Лекция № 21

Тақырыбы: Философиядағы адам мәселесі.

Жоспары:

1. Адам психикасының құрылымы.

2. Қоғамдық сана және жеке адамнын санасы.

3. Қоғамдық сананың құрылымы.

Лекцияның мақсаты: Қоғамдағы адамның орны мен оның артықшылықтары және философия тарихындағы адам туралы түрлі ойлармен танысу

І.Сана томаға -тұйық емес, ол қоғамнын тарихи даму процесінде дамын, өзгеріп отырады. Сана өзінің арғы тегін психиканын биологиялык нормаларынан бастаған жануарлар психикасы (мінез құлықтары) дамуының ең жоғары деңгеиін адам санасының өз биологиялык алғышаттары бар екенін және адам мен оның жануар ата- тегінің арасында түпсіз түнгиык жок екенін, қайта белгілі сабақтастық бар екенін көрсетеді. Алайда бұл олардың психикасы бірдей,тепе-тен деген сөз емес.

Жануарларда тілге негізделген ұғыммен ойлау процесі болмайды. Оларда елестетулердін өз еркінше біріктіру, жемісті қиялға айналдыру қабілеттілігі, олар сыртқы ортаға деген өз қатынасын сакналы түрде түсіне алмайды.

Сана мен тілге көшу сана жағынан алғанда психиканын дамуындағы аса зор секіріс болып табылады. Сөйлеудін арқасындағы сана қоғамдық құбылыс ретінде, қоғам өмірінің рухани жемісі ретінде қалыптасады және дамиды. Адамдардын өз-ара қарым-қатынас жасау, тәжрибе, білім, сезімдер, идеялар алмасу құралы бола отырып, тіл тек сол әлеуметтік топка және тек сол үрпакка жататын адамдарды ғана емес, сондай-ақ түрлі ұрпақтардың адамдарын да байланыстырады. Тарихи дәуірлердін сабақтастығы осылай жасалады. Адам психикасын ой-пікірлер, идеялар ғана емес, онын сезімдері әмоциялары, темперамент!, характері және басқа мінез-құлықтары да күрайды. Адамда қандай түйсіктер, ойлар, сезімдер туатындығының себептері жалғыз мида ғана емес, "Табиғат колынан" шығысымен мидың өзі бірден адамша ойлай алмайды. Оны бұған қоғам "үйретеді". Адамнын психикасы, санасы қоғамдық тарихи құбылыс.

2. Қоғам өмірі үлкен-ұлкен екі салаға-материалдық және рухани өмір салаларына бөлінеді. Қоғамның материалдық өмірі қоғамлык болмыс, ол рухани өмірі қоғамдық сана деп аталады. Қоғамдық болмыс деп материалдық

өндірісін және өндіріс процесте здамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды түсінеді. Қоғамдық сана -қоғамдық болмыстын бейнесі.Қоғамдық сана ұғымы қоғамның рухани өмірінің барлык жақтарын, шындықтын адам ойлауында бейнеленуінін барлык формаларын камтиды. Сананын қоғамдық сипатын атап қорсете отырып ол сонымен катар жеке адамның санасы және оньщ ернекшеліктері болатынын жокка шығармаиды, өйткені қоғамдық сана жеке адамнык санасында ғана және сол арқылы ғана

өмір сүреді.

Жеке адам- белгілі бір қоғамдық топтын халықтың ұлттын өкілі, қоғамдық жағдайлардың жемісі. Сондықтан онын санасы жеке басы өмірінің шенберінде қалып коймайды, ол қоғамдық, таптық сананын көрінісі болып табылады. Дегенмен белгілі бір а жататын жеке адамнын тәрбиелену, өсу ерекшеліктеріне, өз өмірінің барысында алған түрлі саяси және идеологиялық әсерлеріне сәйкес оның көзқарасының, ой -өрісінін, мінез-құлқының жеке ерекшеліктері болуы мүмкін. Жеке адамның санасы дегеніміз онын жеке басының өмір ерекшеліктерімен, тәрбиелену және қалыптасу жағдайларымен аныкталатын сана ерекшеліктері мен белгілерІ.

Қоғамдық сананың жеке адам санасына қатынасы жалпынын жекеге қатынасындай. Олардын ара қатынасының жеке мен жалпынын диалектикасы, жеке адаммен қоғамның әралуан рухани байланысы көрІнеді. Алайда жеке адам санасы мен қоғамдық сананың диалектикалык бірлігі олардын арасында айырмашылықтар бар екенін жокка шығармайды: жеке адам санасы қоғамдық санаға толык дәлме-дәл келмеиді, өйткені жеке адамдардын санасы қоғамдық санаға қарағанда айтарлыктаи накты және әрқилы болып келеді.

З.Қоғамдық сана ұғымы колем жағынан алғанда аса кең философиялык категориялардың қатарына жатады, өйткені ол қоғамның рухани емірінің барлык жактарын, шындықтың адам ойында бейнеленуінің барлык формаларын камтиды. Бұған ең алдымен қоғамдық идеялар, теориялар, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетикалык, философиялык және діни көзқарастар, ғылыми білімдер т.б. жатады. Қоғамдық сана сондай-ақ әлеуметтік сезімдер мен көңіл күйлерді, әдет-гүрыптар мен мінез-кұлықтарды, қалыптаскан дәстүрлерді, таптардын, ұлттармен халықтардың псипхикалық ерекшеліктерін де қамтиды,

" Қоғамдық сана" ұғымынан басқа одан гөрі көлемі тарлау "идеология" деген ұғым бар. Идеология дегеніміз қоғамдағы экономикалык қатынастарда белгілі бір әлеуметтік, таптық тұрғыдан бейнелейтін идеялар мен теориялардың жүйесі. Идеологияға саяси ілімдер, құқықтық қөзқарастар, адамгершілік принциптері, эстетикалык және философиялык көзқарастар, діни идеалар жатады.

Идеологияның өзіне тән ерекшелігі сол, ол қоғамдық тарихтар мен әлеуметтік топтар мүдделерінің бір жүйеге келтірілген және теориялык жағынан қорытылған бейнесі болып табылады.

. Қоғамдық сана ұғымына сондай-ақ әлеуметтік (қоғамдық) психология да кіреді. Қоғамдық психология дегеніміз - адамдардың күнделікті санасы, әлеуметтік сезімдер мен түсініктердін әдет- ғұрыптардың, күнделікті мінез-құлықтардың жиынтығы. Қоғамдық психология немесе адамдардын күнделікті санасы, күнделікгі өмірді тікелей бейнелендіреді: ол шындықты теориялык жағынан ұғыну дәрежесіне жетпеген күнделікті тәжірибенің шеңберіндс шектелетін сана.

Қоғамдық психология мен идеология өзара тығыз байланысты, бір-біріне әсерін тигізіп отырады. Қоғамдық сананың құрылымын басқа тұрғыдан алып қарауға да болады. Оны мәселен гносеологиялық, социологиялық нақтылы тарихи тұрғыдак алып қарауға болады.Гносеологиялык (танымдық) тұрғыда оны екі жақта апып қарастырады. Біріншісі оның негізін құрамайды. Оған жататындар: білім. әсерленушілік, ерік, ес деңгейі жағынан қарапайым және теориялык болып бөлінеді. Социологиялық тұрғыдан алып қарағанда, қоғамдық сананы - ықпал өрісі, мазмұны, түрі деп үшке бөледі. Ал нақтылы тарихи тұрғыдан алып қарайтын болсақ типтік, хал-жағдай болып екіге бөлінеді. Ал сол қоғамдық сананы жай алып, вертикаль ұғымы бойынша алып қарайтын болсақ, ол жоғары және төменгі екі бөлімнен - идеологиядан және психологиядан тұрады.

Бақылау сұрақтары

  1. Ортағасыр философиясындағы адам мәселесінің қаралуы
  2. Адамның био-әлеуметтік табиғаты
  3. Адам өмірінің мән-мағынасы

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: