Компьютерлерді интеллектендіру принципі. 2 страница

Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным өзін - өзі жоюшы нәтижеге алып келеді (“биржаның заңдарын білу осы заңдардың өзін жоюға әкеліп соғады”-деп жазды кибернетиканың негізін салушы Н.Винер); 2) егер жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі. Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тән ерекшелігі осында.

Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда.

Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді.

Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған: 1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; 2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.

Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады: 1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру; 2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру; 3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.

Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді. Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады. Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар.

Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:

· анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;

· синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;

· абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;

· жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;

· индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;

· дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;

· аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б

· классификация- зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері).

Зерттеу процесі барысында төмендегідей интерғылыми әдістер қолданылады: • экстрополяция – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы; • интерполяция - құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу; • модельдеу – шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу; • ретроспекция- объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу; • эксперттік бағалау - эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары;

Күрделі құрылымды объектілерге анализ жасау үшін төмендегі әдістерді қолданады:

· декомпозиция – үлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бөлу;

· селекция – зерттелуге келетін варианттарды іріктеп алып, маңызы жоқ фактілерді алып тастау;

· агрегирование – жекелеген сипаттамаларды жалпы сипаттамаға біріктіру.

Егер объектінің құрылымы жүйесіз болса, оны талдау үшін дезагрегациялау, яғни жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға жекелендіреді.

Жоғарыда айтылып өткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара түрде зерттеудің негізіділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады.

91.Геологияның ғылымдарды генетикалық жіктеудегі алатын орны. Геологиядағы актуализм принципі.

Жер қыртысының жоғарғы қабаттарын зерттеу жумыстары негізінен табиғи ашылмалар мен (өзен аңғарында кездесетін құлама жар, жыра, тау беткейі, жартас) жасанды ашылмаларды (ор, шурф, карьер, шахта) зерттеу арқылы жургізіледі.

Ал жердің ішкі, терең қабаттарын зерттеп білу үшін бурғылау скважиналары мен геофизикалық зерттеу әдістері қолданылады.

Геологиялық процестердің орасан зор мөлшері мен өте ұзақтығы—жердің даму тарихының ең басты ерекшеліктері болып саналады. Егер біз жер қыртысын құраушы және оны өзгертуші геологиялық процестерді бақылау мүмкін деп санасақ, онда ол процестерді тек өте қысқа мерзім аралығында ғана байқаған болар едік. Ал көпшілік жағдайда жердің ұзақ даму тарихын ескерсек геологиялық оқиғаларды геологиялық масштабта ұзақ уақыт бақылау мүмкін емес.

Бұрын болған геологиялық оқиғалардың куәсі ретінде тау жыныстарының немесе руданың құралуын, сол секілді әр турлі геологиялық құрылымдардың пайда болуын айтуға болады. Бұл оқиғалардың мазмунын дұрыс тусіну үшін, болып өткен геологиялық процестерді қайта реттеп немесе реконструкция жасай білу керек. Жердің өткен тарихына реконструкция жасауда “актуа-лизм” принцишнің маңызы өте зор. Бұл принцип алғаш рет XIX ғасырдың 30 жылдары ағылшын ғалымы Ч. Лайельдің еңбектерінде эволюциялық ғылыми-зерттеу әдісі ретінде ұсынылды. Актуализм принципі бойынша, дәл қазіргі кезде, біздің заманымызда жүріп жатқан геологиялық процестер мен табиғи құбылыстар бұрынғы кезде жердің көне тарихында да болып өткен. Ч. Лайельдің сөзімен айтқанда: “Бүгінгі өмірді зерттеу, өткен өмірдің тарихын түсінудің кілті”.

Әрине қазіргі уақытта жүріп жатқан геологиялык процестерді жердің алғашқы тарихында болған оқиғалармен дәлме-дәл мағынада салыстырсак, онда қателескен болар едік. Өйткені, жердін даму тарихы бір бағытта ғана жүріп отырады және бұрынғы болған оқиғалар ешуақытта да қайталанбайды. Сондықтан да, актуализм принципін дәл Ч. Лайель айтқандай мазмұнда түсінуге (болмайды. Геологтар бұл принципті жаңа мағынада (толықтыра отырып, тарихи салыстырмалы зерттеу әдісі ретінде қолданады.

Геологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқару барысында геологиялық байқаулар жүргізе білудің маңызы өте зор. Тау жыныстарының құрамын анықтау, оларды құраушы минералдардын. өзара бір-бірімен қарым-қатынасы, сонымен қатар олардың жатыс пішіндері және олардың құрамында кездесетін әр түрлі органика-лық қалдықтардын, (фауна мен флора) түрлерін анықтау, соған қоса эксперимент жүзінде зерттеу жұмыстарының нәтижесін пайдалану жер қыртысының геологиялық дамуы мен құрылымдық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

92.Адамдағы биологиялық пен әлеуметтік. Антропосоциогенез ұғымы

Антропосоциогенез – материя қозғалысының биологиялық формадан әлеуметтік формаға өту процесі; жануардың адамға айналуыфның және жануарлардың адамзат қоғамымен ажырамас бірлігі. Антропогенез және социогенез қапталдаса жүріп отырған екі дербес процесс емес. Адамның қалыптасуы оның мәнінің қалыптасуы болып табылады. Алайда адамның мәні жеке индивидке тән абстракті немесе өзінің шын мәнінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Демек адамның қалыптасуы (антропогенез) денегіміз ең алдымен қоғамдық қатынастар жиынтығы, яғни, қоғамдық (социогенез) қалыптасуы. Социогенез – антропогенездің мазмұны. Антропосоциогенездің біртұтас процесінің бір-бірінен айырғысыз байланысты екі жағы бола отырып, антропогенезбен социогенез уақыт жағынан сәйкес келеді. Жалпылама түрде қарастырғанда қоғамның қалыптасу кезеңі сонымен бірге адамның қалыптасу кезеңі болып табылады. Бұл идея қазіргі антропологтар мен археологтар жасаған «екі секіріс теориясының» ғыл. Концепциясында нақты жүзеге асты. Бұл теория бойынша, адам эволюцииясында екі үлкен өтпелі кезең болды. Біріншісі және негізгісі -–адамның өзінен бұрынғы жануарлар сатысынан қалыптаса бастаған адамдар сатысына өтуі – бұл соңғыға архентроптар (пикентроптар, синантроптар және басқа ұсақ формалар) және палеоагтроптар (неандертальдар) жатады. Екінші секіріс – алғашқы және кейінгі палеолит аралығында, шамамен 35-40 мың ж. бұрын болған палеоантроптардың қазіргі адамға айналуы. Бірінші секіріс әлеум. заңдылықтардың пайда болуы болса, екінші секіріс олардың толық та тұтас үстемдігінің орнауы болды. Қалыптасуы адамдар – (архантроптар мен палеоантроптардың) – коллективі енді таза биологиялық бірлесу кезеңінен өтті, бірақ ол әлі нағыз адамдар қоғамы бола қойған жоқ. Қалыптасушы адамдар – (ең алғашқы зерттеушілер алғашқы адамдар табыны немесе алғашқы қоғам деп атады. Қоғамның тууы оның өмір сүруінің алғашқы формасының – алғашқы қауымдық формацияның қалыптасуы процесі болды. А-дың бастамасы жөнінде әлі пікір таласы орын алып келеді. Құрал жасаған алғашқы жануар питекантроптар емес, олардан бұрын болған хабилистер екенін көрсеткен 1960 жылдардағы ашылған жаңалықтардан кейін зерттеушілердің бір бөлігі хабилистерді адам деп қарай бастады және осыған сәйкес Антропосоциогенездің бастамасын 2,5-2 мың ж. бұрын австралопитектердің хабалистерге өтуімен байланыстырды. Антропосоциоге-нездің аяқталуы жайлы мәселе де толық бірегей көзқарас жоқ. Кейбір зерттеушілер оны неантроптардың пайда болуымен ертерек уақытқа жатқызуға бейім. Алайда алғашқы палеолит кезеңінде адамның бір биологиялық түрінің екіншісіне өту процесі жүріп жатқаны даусыз. Палеонтроптардың неоантроптарға өтуімен адамның биологиялық түр ретіндегі эволюциясы тоқталды. Бұл осы кезден бастап, адамдардың бұдан былайғы дамуы бүтіндей әлеуметтік заңдылықтармен анықтала басталғанын, яғни қалыптасқан қоғам пайда болғанын дәлелдейді. Неантроптардың пайда болуымен бір мезгілде антропогенезде де және социогенезде де біртұтас Антропосоциогенез процесі аяқталды.

93.Ш. Кудайбердиев.«Үш анық».

ШәкәрімҚұдайбердіұлы (1858-1931) ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді.

Шәкәрім философиясының негізгі өзегі - адам. «Адамның мәні – оның дүниені танып білуінде, ол тек адамға ғана тән нәрсе», - дейді.

Шәкәрімнің философиялық ой сараптауын: «Адам ақиқатты бас көзiмен көрмейдi, ақыл көзiмен көредi. Бiлiп жаратушы – тәңiрi, өлiмнен соң бiр түрлi тiршiлiк бар. Екi өмiрге де керектiсi – ұждан. Ұждан дегенiмiз – нысап, әдiлет, мейiрiм»- деп басталатын «Үш анық» трактатынан көруге болады, ол зерттеушінің 28 жылдық еңбегінің қорытындысы. «Үш анық» қазақ халқының тарихи тағдырына үлкен өзгеріс әкелген жылдары жазылған. Бірінші орыс революциясы, бірінші дүниежүзілік соғыс, ақпан, қазан революциялары және тағы да басқа оқиғалар қазақ жеріне көп әсерін тигізді. Осы жағдайлар Шәкәрімді немқұрайлы тыныштыққа қалдыра алмайды. Халқы туралы толғаным болашағы ойшылды қиналдырып, осы тоқыраудан шығу жолына итермеледі.

Өмірдің мәні не? – деген сұрақпен ол көне ойшылдарға сонымен қоса жаңа дәуірдің діни және философиялық әдебиеттерінен ізденіп, өзінің философиялық ойының тереңдігін көрсетеді.

Шәкәрім «Үш анықта» Ақиқат деген не? деген сұрақ қояды. Оған өзі «адам ақиқатты ақыл – ес көзімен көріп, қабылдауы керек. Ақиқат - әрбір адамның жанында болады не ол өзіндік өмір сүреді» - деп қорытынды жасайды. Жанның ең негізгі қажет ететіні – ұждан. «Адамның нысап, әділет, мейірім – үшеуін қосып, мұсылманша айтқанда, ұждан, орысша айтқанда совесть бар» дейді.

Ол адамның рухани өсуіне мықты тірек болатын үш анықты атайды: Бірінші – мәңгі өзгерістегі Универсумда барлығына себепші жаратушы ие. Екіншісі – бұл жаратушы барлық тірі мен тірі емеске жан береді, адам өлген соң, одан әрі тазарып, жоғарылайды, өздігінен өмір сүреді.

Үшіншісі – жанның жоғарылап, тазаруы үшін адам ұжданға сай арлы өмір сүруі керек. Шәкәрім адамдарды осыған шақырады.

94.XVII - XIX ғ.ғ. орыс философиясы, оның өмірмен байланысы. (А.Н. Радищев т.б.).

Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен ролін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.

Орыс философиясның қалыптасуының ерекшеліктері мен дамуынң тарихи кезеңдері

1. Ортағасырлық (10-17 ғғ.) орыс философиясы

2. Ағартушылық дәуірдегі (17 ғ.) орыс философиясы

3. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы орыс философиясы

XVII ғасыр орыс философиясының екі басты бағыты қалыптасты:

1. Петрлік реформалар дәуіріндегі философия Петр біріншінің ағарту саясаты орыс қоғамының дамуына үлкен ықпал етті. Алғашқыда өндіріс, ғылым, білім дамыды. Мемлекеттік аппарат түбегейлі өзгерді.

2. XVIII ғасыр ортасы мен екінші жартысындағы материалистік философия. Философиялық мәселелерді шешуде үлкен еңбек жасаған Ломоносов пен Радищев болды.

Орыс философиясындағы материализмнің негізін салған М.В.Ломоносов (1711-1765). Шығармалары: „Жер қабаттары туралы", „Жылу мен суықтың себебі туралы толғаныстар" Ол эксперимент жүзінде матрия атомдық-молекулалық құрылымнан тұратынын және молекулалар үздіксіз қозғалыста болатынын дәлелдеді. „Корпускулярлық" теорияны ұсынды. Оның пікірінше, материя дегеніміз, денелерден тұрады. «Бір орында қаншалықты жоғалса, екінші орынды соншалықты толтырады» деп материяның сақталу заңын ашты.

Александр Николаевич Радищевтің (1749-1802) дүниекөзқарасына әсер еткен француз ағартушы философтары. Шығармалары: „Тобылдағы досқа хат", „Еркіндік ордасы", „Петербургтен Москваға сяхат" (еңбегі үшін айдауға жіберілді), „Адам, оның өлімі мен мәңгілігі" Өзінің материалистік идеяларын дамыта отырып, табиғатты заттар баспалдағымен теңестіреді. Оның шыңында ойлаушы адам тұруы керек. Ми мен жүйке жүйесі сананың негізін құрайды. Ол сондай-ақ қоғамдық пікірлерінде, «еріктілік» және «құлдық» айналым идеясын үгіттеген. Кредосы – самодержавияға қарсы күрес, халық билігі, құқық және рухани бостандық. қудалаудан көп азап шегіп „Келер ұрпақ мен үшін кек алады!" – деп хат жазып, у ішіп өлген.

19 ғ. басты бағыттары:

- декабристер философиясы П.Пестель, Н.Муравьев, И.Якушкин, М.Лунин, И.Киреевскйй.

Сипаты:

1. табиғи құқық;

2. Рексей үшін құқықтық құрлыстың аса қажетілігі;

3. Крепостнойллық құрлысты жою;

4. адамның жек бас құқығы;

5. самодержавияны шектеу, республикалық билікпен алмастыру

- батысшылар мен славянофильдер философиясы бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт. Олардың арасында Ресейдің болашақ даму жолын анықтау жайында талас-тартыстар жүргізілді.

§ Славянофильдер (А.С.Хомяков, К.С. және И.С.Аксаковтар, Ю.В.Самарин, И.В.Киреевский, А.Н.Островский) Ресейдің өз болмысымен дамуын үгіттеді.

§ Батысшылдар (А.Г.Герцен, Н.П. огарев, К.Д.Кавелин. В.Г. Белинский, Чаадаев, Грановский,) Ресейдің дамуын Батыс Еуропаның тарихи жетістіктерін игерумен байланыстырды.

- революцияшыл-демократиялық философия

Жалпы сипаты - әлеуметтік-саяси бағытылығы. Олар сол кездегі саяси және экономикалық құрлысты терістеп, өз ойларын ұсынды.

революцияшыл-демократиялық философия өкілдері:Н.Г.Чернышевский, Добролюбов, Писарев, т.б.).

- халықшылдар: Н.К.Михайловский, М.А.Бакунин,П.Л.Лавров; орыс халқының төлтумалығына сүйене отырып, капитализмге соқпай социализм орнату идеясында болды.

- анархис: П.Куропоткин; мемлекет қысым жасау тетігі болғандықтан оны жою қажет деп санады.

95.Информатиканың қалыптасу тарихы.

Информатика – адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән. Информатиканың кегізгі зерттеу объектісі қазіргі заман қоғамындағы адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтып келе жатқан ақпараттандыру және компьютерлендіру үрдісі болып табылады. Дәлдеп айтсақ, бұл – ақпаратты жинау, өндеу, беру және қолданудың арнайы технологиясына сүйенген автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (АЖ) арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық технологиялар (АТ).

Информатиканың ғылым болып қалыптасуы және адам іс-әрекетінің барлық салаларында компьютердің (ЭЕМ-ның) қолданылуы XX ғасырдың елуінші жылдарына тұстас келеді. Бұл аталым француздың Informatique, яғни Informacion (ақпарат) және Automatique (автоматика) деген сөздерінен шыққан. Көптеген батыс Европа және АҚШ елдерінде басқа аталым – Computer Science (компьютерлік ғылым) қолданылады.

Информатиканың көзі болып екі ғылым саласын санайды – документалистика және кибернетика. Документалистика XIX ғасырдың аяғында өндірістік қарым-қатынастардың қарқынды дамуына байланысты қалыптасты, оның негізгі пәні – құжаттар айналымының (ақпараттардың) тиімділігін арттырудың құралдары мен әдістерін зерттеу. Бұл информатиканың алғытарихын анықтайды, ол ауыз сөздің, жазудың, кітап басудың, радио, телефон, кино, фотография сияқты ғылым жетістіктерінің, соңында магниттік ақпарат тасушылардың даму кезеңдерімен сипатталады.

Екінші дүниежүзілік сөғыстан кейін әртүрлі жүйелердегі (жасанды, биологиялық, әлеуметтік және т.б.) автоматты басқару және байланыстардың жалпы заңдылықтарын зерттейтін жаңа ғылым – кибернетика екпінді дами бастады. Оның негізін 1948 жылы жарияланған американ ғалымы Норберт Винердің математикалық логикадан еңбектері қалады, ал бұл аталым гректің kyberneticos – басқару өнерлілігі сөзінен шыққан.

Алғашқы ЭЕМ-ң құрылуы мен шығуы информатиканың ғылым ретінде даму тарихына жол ашты. Біріншіден, «Информатика» термині есептеу техникасының дамуымен тығыз байланысты, және алғашында есептеулер туралы ғылым ретінде түсінілді. Екіншіден, информатиканың жеке ғылым болып бөлініп шығуына есептеу техникасындағы өңделетін және сақталатын ақпараттардың ортақ көрсетім пішімдері сияқты маңызды қасиеті әсер етті. Барлық ақпараттар түріне тәуелсіз бір жүйеде, яғни екілік пішімде сақталатыны және өңделетіні есептеу техникасының информатиканың ғылым болып қалыптасуында белсенді рөл атқаруына себепші болды.

Қазіргі заманда информатика кешенді ғылыми – техникалық ғылым.

96.Биклассикалық философиядағы иррационалдық және рационалдық еместік проблема (А. Шопенгауэр «Дүние - ерік пен елес ретінде», Ф. Ницше «Жақсылықпен жамандықтың арғы жағы», «Антихрист»,З. Фрейд «Психоанализге кіріспе туралы дәрістер»).

Өмір философиясының өкіліА.Шопенгауэр, «Үрей метафизикасын» пайымдаушылардың бірі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: