырлық араб-исламдық саяси ойдың өкілдері кімдер және олардың еңбектерінде қандай мәселелер айтылды?
- Қайта өрлеу дәуірінде саяси ойлар тарихында қандай мәселелер қарастырылды?
- Н.Макиавеллидің саяси ойлардың дамуына қосқан үлесі қандай? Макиавеллизм деген не және олардың мәні неде?
- Жаңа дәуірдің саяси ойындағы негізгі концепциялар қандай?
- Саясаттануда либерализм идеологиясының негізін салушы кім?
- Биліктің бөлшектенуі теориясын кімдер жасады және онда не айтылды?
- Руссо еңбектеріндегі саяси ойларында не айтылды?
- ХІХ-ХХ ғғ. негізгі саяси концепцияларды атаңыз.
- Қазақ даласындағы саяси ойлардың дамуына үлес қосқан кімдер?
- «Зар заман ақындары» кімдер және олар Қазақстандағы саяси ойдың дамуында қандай мәселелерді көтерді?
Тақырып 3. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат.
Бақылау сұрақтары:
- Саясаттың анықтамалары неше тобы бар және олардың ерекшеліктері қандай?
- Саясаттың анықтамасы қандай?
- Саясат құбылыс ретінде қашан және не үшін пайда болды?
- Саясаттың элементтері неден тұрады?
- Саясаттың қандай негізгі түрлері бар?
- Ішкі саясат және сыртқы саясатқа қандай анықтама беруге болады?
- Саясат қандай функциялар атқарады?
- Саясаттағы мақсаттар мен құралдардың қандай мәні бар?
- Саясатты өнер ретінде қарастыруға бола ма? Ойыңызды дәлелдеңіз.
- Саясаттың, моральдің және құқықтың арақатынасын қалай сипаттауға болады?
Тақырып 4. Билік саяси құбылыс ретінде.
Бақылау сұрақтары:
- Билік дегеніміз не және оның қандай анықтамаларын білесіз?
- Қоғам биліксіз өмір сүре ала ма? Неге?
- Биліктің құрылымы дегеніміз не және оның элементтеріне не жатады?
- Биліктің субъектісі, объектісі, «билікке иелік етуші» деген ұғымдардың қатынасы қандай?
- Билік қандай функцияларды (қызметтерді) атқарады?
- Саяси билік дегеніміз не? Саяси билік пен мемлекеттік биліктің айырмашылығы қандай?
- Билікті ұсыну және биліктің бөлінуі деген не?
- Биліктің вертикаль және горизанталь бөлінуі деген не?
- Биліктің легитимдігіне не жатады?
- Биліктің «легитимдігі» және «жариялылығы» ұғымдарының айырмашылығы неде?
- Биліктің легитимдігінің қандай түрлерін білесіз?
- Биліктің фетишизмі деген не?
- Саяси биліктің жүргізу түріне байланысты қандай формаларын білесіз?
- Саяси биліктің басқару формаларына территориялық құрылымына байланысты қандай түрлері бар?
Тақырып 5. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты.
Бақылау сұрақтары:
1. Саясаттанудағы ұлтты анықтаудың басты екі бағыты қандай?
2. Жеке адам өзінің ұлтын қандай белгілерге байланысты анықтайды?
3. Адамдар қауымдастығының қандай түрлерін білесіз?
4. Этнос, ұлт дегеніміз не, олардың айырмашылығын қалай анықтауға болады?
5. Ұлттық-мемлекеттік құрылыстың қандай формаларын білесіз?
6. Ұлттың өзін-өзі билеу құқығы деген не?
7. Ұлттық қатынастар, ұлттық саясат, этникалық саясат дегеніміз не?
8. Этносаяси жанжал деген не?
9. Этносаяси жанжалдың шығу себептері қандай?
Тақырып 6. Қоғамның саяси жүйесі.
Бақылау сұрақтары:
- Қоғамның саяси жүйесі дегеніміз не және оның құрылымы қандай элементтерден тұрады?
- Саяси жүйенің қандай теориялық модельдері бар?
- Д.Истон мен Г.Алмондтың саяси жүйе теорияларындағы айырмашылықтар қандай?
- Саяси жүйе қандай қызметтерді атқарады?
- Саяси жүйені жіктегенде қандай өлшемдер қолданылады?
- Алмонд саяси жүйелерді қандай түрлерге бөлді?
- Қазіргі заманғы саяси жүйелерді атаңыз.
- Тоталитаризмнің белгілерін атаңыз.
- Тоталитарлық және авторитарлық саяси жүйелердің айырмашылығы неде?
- Тоталитаризмнің және авторитаризмнің түрлерін атаңыз.
- Демократиялық саяси жүйенің элементтерін атаңыз.
- Тоталитаризм, авторитаризм, демократия терминдерінің мағынасы қандай?
Тақырып 7. Мемлекет және азаматтық қоғам.
Бақылау сұрақтары:
1. Мемлекеттің пайда болуы туралы қандай теорияларды, концепцияларды білесіз?
2. Мемлекет дегеніміз не және оның белгілерін атаңыз.
3. Мемлекеттің пайда болуына әсер еткен факторларды атаңыз.
4. Мемлекет кімге қызмет етуі тиіс: өзіне өзі, адамдардың бір тобына, бүкіл қоғамға ма? Ойыңызды дәлелдеңіз.
5. Мемлекет механизмі дегеніміз не ол неден тұрады?
6. Мемлекет қандай қызметтерді атқарады?
7. Мемлекеттің басқару формасына байланысты қандай түрлерін білесіз?
8. Федерация мен унитарлық мемлекеттің айырмашылықтары қандай?
9. Құқықтық мемлекет деген не, оның мәні мен негізгі принциптерін анықтаңыз.
10. Азаматтық қоғам дегеніміз не және оның принциптері қандай?
11. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланыс диалектикасы неде?
12. Азаматтық қоғамның құрылымы неден тұрады?
13. Әлеуметтік мемлекет деген не, оның белгілері қандай?
Тақырып 8. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар. Саяси режимдер.
Бақылау сұрақтары:
1. Саяси партия дегеніміз не және оның басқа саяси ұйымдардан айыратын белгілерін атаңыз.
2. Партияның мәні туралы зерттеушілер арасында қандай көзқарастар бар?
3. ХIХ-ХХ ғғ.межесінде партиялардың саясаттың субъектісіне айналуына қандай факторлар әсер етті?
4. Партиялардың қалыптасуының қандай әдістерін білесіз?
5. Партияның негізгі қызметтері қандай?
6. Партияның құрылымы қандай компоненттерден тұрады?
7. Партиялардың идеологиясына байланысты қандай түрлері бар?
8. Партиялық жүйе деген не?
9. Партия жүйелерінің қандай типтерін білесіз?
10. Бірпартиялық,екіпартиялық және көппартиялық жүйелердің негізгі белгілері қандай?
11. Екіпартиялық және көппартиялық жүйелердің жағымды(басым) және жағымсыз (осал) жақтары қандай?
12. Қазіргі заманғы Қазақстандағы саяси партияларға сипаттама беріңіз.
13. Қоғамдық-саяси қозғалыстар дегеніміз не және олардың негізгі белгілері қандай?
14. Қазақстанда қандай қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар бар?
15. Саяси режим (тәртіп) деген не және оның қандай негізгі түрлері бар?
Тақырып 9. Қоғамды демократияландыру және саяси жаңғыру. Саяси үдеріс және саяси қызмет.
Бақылау сұрақтары:
1. «Демократия» терминінің мағынасы қандай және бұл ұғымының қандай түсініктері бар?
2. Демократияның ерекше белгілерінін атаңыз.
3. Халықтың құрамын түсінуге байланысты демократияның қандай түрлері бар?
4. Тура, плебисцитарлық және өкілділік демократияларының айырмалары қандай?
5. Саяси және әлеуметтік демократия деген не?
6. Демократияның қандай негізгі теорияларын білесіз?
7. Демократияға өтудің қандай ішкі, сыртқы алғы шарттары бар?
8. Демократияландырудың жалпы үлгілері және олардың мазмұны қандай?
9. Демократияландырудың қандай жолдары бар?
10. Саяси даму дегеніміз не?
11. Саяси даму мен саяси прогрестің айырмашылығы неде?
12. Қазіргі кезде қоғам дамуының неше түрін көрсетуге болады?
13. Дәстүрлі даму дегеніміз не?
14. Қазіргі даму жолы қандай болады?
15. Дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің неше жолы бар?
16. Саяси жаңғыру (модернизация) дегеніміз не?
17. Модернизацияның сызықтық теориясы түсіндіріңіз?
18. Модернизацияға өту кезеңдері туралы қандай көзқарастар бар?
Тақырып 10. Саяси сана және саяси мәдениет.
Бақылау сұрақтары:
1. Саяси сана деген не? Оның құрылымы қандай?
2. Саяси сананың қандай түрлері, формалары бар?
3. Идеологияны түсіндірудің қандай теориялары бар?
4. Идеология деген не? Идеология мен ғылымның айырмашылығы неде?
5. Жеке адам мен қоғам өміріндегі идеологияның маңызы неде?
6. «Классикалық» либерализмнің негізгі қағидалары қандай?
7. Неолиберализмнің «классикалық» либерализмнен айырмашылығы қандай?
8. Консервативтік идеологияның жағымсыз және жағымды жақтары қандай?
9. «Демократиялық социализм» концепциясы дегеніміз не?
10. Коммунистік идеология не себепті пайда болды? Ол кімнің мүддесін қорғайды?
11. Фашистік идеологияның басты ерекшеліктері қандай?
12. Саяси мәдениет деп нені айтады? Оның құрамына қандай компоненттер кіреді?
13. Саяси мәдениеттің қандай типтерін білесіз?
14. Қазақстандық саяси мәдениеттің ерекшеліктерін атаңыз?
15. «Саяси әлеуметтену» дегеніміз не?
16. Жеке адамның саяси әлеуметтенуінің кезеңдерін атаңыз?
17. Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтенудің ара қатынасы, өзара әсері қандай?
18. Қандай себептер мен факторларға байланысты адамдарда түрлі саяси бағдарлар қалыптасады?
Тақырып 11. Саяси элита және саяси көшбасшылық.
Бақылау сұрақтары:
- Элита терминінің мағынасы қандай, саяси элита дегеніміз не?
- Басқарушы элита қандай элементтерден тұрады?
- В.Парето, Г.Моска, Р.Михельстің элита теорияларына салыстырмалы сипаттама беріңіз.
- Қазіргі заманғы қоғам элитасыз өмір сүре ала ма?
- Элита қоғамда қандай қызметтер атқарады?
- Саяси элитаны іріктеудің қандай жүйелерін білесіз? Олардың жағымды және жағымсыз жақтары қандай?
- Кеңес қоғамындағы номенклатура саяси элитаны іріктеудің қандай жүйесіне жатады?
- Саяси көшбасшылық (жетекшілік) деген не және ол қандай қызметтер атқарады?
- Саяси көшбасшының шығу себептерін түсіндіретін қандай теорияларды білесіз?
- Саяси көшбасшының құрылымы қандай компоненттерден тұрады?
- Саяси көшбасшылықтың қандай типтерін білесіз?
- Көшбасшының стилі деген не және оның қандай түрлері бар
Тақырып 12. Саяси технологиялар.Саяси жанжалдар.
Бақылау сұрақтары:
- Саяси технологиялар деген не, оны қалыптастырудың қандай әдістері бар?
- Саяси шешім қабылдау деген не және оның әдістері қандай?
- Жанжалдың мәні неде? Жанжалдың қандай түрлерін білесіз?
- Саяси жанжалдың ерекшелігі неде, оның қоғамдағы ролі қандай?
- Саяси дағдарыс деген не? Оның түрлерін атаңыз.
- Жанжалдың даму кезеңдерін, шешу жолдарын көрсетіңіз.
- Ақпараттық технологиялар деген не?
- Сайлау жүйесі деп нені айтады?
- Сайлау және сайлау құқығы деген не?
- Сайлау құқығының демократиялық принциптерін атаңыз.
- Сайлауды демократиялық ұйымдастырудың жалпы принциптері қандай?
- Сайлау процесі қандай кезеңдерді қамтиды?
- Саяси маркетинг, саяси менеджмент деген не?
- Сайлау жүйесінің қандай түрлерін білесіз, олар немен ерекшеленеді?
- Мажоритарлық сайлау жүйесінің қандай түрлері бар және олардың ерекшеліктері неде?
Тақырып 13. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар. Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер.
Бақылау сұрақтары:
1. Халықаралық қатынастар, әлемдік саясат, сыртқы саясат, геосаясат ұғымдардың айырмасы қандай?
2. Халықаралық қатынастар туралы қандай теорияларды білесіз?
3. Саяси реализм бағытының негізгі ережелері қандай?
4. Халықаралық қатынастардың негізгі субъектілерін және ірі халықаралық ұйымдарды атаңыз.
5. Сыртқы саясаттың мақсаты неде деп ойлайсыз?
6. Ұлттық мүдде деген не?
7. Геосаясаттың негізгі объектісі, категориялары қандай?
8. Адамзаттың жаһандық мәселелері деген не және олардың қандай түрлері бар?
9. Қазақстанның геосаяси жағдайының тиімді және тиімсіз жақтары қандай?
10. Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттары қандай?
Тақырып 14. Саяси болжамдау.
Бақылау сұрақтары:
- Саяси болжамдау не үшін жүргізіледі?
- Саяси болжамдау ұғымы нені білдіреді?
- Саяси болжамдаудың негізгі принциптері қандай?
- Саяси болжамдаудың кезеңдері мен типтері қандай?
- Саясаттануда ғылыми болжамдауды жасаудың әдістері мен құралдары қандай?
- Саяси болжамдау қандай функцияларды атқарады?
- Болашақтың қандай сценарийлерін білесіз?
- Қазіргі Қазақстандағы саяси болжамдаудың жәйі және мәселелері қандай?
Тақырып 15. Егемен Қазақстанның саяси мәселелері.Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан.
Бақылау сұрақтары:
- Қазақстан Республикасы егемендігі мен тәуелсіздігінің даталарын атаңыз.
- ҚР – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде дегенді қалай түсінесіз?
- Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдерінің қандай мәселелері мен қиыншылықтары бар?
- Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптастыру жолдары қандай?
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық дайындық факультеті
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
_________Джумалиева Л.Т.
Хаттама №___ «___»______ 2014ж.
«Саясаттану»
пәнінен тест сұрақтары
барлық мамандықтар үшін
Құрастырған:
аға оқытушы Исаева Л.Н.
Бет саны: 46
Тест тапсырмаларының саны: 300
АҚТАУ – 2014






