Емтихан қабылдаушы____________________________________________
| № | Тапсырманы бағалау критериі | 0-0,1 орындамады | 0,2-0,3 Орындады, бірақ ескертулер бар | 0,4-0,5 Толық орындады |
| Студент ота жасауға кірісер алдында жұмысына қажетті құрал-саймандарды және тігіс салатын материалдарды дұрыс дайындады. Дәке масканы киді. Ереже бойынша қолын жуып, стерильді орамалмен сүртіп, стерильді қолгап киіп оны 70% спиртпен екі рет өңдеді. Жара жиегін екі рет стерильді, 1% йодонат немесе йодопирон ерітіндісіне малынған дәке шариктерімен өңдеді. Ота жасайтын аймақты стерильді мақта-мата жаялықтарымен қымтап, оларды 4 қысқышпен қыстырды. | ||||
| Шприцке 0,5 % - 5мл новокаинді алды. Хирургиялық инені инеұстатқыш құлақшасына жақын қыстырып (иненің 1/3 бөлігі) ұзындығы 25 см-ден кем емес жіпті (жібек немесе капрон №3) өткізіп сабақтайды.0,5%дық 5мл көлемді ауырсынуды басатын жара айналасына новокаин ерітіндісін екті (тері жарасының жиектерінен 2см шеткері енгізу) | ||||
| Жара жиегін хирургиялық пинцетпен ұстады. Инесі сабақталған жібі бар (жібек немесе капрон №3) инеұстатқышпен жара жиегінен 1см кейінірек шаншыды. Содан соң инені жараның екінші жиегінен 1см кейін енгізіп шығарды. Инені жіптің бір ұшын саусақпен ұстап тұрып алып тастады. Жіптің екінші ұшынан ұстап тастады | ||||
| Бір бірінен 1см қашықтықта паралельді түрде 3-4 түйінді тігіс салды. Салынған артық жіптерді 1см-дей қалдырып ұзын жіптерді қайшымен қиды. Содан соң тігісті 1% йодонат немесе йодопирин ерітіндісімен өңдеді. 3-4 стерильді асептикалық байлам салды. Байлам материалын стерильді бинтпен немесе лейкопластырьмен бекітті. Барлық қолданылған байлам материалдарын және хирургиялық құралдарды, қолғаптарды, шприцтарды металл лотокқа салды. | ||||
| Қолын жууды. Резеңкі қолғаптарды киді. Оларды екі рет 70% спиртпен өңдеді. Жарадан асептикалық байламды алып тастады. Тігіс айналасының терісін 1% йодопирон немесе йодонат ерітіндісімен өңдеді. | ||||
| Хирургиялық пинцетпен тігістің түйінін ұстап жіптің ақшыл бөлігі көрінгенше аздап тартты. | ||||
| Жіптің ақшыл бөлігін ұшты қайшымен қиды. Осылай барлық тігісті алды. Алынған жіптерді құрғақ орамалға жинап, орады. | ||||
| Жіптердің алынған жерін 1% йодонат немесе йодопирон ерітіндісімен өңдеді. 3-4 стерильді салфеткадан тұратын асептикалық байлам салды. Барлық қолданылған байлам материалдарын және хирургиялық құралдарды, қолғаптарды, шприцтарды металл лотокқа салды. | ||||
| Қорытынды: |
Орындалған тәжірбиелік дағдыны бағалау критериі (жоғарғы бал 4,0)
| Әріптік жүйе бойынша баға | Бағаның сандық эквиваленті | Бағаның пайыздық көлемі | Дәстүрлі жүйе бойынша баға |
| А | 3,84 – 4 | 95 – 100 | «өте жақсы» |
| А- | 3,51 – 3,83 | 90 – 94 | «өте жақсы» |
| В+ | 3,17 – 3,50 | 85 – 89 | «жақсы» |
| В | 2,84 – 3,16 | 80 - 84 | «жақсы» |
| В- | 2,51 – 2,2,83 | 75 – 79 | «жақсы» |
| С+ | 2,17 – 2,50 | 70 – 74 | «қанағаттанарлық» |
| С | 1,84 – 2,16 | 65 – 69 | «қанағаттанарлық» |
| С- | 1,51 – 1,83 | 60 – 64 | «қанағаттанарлық» |
| D+ | 1,17 – 1,50 | 55 – 59 | «қанағаттанарлық» |
| D | 1,0 – 1,16 | 50 – 54 | «қанағаттанарлық» |
| F | 0 – 0,99 | 0 – 49 | «қанағаттанарлықсыз» |
Бағасы__________ Экзамен алушының қолы____________
Емтиханды бағалау парағы






